Психологияда стресті зерттеу және студенттердің түрлі өмір жағдайларында кездесетін стрестік күйлер


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Психология және педагогика магистратурасы

Психология және педагогика кафедрасы

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Психологияда стресті зерттеу және студенттердің түрлі өмір жағдайларында кездесетін стрестік күйлер

Орындаған: Қуанжанова Құндыз Түгелбайқызы

Ғылыми жетекші: Жукенова Гүлпара Балтабайқызы

психология және педагогика кафедрасының

доценті, п. ғ. к

Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі, п. пс. ғ. д., профессор

Калюжный Анатолий Афанасьевич

Ақтөбе, 2011

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

I ТАРАУ. ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ СТРЕСС ТУРАЛЫ ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨМІРІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН СТРЕСТІК КҮЙЛЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Қазіргі психологиядағы стресс туралы жалпы түсінік, зерттеулер, теориялар және модельдер . . . 9

1. 2 Студенттік шақтың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері және студенттердің жоғары оқу орнына бейімделуі . . . 28

1. 3. Жоғары оқу орнындағы студенттердің өмірінде кездесетік стрестік күйлер . . . 42

II ТАРАУ. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ СТРЕСКЕ ҰШЫРАУ СЕБЕПТЕРІН ТӘЖІРИБИЕЛІК ЗЕРТТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕЛУІ

2. 1. Студенттердің стреске ұшырау себептерін анықтауға арналған әдістемелерді пайдаланудың мазмұны . . . 55

2. 2. Студенттердің стреске ұшырауын анықтау үшін жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың қорытындысы . . . 60

2. 3. Студенттердің стрестен шығу үшін жүргізілген жұмыстардың әдістемесі . . . 79

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 86

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 88

ҚОСЫМША . . . 92

КІРІСПЕ

Өзектілігі

Елбасымыз айтқандай, «білім беру - біздің дамуымыздың негізгі факторы. Білімді, сауатты халық - XXI ғасырдың адамзат тарихындағы дамудың негізгі қозғаушы күші. Қазір талантты, өз-өзіне сенімді, өз алдына мақсат қойған және осы мақсатты жүзеге асыра алатын ерік-жігерлі адамдардың ғасыры. Біз жаңа ғасырдың талаптарына тез бейімделіп, қатаң бәсекелестікке дайын болуымыз керек. Жастар - жаңа идеяларға толы, болашақты ойлайтын ұрпақ» - деп қазіргі студент жастарымыздың болашағынан үміт артуда [1] .

Болашақ маманның оқу әрекетіне алғаш күндерінен-ақ сәтті қабылдануының алғышарты, кәсіби-білікті, тұғырлы азамат ретінде қалыптасуы, жеке тұлғалық дамуы, жоғары оқу орнындағы оқу процесінің алғашқы кезеңдеріне бейімделуімен байланысты. Оның күрделігі мынада, яғни, студентте жеке тұлғалық құндылық-танымдық бағдар қайта құрылады, танымдық әрекеттің жаңа тәсілдері игеріледі, тұлға аралық байланыстар және қарым-қатынастардың жаңа түрлерімен формалары қалыптасады. Студенттегі бейімделу процесі неғұрлым тиімді жүрсе, психологиялық комфорт, жоғары курстарда оқу мотивациясы, оқу әрекетінің мазмұны және бағыты соғұрлым тиімді болмақ. Жоғары оқу орнында оқу студенттердің белсенді бейімделуімен шартталған. Жоғары оқу орнындағы білім беру процесінің оқудағы бейімделу ерекшеліктерін қарастырған ғалымдар: И. А. Зимняя, В. Я. Ляудис, С. Л. Смирнов, В. А. Якунин т. б [2, 3, 4] .

Қазіргі таңдағы соңғы зерттеулер көрсеткендей, студент кез-келген жоғары оқу орнына түсу барысында, жоғары мектепке сәйкес жаңа спецификалық факторлар кешеніне бейімделуі керек. Оған қоса, соңғы жылдардағы оқу іс-әрекетінің мазмұны, талаптарының өзгергені соншалық, бейімделу механизмдері барлық қиыншылықтарына төтеп бере алмауда. Ал, ол өз кезегінде бейімделу процесінің әлсіреп нәтижесінде тоқтап, стрестік түрлі салдарға әкелетіні әбден анық [3, 5, 6, 7] .

Стресс мәселесі ХХ ғасырдың психологиядағы, физиологиядағы, медицинадағы, өндірістік сферада өріс алған ең ауқымды мәселелердің бірі. Мұның бәрі қазіргі адамзаттың студенттік, кәсіби, жеке өмірінде жиі туындайтын қиын жағдайлармен тікелей байланысты, яғни тұлға өзінде қалыптасқан энергиясын (стрестің физиологиялық механизмінен туындаған) толыққанды іске асыра алмай, содан бұл энергия жеке тұлғаның өзіне кері әсерін тигізеді, бұл адамда дистресс механизмінің қалыптасуына итермелейді.

Стрестің және дистрестің қалыптасуының ғылыми теориясына келсек, бұл ұғымдарды алғаш енгізген канадалық физиолог Г. Селье (1936 жыл) «Бүкіл ауру стрестен!» деген стрестің универсалды формуласын ұсынған. Ол: «стресс - өмірдің тек жағымсыз жағдайы емес, ол қандай да болсын жағдайға ағзаның стереотиптік, филогенетикалық қорғаныштық, бейімделушілік реакциясы» - деген [8, 9] .

Ғылым мен техниканың дамуы, оқу кезеңінде студенттердің игеруіне әкелетін ақпараттар көлемінің өсуінен тұрады. Білікті мамандарды дайындау ең алдымен оқыту технологияларды, оқыту бағдарламалар мен ғылыми-әдіснамалық қорларды жетілдірумен жүзеге асатыны белгілі. Бірақ, осындай міндеттерді сәтті шешу, студентті кәсіби дамыту үшін, оқу жоспарын игеруіне жағдай жасауға байланысты міндеттерді орындауға байланысты.

[10, 11, 12, 13, 15, 16, 17, 18] .

Денсаулықтың психикалық және физикалық қорларының таусылуы, мазасызданудың жоғары деңгейі, қорқыныш - мұның барлығы студенттерде стрестік жағдайды тудырмасына ешкім кепіл бере алмайды. Әдебиеттердегі мәліметтерге сүйенсек, стрестін екі түрі бар, қандай жағдай болмасын, ағзаның бейімделіп, жұмылдандырылуына әкелетін жағымды жағын эустресс (студенттерді ниеттендіреді), ал психологиялық ауыртпалық, қайғы, бақытсыздық, әлсіздікке әкелетін түрін дистресс (студенттерде мазасыздық, депрессия секілді күйлермен шартталған ) деп көрсеткен [ 19, 20, 21, 22] .

Бүгінгі таңда әлемдік психология ғылымы мен практикада стресс мәселесін зерттеуге деген қызығушылықтың жоғарылағанын байқауға болады.
Стрестің эмоционалды, мінез-құлықтық деңгейлерінде өткізілген әдебиеттерге теоретикалық-тәжірибиелік зерттеулерге арналған жұмыстарды Л. А. Китаева-Смык, М. А. Новиков, Э. Л. Носенко, В. М. Снетков, Ю. Л. Ханин еңбектерінен көруге болады [23, 24, 25, 26] .

Стрестің әлеуметтік-психологиялық мәселесін түрлі феномендерін зерттеп, доминант стрессорларға негіздеген В. А. Бодров, В. А. Ганзен,

Л. С. Кондратьева ғалымдарының жұмыстарында дамыды [23, 24] .

Стресті зерттеуде П. К. Анохин, Г. Н. Кассиль, Т. А. Немчин және К. В. Судаков еңбектері оның кешенді талдау барысында физиологиялық, психологиялық, психифизиологиялық және әлеуметтік-психологиялық деңгейлеріне бөліп қарастыруды ұсынса [23, 24, 27], Р. Лазарус психологиялық стрестің когнитивті теориясының негізін қалаушысы [23, 24, 29, 30] .

В. А. Бодровтың стреске арналған жұмыстары келесідей моделдер мен теориялар негізінде көрініс тапты: генетикалық - конституционалды теория, стресске алдын ала қарсы тұру моделі, З. Фрейдтің теориясына негізделген психодинамикалық модель, стресстің пәнаралық моделі, конфликт теориясы, стрестің әлеуметтік - психологиялық стимулдарға негізделген мінез - құлықтық моделі, стресстің жүйелік моделі, стресстің интегративті моделі [4, 6] . Стресті мазасызданумен байланыстырған ғалымдар: К. Г. Юнг, Ч. Д. Спилбергер, Березин, Х. Басовитс т. б [23, 24, 31, 32] .

Қоғамның қазіргі даму кезеңінде студенттер арасында стрестік күйлердің жоғарылағанын байқауға болады. Жоғары оқу мекемелеріндегі білім алу шарттары іс-әрекеттің спецификалық түрлеріне жатқығуға болады, яғни, физикалық және психикалық ауыртпаушылықтардың көп болуы, уақыттын жетіспеушілігі, аз уақыт ішінде көп көлемді ақпараттарды игеру с. с

[17, 18, 20, 21, 33] .

Соңғы мәліметтер бойынша, қазіргі кездегі жоғары мектеп жүйесіндегі өзгерістер жағдайы стрестің көп тараған және негізгі көздері ретінде саналуды [10, 14, 17, 21, 32] .

Студент - мектептен кейін бірден немесе араға бірнеше жыл салып келген бозбала мен бойжеткендер. Студенттік шақ - өмір ағымының өзгеруі, бағалау жүйесі, пәндердің көбеюі, сессиялық кезеңдер, қаражат мәселесі, достық қарым-қатынас, махаббат және сексуалдық өмір, қызғаншақтық, ұялшақтық және қарым-қатынастың үзілуі секілді стрессорлардан тұратыны анықталған [20, 32, 34] .

Үздіксіз стресс - студент өмірінің серігі деген қағиданы растайтын көптеген зерттеулер бар. Студенттерді зерттей келе, Таубес және Коэн олардың стреске шалдығуы өтпелі кезеңдегі жасаралық проблемаларды шешумен байланысты дейді. Студенттік өмір студенттік қоғамдастықпен, түрлі көңілді шаралармен ассоцияланады. Көп студенттер үшін ол қайғысыз, көңілді күндер болып есептелінеді Басқалар үшін ол бар болғаны бейімделуді қажет ететін кезекті өмірдің өзгерісі [20] .

Осы құбылыстарды талдау әртүрлі қоғамдық практика аймағындағы оқу әрекетінің тиіміділігі үшін, әсіресе студенттердің кәсіби тұрақтану процесінде үлкен мәнге ие. Бүгінгі қоғам талабына сай студенттердің түрлі өмір әрекеттерінде кездесетін стрестік күйлердің негізінде стресс, стрестік күйлер, бейімделу мәселесін теориялық тұрғыдан шешу қажеттілігімен, жоғары оқу орны тәжірибиесінің өз дәрежесінде болмауы арасында қайшылық орын альп отырғандығына көз жеткіздік. Демек, біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты аталған қайшылықтың шешімін табудың психологиялық, педагогикалық шарттарын анықтау болып саналады.

Сонымен, енді жоғары оқу орнының табалдырығын аттаған студенттер өміріндегі өзгерістер кезінде кездесетін стрестің түрлерін зерттеу және оның көріну ерекшелігін көрсететін себептерін анықтау ғылыми жағынан да, практикалық жағынан да үлкен мәнге ие болғандықтан біздің жұмысымыздың зерттеу өзектілігіне айналды.

Зерттеудің мақсаты: жоғары оқу орнындағы студенттердің өмірінде кездесетін стрестік күйлерді теориялық тұрғыдан негіздеу және оны практика жүзінде дәлелдеу.

Зертеудің міндеттері:

1. Психология ғылымы мен практикасындағы стресс және стрестік күйлердің теоретикалық маңызын көрсету.

2. Студенттердің жоғары оқу орнына бейімделуіндегі қиыншылықтардың ерекшеліктерін сипаттау және талдау.

3. Студент өмірінде кездесетін стрестік жағдайларды анықтау.

4. Студенттердің өмірінде орын алып жатқан стрестік жағдайларды анықтауға арналған әдістемелерді ұйымдастырып, жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың қорытындысын шығару.

Зерттеу жұмысының объектісі: болашақ мамандардың кәсіби шыңдалу процесі.

Зерттеу жұмысының пәні: стресс және студенттердің түрлі өмірлік жағдайларындағы стрестік күйлер.

Зерттеу жұмысының болжамы: Егер де жоғары оқу орнында студенттерге арнайы бейімделу шаралары, стресті төмендететін жаттығулар жүргізілсе, онда студенттердің стреске шалдығу мүмкіндігі азайып, стреске тұрақтылық қабілеті жоғарылайтын еді.

Зерттеудің жетекші идеясы: жоғары оқу орнында кездесетін стрестік күйлерді алдын алуға бағдарлау, студенттердің кәсіби, тұлғалық дамуына негіз болады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: стресс және оның дамуы, бейімделу ерекшеліктері, студенттік шақ тұжырымдамаларын анықтайтын философиялық, психологиялық теориялар, студент өмірінде кездесетін түрлі стрестік күйлерді анықтайтын ғылыми тұжырымдар.

Зерттеу барысында біз алға қойған міндеттерді шешу барысында бір-бірін толықтыратын зерттеу әдістер кешенін қолдандық: сауалнама, модельдеу, тестілеу, әңгімелесу, бақылау, салыстырмалы талдау, констатациялық және қалыптастырушы эксперимент жүргізу, нәтижелерін статистикалық өңдеу, қорыту.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теоретикалық маңыздылығы:

  1. Стресс туралы ғылыми-теориялық мәліметтер жинақталды және стрестік күйлердің ерекшеліктері көрсетілді.
  2. Студенттердің жоғары оқу орнына бейімделуіндегі қиыншылықтардың ерекшеліктері сипатталып, жан-жақты талданылды.
  3. Студент өмірінде кездесетін стрестік жағдайлар анықталды.
  4. Студенттердің өмірінде орын алып жатқан стрестік жағдайларды анықтауға арналған әдістемелерді ұйымдастырып, жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың қорытындысы шығарылды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

Берілген мәселеге сәйкес ғылыми психодиагностикалық әдістемелер кешені құрастырылып, оларды жүргізу және математикалық-статистикалық өңдеу арқылы зерттеу объектісінің адекватты табиғаты сипатталды.

Студенттердің жоғары мектепке түсу барысындағы студент өмірінде кездесетін стрестік жағдайларды зерттеу үшін дайындалған диагностикалық және түзету әдістемелік кешендерін, әдістемелік ұсыныстарды психологиялық машықтың аналогиялық жағдайларын зерттеу кезінде қолдануға болады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

1 . Жоғары оқу орнындағы өмір жоғары стрессогенділігімен ерекшеленеді, себебі өмірдің күрт өзгерісіне бейімделу қажет.

2. Енді жоғары мектеп табалдырығын аттаған кешегі оқушылар мен бүгінгі студенттер оқудың басында бейімделу кезеңінен өтеді.

3. Студенттердің түрлі өмір жағдайларындағы стрестік күйлер, олардың ерекшеліктері және көріну белгілері.

4. Студенттерге стрестен шығу үшін жүргізілетін жұмыстардың ғылыми-әдістемелік тиімділігі.

Зерттеу жұмысының дәлелділігі мен негізділігі қорытындылардың әдіснамалық және теориялық қағидалар арқылы дәлелденуімен, зерттеудің ғылыми теориялар мазмұнына сай болуымен, кешенді әдіс-тәсілдердің пайдалануымен, зерттеу нәтижелерін тәжірибиелік-эксперимент арқылы тексеру және практикаға ендірумен қамтамассыз етілді.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

1-кезең (2009 ж., қыркүйек - 2009 ж., қаңтар) зерттеу мәселесі бойынша материалдар жинақталып, философиялық, педагогикалық, психологиялық еңбектерге талдау жасалынды. Жұмыстың ғылыми аппараты анықталып, эксперименталды ұйымдастыру әдістемесі жасалды.

2-кезең (2010 ж., қаңтар - 2010 ж., мамыр) зерттеудің теоретикалық концепциясы негізделіп, теориялық модель қалыптастырылды.

3-кезең (2010 ж., қыркүйек - 2011 ж., наурыз) психологиялық-педагогикалық диагностика және түзету жұмыстары бойынша арнайы әдістемелер кешені мен бағдарламасы өткізілді.

4-кезең (2011, наурыз - 2011, мамыр) тәжірибелік жұмыстың нәтижелері жүйеленіп, қорытынды жасалды. Жұмыстың әдістемелік тиімділігі тексеріліп, нәтижелері диссертацияның мазмұнына еңгізіліп, тиісті тұжырымдар жасалып, ұсыныстар берілді.

Зерттеуді сынақтан өткізу және тәжірибеге ендіру:

Зерттеу жұмысының мазмұны халықаралық және республикалық, университетішілік ғылыми-тәжірибелік конференцияларда мақала мен баяндама түрінде жарық көріп отырды. Олар: «Білім берудің әлеуметтік психологиялық мәселелері» атты халықаралық конференция (Саратов, 2010) «Ақтөбе қаласы жастарының өзекті мәселелері» атты қалалық ғылыми практикалық конференция (Ақтөбе, 2011), Психологическая сущность и особенности стресса как аффективного состояния человека (Ақтөбе, 2009), Студенттердің жоғары оқу орнына әлеуметтік-психологиялық бейімделу мәселелеріндегі қиыншылықтар (Алматы, 2009), Стресс және студент өмірінде кездесетін стрестік жағдайлар (Астана, 2010)

Зерттеу базасы : тәжірибиелік эксперименталды жұмыс Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университеті, тарих-филология факультеті, психология және педагогика мамандығының 1-ші және 4-ші курс студенттері.

Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 18 кесте және 9 суреттен, қосымшадан тұрады.

Магистрлік диссертацияның кіріспесіне - тақырыптың өзектілігі, мақсат-міндеттері, объектісі, пәні, болжамы, зерттеудің ғылыми жаңалығы және теоретикалық маңыздылығы, практикалық маңыздылығы, зерттеудің негізгі кезеңдері зерделенеді.

I -тарауда стресс мәселесіне ғылыми-теориялық сипаттама беріліп, жалпы психологиядағы стрестің зерттелу жағдайы, зерттелу бағыттары туралы ғылыми-теориялық талдау жасалынды. Жоғары оқу орнындағы студенттердің оқу орнына бейімделу ерекшеліктері, алғашқы оқу айларындағы стрестің туындауына ғылыми-теориялық негіздемелермен толықтырылды, студент өмірінде кездесетін стрестік жағдайлар анықталды.

II-тарауда студенттердің жоғары оқу жағдайларымен қанағаттануы, стреске тұрақтылық қабілеті, оқу стресінің көздерін анықтайтын тәжірибелік зерттеуді ұйымдастыру және оның әдістемелік негізделуі сипатталады. Арнайы өткізілген шаралардан кейін II-лік диагностикалық зерттеу жұмысы ұйымдастырылып, нәтижелері салыстырылды. Студенттердің стреске ұшырау себептерін анықтауға арналған әдістемелер бейнеленіп, тәжірибелік жұмыстардың қорытындысы көрсетіледі.

Қорытындыда теориялық және практикалық ізденістерден шығатын тұжырымдар көрсетіліп, ұсыныстар беріледі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 93 отандық және шетелдік әдебиетер, мақалалар мен авторефераттардан тұрады.

Қосымшада жүргізілген әдістемелер мен тәжірибелік қорытындының көрсеткіштері бейнеленеді.

I ТАРАУ. ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ СТРЕСС ТУРАЛЫ ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨМІРІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН СТРЕСТІК КҮЙЛЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Қазіргі психологиядағы стресс туралы жалпы түсінік, зерттеулер, теориялар және модельдер

Стресс түсінігін көптеген пән кешендерінің атап өтсек, биология, медицина, физиология және басқару ғылымдары, демография тіпті политологияның зерттеу пәніне айналған ғылыми базалық категорияға жатқызуға болады [34] .

Стресс концепциясы адамның мінез-құлығына, жанына және тәніне байланысты Сол себепті ол тек жаратылыстану ғылымдары емес, сонымен қатар, әлеуметтану, демография, политологияның салаларында мойындалды.

«Стресс» термині бастапқыда техникададан шыққан, бұл сөз сыртқы күшті анықтауға, физикалық объектпен қатар жүретін және оның мазасыздануына әкелетін, яғни, объект құрылымының уақытша немесе үнемі өзгеруін түсіндіруде қолданылды. Физиология, психология және медицинада бұл термин түрлі экстремалды әсерлерге жауап беру кезіндегі адамның күйін анықтау мақсатымен еңгізілді [22, 23] . Ең алғаш стресс түсінігі физиологияда кез-келген жағымсыз әсерлерге (Г. Селье) жауап беру кезіндегі организмнің өзіне тән емес реакциясын анықтау негізінде пайда болды. Кейін, индивидтің экстремалды жағдай кезіндегі физиологиялық, биохимиялық, психологиялық, мінез-құлық деңгейіндегі күйді сүреттеу үшін қолданыла бастады

[24, 35, 36, 37, 38] .

Қазіргі ғылыми әдебиеттерде «стресс» термині кемінде үш мағынасында түсіндіріліп отыр. Біріншіден, стресс, адамның мазасыздығы мен қозуына әкелетін сыртқы стимулдар мен жағдайлар деп анықталады. Бұл мағынада көбіне «стрессор», «стресс-фактор» терминдері қолданылады. Екіншіден, стресті субъективті реакцияға жатқызуға болады, бұл мағынасында ол мазасыздану мен қозудың ішкі психикалық күйін бейнелейді: бұл күйлер эмоция, адамның өзінде болып жатқан жеңу процесі мен қорғаныс реакциясы болып интерпритациялануда. Мұндай процестер қызмет ету жүйелерінің қарқынды дамуына, сонымен қатар, психикалық мазасызданудың пайда болуына түрткі болуы мүмкін. Соңғысы, стресс алға қойған талапқа және залалды әсерлерге организмнің физикалық реакциясы ретінде көрінеді

[22, 23, 24, 39, 40] . Сонымен қатар өмірдің кеңістік көріністерінің көлемділігі және стрестің көрінуіне байланысты адамның индивидуалды ерекшеліктері, жағдайлары бұл түсініктің көпжоспарлы болуынан оны толық түсіндіре алмауы жатыр. Г. Селье айтқандай «стресс салыстырмалы теория секілді түрлі пікірлердің араласуынан яғни, мәселені жақсы біле отырып және сол уақытта оның жеткіліксіз түсіндірілуімен азап шегіп жатқан ғылыми концепция болып отыр» [22, 23] .

Стресс (stress - «қысым» деген мағынаны береді) термині ағылшын тілінен аударылған түрлі экстремалды әсерлерге организмнің жауап беру реакциясы

[ 35, 41, 42, 43] .

Қазіргі біздің кең таралған аффективті күйлеріміздің бірі стресс. Ол адамның эмоционалды сферасына шамадан тыс ұзақ уақыт психологиялық қысымның әсер етуімен түсіндіріледі. Стресс адамның әрекетін және оның мінез-қылығының қалыпты жүруін бұзады [31, 44] .

Стресс концепциясының қалыптасуы өзін түсіндіретін бір-бірінен ажыратылатын және бірін-бірі толықтырып әрі қарай дамытатын оның теориясы мен моделдерінде көрініс тапты.

Стресті қарапайым алғанда, тірі организмнің қоршаған ортаға табиғи бейімделуі деп қарастыруға болады. Бұл ұғым физиологияда XX ғасырдың 30 жылдары бір жақты биологиялық ұғым шеңберінен шығып, ғылымда және күнделікті өмір практикасында кең қолданысқа ие болды. “Стресс” сөзінің көмігімен біз әдетте, өзіміздің қателіктерімізді немес қиыншылық кездегі адекватсыз қылықтарымызды, күрделі эмоционалды реакцияларымызды, сонымен қатар әлсіреу, шаршау тіпті, ауруды сезінуде пайда болатын күйлерімізді түсіндіреміз. Бір таңқаларлығы, осындай қысқа термин қазіргі стрессті зерттеушілердің назарын аудартқан үш негізгі аспектіде бейнеленеді: (1) стресс адамның мінез-қылығын өзгеруіне және қосымша күшті талап ететін жағдай немесе оған сай келетін қауіп-қатер факторы ретінде; (2) стресс, тұтас спецификалық физиологиялық және психологиялық көріністі қосатын күй ретінде; (3) стресс, адамның денсаулығын және жұмысқа қабілетін бұзатын қатты қайғырулардың жағымсыз кейінге қалдырылған салдары [22, 23] . Бірақ, әрине мұндай түсініктердің көптілігі оның артында не тұрғаның көруге кедергі етеді.

Стресс концепцияларының алғашқы зерттеушілерді бірі франсуз физиологі К. Бернар. Ол эксперименталды түрде гомеостаз теориясының негізінде жатқан организмнің сыртқы ортаға тұрақтылығын ұстап тұру принципін өңдеді. Сыртқы ортаның үнемі өзгерісіне төтеп беру үшін организм өзгерістердің минималды диапазонына жібере алатын өмірлік маңызды қызметтердің өтуімен балансталынған режимды сақтап тұру қажет; қалыпты өмір әрекеттерін жасау үшін біз үнемі дененің температурасын, қан қысымын, жасушадағы осматикалық қысымды, қанның тұрақтылығын қамтамассыз етуіміз керек. Организмнің қалыпты бейімделуі және сыртқы әлемнің өзгерісіне белсенді әрекет етуі үшін табиғат бізді нейрогуморалды барьерлі және бөліну жүйелерімен қосылған күрделі реттеу механизмдерімен қамтыды [45] .

Гомеостаз (гр. homoios - бірдей, stasis - күй, жағдай) теориясын белгілі американ психофизиологі У. Кеннон жұмысында әрі қарай дамыды. Ол мінез-қылықтың бейімделудің қалыптасуындағы вегетативті нерв жүйесімен гормоналды реттеудің шешуші маңызын көрсетті. У. Кеннон алғаш болып тірі жанның күрделі жағдайға әсер ететін тұтас паттернді анықтайтын энергетикалық мобилизациясының гуморалды механизмдері мен пайда болатын эмоционалды реакция арасындағы байланысты ашып көрсетті. Бейімделу процестердің табиғатының дамуы стресс концепциясының құрылуына түрткі болды [37, 46] .

Дәрігерлердің стресске қызығушылығы Гиппократ (460-377 жыл б. д. д) уақытынан бастау алғанымен, тек өткен ғасырдың 20 жылдарында ғана У. Кеннон “психика - дене” тұтас жүйесінің бөлігі екенін ғылыми дәлелдеді. Ол көптеген стрессорлар - мысалы, өте қатты салқын, ауаның жетіспеушілігі, нерв жүйсін қоздыратын оқиғалар - эпинефрин мен норэпинефриннің (стресс гармондары) қарқынды өндірілуіне әкеледі және соның салдарынан стресс пайда болады деген болжам жасалынды [19] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эмоциялар мен ерік психологиясы
Әскери ұжымдағы қарым-қатынас
Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар жайлы
Жоғарғы оқу орны жүйесіндегі өзгерістер жағдайындағы кәсіби стресс
ЖАСТА СТРЕССТІ ЖЕҢУДІҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Әскери ұжымдағы қарым - қатынас сипаты және әскери қызметкерлердің тұлғалық ерекшеліктері
Қорқыныш сезімінің психологиялық ерекшеліктері
Сезім мен эмоция туралы
ЖЕТКІНШЕКТІК ШАҚТА СТРЕССТІҢ ӘСЕРІНЕН СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ОНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Психологиялық денсаулыққа әсер етуші факторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz