Жеткіншектердің өз-өзіне сенімсіздігінің психологиялык ерекшеліктері


ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
Теориялық және қолданбалы психология кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Жеткіншектердің өз-өзіне сенімсіздігінің психологиялык
ерекшеліктері
Орындаған :
Ғылыми жетекшісі:
психол. магистрі Таумышева Р. Е.
МАЗМҰНЫ
1. 1
1. 2
Жеткіншек шақтың психологиялық ерекшеліктері
Жеке тұлға қасиеті мен процесі туралы түсінік
9
14
2. 2
2. 3
Зерттеу жұмысының жүргізілу реттілігі мен алынған мәліметтерді өңдеу.
Алынған мәліметтерді талдау
КІРІСПЕ
Өзектілігі. Адам тарихына көңіл аударатын болсақ, өсіп келе жаткан жастар әр уақыт кезеңінде де өзекті мәселелердің бірі болып есептелген. Жеткіншек жас тұлғаның құрылу кезеңі көрсететін балалық шақтың ең үлкен қиын әрі күрделі кезеңі. Сонымен бірге бұл өнегелілік негізі, әлеуметтік құрылымының құрылуы, өзіне деген, қоғам мен адамдарға деген қатынасы орнайтындықтан ең жауапты кезең.
Жеткіншек шақ - бұл дамудың қарама-қайшы тенденциялары айқын байқалатын балалықтан ересектікке өтудің кезеңі. Жеткіншектердің мәселелерін шешіп, оларға психологиялық көмек көрсету үшін, қазіргі замандағы жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктерін білу қажет. Себебі, жеткіншектердің өмірі дағдарыс кезеңіне дейінгі жеткіншектердің өмірінен басқа. Дағдарыстың әртүрлі кезеңдерінің жағдайларына адамның психикалық өмірінде әр түрлі көрінулер болады.
Қазіргі кездегі болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің қарқынды шарттарында, адам сапасын қамтитын қажеттіліктерді өмір сүруі мен дамуына талап етеді: мінезінің қаттылығы, өзбетінділік, тапқырлық, өзіне деген сенімділік және т. б. Олар шиеленушіліктің жалпы деңгейін, қоғамдағы мазасыздануды, әр адамның психикалық іс-әрекетін бағалау.
Осындай проблемалардың бірі-өзіне сенімсіздік болып келеді, олар әртүрлі проблемаларды көрсетеді: басқа адамдармен қарым-қатынаста қиындықтар болуы; дипрессия, мазасыздану сияқты эмоционалды жағдайлар; профессионалдық және жеке тұлғалық обйындағы қиыншылықтар, алдына қойғандағы мақсаттарында т. б.
Бірінші уақыттағы проблемалардың ішінен осы мәселе өзекті және қызық болып келеді. Оның өзектілігі -өзіне деген сенімділіктің адамдағы өзгерісі, олардың қоғамда орын алуына байланысты болып келеді. Берілген жеке тұлғалық құрылым туралы мағлұматтар: Эндрю Солтер, Джозев Фольв, Р. Б. Кеттел, Ф. Келли, Зимбардо, А. М. Прихожан т. б. психологтардың жұмыстарында берілген. Өзіне сенімділіктің жоғарылауындағы өңделген программалар көбіне: тренингтік жаттығулар мен индивидуалды ұсыныстар жүргізілген.
Конфликттерді жою процесінде жеткіншектерде өзіне деген сенімділігі дамиды. Осыған байланысты ол өз күшіне сеніп алға қойған мақсатына жете алады. Егер баланың дамуы қалыпты жүрсе, ол өзіне, өз қабілеттеріне сене бастайды. Ол өз алдында тұрған міндеттерді орындап, болашақтан табыстарды күтеді. Жеткіншек өз әлеуметтік рольдерін кеңейте келе лидерлікке өтеді немесе оған еліктей бастайды. Оны толығымен түсініп меңгеру үшін өзіндік құндылық бағдары болуы керек. Жеткіншектің мінез қылық аспектісі таңдаған идеологиясына байланысты. Э. Эриксон бұл процесті «сенімді іздеу символы»деп атайды. Оның айтуы бойынша адам бір нәрсеге сену керек немесе қандай да бір принциптерге еру керек екен. Егер жеткіншек бұл бұл конфликттерді жеңе алса, оның бірдейлігі дамиды. Тәрбиелеу әдістерінің вербальды түрінің бірі сендіру. Тәрбиелеу негізінен стихиялы және арнайы жүргізіледі. Ал жанұялық тәрбиені қарастырсақ балаға стихиялы әсер ететін жағдайлар жанұя өмірі мен қоршаған орта болып табылады. Бұл жағдайларға негізінен материалдың моральдық және психологиялық атмосфера жатады. Ал тәрбиелеудің арнайы жүйесі бойынша әрекетті тек ата-аналары арқылы іске асады. Дұрыс ұйымдастырылған тәрбие біліммен ғылыми негізделген әдістерді дұрыс пайдалану арқылы жүргізсе, сонымен қатар сендіре білсе және сараптап отыру қажет.
Өзін- өзі анықтауға қатынас кіші жеткіншектік жаста қалыптасады, Мен концепциясының қалыптасуы жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңде. Жеткіншек шақтың психологиялық ерекшеліктері, соның ішінде олардың өзіне деген сенімділігі, сенімі, өзіндік санасы, ересектермен қарым қатынасын зерттей келе, баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуында маңызды рольді алады.
Мақсаты: Жеткіншек шақтағы сенімсіздіктің психологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу жұмыстың міндеттері:
- Жеткіншек шақтағы сенімсіздіктің ролін анықтау;
- Сенімсіздіктің жеткіншектердің жек тұлға ретінде дамуындағы мәнін ашу. ;
- Тақырып бойынша ғалымдардың көзқарастарына салыстырмалы талдау жасау.
- Берілген тақырып бойынша эксперименталды- психологиялық зерттеу жұмысын жүргізу.
- Алынған нәтижелерді сандық және сапалық талдау.
Ғылыми болжамы : Өзіне сенімсіз жеткіншектердің өмірлік іс әрекеті сферасында локус бақылау басым болады.
Зерттеу пәні: Жеткіншек шақтағы сенімділіктің психологиялық мәселелері
Зерттеу объектісі : Жеткіншек шақтағы балалар.
Зерттеу әдістері: «Сіз өзіңізге қаншалықты сенімдісіз?» тесті, Рейзастың «өзіне деген сенімділік» атты сауалнамасы, 16 факторлы Кеттел тесті, Өзін -өзі бағалау тесті, Субъективті бағалаудың деңгейін зерттеу әдісі.
Методологиялық негізі: Л. С. Выготский, А. А. Бодалев, В. Н. Месящев, Р. М. Гринзбург, Божович Л. И., Фельдштейн Д. И, Л. С. Рубинштейн еңбектері мен тақырыпқа байланысты көзқарастары.
Зерттеу жұмыстың құрылымы : Кіріспеден, екі тарау, әдебиеттер тізімі, қосымшалар.
1. ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ СЕНІМДІЛІГІ МӘСЕЛЕСІНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ ШОЛУ
1. 1. Жеткіншек шақтың психологиялық ерекшеліктері
Жеткіншек шақ - адам дамуының күрделі кезеңі болып табылады. Бұл кезең аз уақытқа созылғанмен, негізінен индивидумның алдағы өмірін анықтайды. Бұл кезеңдегі болатын жағдайлар, яғни балалардың ересектер қамқорлығынан өз бетімділікке ұмтылуы, әдеттегі мектеп іс әрекетінің әлеуметтік іс - әрекетінің басқа түрлеріне және организмнің гармоналды ауысуы байқалады. Жеткіншектің өмірінде болатын осындай өзгерістер оны қоршаған ортаның жағымсыз әсерлеріне сезімтал етеді.
Жеткіншек жас физиологиялық және психологиялық өзгерістермен сипатталатындығымен ерекше. Осы өзгерістердің заңдылықтарын біле отырып жеткіншектің өмірдегі маңызды, бірақ күрделі кезеңді жеңілдетуге болады.
Физиология мен психология жөнінде айта отырып, баланың жеткіншек жасқа өту алдындағы өзгерісіне көз жүгірту керек.
11 жасында бала зейінді ұзақ шоғырландыруға (10-20 минут ) белсенді әрі қабілетті болып келеді. Осы сатыда бала әуесқой болады, ол оңай еске сақтайды. Әрі құтқару мәнін түсінуге қабілетті болады. Басқаша айтқанда, бала өзгеруге дайын болады, ал адам ересек тұлға, қоғамның жеке мүшесіне айналатындықтан ол өзгеріс қажет болып келеді.
Келесі кезеңді ( 12-18 жас) абстрактіні түсінік уақыты деп атауға болады. Осы уақытта қиял ерекше анықтық пен белсенділікке ие болады. Жеткіншек абстрактіkі ойлап, өзі шешім қабылдауға ұмтылады.
Жиі бұл жас мәселесі жаңа психикалық процестер шегін көрсететін жеткіншектен сыртқы ортамен өзара әрекет формасы өзгеретіндігінде. Егер 10 жасында бала сенгіш, ата-анасымен тең және өзінің сыртқы келбетіне көп көңіл бөлмейтін болса, 11 жаста оның қылығы өзгеріп, жиі көңіл күйінің өзгеруімен импульсивті болып кетеді. Балалар бұл жаста өз құрдастарымен жиі келіспей қалады, және де ол үлкендер тарапынан белсенділік пен инициативаның төмендеуін ауыр қабылдайды. 12 жасында импульсивтілік жойылып, қоршаған әлемге қатынас жағымды жаққа өзгере бастайды. Жеткіншектің жанұядағы автономиясы өсіп, оған құрдастарының әсері күшейе түседі, 13 жасында өзінің ішкі әлеміне қарайды. Сана мен өзіндік сананың қарқынды дамуы өзіне деген қызығушылықпен шартталады.
Бала психологияға қызығушылық танытып, ата-анасына қатынасы өзгереді, достықта таңдағыш бола бастайды. Енді оған сұрақтарды ата-анасымен емес, өз құрдастарымен талқылаған оңай көрінеді. (статистика бойынша 61% жеткіншек өздерін осылай ұстайды) . Бұл жеткіншек өз құрдасынан осы периодтың физиологиялық, эмоционалды, рухани жағымен байланысты қиындықтары ұқсас қиындықтарды бастан кешіруші “маңыздығы бойынша” досты көреді. Кейін жас адамды көреді. 14 жаста көңіл қоршаған ортаға ауысады - интроверсия экстроверсиямен ауысады. Бұл, үлкен деңгейде, жыныстық тәрбиенің аяқталуымен байланысты. Жеткіншек энергияға толы қарым-қатынасшыл, өзіне сенімді болады. Онда өзге адамдарға деген қызығушылық дамиды, өзін басқалармен салыстыруға бейім болады. Бұл жас кезеңінде ой операциялары дамиды - біртіндеп ол абстрактінің реформатордан қоғамның белсенді мүшесіне айнала бастайды. 15 жасында - өзінділік максимализм. Көбіне осы периодта өмірлік жоспарлар құрылады, әсершіл болып, теріс әсерлерді қабылдағыш болады. Жеткіншек үшін кермеушілік пен қауіпке толы ситуациялар маңызды болып келеді. Бұл жаста жетекші қылық мотиві құрдастары ұжымында бекіну тілегі болып табылады.
Жоғары емес статусты жеткіншек топтық атмосфера әсеріне бейім болады, сол себепті жағымсыз әсерлер бәсеңдеуі үшін оның статусын ұстап тұру маңызды. 16 жастан 25 жасқа дейінгі кезеңде жеке индивидуальдылық, қайталанбастық және өзгеге ұқсамауды сезіну, ұғу уақыты.
Не себебті жеткіншектермен жұмыста ересектер қиындыққа ұшырайды? Себебі ондағы ішкі және сыртқы өзгерістер жоғары кернеулілік пен тітіркендіргіштікті туғызады. Жеткіншек қоршаған адамдарды жеңіл идеал етеді, бірақ оның олардан көңілі қалса қатты әрі қайғылы етеді. (қара-ақ логика) . Өзгеше киіну жеткіншек үшін ерекше мәнді және бұған белгілі бір топқа ену сезімі де кіреді. Көбіне жеткіншектер ұқсас келеді, бірақ олардың әрбірінде тек өздеріне ғана тән қабілеттер, қызығушылықтар жекелік сапалар, қатынас тәжірибелері болады. Егер біз индивидуалды айырмашылықтар мен тәсілдің бар екендігін мойындауды түсінбесек, олармен жұмыста қиындықтар туады. Жеткіншек үшін қалыпты атмосфера құру олардың өзіне қамқорлықты және қауіпсіздікті сезінуге қажет қатынасты талап етеді. Онда қиын жеткіншектер де эмоционалды, ақыл-ой және рухани деңгейде ақпарат қабылдағыш және оған дайын болады.
Осыған дейін айтылғандай жеткіншек жаста физикалық, рухани, эмоционалды өзгерістер алады. Жеткіншекке балаға сияқты ескі талаптар қойылуы мүмкін, ол бірақ оған жаңаша қарайтын болады.
Қиын жеткіншектер оларды шынайы сыйлауға қарамастан жиі тексеретін болады. Бұл тексеріс ауыр сөздер, сөз тасу, дөрекі сөздер, тағы басқа арқылы көрінуі мүмкін. Осындай жеткіншектер өздерін өз сенімдерін ақтамаған не сыйламаған үлкендермен дөрекі қатынас жасайды. Жеткіншек оның көңілі мен сыйластығына тұратындай адамды іздейді. Бірақ өткен көңіл қалуда пайда болған комплекстер оны жиі сақ әрі қарқынды етеді. Сенімділік қатынасын дамытатын кез келген мүмкіндікті пайдалану керек. Барлық жағдайда шынайылықты сақтаған жөн. Егер үлкен адам жеткіншекті басқарып, жеке қызығушылықтарын қанағаттандырмақ болса, ол тез байқалып қалады.
Жеткіншектермен қатынасқа түсе отырып оларға расында не болғанын, осы ситуацианы қалай қабылдайтынын түсінуге тырысу керек. Жеткіншектің жағымды жақтарына мән беріп жағымсыз және мәнсіз қылықтарына зейін қою керек. Қиындықтар зейін бөлмеумен жиі байланысты болады.
Жоғарыда айтылғандай, бала белгілі бір жаста ата-анаға қатынасын өзгертіп, өз құрдастарымен жиі қатынасқа бағытталады. Осы периодта ұжымдық ойлау индивидуальдылық жоғары тұрады. Индивидуальдылық пен топтағы жеткіншек - бұл тіптен басқа тұлғалар екенін ескеру керек. Жеке қарым-қатынаста жеткіншек үлкен адаммен жақтас болуы мүмкін, бірақ топта өзінің өткен позициясын ұмытып, жалпы 4 көңіл-күйге бағыт кетуі мүмкін.
Басқа жағынан әр жеткіншек жалпы бұқарадан ерекшеленуге, бекінуге мүмкіндік іздейді. Бұл тұрғыда өзінің санасын пайдаланады. Бұл неден көрінуі мүмкін? Ата-ана, үлкендер жеткіншекке өз жеке өмірге қатысына ие болуға көмектесуі керек, күдікті тұлғалар әсеріне түсіп қалмауға қадағалау керек.
Білім беру және тәрбиелеу жоспарында жеткіншек жанұясы мектеп, мемлекеттен қарағанда маңызды рөлді ойнайды. Жанұяда тарихты жазатын бұл қол екенін айтып, онда не болатынын, қоғамға не әсер етенін айтады.
Жанұя жеткіншекке рухани комфорт атмосферасын құрып, өзін қорғанды сезінуге, сенімді сезінуге көмектеседі, үлкендерге, құрдастарына, кішілерге дұрыс қатынасуды, стандартты емес ситуацияларға дұрыс әсер білдіруге үйретеді.
Жеткіншектердің интеллектуалды сферасының дамуы оның психикалық дамуындағы негізгі қайнар көзі және жеткіншектің жеке адам болып қалыптасуының басты алғы шарты болып табылады.
П. П. Блонский былай деп жазды: «Ойлау - интенсивті немесе қарқынды дамуы мектептік кезеңнің ерекшелігі болып саналатын функция». Зерттеулер көрсетіп отырғандай, 6-7 жасар бала мен 17-18 жастағы жасөспірімнің түйсіктеріндегі, қабілеттерінің арасындағы айырмашылықтар ойлау процесінің арасындағы айырмашылықтары анағұрлым көбірек.
Бұл тезисті Ж. Пиаженің интеллектінің даму теориясын талдау нәтижесінде байқауға болады. Ж. Пиаженің ойынша, жасөспірімдік шақтың басты проблемасы - жеткіншектің ересек адамдар қоғамына енуі деп есептеу дұрыс емес. Қайта керісінше, біріншіден, жеткіншек өзін ересек адам ретінде сезіне бастайды .
Екіншіден, ол болашағын ойлап, алдағы өмірін жоспарлай бастайды. Үшіншіден, ересектер әлемін қайта жаңаруын мақсат етеді.
Жеткіншек шақ адамның жеке адам болып дамуына әсерін тигізіп, маңызды орын алуда. Жас ерекшеліктер психологиясы курсынан белгілі болғандай, әрбір жастың өзіне тән дағдарыстары болады. Осындай дағдарыстардың бірі ретінде - жеткіншек шақтың дағдарысын атауға болады. Жоғарыда аталып өткендей, жеткіншек шақ онтогенездегі ең күрделі, ең қиын кезеңдердің бірі екені бізге белгілі. Бұл кезеңде тек қана осы уақытқа дейін қалыптасқан психологиялық құрылымдар ғана емес, сонымен қатар жаңа білімдер қалыптасып, саналы қылықтардың негізі де салына бастайды.
Өзін- өзі анықтауға қатынас кіші жеткіншектік жаста қалыптасады, Мен концепциясының қалыптасуы жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңде. Р. М. Гринзбург өзін-өзі анықтаудың бірнеше түрінің арақатынасын қарастырды. Оның моделінің жауаптылығының дамуы жеке тұлғалық өзін-өзі анықтау әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінің анықталған деңгейінің жетістігі жеке тұлға мәнінің бағыт беруіне беріледі.
Мен- концепция жеткіншіктердің өзін-өзі анықтауында әлем туралы жалпы мәнді жүйе ретінде қарастырылады. Мұндай жағдайда бұл сыртқы позиция жеткіншектің Мен концепциясын жаңа бейнесін құраушы, оның ақиқатқа қарым-қатынасын қамтамасыз етеді.
Кіші мектеп оқушысы мен жеткіншектің қылықтарындағы ерекшеліктерді салыстыра отырып, отандық педагог А. П. Краковский мынадай қызықты фактілерге назар аударды, яғни, жеткіншектер кіші мектеп оқушыларына қарағанда 6 есе қырсықтықты, 10 есе ата-аналарына деген қарсылықты көрсетеді.
Жеткіншек шақ - бұл дамудың қарама-қайшы тенденциялары айқын байқалатын балалықтан ересектікке өтудің кезеңі.
А. Е. Личконың айтуы бойынша, жеткіншектің қылықтарына тән ерекшелік эмансипация реакциясы болып табылады. Бұл реакцияның мәні -жеткіншектің ересек адамдардың қамқорлығынан және бақылауынан шығуына деген ұмтылыс. А. Е. Личко эмансипация реакциясы мен қатар құрдастарымен топтасу реакциясын да көрсетеді. Реакцияның бұл түрі жеткіншектердің эмоциялық қажеттіліктеріне жауап береді.
Көптеген ғылыми зерттеулер көрсеткендей, жеткіншектің «қылығындағы өзгерістер даму мәселелерімен» шартталынады. Оларға мыналар жатады:
- жеткіншектің өзінің физикалық жағдайының өзгерістеріне бейімделуі.
- интеллектуалды қабілеттіліктің дамуы.
- мамандық таңдау және сол іс - әрекетке деген дайындық.
- экономикалық тәуелсіздікке ұмтылыс.
Жеткіншек шақта жыныстық жетілу организм дамуының басты процесі. Психоаналитиктердің айтуы бойынша, жыныстық жетілу ішкі энергия тұрақтылығының бұзылыстары мен байланысты, яғни «либидомен». Ал, ол болса, инстиктивті «оның», реалды «меннің», моральды «Жоғары Меннің» қайта құрылуына әкеледі. Психоаналитиктердің пікірінше, балалық шақта осы объектілерге деген елігулерге тыйым салына бастайды. Осылайша бұрынғы елігу объектілерінен бас тарту мен өзіне жаңа объектілерді іздеуде тұрақтылық бұзылып, осының негізінде конфликт бола бастайды. Осындай жағдайлардың салдарынан жеткіншектердің қылықтары инфантильді бола бастайды.
Т. В. Драгунаның жұмыстарында жеткіншектердің өзіндік санасының дамуы, жоғарылау деңгейі, оның жеке адамдық қатынасы бойынша жаңа талаптардың пайда болуы ішкі жан дүниесіне деген қызығушылығы күшейе түсетіндігін көрсеткен.
Жеткіншектердің жеке тұлғасының дамуының 2 тенденциясы көрінеді. Оқушының адамдармен өзара қарым-қатынасқа неғұрлым терең түскен сайын, соғұрлым тығыз индивид аралық байланыстар құрылады. Осының негізінде өз беттік іс-әрекет өз беттік іс-әрекет өзіндік жеке тұлғаның қалыптасуы мен ішкі әлемі күрделенеді. Бұл шақта жеке тұлғаның негізгі компоненттер - мінезі бағыттылығы, дүние танымы, өзіндік санасы - біртұтас жүйелі білімі құрылады, өз бетімен өмір сүруге психологиялық тұрғадан алдын-ала саналы дайындалып, қоғамдық өмірге белсенді қосылады.
Даму ресурстары: мәселелерді когнитивті шешу, қатынасты жасаудағы жақындаулар, рольдерді түсіну, оның негізгі көздерін көре білу, моральды тәуелсіз тұжырымдаулар мүмкіндігі. Даму кризисі: әлеуметтік қорғану.
Достыққа, достық қатынасқа үлкен мән беріп, өмірге дегей жоспарын құрып, болашақ мамандық таңдауға ойланып шешім қабылдайды. Әртүрлі жағдаяттарды шығармашылық шешуі, өз бетімен шешім қабылдап, өз іс-әрекетін анализдей білуі жастарға тән.
Оның құндылықты бағдарлаушылық іс-әрекетті толыққан кезде, жеке тұлғасы қалыптасып, өз шегіне жетеді, өзіндік сананы, жеке тұлғалық рефлекстері қалыптасып, өмірлік жоспары мен перспективалары саналынады. Бұл туралы Божович Л. И., Гинзбург М. Р., Фельдштейн Д. И. еңбектерінде зерттелген.
Жеткіншектің өзіне деген қарым-қатынасында ішкі позициясын қалыптастыруға тырысады, "Мен кіммін?", "Мен қандаймын?" деген сұрақтарға жауап іздейді. Адамгершілік қасиеттер, жақсылық пен жамандық, ар, намыс, құқық, парыз, қарыз, т. б. категориялар оқушыны терең ойландырады. Өзі бейімделген, не бейімделмеген өмір жолын таңдап, рухани қиындықты басынан кешіріп, өз жолындағы күресте оны жеңу: құлдырау -қайта жасау, алдау мен шыңға көтерілу осының барлығын сезініп, өз бойынан өткізуге ұмтылады. Өз жанұясында, өзіне қандас туыстардың арасында өз орнын іздейді. Өзі маңызды деп ойлайтын қасиеттерді бойына жинауға, қарым-қатынас жолдарын іздеуге бар күшін салып, рухани даму жүреді.
Жастар өзінің ішкі әлеміне басқа адамның араласқанын қаламайды, қай кезде де өз жекелігін сақтауға тырысады, кәсіби, қоғамдық, таным қызығушылықтары артып, өзіндік идеялына ұмтылады. Адамдық рухани қасиеттердің ең жоғарғы деңгейіне жетумен қатар, адамсыздық, арсыздықтың келеңсіз деңгейлеріне дейін түсуі мүмкін. Объективті көзқарастары ішкі субъективті динамикалық позицияға ауысады. Өз көңіл-күйін түсініп, өзіндік "Менін" табуға тырысып, субъективті әлемге қызығушылығы артады, жекелік-әлеуметтік, қоғамдық перспективаларының, жұмыстарының аумағы, информация алу көздері кеңейді. Өз идеялын жанұядан емес, қоғамдық өмірден таңдап, яғни тарихтан, кинофильмдерден, әдебиеттерден жинақтап, достық, махаббат, адалдық, әрқашан, ешқашан, т. б. сезімдік максимализмдер тән. Эстетикалық жақтарға көп мән беріп, ішкі сезімдерді тыңдайды. Ішкі қарама-қайшылықтар өзіндік психологиялық кеңістігін тануға әкеліп, Рубинштейннің айтуы бойынша, бұл кезеңде оларға космостық түстер
өніп, өзін-өзі іздеуінде ол барлық әрекеттерді, нәрселерді сезініп, бойынан өткізіп, қарағысы, нақтылағысы келеді.
Идеал сипаты әртүрлі факторларға байланысты, өз өмірін құрудағы өз күшін, мүмкіндіктерін сараптап, сүзгілейді. Идеалдары өзінің кәсіби деңгейлерін дамытуға, іс-әрекетін таңдауға, іске асыруға әсерін тигізеді. Олар анықталмаған толқулармен, ойлармен өмір сүріп, бірақ оны өмірде толық көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда, көптеген көлеңсіз жағдайларға әкеледі. Ол басқа ортадан өзіне мүмкіндік, өзін анықтайтын жер іздеп шарқ ұрады. Интеллект дамуының көмегімен үлкендерді толқытатын сұрақтар мен проблемаларды шешуге қолы жетеді.
Өзіндік анықтауы, танымдық қызығушылығы бұл сұрақтарға жауапты мәселенің шығу кезінен іздейді. Бұл бастаулар: шынайы, әртүрлі, күрделі адамдық қатынастар ғылыми-көркем шығармалар, информация көздері, т. б. болып табылады. Қазіргі жеткіншектердің көзқарастары мен жүріс-тұрыстарына, мінез-құлықтарынде дербестік, тәуелділік, өмірге ақылды іскерлік, тым парасаттылық тән.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz