Бронх демікпесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Бронх демікпесі

Бронх демікпесі – бронхтың созылмалы аллергиялық қабынуы. Ол
бронхтардың гиперреактивтіктілігі және жайылмалы бронх обструкиясының
әсерінен пайда болатын, кезеңді қайталанатын тыныстың тарылуы және тұншығу
стамаларымен сипатталады. Бронх демікпесі бронхконстрикциясына, шырыш
гиперсекрециясына және бронхтің ісінуіне байланысты дамиды. Бронх
обструкциясы емнен кейін немесе кенеттен өзі қайтуы мүмкін.

Жіктелуі: экзогенді, эндогенді, аспиринді, жеке стероид тәуелді болып
бөлінеді.
Бронх демікпесі ауырлык дәрежесіне қарай да жіктеледі. Оның жеңіл,
орташа ауырлықтағы және ауыр түрлері бар.
Жеңіл демікпе - белгілері: сирек қысқа түрде өтетін тұншығу ұстамалары
(айына 1 реттен аз). Олар кенеттен немесе бір рет қабылданған
бронхолитиктердің әсерінен қайтады және физикалық күштемені жақсы көтереді.
Ремиссия кезінде жалпы жағдайы өзгермейді, сыртқы тыныс көрсеткіштері
қалыпты күймен тең.
Орта ауырлыңтағы ұстамада түншығулар айына 3-4 рет қайталанып, тыныс
қызметі мен қан айналымының бұзылыстары байқалады: тахипноэ, тахикардия,
жүрек тондарының тұйықталуы.
Ауыр түрінде - тұншығу ұстамалар жиі (күнде не апта сайын) болады.
Олар өкпенің кернелуімен, ентігумен, тахикардиямен сипатталады. Қарап-
тексергенде – тері кабаттары бозғыл – сұр түсті. Еріндерінің, ауыз
айналасының, құлақтарының және саусақтарының көгеруі байқалады. Қақырық
шығаруы қиындаған жөтел, дем шығаруы шулы және ұзаққа созылады. Дем
шығарғанда кеуде клеткасы тартылып, бұлшық еттер қатысады.
Клиникасы. Бронх демікпесінде тұншығу ұстамасы пайда болады,
экспираторлы ентікпе, науқас ортопноэ қалпында отырады. Дем алу актісіне
бұлшық еттер қатысады, мұрын калқаларының кернелуі байқалады. Тері
қабаттары, мұрын ауыз үшбұрышы көгереді. Аускультация жүргізгенде өкпеде
көптеген құрғақ, кейде орташа көпіршікті ылғалды сырылдар дем шығару
кезінде естіледі.
Жалпы жағдайына және тыныс алуының қиындауына қарай бронх демікпе
ұстамасы үш ауырлық дәрежесіне бөлінеді (кесте).

Бронх демікпесі пневмонияның аскынуы, созылмалы бронхит, тұмау,
көкжөтел, қызылша, және т.б. аурулардан кейін даьиды.

Аурудың аз кездесетін басқа түрінің дамуы,атопиялық турі
ағзаға сыртқы ортадан түсетін өсімдік немесе жануар тектес аллерген
әсеріне байланысты.

Бронх демікпесі кезіндегі аллергиялық реакция бронхиола қабырғасында
дамиды; ол кезде безді аппараттың гиперсекрециясы дамиды,тегіс бұлшық
еттің спазмы және шырышты қабатың ісінуі,ол жедел тыныс жетіспеушілігіне
алып келеді,экспираторлы ентігу түрінде жүреді.

Бронхдемікпелік синдром жиі тыныс алу жолдарының ауруларынан кейін
асұынады және біртіндеп үдемелі түрде ауа жетіспеуі сезімімен, дем
шығарудың ұзаруымен тыныс жишеуі, құрғақ жөтел, ерте бөлінген қақырықты
түсіре алмауымен сипатталады және бронходилятаторларға оңай жойылады.
Үзаққа созылған ағзаның реактивтілігінің өзгеру фонында пайда болған
тұншығу әр-түрлі факторлар әсерінен пайда болады, тіпті мүлде аллергия
тудыратын эффекттер болмаса да (инголяция және басқа метеофакторлар,
эмоция т.б.)
Бронх демікпесініц ец біріиші белгісі- жөтел (құрғақ, қиын). Тұншығу
аяқ асты басталады (науқас нақты уақытын айтады), кейде алдын-ала (тамағы
жыбырлайды, тұмауратып, терісі қышиды) белгілер беріп, ол тез дамып кетеді.
Науқас отырысы, ортопноэ -отырып немесе тұрғанда қолын таянады. Ентігу
экспираторлы сипатқа ие болады: дем алу (2-4 рет) есе дем шығарудан аз. Дем
алу актісінде (шығарғанда) мускулатура (иық, мойын, іш) көмекке келеді.
Аускультация кезінде қатаң тыныс және құрғақ сырыл (кейде ол алыстан
естіледі). Тұншығудың ауырлығы мен ұзақтығына (минут, сағат) қарай, бронх
демікпесінің орташа ауырлығы және ауырлығы байқалады. Бронх демікпесінің
асқынбаған түрінде жедел жәрдем бригадасының көмегі қажет емес. Жеңіл және
орташа ауыр жағдайда науқас өз жағдайын біледі де, қажетті дәрілері қолында
болады.
Демікпе статусы - ұзақ және тұрақты жағдайдағы бронх өткізгіштігінің
бұзылуына байланысты тұншығу, ол ұзақ уақытқа (тәуліктен артық) созылады
және симпатомиметиктер (В2-адреномиметиктер) көмектеспейді.
Адреномиметиктердің тегіс бұлшықеттерге әсер етпеуін басқа жаңа технология
— небулайзерлі терапия аркылы жоюға болады. Бронх демікпесімен ауыратын
науқастардың 5-12% демікпе статусы дамиды. Өлім-жітім әр түрлі авторлардың
айтуы бойынша 0,2 -16 % дейін. Демікпелік статустың дамуы: созылмалы
инфекциялы процестің өршуі, өкпенің созылмалы обструктивті аурулары
(бронхит, эмфизема), сол сияқты кез-келген глюкокортикоидты гормонды,
ұйықтататын дәрілерді және басқа дәрілерді дұрыс кабылдамағаннан, дұрыс
жасалмаған десенсибилизациялық: симпатомиметикалық заттарды жүйесіз
және бақылаусыз колдану. Демікпе статусы кезінде тыныс жолында обструкция
дамуына маңызды орынды-бронхиолалардың шырышты Затының аллергиялық немесе
қабынулық ісігі, қақырықтың қоюлануы және оның бөлінуінің бұзылысы, сол
арқылы бронхтың бітелуі, бронхтың тегіс бұлшыкеттерінің спазмы алады. Осы
жердеде Б2-адренорецепторлары бронх кеңітетін препараттар ролін атқарады.
Демікпе статусында гипоксия және гиперкапния, газды және метаболикалық
ацидоз, клеткаішілік гипокалиемия, клеткасыартылық гиперкалиемия,
гипогидратация, гематокрит саны жедел өседі және тіндік перфузия бұзылады.
Оған оң карынша жетіспеушілігімен бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі
қосылады. Соңында созылыңқы, жойылмаған демікпе статусы кезінде көпағзалық
жетіспеушілік дамиды.
Демікпелік статус ауырлық дәрежесіне қарай 3 сатыға бөлінеді. 1 сатысы
- симпатомиметиктер резистенттілігінің кұрылу сатысы. Ол сатыны басқаша
желденудің бұзылысы жоқ немесе компенсация сатысы деп атайды. Науқастың бұл
кезде ақыл-: дұрыс, тәртібі адекватты. Жағдайы - аздаған экспираторлы
ентікпе, акроцианоз, тершеңдік, тахикардия, аздап қан қысымы көтеріледі.
Аускультативті қиын созылмалы дем шығарумен бірге катаң тыныс және
жайылмалы құрғақ сырыл білінеді. Бронх обструкциясының біртіндеп үдеуі
салдарынан қақырық бөлінуі азаяды.
Артериялық қандағы оттегі қысымы 60-70 мм.с.б., көмірқышқыл газы 40-45
мм с.б. аспайды. Демікпе статусының 1 - сатысында адам өміріне аса қауіп
төнбейді, бірақ симпатомиметикалық препараттарды көп пайдаланғанса өлімге
ұшырауы мүмкін. 2-сатысы-декомпенсация немесе желдену бұзылыстарының
ершитін сатысы, сонымен қатар бұл мылқау өкпе сатысы деп те аталады.
Санасы дұрыс, бірақ гипоксиямен гиперкапния эсерінен,аурулар ашушаң, қозғыш
немесе керісінше апатия жағдайынд болады. Амнезия болуы мүмкін. Терісі мен
шырышты қабаттарі көгереді. Көктамырдың ісінуі және беттің ісігі байкалады
Тахикардия анық байкалады. Қан қысымы қалыпты немес гипотензияға жақын.
Тынысы шулы қосымша бұлшықеттерді көмегімен, кенеттен ентігу болады.
Өкпенің төменгі бөліг шекарасытүсіңкі, кеуде клеткасыныңқимылы шектелген.
Тыңдағаі кезде сырыл азайып, демалыс шуы әлсіреген. Кейбір бөліктерінді
тынысалу мүлдем естілмейді. Сондықтан бұл бөліктер өкпеніі мылқау бөлігі
деп аталады. Артериальды қанында оттег қысымы 50-60 мм с.б. төмендейді, ал
көмірқышқыл газы 50-7( мм с.б. өседі. Демікпе статусының 2 -сатысы науқас
өміріне қауп төндіреді, сондықтан оған тездетіп үстемелі ем жасау қажет. 3
сатысы - бұл гиперкапниялық және гипоксемиялық кома сатысы Мұндай жағдайда
науқастың психикалық жағдайына мыналар. жатады: дезориентация, сандырақтау,
тежелу, ақыр соңында мүлде-есін жоғалту сатысы. Тыныс алу - беткейлі, өте
әлсіз. Кома 2 түрде дамиды: 1 түрі - үдемелі команың баяу дамуы (кәп
сағаттар ішінде). бронх обструкциясына байланысты (жиі кездеседі), 2 түрі -
команың тез дамуы -терең диффузды бронхспазмына байланысты (сирек
кездеседі). Демікпе статусының барлық түрі жедел түрде ауруханаға
жатқызылып, оларға қаркынды ем көрсетілген дұрыс. Демікпе статусының 1-
сатысындағы науқастар терапия бөлімшесіне тек, компенсация кезінде ғана
жатқызылуы мүмкін. Тасымалдау - басын жоғары көтеріп зеңбілмен.
Бронх демікпесінің ауыр ұстамасы бар және демікпе статусы бар науқасты
емдеу өзіне тән бронх спазмын басуға бағытталған комплексті болуы керек.
Бронхтың шырышты қабатының ісінуін басуды,трахеобронхиалды ағаштың
санациясын,оттегімен емдеуді, керек кезде ӨЖЖ, метаболизмдік бұзылуын
коррекциялайтын шаралар қолдану керек. Бұл шаралардың көбі ауруханаға
дейінгі кезеңде қолданылады.
Бронх спазмын кетіретін шаралар: оларға В адренорецептор стимуляторлары
(В2 агонистер) жатады.
В адренорецепторлар стимуляторлары бронх демікпесі ұстамасы немесе
бронхоспастикалық синдромда қолданады. Демікпе статусы кезінде қолдануға
қарсы көрсетілген. Бұл препарат тобының қосалқы заттары ағзада жиналады,
бронхтардың тегіс бұлшықетін қоздыру орнына тежеуі мүмкін, ол бронхоспазмды
күшейтеді. Одан басқа, адреномиметиктердің үлкен дозасын қолдану қолайлы
емес, өйткені ол резорбтивті әсер етеді - жайылмалы қантамыр спазмын,
тахикардия, аритмия және т.б. шақырады. В адреномиметиктерді
(симпатомиметиктерді), қайталап тағайындау жағдайдың кенеттен нашарлауына
және науқастың өліміне әкеледі. В адренорецепторлар стимуляторын аэрозоль
ингаляциясы түрінде 1 рет қолданған жөн.
Осы топ дәрілерінің қысқаша сипаттамасы: Адреналин - а, (32-
адренорецепторларды қоздырады. Тері астына 0,3 -0,5 мл 0,1% ерітіндіні
енгізгенде 2-3 минутта бронх спазмы азаяды, себебі р- адренорецепторы
қозады. Эффект 30 минутқа созылады. Жанама әсері болуынан қорқып қазір
адреналинді аз қолданады. Үлкен қанайналым шеңберіндегі тамырлардың а-
адренорецепторлы қозуы нәтижесінде гипертензия дамуы мүмкін, ал миокардтың
(3 - адренорецепторлы қозуынан -тахикардия, қосымша гипоксия фонында
аритмияның және жүрек жетіспеушілігіне әкеледі. Изопреналин
-(изоприлнорадреналин, изопротеренол, изупрел, новодрин, изадрин)
адреналинге карағанда,а-"гонорецепторды қоздырмайды, яғни
артерия қысымын жоғарылатпайды. Жүрекке әсері адреналиндікіндей.
Демікпе статусын басу үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БРОНХ ДЕМІКПЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Аллергиялық емес демікпе
Өткір вирусты таралымды инфекциялар балалардың бронхты демікпеге шалдығуына әкеп соқтыратын маңызды фактор
Бронх демікпесі, ауыр дәрежесі, өршу фазасы, басқарылмайтын саты
Бронх демікпесі. Муковисцидоз
Тыныс алу жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
Созылмалы обструктивті өкпе ауруының эпидемиологиясы
Аллергологиядағы молекулалық зерттеу әдісі
Тынысалу жүйесін зерттеу әдістері кеуде қуысын қарау және пальпациялау. Ересек адамдардың және түрлі жастағы балалардың салыстырмалы және топографиялық перкуссиясы
Қабынуға қарсы препараттар
Пәндер