Жоғарғы оқу орны жүйесіндегі өзгерістер жағдайындағы кәсіби стресс


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Педагогика институты

Психология кафедрасы

ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСІБИ СТРЕСС

6N0503 - «Психология»

Орындаған: Теміралиева Гүлайым Қадырболатқызы

«___» 2008 ж.

Ғылыми жетекші

п. ғ. к., доцент Нұрғалиев Кеңес Айтжанұлы

«___» 2008 ж.

Қорғауға жіберілді:

Кафедра меңгерушісі,

п. ғ. д., профессор Сарсенбаева Ботагөз Ибатқызы

«___» 2008 ж.

Орал, 2008

Мазмұны

Кіріспе . . .

1 тарау. ЖОО жүйесіндегі өзгерістер жағдайындағы кәсіби стреске ғылыми-теориялық сипаттама (негіздері)

1. 1. Психологиядағы кәсіби стрестің зерттелу жағдайы, зерттелу бағыттары туралы түсінік . . .

1. 2. Психологиядағы кәсіби стресс мәселесінің ғылыми-теориялық сипаттама . . .

1. 3. ЖОО жүйесіндегі өзгерістер жағдайында кәсіби стрестің туындауына ғылыми-теориялық негізделуі . . .

2 тарау. Педагогтардың кәсіби стреске ұшырау себептерін тәжірибелік зерттеуді ұйымдастыру және оның әдістемелік негізделуі

2. 1. Педагогтардың кәсіби стреске ұшырау себептерін анықтауға арналған әдістемелерді пайдаланудың мазмұны . . .

2. 2. Педагогтардың кәсіби стреске ұшырауын анықтау үшін жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың қорытындысы . . .

2. 3. Педагогтардың кәсіби стрестен шығу үшін жүргізілетін жұмыстардың әдістемесі . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Қосымша . . .

Кіріспе

Стресс мәселесі ХХ ғасырдағы психологиядағы, физиологиядағы, медицинадағы, өндірістік сферада өріс алған ең ауқымды мәселелердің бірі болып отыр. Мұның бәрі қазіргі адамзаттың кәсіби өмірінде жиі туындайтын қиын жағдайлармен тікелей байланысты, яғни тұлға өзінде қалыптасқан энергиясын (стрестің физиологиялық механизмінен туындаған) толыққанды іске асыра алмайды, содан бұл энергия келіп жеке тұлғаның өзіне кері әсерін береді, бұл адамда дистресс механизмінің қалыптасуына итермелейді.

Стрестің және дистрестің қалыптасуының ғылыми теориясына келсек, бұл ұғымдарды алғаш енгізген канадалық физиолог Ганс Селье (1936 жыл) «Бүкіл ауру стрестен!» деген стрестің универсалды формуласын ұсынған. Ол: « стресс - өмірдің тек жағымсыз жағдайы емес, ол қандай да болсын жағдайға ағзаның стереотиптік, филогенетикалық қорғаныштық, бейімделушілік реакциясы» - деген.

Г. Сельенің ойынша стресс - ол «өмірге дәм беретін», қандай жағдай болмасын, нәтижесінде ағзаның бейімделіп, жұмылдандырылуына әкелетін жағымды жағын эустресс деп атаған, ал психологиялық ауыртпалық, қайғы, бақытсыздық, әлсіздікке әкелетін түрін дистресс деп көрсеткен. Дистресс нәтижесінде психологиялық ауруларға әкелуі мүмкін [1; 2. ] . Мәселен: кәсіби тұрғыдан дистресс басшының әділетсіз сөгістеріне жұмысшының қарсы жауап бере алмауынан туындайды (көп жұмысшылар бұл жағдайда басшымен үлкен даудың туылмағанын қалап, өкпесін ішінде сақтағанын жөн көреді) . Тағы бір себеп: адам мансаптық бақталастықтың әсерінен өзінің шығармашылық ұмтылыстарын және әріптестерімен қарым-қатынас орнатуын толықтай жүзеге асыра алмайды, осы және басқа да көріністерден, өмірлік мысалдардан қазіргі кәсіптік жағдайларда адамзат құндылығының тапталынуын көруге болады. Бірақ бастапқы адамзат құндылығының тапталынуы - оның еңбегінің әділетті бағаланбауында (еңбегіне сай төлемақы алуында) . Қоғамның осы мәселені шеше алмауы адамды тек толыққанды маман ретінде ғана емес, сонымен қатар толыққанды азамат және жеке тұлға болып сезінуіне жол аша алмай отыр. Осының әсерінен жұмысшыда кәсіби стресс, фрустрация, ішкі терең дағдарыс қалыптасады. Ол өз кезегінде жұмысшының өмірлік сапасын, жұмыс сапасын, одан барып ұйымның жалпы дамуына кері әсерін туғызады.

Қазіргі психология кәсіби стресті адамдар мен олардың атқаратын жұмыстарының өзараәрекетінің қорытындысы, адамдардың қалыпты жұмыс жасауына мүмкіндік бермейтін нақты өзгерістермен сипатталуы деп түсіндіреді.

Кәсіби стрестің құрамын анықтайтын психологиялық реакциялар: үрейленушілік, депрессия, қанағаттанбаушылық, жалығу, соматикалық бұзылыстарға арыздану, психологиялық шаршау, өзін-өзі төмен бағалау, байланыстардан қашу, өз күшіне сенбеу, психоз, ашу-ызалылық, өзінің сезімдерін басу, зейінін шоғырландыру қабілетсіздігі.

Кәсіптік стресс қиын жұмыс жүктемесінің болуымен, жұмыстың нәтижесін өзіндік бақылаудың болмауымен, рөлдік анықсыздықпен және рөлдік конфликттерге ұшыраумен, өз кәсібін ұнатпауымен байланысты, сондықтан жұмысшыда стрестің пайда болуының негізгі көздерін - жұмыстың ұйымдастырылуының бұзылуы, жасалған жұмыстың әділетсіз бағалануы немесе мүлдем бағаланбауы, жұмысты өз ниетімен, қызығушылығымен орындамауы, өз қажеттіліктерін өтейтіндей қаражат табу жолын іздеуі деуге болады.

Бұл магистрлік диссертация ұйымдық өзгерістер жағдайындағы оқытушылардың кәсіби стресс динамикасын зерттеуге арналған.

Зерттеу өзектілігі : экономикалық және саяси тұрақсыздық, нарықтың тез өзгеруі, жаңа технологиялардың енуі мен динамикалық дамуы қазіргі ұйымдардың үздіксіз өзгеру қажеттілігін туындататын фактор ретінде қарастырылады. Кейінгі кездерде ұйымдық өзгерістер әлеуметтік ортаның макрофакторларының интенсивті динамикасына жағдайлық реакция немесе қажетті шарт ретінде қарастырылып қана қоймай, сонымен қатар ұйымның тиіміділігін, бәсекеге қабілеттілігін арттыратын тиімді шарт ретінде де қарастырады.

Инновацияны ендірудің және оның өмірге қабілеттілігін қамтамасыз етуші маңызды ресурс - ұйымның персоналы болып табылады. Өзгеріс барысында осы персоналға ұйымдық өзгерістерге ену бойынша да, еңбек әрекетін жүзеге асырудағы жаңа жағдайларға бейімделу бойынша да жоғары талаптар қойылады.

Жаңа еңбек жағдайлары және іс-әрекет мазмұнының өзгеруіне мамандардың бейімделу жолындағы қиындықтар ұйымдық өзгерістер жағдайындағы персоналдардағы кәсіби стрестің негізгі даму себептері болып табылады. Жалпы, қазіргі кездегі ЖОО жүйесіндегі өзгерістер жағдайы кәсіби стрестің көп тараған және мықты көздері ретінде саналады.

Қызметкерлердің инновациялар мен оның алғышарттарына, сонымен қатар жалпы ұйымның өзіне және әріптестері мен басшылыққа деген жағымсыз қатынастардың көрінуі жаңа жағдайдағы кәсіби әрекеттердің қиындауына байланысты заңды түрде көрінетін реакциясы. Персоналдардың жаңа өзгерістермен күресуі және стресті интенсивті сезінуден жағымсыз шарттардың нығаюы, әсіресе қызметкерлердің денсаулық деңгейінің түсуі және кәсіби-тұлғалық деформациялануы жалпы ұйымдық өзгерістің орындылығын төмендетуі мүмкін. Керісінше, өзгерістерге персоналдың әзірлігі, инновациялық процеске белсенді қатысуы және қолдау жасауы болып жатырған өзгерістердің тиімділігін арттырады [3; 4] .

Осы құбылыстарды талдау әртүрлі қоғамдық практика аймағындағы еңбек әрекетінің тиіміділігі үшін, әсіресе оқытушы еңбегі сияқты маңызды салада үлкен мәнге ие. Қазіргі кездегі елімізде болып жатырған білім беру жүйесіндегі өзгерістер жағдайы, ұйымдық өзгерістер процесіндегі оқытушылардың кәсіби стресс ерекшеліктерін зерттеу инновацияларды мақсатты жоспарлау мен жүргізу үшін қажетті маңызды ақпарат көзі болып табылады. Алайда, біздің елімізде осы мәселе бойынша нақты эмпирикалық материалдар негізінде қарастырған арнайы зерттеулер практикалық тұрғыда өткізілмеген. Біздің зерттеулерімізде мәселенің кейбір шарттарын эмпирикалық ашуға тырысамыз.

Ұйымдық өзгерістер процесіндегі кәсіби стрестің динамикалық ерекшеліктерін зерттеудің практикалық мәнділігімен қатар, тақырып бойынша теориялық мәнділігін де атап өтуге болады. Ұйымдық өзгерістер кәсіби стрестің динамикасының пайда болуы мен дамуының бірден-бір факторы болып табылады деп айтуға болады.

Сонымен, осы айтылғандардан ұйымдық өзгерістер процесіндегі оқытушылардың кәсіби стресін зерттеу және оның динамикалық ерекшелігін көрсететін себептерін анықтау ғылыми жағынан да, практикалық жағынан да үлкен мәнге ие болғандықтан зерттеу өзектілігін айқындайды.

Зерттеудің мақсаты:

Ұйымдық өзгерістер процесіндегі нақты қызметкерлер контингентінің (оқытушылардың) кәсіби стресс динамикасының ерекшеліктерін және кәсіби стрестің арнайы синдромын қалыптастыруға ұйымдық өзгерістердің әсер ету сипатын анықтайтын факторларды зерттеу.

Зерттеудің міндеттері:

1. Диссертация тақырыбына байланысты ғылыми мәліметтерді жан-жақты қарастыру, талдау жасау.

2. Оқытушылардағы кәсіби стрестің көріну ерекшеліктерін сипаттау және талдау: а) еңбек жағдайындағы стресс-факторлар және оның субъективті мәнділігін бағалау; б) зерттелген кәсіби контингенттің эмоционалдық-жеке тұлғалық ерекшеліктері; в) болып жатырған жағдайға субъективті үйлесімділікті бағалау.

3. Ұйымдық өзгерістерге оқытушылардың субъективті қатынасының әсерін, кәсіби стрестің көріну сипаты мен динамикасын зерттеу;

4. Оқытушылардың әртүрлі индивидуалды-психологиялық сипатына байланысты ұйымдық өзгерістер кезіндегі кәсіби стрестің көріну синдромдарын анализдеу.

Зерттеудің объектісі:

Ұйымдық өзгерістер кезіндегі оқытушылардың кәсіби әрекеті.

Зерттеу пәні:

Ұйымдық өзгеріс процесіндегі оқытушылардың кәсіби стресі, оның көріну ерекшеліктері мен динамикасы.

Зерттеудің ғылыми болжамы:

Ұйымдық өзгерістер қызметкерлердің кәсіби стреске ұшырау сипаты мен деңгейіне әсер етеді және де ұйымдық өзгеріс жағдайындағы кәсіби стрестің динамикасы өзгерістерге деген қызметкерлердің қатынасымен анықталады.

Негізгі болжамды талдау кезінде мынадай эмпирикалық болжамдар нақтыланды:

  1. Ұйымдық өзгеріс процесі оқытушылардың кәсіби стресс синдромының әртүрлі компоненттерінің динамикасына әсер етеді.
  2. Ұйымдық өзгерістер жағдайындағы оқытушының кәсіби стрестің қалыптасуына қызметкерлердің индивидуалдық-психологиялық ерекшеліктері әсер етеді.
  3. Ұйымдық өзгерістерге қызметкерлерінің қатынасының динамикасы кәсіби стрестің дамуының маңызды факторы болып табылады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • Кәсіби стресс туралы ғылыми-теориялық мәліметтер жинақтау, тақырыптың ғылымдағы қолданыс аясын кеңейту, мазмұнын толықтыру, ғылыми-практикалық қолданыста жүрген әдіс-тәсілдерді талдау.
  • Ұйымдық өзгерістер процесіндегі оқытушылардың кәсіби стресін анықтау үшін кешенді зерттеу жүргізіліп, оның нәтижелерін сараптай отырып, ұйымдық өзгеріске деген қызметкерлердің субъективті қатынасы, ұйым қызметкерлерінің индивидуалдық-психологиялық ерекшеліктері өзгерістер процесіндегі кәсіби стрестің дамуының ең маңызды себептері ретінде дәлелденіп көрсетілді.

Жүргізілген тәжірибелер қорытындысы ұйымдық өзгерістер процесіндегі кәсіби стресті кешенді зерттеу принципін қолдануға, кәсіби стрестің ерекшеліктері туралы ғылыми негіздемені кеңейтуге, оның дамуына әсер ететін факторлар мен оның динамикасының заңдылықтарын игеруге мүмкіндік береді.

Зерттеудің теоретикалық маңыздылығы:

Кәсіби стресті анықтау бағытының даму тенденциясы стреске көзқарастардың өзгермелі логикасына сәйкес келеді. Кәсіби стрестің бірінші концепциясы Ганс Сельенің ұсынған стресс теориясына сәйкес стрестік реакцияны анықтауға бағытталған. Адамның функционалдық жағдайын реттеу және бағалауға байланысты құрылымдық-интегративтік бағыт [5], ерекше іс-әрекет жағдайларына бейімделу теориясының негіздері және кәсіби стресті зерттеудің қазіргі кездегі концептуалды парадигмалары [6; 7. ] . Қазақстандық ғалымдар Беспалова Л. Ю. Бейімделудің депрессивті реакциясы, Сартаев Ж. Н. «Нейрофизиологические расстройства при хронических стрессах у военнослужащих и их профилактика», Путилин В. С. «Стресс как фактор стимуляции адаптации к повышенным психофизическим нагрузкам» сынды диссертациялық жұмыстар осы жұмыстың теоретикалық негізін құрайды [8; 9; 10] .

Көптеген зерттеушілердің көзқарастары бойынша кәсіби стресс нақты еңбек жағдайының ерекшеліктерін қамтитын сыртқы орта талаптары мен жұмысшының ішкі ресурстарының арасындағы үйлесімсіздік қорытындысы болып табылады. Осы жұмыста қарасытырылатын оқытушылардағы кәсіби стресті кешендік зерттеу нақты оқу орнындағы ұйымдық өзгерістер формасы мен еңбек жағдайының объективтілігін салыстыруға, осы процеске араласқан кәсіпкерлердің өзгерістер жағдайындағы кәсіби іс-әрекеттің мазмұны мен еңбек жағдайлары туралы субъективті түсінуіне, сонымен қатар олардың өзін сезінуін, эмоционалдық жағдайын, доминантты мотивациялық бағыттылықтарын бағалауға негізделеді. Жалпы, мұнда іс-әрекеттің өзгермелі жағдайына индивидуалды бейімделудің әртүрлі формаларын анықтайтын және кәсіби стресс синдромының спецификасын көрсететін себептер мен факторлардың толық сипаттамасын жасауға мүмкіндік береді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

Отандық және шетел авторларының жұмыстарына терең теоретикалық талдау жасалынды; ғылыми психодиагностикалық әдістемелер кешені құрастырылып, оларды жүргізу арқылы және математикалық-статистикалық өңдеу арқылы зерттеу объектісінің адекватты табиғаты сипатталады.

Жүргізілген тәжірибенің қорытындысы инновациялық шараларды ұйымдық-психологиялық жобалау кезінде ұйымдық өзгеріс жағдайындағы персоналдармен жұмыстану әдістері мен стратегияларын өңдеу үшін қолдануға болады.

Оқытушылардың жаңа өзгерістерге байланысты кәсіби стресті зерттеу үшін дайындалған диагностикалық және түзету әдістемелік кешендерін, әдістемелік ұсыныстарды психологиялық машықтың аналогиялық жағдайларын зерттеу кезінде қолдануға болады.

Зерттеу әдістері:

  1. «Ұйымдық өзгеріске деген қатынас» анкетасы;
  2. «Еңбек стресін анықтайтын сауалнама»;
  3. Топтың әлеуметтік-психологиялық климатын анықтайтын әдістеме;
  4. Ч. Д. Спилбергер және Ю. Л. Ханиннің «Реактивті және жеке тұлғалық үрей» әдістемесі;
  5. Еңбектің субъективті маңызды сипатын бағалау (ЕСМСБ) әдістемесі;
  6. «Дифференциалды эмоция шкаласы» әдістемесі;
  7. «ӨБК» сауалнамасы (Опросник «САН») .

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

1-кезең (2007 ж., қыркүйек - 2007 ж., қараша) зерттеу мәселесі бойынша материалдар жинақталып, философиялық, педагогикалық, психологиялық еңбектерге талдау жасалынды, шетелдік және отандық тәжірибелер жүйеге келтірілді. Жұмыстың ғылыми аппараты анықталып, эксперименталды ұйымдастыру әдістемесі жасалды.

2-кезең (2007 ж., қараша - 2008 ж., желтоқсан) зерттеудің теоретикалық концепциясы негізделіп, теориялық модель қалыптастырылды. Психологиялық-педагогикалық диагностика және түзету жұмыстары бойынша арнайы әдістемелер кешені мен бағдарламасы жасалды. Негізгі эксперимент жүргізілді.

3-кезең (2008 ж., қаңтар - 2008 ж., маусым) тәжірибелік жұмыстың нәтижелері жүйеленіп, қорытынды жасалды. Жұмыстың әдістемелік тиімділігі тексеріліп, нәтижелері диссертацияның мазмұнына енгізіліп, тиісті тұжырымдар жасалып, ұсыныстар берілді.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

  1. ЖОО жүйесіндегі өзгерістер жағдайындағы кәсіби стрестің мәні мен мазмұндық сипаты;
  2. ЖОО жүйесіндегі өзгерістер жағдайындағы оқытушылардағы кәсіби стрестің ерекшеліктері; оны зерттейтін бағыттар; индивидуалдық-психологиялық факторы.
  3. Педагогтардың кәсіби стрестен шығу үшін жүргізілетін жұмыстардың ғылыми-әдістемелік тиімділігі.

Зерттеуді сынақтан өткізу және тәжірибеге ендіру:

Зерттеу жұмысының мазмұны халықаралық және республикалық, университетішілік ғылыми-тәжірибелік конференцияларда мақала мен баяндама түрінде жарық көріп отырды. Олар: «Оқу процесінде студенттерге стрестің психологиялық ықпалы» - М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ-да өткен «Жоғарғы оқу орнындағы оқытудың инновациялық технологиялары мен интерактивтік әдістері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы. Орал, 2006. «Кәсіби стрестің қалыптасу себептеріне психололгиялық негіздеме және коррекциялау жолдары» - М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың 75 жылдық мерейтойына арналған «Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы және жоғарғы мектеп міндеттері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы. Орал, 2007. «Кәсіби стресс: оның шығу жолдары мен түрлері» - М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ-да өткен «Педагогикалық оқу орындарында құзіреттілік тұрғыдан білім беруді жүзеге асырудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы. Орал, 2007. «Психологиялық кәсіби стресс жағдайын алдын-алу және түзету әдістерінің жүйеленуі» - ОҚМУ-да өтетін «М. Әуезов - жаңа ғасыр генийі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы. Шымкент, 2007 ж. «Стрестің алдын-алудың шарттары мен әдістер жүйесі» - «Жаңа әлемдегі Қазақстан және Ұлттық білім беру проблемлары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы. Жетісай қаласы, 2008.

Зерттеу базасы : БҚГА, БҚМУ оқытушылары.

Диссертацияның құрылымы : Магистрлік диссертацияның кіріспесінде - онда тақырыптың өзектілігі, мақсат-міндеттері, объектісі, пәні, болжамы, теоретикалық және практикалық маңыздылығы, ғылыми жаңалығы, зерттеу әдістері мен зерттеудің негізгі кезеңдері зерделенеді.

1-тарауда ЖОО жүйесіндегі өзгерістер жағдайындағы кәсіби стреске ғылыми-теориялық сипаттама беріледі. Мұнда жалпы психологиядағы кәсіби стрестің зерттелу жағдайы, зерттелу бағыттары туралы ғылыми-теориялық сипаттама беріліп қана қоймай, ЖОО жүйесіндегі өзгерістер жағдайындағы кәсіби стрестің туындауына ғылыми-теориялық негіздемелермен толықтырылады.

2-тарауда педагогтардың кәсіби стреске ұшырау себептерін тәжірибелік зерттеуді ұйымдастыру мен оның әдістемелік негізделуі сипатталады. Педагогтардың кәсіби стреске ұшырау себептерін анықтауға арналған әдістемелер бейнеленіп, тәжірибелік жұмыстардың қорытындысы көрсетіледі.

Қорытындыда теориялық және практикалық ізденістерден шығатын тұжырымдар көрсетіліп, ұсыныстар беріледі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 60 отандық және шетелдік әдебиеттер мен диссертациялардан тұрады.

Қосымшада жүргізілген әдістемелер мен тәжірибелік қорытындының көрсеткіштері бейнеленеді.

1 тарау. ЖОО жүйесіндегі өзгерістер жағдайындағы кәсіби стреске ғылыми-теориялық сипаттама (негіздері)

1. 1. Психологиядағы кәсіби стрестің зерттелу жағдайы, зерттелу бағыттары туралы түсінік

Санамыздан мықтап орын алған әлеуметтік-психологиялық және экономикалық өзгерістерде көрініс тапқан көкейкестесті мәселелерімізбен бірге ХХІ ғасырға да еніп барамыз. Жұмыссыздықтың өршуі, отбасылық қатынастардың тұрақсыздануы, зорлық-зомбылықтың жүгенсіз насихатталуы, әлеуметтік-экономикалық жағдайымыздың тұрақсыздығы, оқу орындарындағы жүйелердің өзгерістерге енуі қоғамның жүйкесіне әсерін тигізіп, адамдар (оқытушылар) арасында әртүрлі аурулардың белең алуына жағдай жасап отыр. Бұл өз кезегінде кәсіптік стрестік жағдайды үдете түсуде.

Соңғы онжылдықта адамның кәсіби өміріндегі стресс мәселесін анықтау қолданбалы психологиялық зерттеу аймағында, сонымен қатар еңбек психологиясы және ұйымдастыру психологиясы салаларында ең маңызды орындарды алады. Ол кәсіби стрестің дамуы қоғамның әртүрлі сферасында еңбектеніп жүрген мамандардың денсаулығына және еңбек тиімділігіне үлкен зардабын, кері әсерін тигізуен байланысты [7; 11; 12. ] .

Көп жағдайда бұл адамзаттың қазіргі қоғамда дамуына сай көптеген еңбек түрлерінің мазмұнының өзгеруімен және еңбек жағдайының жоғары динамикалылығымен ұшырасуымен байланысты. Сонымен бірге, ұйымның жұмысшының ішкі ресурстарына сәйкес емес персонал функциясын анықтайтын мазмұнды контексттер мен жұмыс мөлшерінің интенсивтілігі жалпы өндірістік жағдайлардың стрессогенділігін көтереді, ал ол өз заңдылығына сәйкес, еңбек қысымшылығының көтерілуіне, индививдуалды және топтық мінез-құлықтың әрқилы ұйымдаспау формаларының туындауына, тұрақты кәсіби-жеке тұлғалық деформацияның дамуына, еңбекке жарамды жастағы адамдардың психосоматикалық ауруларға шалдығу санының өсуіне әкеліп соқтырады [7; 11; 12] . Айта кететін жайт, осындай жағдайларды кейбір жұмысшылар қатары жақсы өзіндік сезім мен жағымды эмоционалдық күйді сақтап, кәсіби дамуды жалғастырып, қиын жағдайдан шығу тәжірибесін жинақтайды [7; 11; 13; 14; 15. ] .

Осыған байланысты, кәсіби стресс еңбек жағдайының сипатына немесе кәсіби функциялардың сипатына тәуелді күй ретінде қарауға болмайды.

Стрестің спецификасы көптеген факторлармен негізделеді, соның ішінде психологиялық және әлеуметтік табиғат факторлары соңғы орынды алмайды. Нақты кәсіпкердің кәсіби стресінің өзіндік ерекшелігі мен көрінісі оның жеке тәжірибесімен, эмоционалдық-мотивациялық сферасының ерекшеліктерімен, когнитивті сипаттарымен, сонымен қатар еңбек әрекеті жүзеге асырылатын топтық және ұйымдық өзара әсер ету контекстімен де байланысты [7; 11; 12; 16. ] . Алайда, кәсіби стрестің мәселелігін өңдеуге арналған зерттеулер көлемінің көптігіне қарамастан арнайы еңбек әрекетінің түрін талдаумен байланысты және нақты ұйымдастырушылық жағдайда жүзеге асырылуына байланысты талдайтын эмпирикалық жұмыстар жеткіліксіз.

Ең көп таралған және ең күшті кәсіби стрестің көзі болып ұйымдағы инновациялық процестер жатады. Әртүрлі ұйымдастырушылық өзгерістер, оның көрінісі, ең алдымен, қызметкердің жаңа талаптарға және еңбек жағдайының мазмұнына бейімделу мүмкіндіктерімен тығыз байланысты және қазіргі ұйымның дамуына, олардың бәсекелестік күресте өмірге қабілеттілігін анықтайтын міндетті шарт болып табылады [2; 17; 18. ] .

Ұйымда қалыптасқан жаңа еңбек жағдайлары еңбекші-персоналдан үйреншікті функциялық стереотиптердің өзгеруі және инновациялық процестерді түсініп-сезіну қажеттілігіне қосымша күш жұмсауды талап етеді, ол кәсібиліліктің жоғарылауына және еңбек көрсеткіштерінің жемістілігіне әкелуі мүмкін немесе іс-әрекеттің дұрыс ұйымдастырылмауымен, соған байланысты жұмысшының денсаулығының бұзылуына соқтырады. Жаңашылдық қайта құру кезінде ұйымның персоналы айқын көрінетін кәсіби стресті басынан кешіреді, стресс жемісті де, деструктивті де формада бола алады. Егер еңбеккерлерге кәсіби стрестің жағымсыз көріністері айқын көрінсе, ұйымдастырушылық өзгерістердің тиімділігі төмендейді [7; 19; 20. ] .

1. 1. 1. Кәсіби стресті зерттеу бағыттары

Қазіргі кезде психологиялық әдебиеттерде мынадай бірнеше түсініктер қолданылады: еңбек стресі, жұмыс стресі, кәсіби стресс, ұйымдастырушылық стресс және т. б. Жұмыс және еңбек стресі түсініктері көп жағдайда нақты субъекттердің еңбек әрекетінің сипатымен байланысты, ал ұйымдастырушылық стресс түсінігі еңбек ұжымының толықтай ұйымның деңгейіндегі мінез-құлық ерекшеліктерімен байланысты. Кәсіби стресті талдау, ең алдымен, нақты қызметкерлер контингентінің кәсіби бағытына байланысты стрестің арнайы көрінісімен бағытталған. Сонымен қатар, «кәсіби стресс» термині осы түсініктердің барлығына ортақ, туыстас түсінік ретінде қолданылады [5; 7; 11; 21. ] . Қазіргі кездегі зерттеушілердің көзқарасына сүйенсек, кәсіби стресс бұл жұмысшы адамның ішкі ресурстары мен нақты еңбек жағдайларының ерекшеліктеріне сай сыртқы ортаның талаптары арасындағы дисбаланстың қорытындысы деп қарастырды [12; 22. ] .

Бұрынғы совет психологиясында ұзақ уақыт бойы басқа түсініктер, мәселен: функционалдық жағдай, қысымшылық, бейімделу сияқты түсініктер қолданылып келді [3; 23; 24; 25. ] .

Қазіргі кездегі кәсіби стрестің әртүрлі аспектілерін анықтауға бағытталған зерттеулер санының өсуіне қарамастан, кәсіби стрестің әртүрлі концепцияларын салыстырмалы талдау жасайтын еңбектердің көлемі аз [5; 7; 11. ] .

В. А. Бодров психологиялық және кәсіби стреске байланысты әртүрлі теориялар мен концепцияларды талдай отырып, стрестің мазмұндық сипатының екі жағын көрсетеді: біріншіден, процессуалды және реттеуші, екінші жағынан - пәндік және корреляциялық [7; 11. ] .

А. Б. Леонова кәсіби стресті анықтау бағыттылығын үш негізге бөліп-талдады: экологиялық, трансактты, реттеушілік [5; 22. ] .

А. Экологиялық бағыт

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорқыныш сезімінің психологиялық ерекшеліктері
Психологияда стресті зерттеу және студенттердің түрлі өмір жағдайларында кездесетін стрестік күйлер
Студенттердің түлғалық жэне кәсіби даярлығына психологиялық кеңес беру тәсілдерінің тиімді эсерін зерттеу
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Психологиялық стресстің негізгі ерекшеліктері
Оқушылардың мектеп ортасына бейімделу мәселелері
Медициналық психология пәні
Психологиялық қызметті ұйымдастыру мәселесінің теориялық зерттелуі және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарының айқындалуы
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Жоғары сынып оқушыларының стресске төзімділігінің гендерлік ерекшеліктерін зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz