Әбу Насыр әл-Фараби – ХХІ ғасыр айнасында

(Анель Әзімханның Әл-Фарабидің философиялық тартуы кітабы жайлы ойлар)
Қазақстан Республикасының 15 жылдығы қарсаңында Алматы қаласы әкімшілігінің
бастамасымен, ұлы ғалым Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн
Узлаг әл-Фараби ат-Түрки дүниетанымын тұтастай талдауға арналған кітап
жарық көрді.
Автор Анель Ағынқызы әл-Фараби дәуіріндегі исламдық мәдениет жетістіктерін
және ғалымның өзінің ғылыми, философиялық ойдың дамуына қосқан үлесін
бедерлейді. Суреттеме мейлінше терең әрі ойландырарлық болып шыққан. Әл-
Фараби энциклопедизмі ғаламның ұлылық суретін ашу үшін қызмет етеді.
Мұндағы құбылыстар арасындағы байланыс ай асты және ай үсті әлемінің барлық
деңгейлерінде, ғылым мен адамзат еңбегінің бар салаларында қамтылады. Әл-
Фараби еңбектерінің ішіндегі Мінсіз қала тектес мейлінше әйгілісі –
Музыканың үлкен кітабы. Әл-Фарабидің Музыканың үлкен кітабындағы терең
теориялық жайттар, кітапта көрсетілгендей, дерекнамалық және өнертанушылық
маңызға ие.
Кітаптың аты әл-Фарабидің философияға деген көзқарасымен сабақтас. Ойшыл
үшін философия – даналықтың даналығы, ғылымның ғылымы. Ой мен әрекет
арақатынасы оның философ теорияландырушы ғалымнан гөрі адамгершілік заңын
ескеретін адам болса керек деген сөздерінен көрініс тапқан.
Ғылыми басылым болғанына қарамастан, автор тұжырымдары республикамызда және
одан тыс жерлерде Әбу Насыр тұлғасына немқұрайды қарамайтындар үшін
қызықты. Біздің ойымызша, автордың ислам мәдениеті мен ежелгі өркениет
байланысын айқындау тұрғысындағы тарихи оқиғалар мен адамзат ойының
өркендеуін сабақтастықта қарастыруы ұтымды шыққан.
Кітап беттеріндегі ислам мәдениетінің әлем тарихындағы елеулі орны туралы
ой ерекше қуатпен көрініс тапқан. Бұл аталған мәселенің қазіргі терроризм
мен ислам жөніндегі арналар көлеңкесінде қалып қоюымен де мәнді. Кітаптың
бүкіл құрылымы ислам негізі, оның рухани күш-қуаты мен пәлсапасы терең
адамгершілік мағынасына ие деген ойды желі етеді. Кітап астарында Таяу
Шығыста болып жатқан қайғылы оқиғалар тудырған дерт қылаң береді.
Жазушы Араб халифатының рухани, саяси және экономикалық дәйектерін
зерделейді. Ислам мәдениетінің діни-рухани ұстанымдары осы өркениеттің
бірінші мейлінше мәнді сипаттамасы екендігін автор дұрыс аңғарған. Ислам
мемлекетіндегі барлық негізгі институттар мен қоғамдық құндылықтар Құран
метафизикасынан бастау алған. Мұхаммед араб тайпаларының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz