Қарқаралы ауданы



Жері 35,4 мың км2.
Климаты – континенттік;
Халқы – 42.104 адам.
Аудан орталығы – Қарқаралы қаласы.
Қарағанды облысының оңтүстік – шығысындағы Қарқаралы тауының етегінде теңіз деңгейінен 815 метр биіктікте орналасқан.
Іргесі 1824 жылдың тамыз айында қаланған.
Қала тұрғындары – 10300 адам.

Қарқаралы өңірі ерте заманнан бері түркі тектес тайпалардың, оның ішінде қарлық, қыпшақ, оғыз тайпалық бірлестігі үшін темір рудасын өндіретін бірден – бір стратегиялық тұрғыдан маңызды аудан болып қалыптасты. Көрнекті ғалым А.Х.Марғұлан археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу арқылы бұны дәлелдеп берді.
Алғашқы саяхатшылар Қарқаралы өңіріне 1785 жылдардан бастап аяқ басты. Патшалық Ресейден әскери адамдары атаман Телятников, капитан Андреев 1786 жылы, кен - өндіріс инженері М.Поспелов пен Т.Бурнашев 1890 жылы, Сібір корпусының тілмашы Ф.Назаров 1913 жылы, Алтай кен округінің маркшейдері М.Шангин 1816 жылы Қарқаралы өлкесінде болып, табиғат байлығын, пайдалы қазбаларын, ескі керуен жолдарын, археологиялық ескерткіштерін, қазақ халқының тұрмыс – тіршілігін, салт – дәстүрін зерттеген.
Қарқаралының шығыс жағындағы Кентөбе, Кенқазған, Қарашоқы кен орындарын атап өтуге болады.
Патша өкметі қазақ даласында билік орталығының бекінісін салуды ойластырып болашақ округтік басқарудың мекеніне Қарқаралы таулы аймағы қолайлы деп табады.

Сондықтан округтің нақты орнын айқындау үшін 1824 жылы 27 қаңтарда Омбыдан полковник С.Б.Броневский басқарған шекара отряды

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қарқаралы ауданы

Жері 35,4 мың км2.
Климаты – континенттік;
Халқы – 42.104 адам.
Аудан орталығы – Қарқаралы қаласы.
Қарағанды облысының оңтүстік – шығысындағы Қарқаралы тауының етегінде
теңіз деңгейінен 815 метр биіктікте орналасқан.
Іргесі 1824 жылдың тамыз айында қаланған.
Қала тұрғындары – 10300 адам.

Қарқаралы өңірі ерте заманнан бері түркі тектес тайпалардың, оның
ішінде қарлық, қыпшақ, оғыз тайпалық бірлестігі үшін темір рудасын
өндіретін бірден – бір стратегиялық тұрғыдан маңызды аудан болып
қалыптасты. Көрнекті ғалым А.Х.Марғұлан археологиялық қазба жұмыстарын
жүргізу арқылы бұны дәлелдеп берді.
Алғашқы саяхатшылар Қарқаралы өңіріне 1785 жылдардан бастап аяқ басты.
Патшалық Ресейден әскери адамдары атаман Телятников, капитан Андреев 1786
жылы, кен - өндіріс инженері М.Поспелов пен Т.Бурнашев 1890 жылы, Сібір
корпусының тілмашы Ф.Назаров 1913 жылы, Алтай кен округінің маркшейдері
М.Шангин 1816 жылы Қарқаралы өлкесінде болып, табиғат байлығын, пайдалы
қазбаларын, ескі керуен жолдарын, археологиялық ескерткіштерін, қазақ
халқының тұрмыс – тіршілігін, салт – дәстүрін зерттеген.
Қарқаралының шығыс жағындағы Кентөбе, Кенқазған, Қарашоқы кен орындарын
атап өтуге болады.
Патша өкметі қазақ даласында билік орталығының бекінісін салуды
ойластырып болашақ округтік басқарудың мекеніне Қарқаралы таулы аймағы
қолайлы деп табады.

Сондықтан округтің нақты орнын айқындау үшін 1824 жылы 27 қаңтарда
Омбыдан полковник С.Б.Броневский басқарған шекара отряды келіп, қаланың
кәзіргі орнын белгіледі.
1824 жылдан бастап Қарқаралы қаласының іргесі қаланды.
Негізі 1824 жылы қаланған Қарқаралы қаласының тарихтың терең қойнауына
кеткен мол шежіресі бар. Арқа өңіріндегі санаулы ғана байырғы қалалардың
бірі саналатын Қарқаралы тек әсем табиғатымен ерекшеленбейді, ол Орталық
Қазақстан өңірінің барлық саяси оқиғаларының ордасы, ұлтымыздың бетке ұстар
игі жақсыларының ізі қалған қасиетті мекен.
Қарқаралы қаласы тарихи ғимараттарға тұнып тұр.
Әр ғимараттың өзіне тән тарихы бар. Әсіресе аудандық орталық кітапхана
орналасқан ғимарат өте әсем, бұл үйдің иесі Петербордан Қарқаралыға, аяғына
шәркей киiп, келген В.П. Рязанцев, сауда - саттықтың нәтижесiнде әбден
байып, қаланың бiр көшесiнiң бойында үйлер салдырып туған-туысқандарын
қоныстандырған.
Кітапхана көшесінің ар жақ бетіндегі - саяжайда Андрей Селиверстовичке
қойылған ескерткіш бар. Осы ескерткішке қарама қарсы алаңда, баяғы заманда
қызыл кірпіштен салынған, орыс шіркеуі болатын. Оны салуға Рязанцевтер
қаржылай көмектескен.
Шіркеу үш этажды болған. Кейін Совет өкіметі кезінде оны құлатып
кірпіштерінен орыс-қазақ мектебін салған . А.С.Резанцев 1914 жылы қайтыс
болған, балалары әкелеріне Петербордан қара граниттен ескерткіш жасатып,
әуелі Семейге, одан сон ат-арбамен Қарқаралыға жеткізіп, белгісін шеркеуге
қарсы қойған. Бұл ғимарат тарихи ескерткіш ретінде үкімет қорғауында.
Бұл үйде орыс саяхатшысы, этнограф Г. Потанин тоқтаған және ғимарат
қабырғасында, оның болғаны жөнінде мемориалдық тақта орнатылған.
Осындай тарихы мол ғимаратта елге, жерге деген сүйіспеншілікті, аялы
қамқорлықты, өнерге деген ізгі ниетті , салт-дәстүр, мәдениеттілікке,
көпшілік арасына ғылым мен білім, ізгілік пен парасаттың дәнін себетін
шаңырақта тарихы 100 жылдан астам орталық кітапхана орналасқан.
Кітапханалар тарихы – облыстың мәдени өмірінің тарихы, қоғамның
экономикалық және рухани өмірінің көрсеткіші. Қарқаралы қаласында көпшілік
кітапхана XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы аралығында
ашылған. Өкінішке қарай, Қазақстанда кітапханалардың осы кездердегі құрылуы
мен даму тарихы, арнайы емес, басқа тақырыптармен қоса зерттеген.
Сондықтан, кітапханалар туралы тарихи құжаттар жоқ. Бұл тақырыпты
қарастырғанда біз тек Н.К. Дәулетова мен Е.Н. Шмелеваның Из истории
библиотечного дела в Казахстане, В.З. Галиевтың Библиотечное дело в
Казахстане (Вторая половина XIX – начало XX веков) ғылыми-зерттеу
жұмыстары және История библиотечного дела в Казахстане: 1917-1991
құжаттар жинағына сүйене аламыз.
Облыста бірінші кітапхана 1892 жылы чиновник Марковтың ұсынысы бойынша
Қарқаралы қаласында ашылған. Оның кітап қоры 626 дана болған. Бірінші
күннен бастап 1917 жылғы ақпан революциясына дейін кітапхана жұмысына
жасырын цензура жүргізіліп тұрған. Мысалы: 1903 жылы Петербургтің баспа
туралы комитеті Көпшілік кітапханаларда пайдалануға тыйым салынған
шығармалардың алфавиттік көрсеткішін жасаған. 1904 жылы Қарқаралының
кітапханасын тексеру үшін уезд бастығы Алфавиттік көрсеткішті
Кітапханалық комитеттің төрағасы, орманшы Петр Федорович Поповқа берген. Ал
Попов Бұл көрсеткішті бөтен адамға танысуға, не болмаса анықтама алуға еш
уақытта бермеуге міндетті болған. Қарқаралының көрнекті қайраткерлері
қарқаралының бірінші кітапханасының жұмысына көңіл аударып, кітапхананың
дамуына өз үлестерін қосқан. 1905 жылдың қаңтар айында Қарқаралы
кітапханасының жұмысы туралы оқырмандар жиналысы ұйымдастырылған. Жиналыс
төрағасы Итбаев болған. Жиналыста кітапханалық комитеттің төрағасы болып
Қарқаралының ауылшаруашылық мектебінің басқармасы Павел Петрович Белдыцкий
және кітапханашы болып Мустафа Баязеитович Мамлеев сайланған. Комитет
мүшелері – А. Байтұрсынов, М. Мамлеев, А. Глебов, П. Астерин, С.С.
Панфилов. Ол кездері қоғамдық кітапхана жұмысымен оқу орындары шұғылданған.
Сондықтан, сол кездегі Қарқаралы орыс-қазақ училищесінің меңгерушісі Ахмет
Байтұрсынов бес жылдан аса Қарқаралы кітапханасының дамуына көп үлес
қосқан. Ол Петербургпен байланыса отырып, 1909 жылы өзінің бірінші кітабы
Қырық мысал-ды (Сорок басен) жарыққа шығарды.
Қарқаралы кітапханасының кітаптарымен мұғалімдер, оқушылар және қала
тұрғындары пайдаланған. Оқырмандар құрамында қазақ, орыс, татарлар болған.
Кітапхана қоры қазақ және орыс тілдеріндегі басылымдармен жинақталған. А.С.
Пушкин, М.Ю. Лермонтов, М. Горький, Л. Андреев, В. Короленко сияқты
авторлардың шығармалар жинақтары сатылып алынған. Және де философия,
география, медицина, математика пәндерінен кітаптар жинақталған. Кітапхана
17 түрлі газет-журналдар алып тұрған. Оның ішінде: Сибирьская жизнь,
Слово, Туркестанская туземная газета, тағы басқалар. 1905 жылғы
Қарқаралы кітапханасының шығыны 230 рубль болған. Ревизиялық комиссия
мүшелері болып Құрманов пен Итбаев сайланған. Өкімет басшылары кітаптар мен
газет-журналдардың оқырман көзқарасына ететін әсерін ескере отырып,
кітапхана қорларының құрамын мұқият бақылауға алған. Сондықтан, жаңа
мерзімді басылымдарға жазылудан бұрын, Петербургтен, Ішкі істер министрлігі
жанындағы баспа жөніндегі Бас басқармадан басылым туралы ақпарат
сұрастырылған. Патша үкіметі және әкімшілік кітапхана ісінің дамуын өз
назарынан тыс шығармаған. Мысалы, Халық ағарту министрлігі 1912 жылы
бекіткен халық кітапханалар жайлы Ережелерінің бір пунктісі бойынша Халық
кітапханаларын жазылып алынғандардан басқа мекемелер, қоғамдар, жеке
тұлғалар сыйлаған жаңа кітаптар және мерзімді басылымдармен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарағанды облысының географиясы
Қарқаралы өңірінің ежелгі металлургия ескерткіштерін зерттеу тарихы
Туристік рекреациялық ресурстар мен Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық орталықтар және емдеу саласындағы туризмнің үлесі
Экскурсия кезіндегі анықталған өсімдіктер түрлері
Қарқаралы қаласының физикалық - географиялық сипаттамасы
Қарқаралы аймағына толық физикалық -географилық және экономикалық сипаттама
Қарқаралы аймағының табиғат ресурстарының жағдайы және экологиясы
Қазақстанның ерекше қорғалатын аймағының жалпы сипаттамасы
Қарағанды облысында туризм мен демалысты дамытуға әсер ететін табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен факторлардың маңызын анықтау
Қарағанды облысында туризм мен демалысты дамытудың табиғи алғышарттары
Пәндер