Автокөліктің экологияға зияны


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Автокөлік экологияға зияны

Көліктен шыққан улы газ . . .

Орал қаласында ғана атмосфераға тараған зиянды қалдықтардың 70 пайыздан астамын көліктерден шыққан улы газдар құрап отыр. Ал бүгінде облыста 60 мыңға жуық автокөлік тіркеліпті. Ауаға таралатын зиянды қалдықтар, соның ішінде улы газдар көлемін азайту мақсатында эколог мамандар қала көліктерін арнайы катализатор құрылғысымен жабдықтауды ойластырып отыр. Ал болашақта қала көшелеріне экологиялық таза транспорт - троллейбустарды шығару көзделуде.

Орал қаласында ғана атмосфераға тараған зиянды қалдықтардың 70 пайыздан астамын көліктерден шыққан улы газдар құрап отыр. Ал бүгінде облыста 60 мыңға жуық автокөлік тіркеліпті. Ауаға таралатын зиянды қалдықтар, соның ішінде улы газдар көлемін азайту мақсатында эколог мамандар қала көліктерін арнайы катализатор құрылғысымен жабдықтауды ойластырып отыр. Ал болашақта қала көшелеріне экологиялық таза транспорт - троллейбустарды шығару көзделуде.

Орал қаласында ғана атмосфераға тараған зиянды қалдықтардың 70 пайыздан астамын көліктерден шыққан улы газдар құрап отыр. Ауаға таралатын зиянды қалдықтар, соның ішінде улы газдар көлемін азайту мақсатында эколог мамандар қала көліктерін арнайы катализатор құрылғысымен жабдықтауды ойластырып отыр. Ал болашақта қала көшелеріне экологиялық таза транспорт - троллейбустарды шығару көзделуде.

Өндіріс орындары көбейген сайын экологияға солғұрлым зиян келетіні мәлім. Қоршаған ортаның ластануына автокөлік құралдарының қосар залалы да айтарлықтай. Мәселен, тек Орал қаласының өзінде ғана атмосфераға тараған зиянды қалдықтардың 70 пайыздан астамын көліктерден шыққан улы газдар құрап отыр. Қазіргі күні облысымызда алпыс мыңға жуық автокөлік тіркеліпті. Қала көшелерінде жүйткіген темір тұлпарлар күн санап көбеймесе азаяр емес. Шетелден шекара асып, елімізге жететін шетелдік көліктерді былай қойғанда тозығы жеткен отандық, отандық емес-ау ресейлік автокөліктердің қатары да көбеюде. Тапқанын тамағына, қалғанын керек-жарағына жұмсап, тірнектеп тапқанына темір тұлпарды ерттеп мінген ағайындардың басым көбісі экологияға төнетұғын қауіпті ескере бермейді. Ескергенімен де өз көлігінен тарар түтінді теңізге таматын тамшыдай көретіні сіз бен бізге жақсы мәлім. Нәтижесінде зардап шегетін де, жағдайы нашарлайтын да - экология. Ал экология - ол - сіз бен біздің жұтар ауамыз, ішер суымыз, жер басып жүрген қоршаған орта. Сондықтан да қоршаған ортаға деген жанашырлық құрғақ сандар мен қағаз бетіндегі деректермен шектеліп қалмауы керек. Тілшіміз жалғастырады.

Қаламызда атмосфераға тарайтын улы заттардың 70 пайыздан астамын көліктер пайдаланған газ қалдықтары құрап отыр. Бұл туралы мәлім еткен атмосфералық ауаны қорғау туралы сектор жетекшісі Ерлан Үмбетовтың дәйегінше, статистикалық есеп бойынша облыста барлығы 50 мың автокөлік тіркелген.

Екінші экологиялық сынып стандарттарына сәйкес, көлік қозғағышы жанар-жағар майды бұрынғыдай құю арқылы емес, аздан шашырату арқылы істейді, сөйтіп жанар-жағар майды көп жақпайды, осылайша ауаға шығатын зиянды заттар құрамы азаяды. «Қазіргі жағдайда ауаға тым көп көлемде зиянды күкірт шығады», дейді Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов. Бірақ, Қазақстанға енгізілетін кез келген көлік иесі жергілікті органдардан рұқсат алуға тиіс болады. Егерде автокөлік екінші экологиялық сынып талаптарына жауап берсмесе, онда кеден мұндай көлікті шекарадан өткізбейді. Яғни, бұрынғыдай қолданыста болған арзан көлікті енгізуге тыйым салынуы мүмкін. Қаржы министрі Наталья Коржованың айтуынша, олар кедендегі тексерістерді жобаға сай өзгертіп үлгіреді. Ал, Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов бұл жобаның келесі жылдың басына дейін жүзеге асатындығына күмән келтірді.

«Алматыда жиналыс өткізгенбіз. Сұмдық, дем алатын ауа жоқ. Шындығында, біз онда сәйкестікке келтіре алмаймыз», - деді ол.

Мәсімов өз орынбасары Аслан Мусинге жұмыс тобын құрып, қажетті адамдарды жинауды тапсырды. «Адамдар өз сөздеріне жауап беретіндей сәйкес болсын», деді ол.

Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов бұл жоба дайын деп отыр:

- Премьердің айтқаны дұрыс. Өйткені, жай оңай мәселе емес. Біздің техникалық регламент дайын. Ол мемлекеттік органдардың келісімінде. Біздің жоспарымызда Еуро-2 экологиялық стандарттарына 2008 жылдың 1 қаңтарында көшеміз.

Бірақ, Ахметов Еуростандарттарға көшуде қиыншылықтар да бар екенін мойындады:

- Екі себеп бар. Біріншіден, біздің мұнай өндірісіміз осындай жанар-жағар май шығара алады ма? Екіншіден, біздің техникалық сараптама жүргізі орталықтары. Шекарадан басқа мемлекеттерден кірген жаңа көліктер логистикалық орталықтан өту керек. Жаңа көліктер экологияға сәйкес бола ма?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көлік зиянын шектеудің технологиялық шаралары
Қазақстандағы автотранспорттың экологиялық қауіпсіздігінің проблемалары және оны шешу жолдары
Қоршаған ортаның ластануы. Ғылыми экологиялық проблемалар
Қоршаған ортаны қорғау жайлы ақпарат
Автокөліктің табиғи ортаға әсері
Жанар-жағармай шикізаттары
Бензин фракциясы құрамындағы ароматты көмірсутектерді бөліп алу
Бензин және олардың маркаларының сараптамасы
Өскемен қаласының атмосфералық ауасына автокөліктерден бөлінетін газдардың тигізетін әсеріне баға беру
Күн сәулесі - болашақтың сарқылмас энергиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz