Жасуша ядросы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

Тақырыбы: Жасуша ядросы

Орындаған: Мырзабеков Асқар
Қабылдаған: Құдайбергенова Г.

Шымкент 2009 ж.
Жасуша ядросы

Ядро. Ядро-өсімдіктер мен жануарлар жасушасының тұрақты бөлігі.
Ядросы толық жетілген организмдерді эукариоттар, ал ядросы жетілмеген
организмдерді прокариоттар деп атайды. Грекше “карион” ядро деген мағынаны
білдіреді.
Ядроның құрылысы күрделі. Оның қатысуымен жасушада өте маңызды
тіршілік процестері жүзеге асырылады. Ядроның сыртын әрқайсысы үш қабаттан
тұратын екі мембрана қоршайды (45-сурет).
Ядро мембранасы құрылсы жөнінен цитоплазма мембранасына ұқсас және ол
эндоплазмалық тормен тікелей байланысады (46-сурет). Жасушаның бөлінуі
кезінде ядроның мембранасы жойылып кетеді де пайда болған жас жасушаларда
қайтадан қалпына келеді. Оның мембранасы шалаөткізгіштік қасиетке ие.
Жасушалар ядросының санына қарай бір ядролы және көп ядролы болып бөлінеді.
Омыртқалы жануарлардың бауыры, сүйек, бұлшық ет ұлпалары және қарапайымдар
көп ядролы болады. Ядроның құрамы күрделі, онда тірі организмнің тұқым
қуалайтын белгілері мен қасиеттерін сақтайтын хромосомалар, ядро шырыны,
ядрошық, РНҚ және т.б. құрамдас бөліктер болады.


46-сурет. Ядро цитоплазма және эндоплазмалық тор мембраналарының байланысы:
1-эндоплазмалық тор; 2-Гольджи жиынтығы; 3-ядрошық; 4-кариоплазма

Жасушаның тіршілігіне байланысты ядроның құрамы, қызметі, пішіні
мен мөлшері өзгеріп отырады. Жасушаның тіршілік циклі екі кезеңге бөлінеді:
ә)екінші циклі – ядроның бөлінуге дайындық кезеңі, оны интерфаза деп
атайды. Енді бөлінбей тұрған кездегі жасуша ядросының құрамдас бөліктеріне
тоқталайық.
Ядро шырыны – ядро қабықшасының ішіндегі қуыстарды толтырып тұратын
қоймалжың зат. Оның құрамында нәруыздар, нуклеин қышқылдары мен көмірсулар
болады.
Клетканың ядросына тән үшінші құрылым – ядрошық. Ядрошық – ядро
шырынында орналасқан тығыз, дөңгелек денешік. Әр түрлі клеткалардың
ядроларында, сондай-ақ бір клетканың ядросында функциялық жағдайына қарай
ядрошықтардың саны 1-ден 5-7-ге дейін, кейде одан да көп болуы мүмкін.
Ядрошықтардың саны жинақтығы хромосомалар санынан көп болуы мүмкін; бұл р-
РНҚ синтезіне жауапты гендердің таңдамалы редупликация есебінен болатын
жағдай. Ядрошықтар бөлінбеген ядроларда ғана болады, митоз кезінде
хромосомалардың шиыршықталуынан және бұрын түзілген барлық рибосомалардың
цитоплазмаға шығуынан ядрошықтар жоғалып кетеді де, ал бөліну аяқталғаннан
кейін пайда болады
Ядрошық ядроның жеке дербес құрылымы емес. Ол р-РНҚ құрылысы
кодталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәнекер тіндері
Шеміршек. Жасқа байланысты гистологиясы
Шеміршек регенерациясы
Ядроның құрылымы
Генетикалық инженерияның жаңа бағыты – клондаудың мәні мен маңызы
Жеке гистология
Гольджи аппарты, құрылысы және қызметі
Аналықтың құрылысы
Шеміршектің жасқа байланысты өзгеруі
Балдырлар классы
Пәндер