Қазіргі таңда Интернет ақпарат жеткізудің ең қолжетімді және жедел көзі
Қазіргі таңда Интернет ақпарат жеткізудің ең қолжетімді және жедел көзі
болып табылады. Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев өзінің
жеке блогында осылай деп жазыпты. Расында да, әзірге Интернеттен өзге дәл
осындай аса мол мүмкіндікке ие ақпарат алу-тарату құрылымы болмай тұр.
Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың
жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі
Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті
дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір
сала болса, ол - бүкілғаламдық желі - Интернет деп санар едім.
Оның өзі шығу тарихы да қызық. 1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер
серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі егер соғыс бола
қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады деп
есептеген. Ондай жүйені АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері
ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос-Анджелес, Юта және Калифорния
штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына
компьютерлерді бір-бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп
аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон
арқылы байланыстырады.
Содан соң ARPANET дамып-жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана
бастайды. 1983 жылы бұл атау Интернет деген ұғыммен алмастырылды. (Дерек
Википедия еркін энциклопедиясынан алынды).
Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша
1,5 млрд адамнан асыпты. Бұл - жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір
бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.
Интернеттің жеке-дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да
алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады
және зиянды мағлұматтарды да молынан ұшыратасыз. Бүкілғаламдық желіні кез
келген елде, кез келген компьютермен байланыстыра беруге болады, арнайы
желі, сымсыз байланыс (WІ-FІ), телефон, қалтафон т.б. арқылы.
Әрине, Интернетте мемлекеттік құпиялар немесе басқа да заңмен тыйым
салынған дүниелер жарық көретін болса, қай елден сондай ақпарат салынса,
сол ел жауапкершілікті мойнына алады.
Интернеттің пайдалы және зиянды тұстары
Әуелі пайдасы туралы айтсақ:
- Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео
материалдарды қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;
- Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz