Жылқы стронгилезін анықтау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі.
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық
университеті.

Паразитология,
эпизоотология және ВСС

кафедрасы.

Паразитология және инвазиялық аурулар пәнінен

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Жылқы стронгилезінің ветеринарлық – санитарлық шаралары

Орындаған: ВМ-55 топ студенті

Қабжанова Н.А.

Тексерген: в.ғ.к., профессор

Шалменов М.Ш.

Орал- 2012

Жоспар.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Тақырыптың өзектілігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 4

Курстық жұмыстың мақсаты мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 4-5

I.Әдебиетке шолу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .6

1.1.Систематикасы ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..8

1.2.Қоздырғышы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..8

1.3. Өсіп-
өнуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..9

1.4.Эпизоотологиялық
мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

1.5.Патогенезі ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...9

1.6. Арудың клиникалық
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 9

1.7. Паталогоанатомиялық өзгерістер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

1.8.
Диагноз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..10

1.9. Жануарларды сауықтыру және сақтандыру
шаралары ... ... ... ... .10

II.Өзіндік
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...11

2.1 Жылқы стронгилезін
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

2.2 Шаруашылыққа
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

ІІІ. Өзіндік зерттеу
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..13

3.1. Шаруашылықтық ветеринарлық- санитарлық
жағдайы ... ... ... ... 13

3.2. Ізденістің
нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 14

3.3. Экономикалық
зияны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.15

3.4.Өзіндік ізденіс жұмыстарын
талқылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .18

Ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 9

Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .22

Кіріспе

Паразитология – паразиттерді, сондай-ақ олар тудыратын адам,
жануарлар және өсімдіктер ауруларын және оларға қарсы күрес шараларын жан-
жақты зерттейтін кешенді ғылым. Паразит ұғымы көне грек тілінде
арамтамақтықты білдіреді. Осыған байланысты паразитология ғылымы жалғыз
паразиттерді зерттеп қана қоймай, олар қоздыратын ауруларды жан-жақты
қарастырады. Паразиттердің жануарлар дүниесіне, яғни зоопаразиттерге
жататынына байланысты, олар қоздыратын ауруларды инвазиялық індеттер
қатарына жатқызады.
Паразитологияның негізгі мақсаты-қарапайымдыларды зерттей отырып,
олардың жануарларға тигізетін зиянын білу және сол зияндықты сыртқы ортада
болдырмау жолдарын қарастыру болып табылады.
Ал паразитология ғылымының негізгі міндеті- үй жануарлары мен
құстарды, балықтарды жайлайтын инвазиялық аурулардың қоздырғыштарын табу,
оларды жеке зерттеу және алдын алу мен сақтандыру, ең бастысы адам өмірін
қауіпсіздендіру.
Осы курстық жұмысымды жазудағы негізгі мақсатым-шаруашылықтағы жылқы
стронгилезі ауруын анықтау және оны жою шараларын қарастыру болып табылады.

Тақырыптың өзектілігі. Жылқы шаруашылығы – ет өнімдерінің тапшылығында
маңызды роль атқаратын, жылдам қарқынмен дамитын шаруашылық түрі.

Еліміздегі жылқы шаруашылығы шаруашылықты алып жүрудегі
интенсификациялық технология бойынша дамиды. Сонымен қатар өңдірістік
шаруашылық ұйымдары да бар.

Шаруашылықтың даму негізінен малдың коректенуі мен азық құрамының
жақсартылуына, технологияның кеңінен қолданылуына байланысты болып келеді.
Бірақ әртүрлі инфекциялық ( пастереллез, чума) және инвазиялық (
гельминтоздар, кокцидоздар және т.б.) жылқы аурулары көптеген шығынға
ұшыратады,яғни жылқылардың көптеп өлуіне және өнімділігінің тез төмендеп
кетуіне әкеліп соқтырады.

Бұл аурудың эпизоотологиясы,яғни қоздырғышының даму фазасы ішкі
ортада өтетін болғандықтан, ішкі орта жағдайларының байланысты болып
келеді.Сондықтан да бұл қоздырғыштардың эпизоотологиясындағы маңызды сұрақ
– жылқы шаруашылығында пайдаланылып жүрген жаңа технологияларыдың
эпизоотикалық процесске әсерін аңықтау.

Зерттеу мақсаты. Жылқы стронгилезін Батыс Қазақстан облысында таралуын,
инвазиялық элементтерінің, патогенезінің кейбір сұрақтарын анықтау, үнемдік
шығынды көрсету және сақтандыру шараларын ұйымдастыру.

Зерттеу міндеттері:

• Батыс Қазақстанда жылқы стронгилезінің таралуын, залалдану деңгейінің
оның жасына, тұқымына байланыстылығын анықтау;
• Паразиттің өсіп – дамуын және өмір сүру мерзімін тексеру;
• Жылқы стронгилезінің инвазиялық элементтерінің зертханалық жағдайда және
сыртқы қоршаған ортада өмір сүру мерзімін анықтау;
• Жылқы стронгилезінің патогенезін динамикада зерттеу;
• Жылқы стронгилезінің сақтандыру үшін тиімді дәрі – дәрмектерді ұсыну;

І. Әдебиетке шолу.

Стронгилез – Stronqylus equines. Бұл гельминтозды жынысы жетілген
құрттың балаңқұрттары қоздырады. Құрт жылқының ұйқы безіне орналасып, оны
зақымдап қабындырады, панкреатит ауруы қоздырады.

Көптеген ғалымдардың жылқы стронгилез ауруының мән –жайын көп жыл
бойы жүргізген ізденіс-жұмыстарының арқасында мына жағдайлар анықталған.
К.И. Абуладзенің (1975)[1] мәліметтері бойынша жылқы стронгилезінің
қоздырғышы- Stronqylus equines деп аталады, тұрқы 2,5-5,0 см, төрт тісі
бар: екеуі жіңішке ұзын, екеуі қысқа.
Г.И. Диков. М.С. Сабаншиев (1994)[6] деректері бойынша бас жағы тегіс,
ауыз тесігін бір немесе екі қатар тізілген жапырақшалар қоршаған, ауыз
қуысы мен көмейінің пішіні құрттардың түрлеріне байланысты әрқилы келеді,
ауыз бен өңешті жоталы өзек жалғастырып жатады; ауыз қуысының түбінде,
жоталы өзек айналасында тістері орналасады немесе олар мүлдем жоқ болуы
мүмкін.
Я.Н. Захряновтың (1955)[5] еңбектеріне сүйенсек стронгилезбен
жылқылар көбірек ауырады. Ұйқы безі стронгилезі көптеген аймақтарда
кездеседі. Құлындарды бұл гелминт 9-10 айлық кезінен бастап зарарлайды. Бұл
гельминтоз басқа да жылқы стронгилятоздарымен қосарлана тіркеледі.
Жылқы стронгилезі барлық аймақта кең тараған және олармен түліктің
жасы-кәрісі бірдей ауырады. Дертті таратушы гельминтозға шалдыққан
тақтұяқтылардың өздері. Жұқпалы сатысына жеткен балаңқұрттар ыстық-суыққа
өте төзімді. Дала жайылымында, олар жаз бойы өз тіршілігін сақтай береді,
ал қыста топырақта, қар астында, шөп, сабан арасында тіршілігін сақтай
алады. Келесі жылы көктем шығысымен олар тіршілігін сақтай алады.
Залалдағыш балаңқұрттардың қимылдары шапшаң келеді.
Ю.К. Богольленскийдің (1991) мәліметі бойынша жылқы ішегінен 200 мыңға
жуық стронгилята құрттарын табуға болады.. Олар организмде әртүрлі
патологиялық өзгерістер тудырады. Көлемді ауыз қуысымен олар ішектің
кілегей қабығына қадалып, оны жаралайды, қабындырады. Ішектің қызметі
бүлінеді, зардапты микробтардың енуіне мүмкіндік туады.
Т.К. Ралсовтың(1991) дерегі бойынша, инвазиялық балаңқұрттар
алиментарлық жолмен бүйен мен қартаның ішіне енген соң, сыртқы қабықшасынан
ажырап, ағзаның қалың қабатына кіріп, шажырқай арасымен ілгері жылжиды, ең
соңында ұйқы безіне барып тоқтайды. Онда олар түлеп, өсіп, қайтадан кері
тоқ ішекке ауысады. Толық даму айналым мерзімі 10 айдан аспайды.
Д.Н. Антепиннің(1964) мәліметі бойынша сырт белгілері беймәлім, олар
әлі зерттелмеген. Өлекседегі өзгерістер тек ұйқы безінде айқын көрінеді:
ағзаның аумағы ұлғайған, оны тіліп қарағанда без жолдары қабынған, ішінен
ұзындығы 4-4,5см нематода табылады.
Я.П. Дьянковтың(1985) еңбектері бойынша, Бұл гельминтозды жынысы
жетілген құрттың балаңқұрттары қоздырады. Құрт жылқының ұйқы безіне
орналасып, оны зақымдап қабындырады, панкреатит ауруы қоздырады.
М.С.
Сабаншиевтің(2003) деректеріне сүйенсек, өлі малдың ұйқы безінен стронгилюс
балаңқұрттарын іздестіріп тауып диагноз қояды.
Т.А. Кательниковтың (1974) деректері бойынша, мамандандырылған жылқы
өсіретін шаруашылықтарда сақтандыру шараларын жүргізу кезінде жылқы өсіру
технологиясы ескеріледі. Жылқылар өсіруге бейімделген шаруашылықтарда
немесе құлындарды өсіру циклі аяқталған шаруашылықтарда өзге
шаруашылықтардан жылқы басын толықтыру үшін әкелінген төлмен және асыл
тұқымды жылқылармен бірге инвазиялық ауысуына жол бермейді. Осыған орай
жаңадан әкелінген жылқыларды карантинде тұрған кезде гельминтоздың бар
жоғын тексереді және қажет болған жағдайда дегельминтизациялайды.
1. Систематикасы.
Топтама-Plathelminthes
Тап-Nematoda
Тегі-Rhabditida
Тек-тармақ- Stronqylata
Тұқымдас- Stronqylidae
Туыс-Stronqylus
Түрі- Stronqylus equines
Стронгилез- Stronqylus equines түріне жататын нематодтар тудыратын
жылқылардың ауруы.
1.2. Қоздырушысы- стронгилез – Stronqylus equines. Бұл гельминтозды
жынысы жетілген құрттың балаңқұрттары қоздырады. Құрт жылқының ұйқы безіне
орналасып, оны зақымдап қабындырады, панкреатит ауруы қоздырады.
Стронгилята жұмыртқаларының құрылысы бір-біріне өте ұқсас келеді. Олардың
басым көпшілігі сопақша келеді, түсі ақсұр немесе бозғылт көлемі 0,07-
0,1*0,04-0,045 мм, сырты жұқа қабықшамен қапталған.

шшшшррш

1.3. Өсіп-өнуі. инвазиялық балаңқұрттар алиментарлық жолмен бүйен
мен қартаның ішіне енген соң, сыртқы қабықшасынан ажырап, ағзаның қалың
қабатына кіріп, шажырқай арасымен ілгері жылжиды, ең соңында ұйқы безіне
барып тоқтайды. Онда олар түлеп, өсіп, қайтадан кері тоқ ішекке ауысады.
Толық даму айналым мерзімі 10 айдан аспайды.

1.4. Эпизоотологиясы. Ұйқы безі стронгилезі көптеген аймақтарда
кездеседі. Құлындарды бұл гелминт 9-10 айлық кезінен бастап зарарлайды. Бұл
гельминтоз басқа да жылқы стронгилятоздарымен қосарлана тіркеледі.
Жылқы стронгилезі барлық аймақта кең тараған және олармен түліктің
жасы-кәрісі бірдей ауырады. Дертті таратушы гельминтозға шалдыққан
тақтұяқтылардың өздері. Жұқпалы сатысына жеткен балаңқұрттар ыстық-суыққа
өте төзімді. Дала жайылымында, олар жаз бойы өз тіршілігін сақтай береді,
ал қыста топырақта, қар астында, шөп, сабан арасында тіршілігін сақтай
алады. Келесі жылы көктем шығысымен олар тіршілігін сақтай алады.
Залалдағыш балаңқұрттардың қимылдары шапшаң келеді.

1.5. Патогенезі. Стронгилюстің патогендік көрінісі ұйқы безінде қан
айналымның бұзылумен біріккіш ұлпалардың ұлғаюымен және ұйқы безі
функциясының әлсіреуіне әкеліп соқтырады.
1.6. Аурудың клиникалық белгілері. Сырт белгілері беймәлім, олар әлі
зерттелмеген. Өлекседегі өзгерістер тек ұйқы безінде айқын көрінеді:
ағзаның аумағы ұлғайған, оны тіліп қарағанда без жолдары қабынған, ішінен
ұзындығы 4-4,5см нематода табылады.

1.7. Патологиялық өзгерістер.Стронгилятоздарға шалдыққан мал өлексесі
тым арық. Ішектің сыртындағы ірі қантамырлары жарақаттанған, олардың ішкі
қабығының көптеген жерлері нүктедей болып қанталаған, кейде кейбіреулерінің
жарылғандығынан құрсақ қуысында қан жиналып қалады. Осыған құсас
өзгерістер бүйен т.б ағзалардың қантамырларында ұшырасады. Шажырқай
қантамырларының әр тұсынан ұйыған қан көзге шалынады. Қарта мен тоқ ішекті
жарып қарағанда ішінен жүздеген , мыңдаған нематодалар табылады, ішкі
қабығы суланып, қанталаған немесе жарақаттанған.
1.8. Диагноз. Өлі малдың ұйқы безінен стронгилюс балаңқұрттарын
іздестіріп тауып диагноз қояды.
1.9. Жануарларды сауықтыру және сақтандыру шаралары
Стронгилятоздар жиі кездесетін шаруашылықта жылқыны аурудан сақтандыру
үшін, оларды жылына екі рет және күзде дегельминтизациядан өткізеді.
Сонымен бірге қораны, айыр, күректерді т.б құрал-саймандарды түгелдей
зарарсыздандырады. Дерт жұқпас үшін биылғы жайылымда болған жылқыны
келесіжылы дәл сол жерге жаюға рұқсат етілмейді, оның шөбін басқа түлікке
пайдаланады. Жазда жылқы өрісін әрбір апта сайын алмастырып отырған жөн.
Гельминттердің жұқпалы балаңқұрттарын құрту мақсатымен қора қиын қалыңдап
ойып, оны белгілі жерге жинап үйіп, биотермиялық тәсілмен өңдейді. Алынған
көңнің орнына жаңа таза топырақ төсейді. Қора қабырғаларына, жүретін жолға
әктің қою ерітіндісін бүркіп, дезинвазиялайды. Малдың пішені оттықтан
шашылып жерге түсіп, аяққа басылмау үшін, оның алдын қоршап тастайды.
Жануарға құдық суын ішкізеді немесе таза ағын сумен суарады.

II.Өзіндік зерттеулер.

2.1 Жылқы стронгилезін анықтау
Стронгилез ауруын анықтау үшін диагностикалық зерттеуге сүйенеміз.
Жалпы диагностика дегеніміз-профилактикалық шараларды жүргізу және
қажетті ем жүргізу мақсатында ауру жануарларды зерттеу әдісі болып
табылады.
Гелминтоздардың диагностикасы өзінің ерекшелігімен, дәлдігімен
ерекшеленеді. Осы мақсатта өмірлік және өлімнен кейінгі диагностикалық
зерттеулер жүргізеді.
Гельминтокопроскопиялық және арнайы зерттеулерге қанды, несепті,
теріні, бұлшықетті, көзден аққан сұйықтықты және тағы басқа зерттеулер
жатады.
Гельминтокопроскопиялық зерттеулер: гельминтоскопиялық (гельминттерді
және олардың фрагменттерін табуға көзделген), гельминтоовоскопиялық
(латынша“ovum” жұмыртқа) және гельминтоларвоскопиялық болып бөлінеді.
Ересек құрттар тудыратын стронгилятоздарды анықтау қиындау, себебі
аурудың айқын клиникалық белгілері жоқ. Кейде нәжіс арасынан гельминттерді
көріп қалуға болады. Гельминтоовоскопиялық әдістері арқылы (Филлеборн,
Дарлинг т.б.) барлық стронгилятоздарға жалпылама диагноз қойылады, өйткені
нематодалардың барлық түрлері жұмыртқаларының қоюға болады, өйткені
нематодалардың барлық түрлері жұмыртқаларының құрылымы біркелкі.
Гельминтоларвооскопия тәсілдері арқылы нақты диагноз қоюға болады, өйткені
бұл әдістермен ішқұрттардың туысын, ол кейбіреулерін түрлерін ажыратуға
болады. Ол үшін стронгилята балаңқұрттарын жасанды түрде бөлмеде немесе
термостатта өсіреді. Балаңқұрттарды өсіріп, жұқпалы сатысына жеткізу үшін
50 гр-дай жылқының жас нәжісін стаканға салып, аузын қағазбен жауып, 20-250
C жылылықта бір жұмадай ұстайды. Содан кейін оны Берман аспабы арқылы,
ішіндегі залалдағыш балаңқұрттарды бөлек айырып алып, микроскоппен зерттеп,
туысын анықтайды.

Фюллеберон әдісімен зерттеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үй жағдайында жылқы сою және қазы айналдыру
Жылқы ұшасын бөлшектеу
Бізге жеткілікті ғылыми әдебиеттер бойынша жылқылардың аяқ аурулары
Жылқы қондылығы
Малдың қоңдылығын анықтау
Жылқының тұсамыс буынының контрактурасын анықтау және емдеу
Өнім сапасын жақсарту
Анықтау ауруларын жылқы
Жылқы шаруашылығындағы асылдандыру жұмысын ұйымдастыру жайында
Асыл тұқымды жылқылардың тіркеу кітабы
Пәндер