Аффект сипаты, оның негіздері



ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1. ТАРАУ ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ АФФЕКТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Аффект сипаты, оның негіздері
1.2. Психоаналитикалық концепциядағы аффект мәселесіне шолу
1.3. Аффектінің адам өміріндегі алатын орны
1.4. Жас ерекшеліктеріне қарай аффектiнiң көрiнiс беру ерекшеліктері
1.5. Аффектінің психоаналитикалық концепциясын психологиялық дамыту

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе

1. тарау Психологиядағы аффектінің теориялық негіздері

1.1. Аффект сипаты, оның негіздері
1.2. Психоаналитикалық концепциядағы аффект мәселесіне шолу
1.3. Аффектінің адам өміріндегі алатын орны
1.4. Жас ерекшеліктеріне қарай аффектiнiң көрiнiс беру ерекшеліктері
1.5. Аффектінің психоаналитикалық концепциясын психологиялық дамыту

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Эмоциялар мен сезімдер адамдардың сырт
пішіндерінен жақсы байқалады: олар адамның мінез-құлқына және жағдайына,
сондай-ақ ішкі органдарының жұмыстарына да ықпал жасайды. Абыржу кезінде
біз жүректі қатты соққанын, қан тамыры соғуының жылдамдығын басымыздан
өткіземіз, біздің дем алуымыз қиындайды, қол-аяғымыз дірілдей басатйды,
кейде адамның ыстығы да көтеріліп кетеді, керісінше де болуы мүмкін,
маңдайдан суық тер шығады, қалшылдай бастайды, көзінен жас сорғалайды.
Сезім кісінің бет әлпетінен де, мимикасынан да көрінеді. Халықтың қанатты
сөздерінде: Адам жүзі жанның айнасы деп босқа айтылмаған.
Эмоцияны басқаларынан гөрі толықтай беретін біздің сөзіміз. Сөз тек ойды
білдіріп қана қоймай, сондай-ақ сүйіспеншіліктен бастап жек көрушілікке
дейінгі, үрейленуден бастап жеңіс қуаныштарына дейінгі әр алн сезімді
білдіреді. Эмоцияны әсіресе айқын білдіретін поэтикалық сөздер. Сөз ырғағы
да үлкен роль атқарады. Бір сөздің айтылуына қарай не қунашыты не ашуды
білдіруі де мүмкін. Бейтаныс шетел тілін тыңдай отырып, оны сөйлеп тұрған
адамның қандай көңіл күйде екенін ажырату да қиын емес.
Сезімді білдіруде өнердің әсіресе музыканың үлкен мүмкіншіліктері де бар.
Сөзге қарағанда музыка тыңдаушылардың көңілдері мен күйін ауызекі айтып
жеткізуге өте қиын терең сезімге бөлей алады. Сезім сырттай көрінуі
арқасында басқаларға оңай көшеді. Шындығында да жылап тұрған адамды
көргенде тіпті оның қайғысының себебін білмесекте біз де мұңайып қаламыз.
Керісінше көңілді шат адамды көргенде біздің де көңіл күйіміз көтеріледі.
Хайуанаттарда эмоция бар, бірақ та олардың эмоциясы қарапайым келеді.
Хайуанаттар эмоциясының сыртқы көріністері дыбыс және қимыл, қозғалыстары
арқылы беріледі. Егер байлаулы иттің алдында оның иесімен бірге бөтен адам
тұрса, онда ит біреуіне қыңсылап аяғына оралса, ал екіншісіне айбат шегіп
үреді. Маймылдың адам күлкісі мен жылағандығына ұқсас мимикасын да байқауға
болады.
Чарлз Дарвин маймыл мен адам эмоциясының сырттай көрінуінен көптеген
ұқсастықтар тапқан. Ол біздің кейбір эмоцияларымызды көрсететін
қимылдарымыз арғы бабаларымыз жануарлардың шабуылдары мен қорғаныстарының
сарқыны деп есептейді. Расында кейде қатты ашуланған кезде адамның
жұдырықтары еріксіз түйіле түседі, үрейлену кезінде ол кірпідей жиырылып,
тығылып қалғысы келетіндей, не қаша жөнелердей басын бұғады.
Зерттеудің мақсаты: Адам баласындағы аффектінің ерекшеліктерін қарастыру.

Зерттеудің міндеті:
- берілген тақырыпқа теориялық шолу;
- аффектінің адам өміріндегі сипатын ашу;
- аффектінің жас ерекшеліктеріне орай қалыптасуын негіздеу;
Зерттеу әдістері
- Ғылыми әдебиеттерге, арнайы оқулықтарға талдау жасау.
- Зерттеу тақырыбы бойынша ғыылми материалдарды жинақтау, жүйелеу.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы мен теориялық құндылығы арнайы
педагогиканың клиникалық негіздерін анықтау, олардың жүзеге асырудағы
ғылыми зерттеулердің қорытындысын талдау, жүйелеу.
Зерттеудің тәжірибелік құндылығы арнайы педагогиканың клиникалық
негіздерін анықтаудағы ғылыми зерттеулерді жүйелеу, дамудағы бірінші
кемшіліктердің себептерін анықтау, диагностикалау, реабилитациялау,
түзетудегі коррекциялық-педагогикалық процесті ұйымдастыруда маңызды болып
табылады.
Зерттеу жұмыстарының құрылымы кіріспеден, бір тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. тарау Психологиядағы аффектінің теориялық негіздері
1.1. Аффект сипаты, оның негіздері

Адам қабылдағанына істеген ісіне ойлағанына, армандарына немқұрайлы
қарамайды. Заттардың адамдардың әрекеттер мен оқиғалардың біреулері бізді
қуантса, екінші бірі мұңайтады, ал үшіншісі ашу шақырып, зығырданыңды
қайнатады. Қатерлі жағдайда тұрып біз қорқынышты сезінеміз, жауды мұқатып
жеңіске жету не қиын қыстау жағдайдан өту қуаныш пен шаттықа кенелтеді.
Алға қойған мақсатқа жету жолында да әрбір адам өмір сүре еңбек ете қойған
мақсатқа осындай және тағы да басқа көптеген әсерлерді бастан кешіреді.
Өзінің танып білгеніне және істеген ісіне адам қатынасының әсерлерін
сезім немесе эмоция деп атайды.
Сезім көзі өзіміз қабылдайтын, айналысатын заттардың және
құбылыстардың сапаларын туғызатын қажеттіліктер, талаптар мен тілектер
болып табылады. Біздің істейтін іс-әрекетіміз (оқу, еңбек, ойын) оның
жетістігі мен кемшіліктері де сезім туғызады.
Тұрмыстағы жай сөздерде түйсіну, сезіну деген ұғымдар араласып
жүреді. Біз сөйлегенде мен қорқынышты түйсінемін, ауырғанымды
сезіндімауырғанымды түйсіндім дейміз, оны дұрысында қорқынышты
сезіндім, ауырғанымды түйсіндім деуде қажет. Түйсік арқылы заттар мен
құбылыстардың сапаларын танимыз, ал сезім болса адамның ішкі көңілі мен
күйі, оның сол заттар мен құбылыстарға қатынасын көрсетеді.
Сезім барлық психикалық процестермен тығыз байланысты. Көптеген
жағдайларда сол прцестер сезімді туғызады да, ал сезім оларға өз тарапынан
ықпал жасайды. Сезім көзінің бірі түйсік болады, ал түйсітің бірі біздің
әсерлеріміздің ықпалымен жиі өзгеріп тұрады. Көңілі мен күйіне қарай адам
бір затты әртүрлі қабылдайды. Жыртқыш аңдар туралы әңгімелерден шошынған
бала, жай уақытта да еш нәрседен үрейленбей жүріп өтетін жерден, қараңғы
түссе шоғыр бұтаны қасқырға ұқсатуы да мүмкін. Эмоция адамның есімімен
тығыз байланысты. Біздің барлық алған әсерлеріміз яғни белгілі бір сезіммен
қабылдасақ, өзі бізде қандай да болсын бір сезім туғызады.
Адам қоғамдық тіршілік иесі. Сондықтан оның сезімдері әлеуметтік
сипатта болады. Сезімдер қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады. Бір-
біріне ұқсас оқиғалар мен фактілерді әр кезеңде өмір сүрген адамдар әртүрлі
бағалайды.
Оқу мен тәрбие жұмыстарында сезімнің қаншалықты маңызды екендіктері
педагогтың есінде болуы қажет. Мектеп оқушыларына немқұрайдылық туғызатын
сабақтан гөрі, оларда күшті жағымды эмоция туғызатын білім тез де баянды
игеріледі. Сабаққа үлгерімдері және тәртібі үшін мақтау алудан балада
әдетте жақсы сезім пайда болады, ол оқуын одан әрі күшейтуге жақсы ықпал
жасайды, құптамау, ұрсу мен жазалаудан әдетте оқушыларда жағмсыз эмоциялық
жағдай туады, сөйтіп осындай ренішті істі қайталамауға итермелейді.
Тәжірибелі мұғалім тиісті әдепті сақтай отырып балалардың жағымсыз
эмоциясын да пайдаланады.
Эмоциялар мен сезімдер адамдардың сырт пішіндерінен жақсы байқалады: олар
адамның мінез-құлқына және жағдайына, сондай-ақ ішкі органдарының
жұмыстарына да ықпал жасайды. Абыржу кезінде біз жүректі қатты соққанын,
қан тамыры соғуының жылдамдығын басымыздан өткіземіз, біздің дем алуымыз
қиындайды, қол-аяғымыз дірілдей басатйды, кейде адамның ыстығы да көтеріліп
кетеді, керісінше де болуы мүмкін, маңдайдан суық тер шығады, қалшылдай
бастайды, көзінен жас сорғалайды. Сезім кісінің бет әлпетінен де,
мимикасынан да көрінеді. Халықтың қанатты сөздерінде: Адам жүзі жанның
айнасы деп босқа айтылмаған.
Эмоцияны басқаларынан гөрі толықтай беретін біздің сөзіміз. Сөз тек ойды
білдіріп қана қоймай, сондай-ақ сүйіспеншіліктен бастап жек көрушілікке
дейінгі, үрейленуден бастап жеңіс қуаныштарына дейінгі әр алн сезімді
білдіреді. Эмоцияны әсіресе айқын білдіретін поэтикалық сөздер. Сөз ырғағы
да үлкен роль атқарады. Бір сөздің айтылуына қарай не қунашыты не ашуды
білдіруі де мүмкін. Бейтаныс шетел тілін тыңдай отырып, оны сөйлеп тұрған
адамның қандай көңіл күйде екенін ажырату да қиын емес.
Сезімді білдіруде өнердің әсіресе музыканың үлкен мүмкіншіліктері де бар.
Сөзге қарағанда музыка тыңдаушылардың көңілдері мен күйін ауызекі айтып
жеткізуге өте қиын терең сезімге бөлей алады. Сезім сырттай көрінуі
арқасында басқаларға оңай көшеді. Шындығында да жылап тұрған адамды
көргенде тіпті оның қайғысының себебін білмесекте біз де мұңайып қаламыз.
Керісінше көңілді шат адамды көргенде біздің де көңіл күйіміз көтеріледі.
Хайуанаттарда эмоция бар, бірақ та олардың эмоциясы қарапайым келеді.
Хайуанаттар эмоциясының сыртқы көріністері дыбыс және қимыл, қозғалыстары
арқылы беріледі. Егер байлаулы иттің алдында оның иесімен бірге бөтен адам
тұрса, онда ит біреуіне қыңсылап аяғына оралса, ал екіншісіне айбат шегіп
үреді. Маймылдың адам күлкісі мен жылағандығына ұқсас мимикасын да байқауға
болады.
Чарлз Дарвин маймыл мен адам эмоциясының сырттай көрінуінен көптеген
ұқсастықтар тапқан. Ол біздің кейбір эмоцияларымызды көрсететін
қимылдарымыз арғы бабаларымыз жануарлардың шабуылдары мен қорғаныстарының
сарқыны деп есептейді. Расында кейде қатты ашуланған кезде адамның
жұдырықтары еріксіз түйіле түседі, үрейлену кезінде ол кірпідей жиырылып,
тығылып қалғысы келетіндей, не қаша жөнелердей басын бұғады.
Эмоциялық жағдайлар адамның мінездері мен құлқын ерекше сезім сарынана
бөлеп азды-көпті ұзаққа созылатын, өте берік әсерлер туғызады. Кейде сезім
кенеттен пайда болып өте қарқынды өтеді, бірақ та біршама тез басылады. Осы
ұзаққа созылатын не қысқа әсерлерді психикалық не эмоциялық жағдайлар деп
атайды. Олардың қатарына көңіл мен күй, аффект, құмарлық стрестік жағдайлар
жатады.
Көңіл-күй деп біршама бәсең, бірақ та әдетте әжептәуір ұзағырақ,
психикалық процестер мен адамның барлық мінездері мен құлқында көрінетін
жалпы эмоциялық жағдайларды айтады. Кім болмасын көңіл күйі нашар көрінетін
болса ешбір негізсіз, көңілі жабырқап, не болса солған абыржып қалады. Осы
кездерде оған барлығы да тамаша болып көрінеді. Басқа көңіл күйде болса
көңілін бөлмейтін нәрсеге ол қуанады. Былайша алғанда мұндай жағдайлардың
себебін табу қиын секілді көрінеді.
Көңіл күйдің нашарлығы кездейсоқ кездесулерден не болмаса ағзаның
физиологиялық жағдайда тууы да мүмкін. Егер осындай жағдайда адамның дені
кәміл сау болса, өзен жағасына жазда келсе, суға шомылып салқындаса, ол
көңілсіз жағдайдан арылуы да мүмкін, ада болады. Көңіл күйді сергітіп
көтеріңкі ұстау үшін күн тәртібінің дұрыстығы, дене шынықтыру, су
процедуралары жақсы көмектеседі.

1.2. Психоаналитикалық концепциядағы аффект мәселесіне шолу

Кейде адамдарда психикалық жағдайлардың ерекше түрлері пайда болады, олар
тез өтеді, бірақ күшті және өте қарқынды өтеді. Бұлар аффектілер деп
аталатындар. Әдетте олар ашу шақыру не қаһар төгу сипатында болып, осындай
сезімдер билеген адамдар көбінесе өз бастарына өздері ие болмай қалады.
Иван Грозный патшаның өз ұлын өлітруі күштті аффектілік жағдайдың да айқын
көріністері бола алады. Осы көріністі суретші И. Репин Иван Грозный және
оның ұлы Иван картинасында бейнелейді.
Аффектілік жағдайдың тууы ми қыртыстарында күшті қозу бөліктерінің
болуымен байланысты. Осының салдарынан тежелу процесі бәсеңдейді және ми
қыртыстарының төменгі бөліміндегі орталықтарынан келіп жататын импульстер
тасқындарын бақылап, басып отыру мүмкіншіктерінен үлкен ми сыңарлары
қыртыстары айырылады. Сөйтіп ми қыртысының төменгі бөлімдерінің аралық
қажетті іс-әрекеттерінің тепе-теңдігі бұзылады, бірақ мұндай эмоциялық
қозулармен әрбір адам күресе алады. Мысалы, ашу қысқан сәтті сезе салып, өз
ойыңды әйтеуір басқа бір нәрсеге бөліп жіберуге тырысу да өте қажет. Бұл
аффектіні ең басынан жойып, жаңа басталған қозуға жедел, енді тоқтата
алмайтындай, қатты сезімге айналып кетпеуіне бөгет салуға көмектеседі.
Аффекті жағдайында келген мұғалімнің табанда оқушыларға жаза беруіне
болмайды, өйткені дәл сол уақытта педагог жазаны бір жақты әділетсіз шешуі
де мүмкін. Мұндай реттерде оқушыға Бара бер, саған қандай жаза қолдануды
ойланайын дегені жөн болады. біраз уақыт өткен соң мұғалім ағаттық істі
толығынан объективтік жағдайда бағалайды, тіпті тентектік істеген оқушыны
жазалаудың қажеті жоқ деп табуы да мүмкін. Жазаны күтіп жүрген оқушыда,
ағаттықты неге істедім деген ойға қалады. Мүмкін, осындай жіберілген ағат
істі мойындауға жеткізсе, онда жазалаудың да керегі жоқ болады ғой.
Кейде жаман баға алған оқушылар аффектілік жағдайға түседі. Мысалы, онда
бала өксіп жылай бастайды, баланың өзі-ақ өксігін басар деп кейбір
мұғалімдер оған көңіл бөлмейді. Осындай халдегі оқушыларға ізет жасаса
шынында да оның аффектілігі күшейе түсетін кездері болады. алайда көбіне
жақсы көретін мұғалімнің көрсеткін жылы шырайлы, бағаны түзету үшін
келесіде сабақ сұраймын деген уәдесі, баланы жұбатады, сөйтіп аффектілік
жағдайдан құтылады.
Психикалық жағдайдың ерекше түрі құмарлық болады, яғни қандай да болмасын
бір мүддемен, талаппен, іс-әрекетпен байланысты мықты болса да сонымен
бірге ұзаққа созылатын, берік сезім. Мысалы, адам ғылымға, музыкаға,
спортқа құмар болуы да мүмкін.
Жеке адамның психикалық және теңдік хал жайына кеселін тигізетін құмарлық
та адамдарда болады. олардың ішінен алкаголмен, наркотикпен, ойындармен
әуестенуді айтуға болады. егер адам өзін-өзі билей алатын күш пен қуат
тауып осы құмарлықтарын қоймаса, оның денсаулығы нашарлайды, тіпті өлімге
де жеткізуі мүмкін.
Кейбір құмарлықтар тұрақтылығы, ұзақтығы ерекше болып және аадмды
елістіргенімен біршама жайбарақат өтеді. Бірақ өте-мөте сезімдер қатты
білініп, пайда болған адамның өте терең күйзелуге салатын сезімдерде
болады. осныдай эмоциялық қалыпты психологияда стрестік жағдай деп атауда
қалыптасқан. Стрестер өте ауыр психологиялық жағдайда. Қауіп-қатер
төнгенде, іс-әрекеттің өте ауыр да жауапты кезеңдерінде әл мен қуатқа және
ақыл мен ойға салмақ түскенде пайда болады.

1.3. Аффектінің адам өміріндегі алатын орны

Аффект латын сөзі, қазақшалағанда жан толқынысы деген мағынада
қолданылады. Аффектілер деп ерекше күшті, тез пайда болатын және адамды
билеп кететін, қысқа мерзімді жүріп өтетін эмоциялық жағдайды айтамыз.
Мысалы, қуаныш, қорқыныш, қайғы және тағы да басқа аффектілерін атауға
болады. аффектілер негізінен күшті тітіркендіргіштердің әсерінен
(сөздермен, басқа адамдардың қылығымен, кейбір жағдайларда болады.
аффаектілер көптеген жағдайда кенеттен болады, бірнеше минут жүріп өтеді,
адамды тез арада билеп кетеді.
Аффект жағдайында адам елестету және ойлау қабілетін басқара алмай
қалуы да мүмкін. Сонымен қатар күшті эмоциялық қозу тез қозғалыстарда,
ретсіз сөйлеуде, жиі қатты дауыс шығару түрінде байқалады.
Адамның іс-әрекеті аффект жағдайында кенеттен сезімнің булығып сыртқа
шығуы түрінде іске асады. Кей жағдайда аффектілер тежелу жағдайы түрінде
және адам ағзасының әлсіреуі ретінде сипатталады. Мәселен, адам кездесоқ
қуанған жағдайда не айтарын білмей, аузына сөз түспей абдырып, сасқалақтап
қалады. Әсіресе осындай жағдай адамның кездейсоқ қуанышында, ашуы үстінде
жақсы аңғарылады. Кейбіреулер ашуланғанда көзім түк көрмеді, не
істегенімді білмедім дейді, бұл дұрыс емес, адам әруақытта да өз
қылықтарын, іс-әрекетін басқарып отыруға тиісті.
Аффектілер еріктің әлсіреген жағдайында пайда болады, өзін-өзі ұстай
алмаудың және өзін-өзі басқара алмаудың көрсеткіштері болып табылады. Әрбір
адам саналы құбылыс ретінде өзінің жеке басында кездесетін аффектіні алдын
ала болдырмауға, оның алғаш кезінен басып отыруға әрекеттенуі керек.
Тіпті аффектінің ең күшті сәттерінде адам өзін-өзі басқара білуі
қажет. Ол үшін ерікті күшейтіп, төмендегідей ерік сапаларын өзін-өзі
меңгере білуді, табандылықты қажет етеді. Бұл сапалар тәрбие және өзін-өзі
тәрбиелеу арқылы іске асады. Мысалы: Л. Толстойдың Соғыс және
бейбітшілік романындағы басты кейіпкерлерінің бірі Наташа Ростоваға ұрыс
даласында Андрей Балконскийді қайтыс болды деп кенеттен хабарлағанда,
Наташа Ростова ес-түсін білмей құлап қалады. Аффекті адамды тез арада билеп
кететін көңіл күй жағдайы. Мысалы, ондай сезімдерге ашу сезімдері жатады.
Халқымыз Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос, Ашу дұшпан жағына шығып
кетпе, ақыл-досыңды қолда қит етсе қызарақтап, қызыл кеңірдектікке
салынған көпке жеккөрінішті көрінеді. Сондықтан Бүгінгі ашуыңды ертеңге
қалдыр дейді халық нақылы. Аффектілердің жүйке жүйесі ауру адамдарда
байқалатын патологияның түрі болады. Бұл жерде аффектілік жағдайдың алдын
алу үшін оған сәйкес емдету қажет.
1.4. Жас ерекшеліктеріне қарай аффектiнiң көрiнiс беру ерекшеліктері

Эмоцияның психологиялық теориясы физиологиялық және соған байланысты
басқа да ғылыми зерттеулермен тығыз байланысты. Адам ағзасында болып жатқан
жағдайларды эмоциядан бөліп қарауға болмайды. Кей кездері эмоцияның
психологиялық және физиологиялық жақтары бір-бірімен қатарласа отырып, бір-
біріне түсініктеме бола алады.
Барлық эмоциялық жағдайлар адам организміндегі физиологиялық
өзгерістермен қатар жүреді. Психология ғылымындағы өзгерістерді эмоциямен
байланыстыра отырып, органикалық белгілер жиынтығы әр түрлі эмоциялық
жағдайлармен қатар жүретіндігін бірнеше рет қолға алынды.
Эмоциялар әр түрлі болып көрінгенімен тұлғасыз пайда болмайды. Адамды
қуантатын, қызықтыратын, мазасыздандыратын, өкіндіретін жағдайлар адамның
мінезін, мәнін, өзіндігін бейнелей алады.
Адам эмоциясы оның мұқтаждығымен тығыз байланысты. Осы мұқтаждық
прцесі, оның орындалуы эмоциямен беріледі. Адам эмоциясына қарай отырып оны
сол кезде қандай жағдайлар мазалап жүргенін білуге болады.
Адамдар эмоциялық өлшем бойынша бір-бірінен өзгеше болады: эмоциялық
желігу, эмоциялық мазасызданудың уақыты, тұрақтылығы, жағымды және жағымсыз
эмоциялардың басымдылығы жағынан әр түрлі болады.
Адам эмоциясы оның сол кезеңдегі қажеттілігінің орындалуына
байланысты болады. Оның эмоциясына қарай отырып, сол сәтте оны қандай
мәселе толғандырып отырғанын білуге болады.
Адамдар эмоционалдық тұлға ретінде бір-бірінен ерекше болады:
эмоциональдық мазасызданудың жағымды және жағымсыз эмоциялардың
құштарландыру уақыты, тұрақтылығы әр түрлі болады. Дамыған тұлғаның
эмоциялық ортасы сезімнің күшіне және тереңділігіне байланысты айрықша
болады.

Алаң да алаң, алаң жұрт... деген осы болды-ау, қазіргі заманғы орташа
қалыптағы адам-пенделердің күнделікті күйбең тірлігі тұнып тұрған стресс.
Ал, тележәшікте де, жұмыста да, дүкенде де, автобуста да айналаңдағылар
ғаламдық дағдарыс туралы жақ жаппай қақсап, сарнай берсе, әлгі стресс
дегенің ұлы дүрбелеңге ұласып, депрессияға ұшыратып, үрейіңді ұшырып,
жүйкенің жүдеушілігіне соқтырып, адам психикасының басқа да бұзылуларына
тап қылары анық. Ілгері озған батыс елдерінде мұндай жағдайларға жолыққан
жаны жабырқау жандар арнаулы мамандарға, яғни психологтарға,
психотерапевтерге, психо-аналитиктерге, психиатрларға барып кеңес алып
жатады. Ал, бізде ше?..
Кейбір психологтардың айтуынша, бұдан жиырма жыл бұрын, яғни Кеңес Одағы
уақытында көптеген отандастарымыз стресстің емін ащы судан тапты. Ал
қазіргідей, түрі түр жарым ғаламдық дағдарыс аулаңда асыр сап жүргенде өз
проблемаларын рөмкенің түбіне батырып, тұншықтыруға дәт ететіндер некен-
саяқ. Біріншіден, жұмысыздық етек жайып, еңбек нарығында бәсекелестік
шиеленісіп тұрғанда кәйіп-мастықтың бұлдыр тұманына сүңгіп, ғайып болатын
уақыт емес бұл. Екіншіден, Қазақстанның белсенді тұрғындары арасында арақ-
шарапты азайтуға бағытталған бетбұрыс байқалғалы біраз болып қалды...
Қысқасы, көңіліңдегі көлеңкелі кірбің сезіммен күресте ақаңның көмегіне
жүгіну бүгінгі таңда қол емес. Ал, дағдарыс тұсында түрлі жан тыншытып,
жүрек басатын, жүйке орнықтыратын дәрілік препараттардың айдарынан жел есіп
тұрғанға ұқсайды.
Дейтұрғанмен, жан күйзелісін қырық градустың уытымен басу немесе
таблетка жұту жолымен жеңу аса тиімді амал емес. Тап осы тұста жақында
бізде қонақта болған алматылық (Ақтаудан психологиялық кеңес беретін жеке
орталық табудың сәті түспеді.-М. Ә.) Ер-Арнар кризистік орталығының
психологы, Қазақстандағы психоанализді дамыту Қорының төрайымы Ирина
Терентьеваның пікірлерін тілге тиек етеміз:
– Бұл дағдарыс,-дейді ол - отандастарымыздың жан сырқаттарын ушықтырып
жібергендей, күн санап психологтарға жүгінушілер қатары көбейе түсуде.
Бізге күйеулері жұмыстан босап қалған, сосын депрессияға ұшырап, ішкілікке
бой ұрған, тіпті, отбасында ұрыс-төбелес шығаруға шейін барған жәбірленуші
әйелдер кейінгі кезде көптеп хабарласатын болды. Тәңір атқыр несие-
қарыздарын төлеу мүмкіндігі сарқылғандықтан жан күйзелісіне шалдыққандар
жиі-жиі қоңырау шалатын болды. Мәселен, бір әйелдің атына күйеуі қатарынан
үш несие толтырыпты да, артынан оларды өтеу мұңға айналғанда отбасын
тастап, тайып тұрыпты. Байғұс әйел қайтерін білмейді, басын тауға да, тасқа
да ұрады, жүйкесі әбден тозады, уайым-қайғыға көміледі, сөйтіп, өзінің
жанайқайын психологтарға жеткізеді. Кризистік орталықтарға мұң шағушылар
қатарының қаншалықты артқандығының дәл статистикасы әлі белгісіз, бірақ
шамамен 20-25 пайызға көбейгені анық дейді.
Ұдайы стресстің қысым-салмағына көнуге адамның жүйке-жүрегі шыдас
бермейді. Әуелгіде беймәлім үрей-үркініш пайда болады адамда, мазасыздық
белең алады, сосын ұйқыңның ұйқы-тұйқысы шығады, қан қысымы жоғары шапшиды,
жүрек дүрсілдейді, ентігуге жолығып, кеуде тұсыңда түсініксіз бір ауру бас
көтереді... Міне, осы ауруды көпшілігіміз жүрекке телиміз, дейді маман.
Егер адам жоғарыдағы жайсыздықтарды айтып қатардағы терапевт-дәрігерге
қаралса, оның ағзасынан адырайған ауру анықталмас та еді. Дәлірек айтқанда,
кез келген жаннан осы күнгі кең таралған гастрит немесе пиелонефрит табылуы
мүмкін, ал әлгіндей симптомдармен сипатталатын нақтылы ауруды таба қою
қиын. Өйткені, оның себебі былай – аталмыш проблема органикалық сипатта
емес, ол неғұрлым психологиялық реңкте. Сондықтан, адамның тәнін емес, бұл
ретте адамның жанын емдеу керек. Қысқасы, ондай депрессияға бой алдырып,
жаны күйзелген жанға миды магнитті-ырғақты томографиядан өткізудің немесе
толық кардиологиялық зерттелудің қажеті жоқ, оған ең керегі – әуелі
психологиялық ақыл-кеңес, жақындарының жылы қабағы, сосын білікті
психологиялық-терапиялық жәрдем.  
Балалар өте сезімтал және аурушаң болып келеді. Кез-келген маңызды
емес себептерге қажиды. Бұл әсіресе қиналған жағдайлар МДМ-ге ( Мектепке
дейінгі мекемеде ) барған кезде жүреді. Сондықтан баланы МДМ-ге ерекше
дайындау қажет.
Үлкен серпімділік ( тез дамудың темпін қамтамасыз етеді ).
Баланы ерте жастан оқыту процесін мөлшерден тыс қолдануға болмайды, бұл
баланың нервтік жүйесіне әсерін тигізеді. Бала белгілі бір уақытта білімді
игере алмайды немесе білімді сезінуді жоғалтады.
Оқытудың негізі баланың даму қабілетіне сай болу қажет:
- Өсу
- Қабылдау
- Есту және көру қабілеті
- Салыстыру
- Теңестіру
- Айқындау және т.б.
Физикалық және нервтік-психикалық дамудың өзара байланысы.
Жоғары бағытталған реакция ( білімпаз, білуге ынталану ) баланы
қозғалысқа итермелейді, сондай-ақ бұл баланың ақыл-ойына әсер етеді ( тек
қана көру емес, сонымен қатар ұстап көру және оның не, не үшін, неге т.б.
сөздерді түсінуге ).
Ерте жастағы кезеңде ерекше орынды ЭМОЦИЯ иемденеді.
- Олар тек қана бірқалыпты болу керек;
- Мұнда үлкендердің рөлі бағаланбайды;
- Бала эмоциясының ерте қалыптасуы: ата-анасымен, құрдастарымен және
т.б. адамдармен өзара қарым-қатынасы;
- Баланың эмоциялық ортасының дұрыс тәрбиеленуі, болашақта қоғамда
бейімделе алады;
- Бала ерте жаста тез сенгіш, еш мүлткісіз айтқандарға сенеді,
үкендердің көңіл-күйін жеңіл сезінеді және дауыс ырғағына әсер етеді.
- Тікелей байланыс жүргізіледі:
Қалыпты эмоцияның арасында, жақсы көңіл-күйде, жақсы физикалық дамуда
және жеке үйлесімді қалыптасуда.
Адамның қоғамдық қатынас жүйесіндегі орны мен әлеуметтік ортаның
ықпалының өзі, адамның жас ерекшелігіне орай қолданылады. Бұл, өскелең жеке
тұлғаны мақсатты бағытпен қалыптастыру жағдайын ұйымдастыруды қажет етуін
анықтайды. Адамның тұлға ретінде қалыптасуында жеткіншектік кезең маңызды
орын алады. Бұл жас кезеңінің, адамның тұлға ретінде қалыптасуындағы ерекше
маңыздылығы, 10-16 жастағы баланың дамуындағы саналы өзгерістерге
байланысты. Бұл жастағы бала, жаңа әлеуметтік тәжірибесін меңгеріп, жаңа
қоғамдық қатынасқа және байланысқа түсе бастайды. Қатынас жүйесіндегі
жеткіншектің орны өзгеруі, әрекеттің жаңа аспектілерінің дамуына
байланысты. Әрекеттің бұл жаңа аспектілері, осы жас кезеңінің ерекшелігіне
тән жаңа өзара байланыс, қарым – қатынас жүйесін тудырады.
Дегенмен, психикалық дамудың әр кезеңіндегі, жеткіншек үшін маңызды болып
әрекеттің негізгі типі саналады. Жеткіншектің тұлғалық дамуының қайнар
бұлағы негізгі әрекетпен ғана шектелмеген, сол негізгі әрекет оның бойында
маңызды өмірлік қажеттіліктерді қалыптастырып, өскелең ұрпақтың бейнесін
анықтайды.
Баршамызға мәлім адамзат биологиялық жан иесі болғандықтан бала дүниеге
келгенде әлеуметтік нормаға сай емес, яғни мүмкіндігі шектеулі екендігі
анықталып жатады. Адамзат дамуының өркениетті әрқашан бала жасының есеюіне
байланысты соматикалық, сенсомоторлық, эмоциналдық және психика жағынан
қалыс қалуы, әдетте жастық кезеңінен біліне бастайды. Оның себептері түрлі
факторларға байланысты, ең басты фактор әлеуметтік жағдай, экология,
ақпараттық, экономикалық, демографиялық, гигиеналық және ішкі биологиялық
ортаның салдарынан. Бала ана құрсағында жатқанда осы аталған
келіспеушіліктер ереже бойынша бала дизонтогенеза яғни қалыс қалып дүниеге
келуіне бірден бір себебін тигізеді. Баланың іште жатып даму кезеңіне
мидың зақымдануы, нерв жүйесінің, сезу органдарының, тірек қимылдарының,
зат алмасудың, инфекциялық, эндокриндік және анасында бар аурулардың
барлығы жүктілікті ауырлатады.
Әртүрлі патогендік ішкі және сыртқы факторлар өз әсерін тигізеді,
баланың функционалдық және морфологиялық нерв жүйесінің өзгеруіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аффект жағдайында жасалған адам өлтіру
«Жан күйзелісі жағдайында жасалған кісі өлтіру»
Аффект жағдайында жасалған адам өлтіру қылмысының құрамы және тергеу
Аффект жағдайында жасалатын қылмыстар
Өмірге қарсы қылмыстардың жекелеген құрамдары
Кісі өлтірудің жауаптылықты жеңілдететін түрлері
Аффект жағдайында кісі өлтірудің объективтік белгілері
Сезім мен эмоция
Аффект жағдайында болған адам өлтіру
Сезім мен эмоция жайлы
Пәндер