Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорық: тарихы, биоалуантүрлілігі және ғылыми маңызы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

АҚСУ - ЖАБАҒЫЛЫ

Орта Азия мен Қазақстандағы ең байырғы қорық - Ақсу Жабағылы 1927 жылы ашылған . Еренқабырға тауының батыс баурайын ала ұзыннан - ұзақ созылып жатыр . Жер бедерінің биіктік белдеулері әр тұсында әрқилы . Өзіндік ажар - айшығымен көз тартады . Шөл - шөлейт, далалық, шалғынды белдердің соңы биік аршалы беткейлерге ұласады . Арынды өзендері ақ көбік атып, күркіреген сарқымаларға құлайды .

Ақсу - Жабағылы - жер бетінен жоғалып барва жатқан немесе өте сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі топтастырылған қорық . Мұнда арқар мен тауешкі, бұғы мен елік, сілеусін мен қар қабыланы, қасқыр мен түлкі, аю мен жайра, сусар мен ақ тышқан т . б . тағы аңдар бар . Құс баласы да жыртылып айырылады .

Алып таулы өлке Еренқабырға екі жарым мың шақырымға созылып, өн бойын Солтүстік, Орталық, Ішкі және Батыс бөліктерге бөледі . 1920 жылы шілдеде Ташкент университетінің профессоры, гидробиолог А . Л . Бродский осы өңірге іссапармен шығады . Жабағылы мен Ақсу өзендері арналары басын алатын Батыс Еренқабырға бөктерін еркін аралайды . Адам аяғы баспаған өсімдіктер мен жануарларәлемі ғалымды таң қалдырады . А . Л. Бродский Түркістандағы мұражай мен көне ескерткіштерді және табиғат пен өнерді қорғау комитетіне арнайы хат жазады . Хатта Батыс Еренқабырға аймағын қорыққа айналдывру жөнінде ұсынысын білдіреді . Артынша әр сала бойынша құрылған комитет ғалымдары бірнеше жыл бойы тиянақты зерттеу, бағдарлау ісін бастайды . Нәтижесінде қорық ашу ұсынысын бірауыздан қолдайды . Сөйтіп, 1926 жылдың шілдесінде Қазақ АССР Халық Комиссарлар кеңесі осы мақсатта қаулы қабылдап, Мәскеуге жолдайды . Келер жылы шілдеде қаулы бекиді .

Қорық директоры болып Орыс географиялық қоғамының мүшесі, білікті маман, табиғат жанашыры Борис Петрович Тризна сайланады .

Қорық көлемі әр жылдарда ұлғайтылып отырған . Бүгінгі таңда 75043 гектар аймақты алып жатыр . Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төле би аудандары жерінде орналасқан . Негізгі өзендері - Жабағылы, Үлкен Ақсу, Кіші Ақсу, Ақсу, Балдарбек, Бала Балдарбек . Бұғылтөр мұзарт шыңы алыстан « мен мұндалайды » . Бұғылтөр, Құлөлді, Айнакөл, Қызөлген, Көкүйірім, Жасыл атты шағын көлдері бар .

Теңіз бетінен үш мың метрлік биіктіктегі адам аяғы жетпес Қасқабұлақ қазаншұңқырына тарихи « сурет галереясы » сақталған . Күңгірт түсті жылтыр тастардың бетіне қашап салынған жабайы аңдар мен үй жануарларының, көне замандағы аңшылық құрған адамдардың бейнелері ап - айқын көрінеді . « Сурет галереясы » әлі күнге толық зерттелмеген . Тарихи таңбалар сыры ашылу сағатын, сәтін күтеді .

Ақсу - Жабағылы қорық қана емес, ғылыми зерттеу мекемесі де . Алғашқы ғылыми қызметкері - ботаник А . П. Масальский . Ол өзі жұмыс істеген бес жылдың ішінде қорықта өсетін өсімдік түрін бірнеше сатыға жіктелген кестеге түсірді . Сол жылдары - ақ Сиверс жабайы алма ағашы қорықтың алтын қорына енгізілді. Сарғыш түстен қызғылт - сарыға, алқызыл түстен қанық қызыл бояуға ауысатын дәмі тәтті, қышқылтым алмалары жылдың шілде - тамыз - қазан айларында пісіп жетіледі . 4 градусқа дейінгі суыққа төзімді . Әрі ұзақ сақталады, бұзылмайды . Зиянкес насекомдарға бой алдырмайды .

Ақсу - Жабағылыны « Қызғалдақтар патшалығы » деп те атайды . Мұнда өсетін қызғалдақтың алты тұқымдасының төртеуі - көптеген жаңа мәдени сорттардың түп атасы . Қорық қызғалдақтары Қазақстан, Ресей, Өзбекстан Қызыл кітаптарына енгізілген . Таулы өңірін сәуір айынан тамызға шейін құлпыртып, алқызыл кілемге айналдыратын қызғалдақтың ең әйгілісі - Грейга қызғалдағы . «Қызғалдақтар королі » . Бір шаршы метр жерде жиырма шақтысы бірден өсетін өте өсімтал гүл . Грейга 1877 жылы Голландияда бірінші сатылы сортты қызғалдақ дипломына ие болған . Бүгінде бұл тұқымдастан 200 - ге тарта жаңа мәдени сорты алынды . Грейга қызғалдағы әлемдік гүлдестелердің бес пайызын құрайды .

Балдарбек және Бала Балдарбек өзендері бастаулары маңында өсетін қызғалдақтардың түсі өзгеше . Ашық сары түсті, қанық сары түсті болып келеді .

Ақсу - Жабағылыда құстың 238 түрі кездеседі . Қазақстан қызыл кітабына енгізілген ұлар, кекілік те қорықта бар . Омыртқасыздар тобына жататын 30 - дан астам түр, жиырма отрядқа жіктелген 1200 түрлі ұсақ насекомдар анықталып, тіркелді . Түсі, сұлбасы бір - біріне ұқсамайтын қандаланың 100 түрі, қоңыздың 700 түрі кестеге тіркелген .

Қорықта жыртқыш аңдардың ішіндегі үлкені Еренқабырға қоңыр аюы, мекендейді . Шамамен 80 шақты . Аю қыс мезгілінде үңгірде жатып балалайды . Көбіне екі қонжық, аракідік біреу туады . Үшеу сирек. Келесі ұшырасатын жыртқыш аң - қар барысы . Жаз айларында 2 - 5 күшігін ертіп, биік тау беткейлерінде мекендейді . Ал қыста азық үшін етекке түседі . Тұяқтылар отряды жануарлары негізгі азығы . Мамандардың айтуынша, қар барысының әзірге 10 жұбы бар . Тас сусары мен Түркістан мәліні де ерекше қамқорлықты, қатарын көбейтуді қажет ететін сирек аңдар .

Тұяқтылар отрядынан Сібір тау ешкісі бар . Шамамен жалпы саны 1200 - 1500 . Онан бөлек марал, елік, арқар, жабайы қабан, т . б . ұсақ аңдар мекендейді .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы: тарихы, экологиясы және биоалуантүрлілігі
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы: тарихы, географиясы және биоалуантүрлілігі
Қорғалжын, Ақсу-Жабағылы және Барсакелмес мемлекеттік қорықтарының табиғи ерекшеліктері мен биоалуантүрлілігі
Ақсу - Жабағылы мемлекеттік қорығы: құрылу тарихы, биоалуантүрлігі және қорғаудың ғылыми маңызы
Ақсу-Жабағылы: Қазақстанның тұңғыш ЮНЕСКО биосферасы және табиғи ғылыми лаборатория
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы: географиясы, флорасы және омыртқалы жануарлар фаунасы
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы және жаһандық экологиялық мәселелер
Қазақстан қорықтары мен Қызыл кітап: Ақсу-Жабағылы қорығының тарихи-ғылыми маңызы
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығының физикалық-географиялық жағдайы
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының өсімдіктер дүниесі және Қызыл кітаптағы қорғаулы түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz