Windows Commander программасының мінездемесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Windows Commander программасының мінездемесі.

Windows Commander - бұл файлдық менеджер, яғни программа Windows ортасында файл мен жұмыс жасау үшін арналған. Өз мүмкіншілігіне қарай ол Сілтеуіш программасындағы файлдық менеджерден жақсырақ тұрғызылған және оның сыртқы көрінісі мен интерфейсі Norton Commander-дағы MS-DOS программасына ұқсас, осы программаның ең жақсыларын қосып атқарады.

Windows Commander-дың мүмкіншілігі:

  • Windows Commander көп командаларын қарапайым пернелерді басу арқылы орындауға болады, Norton Commander-ге ұқсас;
  • Drag & Drop қолдауы, сілтемеге ұқсас (бар объектіні тышқан сілтемесі арқылы апару) ;
  • көшірімді кеңейту, ауыстырушылық, атын өзгерту және файл мен ағаш каталогын жою;
  • файлдық архивпен жай директория сияқты жұмыс жасау, файлды тез арада архивке көшіруге болады немесе архивті дискке және файлды архивтен жоюға болады (ішіндегі архивті модификациялау) ;
  • Windows Commander меню командасына өз программасын жіберіп қосуға болады;
  • программа жіберу үшін командалық жолға MS DOS-тағыдай әр түрлі параметрлер көрсетіледі;
  • файл іздеудегі функцияның кеңеюі;
  • текстегі файл тұрғызуын қарау (F3 пернесімен шақырылады) және он алтылық форматтағы DOS кодының мүмкіншілігін Windows-тағыдай;
  • ZIP форматындағы файлды орамдау;
  • сыртқы программа жіберу үшін панель аспабын күйге келтіру және Windows Commander-дың орындалуы;
  • Windows Commander программасындағы негізгі меню программасын жөнге келтіру;
  • ZIP, ARJ, LZH, GZ, TAR, RAR және ACE архиві сыртқы программа үшін қосылуы;
  • желілік, локальдық және Интернет ресурстарымен сізді компьютеріндегі диск секілді жұмыс.

Windows Commander - ОЖ-гі Windows-тың жұмыс аспабы.

Windows Commander интерфейсі, атап өткендей Norton C ommander программасының интерфейсіне ұқсас. Терезенің жоғарғы жағында тақырып жолының астында Windows Commander-дің мәзір қатары орналасқан, мұнда келесі бөлімдер бар: Files (Файл), Mark (бөліктеу), Commands (Командалар), Net (Желі), Show (Көрініс), Configuration (Конфигурация), Start (Бастау) . Start-Change Main Menu команда көмегімен мәзір құрамын қолданушылар қалаулары бойынша өзгерте алады.

File бөлімі файлдармен жұмыс жасауға арналған командалардан тұрады, бұл командалар көмегімен файл атрибуттарын өзгерту, файлдарды орау немесе шашу, оны бірнеше бөлікке бөлу және қайта жинақтау әрекеттерін орындай аласыздар.

Mark бөлімі файлдарды ерекшелеу командаларынан тұрады.

Commands бөлімі Windows Commander-дің қосымша командаларынан тұрады.

Net бөлімі желі мен желілік ресурстармен жұмыс жасауға арналған командалардан тұрады.

Show бөлімі ағымдағы жұмыс терезесін күйге келтіру командаларынан тұрады. Бұл бөлімдегі командалардың көмегімен файлдар бейнеленетін терезе түрінөзгертуге, оларды сұрыптау тәсілін (мысалы, кеңеймесі, мерзімі және уақыты бойынша) бере аласыз.

Configuration бөлімі Windows Commander-ді күйге келтіру командаларынан тұрады.

Мәзір қатарының астыңғы жағында саймандар панелі орналасқан.

Саймандар панелін Configuration→Button Bar мәзір командасының көмегімен күйге келтіруге болады.

Саймандар панелінен төменірек диск таңдау терезесі орналасқан.

Одан төменірек сіздің компьютеріңіздегі дисктер құрамын бейнелейтін терезелер орналасқан.

Windows Commander-дің жұмыс терезесі Norton Commander-дегідей екі терезеге бөлінген.

Жұмыс терезелерінің жоғарғы жағында ағымдағы каталогқа бару жолы көрсетілген. Тақырыпқа екі рет шерте отырып, ағымдағы каталогты жиі қолданатын ресурстар тізіміне қосып, керек каталогқа оның тақырыбына екі рет шерту арқылы тез көше аласыз.

Төменде Name, Ext, Size, Date батырмалары орналасқан. Оларға тышқан көрсеткішін шерте отырып терезе құрамын сәйкесінше файлдың аты, кеңеймесі, өлшемі және құрылу мерзімі бойынша сұрыптай аласыз.

Жұмыс терезесінің төменгі жағында ағымдағы каталогтың файлдарының саны және өлшемі туралы мәліметтерден тұратын қалып-күй қатары бейнеленеді. Жұмыс терезесінің астында командалық жол орналасқан. Пернелерді басқан кезде мәтін командалық жолда бейнеленеді, Enter пернесін басқанда терілген команда орындауға жіберіледі, Ctrl және ↓ пернелер комбинациясын басқан кезде бұрын орындалған командалар тізімі ашылады.

Ең астында Windows Commander-дің кейбір пернелерінің қолданылуын еске түсіретін жол орналасқан.

Windows Commander-дегі пернелердің қысқа комбинацияларының қолданылуы.

Windows Commander-дағы көптеген әрекеттерді Norton Commander-дағыдай клавиатураның белгілі бір пернелер комбинациясын басу арқылы орындауға болады.

Windows Commander-де келесі пернелер комбинациялары қолданылады:

Перне
Амалдар
Перне: F1
Амалдар: Анықтаманы шақыру.
Перне: F2
Амалдар: Терезе құрамын жаңарту.
Перне: F3
Амалдар: Файлды қарау.
Перне: F4
Амалдар: Файлды редакциялау.
Перне: F5
Амалдар: Көшіру.
Перне: F6
Амалдар: Файлдардың атын өзгерту немесе тасымалдау.
Перне: F7
Амалдар: Каталогты (буманы) құру.
Перне: F8
Амалдар: Файлды немесе каталогты жою.
Перне: F9, F10
Амалдар: Windows Commander мәзірін активтеу.
Перне: ALT+F1
Амалдар: Сол жақ терезедегі дисктің атын өзгерту.
Перне: ALT+F2
Амалдар: Оң жақ терезедегі дисктің атын өзгерту.
Перне: ALT+F3
Амалдар: Сыртқы программа қараушының көмегімен файлды қарау.
Перне: ALT+F4
Амалдар: Программадан шығу.
Перне: ALT+F5
Амалдар: Файлды орамдау.
Перне: ALT+SHIFT+F5
Амалдар: Келесі жою арқылы файлды орамдау.
Перне: ALT+F7
Амалдар: Файлды іздеу.
Перне: ALT+F8
Амалдар: Командалық жолда алдын-ала орындалған командалар орналасқан терезені ашу.
Перне: ALT+F9
Амалдар: Файлды ашу.
Перне: ALT+F10
Амалдар: Ағымдағы диск ағашының терезесін ашу.
Перне: SHIFT+F2
Амалдар: Екі терезе құрамын салыстыру.
Перне: SHIFT+F3
Амалдар: Бірнеше файл таңдалған кезде сілтеме астындағы файлды қарау.
Перне: SHIFT+F4
Амалдар: Текстік файл құру және оны редакторда ашу.
Перне: SHIFT+F5
Амалдар: Осы директорияда файл көшірмесін жасау.
Перне: SHIFT+F10
Амалдар: Контекстік менюді көрсету.
Перне: SHIFT+CTRL+F5
Амалдар: Ерекшеленген файлдарға жарлық құру.
Перне: SHIFT+F6
Амалдар: Файл атын өзгерту.
Перне: SHIFT+ESC
Амалдар: Windows Commander-ді тапсырмалық жолға бүктеу.
Перне: ALT+left/right
Амалдар: Алдыңғы каталогтарға өту.
Перне: ALT+down
Амалдар: Алдыңғы каталогтан тізімді ашу.
Перне: NUM +
Амалдар: Ағымдағы файлды немесе каталогты бөліктеу.
Перне: NUM -
Амалдар: Бөліктенген ағымдағы файла немесе каталогты жою.
Перне: NUM *
Амалдар: Бөлікті шақыру.
Перне: NUM /
Амалдар: restore selection
Перне: CTRL+NUM +
Амалдар: Барлығын бөліктеу.
Перне: CTRL+NUM -
Амалдар: Бөлікті алып тастау.
Перне: ALT+NUM +
Амалдар: Файлды берілген кеңейтулермен бөліктеу.
Перне: CTRL+PgUp, Backspace
Амалдар: Аталық каталогқа көшу. (cd . . )
Перне: CTRL+\
Амалдар: Түбірлі каталогты дискке көшу.
Перне: CTRL+PgDn
Амалдар: Каталогты немесе архивті ашу.
Перне: CTRL+F1
Амалдар: Ағымдық терезедегі файл турлы ақпаратты қысқаша форматта беру.
Перне: CTRL+F2
Амалдар: Ағымдық терезедегі файл туралы ақпаратты толық форматта беру.
Перне: CTRL+F3
Амалдар: Аттарымен сорттау.
Перне: CTRL+F4
Амалдар: Кеңеитілуді сорттау.
Перне: CTRL+F5
Амалдар: Мерзімімен сорттау.
Перне: CTRL+F6
Амалдар: Көлемімен сорттау.
Перне: CTRL+F7
Амалдар: Сорталусыз.
Перне: CTRL+F8
Амалдар: Ағаш каталогын көрсету.
Перне: CTRL+F9
Амалдар: Сілтеме көмегімен файлдағы программаны өңдеу және басып шығару.
Перне: CTRL+F10
Амалдар: Баолық файл көрсету.
Перне: CTRL+F11
Амалдар: Тек қана программны көрсету.
Перне: CTRL+F12
Амалдар: Анықталған тұтынушыға файлды көрсету.
Перне: TAB
Амалдар: Программалар арасындағы терезелерге көшу.
Перне: Любая Буква
Амалдар: Сілтеме командалық жолға көшеді, ал сонда белгіленеді.
Перне: INSERT
Амалдар: Файл немесе каталогты бөлу.
Перне: SPACE
Амалдар: Файл немесе каталогты бөліктеу, егер каталогты бөліктесе ондағы
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Операциялық жүйе. ОЖ-ның жіктелуі
Операциялық жүйелер. Операциялық жүйенің атқаратын функциялары
Операциалық жүйелердің файлдық жүйесі
Клетканың бөлінуі. Митоз және меиоз
Бағдарламамен қамтамасыздандыруды өңдеу технологиясы
Информатика - Пәнді оқыту
Norton Commander программасы
Операциялық жуйелер. Алмасу буфері.
Norton Сommander программасымен жұмыс істеу
Ақпарат және информатика бойынша материалдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz