Үлгерімі төмен кіші мектеп жасындағы балалардың ерікті мінез құлығын зерттеу



Мазмұны.
Кіріспе
I тарау. Үлгерімі төмен кіші мектеп жасындағы балалардың ерекшеліктері
1.1 Психологиядағы кіші мектеп жас кезеңін экспериментталды зерттеу жұмыстары
1.2 Ерікті мінез.құлықтың қалыптасуы және дамуы
1.3 Үлгерімі төмен кіші мектеп жасындағы балаларда ерікті мінез.құлықты дамытудың тиімді жолдары

ІІ тарау. Ерікті мінез.құлықты кіші мектеп жасында эксперименталды психологиялық зерттеу.
2.1 Эксперименталды психологиялық зерттеуді дайындау және өткізу.
2.2 Зерттеудің нәтижелерін шығару.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

“Үлгерімі төмен кіші мектеп жасындағы балалардың ерікті мінез құлығын
зерттеу”.

020940”Психология”
мамандығының
5 курс студенті
А.Аманчина

Ғылыми жетекші :
оқытушы

Л.К.Танжарикова

Ақтөбе – 2006.

Мазмұны.
Кіріспе
I тарау. Үлгерімі төмен кіші мектеп жасындағы балалардың ерекшеліктері
1.1 Психологиядағы кіші мектеп жас кезеңін экспериментталды зерттеу
жұмыстары
1.2 Ерікті мінез-құлықтың қалыптасуы және дамуы
1.3 Үлгерімі төмен кіші мектеп жасындағы балаларда ерікті мінез-
құлықты дамытудың тиімді жолдары

ІІ тарау. Ерікті мінез-құлықты кіші мектеп жасында эксперименталды
психологиялық зерттеу.
2.1 Эксперименталды психологиялық зерттеуді дайындау және өткізу.
2.2 Зерттеудің нәтижелерін шығару.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе.
Өзектілігі. Елімізде туындаған объективті жағдайларға байланысты
психология пәнінің зерттеу жұмыстары әр түрлі салада жүргізіліп жатыр. Оның
ішінде мектеп жасындағы оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін
бағыт үлкен орында тұр. Оқу құралында психологияның жалпы мәселелері,
психикалық процестерп, қалыпты мен қасиеттер жөніндегі түсініктер жан-
жақты ашылған, оларға байланысты осы заманғы теориялар мүмкіндігінше
кеңінен келтіріліп мәселелердің даму тарихы нақты суреттелген.
Нарықтық экономика заманындағы қоғам мүшесін тәрбиелеуге орай жас
кіші мектеп оқушылардың психологиясына қорғаныс, мінез қабілетін
қалыптастыру мәселелеріне баса назар аударылып жатыр. Еңбек бір оқытушының
тәжірибиесіне байланысты кемшіліктер болуы орынды. Сондықтан да, біз
үлгерімі төмен кіші мектеп жасындағы оқушылардың зертеу жұмысын одан әрі
жалғастырып, жан- жақты қарауға тырысамыз.
Ғылыми жаңалығы. Үлгерімі төмен кіші мектеп жасындағы оқушыларды
зерттеген ғалымдар саны жеткілікті. Оның ішінде бізді алып отырған
еңбегіміз Ақтөбе қаласының үлгерімі төмен кіші мектеп оқушыларының мінез-
құлық ерекшеліктерін зерттеп көрсете білу.
Зерттеу объектісі. Үлгерімі төмен кіші мектеп оқушылары болып
табылады.
Зерттеу субьектісі.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Үлгерімі төмен кіші мектеп оқушыларының
ерікті мінез-құлықтарын психологиялық зерттеу жұмысын жүргізу.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
1. Берілген тақырыпқа байланысты әдебиеттер тізімін шолу, материалдар
жинау;
2. Эксперименталды-психологиялық зерттеу жұмысын өткізу;
3. Кіші мектептегі мінез-құлықты зерттеу нәтижелерін шығару.
Зерттеу жұмысының гипотезасы. Біздің ойымызша, кіші мектептегі мінез-
құлық үлгерімі төмен оқушылардың тәрбиелеуіне байланысты ерекшеленеді.
Әдістемелік негіздері. Біздің дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі
болып, отандық психологиялық ғалымдардың еңбектері жатады.
Диплом жұмысының құрылымы. Біздің дипломдық жұмыс кіріспеден, I тарау
Үлгерімі төмен кіші мектеп жасындағы балалардың ерекшеліктері, II
тарау Ерікті мінез-құлықты кіші мектеп жасында эксперименталды
психологиялық зерттеу, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

I тарау. Үлгерімі төмен кіші мектеп жасындағы балалардың ерекшеліктері
1.1 Психологиядағы кіші мектеп жас кезеңін зерттеу жұмыстары.
Адамның алғашқы өмір қадамдары тіршілік проблемаларын шешуден гөрі
көбірек төңіріктегі оқиғалармен құбылыстарды бақылауға бағытталады.
Негізінен обьектермен қатынасқа түсе отырывп, бала болмыс мәнін түсінуге
ұмтылады. Соған байланысты өз қылық-әрекеттерінің орынды, не орынсыз
екендігін бағалай бастайды. Баланың сезімталдығы жас ұлғайған сайын кеми
бастайды. Солай болса, балалық шақта игерілген тәжірибелер мен білімдер,
бозбалалық кезіңнің тұрақты мінез бітістеріне арқау береді.
Бозбалалық шақтың өмірге қойған талаптары өте жоғары да бірбеткей
келеді, қажеттер ауқымы кеңейеді, аласапарын, күйзілісі мол, ерік күшін
керек ететін өмір басталды. Қоршаған дүниемен белсенді араласу, тікелей
қатынас жасау сырттай бақылаудан гөрі анағұрлым қиын. Көрер көзге әдемі іс,
оқиға, зат нақты орындауға келгенде сүйкімсізде ауыр болуы мүмкін. Жағдайға
билік ету оңай емес, ал өзіңді өзің басқаруын одан да күрделірек. Өмір
бұрқасынында әрекет ете білу алғы шарт, ал кей жағдайларда өз әрекетін
басқалар қимылының ұстамды болғаны керек. Бұрын жағымды түр- түс, әуенге
толы дүние енді боз баланы әлеуметтік талаптар мен қалтқысыз міндетке
орайды. Боз- балалық шақтың дағдарысынан балалық шақтағы жасанды бағыт
моделі құрдымға кетіп, бақыт мән-мағынасына өзгеріске келеді. Бақытқа
деген көзсіз ұмтылыс енді бақытсыздықтың қорқынышына ауысады. Бірақ бұл
жаста бұрқасын қуат мол, сондықтан қиыншылықтардың бәрі де өтпелі.
Болашаққа деген сенім шексіз. Сонымен бірге, өзіңді дербес, біреуге керегі
жоқ дүние екендігін сезіп, оқшаулана түсесің. Бірақ дүние жұмбақ, оны
тануға болған ұмтылыс өте күшті 3,с.67.
Адамның ендігі өмір желісі көп шаруасыз, байсалды және аңдап басу
кейпіне келе бастайды. Өмірдің бәрі тек бақыттан тұрмайтынын түсініп, адам
қанағат, шүкіршілігіне бой бағындыру қажеттігін аңдый түседі. Қиындық
өмірден кешегі бала нақты, күтілмеген, бұлтарыстары көп ақиқат өмірге өте
бастайды. Енді боз бала өзінің бар қуат жігерін пайдалы да қажетті, қолынан
келер іске бағыштайды. Тәжіриебие, нақты іс әрекетке араласудан жас жігіт,
бойжеткен бұрынғы жалғын түсінік, ұғымдарынан арыла бастайды. Өмір енді
адамға ішкі тұңғиық, тылсым тарапынан танылып, айқындала түседі. Тұлғының
әлеуметтік кеменделуі байқалады. Бірақ әлі де жас жігіт басқылардың
бағалауында өз сезім өшеміне көбірек сенеді, махаббат, достық, әлеуметтік
қатынастардың басқа да формаларында өзінің тұлғалық бейнесін нығайта түседі
5,с.112.
36-40 жаста адам өмірінің жаңа сатылық деңгейіне көтеріледі. Осы
шақтан бастап өмір қуаты кеми бастайды. Бірақ бұл процесс алғашында рухани
құндылықтар молшылығынан онша байқала бермейді.
Ал адам егер тартқан сайын оның көптеген рухани құндылықтары қайта
қайтарылып, көбі жойылып, өткен өмір жеке оқиғалар жиынтығы ретінде еске
алынады. Тек өмірдің алғашқы ширегі ғана тек ең ұзақ, қымбат әрі, бақытты
көрініп, қайталана жатқа келе береді. Қалған шақтардың бәрі қысқада сырсаң
өмір күйбеңіндей көрінеді. Көп жайыт естен шығады. Өткендегі күйзелткендер
мен қинағандардың баршасы мәнін жоғалтып, елеуден қалады. Осы жайтты
даналықпен түсінген ұлы бабамыз Қожа Ахмет Яссауи былай депті: Баз кештім
елу екіде жиғанымнан, Мал мүлкім артық емес бір жанымнан. Ендігі өмірімнің
әр күні жылдарымдай шалт ағып, ізін жуып шайып, өткеннің бәрін татымсыз
күйге түсіреді. Кешкен дүние тұмандап, көз алдыңнан кете бастайды. Сондайда
болса, кейбір бастан өткен қызғылықты оқиғалар анда- санда жалт ете,
көрініп, көңілді рахатқа бөлейді. Осының бәрі уақыт ендігіндегі адамның
барша мені санада сақталып қалмай, оның кейбір көріністері ғана бекіп
қалатынын дәлелдейді 10,с.52.
Адам мінезінің сан-қилы көріністері жас сатыларына байланысты әр
қилы. Бұған дәлел Диуани хикмет шумақтары: Ғашық болып жиырма сегіз
жасымда мен, жан кештіп, мехнат шегіп, бас ұрған ем... Қанағат елу
сегізімде сезіндіріп, Тыя көрдім қаһарлы ием, өзің біліп, Құдайым бар
непсімді безендіріп
Қ.А.Яссауи.
Кейбір адамдар бозбала шағында сүйкімді, енді біреулері- ересек
кезінде көрікті әрі іскер. Ал кей тұлғалар егерде жасында қайырымдылығымен,
ымрашылдағы және данагөйлермен жұртты өзіне тартады. Осыдан әрбір адам
мінезінде белгілі бір жас сатысында қандай да қасиеттердің толық ашылуына
себепші бір факторлардың болуы мүмкін деген ой келеді. Ал осы факторлардың
табиғаты ғылым үшін әзерге сыр.
Өмір ақырында жасанды, жалған сенімдер (иллюзии) ғайып болып, өмір
жағдайынан жамылған бүркемелер ысырылып, шынайы мінез көрініс береді,
әлеуметтік рөл мән мағнасын жоя бастайды. Адам фани ақырынды өзін танып,өз
болмасының көркінін білетін халге жетеді. Өмір балалық күндердегідей
бақылау, мензей қарау кейпіне қайта оралды. Жас күнінде игілік, ләззат
бермеген көптеген құмарлық өшеді. Алайда, бозбалалықтың мұнан қашып
құтылмайтындай, кәрілікке де рух көтеріліңкілігі жат емес. Көптеген
шектеулерден босап, өмір, аяғында адам өзін еркін сезініп, дүние-мал, дос-
дұшпанның шын мәнін пайым-дау деңгейіне жетіседі.
Қоғамда әдейі, мансап иелеу үшін бүктелген жалған бәле қорлар
(мишура) мен дүние қоңыздық күйбендерін ысырып қойып, кәрілік ақиқат дүние
құндылықтарына объектив баға береді.
Кәрі адамдардың ең күшті психикалық қасиеттер- өткен өміріндегі өз
мәнділігін сезінуі, жетіскен адам дәрежесі және жемісті іс-әрекетерінен
қанағат рахатын тауып, мәңгілік өмір дариясынның бір тамшысы болғанынан
қуанышқа бөлінуі. Бұл фаниден бақи дүниеге жолдама алып тұрған шақта да
адам өзінің мәңгіліктен өшіп кетпейтінін біліп, оны міндет тұтады. Оның
өмірі азаматтық мәңгілік ағымын жалғастыруға себебін тигізеді; мұны түсіну-
кәрілік даналығы.
Мінез- жеке адамның өзіне тән қылық-әрекетінде, тіл қатынасында
тұрақты қалыптастыратын дара ерекшелік-терінің жиынтығы.
Мінез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңілділікке орай сипатталмайды,
аталатын сапалар- әртүрлі жағдайларды көрініс беретін жеке адамның
қасиеттері, адам мінезін біле отырып, оның алдыңғы ықтималды әрекеттерімен
қылықтарын күні ілгері барластыру мен оларға тиісті реттеулер және
түзетулер еңгізуге болады. Мінезі адамның қандай әрекетке келетіні
жаңылмай, дәл айтуға болады.
Алайда, жеке тұлға ерекшелігіне бай келеді, ал солардың бәрі де адам
мінезін танытады деу қате. Мінез көрсеткіші- адамның барша жағдайларды
мәнді сипатты мен тұрақты сақталатынын таңдаулы қасиеттері. Егер адам
қандайда даудамайлы жағдайға дөрекілік көрсетсе, сондай тұрпайылық пен
ұстамдылық осы адамның төл қасиеті деу жөн емес. Жайдарлы мінезді, көңілді
адамның өзі кей жағдайда мұңайып, сыбыр халге түсуі мүмкін. Өмірге келумен
бастауын алып, нақты адамның өмір барысында қалыптасады, тұрмыс жағдайлары
мен айқындалады. Тұрмыс қалпы әр адамның өмір ойлау, сезім, ниет, әрекет
сипатын бірлікті анықтап барады. Мұнда адамның бүкіл өмірін жан-жақты
қамтыған қоғамдық шарттар мен әлеуметтік жағдайлар маңызды келеді.
Дегенмен, мінезін нақты қалыптасушы әртүрлі деңгейді дамыған топтарда
(отбасы, достары, сынып, спорт командасы, еңбек ұжымы т.б.) қалыптасады.
Осы топтар мен оларды ардақталатын адамгершілік, қоғамдық құндылықтарға
тәуелді мүшелерінің мінез ерекшеліктері орныған. Мінез бітістері, сонымен
бірге тұлғаның отбасындағы абыройы, топтың басқа мүшелерімен арақатынасына
байланысты тұрақталып не, аса қажет болса, өзгеріске түседі. Жоғары деңгейі
дамыған топ, ұжым мінездің мәнді де ұнамды бітістердің қалыптасуына оң әсер
етеді. Жақсы мінезді адам қалыптастыра отырып, ұжым дәреже, деңгейін
арттыра түседі.
Қоғам әсерлері мен ықпалдардын бейнелейтін мінез мазмұны жеке адамның
өмірлік бағыт- бағдарын құрайды, яғни оның заттай және рухани қажеттеріне,
қызығуларына, наным-сенімдеріне, мұраттарына т.б. негіз болады. Бағыт-
бағдарына сай жеке адам өз мақсаттарын, өмірлік жоспары мен сол жоспарды
іске асыруға қажет белсенділік деңгейін белгілей алады. Мінезге орай
адамның дүние талғамы, өмір әні, белгіленген мақсат-мүдделердің, әрекет
қылықтарының себептері ашылады 8,с.45.
Мінезді дұрыс түсінуде адам үшін маңызды болған қоғамдық құндылықтар
мен жеке талғамдар арақатынасы шешуші мәнге ие. Әр қоғамның өзіне сай
маңызды да мәнді міндеттер болады. Міне осы міндеттерді іске асыру
барысында мінез қандый да адам қасиетінің (төзімділік өжеттілік т.б.)
көрінісі болып қана қоймастан, қоғамдық мәні бар іс- әрекетке болған бағыт-
бағдар сипатын андатады. Осыдан мінездің тыңғыліқтарына, біркелкілігі
дамуының өмірлік бағыт-бағдары негізінде нақты бір қалыпқа келеді. Мінез
қалыптасудағы басты шарт-өмірлік мақсат, мұраттың нақтылығы. Мақсаттың
болмау не оның шашыраңқылығы-босбелбеулік, мінезсіздік белгісі. Солайда
болса,жеке адам мінезі мен оның бағыт-бағдары екітайлы нәрсе. Алдыңңызды ақ
көңіл кейіппен келген адамның бірі-ізгі ниетте, ал екіншісі-жауыз болуы
мүмкін.
Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің
иегері ретінде әрбір адам- жеке адам болып сипатталады.
Жеке адамтүсінігімен қатар біздің қолымызда адам, дара адам,
даралық терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз
ерекшеліктерімен ажыратылады, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты. Олардың
ішінде ең жалдпыланған, көп қасиеттерінің бірігуін-адамтүсінігін қамтиды.
Адам-өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, қоғамдық, еңбек
барысының жемісі әрі табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын
тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік-тектік мәнге ие болғанымен, ол жалпы
табиғат туысы ретінде-дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесінен
бөлектенбейді.
Дара адам-homo sapiens тектілердің өкілі, адамдық даму нышанының
иесі –нақты адам.
Даралық-нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылданған қайталанбас
ерекшеліктері мен қасиеттері.
Жеке адам түсінігіне байланысты ең алдымен адамның қоғамдық, мәнді
сапаларын иеленеді. Адамның әлеуметтік мәні оның қоғаммен байланысында
қалыптасады да көрініс береді.
Әрқандай қоғамға орай адамның қасиет, сапа өлшемдері әрқилы келеді.
Қоғам социологиясы нақты қоғамның психологиялық типін анықтайды.
Жеке адам көп сатылы құрылымға ие. Осыдан жеке адам психологиялық
құрылымның ең жоғарғы да жетекші деңгейі қажеттілік – себеп аймағы – жеке
адам бағыт-бағдарынан, оның қоғамға, басқа тұлғаларға, зіне қатынасынан
және қоғамдық әрі еңбектік міндеттерінен туындайды. Сонымен бірге, жеке
адам үшін, мәнді құбылыс тек оның ұстанған бағыттары ғана емес, оның өз
қатынас мүмкіндіктерін іске асыру қабілеті де үлкен маңызға ие. Ал, бұл өз
кезегіңде адамның іс-әрекеттік икемділігіне, оның қабілеті, білімі және
ептілігіне, көңіл-күй, еріктік және ақыл-ой сапаларымен байланысып жатады.
Адам өмірге дайын қабілет, мінез және қызығуларымен келмейді,
бұлардың бәрі белгілі табиғи негізде адамның өмір барысында қалыптасады.
Адам тгінің негізі, яғни генотипі оның анатомиялық-физиологиялық
ерекшеліктерінің, жүйке жүйесінің қозғалысын белгілейді. Биологиялық
құрылым иесі – адам өткен әлеуметтердің білім, салт, заттай және рихани
мәдениетті күйінде толған өмір тәжірибесін игерумен ғана жеке адам
дәрежесіне көтеріледі.
Жеке дам дамуы - өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңейтіп, қажеттіліктерін
арттырып барумен байланысты. Осы даму деңгейі нақты адамға тән, болған
қарым-қатынастар аймағымен өлшенеді. Даму дәрежесі мардымсыз тұлғаның адам
аралық қатынастары да өте жай, күнделікті тіршілік аймағынан аспайды. Ал,
даму деңгейі жоғары болған адам өзін рухани мәртебесімен, қоғамдық мәнді
құндылықтармен ерекшеленеді.
Әрбір дара адам өзінің қоғамдағы өмірлік әдеттерін зерттеумен
күнделікті тіршілік проблемаларын шешіп береді. Бірде қиыншылық
кедергілерінің шешімін әр адам өз әдіс-тәсілдерімен табуы мүмкін. Осыдан
жеке адамды танып, білу үшін, сол адамның алдында тұрған өмірлік
міндеттерін, оларды іске асыру жолдарымен өмір барысында ұстанған
принциптерін жете білу қажет.
Қоғамдық қатынастарға араласып, және оларды басшылыққа ала отырып,
адам сол қатынастардың ықпалында қалып қоймайды. Әр қандай дара тұлға өз
дербестігімен ерекшелігіне ие.
Жеке адам дербестігі, оның ең жоғарғы психикалық сапасы – рухани
дүниесімен ұштасады. Рухани дүние дегеніміз – адам мәтінінің ең биік
көрнісі. Оның жалпы адамзаттық, инабаттық парызы түсіне білуі, болмыстағы
өз орнына сай қызмет ете алуы. Жеке адамның рухани жетілгендігі – бұл
жоғарғы дәрежедегі саналық жетілу, ізгі мұраттарды басшылыққа алу, сонымен
бірге жаман ниеттермен мезеттік шен-шекпеннен, жалған белсенділікпен
өтірік өсектен өзін аулақ ұстай алуы. Ал, адамның мұндай қасиет, сапалардың
өз бойына дартуы көбінесе, қоғамдық салтқа тәуелді. Қоғамдық даму дәрежесі
неғұрлым төмен болса, ел ішінде баршаны бірдей теңестіру принципі өріс
алады да, ондай қоғам мүшелірінің көбі құлдық бағыну күйінен арыла алмайды.
Дербестігінен арылып, өз пікірінше, ой жүгіртпеген адам өзін тұлғалық
дамыту ниетінен ажырап қалады11, с.46.
Жеке адам сапалары сол адамның араласқан қатынастар өрісіне, әртүрлі
әлеуметтік өмір аймағына қызмет ете алу қабілетіне байланысты келеді.
Шығармашыл тұлға тікелей қоршаған әлеумет шеберінде қалып қоймай, өзін
ауқымды қоғам аймағы негізінде қалыптасуға ұмтылыс жасайды. Мұның адам
бойында өзі жасаған қауымның, типті бүкіл қоғамның болашақ өркениеті
көрініп, ол өз дәуірінің сапалық деңгейін көш ілгері жүреді. Жеке адам өз
дербестігіне ие болуы оның тұйық әлеуметтік топқа бағынышты еместігін
көрсету мен бірге сол адамның жоғары деңгейде кемелденгенін дәлелдейді.
Жеке адамның дамуы, яғни оның әлеуметтік ұнамды қасиеттерінің
қалыптасуы белгілі қоғамды қолдау мен әлеуметтік қажетсіну керек етеді.
Дара адамның жеке адам сатына көтерілуі үшін маңызды факторлар:
идентификация, яғни дара адамның өзін басқа адамдармен теңестіре, қоғам
талабына сай болуы ниетімен қалыптасып бару процесі; персонализация- дара
адамның өз басының басқа адамдар өміріне қадірін түсіне білуі, сонымен
бірге, нақты әлеуметтік топта өзінің кісілік мүмкіндіктерін ьіске асыра
алуы.
Басқа әлеумет мүшелерімен жеке адам өз Мені негізінде қатынас
түзеді. Ғалымда жеке адамдық, рефлексия деп аталған бұл мен ұғымы өзі
ішіндегі әр адамның өз жөніндегі танымен, өз мүмкіндіктерін және өз қадірін
сезіне білу сияқты сапаларын қамтиды. Жеке адамның өзіне өзі берген
бағасының астам не төмен болуынан сол адамның ішкі жан арпалыстары келіп
шығады.
Адам өмірі нақты тарихи әлеуметтік аймақта жүріп жатады. Дүниелік
жағдайлар енгізу ерекшелігі, тұтыну аймағы, әлеуметтік қатынастар адамның
мұрмыс салтын анықтап, оның тұрақты қылық әрекеттерін белгілейді.
Әрқандай жеке адам өзінің өмірлік салтын, жеке құндылық бағыттарына
орай тіршілік жағдайларын өзгертудің жүйесін түзіп барады. Осыдан адамның
тұрмыс тіршілік салты оның жалпы өмір сүру, қоғамдағы өз орнын иеленудің
бағыттарына айналады. Әлеуметтік құнды салт- бағыттан адамның жоғары
инабатты, жасампаздық өмірі , рухани-этикалық, рухани-эстетикалық
дүниетанымы туындайды. Адам өмірі осыдан бір мезеттік ықпалдан, билігіне
қалып қоймай ішкі заңдылықты ниет себептер жүйесін арқау етеді, өзінің
әлеуметтік мәнді мағыналық мұраттарын барластыра, саналы бағытта жасау
мүмкіндігін алады.
Тұрмыс-салт бағытты тұрақтанбаған адам күнделікті күйбеңмен аса
алмайды, осыдан мүмкіндіктер толық жүзеге асыра алмай, өміршеңдігі кемиді,
руханм адамгершілік талаптары тарылады.
Жеке адамдағы барша өмірлік күйзеліс ауытқулар оның өзіндік мені
танымаудан объективті мәнді жеке басының құнды тараптарын сезіне алмауына
келіп шығады Жеке адам болмысының ең айқын көрсеткіші- оның өз психикалық
жағдайын басқара алу және әрекет қылықтарын қоғам қалыптастырған өлшемдерге
икемдестіру дәрежесі.
Жеке адам тұрақты қасиеттер жиындығымен дараланады, тұлғаның барша
ерекшеліктері оның тума, нәсілдік және әлеуметтік-мәдени сапаларының
бірлігінен қалыптасады.
Адамды әрекетке келтіруші күш-қажетсіну. Болмысты бейнелеудің жоғарғы
формаларына ие, адамды әрекетке келтіруші нысандар – саналы бейне не елес,
ой не түсінік, идея немесе ізгі мұрат күйінде өрнектелуі мүмкін.
Психологияда мотив түсінігі де келесідей анықтама берілген: мотив –
бұл адам санасында қаланып, оны белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру
үшін, әрекетке итермелеуші себеп күш. Ал, кең мәнінде мотив – шындыққа сал
заңдылық ретінде ықпал жасап, обьектив қажеттілік түрінде көрсеткіш болмыс.
Ал, мотивтілік әрекет қылық пен іс-әрекеттері психикалық реттеудің ерекше
түрі 2,с.56.
Қорыта айтқанда, адамның әрқандай қылық - әрекет, оның мотивтік себеп
күштерше байланысты. Сонымен, адамның қалаған іс-әрекетінің ынталандырушы
мотив жатыр. Бірақ адамда туындаушы және оны іс-әрекетке ойластырушы қандай
да бір мотив көзделген нақты әрекетпен шектелмейді, оның нәтижесіне жетумен
адам келесі әрекетке ұмытылады, іс-әрекет барысында мотив аясында бірнеше
әрекет бірін-бірі ауыстырып баруы да орынды. Мотив дамуы мен басталған іс-
әрекет арасында қайшылықта туындайды. Кейде мотив іс-әрекет жобасынан бұрын
қалыптасады, ал кейде кешеуілдейді, осыған байланысты әрекет нәтижесі де әр
түрлі болады.
Жоғарада аталғандардың қорытындысы: мотив құрамы іс-әрекеттің бір
бөлігі емес, жеке адамның мотивтік қажетсіну аймағы деп аталатын күрделі
жүйенің ажыратылмас бірлігі. Тұтастай бұл аймақ қозғалмалы, өмірлік
жағдайларда түрленіп, дамытуда болады. Солай болса да, кей мотив біршама
тұрақты, басымдау келіп, адам өмірінің бағыт- бағдар езегіне айналады.
Мотивтердің қайдан және қалай пайда болатыны жөніндегі мәселе
психологиядағы басты проблемадан. Мысалы, А.А.Маслоу мотивтердің негізін
бірінен- бірі деңгейі бойынша жоғарылай түскен қажетсінулер тобы деп
біледі, олар биологиялық қажетсіну, абырой қажеттілігімен ең жоғарғы
қажетсінулер: өз мүмкіндіктерін ашып, оларды жүзеге асыра. Бірақ, А.Маслоу
талдауындағы дара адам әлеуметтік қатынастаржүйесінен тыс, қогғаммен
байланысы жоқ. Оқшауланған тұлға. Қоғам, ғылам пікірінше, дара адам танушы
мекен, қоршаған орта ғана.
Б.Ф. Ломов, басқа да орыс психологтарының пайымдаулары нақты,
әрекетшең дара адамның қоғамдық қатынастар жүйесіне қосылып, сол жүйенің
оның санасына бейімделуіне негізделеді. Б.Ф.Ломов мотивтік қажетсіну аймағы
мәтін (құрамы, құрылымы, қозғалысы) және сол аймақтың дамуын түсіндіру үшін
жеке адамның басқа тұлғалармен ара байланыс, қатынасын қарастыру қажет деп
санайды. Адамның мотивтік аймағының басқа факторлардан тәуелділігі
зерттеуде сол тәуелділіктің тікелейғана емес, жанама байланысты болатын,
көп өлшемді және сипатты екенін бірде ұмытпау лазым. Дара адам өз даму
барысын да басқа қоғам мүшелерімен болған тікелей байланыс шеңберінен шығу
мүмкіндігінше ие, осыдан оның қажетсіну аймағы қоғамдық өмірдің күшті
ықпалымен өрістей бастайды (саяси пікір, саясат, этика және т.б.). Адамның
қажетсіну талаптары қоғамдық құрылымдардың әсерімен де дамиды. Мұндай
құрылымдардың ең қарапайым түрі- нақты тұлға мүшесі болған адамдар
қауымдастығы. Адам қажетсіну көп жағдайда осы қауымның жетегінде болады. Ал
нақты адам бір қауымдастық шеберінде қалып қоймайды, өмір бойы
қауымдастықтар тобы сан қилы ауысып не өзгерістерге келіп отырады. Осыдан
адамның мотив-қажеттіліктері оның ішкі жан-дүниелік әрекеттерінің нәтежесі
ғана емес, ол әртүрлі адамдар бірлестігімен байланысты дамып баратын жүйе.
Сонымен, бір деңгейднгі қажетсінулерден өзгесіне көшу адамның өзіндік даму
заңдылықтарынан болмай, оның басқа адамдармен байланысты, қатынастарынан,
тұтастай қоғамға араласуынан болатын процесс екенін ұмытпау керек 3,с.27.

Адамның көптеген мотивтінде өзі араласқан әртүрлі қауымдастықтарға
тән қажетсінулер бейнеленуі мүмкін. Осыдан мотив өте күрделі де ауыспалы
құбылыс. Дегенмен, адам қара басына ықпал жасаушы өзінің рухани күштерін
(жеке адам мақсаттары, мұраттары, қажетсінулері, өмірлік бағыт-бағдар және
т.б.) көп жағдайда сезе бермейді. Егер олай болғанда адам мүлтіксіз өзіндік
санаға ие болумен, өзі жөнінде шексіз хабардар болып, өзіне өзі нақ баға
бере алған болар еді. Ал шынайына келсек, нақты адам өзі жөнінде өзгелерден
кемдеу біледі, басқалардың ол турасында бағасы шындыққа сәйкестеу келеді.
Ал тынданған жәйт: адам өзінің қандайда бір қылық, әрекетінің дәл
себептерін көбіне анықтап бере алмайды, не айқын білмейді Адамәрекеті,
қылықтары түрткілерінің көбі оның өзі сезіп білмеген ықпалдар жетегінде
жүреді.
Саналық негізге ие болмаған ықпалдардың бірі- психикалық көрсетпе
талаптар. Көрсетпе- талаптар психологияда жеке адамның қандайда бір
қажеттігін қанағаттандыру үшін- болған әрекетке өзі сезінбеген дайындық,
бейімдік қалпыш танытады. Көрсетпе талап, қорытындылап айтқанда, объект
белгілі бір күйде қабылдауы, түсінуге мәнін аңғаруы күні бұрын дайын болып
бейімділік танытады, сол саналық дайындық өткен тәжірибемен ұштастырып
әрекетке кірісуге негіз.
Тұрақтанған психикалық көрсетпелер жеке адамның әрекет қылықтарын
айқындап отырады. Мұндай көптеген көрсетпе-талаптардың мәнін құрайтын сипат-
алдын-ала шешімін дайындап қою-адамның жеке тәжірибесінен алынған
асығысты, толық пайымдалмаған қорытындыларды немесе белгілі қоғамдық топта
қабылданған сіңірлі пікір- ой стандарттарына бағынышты болудың нәтежесі
21,с.125.
Қоғамдық өмірдің әрқилы жағдайларына байланысты көрсетпе-талаптар
ұнамды да ұнамсыз болып, сенім сипатын алуы мүмкін. Көрсетпе талаптар
құрылымы үш бөліктен тұратыны зерттелген: когнитивтік бірлік- адамның біліп
қабылдайтын затының бейнесі; көңіл күй- бағалау бірлігі- объектіде болған
адамның ұнатуы мен жек көруі; әрекетқылық бірлігі- іс объекті бағытында
қандай да әрекет етуге дайын болу, еріктік күштердің іске қосылуы.
Мұндай мотивтер қатарына, сондай-ақ, дерексездірген ниет ретінде
құмарлықта кіреді. Жеке адамның бағыт- бағдар жеке адамның жүйе елестетуші
ретінде оның психологиялық қалпын айқындайды.

2. Ерікті мінез-құлықтың қалыптасы және дамуы

Адамның іс-әрекетінің бағыттаушы әрі оны нақты жағдайларға икемдестіруіш
тәуелсіз турақты мотивтер жиынтығы жеке адамның бағыт-бағдары деп аталады.
Бағыт-бағдар әрдайым әлеуметтік негізге ие болып, ол тәрбие нәтежеде
қалыптасады. Бағыт-бағдар адамның қасиеттеріне айналған көрсетпе-талаптар.
Бағыт-бағдар құрамына өзара байланысты, деңгейі жағынан бірінен бірі жоғары
бірнеше формалар кіреді: құмарлық, ниет, ұмтылыс, қызығу, бейімділік,
мұрат, көзқарас наным. Адамның бағыт-бағдарының барша формалары оның іс-
әрекетінің, түркілері деп есептеледі.
Аталған формалардың қысқаша мәні:
Құмарлық- бағыт-бағдары ең қарапайым биологиялық формасы;
Ниет- саналы қажетсіну, толық белгілі затқа құмарлық;
Ұмтылыс- ниетке ершеш күш, осылай пайда болады;
Қызығу- бағыт-бағдарын қандай да бір затқа ауысудағы танымдық форма;
Қызығуға еріксіз күш қосылса, бейімдік пайда болады;
Көзқарас- қоршаған дүние болмысын философиялық эстстикалық, этикалық,
жаратылыстану және басқа ғалымдар жүйесінде тану;
Наным- адамны өз танымы, принципі, көзқарасына орай әрекетке
ықпалдаушы мотивтер жүйесі, бағыт-бағдарының ең жоғарғы формасы.
Мотивтер жоғарғы не төменгі деңгейде, саналы немесе санаға типті де
байланыссыз болуы мүмкін. Адам бағыт-бағдарының басым болуынан саналы
мотивтер туындайды. Кету, керек, қажетсінулермен мотивтер адам бағыт-
бағдарының бір бөлігін ғана сипаттап, оның бастау түйіні, іргетасы ғана іс
бітпес. Осы іргетас негізінде адамның өмірлік мақсат, мұраты қаланады.
Мақсат нақты іс-әрекеттік және өмірлік болып ажыратылады. Дегенмен әрбір
барысында көптеген, сан-қилы іс-әрекеттің орындалуына тура келеді, ал
олардың әрбірі өзінің нақты мақсатына ие. Дегенмен, әрбір дара істің
мақсаты жеке адамның бағыт-бағдарының осы әрекетте көрінетінін қайсы бір
қырына ғана сәйкес болуы ықтимал. өмірлік мақсатқа келетін болсақ, ол дара
іс-әрекеттермен байланысқан барша жетелеген мақсаттың біріктіруші фактор.
Жеке мақсаттардың әрқайсысы өз орнына орындалып баруы жеке адамның жалпы
өмірлік мақсатының біршама іске асыруын қамтамасыз етеді. Адамның жетістік
деңгейі өмірлік мақсаттарға байланысты. Осыған орай адам өз келешек
санадағы болмысын жобалайды. Мақсатты айқын түсіну мен сол мақсаттың, іске
асыру жолдарын сезінуден қоғамдық тұлғаның болашағы айқандалады.
Өз болашағын керегендікпен тани білу қажет адам, қасиеттеріне кедергі
болатын жан күйзелістердің түңілуі психологияда-фрустрация делінеді. Мұндай
психикалық адамда оны мақсатқа жету жолында бой бермес кезіккеннен
туындайды. Фрустрациялық жағдайдың балгілері мақсатқа ереусізден
қажеттілік себебі анық сонымен бірге оған жетудің жолында күшті кедергі
бары да көрініп тұр. Адам мұндайда фрустрацияға түспей, үлкен
қиыншылықтарды да және алуы мүмкін. Ал кейбір сындарлы кезеңдерде қиыншылық
басымдау келіп, фрустрация өрістеп, ол адамның мақсат жолындағы әрекеттің
берекетсіздікке ұшырауына себебі болады. Мақсаты әрекет бұзылысының келесі
түрлері (Ф.Е.Василюк) белгілі а) қозғалысты қозу- мәнсіз қимыл-әрекеттер;
б) түңіліс; в) ашуға беріліп, әрекетте қалу; г) стереотипия үйшікті
әрекеттерді ойсыз қайталай беру; д) регрессия-өмірдің алғашқы кезеңде
игерген, ойсыз қимылдау (қазақта баталығына түсіп) 9,96.
Көп жағдайда адамның көздеген тұрмыстық қажеттіліктері қандайда
себептермен орындала бермейді оларды қанағаттандырудың мүмкіндігіне болмай
қалады. Мұндайда әрекет-қылық психология қорғаныс тетіктерімен реттеліп
барады. Психологиялық қорғаныс адамның қалыпты, табиғи болмысына тән нәрсе,
ол арқылы адам қымыл-әрекетіне кезігетін ауытқуларды күні бұрын
сезіп,олардың алдын алып отырады. Мұндай психикалық қасиеттер адамға көңіл-
күй береді.қоршаған ортада кезіктірген адамда оларға деген қандайда бір
бағалау қатынасымен сезімдер пайда болады. Олардың бірі ұнап- қуанса,
екіншісі-қапаландырып, жек көрушілік туады. Сезім түоі сан алуан,
төңірегіндегі нысандардың жеке қасиеттерімен сапаларының өзі де адамның
белгілі сезіміне себепші болады, мысалы, түсі ұнамайды, даусы жағымсыз,
дәмі татымсыз т.с. өмір жағдайлары мен тұрмыс оқиғалары күрделірек
сезімдерге себепші болады. Сезім ауқымы өте кең: өкінішпен қанағаттандыру,
қуаныш пен қуаныш, таңдану мен жиіркену мұндай сезім түрлерін шексіз
келтіруге болады. Сезім- бұл адамның қоршаған болмыс заттары және
құбылыстар мен қатынас жасауынан туындаған әр қилы формада көрініс беретін
қорғаныс күйзелістері. Адам сезіну түрлері үшін керекті де пайдалы қасиет.
Толғаныссыз өмір- кешкен өмір, ұлы ғұлама Э.Науаи Сезімсіз адам-кесек,
махаббатсыз адам-есек,-деген екен. Көп сезімдерге адамдардың өзі құштар.
Егер сол сезімдер кандай да себептер мен болмай қалса, адам эмоциялық
ашырқауғакеліп, орның орнын толтыру үшін ән-күй тыңдайды, әсерлі фильмдер
көріп не қым қиғаш оқиғалы кітаптар оқиды.
Психологтар көп заманнан бері осы сезім мәселесінің төркінін ашумен
айналысуда. ХVIII-XIX ғасырларда бұл сұрақ төңірегінде ортақ көзқарас
пайымдалмады, дегенмен интеллектуалист теория бағыты кең өріс алады. Бұл
бағыт мәні-адамдағы барша органикалық көріністерінің негізі психикалық
құбылыстардан деген тұжырымнан шығарылады. Неміс психологі Гербарттың
ұйғарымы бойыншы барша сезімдік дүниенің ірге тасы елестер деп саналады.
Бұл теорияға орай сезім-елестер арасындағы байланыстар сай қарама-
қайшылықтарға жауап ретінде жүзеге асады. Мысалы, дүниеден өзкен адамның
бейнесін тірілермен салыстырудан қайғы пайда болады. Өзі негізінде бұл
кейіп ырықсыз көз жасын төгуге не жалпы қасіретті күй білдіруші әрекет
қылыққа себепші болады.
Неміс ғалымы В.Вундт та осы бағытта колдады, бірақ оның тұжырымдары
эклектикті әр түрлі психологиялық қарама қатынасы көзқарастардың қалай
болса, солай қоса салуға негізделген еді. Оның пікірінше эмоция- бұл
алдымен сезіммен елес жүрісіне тікелей ықпал етумен сипатталған ішкі
өзгерістері, ал кей жағдайларда, ішеі өзгерістердің сезімге әсері, ал
органикалық процестер-эмоцияның салалары ғана.
Эмоция қазіргі заман тарихы У.Джемстің 1884ж. Жариалаған Эмоция
деген неатты мақаласы басталды. У.Джемс және бұған байланыссыз Г.Ланге
пайымдаған теория бойынша: сезімнің туындау себебі- сыртқы ырықты
қозғалыстар, сонымен бірге, ішкі ырықсыз жүрек толғаныстарынан болатынын
адамның кейіп өзгерістерінен. Осы өзгерістерден туындайтын адам әсерлерінен
бері-эмоциялық күйді танытады. Біздің қайғыруымыз-жылағанымыздан,
қорқуымыз-қалтырауымыздан, қуанғанымыз-күлгенімізден (У.Джемс). Сонымен,
эмоцмя салдарынан болған дене шетіндегі (перифериялық) органикалық
өзгерістер, ғалымдар ойынша, сезімдер сезімін ауысады. Осыдан эмоциядан
ырықты реттелуінің қара дүрсін түсініктемесі беріледі: мысалы, ұнамды
эмоцияға тән әрекеттерінің әдейі жасаумен қажет болмаған қасірет сезімін
басуға болады.
Джемс-Ланге тұжырымы бірқанша қарсы кездескен, арастар пайда тетті.
Негізгі сын айтқан У.Кеннон: әртүрлі сезімдерге байланысты жауап әрекеттер
бір-біріне өте ұқсас, сондықтан олар адамның сан-алуан эмрциялық,
қасиеттеріне сай келе бермейді. Мысалы, қазақ келісу, сезімге орай басын
изейді ал болған-шайқайды; африканың бір тайпасы сүйген адамның бетінше
түкіретін көреді, ал қазақ бүйтіп көр... Сонымен бірге, адамның әдепті
істеген жасанды әрекеттері қажетті көңіл-күйді бере алмайды. Кейде, мысалы,
жағдайға орай молдамызшығып, сіресе басып, соңына шыдай алмай, күліп
жүретініміз осыдан.
Психологтың үлкен тобы сезімді жай-күйлік аймағынан, әсер еткен
жағдайға, болған жауап әрекеті деп танығанды жөн көреді. Мұндай түсінік
Ч.Дарвин еңбектеріндеде берілген. Эмоциялық әрекеттерінен көбі өздерінің
пайдалы болуы мен мысалы, жануар қаһары жауын қорқыту үшін керек, олардың
кейбір өткен эволюциялық дамудың бір кезінде қажет болған әрекеттердің
нәсілден нәсілге аусып, келе жатқан қалдығы. Мысалы, алақанның қорқыныштан
дымқылдануы бір уақытта біздің маймыл тектес бабаларымызға қатер-қауіп
төнгенде ағаш бұтақтарын берік ұстауға жәрдемін тигізеді. Кейін бұл
теорияны Э.Клапаред жалғастырды. Ол қандай да бір сезімнің туындауы-
адамның кезіккен жағдайға икемделе алмауынан. Егер адам қашып, құтыла
алатын болса, ешқандай қорқыныш сезіміне түспейді,-деп жазады.
Ендігі бір оқшауланған теориялар тобы сезімін табиғаттан адамның ақыл-
ой (когнитив) мүмкіндіктерімен байланыстырады. Олардың ішінде
Л.Фестингердещ сана үйлесімдігі теориясы өз алдында. Бұл көзқарастың мәні:
адам бір нысан жөнінді біріне-бірі психологиялық қарсы екі пайым ортасында
таңдап ете алмай, күйзеліс эмоцияға түседі, яғни санадағы білімдер
үйлесімсіздігінен жағымсыз сезім пайда болады. Ал іс-әрекеттің нақты
нәтижесі мен көзделген ниет өзара сәйкес келсе, адамда жағымды сезім туады.
Ақыл ой үйлесімдісіздігінен құтылудың екі жолы бар: 1) өз ниетіңді шындыққа
сәйкес өзгерту; 2) ниетке сай болатындай әрекеттің жаңа жолдарын іздестіру.
Сонымен, когнитивтік теория адамның сезімдік кейпін оның әрекет,
қылықтардың негізгі себепші ретінде қарастырады 15,с.111.
Адамның сезімі дара тұлғалық қасиет. Осыған орай әр адам нақты
жағдайда бір зат не құбылысқа өзінше баға беріп, белгілі бір, екінші
адамдағы ұқсамайтын көңіл кейпіне беріледі. Аш адам мен тоқ адамның бір
тағамға болған әр түрлі қатынасы осыдан. Еске түскен заттар не
оқиғалардыңда бағамының бірдей болмауы да осы себептен түсіндіріледі
әдетте, қуанышты жағдайларда араласқан объектілер (адам, зат, оқиға) жылы
сезіммен еске алынады. Әрқашан сезім жеке тұлғаның мәнді сипатын білдіреді.

Сезімдер адамның қоршаған дүниеге қатынасын ғана білдіріп қоймастан,
ол жөніндегі ақпарат көзі де болып табылады. Бұл тұрғыдан нысан бейнесі
эмоцияның танымдық тарапы болады да, ал сол мезеттегі адам кейпі сезімнің
субъектив элементін танытады.
Сезімдер адамның қасиеттерімен тығыз байланысты. Субъект қажеттігі
және сол қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған ерекше қызметіне орай
сезімдер екі ірі топқа бөлінеді. Біріншісі-қажет заттардың объектив
мазмұнына жаңа, айрықша мән қосып, оларды қанағаттандыру әрекетінің сеп-
түркісіне айналдырушы сезімдер. Мұндай толғаныстардың пайда болуы үшін аса
қажетсіну және оған сай заттар қолда болуы керек. Көңіл-күй серпінісі
қажеттілікпен үйлесе келе, іс-әрекеттің басталуын береді, оған
ынталандырады және бағыт-бағдарлы жетекшісіне айналады. Осылайша, мұндай іс-
әрекетпен сәйкестікке түседі. Бұл эмоциялар психологияда жетеші ниеттер
аталған (В.К.Вилюнас).
Екінші эмоциялық құбылыстар тобына- жетекші ниет, яғни басталған ішкі
не сыртқы іс-әрекет ізімен туындайтын сезімдер кіреді. Бұлар сол
әрекеттердің орындалуына тиімді не кедергі болған жағдайларға (үміт, ыза),
жетіскен нәтежелерге (қуаныш, өкініш) немесе қалыптасқан не мүмкін болар
ситуацияларға (қатерлену, сенімді болу) субъектінің қатынасын сипаттайды.
Мұндай сезімдік толғаныстар жетекші ниеттерге негізделген әдейі немесе
ырықты деп аталады. Осыдан, көзделген мақсатқа жетуде алда шыққан кедергі
бір түрлі сезім туындаса, енді сол кедергі жаудан құтылуға пайдалы болумен
екінші бір сезіп пайда етеді, яғни ырықты сезімдер нақты жағдайға, сол
сәттегі өмірлік маңыздылыққа орай мән алады.
Сонымен, сезім екі себеппен пайда болады, біріншісі-адамның объекте
қатынасын айқындайтын қажеттіліктер; екіншісі-адамның осы пысаннан тиісті
қасиеттерін түсініп, оны санада бейнелеу қабілеті. Объектив және субъектив
жағдайларының өзара байланысынан адамның қоршаған дүниеге саналы баға
берумен қатар жеке эмоционал көзқарасының себептері ашылады.
Сезімдердің өзіндік ерекшелігі олардың қарама-қарсылықты сипатынан
көрінеді. Мұндай сипат қарапайым әсерлеуге де (рахаттану-қысылу), сондай-ақ
күрделі толғаныстарға да (ұнату-жек көру, қуаныш-мұң, көңілді-қайғылы т.б.)
тән.
Сезімдерге ғана тән аса маңызды сипат- олардың бірігімді (интегалды)
келу. Барша дене қызметтерінің басын бір сәт біріктірумен сезім өздігінен
организмге пайдалы не зиян әсерден хабаршы қызметін атқарады. Сезімдік
сигнал әсер орын мен дененің жауап әрекеті айқындалмай жатып та санаға жему
мүмкін.
Сезімдердің және бір маңызды ерекшелігі-олардың денедегі тіршілік
әрекеттерімен тікелей байланыста болуы. Сезім ықпалынан адамның ішкі тән
қызметі өзгеріске түседі: қан айналымы, демалыс, ас қорыту, ішкі және
сыртқы секреция бездер шектен тыс ұзақ, уақыт және көңіл-күй толғаныстары
организмді сырқатқа шалдықтырады: қорқыныш-жүрек ауруларына соқтырып, ашу-
бауырды, жабырқау мен мұң-асқазанды бұзады (М.И.Аствацатуров) 3,с.98.
Сезімдер тарихи-әлеуметтік негізге ие. Олар әр түрлі халықтарда,
әртүрлі кезеңдерде мән-мағынасы мен көріну форманы айыстырып отырған. Қоғам
дамуы мен сезімдер де өзгеріп барады. Түрлі дәуірде өмір сүрген адамдардың
ұқсас, түрлі бір текті заттың өзіне жасаған қатынасы бірін бірі
қайталамайды. Сезім ұдайы қозғалыста болып, тұрақты және ауыспалы
элеметтердің тұтастай бірлігінен құралады. Бұл сезім желісінде, бір жағынан-
бір ізді қысқа, мерзімді толғаныстар құрылымын: пайда болу, өрбу, шыңына
жету, сену, екінші жағынан-әртүрлі толғаныстар түйдігінен түзінген ұзақ
мерзімді сезімдер құрылымын айтуға болады. Барша сезімдер жүйесінің өлшемі
бір-біріне қайшы келген екі бағытта береді (В.Вундт): сүйешу-жеркену, қозу-
тыншу, көңілдену мұңаю,т.б.
Егер сүйсіну не жек көру сезімі көп жағдайда заттың өзіндік
ерекшеліктеріне, олардың адам өміріне маңызына немесе нақты бір ситуация
мәнәне орай туындаса, одан болатын қозудың дәрежесі сол сезімнің өзімен
шарттас келеді. Мысалы, қаһар-дүлей кызбалық формасында көрініс берсе,
керсінше, қанағаттану-адамның сабырлы, байсалды күйінеді.
Көп түрлілігімен күрделі болуынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық – психологиялық дамуы
МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫНЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗЕТІН ЖҰМЫСТАРЫ
Кіші мектеп жасыңдағы үлгерімі төмен оқушылардың ойлау ерекшеліктері
Кіші мектеп жасындағы балалардың тұлғалық қалыптасуы
Мектепте оқуға психологиялық дайындық жолдары
Көру қабілеті бұзылған мүгедек балалардың тұлғалық дамуының теориясы
КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Іскер – психологтың коррекциялық жұмыс ерекшелігі
Бастауыш сыныптағы қиын балалар психологиясы
Кіші мектеп жасындағы балалардың үлгермеушілігін түзеу
Пәндер