Тиімді қарым-қатынас жасау қағидалары. Вербальды және вербальды емес тәсілдері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Тиімді қарым-қатынас жасау қағидалары. Вербальды және вербальды емес тәсілдері.

Адамдардың ара қатынасы белгі (знак) жүйесі арқылы іске асырылып, осылайша мәлімет алмасу және әрекеттесуі болуы мүмкін. Ара қатынастың (коммуникацияның) екі түрі болады:

Вербальды коммуникация

Вербальды емес коммуникация

Вербальды коммуникация (сөз арқылы қатынасу)

Адамдар қатынасу үшін белгі жүйесі ретінде сөзді қолданады, яғни табиғи фонетикалық белгілер (тіл дыбыстары) . Бұл - әмбебап коммуникативтік құрал, ақпарат (информация) алмасу кезінде оның мағынасы өзгермейді. Сөз арқылы мәлімет адамнан адамға ұсынылып, қатысушылар бір-біріне әрекет жасайды, бағыт береді, өз ойын түсіндіруге тырысады. Егер қатынасуда сөзден басқа белгі жүйелері (вербальды емес) қосымша қолданылса, коммуникацияның мағынасы өсе түседі.

Сөз арқылы науқасқа әсер ету өте мағыналы ем құралы, себебі, бұл әмбебап әдістің ауру адамға әсері жоғары және тиімді, ал медициналық қызметінде қолдануына ең бір күрделі, қиын түсетін құрал. Бұл әдісті нәтижелі қолдану үшін медициналық қызметкерге арнайы дайындық, ерекше адамгершілік, қасиеттер және жоғары тәжірибе қажет. Сондықтан, медициналық оқу орындарында қызметкерлерді даярлау кезінен бастап, оған ерекше мән беріп, оқушылар арасында арнайы дайындық жүргізу маңызды.

Вербальды қатынасуда белгілер жүйесін ретінде адамның сөйлей алу қабілеті пайдаланылады, ол коммуникацияның негізгі бөлшегі болып табылады, себебі, сөйлеу арқылы мәлімет берілгенде мән-мағынасы барынша сақталады. Бұл жағдайда коммуникативті үрдіске қатысушылардың барлығы да әңгіме желісін өз дәрежесінде бағалай білуі керек.

Сөз - ақпарат көзі және науқаспен сұхбаттасу әдісі ретінде қолданылады. Әрине, қарым-қатынас нәтижесін толығымен суреттеу үшін коммуникативті үрдістің құрамын білу жеткіліксіз, сонымен қатар, сұхбаттың мақсатын, міндетін жан-жақты түсіну маңызды орын алады. Сондықтан, сөйлеу барысындағы белгілер жүйесіне аса көп назар аудару керек.

Медицина қызметкерлерінің қажетті сөзді дұрыс қолдана білуі, науқасқа сөз арқылы нақтылы және тиімді әсер етуі - өте күрделі, ерекше дайындық қажет ететін және тәжірибе арқылы қалыптасатын қасиет. Бұл - жоғары мәдениетті, білімді, талантты және актерлік кейбір қасиеттерді талап етеді.

Сөз арқылы әрекет - вербальды коммуникацияға (қарым - қатынас) жатады . Мұнда қосымша вербальды емес әрекеттер міндетті түрде қолданылады. Оларға жататындар:

▬Мимика

▬Жест (қол қимылдары)

▬Поза (дене қалпы)

▬Көзқарасы

▬Дауыс ерекшеліктері (екпін, тембр)

Науқаспен қатынасу кезінде бұл құралдар тек кешенді (комплексті) түрде қолданылады, себебі мұндай жағдайда оның әсері және тиімділігі өте жоғары дәрежеде болады.

Науқаспен жанасуы, көріп зерттеуі, ем тағайындап нұсқау беруі тек сөз арқылы бейнеленіп, іске асырылуына байланысты медицина қызметкерінің науқасқа айтылатын сөзіне ерекше талап қойылды.

Сөздің психологиялық әсері.

Медициналық қызметкер мен науқастың сөз арқылы жанасуының нәтижесі медицина қызметкерінің көңіл - күйіне, науқасқа көрсеткен назары мен лебізіне, айтылған сөзінің ерекшелігіне және медициналық қызметкердің әрбір сөзіне науқастың психологиялық оң не кері әсерін тез арада бағалап, оған беретін жауабына, ойына байланысты. Яғни, сөз арқылы науқасқа психологиялық әсер беріп, оның жауабына байланысты келесі ойын жеткізеді.

