Ұлттық идеология астарлары


ТАҚЫРЫБЫ: ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯ АСТАРЛАРЫ.
1. Ұлттық идея.
2. Ұлттық идеология негіздері.
3. Ұлттық тіл .
1. Ұлттық идея -адамзат тарихына көптен танымал феномен. Одақ ыдырағаннан кейінгі саяси кеңістікте демократиялық идеялар ұлттық рең ала бастады, ал кейбір аймақтарда ол мемлекет деңгейіңдегі саясатқа айналып, соғыс, жанжалдар туғызды. Ұлттық сана кең танымал ұғым болғанымен, оған деген көзқарас біркелкі болмай, қарама-қарсы ойлар туғызып отыр. Мазмұны мен мақсаты жағынан ол алуан түрлі: кертартпа, ескі, тозығы жеткен идеялардың да, батыл, демократиялық іс-қимылдардың да, қозғаушысы болды. Сондықтан ұлттық идея жан-жақты қайшылыққа толы, қарама-қарсы саяси процестерді қамтитын ұғым.
Социамум тұсында ұлттық идеяны ұлтшылдыққа теңеп, оның пайда болуы туралы әртүрлі пікірлер айтылды. Ол капитализмнің идеялық, саяси ықпалының жемісі, антикоммунистердің ойдан шығарған арам пиғылының көрінісі деп бағаланды. Сонымен бірге ұлттық, патриотық идея халықтар достығына, интеграцияға қарсы әрекет ретінде танылып, оған тойтарыс беру идеологиялық жұмыстың маңызды бағытына айналды. Кейін КСРО-да ұлттық қозғалыстар мен халықтың майдандар ұйымдастырыла бастағанда орталық ұлттық идеямен есептесе бастды.
Дегенмен ұлттық идеология мен саясат белгілі-бір кезенде үлкен іс атқарғанмен, қоғам дамуында тек жағымсыз, бүлдіргіш қасиетке ие деген пікір әлі де кездеседі.
Ұлттық сана- сезімнің негізінде «өзімдікі» мен «өзгенікін» саралайтын әлеуметтік психология барлығы белгілі. Бұдан ұлттық идея, сана-сезім, «өзін», «өзгенікін» қарсы қою арқылы ғана танылады деген оймен келісуге болмайды. Орыс ұлттық санасының пайда болуы оны, яғни орыстарды мұсылмандарға, татарларға, немістерге, фронцуздарға, түріктерге, тағы басқа бағынышты ұлттарға қарсы қоюға байланысты делінеді. Кейде қарама-қарсылық, бөтенді жатсыну көне дәуірден басталып, ғасырлар бойы адамдар санасына терең сіңген деген де ойлар айтылады.
Бүгінгі күні ұлттық мемлекеттерде қарама-қарсы екі бағыт орын алып тұр. Біріншісі , жергілікті, дәстүрлі этникалық негіздегі мәдени, тіл, діниқауымдастықтардың белсенділігі артып, сана-сезімнің оянуы. Екіншісі , этностардың арасындпғы қатынастардың дамуы, бір-біріне жап-жақын жақындасуы, ұлттық бірліктің, сонымен бірге мемлекеттік және мемлекетаралық ынтымақтастықтың қалыптасуы. Бірінші тенденцияның жанартушылық, жасампаздық қызметі өте зор. Ұлттық қатынастардың шиеленісіп, әр тек өз пайда-мұддесін, мұн-мұқтажын қорғап, ұлтаралық, мемлекетаралық ынтымақтастықты, бірлікті әлсіретіп, саяси тұрақсыздық тұғызу мүмкін. Сондықтан ұлттардың бір-біріне жақындасуы, ықпалдасуы, саяси, экономикалық және өзара байланыстарын, сенімін тереңдету - мемлекет дамуының басты тірегі.
Ұлттық идея- талай ұрпақтың еңбегімен, қуаныш, қайғесымен сараланған рухани дүние. Бұл қайталанбас байлық өмірге ұлттық өзіндік тарихи болмысымен келген, сол себептен де ол ұлттық дүниетанымның айнасы . А. Сейдімбек айтқандай, «әрбір ұлт- өз болмысының авторы». Ұлттық мұрат пен мүддесін, кешегісі, бүгінгісі, ертеңгісі, қайғы-қасіретімен, абырой- мақтанышы ұлттық идеяда көрініс алады. Сондықтан оның мәні қайшылықты, өрісі кең, ол күтпеген өзгерістерге де толы.
Әр ұлт өз тағдырына тән мәселелерді өзіндік жолмен шешеді. Ұлттық топыраққа басқа өркениетті көшіру, тарихи тәжірибе көрсеткендей, күйзеліске әкеледі. Өзбектерді шведтендіруге, қазақтарда француздандыруға, орыстарды американдыруға болмайды.
Ұлттық идея ойдан шығарылған қиял емес, ұлттық болмыстың, тарихтың көрінісі. Ғасырлар бойы жинаған рухани мұра, ұлт рухы қоғамның дамуына бейімделіп, оған ықпал жасап отврады. Бұл өзара әрекеттестік ұлт мінезін шыңдап, байытады. Ұлттық идеяның ұлтшылдық дертке шалдығуы организмде қатерлі ісік пайда болып, оның өмірлік сөлін сорғаны сияқты кесел. Бұл процесті дер кезінде тоқтатпаса, ол қозып кетіп, індетке душар ететініне постсоветтік кеңістіктегі дау- жанжалдардан, қан төгістерден көріп отврмыз. Ал көктемдік, империялық саясаттың салдары шешен мен орыс халықтарының көз жасына, аққан қанына айналуда. Жалаң патриоттар ұлттық сезімдітез етіп, өздерінің жеке мүдделеріне ұлттық идеяны бағындырғысы келеді.
2. Ұлттың табиғатын түсінудегі пікір алалығы, көзқарастардың бір-бірінен алшақтығы әртүрлі мазмұндағы идеологиялық тұжырымдамаларға негіз болады.
Бүгінгі күні, мысалы, мәдени этникалық тектің ортақтастығынан жалпы түркілік қауымдастықпен қатар қою не жоғары санау, біздің пікірімізше егемендікке қайшы келеді.
Көпұлтты қоғамда тарихи және экономикалық факторлар этникалық мәдениеттердің нығаюына мүмкіндік туғызып, идеологиялық плюрализмнің өсуіне әкеледі. Этномәдени құндылықтар ықпалды идеологиялық мәртебеге ие болып, бұрынғы социолистік идеологияның орнын басып отыр. Діни этникалық алалығы бар ортада бұл жағдай этникалық сана сезімнің өсуін, ұлттаралық қатынастарда терең саяси тұрақсыздықты тудырады. Мәдени плюрализмнің екінші жағы - бір мемлекеттегі көптеген ұлттардың мәдени оқшаулануы. Осыдан келіп ұлтаралық, аймақтық қайшылықтар да тууы мүмкін.
Африка елдерінде ұлттық идеологиянгың қалыптасуына нәсілшілдік көзқарастар (негризм, негритюд) негіз болды. Дегенмен, африкандық ғалымдар бұл теорияға сын көзбен қарап, оны тек ақ нәсілшілдікке қарсы жауап ретінде, негро-африкандықтардың өзіне-өзі сенімін бекіту үшін қажет деп мойындайды. Көптеген елдерде нәсілшілдік факторлар елдің халқын жікке бөліп, бір бөлігін зорлықпен ығыстыруға себепші болды. Ұлттық идеологияның қалыптасуының негізі ұлттық болмыс екеніне күмән тумаса керек.
Ұлттық мемлект- ұлт идеологисының маңызды негізі .
Ұлттық идеология - демократияға негізделген ғана жаңа мемлекттің іргесі қаланады. Байырғы ұлттық патриоттық сана-сезіммен қатар басқалардың да осы мемлекеттің азаматы болып сезінуі- саяси тұрақтылыққа жол ашып, сепоратистік оқшауланудың алдың алады және ұлтаралық интеграцияға жол ашады. Мемлекет тайпалық, этникалық, партиялық мүдделерден жоғары тұрып, әр тараптағы топтардың басын қосып, саяси бөлінушілікті болдырмайды.
Егемендік алғаннан кейінгі тұста ұлттық идеяның мазмұнымен мақсаты нақтыланып, мемлекттің ішкі ынтымақтастығы мен этностардың бірлігі ұлттыұ мүдденің жаңа мазмұнына негіз болды. Ішкі жанжалдарға орын бермейтін, өзара үйленісушілікке, гармонияға негізделген ұлтаралық сыйластықты ұлттық мұрат ретінде санаға сіңіру- ұлттық идеологияның басты қызметі. Ұлттық иделогия табиғи ортамен ғана шектелмей, саяси, рухани, мәдени белсенділігімен өлшенеді.
Ұлттық идеологияда мңызды роль атқаратын объективті факторлардың бірі - тіл. Тіл- ұлттық игіліктің бірі ретіеде оеың өзіндік мол қасиеттерін айқындайтын, сонымен бірге ұлтты ұлт ететін ақиқат болып табылады . «Тілсіз»- адамның мәртебесі биік болмайды. Сөйтіп, бөтен тілге тәуілділік өз тілін оған қарсы қоюға мәжбүр етеді.
Көптеген араб, африка елдерінде жергілікті тілдер мемлекетшілдік қатынас құралы деңгейіне жетпегендіктен, біртілді мемлекеттердің өзінде отаршыл әкімшілік кеткеннен кейін де олардың тілі ортақ қатынас тілі болып қала беруде.
«Ұлттық тіл»- этностық қауымдастықтың жай ғана қатынас құралы емес, оның ерекше ар намысын, асыл қасиеттерін, бірігей даналығын, қайталанбас ерекшеліктерін көрсететіе фактор. Сондықтан ол қосымша субъективті, осы ұлтқа тән психологиялық мәнге ие болып, юасқа этникалық құбылыстардан басымырақ түседі.
Ұлттық идеологияның астарында өзара диалектикалық үйлесімді ықпалдастықтағы этнос нышандары жатыр. М. Арын ұлттық сезімді білдіретін бес шарт немесе бес анық (тіл, дін, әдет-ғұрып, тарих, атамекен) туралы әңгімелей келе, «Осылардың қай-қайсысында да ұлттық психология деп аталатын ұлттың аса терең күретамыры жатыр»деп қорытынды жасайды. Тіл мен мәдениет - түрліше айырмашылықтарына қарамастан, ұлтты ішінен топтастыратың, біріктіретін факторлар. Ұлттық тілдің астарын атқаратын қызметінің деңгейі- оның өсуінің, кемелденуінің көрінісі. Ұлттық мақсат пен мұрат жолында оның рухани қазынасы ұлттың басын біріктіріп, ұлттық жаңаруға негіз қалайды.
ДӘРІС №3
ТАҚЫРЫБЫ: ЖАРНАМАЛЫҚ БЕЙНЕЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ПСИХИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ РОЛІ.
1. Жарнамалаудың когнетивті аспектілері.
2. Жарнамалаудың эмоционалды аспектілері.
3. Жарнамалаудың мінез-құлықтық компоненті.
Жарнама- әлеуметтік -психологиялық құбылыс, адам психикасының түпкі бөліктеріне әсер ететін көп жоспарлы тауар. Бизнез әлемінде жарнама тұтынушыларға ақпараттардың психологиялық әрекеттестігі- сатып алушының нақты мінез-құлықтық актілерін (эмоциоларда, ойларда, мүмкін шешімдерде) негіздеп жүзеге асыратын жарнамалық хабарландыру процесінде пайда болады.
Жарнамалық процесс- ақпаратарды (түйсіну, қабылдау, зейін аудару, есте сақтау) өңдеуде назар аударатын феномен болып табылады. Басқаша айтсақ жарнамалық ақпараттарды өңдеу процесінде адамның жарнамалық хабарландыруға деген қатынасы, оның эмоциясы, сезімі, белсенді орын алады. Мысалы: қанағаттану, жеке басының абыройы, қызғаныш, санада жарнаманы түсініп, ұғынып қабылдау сезімдері немесе керісінше.
Психологтардың зерттеулері бойынша: жарнамалық ақпараттарды өңдеу және қабылдау көптеген түрлі факторлардың әсерінен жүзеге асады. Бірақ осылардың үшеуі практика жүзінде кең қолданылады.
- бұл когнитивті (танымдық) фактор.
- эмоционалды (аффективті) фактор.
- мінез-құлықтық (конаитивті) фактор.
1. Когнетивтіаспектілер. Когнетивті компонент адамның жарнамалық ақпараттарды қалай қабылдауымен байланысты болып келеді. Когнетивті аспектілерді меңгеру үшін түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау, сөйлеу т. б. процестері қатарын талдау ақпараттарын өңдеу алға тартылады.
Жарнамалық өнімнің құнды не құнсыз болуы адамның когнитивті сферасына түрліше әсер етеді. Жарнамалық хабарландыру нәтижесінде әрекеттерге түрліше дайындық және түрліше қабылдау, есте сақтау байқалады. Жарнамалаудың негізгі міндеттердің бірі:
-жарнамалайтын тауармен қызметтерді бөлу:оған тұтынушының назарын аударту:жарнамалық іс-әрекет шегінде біршама актуалды түрде психиканың когнитивті процестерін зерттеу:
Қазіргі күні жарнамалық өнімдерден, яғни тауар мен қызметтен гөрі түрлі жарнамалаушылардың бір бірімен конкурнттік қатынастары көптеп кездеседі.
Түйсіну- адамның когнетивті іс әрекетінің маңызды элементерінің бірі. Түйсік біріншілік танымдық процесс. Негізгі сезім мүшелерімен сәйкес түйсік; көру, есту, қимыл, органикалық, вебрациялық, тепе-теңдік болып бөлінеді. Түйсіне білу қабілеттілігі- сезімталдық деп аталады . Түйсіктің:
- Абсолютті
- Айырмашылық табалдырықтары болады.
Абсолютті табалдырық (төменгі және жоғарғы) сезім мүшелерінің (анализаторлардың) сигналдары түйсіну және қабылдау қабілеттіліктерін айқындайды.
Жарнамалық іс-әректтерде көбіне көру, дәм, қимыл, сипап сезу, иіс сезу және т. б. түйсіну түрлері қолданылады. Мұнда жарнаманы қабылдау немесе жарнамаланған өнімді қолдану негізінде көрінетін түйсінуді зерттеу актуалды проблема болып табылады. Бұл мақсат тауарды адам қолданған кездегі түйсіну өлшемі көмегімен жетістікке жетеді. Мұнда тұтынушы үшін қай тауар біршама тартымды екенін анықтайтын арнайы субъективті шкалалар қолданылады. Психологиялық зерттеулер бойынша адамның өзіне әсер ететін объектілерді түйсінуі- Фехнердің психофизиологиялық заңына бағынады. Бұл заң бойынша стимулдардың өте жоғары мәнділігінде адам түйсінуде аз ғана өзгерістердің болғаның байқайды. Сонымен қатар бұл заң бойынша өте интенсивті әсер ету (яғни қатты дыбыс, ашық сөз, көпсөзді мәтін) әрқашанда қабылдауда жақсы әсер етпейді. Кейде біршама интенсивті тәсілдермен орындалған адамдарға деген қатынас біршама эффективті болып келеді.
Қабылдау - когнетивті іс-әректінің тағы бір маңызды элементі. Түйсікке қарағанда қабылдау заттармен құбылыстың адам тұтас көрініс беруі болып табылады. Бұл көрініс адам қабылдаған сөз немесе атауларды бейнелейтін түсінікті ақпарат көмегімен жүзеге асады және көрінеді Қабылдау көбіне ойлаумен, оймен байланысты болады. Қабылдау процесінде тану мәнге ие. Жарнамалық ақпаратты қабылдау барысында сатып алушы мінез- құлқына өте мәнді әсер ететін перцептивті бейнелердің қалыптасуы маңызды роль алады.
Арнайы зерттеулер бойынша темекі, сыра, және т. б. өнімдер маркасын тұтынушы адамдар басқа адамдардан кең түрлі бейнелі ассортимент негізінде ажыратылады. Бірақ олар бір марканы басқаларынан ажырата алуы бірталай деген. Негізгі темекінің біреуін қалайтын үш жүз адамға атаусыз, темекінің үш сорты ұсынады. Олар өздеріне ұнамды сортты табуы керек. Тек 300 адамның 6-ауы ғана өз темекісінің маркасын тани алды. Бұндай психологтар өзіндік тұжырым жасады: адамдар шылым шегеді, көбіне шылымның маркасына емес, керісінші имиджіне, сыртқы келбетіне қарайды.
Жарнаманың міндеті: конкуренция шарттарында олардың ойлауында осы жарнамалық тауардың басқа тауарларға қарағанда тез және нақты қабылданып, тұрақтануы.
Жарнамада визуалды тәсілі үлкен роль атқарады. Бұл вербальді тәсілге қарағанда тез және оңай қабылданады. Суреттер (яғни картинкалар) шындықтың бейнесі ретінде визуалды қабылданады. Бейнелер адам сезіміне тура бағытталады Олардың мәні сана процесінің деңгейінде жақсы орналасқан қабылдау мәнімен түсіндіріледі . Жарнама - маңызды принцип, яғни тұтастық принципіне жауап беруі тиіс. Жарнамадағы «бөлінбейтін» тұтастық физикалық және символикалық түде ішкі байланыстармен жылы қарым-қатынаста болады. Жарнамада оның барлық элементтері- яғни иллюстрация, тақырыпша, мәтін, жалпы бейне, логотип т. б. - біртқтас жиынтық негізінде тығыз әрекеттеседі және жарнаманың жалпы эффектісін анықтайды. Психологтардың тұжырымы бойынша факторлар синтезі шешім тудырады.
Зерттеушілердің ойынша өзара байланысқан қабылдау процесі және механизмі әмбебап және автоматты түрде жүзеге асады. Барлық адамдарда қабылдау механизмі абсолютті түрде бірдей, ол адам эволюция процесінің объективті нәтижесі болып табылады.
Зейін. Қабылдаудың маңызды бағытталу қасиетіназар аудартудың негізгі тәсілдері, олар қорғаныс, өзгеріс, түс, фоннан фигураны бөлу, кең мағынада- жарнамалық тауарды бөліп көрсету- оған назар аударту тәсілі. Тұтынушының назарын аудартудың оригиналды тәсілі- жарнамалық ақпараттардың журнал мұқабасында, сыртында жиегінде орналастырылуы керек.
Жарнамалық ақпараттардың саны және конкуренттік жолмен көрінетін қарама-қайшылығы өте жоғары болғандықтан тұтынушу бұлардың бәрін түгелдей немесе толық көлемде қабылдай алмайды. Тұтынушы назары көбіне өзіне ұнайтын немесе үрей тудыртатын, күдіктеніп сақталатын естіп көретініне ауады. Жранамалық плакаттарды қарауда зейінің көлемін анықтауға болады.
Ес. Жарнама эффективтілігінен жарнамалық іс-әрекетке тура қарым-қатынастағы маңызды психикалық процесс бюлып табылады . Ес - деп адамның бұрын қабылдаған немесе күйзелген, жасаған естерінің есте сақталуы процестерін айтады. Естің түрлері көп: қорғаныс, эмоционалды, сөздік-логикалық, сенсорлы, бейнелік, механикалық, логикалық, ерікті және еріксіз т. б. Олрдың бәрі қабылдау процесінде жүзеге асады және жарнамалық ақпараттарды өңдеуде қолданылады.
Жарнамада және басқа тек фонды ғана емес, сонымен қатар тауарды, яғни фигураны есте сақтау маңызды болып табылады.
Жарнамада кейде табысты қолданылатын, не кейде есепке алынбайтын ақпараттардың есте сақталуының бірнеше психологиялық заңдылықтары қолданылады. Жарнаманың есте сақталуы:
Креативтілікке (шығармашылық деңгейіне) байланысты оның мазмұны 1-2 аптадан бірнеше жылдарға созылуы мүмкін. Жарнамалық хабарландырулар барысындағы интервал бірте-бірте соза беру керек, бірақ екі айдан көп емес деп есептелінеді.
Ойлау. Ойлау- адам санасындағы заттар мен құбылыстардың заңдылықты байланыстарымен қарым-қатынасында көрінетін жалпылама көрініс. Ойлау адамның ой актілерімен, іштей және сырттай сөйлеумен тығыз байланысты, өзіндік әлеуметтік мәнге ие. Ойлау операцияларының көптеген түрлері бар: Олар: салыстыру, абстракция, нақтылау, анализ, синтез, аналогия құру, ассоциация, пікірталас ойқорытындылары т. б. Жарнамада ақпараттардың жеткіліксіздігі тауардың таралуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан танымдық қажеттіліктер активизациясы- жарнамада күшті психологиялық фактор болып табылады. Психологиялық зерттеулер нәтижесінде өз саналарында бейнелердің аяқталмай көрініс алу жағдайындағы 80% жуық адамдар дискомфорт сезімін сезінетін анықтайды.
2с. Жарнамалаудың аффективті (эмоционалды) компоненті жарнамалық ақпарат объектісіне деген эмоционалды қатынасты анықтайды.
Жарнамалық іс-әректінің психологиялық аспектілерін зерттеу жарнамаға деген адамның эмоционалды ашық қатынасын оны сатып алу немесе керісінше тілектің ақырғы қалыптасуындағы тауарға деген қатынастарын шақыратын жақтарын талдауды ұсынады. Индивидке әсер ететін құбылыстармен жағдайлар эмоциялық күйзелістердің көптеген формаларында жүзеге асады және эмоционалды есте сақталады. Эмоциялық еске әсер күшті әсер етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz