Мұнай мен газды өндіру
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Бөлім. Қазақстан республикасының мұнай.газ секторын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Қазақстанның мұнай.газ секторын мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.2. ҚР.ның мұнай және газ өңдеу жөніндегі салалық бағдарламаның мақсаттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2 Бөлім. Мұнай мен газ өндірісті саласын жоспарлау негізі ... ... ... ... ... ... ...10
2.1. Мұнай жəне газ секторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.2. Мұнай мен газды өндіру ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.3. Мұнай мен газ өнеркәсібінің потенциалы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 15
3 Бөлім. ҚР.ның мұнай нарығының ағымдағы жағдайды талдау
3.1. Мұнай-газ саласында корпоративті менеджементтің даму негіздері ... .17
3.2. Мұнай мен газ өнімдерін тасымалдаудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ..21
3.3. Мұнай мен газды тасымалдау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Кіріспе
Мұнай-газ саласы еліміздің және оның жекелеген өңірлерінің дамуына маңызды әлеуметтік-эконикалық әсер келтіреді, шын мәнінде мемлекеттің бүкіл экономикасы үшін алға тартушы күш болып табылады, экономиканың басқада салаларының дамуына ықпал етеді. Өңір мен бүкіл мемлекет ауқымындағы анағұрлым маңызды әлеуметтік бағдарламалардың іске асуы мұнай-газ кешені кәсіпорындарының жұмысына байланысты.
Мұнай-газ саласының серпінді дамуы Қазақстанның бүкіл экономикасы үшін өте маңызды. Бүгінгі таңда мұнай-газ саласы Қазақстан Республикасы экономикасының құрылымында айқындаушы роль атқарады. Статистика органдарының оперативтік деректері бойынша 2012 жылы ІЖӨ-дегі мұнай-газ саласының үлесі 28,8 %, ал 2011 ресми есеп бойынша - 25,8% құрады. 2012 жылы минералдық-шикізатық кешендегі инвестициялар көлемі 3,2 трлн. теңге (21,4 млрд. $ АҚШ) құрады. 2012 жылдан бастап енгізілген салық жеңілдіктеріне қарамастан, мұнай-газ саласынан түсімдер мемлекет бюджетінің елеулі көлемін құрады. Атап айтқанда, кірістердегі сала үлесі 2012 жылмен салыстырғанда 2,2 проценттік тармаққа ұлғайып, 1531,2 млрд.теңге немесе 40,5 % құрады. Ұлттық қорға мұнай-газ саласының төлемдері алдындағы жылдағыдай 1371,4 млрд. теңге немесе мемлекеттік кірістердегі 36,3% құрады.Батыс Қазақстан обылыс әкімдерінің деректері бойынша газ түтыну көлемі 2014 жылы 13,8 млрд. Текше м.құрамақ, бұл 2009 жылғыдан 1,6 көп.
Тарихи тәжербиеге қарасақ,қандайда бір экономиканың сәтті немесе сәтсіз болуы мемлекеттің саяси көшбасшысының тұлғалық қасиетіне байланысты. Себебі ол қоғамды тұрақтандырып, элитаны қалыптастырып, ұлтты біріктіріп, елдегі бар ресурстарды жұмылдыру арқылы мемлекттегі қозғалысты қамтамасыз етіп,экономикалық дамуідың қандайда бір үлгісінің табысты болуын айқындайды.Елдің ұзақ мерзімді даму бағытын ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан 2030 стратегиясында белгіледі.Мақсаттар мен жүзеге асырылуы тиіс іс-шаралардан тұратын экономикалық бұл даму стртегиясы табысқа жетуге әзірше толық кепілдік бермейді,ол үшін осы экономикалық саясатты өліде жалғастыра түсу керек.Ал ұлт көшбасшысы осы саясаттың жалғасуын қамтамасыз ете алады.
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаңтарда өзінің Қазақстан халқына жолдауында Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу міндетін қойған еді. Онда екі мақсат белгіленген : Ұлттық қордың активтері 2020 жылға қарай 90 млрд. долларға дейін өсуі тиіс,бұл ІЖӨ 30 пайызын құрайды және осы онжылдықтың соңында бюджеттің мұнайлық емес тапшылығы ІЖӨ-нің 3 пайызынан аспауы керек.
Жақын болашақта еліміздің мұнай-газ секторы серпінді дамитын болады, бұл еліміз үшін өндірістік, әлеуметтік және экологиялық бағыттағы объектілер құрылысын қамтитын, бірыңғай кешенді саланы дамыту жоспарларын жасақтау жолымен барлық мүдделі тараптардың үйлесімді жұмысын талап етеді.
1. Қазақстан республикасының мұнай.газ секторын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
1.1. Қазақстанның мұнай.газ секторын мемлекеттік реттеу
Экономиканың жаһандану жағдайларында мұнай-газ саласын мемлекеттік реттеуді ұйымдық- экономикалық жетілдірудің тетіктері мұнай-газ саласын дамыту әдістерінен құралады. Бұған келесілерді жатқызуға болады: жалпы мұнай мен газ өндіру саласындағы заңнамаларды жетілдіру, мұнайды өңдеу өндірістерін дамыту, тасымалдау және инфрақұрылымды дамыту, мұнай-газ саласын техникалық реттеу, жаңа жобалардағы қазақстандық үлес жөнінде, мұнай-газ саласындағы білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайлардың алдын алу.
Мұнай-газ саласын мемлекеттік реттеу болашаққа деген даму перспективасы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында толық қамтылған және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі жөніндегі негізгі бағыттарда айқындалған. Бірақ, қазірде әлемдегі болып жатқан түрлі проблемалар бұл стратегиядағы міндеттерді орындауға өз әсерін тигізеді. Соған қарамастан, Қазақстан Үкіметі осы көптеген мәселелердің алдын алуды түрлі жобалар жасау, заңдарға өзгертулер енгізу жүйелері қаралып жатыр.
Мұнай-газ саласын мемлекеттік реттеу болашаққа деген даму перспективасы Қазақстан Республикасы үшін алдағы 5-7 жылдағы проблемалар - қазіргі заманғы меншікті мұнай химиясы базасын жасау. Бұл үшін жаңа мұнай-газ кеніштерінің ресурстары шикізат ретінде қолданылады. Әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны осы мәселелерді жүзеге асыру жылдамдығына байланысты болады. Оны шешу үшін барлық ресурстарды: ұлттық компаниялар мен корпорациялардың, біріккен кәсіпорындардың қаражаттарын жұмылдыру керек деп ойлаймыз.
Қазақстанның көптеген мұнай-газ кеніштерінде өнім өндіру күрделі жағдайда жүреді. Жабдықтар тозған және экономикалық тиімділігі төмен. Осыған байланысты күрделі қаржы салуды талап етеді. Бұл олардың бәсекеге қабілеттілігін, тиімділігін төмендетеді және мұнай құятын құбырлардың ескіруі мен жабдықтар жиі бұзылуынан орын алатын мұнай және газ қалдықтарының шығу жағдайларына байланысты іргелес аймақтардың экологиясы бұзылуына соқтырады. Негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігін жаңарту қосымша инвестицияларды талап етеді. Бүгінгі күні көмірсутектерді өңдеуге күрделі қаражат жеткіліксіз болғандықтан, республика олардың көп белігін сатуға мәжбүр болуда.
Демек, қазірдің өзінде-ақ шаралар жүйесі әзірленуі тиіс, бұлардың негізгі нәтижесі - қоршаған ортаның тұрақтылығына кепілдік беретін көмірсутек шикізаттарын өндіру, тасымалдау және өңдеудің барлық буындарының сенімді жұмысы болмақ. Көмірсутек ресурстарын ұтымды әрі кешенді пайдалану - дамудың басты бағыты болуы керек.
Мұнай-газ өндіруші мұнай компанияларда, 2011 жылы алауларда 3 миллиардтан астам газ жанып кетсе, 2010 жылы 1,7 миллион жағылған. Бұл олардың Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуына кері әсерін тигізіп жатқандығын көрсетіп отыр. Бұл деректі биліктің өкілдері растады. Заманында, онжылдықтан бұрын біз контрактілер бекіткенде, шын мәнінде, ілеспе газ құнсыз болды, - деді мұнай және газ министрлігінің жауапты хатшысы Қ.Сафинов. Негізгі контрактілер мұнайға ғана арналған. Тиісінше газ деген шартта мүлде көрініс таппады деуге болады, ол негізінен жағылуы және қоршаған ортаға зиян келтіру проблемалары тұрғысынан көбірек қарастырылды. Үлкен төлемдер төлеу қажет еді. Сондықтан, сол кезеңде мемлекет: Жер астынан минералды ресурсқа қатысты не шықса, соның барлығы жер қойнауын пайдаланушының еншісі! деді. Қазір газдың өте құнды өнімге айналуына байланысты, мемлекет ілеспе газдың босқа жағылуына бей-жай қарап отыра алмайды. Осы себепті, өте қатаң құқықтық режимдер қабылданды, - деді. - Өкінішке қарай, Қазақстанда жеке газ кен орындары жоқ. Газ ресурстары мұнай-газ кендерінде шоғырланған. Бірақ, басымдық - мұнай өндіру еді, ал газ оған ілеспе болды, - деп ашық айтты сенаторларға ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының Газ жобалары жөніндегі Басқарушы директоры Б.Назаров.
1.2. ҚР.ның мұнай және газ өңдеу жөніндегі салалық бағдарламаның мақсаттары
Бүгінгі күні еліміздің мұнай-газ саласында түбегейлі құрылымдық қайта құрулар жүзеге асып, бұл бағыттағы басқару жүйесінде реформалар жүргізілді. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар 2015 жылға дейінгі газ саласын дамыту тұжырымдамасына сәйкес елді мекендерді газдандыру аясында біршама жұмыстар атқарылды. Дегенмен де, Газ саласын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, оның ішінде елді мекендерді газдандыру шарасы сәтсіздікке ұшырап отыр. Жалпылама алып қарасақ, бұған таңданарлық ештеңе де жоқ. Өйткені бұл үдеріс жергілікті сипат алып, онда Қазақстанның солтүстік өңірлерінің мүдделері қорғалмаған еді. Сонымен бірге, бұл бағытта бағдарламаны жүзеге асырудың заманауи, бұрынғыдан тиімдірек әдістері қамтылмады. Оның үстіне бағдарлама тек қана мемлекет қаражаты есебінен жүзеге асты, - деді жиын барысында сенатор Еділбай Иманқұлов.
2010 жылдың шілдесінде Қазақстан Президенті "мұнайлық ілеспе газды ұлттық меншікке алу туралы тапсырма берген. Бірақ та, елімізде көгілдір отын нарығы, тіпті дамымақ түгілі, әлі қалыптасқан жоқ. Сондықтан да, газбен қамтамасыз ету туралы арнайы заң шығару қажет. Сонда газды тасымалдау, оны бөлу, тіпті күні бүгінге дейін әлі жоқ деуге болатын нарықты құру мәселелері көрініс табуы қажет. Қазірде Мұнай және газ министрлігі заңның жобасын әзірлеп жатыр.
Жаһандық көгілдір отын нарығының орталық азияда көп көңіл бөлетін Өзбекстанда екендігі белгілі: көгілдір отынның тіпті саяси құрал ретінде жүрер стратегиялық ресурс екендігін зерттеп, зор көңіл бөліп, енді өз қазыналарын газдан түскен мол қаржымен толтырып отыр. Ал бізде қара алтын өндіруге көп көңіл бөліп, ілеспе газды көпке дейін көзге ілмей келген. Өндірістің одан әрі өсуі - теңіз және Қарашығанақ кенорындарын қарқынды игеруге, Қашаған кенорнын тәжірибелік-өнеркәсіптік игерудің басталуына байланысты. Жоба операторларымен бірге аталған кенорындарында жаңа ірі кеңейтулер үшін мүмкіндіктерді зерттеу жалғасуда.
Теңізшевройл ЖШС Болашақ кеңейту жобасы (БКЖ) шеңберінде шикі мұнайды кері айдау технологиясын қолданып, өндірісті одан әрі кеңейту нұсқаларын қарастыруда. БКЖ негізгі мақсаты - мұнай өндірудің жалпы көлемін ұлғайтумен, шикі мұнайды тәжірибелік кері айдаудың және оның Теңіздің платформалық бөлігінде таралудың табысты өтуіне негізделген, өндірістік қуаттардың одан әрі өсуін қамтамасыз ету болып табылады. Қашаған кенорнын игерудің 2-кезеңі Базалық Жобалау сатысында, оны 2012 жылдың ортасына дейін аяқтау жоспарлануда. 2-кезең тәулігіне 1 млн баррельге дейін (46 млн. тжыл) өндіру деңгейіне қол жеткізу үшін тәулігіне 275 мың баррельден екі кезекті қамтиды. Сонымен бірге, Солтүстік Каспий жобасының Операторы (Норт Каспиан Олерейтинг Компани Б.В.) кенорнын игерудің 2-кезеңі құнының шығындарын төмендету және оның экономикалық тартымдылығын арттыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуде. Жоғарыда аталған барлық кеңейту жобалары бойынша техникалық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қарау талап етіледі. Қазақстанда жыл сайын 650 млн. тонна ілеспе газ жанады. Бұл 2 млрд. сағатына кВт өлшем бірлігінде электроэнергиясы дегенді білдіреді. Газ өндірісін ұлғайту негізінен жаңа және негізгі базалық: Қарашығанақ, Теңіз, Жаңажол, Толқын және ҚазМұнайГаз ҰК АҚ-на тиесілі тағы бірқатар кәсіпорындарды, сондай-ақ, Каспий қайраңы кенорындарын (Қашаған және т.б.) дамыту жолымен қамтамасыз етіледі. Өндірілетін газ негізінен ілеспе газ болып табылатындығын ескере отырып, тауарлы газды өндіру және шығару қарқыны мұнай өңдеу қарқынымен және кенорнын игеру бойынша қабылданған технологиялық шешімдермен (мысалы, газды кері айдау) айқындалады. Болжам бойынша 2012 жылы республикадағы газ өндіру деңгейі шамамен - 37,0 млрд. текше метр, ад 2014 жылға қарай - шамамен 55,8 млрд. текше метр құрайтын болады.
Ілеспе газ өндірісін ұлғайту перспективаларын ескере отырып, бір мезгілде шағын мұнай-газ кенорындарын игеру кезінде газ тазалайтын арнайы қондырғыларды құрып, жұмыс істеп жатқан газ өңдеу зауыттарын кеңейту талап етіледі.
Қазақстан үшін мұнай мен газ өндірісінің ұлғаюы болжамдарын ескере отырып, мұнай-газ тасымалдау инфрақұрылымын дамыту мәселесі күннен-күнге маңызды болуда, жаңа экспорттық жүйелерді салу және қолда барын кеңейту жөніндегі жұмыс өзекті болып табылады. Мұнай-газ ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан тасымалдау шығындары барынша төмендетілген жағдайда қазақстандық көмірсутегілерін неғұрлым тартымды сату нарықтарына тасымалдау жөніндегі жобаларды іздеуді және іске асыруды жалғастыруы тиіс. Мұнай мен газды экспорттау қуаттары мен бағыттарының дамуы өндіру мен ішкі тұтынудың перспективті көлемдеріне, транзиттік елдермен ұзақ мерзімді уағдаластықтардың болуына, сұраныс деңгейіне және әлемдік тұтыну нарықтарындағы жағдайға сәйкес келуі тиіс. Мұнай экспортының болжамды көлемдерін бағалау бойынша 75 млн тоннаға дейін өсу көзделеді. Қазіргі сәтте газ экспортының ресейлік бағытына бәсекелесетін баламаның жоқ екенін және ағымдағы сату Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекарасында жүзеге асырылып жатқанын ескере отырып, қазақстандық тарап уәкілеттік берген ұйым арқылы жеткізуді жүргізіп, әділ нарықтық баға алу бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бұл ретте уәкілетті органдармен ("Трансферттік баға белгілеу туралы" Заңға сәйкес) Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекарасында эксперттік бағаны келісу және бекіту үшін нормативтік құқықтық актілерге қажетті нормаларды енгізу тиісті жұмыс жүргізу қажет.
Ішкі газбен жабдықтауды дамыту тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған саланы дамыту басымдықтарының бірі болып қала бермек. Қазіргі уақытта республикада 30 және одан да көп жыл бұрын салынған ұзақтығы шамамен 11 мың шақырым болатын орта және төмен қысымды газ тарататын желілерінің басым бөлігі өзінің беріктілік қорын тауысқан. Таратушы газ құбырларының техникалық жай-күйі негізгі құралдар мен жабдықтың жоғары дәрежелі тозуымен сипатталады.
ҚазТрансГаз-Аймақ АҚ бөлімшелері пайдаланатын газ тарату желілері бойынша газ құбырларының шамамен 18% апат алдындағы жағдайда. Бұл ретте, болат құбырларды пайдаланудың нормативтік мерзімдері 30 жыл болса, жабдық пен құбырлардың 12% 35 жылдан астам пайдаланылып келеді. Бұдан басқа, газ құбырларының жылдам тозуы жер асты құбырлардың 40%- нің ұзақтығы электр-химия қорғаныссыз пайдаланылуынан болып отыр. Газ реттеу қосындарының жартысына дерлігі және шкафтық газ тарату қосындарының үштен бір бөліп жөндеуді немесе алмастыруды қажет етеді.
Тікелей жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету мәселесі негізінен ағымдағы мамандарды даярлау жүйесі шеңберінде, сондай-ақ, өз компанияларының біліктілікті арттыру мұнай-газ саласын реттеудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Қызылорда, Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе аймағындағы мұнай компаниялары кәсіби деңгейі жоғары мамандардың тапшы екендігін айтып шағымдануда. Өйткені, Қазақстандағы жоғары оқу орындарын бітірген жас түлектер компаниялар тарапынан қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін көрінеді. Тәжірибе ретінде ұсынылған бұл талаптар алдағы 2-3 жыл ішінде жүктелетін міндет ретінде бекітілуі тиіс. Статистика бойынша бүгінде Қазақстандағы еңбекке қабілетті 8413,5 мың адамның 935,9 мыңы ғана өндіріс саласында жұмыспен қамтамасыз етілген. Өкінішке қарай, шетелдік компанияларға қабылданатындары - 3-5 пайызы ғана.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, көмірсутектердің өте үлкен қорына ие болу әрқашанда ұлттық әл-ауқаты жақсаруына әкеле бермейді. Мұнай-газ кешенінің сервистік саласы дамуын мемлекеттік реттеу қажет. Мұнай-газ саласы ұйымдарының техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және нормативтік техникалық құжаттармен қамтамасыз етілуін арттыру.
Газды кәдеге жарату бағдарламаларына сәйкес мұнай мен ілеспе газды өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар 2013 жылға қарай өндірілетін барлық ілеспе газды (жағылатын газдың технологиялық тұрғыдан шарасыз көлемдерін алып тастағанда) кәдеге жарататын болады. 2014 жылға қарай өндірілетін ілеспе газдың кемінде 95% деңгейіне қол жеткізілетін болады.
2. Мұнай мен газ өндірісті саласын жоспарлау негізі
2.1. Мұнай жəне газ секторы
Қазақстандағы мұнай қорларының көлемі 9-17,6 миллиард баррель шамасында, ал, газ конденсатының қорлары шамамен 700 миллион тоннаға тең мөлшерде бағаланады. Бұл құрылықтағы жəне теңіздегі кен орындардың бəрін қоса есептегендегі көрсеткіштер. Энергетика жəне минералдық ресурстар министрлігінің мəліметтеріне сəйкес, 2007-ші жылы елдегі мұнай өндірісінің жалпы көлемі 64,8 миллион тонна болды (бұл 2006-шы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 8 миллион тонна артық). Ал 2007-жылғы газ өндірісі 32 миллиард м3 болған (бұл 2006-шы жылмен салыстырғанда шамамен 4 миллиард м3 көп). Бүгінгі күні Қазақстан əлемдегі ең ірі мұнай өндірушілер тізімінде 18-ші орынға ие. Өндірісі 2015-ші жылы толыққанды басталады деп көзделіп отырған тағы бір жаңа кен орны іске қосылғаннан кейін елдің дүниежүзілік нарықтағы ролі одан сайын артады деп күтілуде. Өндірілген мұнай жəне газдың басым бөлігі экспортқа шығарылады. Елдің жыл сайынғы ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыруға 3 мұнай өңдеу зауытына тасымалданатын 10 миллион метрикалық тонна шикі мұнай жəне шетелден əкелінетін мұнай өнімдерінің шағын көлемі жетеді. Мұнай елдің бес аймағында өндіріледі: Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау жəне Батыс Қазақстан облыстарында. Қазақстандағы ең ірі мұнай мен газ кен көздері - Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған жəне Құрманғазы кеніштері.
Теңіз кен орны 1979 жылы Атырау облысында ашылды. Ол əлемдегі ең үлкен кен орындарының қатарында 6-шы орында. Осындағы өндірістік қорлар 6 - 9 миллиард баррельге тең деп бағалануда. Ал жуырда өткізілген сейсмикалық зерттеуге сəйкес, бұл көрсеткіш тіпті 9 - 13,5 миллиард баррель шамасында болуы мүмкін. Теңіздегі мұнай өндірісі 1994-ші жылғы 2 миллион тоннадан 2006-шы жылғы 14 миллион тоннаға дейін өсті. Ашылуы 2009-шы жылға көзделіп отырған жаңа мұнай өңдеу орны іске косылғаннан кейін кен орнындағы мұнай өндірісі екі есе өседі деп күтілуде.
1979-ші жылы ашылған Қарашығанақ кен орны Батыс Қазақстан облысында, Ресей шекарасымен іргелес орналасқан. Мұнда мұнай, газ кондесаты жəне табиғи газ шоғырланған. Мұнай қорларының көлемі 1,2 миллиард тонна, газ конденсатының қорлары 8,8 миллиард баррель жəне табиғи газ қорларының көлемі 500 миллиард м3 деп бағалануда. Осы есептеулер жасалған кезде Қарашығанақтың тереңде жатқан геологиялық құрылымдарының кейбірі есепке алынбағандықтан, бұл кен орны болашақта өсуі мүмкін деген болжам бар.
Жуырда ашылған көмірсутек кен орындардың ішінен ең көп үміт күттіретіні - ол теңіз асты Қашаған кен орны. Қашағандағы қорлардың көлемі Теңіздегі қорлардан үш есе көп деген болжам бар, ол Таяу Шығыс өңірінен тыс жатқан мұнай кен орындарының ең үлкені болуы ықтимал. Каспий теңізінің бетінен 4500 метр тереңдіктегі 5000 км2 -лік осы көмірсутек блогын игеріп жатқан консорциумның құрамына жеті халықаралық мұнай компаниясы кіреді. Игеру жұмыстары күрт қиындап кетуінің салдарынан, жұмсалып жатқан шығындар көлемі де шамадан тыс ұлғая түсті. 2008-ші жылы өңдіріс басталып, мұнай өңдіру көлемі күніне 75000 миллиард баррельге жетеді деп күтілгенімен, 2007-ші жылдың ақпан айында өндірістің 2010- шы жылдың үшінші тоқсанына дейін басталмайтыны туралы жарияланды.
Құрманғазы кен орны Қазақстанның Ресей Федерациясымен Каспий теңізіндегі шекарасы бойында орналасқан. 1998-шіжылғы келісім мен 2002-ші жылғы хаттама бойынша, Қазақстан Құрманғазы кен орнын иеленуге құқық алып, Ресей Федерациясы жақын жердегі тағы екі кен орнын өз иелігіне алды. Оның үшеуі де өнімді жартылай бөлу қағидаты бойынша игеріледі. Кен орындарындағы мұнай қорларының көлемі 1 миллиард тоннамен бағаланады. Сондай-ақ, жуық арада Қытаймен шекаралас Шығыс Қазақстан облысында Қарабұлақ жəне Сарыбұлақ атты екі кен орны табылды.
Қазмұнайгаз (ҚМГ) ұлттық компаниясы АҚ - Қазақстанның ұлттық мұнай компаниясы болып табылады. Ол Қазақстандағы ең ірі мұнай өндірушілері қатарында үшінші болып келеді жəне оған 2000-шы жылдан бері жасалған жобалардың барлығының дерлік бақылау пакеттері тиесілі. Қалғандарындағы меншіктік үлесі əлдеқайда аз. Компания жəне оның бөлімшелерінде 34 мыңнан аса адам жұмыс істейді. 2005-ші жылы ҚМГ өзінің коммерциялық операцияларынан түскен табысының көлемін 4,8 миллиард доллар деп хабарлады.
Қазақстанда қазіргі жəне алда жоспарланып отырған мұнай-газ өндірісіне қажет құбырлар жүйесі жетіспейді. Сондықтан да, Қазақстан Атырау-Саранск-Самара құбыры, Каспий Құбыры Консорциумы, Ақтау-Баку-Тбилиси-Жейхан құбыры сияқты жаңа экспорттық маршруттарды дамыту ұйғарылды. Қытайға тікелей мұнай таситын құбыр салынып жатыр.
2.2. Мұнай мен газды өндіру
Мұнай мен газдың барланған қорлармен, сол сияқты олардың келелі(перспктивалық) және болжамдық ресурстарымен анықталады. Бұлардың алдыңғылары бұрынырақ табылған, сөйтіп қазір игері- ліп немесе барланып жатқан, әйтпесе уақытша сақталып қойылған кенорындармен байланысты. Келелі және болжамдық ресурстар әзір табыла қоймаған, бірақ анықталған әр түрлі типтегі жергілікті тұтқыштар тұрғысынан (келелі және шоғырландырылған болжамдық ресурстар), немесе алаптың ірі-ірі құрылымдық элементтері мен литологиялық-стратиграфиялық кешендері тұрғысынан жеткілікті дәрежеде ғылыми тұрғыдан негізделген ресурстар болып табылады.
Қазақстанда табылған кенорындардың қорларын бағалау жұмыстары, сол сияқты келелі және болжамдық ресурстарды ке- шенді турде бағалау шаралары түрақты түрде жүргізіліп тұрады, мұның өзі республиканың мұнай-газ саласының қазіргі жағдайы мен болашақ даму перспективаларын саралауға жеткілікті дәрежедегі не- гіз болып табылады.
2005 жылдың 1-ші қаңтарына есептегенде, Қазақстанда мұнай мен газдың 230 кенорны белгілі, олардың 131-і Каспий маңы ойысында, 18-і Солтүстік Үстірт-Бозащы алабында, 57-і Оңтүстік Маңғыстауда, 15-i Оңтүстік Торғайда және 9-ы Шу-Сарысу шөгінді алабында. 210-ға жуық кенорын мемлекеттік баланс тұрғысынан есепке алынған, қалғандары мұнай мен газдың жекелеген ағымдарымен ғана сипатталатын барланып жатқан алаңшалар дәрежесінде. Шу-Сарысу алабы ғана таза газды алап болып табылады, қалғандары негізінен мұнайлы алаптар санаты- на жатады, алайда бұл алаптарда да газ және газ-конденсат кенорындары мен жекелеген жатындары ұшырасады, және де олардағы мұнай мен дербес газдың бір-біріне деген қатынасы әр түрлі болып келеді.
Мүнайдың дәлелденген қорларының мөлшері жағынан, яғни республикада қабылданған қорлар жіктемесінің А+ В+С1 категориялары бойынша, Қазақстан дүние жүзіндегі мұнайдың дәледенген қорларының 90 %-ын иелен- ген 16 елдің қатарына кіре отырып, осы тізбекте 14-нші орынды иеленеді. Ал шындыққа сәйкесу деңгейі өте жоғары бағаланатын Қашаған және Теңіз кенорындары бойынша есептеліп шығарылған шамамен бағаланған қорларды (С2 категориясы) есепке алар болсақ, Қазақстан дүние жүзі елдерінің алғашқы ондығына кіре отырып, осы тізбектегі, Ресей Федарациясынан кейінгі, 8-нші орынды иеленеді. Сұйық кемірсутектердің, яғни мұнай мен газды конденсаттың жиынтық мелшері тұрғысынан да Қазақстан осы тізбектің 8-нші орнында. Сұйық кемірсутектердің дәлелденген және шамамен бағаланған қорлары жағынан республиканың жиынтық потенциалы әлемдік дәлелденген қорлардың 3,5 %-н қүрайды.
Отандық және шетелдік мамандардың болжамдық бағалау деректеріне сәйкес, барланған қорлардың еселей артуы тек қана Каспий теңізі айдынының табанынан ғаламат ірі кенорындардың ашылу мүмкіндігімен байланыстырылған бо- латын. Осы болжам республика мұнайының қорын 35 %-ға есіруге мүмкіндік берген Қашаған кенорнының ашылуымен расталып отыр. Мұндай ғаламат ірі кенорындардың болашақта да табылу мүмкіндігі күмәнді, десек те біршама ірі ашы- мупар жоққа шығарылмайды, олар бірінші кезекте Каспий теңізінің бозащылық белігіндегі мезозойлық түзілімдермен, атап айтқанда Құрманғазы алаңшасымен, Каспий айдынының солтүстігіндегі палеозойлық карбонатты массивтермен, сол сияқты Оңтүстік Маңғыстау алабындағы Песчаномыс-Ракуш және Беке-Басқұдық беліктерімен байланысты болуы тиіс. Шөгінді алаптардың құрлықтағы бөліктері ауқымынан ірі-ірі кенорындар ашылу мүмкіндігі тамамдалғанға ұқсайды, сондықтан барланған қорлардың бүгінгі қол жеткен деңгейі тұрақты деңгейге жақындап келеді. Бозащы секторының мезозой түзілімдерінен және Каспийдің солтүстік бөлігіндегі тұзүсті түзілімдерінен қоры жағынан ұсақ және орташа кенорындар санатына жататын, негізінен мұнай кенорындарының ашылу мүмкіндіктері әлі де болса өте жоғары бола тұрса да, бүл ашылулар қорлар балансын күрт жоғарлатып жібере алмайды, себебі, біріншіден, бұл ашылулар ұзақ уақыттарға созылатын болады, екіншіден, жаңадан анықталатын қорлар қазір игеріліп жатқан кенорындардан алына- тын сұйық көмірсутектердің мөлшерін белгілі дәрежеде жауып отыруға ғана жететін болады.
Жоғарыда келтірілген өте маңызды қорытынды Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібі дамуының стратегиялық бағытын анықтайды, бүл бағыттың негізгі міндеті көмірсутектердің қазіргі бар қорларын ұтымды пайдалана отырып, қазіргі таңдағы белгілі кенорындарды игеру шараларын түрақтандыру болып табылады.
Сұйық кемірсутектерді ендіру деңгейін алыс перспктиваларға анықтайтын негізгі базалық кенорындар қатарына Қашаған мен Теңіз кенорындарын жатқызуға болады, бұлар өздерінің мүмкіндіктері жағынан бір-бірімен шамалас ке- норындар, оларда бүкіл барланған қорлардың 70 %-ы шоғырланған. Игеріліп жатқан кенорындардағы мұнай мен газды конденсаттың қалдық қорларын қоса есептегендегі барланған қорлардың 90 %-дан астамы 15 кенорынға тиесілі, олар - Қашаған, Теңіз, Қарашығанақ, Өзен, Королев, Жаңажол, Қаражамбас, Солтүстік Бозащы, Құмкөл, Қаламқас, Жеті- бай, Әлібекмола, Ақшабұлақ, Кеңқияқжәне Кенбай кенорындары. Бүл кенорындардың кейбіреулерің игерілу мерзімінің ең жоғарғы көрсеткіші 25-40 жыл аралығында, алайда бұл кенорындардағы мұнайдың өндіріп алуға болатын қалдық қорлары да біршама жоғары деңгейде. Кенорындардың бір бөлігі әлі де болса игерілмеген, немесе игерудің бастапқы сатысында. Олай болса, 15 базалық кенорындардағы сұйық көмірсутектердің барланған қорларының дайындалған базасы және олардың жоғары дәрежеде шоғырлануы болашаққа сеніммен қарай отырып, мұнай мен газды конден- сат өндіру деңгейін өсірудің геологиялық мүмкіндіктері шынында да жоғары дәрежеде деп мәлімдеуге мүмкіндік бе- реді. Бұл орайдағы негізгі кедергі көнорындарда жинақталған мол мұнай шоғырларындағы еріген және дербес газдар құрамындағы күкіртсутектердің жоғары концентрациясын аластайтын, сол сияқты мұнайды меркаптандардан тазар- латын қуатты қондырғылардың әлі де болса жетімсіздігі болып табылады. Мұнайдың жинақталған мол мелшерлерін сыртқы рынокқа тасымалдаудың тиімді жолдарын қарастыру мәселесі де принциптік мәселе дәрежесін иелене бер- мек.
Қазақстанның газға деген потенциалы да дербес газдың барланған қорларымен және әзір барланбаған, яғни күтілген (перспективалық) және болжам ресурстарымен анықталады. Дербес газдың, яғни газ жатындары мен газды тақия газдарының қоры жағынан Қазақстан барланған газ қорының 90 %-ына иелік ететін 23 елдің ішінде 16-шы орынды иеле- неді. Қазақстан дүние жүзіндегі газ қорының 1,3 %-на ие. Газдыңбарланған қорларының97 %-ға жуығы Батыс Қазақстан аймақтарында, оның 75 %-ы Батыс Қазақстан облысында, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының үлесіне 7-8 %-дан келеді. Газдың басым белігі Қарашығанақ кенорнында шоғырланған. Республиканың газдық потенциалы Каспий теңіз айдынының табанынан жаңадан ашылған газконденсатты-мұнайлы кенорындар есебінен артатын болады. Дербес газдың жыл сайынғы енімінің 80 %-ын Батыс Қазақстан облысы, 13 %-ын Маңғыстау облысы қамтамасыз өтеді, қалған белігі езге облыстар мен аудандардың үлесінде. Газ ендіру деңгейін Қарашығанақ, Имашев, Чинарев, Ұрықтау, Жаңажол, Теңге, Жетібай, Оңтүстік Жетібай, Амангелді, Шағырлы-Шөмішті кенорындары және кенорындардың Прорва тобы қамтамасыз етеді, бул кенорындарда дербес газдың қазіргі кезде барланған қорының 95 %-ға жуығы шоғырланған. Алайда аталған кенорындардың кейбіреуінде газасты мүнай жастықтары мен мүнай жұрындарының бо- луы сол жатындардың газды белігін игеруге енгізуге мұнайды түгел алып болғанға дейін кедергі келтіретін болады. Газ- ды оның құрамындағы күкіртсутектердің мол концентрациясынан тазарту проблемасы Имашев кенорнын игеруге күні бүгінге дейін кедергі келтіріп отыр.
Дербес газдың барланған қорларын арттырудың шын мәніндегі мүмкіндігі Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы жаңа кенорындардың, олардың ішінде ірі кенорындардың да ашылуымен байланысты. Және де мұндағы өнімді болып табылатын мезозой кешендерімен байланысты жатындар мен кенорындар күкіртсутекті кіріктіріп жарымайды, мұның өзі олардың тез арада игере бастау мумкіндігіне қол жеткізеді.
2.3. Мұнай мен газ өнеркәсібінің потенциалы
Қазақстанның газға деген потенциалында мұнайда еріген газдардың үлкен маңызы бар, олардың барланған қорлары дербес газдың барланған қорларынан артық. Еріген газдар қорының 85 %-дан астамы Атырау облысындағы Қашаған және Теңіз кенорындарында шоғырланған, сондықтан бұл кенорындарды игеру барысында алынған газды мұнай жатындарына жарым-жартылай қайтадан айдау шараларымен анықталатын технологиялық іс-шаралар жоспарланған. Алайда бұл кенорындардан алынған еріген газдың бүкіл мөлшері жатындарға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz