Радио туралы және А. С. Поповтың радионы ойлап табуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

Кіріспе:
а) А. С. Поповтың радионы ойлап табуы.
Негізгі бөлім:
а) Радиобайланыс принциптері.
б) Модуляция мен детектирлеу қалай жүзеге асырылады.
Қортынды:
а) Электромагниттік толқындардың қасиеті.

Кіріспе.

Герц тәжірибелері 1888 ж. жарияланып шығысымен дүние жүзінің
физиктерін қызықтырады. Ғылымдар электромагниттік толқындарды шығарушыны
және қабылдағышты жетілдіру жолдарын іздей бастады.
Радиобайланыс принципі былай. Хабарлаушы антеннада жасалған жиілігі
жоғары айнымалы электр тогы айналадағы кеңістікте тез өзгеретін
электромагниттік өріс туғызады да, ол электромагниттік толқын түрінде
тарайды. Қабылдауышы антеннаға жеткеннен кейін, электромагниттік толқын
хабарлағыш қандай жиілікпен істейтін болса, жиілігі дәл сондай айнымалы ток
туғызады.
Сендер модуляция мен детектирлеудің не екенің білесіңдер. Енді осы
процестердің қалай іске асырылатындығын қарастырайық.

А. С. Поповтың радионы ойлап табуы.

Ресейде ең алғашқылардың бірі болып электромагниттік толқындарды
зерттеумен шұғылданған Кронштадтағы офицерлер курсының мұғалімі Александр
Степанович Попов еді. Ол Герц тәжірибелерін жаңғыртып жасап көріп, содан
кейін электромагтиттік толқындарды тіркеудің анағұрлым сенімді, әрі сезгіш
тәсілін тапты.
Электромагниттік толқындарды тікелей сезетін тетік есебінде
А.С.Попов когерерді қолданды. Бұл прибор - екі электроды бар шыны түтік.
Түтік ішінде ұсақ металл үгінділері салынған. Бұл прибордың қызметі электр
зарядтрының металл ұнтаққа тигізетін әсерінен негізделген. Кәдімгі жағдайда
когерердің кедергісі үлкен болады, өйткені үгінділердің бір-біріне тиісі
(контактісі) нашар. Келген электромагниттік толқын когерер ішінде жиілігі
жоғары айнымалы ток туғызады. Үгінділер арасында ұсақ ұшқындар шығады да
үгінділерді пісіріп тастайды. Нәтижесінде когерердің кедергісі күрт
төмендейді (А.С.Поповтың тәжірибесінде 1000000Омнан 1000-500 Омға, яғни 100-
200 есе төмендейді). Приборды сілкіп қалса, ол бұрынғы үлкен кедергісіне
қайта ие болады. Сымсыз байланысты іске асыруда, автоматты қабылдауды іске
асырып тұту үшін, А.С.Попов сигналды қабылданғаннан кейін когерерді сілкіп
қалып тұратын қоңыраулы құрылғыны пайдаланды. Электромагнитті толқын келген
кезде қоңырауының тізбегі когерер арқылы тұйықталады. Толқын қабылдау
аяқталысымен, қоңырау жұмысы бірден тоқтатылады, өйткені қонңыраудың
балғасы қоңыраудың табақшасын да, когерерді де соғады. Когерерді соңғы
сілкінгенде аппарат жаңа толқынды қабылдауға дайын тұрады. А. С. Поповтың
қабылдағышының схемасы келтірілген, ол оның Орыстың физика-химия қоғамының
журналындағы мақаласынан алынған.

Негізгі бөлім.

а) Радиобайланыс принциптері.

Радиобайланыстың дамуындағы ең бір маңызды кезең 1913 жылы өшпейтін
электромагниттік тербелістердің генераторын жасау болды.
Электромагниттік толқындардың қысқа және ұзақтау
импульстеріненқұралатын телеграф сигналдарын ғана жеткізумен қатар,
электромагниттік толқындардың көмегімен сөзді, музыканы жеткізу мүмкіндігі
туды, яғни сенімді және жоғары сапалы радиотелефон байланысы іске
асырылады.
Радиотелефон байланысы. Радиотелефон байланысында дыбыс
толқынындағы ауа қысымының тербелісі микрофонның көмегімен дәл сондай
электр тербелістеріне айналдырады. Бір қарағанда, егер осы тербелістерді
күшейтіп, антеннаға жеткізсе, электромагниттік толқындар арқылы сөз бен
музыканы алысқа жеткізуге болатын сияқты. Бірақ шынында ондай тәсілмен
жеткізу іске аспайды. Мәселе былай: дыбыс жиілігіндегі тербелістер едәуір
баяу тербелістер болады, ал жиілігі төмен (дыбыстікіндей) электромагниттік
толқындар мүлде дерлік шығарылып таратылмайды.

2-сурет
Модуляция. Радиотелефон байланысын жүзеге асыру үшін, антенна күшті
шығарып тарататын, жиілігі жоғары тербелістерді пайдалану қажет. Жиілігі
жоғары өшпейтін гармоникалық тербелістерді генератор, мысалы транзисторлы
генератор өндіріп береді.

3-сурет
Дыбыс жеткізу үшін осы тербелістерді өзгертеді, яғни басқаша
айтқанда, модуляциялайды. Оны жиілігі төмен (дыбыстікіндей) электр
тербелістерінің көмегімен жасайды. Мысалы, жиілігі жоғары тербеліс
амплитудалық модуляция деп атайды. 2-суретте үш график көрсетілген: а)
жиілігі жоғары тербелістердің графигі, осы әкелуші жиілігі деп атайды; ә)
дыбыс жиілігіндей тербелістердің, яғни модуляциялайтын тербелістердің
графигі, в) амплитудасы бойынша модуляцияланған тербелістердің графигі.
Модуляциясыз ең әрі кеткенде, станция жұмыс істей ме, жоқ па соны ғана
бақылай аламыз, одан басқа еш нәрсені істей алмаймыз. Модуляциясыз
телеграфпен де, телефонмен де, телевизиямен де ешбір хабар беруге болмайды.

Модуляция – баяу процесс. Бұл жоғары жиілікті тербелмелі. Бұл
жоғарғы жиілікті тербелмелі жүйедегі өзгерістер процесі, онда ол өздерінің
амплитудасы елерліктей өзгертуден бұрын, өте көп жоғары жиілікті
тербелістер жасап үлгереді.

б) Модуляция мен детектирлеу қалай жүзеге асырылады.

Жиілігі жоғары тербелістерді амплитудалық модуляциялық өшпейтін
тербелістер генераторына арнайы әсер ету арқылы жүзеге асырылады. Атап
айтқанда, тербелмелі контурға көздің беретін кернеуін өзгерте отырып,
модуляцияны жүзеге асыруға болады (22-парагрофты қара). Генератор
контурындағы кернеу неғұрлым көп болса, контурға бір период ішінде энергия
көзінен келетін энергия соғұрлым көп болады.
4-сурет
Бұл контурдағы тербелістердің амплитудасын үлкейтуге себебші болады. Кенеу
кеміген кезде контурға берілетін энергия да кемиді. Сондықтан контурдағы
тербелістер амплитудасы да кемиді.
Егер контурдағы кернеуді генератор өндіретін тербелістердің
жиілігінен көп кіші жиілікпен өзгертетін болсақ, онда бұл тербелістердің
амплитудасының өзгерістері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
А. С. Поповтың радионы ойлап табуы. радиобайланыс принцптері
Радио. Радиобайланыс. Радиотолқын
Элемент параметрлері
Электр тізбегіндегі кернеулер резонансы
Электромагниттік толқындарды пайдалану
Электромагниттік толқынның таралуы
Жартылай өткізгіш стабилитрондар
Қазақтың радиосы
Ақпарат туралы
Электр тізбегі және оның құрылысы
Пәндер