КАРА БИДАЙ
КАРА БИДАЙ
Көрнекті құралдар мен материалдар. Кара бидай өсімдігінің гербарийлері
мен баулары. Дақыл масақтары, масақшалары және гүлдері, тұқымдануы,
суреттері, плакаттары, слаидтар, түрлі түсті фотолар, талдау тақтайшасы,
зертханалық таразы.
Әдістемелік нұсқаулар. Туыстығы 12 түрді біріктіреді, олардың ішінде
көп тарағаны түрі. Қара бидайдың тамыр жүйесі шашақты, 1,5-2,0 м
тереңдікке бойлайды. Сабағы 5-7 түйін аралықтарымен, куыс, биіктігі 1,5-2,0
м. Жапырақтары болады, бидайға қарағанда енді. Кейде жапырақ тақтасы
түктермсн көмкерілген, тілшесі мен құлақшасы ерте кеуіп, түсіп қалады. Гүл
шоғыры- масақ. Масақ білігі қыска мүшелерден тұрады. Мүшелердің кертпешінде
бір-бірден масақша орналасқан. Масақша ею масақша қабығынан (қауызынан)
және 2-3 гүлден тұрады Масақша қабықшалары ланцетті-біз пішінді, қысқа килі
бар. Гүл екі қабықшалы. Сыртқы гүл қабықшасы қылтықты, ланцет тәрізді,
жалаңаш, бес жүйкелі және кірпікті килі бар. Ішкі қабықша қоскилді, жоғары
жағында кірпікті, аталығы үшеу, түйінінде қауырсынды аналык аузы бар.
Қара бидай айқас тозанданатын өсімдік. Дәні ұзыншна келген, бүйірлерінен
қысыңқы, ұзына бойынан терең ойық өтеді. Дәннің түсі жасыл, сары, сүр
немесе қоңыр. 1000 дәннің массасы 18-35 г.
Қара бидаи масақтары мен дәндері
БИДАЙ. ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Халық шаруашылығындағы маңызы. Бидай - негізгі азық-түліктік дәнді дақыл.
Бидай наны ақуыз бен көмірсулардың көптігімен және жақсы сіңімділігімен
ерекшеленеді. Бидай дәні сонымен қатар жарма, макарон және кондитер
өнеркәсібінде де қолданылады. Бидай сапасының маңызды көрсеткіші -
дәніндегі ақуыздың мөлшері мен оның сапасы болып табылады. Халықаралық
стандарт бойынша, бидай дәніндегі ақуыздың мөлшері 13,5 %.
Дәндегі ақуыздың мөлшеріне климат пен топырақ жағдайлары және енгізетін
тыңайтқыштарда көп әсеретеді.Оңтүстік пен шығыста өсірілетін бидайда,
солтүстік пен батыстағыға қарағанда ақуыз көп. Бірақ, көң мен минералдық
тыңайтқыштар беріп солтүстік пен батыста да ақуыз мөлшерін көбейтуге
болады.
Бидай нанындағы ақуыздардың сапасы өте жоғары және олар жақсы сіңіріледі.
Бидай ұнының нандық қасиетін бағалағанда, оның маңызының (клейковинасы)
мөлшері мен сапасының рөлі зор. Маңыз құрамына негізінен ақуыздық заттар -
глиадин мен глютеин кіреді. Оның сапасы және мөлшерімен нанның көлемдік
шығымы мен жұмсағының қуыстылығы анықталады. Нанның жоғары көлемдік шығымы,
маңыздың иленгіштігі (созылмалы, иілгіш, майысқақ) мен қамырдың газұстағыш
қабілетіне байланысты. Маңыздың созылғыштығы 30 см-ден жоғары және 20 см-
ден төмен болмауы керек. Нанның жайылу бағасы, оның биіктігінің диаметріне
қатынасымен анықталады; осындай қатынас жартысынан төмен болмағанда өте
жақсы бағаланады. Жұмсағының жоғары бағалануы біркелкі, жұқақабырғалы,
ұсақдәнді қуыстылықта анықталады.
Үн дайындайтын жөненан пісіретін өнеркәсіптерге мықты және қатты
бидай деп аталатын бидайлар ерекше құнды болып саналады. Мықты бидай -
деген атау, тек қана бидайдың жұмсақ түрлеріне (жаздық және күздік) ғана
тән. Олардың дәндері жоғары сапалы. Жалпы әйнектілігі қызыл дәнді
бидайларда 70 %, ал ақдәнділерде - 60 % жөне де дән ақуызы 14 %, 1-ші
сортты үн шикі маңызы 28 % кем емес.
Мықты бидайды, онша құнды емес бидай сорттары ұнының нандық сапасын
жақсартатын қабілетіне байланысты, жақсартушы-бидай - деп атайды.
Мықты бидайдың дәні әлемдік нарықтажоғары бағаланады. Сондықтан, олардың
күздік - Безостая 1, Мироновская 808 сияқты сорттары мен жаздық бидайдың
Саратовская 29, Саратовская 38, Саратовская 210, Безенчукская 98 жәнет.с.с.
сорттары қүнды болғандықтан, кең таралған.
Бидай жершарында өте ертеден келе жатқан дақылға жатады. Оны 6500 жыл
бүрын, қазіргі Ирак территориясында өсірген, б.з.д. 6000 жылдан әріректе
Мысырда және б.з.д. 3000 бүрын Қытайда егілген. Тарих санағына дейінгі
кезеңде бүл дақыл Азия, Африка және Еуропада таралған. Бұрынғы КСРО
территориясына бидайдың егілгені тас ғасыр дәуірінен (б.э.д. шамамен 3-4
мың жыл бұрын) белгілі.
Бидай түрлері. Бидайдың. Таралуы мен пайдалану мақсатында бір-бірінен
айырмашылықтары көп 22 түрі бар.
Шаруашылық-құнды және морфологиялық белгілері бойынша бидайдың барлық
түрлерін екі топқа бөлген:
1) жалаңашдөнді бидайлар (бүрынғы атауы – нағыз бидайлар);
2) қауызды, немесе полбалық бидайлар (бүрынғы атауы - нағыз бидай
еместер, немесе полбалар).
Жалаңашдәнді топқа бидайдың 11 түрі кіреді: жұмсақ, қатты, карталиндік,
полоникум, тургидум, тұрандық, вандық, карликті, домалакдонді, кеңжапырақты
және саңырауқүлаққатөзімді. Қауызды топқа - бидайдың қалған 11 түрі жатады.
Бидайдың біздің елімізде және жершарының барлық аймақтарында көп
егілетіні - жүмсақ жөне қатты түрлері (3-сурет).
Жұмсақ және қатты бидай түршелері. Әр түр түршелерге бөлінеді Түрлердің
түршеге бөлінуіне масақ пен тұқымның тек морфологиялық түрақты белгілері
негіз болады. Бұл классификация біржақты және жасанды болып шықты: ол
форманың биологиялық сипаты туралы түсінік бермейді, оларды экология және
географиямен байланыстыраалмайды. Бірақ ол сорттарды морфологиялық
жүйелеуге негіз болуымен тәжірибелік мақсатта құнды және сыртқы белплері
бойынша олардың сан-алуан түрлерін ажыратуға мүмкіндік береді.
Түр кеңірек таралған сайын, оның түршелері де көбейе түседі. Бидай
түршелерінің негізгі белгілері:
1) қылтықтылық, яғни, масақта қылтықтардың болуы немесе болмауы;
2) масақ қабықшасының түктілігі (сондай-ақ олар жалаңаш болуы да мүмкін);
3) масақ түсі (ақ, қызыл және қара болуы мүмкін);
4) қылтықтар түсі (масақтың түсімен бірдей, немесе ақ және қызыл масақтарда
қара болуы мүмкін);
5) дәннің түсі (негізінен ақ және қызыл; ақ түске түқымның таза ақ,
сарылау және ашық-қызылы жатса, қызыл денге - қою-қызыл, қызыл және қызыл-
қоңырлары жатады) Әр түршенің өзіне морфологиялық белгілері, бірақ бастысы
биологиялық және өндірістік ерекшеліктері бойынша, өзара айырмашылығы
(ылғый емес) болатын бірқатар сорттар кіреді. Бір түршенің өзінде күздік
және жаздық, ерте- жөне кешпісетін сортгар болуы мүмкін; олардың өзара
қысқа, қүрғақшылыққа, аурулар мен зиянкестерге, үгітіліп- шашылып қалуға
төзімділіп және т.с.с. қасиеттері бойынша айырмашылығы болуы мүмкін.
Жүмсақ бидай сорттарының көп бөлігі эритроспермум, ферригенеум, лютесценс
және мильтурум, ал қатты бидайдікі -гордеиформе мен мелянопус түршелеріне
жатады.
КҮЗДІК БИДАЙ
Халық шаруашылығындағы маңызы. Дәнді астықтар ішінде күздік бидай өте
құнды тағамдық дақылдардың бірі. Дәнінің сапасы бойынша ол барлық
күздіктерден асып түседі. Бидай наны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz