Жас шамасына қарай дамуын кезеңдерге бөлу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Диференциалды ψ-ғы жас мәселесі сандық ген сапалық сипаттамасы

1. Жас шамасына қарай дамуын кезеңдерге бөлу

А) жастық жалпы сипаттамасы

ә) жас шамасына қарай даму кезеңдері ауысуының негізгі
механизмдері

2. Мектепке дейінгі шақтың ерте сәбилік, естиярлық жас кезеңдері

3. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының әдістері

4. Қазіргі советтік педагогикалық және жас ерекшелігі
психологиясы

5. Педагогикалық және жас ереешелігі психологиясының пайда болуы
және алғашқы дамуы

ЖАС ШАМАСЫНА ҚАРАЙ ДАМУДЫ КЕЗЕҢДЕРГЕ БӨЛУ

Жалпы сипаттамасы. Жасына немесе жас шамасына қарай даму барысы
деген не? Бұл сұраққа жауап адамның психикалық даму табиғатын түсінудегі
жалпы қарым-қатынасқа байланысты болады. Айтылып жүрген көзқарастардың
біреуі даму сатыларының өзгермейтіндігін, абсолютті болатындығын дәлелдеуге
келіп саяды. Жас жөніндегі мұндай ұғым психикалық дамуды табиғи биологиялық
процесс деп түсінумен бай-ланысты. Қарама-қарсы көзқарас — жас даму білім
мен дағдылардың жай жинақталуы ретінде ғана қарастырылады.
Совет психологиясы жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп Блонский
мен Л. С. Выготский тұжырымдаған қағидаларды әрі қарай дамытады. Тарихи
даму процесінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны
мен әдістері өзгеріп отырады және бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің
өзгерісіне әсер етпей қоймайды.
Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады
және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының
жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л. С. Выготский
жас шағы дамудың белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі, біршама
тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызы дамудың жалпы циклінде алатын орнымен
және дамудың жалпы заңдарының одан әр кез өзіндік көрініс табуымен
анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне етуде бұрынғы кезеңдерде болмаған
жаңа құры-лымдар пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып,
өзгеріп отырады.
Жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұл —
әрі балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі
айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен
іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері.
Жас шамасына қарай даму кезеңдері ауысуының негізгі ме-ханизмдері. Жас
кезеңін айналасындагылармен қарым-қатынас жасаудың деңгейі бөлімдердің,
тәсілдердің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды. Д.
Б. Элькониннің көрсеткеніндей, даму процесінің осы екі түрліше жақтарының
арасындағы өзгеріс келесі жас кезеңдеріне өтудің өте маңызды ішкі негізін
(қозғаушы күшін) құрайды. Мысалы, баланың ерте сәбилік шағындағы сыртқы
болмыспен байланысы оның үлкендерге қарым-қатынасы арқылы дәнекерленеді.
Нақ осындай қарым-қатынастар жүйесі негізінде бала белгілі бір дағдыларды
игереді, онда қарапайым дәрежедегі ұғымдар қалыптасады, үлкендермен қарым-
қатынас жасау тәсілдері байланысады, тілі жетіледі т. с. с. Осының бәрі
баланың дербес іс-әрекеттер жасау мүмкіндігінің кеңеюіне, демек,
айналасындағылармен қарым-қатынас жасау тәсілдерінің өзгеруіне негіз
болады. Ал соңғысы өз кезегінде психикалық дамудың онан арғы барысының
жағдайларын өзгертеді (мысалы, бала сәнді болмысты өзі-нің тікелей іс-
әрекеті арқылы да танитын болады). Баланың бұрынғы даму жетістіктері мен
тіршілік жағдайларын өзгерту жиынтығы оның айналасындағылармен өзара қарым-
қатынасының мазмұны мен тәсілдерін, үлкендердің оған де-гсн қарым-қатынас
формаларын өзгертуге оксіт соқтыратын осыған ұқсас жағдай (мүлдем басқа
дәрежедс болғанымен) жеткіншектік шақта пайда болады. Дамудың дағдарыс
кезеңдері деп аталатын кезеңдер тәрбие жұмысында өзгерген қарым-қатынастар
ескерілмей, қалыптасқан және айналасындағылармен өзара қарым-қатынас
жасаудың алдыңғы кезеңіне тән тәсілдер мен осы кезең барысында дами
бастаған балалар мүмкіндіктері арасындағы үйлесімділік бұзылған жағдайда
пайда болады. Баланың айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас
тәсілдері және оның кез келген психикалық іс-әрекетінің дәреже арасындағы
қарым-қатынас екі жацтан дамиды (демек, бүлінуі де мүмкін). Мәселен,
баланың іс-әрекет мүмкіндіктерін кеңейту, оның қажеттіліктерін өзтерту,
оның айналасындағыларға деген бүкіл қарым-қатынас жүйесінің өзгеруіне алып
келеді. Ал қарым-қатынастың жаңа жүйесінің өзі баланың іс-әрекетінің әрі
қарай дамуының негізі болады.
Бір жағынан, баланың өмірге деген қарым-қатынасының даму дәрежесі
және соның негізінде жасалынған мотивтер, екінші жағынан, іс-әрекет мазмұны
мен тәсілдері арасындағы белгілі бір сәтсіздік бастапқы оқыту
жағдайларында байқалып отырды. Балалар мектепке көп жағдайда дамыған
(қарапайым түрде болса да) танымдық мотивтермен, оқуға деген шын ықыласпен
келетін болды. Мектепте қолданылып жүрген оқытудың негізгі мазмұны мен
тәсілдері балалардың танымдық бағытына жауап бере алмады. Оқыту бала үшін
дәлелденбеген және іштен ой елегінен өткізбеген, ойлау әрекетін тым аз
талап ететін орасан көп таза техникалық жаттығуларды қамтыды. Бұл баланың
сол уақытта қалыптасқан мотивтік қарым-қатынастары мен
мүмкіндіктеріне сай келмеді. Осының нәтижесінде танымдық іс-әрекетке,
көп жағдайда оқу әрекетіне де қызығу төмендеп, кейде тіпті өшіп те қалатын.
Баланың өмір сүру жағдайларының тәрбиелеу мен оқыту формаларынын,
өзгеруі жас шамасына қарай даму кезеңдерінің ауысуын анықтайтын маңызды
фактор болып табылады. Балабақшадағы оқыту сабақтары, мектепке даярлау
жұмысы мектепке дейінгі лас шақтарының шекарасы мен мазмұнын айтарлықтай
өзгертті. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер тәжірибе мен неғұрлым
жетілдірілген программа бойынша оқыту нәтижелері оқу процесін белгілі бір
түрде ұйымдастырып, оқыту мазмұны мен әдістерін қайта құрған жағдайда
бастауыш класс оқушыларының жас ерекшеліктері елеулі өзгеріске түсетінін
көрсетіп отыр. Атап айтқанда, олардың ойлау әрекетінің алғашқы теориялық
формалары дамып, оқу іс-әрекетінің неғұрлым жоғары дәрежесіне қол жетеді.
Сондықтан соңғы кезде педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясында
педагоги-калық критерийлерге негізделген кезеңдерге бөлу жиірек қол-
данылады. Мектепке дейінгі шақтың ерте сәбилік, сәбилік, естиярлық және
ересектік жас кезеңдері (кейде бұл кезеңдерді ерте сәбилік шақ,
балдырғандық және мектепке дейінгі шақ деп атайды) бала-бақшадағы
топтарға сәйкес (үш жасқа дейін — ерте сәбилік шақ тобы; кішкентайлар тобы
— балалар өмірінің төртінші жылы: естиярлар тобы — бесінші жыл;
ересектер — алтыншы жыл және даярлық тобы — жетінші жыл) бөлінеді. Оқыту
мен тәрбиелеудің негізгі кезеңдеріне және олармен байланысты оқушылардың
даму ерекшеліктеріне сай мектептік шақ үш кезеңге бөлінеді: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар психологиясының даму тарихы, теориялар туралы негізгі түсініктер
Бала психикасының дамуындағы сензитивтік кезең
Даму психологиясының пәні мен міндеттері
Балалар психологиясы ғылымының теориялық негіздемесі
Балалар психология пәні
Жас ерекшелік психологиясының негізгі мақсаттары мен міндеттері
Оқыту процесінде балалар дамуының педагогикалық шарттары мен заңдылықтары
Оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Бала психикасы дамуының қозғаушы күші
Әртүрлі жас кезеңдеріндегі қарым-қатынастың ерекшеліктері
Пәндер