Нәтижесінде, әңгіменің барысын белсенді түрде өз қолына алады. Сонымен қатар, медициналық қызметкердің сөз сөйлеу мәнері, өз - өзіне сенімділігі, күш құдіреті сөздерінің тиімділігі де өте маңызды болады. Науқасқа нұсқау бергенде оны қатаң түрде санасына жеткізе, күмән тумайтындай, толық орындайтындай сөйлейді. Кейбір адамға мұндай сөз мәнері ұнамайды, сондықтан нәтиже де әкелмейді. Бұйрық немесе директивті түрде диалог жүргізгені көбінесе тиімсіз келеді.

Медициналық қызметкердің айтылған сөзі, нұсқауы іске асырылып, орындалу үшін, оның дауысы жайлы, ұнамды болуы керек. Науқасқа тез, асыға, қатал және жғары дауыста сөйлеуге болмайды. Сөз мәнерін жоғары дәрежеде жүргізу әрбір медицина қызметкерлерінің міндеті.

Медициналық қызметкерінің керісінше (негатифтік) әсері.

Медициналық тыс орынсыз айтылған сөздері науқасқа психологиялық зиян келтіріп, түрлі қарым - қатынас қайшылықтарына әкеліп соғады. Бұның салдарынан ятрогения - медициналық қызметкерердің абайсызда айтқан сөзінен туатын невроз аурулары пайда болады. Ятрогениялардың көбі жиі жағдайларда байқамай, абайсыз айтылған медицина қызметкерлерінің сөзі, ал ол оның шын ойына негізделген емес екені мәлім.

Олар әдетте ойламаған жерден аурудың көзінше абайсыз айтылған сөзге байланысты болады. Сондықтан, медицина қызметкерлері сөзін толық ойластырып, науқасқа тиісті мөлшерде ғана мәлімет беруі керек, ал кейбір дерттерде диагнозын құпияда қалдырады. Егер, науқас тікелей сауал қойып зерттеулер қорытындысын білгісі келсе, оған шағын ғана және оңды мәлімет беріледі. Алайда, кейбір жағдайларда ятрогения да медициналық қызметкердің білгірлігінің төмендігіне, міндетін немқұрайлы атқаруына және негативті қатынас жасауына, жалпы мәдени дәрежесі, білімі жеткіліксіз болуына байланысты дамиды. Ауру адаммен сұхбат жүргізе келе, аурухана бөлмесінде әр қатынасу кезінде, абайсызда айтылған сөздің керісінше, теріс әсер тигізетінін, медицина қызметкері әрқашанда ойынан шығармауы керек. Халықта айтылған мәтел: «Сөз емдейді де, сөз жаралайды да».

Науқасқа сөгіс айту, ескерту жасау.

Науқас ауруханада емделу тәртібін және режимді бұзуына байланысты оған сөгіс айтылады, ескерту жасалады. Мұндай жағдай туғанда, медициналық қызметкер нақты, анық, дәл және қысқа сөйлейді. Әңгіме нәтижесінде ауру адам медициналық қызметкердің айтқанын толық түсініп, қабылдауы керек. Медициналық қызметкер ашу - ыза кейіп көрсетпей, объективті және сыпайы, әдепті түрде қарым - қатынас жасағаны дұрыс. Медициналық қызметкер науқастың және басқа аурулардың мүддесін қорғап тұрғанына сенімді болған жағдайда ғана, науқаста негативті (теріс) әсер тумайды.

Қарым - қатынас барысында медициналық қызметкерлер сөз арқылы араласумен қатар, қосымша келесі вербальды емес әдістерді де қолданады:

▬Қатынасушының мимикасын зерттеу;

▬Дене қалпын (поза) зерттеу;

▬Қас - қабағын, көзқарасын зерттеу;

▬Қол қимылдарын (жестикуляция) зерттеу;

▬Дауыс ерекшеліктерін (артикуляция) анықтау.

Оптика - кинетикалық жүйелі белгілерге жест, мимика, пантомимика құралдары жатады. Бұлар - дене мүшелерінің моторикасы (қимылдарын), адамның эмоционалдық реакцияларын сипаттайды, қатынасудың әсерін жоғарылатады. Пантомимика дегеніміз - адам денесінің қимылы, мимика - бет қимылы, жестикуляция - қол қимылы. Вокалдық (дауыстық) құралға - адамның дауысының тембрі, диапазоны, екпіні жатады. Сонымен қатар, сөйлесу кезінде кідіріс сақтауы, жөтелуі, күлуі, жылауы және сөздердің ритмі мен темпі қолданылады.

Сонымен вербальды емес коммуникация қосымша роль атқарып, вербальды коммуникация нәтижесін жоғарылатып, адамның ой - пиғылына сезінуге ықпал жасайды. Вербальды емес коммуникация, қатынасушыларға ақпарат пен алмасуға әсер етіп, бірлесіп әрекет жасауға мүмкіншілік береді.

Сөзбен қатар вербальды емес тәсілдерді қолдана білу, медициналық қызметкердің коммуникативтік білгірлігінің дәрежесін жоғары деңгейге жеткізіп, шеберлігін шыңдап, сомдайды.

Сырқаттанып, ем іздеп келген адам ерекше сезімтал болуына байланысты, медициналық мекемеде оған ерекше жағдай жасалып, бәрі жәрдем беруге, науқастың қасіретін жеңілдетуге арналғанына, бағытталғанына науқастың көзі жетуі керек. Яғни, емделу тіркелуден және қабылдау бөлімшесінен басталады. Науқаспен алғашқысында жанасатын мейірбике және кіші мейірбике өздерінің сезімталдығын, қайырымдылығын, іскерлігін және жәрдем беруге даярлығын көрсетіп, дәрігердің қабылдауының алдында, науқасқа жайлы жағдай жасай білгендігі маңызды. Медициналық қызметкер тарапынан қайырымдылық жасауға даярлық психологиялық барьерлер жойылып, медициналық қызметкерге сенімділігі арта түседі. Медициналық қызметкердің көңіл - күйі ашық екенін, науқастың қасіретін тыңдауға, жәрдемдесуге даярлығын сезіп, түсінген ауру оған сенімділік білдіріп, дұрыс қатынасады. Осы себептен, медициналық қызметкер өзінің жеке басының уайым - ойларын ұмытып, барлық ынта - назарын ауруға толық көшірсе, науқастың армандаған үміті мен сенімі арта түсіп, қарым - қатынасы ойдағыдай өтеді.

Керісінше, медицина қызметкер асығыс екенін сездірсе, сағатқа қарай отырып, бірден ауру құжаттарын оқуға кіріссе, назарын басқа іске аударса, орындықта шалқая отырса, науқас оған сенімсіздік білдіріп, абыржиды, ашық, ойдағыдай ара қатынас мүмкіншілігі толық жойылады. Яғни, медициналық қызметкер өз әрекеттерін, көңіл-күйін әсіресе сөзін үнемі бақылай отырып, ынта - назарын толық науқасқа аударуы керек. Сонымен, медициналық қызметкер білімділігі, білгірлігі және біліктілігімен қатар, ол әрі актер, әрі психологта болып, басқа адамның жағдайын, ішкі ойын, көңіл - күйін жақсы түсініп қарым - қатынас құра алады.

Визуальды қатынасу («көз жанасуы») көзқарас арқылы контакт, вербальды коммуникацияның әсерін күшейте түседі. Көзбен жанасу - вербальды емес қатынасу әдісі, басқа адам туралы біршама ақпарат жинауға мүмкіншілік береді. Өзара көзқарасы адамнан туындаған ситуацияға араласуға құштарлығын, немесе керісінше, қарсылығын айқындайды. Мысалы, шашыраңқы қарау немесе тік емес, шетке қарау адамның қатынасуға назарының немесе ниетінің жоқтығын білдірсе, ал тік қарау оның құштарлығын, даярлығын білдіреді. Ұяң және үрейленген, қорыққан адамдарда визуальдық жанасу ешбір мәліметті бермеуі де мүмкін.

Ол адамның ұлттық, мәдени ерекшеліктеріне де байланысты болады. Мысалы, Америка және Еуропа елдерінде тікелей қарау адамның шыншылдығын, сенімділігін сездіреді. Ал, Азия елдерінде, әсіресе Жапон және Кореяда, тік қарау адамның басым болғысы келетінін, агрессивті екенін көрсетеді. Сондықтан, қатынасу үстінде адамға тік қарау мезгілі 3 секундтан аспауы керек, себебі, бұл уақыт партнерды қоздырмай, тиімді психологиялық жанасу құруға жеткілікті. Егер тік қарау мерзімі 3 секундтан ұзақ болса, пациентте дискомфорт және мазасыздық жағдайын туады, ал 10 секундтан астам уақыт - конфронтация және агрессияға әкелуі мүмкін.

Дене қимылдары, дене қалпы қарым - қатынас үстінде науқастан қосымша ақпарат жинастыруға мүмкіншілік береді. Мысалы, науқастың жүріс мәнерін оның физикалық жағдайын, көңіл - күйін сипаттайды. Қол сермеуі (жест) және дене қалпы (поза) пациенттің мінезі мен көңіл - күйін көрсетеді. Науқасты бақылау үстінде оның эмоциялық құбылыстары айқындалады. Толқу үстінде науқас үнемі басының, бетінің әр жеріне қолымен тиіп кетіп немесе уқалап, сипалап тұрады. Науқастың қолын төсіне айқастыруы, қолын арқасында ұстауы, қолымен тосқауыл жасауы сияқты жестілері оның қорғаныш реакцияларын білдіреді. Ал қолдарын беліне таянуы, алақанын төмен қаратып ұстауы, саусақтарын жоғары бағытта ұстауы сияқты жесттері науқастың қарсылығын білдіреді. Егер науқас медициналық қызметкерді мұқият тыңдаса, мынандай дене қалпы байқалады: қолдары иегінде, басы сәл еңкейген, қолдарының саусақтары төмен бағытталған. Науқастың күдігін білдіретін ымдарына жататындары: айналасына жалтақтап қарай беруі, медициналық қызметкерге тек көз қырын ғана салып отыруы, аузын алақанымен жаба беруі т. б. Егер науқас ешқандай ақпаратты қабылдағысы келмесе, қағаздарын жинастыра бастайды, сағатына және есікке жиі - жиі қарай береді, көзқарасы жандана түседі.

Ауру адамның қол сермеуі ақпарат тасымалдауға жиі қолданады. Медициналық қызметкермен келісімін, ситуацияны бекітуін немесе керісінше, қарсылығын науқастың бас қимылын білдіреді. Қол қимылдары арқылы медициналық қызметкер науқасты отыруға немесе тұруға шақырады, ал қол бұлғаумен оны қуаттауын білдіреді.

Қарым - қатынас құрған кезде дене қалпы және қол қимылдары өте маңызды. Мысалы, медициналық қызметкер орындық шетіне ғана отырып, науқаспен әңгіме құрған жағдайда, ол оның асығыс екенін, сұхбаттасу қысқа болатынын болжайды. Қарым - қатынас кезінде медициналық қызметкердің де отырыс - тұрысына, дауысы мен қас - қабағына науқас қатты назар аударып, көп мән береді. Сонымен қатар, медициналық қызметкер науқастың қас - қабағын, көзқарасы, мимикасын, дене және қол қимылдарын, жатыс - тұрысын, жүрісін қадағалап бақылайды.

Науқастың бет әлпеті, мимикасы қарым - қатынас кезінде маңызды орын алады. Ол науқасқа нағыз ойын, сезімдерін және эмоцияларын айқындайды. Бет әлпеті науқастың психологиялық құбылыстарын сипаттайды: назалануын, қорқуын, қайғыруын т. б. Мысалы, еріннің бұрыштары төмен түсіп тұрса, науқастың қайғыру үстінде екенін, шаршап, қалжырауын көрсетеді. Ал ерін бұрыштары жоғары қарай бағытталса - медициналық қызметкерге тәуелділігін, оның мақұлдауын, демеуін күтіп тұрғанын, сенімсіздік ойын бейнелейді. Ауыз сызығы тік болса - науқастың жағдайы жақсарған деп болжауға болады.

Науқастың мұрын мен ерін қатпары қайғыру эмоцияларын көрсетеді. Маңдайдың горизонтальді сызықтары, қабағының көтерілуі, көзі үлкейіп, аузын ашуы, оның таң қалғанын көрсетеді. Маңдайда верткальді сызықтардың болуы және қабағы түсуі, көзі қысылуы, аузын қысуын - науқастың назалануын бейнелейді.

Науқастың қас - қабағы, бет қимылдарын байқап, түсіну арқылы медициналық қызметкер оның ішінде жасырын жатқан пиғылын, көңіл - күйін, терең ойын біле алады. Осы себептен коммуникативтік білгірлігі арқылы медициналық қызметкер ем шараларының нәтижесін, олардың науқасқа тиімділігін бірталай өсіріп, жоғары дәрежеге жеткізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологиялық қарым-қатынас және оның құрамы
Қарым - қатынас феноменологиясы
Науқасты күткенде коммуникативті дағдыларды дамыту және оның жанұясымен танысып тіл табысу
Аутистік спектрдің бұзылуы бар балалардың психологиялық - педагогикалық сипаттамасы
МЕЙІРБИКЕЛІК ІСТЕГІ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС
Жоғарғы оқу орнында әлеуметтiк педагогтың кәсiби сапасын қалыптастыру
Тұлғааралық коммуникациядағы сөйлеу тiлi мен мәдениетiнiң рөлi
Ақпарат беру құралдары
Оқушының оқу қабілеттерінің дамуы мен құрылымы
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасын жетілдіретін тренингті ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz