Жергілікті жердің планы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Жергілікті жердің планы

1. Жергілікті жердің планы. 16-суретті мұқият қарап шық. Ондағы көк
түсті ирек сызық - өзен; ағаштың суреті салынып қоршалған алқап - орман;
ұсақ қоңыр нүктелер - құм; көп қорапшалар - селодағы үйлер; үстіне ұсақ
дөңгелекшелер салынып, жасыл түске боялған жер - жеміс бағы. Олардың
бәрінің де мөлшері барынша кішірейтіліп көрсетілген. Жер бетінің қағазға
осылайша кішірейтіліп түсірілген нұсқасын план деп атайды (латынша планус
- жалпақ, тегіс).
Планға қарап, жер бетінің жалпы сипатын, ондағы заттардың орнын, бір-
бірінен ара қашықтығын дәл анықтауға болады.
Планда заттардың пішіні оның төбесінен қарағандағымен бірдей болады.
Сондықтан онда бір, екі және одан да көп қабатты үйлер бірдей болып шығады,
өйткені қағазға олардың тек қана алып жатқан орны сызылады.
2. Шартты белгілер. Пландағы заттарды бір-бірінен ажыратып тану үшін,
олардың үстіне жазып қою қажеттігі туады. Бірақ онда бүкіл сызбаны жазу
басып кетер еді де, мұндай сызбаны түсініп оқу өте қиын болар еді.
Сондықтан пландағы жер бетінің сипатын оңай елестету үшін оған шартты
белгілер қолданылады.
Шартты белгілердің суреті немесе түсі көп жағдайда планда бейнеленетін
заттардың ерекшелігін көрсетеді. Мәселен, жеке-дара ағаштың, жел
диірменнің, жол көрсеткішінің және басқа да сол сияқты көптеген заттардың
белгілері олардың нақты кескінін елестетеді. Жер бетін бірыңғай жауып
жататын немесе бір-бірімен тығыз байланысты объектілер тобы бірыңғай бояу
арқылы көрсетіледі. Мәселен, су айдындары - көгілдір, орман - жасыл, бұта
өсімдігі қаулап өскен жер үстіне белгі қойылған солғын жасыл, т.с.с.
бояумен боялады.
3. Абсолют және салыстырма биіктіктер. Планда жер бедерін бейнелеу үшін
жер бетіндегі нүктелердің биіктіктерін білу қажет.
Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар бар. Олардың қаншалықты биік
немесе аласа екендігін бірдей деңгейден есептеп қана білуге болады.
Ондай бастапқы деңгей ретінде мұхит немесе оның бөлігі болып табылатын
теңіз беті алынады.
Жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерге орналастыру жобасын әзірлеу
Суармалы ауыспалы егіс территориясын реттестіру
Кен орнының қорлары
Геодезиялық жұмыстар
ТІРКЕУ ЖӘНЕ ЖЕР КАДАСТРЫ Департаментінің КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ
Карьер көлігі жұмыстарының қауіпсіздік техникасы
Жерге орналастыру жобасы
Жерге ораналастыруды жобалау
Нұр Қожа шаруа қожалығының жерінің сипаттамасы
Теодолиттің құрылысы
Пәндер