Шошқа шаруашылығы бойынша бизнесжоспар


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
«Экономика және кәсіпкерлік негіздері»пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:«Шошқа шаруашылығы бойынша» бизнес-жоспар
Орындаған:ВТ-33 тобының студенттері
Ахмет А. М., Тұрлыбекұлы Ә., Нығмет С.
Тексерген:а. о. Жангалиева Е. С.
Орал, 2022
Мазмұны:
Кіріспе бөлім . . . 3
Жобаның түйіндемесі . . . 4
Өнімнің сипаттамсы . . . 5
Нарық пен бәсекелестерді талдау . . . 7
Нарықты талдау . . . 7
Маркетингтік жоспар . . . 10
Өндірістік бөлім . . . 13
Өнімнің сипаттамасы . . . 13
Технологиялық жоспар . . . 14
Ұйымдық-басқару жоспары . . . 15
Қызметкерлер бойынша жоспар . . . 15
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы . . . 15
Қаржылық жоспар . . . 17
Өнім бірлігінің өзіндік құнын және шығындар жоспарын есептеу . . . 17
Сатудан түскен кірістер баптарының толық жазылуы . . . 17
Пайда мен шығындар туралы есептің болжамы . . . 17
Тәуекелді төмендететін тәуекелдер мен факторлар . . . 19
Пайдаланылған әдебиттер . . . 21
Кіріспе
Шошқа шаруашылығы дүниежүзілік ет өнімінің 40%-ға жуығын береді, қазір оның саны 0, 8 млрд - тан асып отыр. Ірі қарамен салыстырғанда күй талғамайтындықтан және тез өсіп - өнетіндіктен бұл шаруашылық адамдар тығыз қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына жуығы Азияға, оның ішінде, ең алдымен, Қытайға келеді. (Азияның кандай елдерінде шошқа мүлдем өсірілмейді) . Сонымен қатар АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жақсы дамыған. Шошқа шаруашылығы - үй хайуанаттарының негізгі саласы. Шошқаның еті, майы тағам ретінде кеңінен пайдалынылады. Сонымен бірге терісі, басқа да өнімдері, халық қажетіне жаратылады. Шошқаның арғы тегі - доңыз. Қазақстанда жабайы қабан мен ақ шошқа мегежіндерін ұрықтандыру арқылы шошқаның етті - майлы жетісу шошқа қолтұқымы шығарылады. Ол еліміздің оңтүстік - шығыс аймақтарының табиғи жағдайларына бейімделген. Өсімтал және тіршілік етуге өте бейім қолтұқым. Шошқа шаруашылығы дегеніміз - бұл елімізде ет қорын жедел толықтыра алатын мал шаруашылығының тез жетілетін саласы. Шошқа шаруашылығының шоғырлануы және оның өнеркәсіптік негізге көшірілуі шошқа етін өндірудің іс жүзіндегі бүкіл технологиясын қамтитын салаларды басқарудың бірқатар мәселелерін ғылыми тұрғыда жетілдіріп, өндірістік сынақтан өткізуді талап етті.
Жобаның мақсаты : Өндіріс типті ірі шаруашылықтарда шошқа етін өндірудің осы заманғы технологиясы өндірістің тасқындылығы және ырғақтылығымен, барлық цехтар және фермалардың өзара байланыстылығымен, көп еңбек сіңіруді қажет ететін процесстерді жоғары дәрежеде механикаландыру және автоматтандырумен, табындарды стандарттап, біртектестендірумен сипатталады. Басқа үй малдарымен салыстырғанда шошқа буаздық кезеңінің қысқалығымен, көптөлділігімен, шапшаң өсетіндігімен ерекшеленеді. Олардың тірілей салмағын арттыруға азық аз жұмсалады, сондай - ақ шошқа етін өндіруге көп еңбек жұмсалмайды. Қазіргі уақытта шошқа шаруашылығындағы етті бағыттағы анықтауға үлкен ғылыми өндірістік жұмыс жүргізілуде.
Жобаның міндеттері:
- Өндіретін өнімді сипаттау;
- Нарық пен бәсекелестерді талдау;
- Маркетингтік жоспарды әзірлеу;
- Технологиялық жоспар құру;
- Ұйымдық-басқару жоспарын әзірлеу;
- Қаржылық жоспар құру;
- Өнім бірлігінің өзіндік құнын және шығындар жоспарын есептеу;
- Сатудан түскен кірістерді есептеу;
- Тәуекелді төмендететін факторларды саралау.
1. ЖОБАНЫҢ ТҮЙІНДЕМЕСІ:
Ахмет Аяжан Марсқызы
Тұрлыбекұлы Әділмұрат
Нығмет Саламат
047850366
044680670
044673804
17. 06. 2002 Орал облысы
06. 11. 2001 Атырау облысы
11. 06. 2002 Орал облысы
Х
Х
Х
Х
Х
Х
1 кесте: Жобаның құны
Сомасы, теңге
1 дана
2. ӨНІМНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Өндірістік негізде шошқа етін өндірудегі ең басты мәселе, шошқаларды құндылығы жоғары құрама жеммен қамтамасыз ету болып табылады, Қазақстанда шошқа шаруашылықтарында 54 мың басқа есептелінген кешенінде 20 - 25 мың бас шошқа өсіріледі, бұл кешеннің жұмысы үздіксіз шошқа етін өндіру. Жоғарыда айтылған технологиялық циклдің барлығы дерлік жоғары деңгейде орындалады. Барлық шошқалар құрама жеммен белгіленген рецептура бойынша жемделеді. Айына 70 тонна ет үздіксіз технологиямен өндіріліп отырады.
Кейінгі 20 жыл ішінде шошқа шаруашылығы саласын жеделдетіп өсіру, негізінен өндірісті мамандандыру және шоғырландыру арқылы жүргізілуде. Сол шоғырландырудың арқасында әртүрлі аймақтарда негізінен шаруашылықтың үш түрі пайдаболды.
- бордақылау өндірісі - жас малдарды басқа шаруашылықтардан алып бордақылау;
- репродукторлық шаруашылық, жас малдарды алып, 4 айлық жасқа дейін өсіріп, бордақылайтын шаруашылықтарға сатады;
- ірі шошқа кешендері, өнімді жабық цикл жүйесімен өндіру. Бұл шаруашылықтарда жас малдарды өндіріп, өсіріп әрі қарай бордақылап сойысқа өткізеді.
- асыл тұқымды шаруашылықтар, негізінен асыл тұқымды жас малдарды өсірігі басқа шаруашылықтарға сатады.
Жабық цикл жүйесімен ет өндіретін шаруашылықтар өте тиімді кезінде осы жүйемен істейтін 108; 54; 24; 12 мың басқа арналған шаруашылықтар Қазақстан Республикасының облыстарында салынып, іске қосылып жатыр.
Шошқаларды мамандырылған бір қорадан екінші қораға ауыстырып отыру, шошқа шаруашылығындағы технологиялық циклдың негізі болып табылады, яғни аналықтарды қашыру, буаз және емізетін аналық шошқаларды бағу, торайларды өсіріп, бордақылау кезеңдеріне бөлінеді.
Үлкен кешендерде барлық өндірістік топтағы шошқаларды сыртқа шығармай, әсіресе аналық шошқаларды 32 күндік буаз мерзімінен бастап емізетін кезеңіне дейін ұстайды. Торайларды 15 күнінен 106 күніне дейін құрғақ құрама жеммен, ал бордақылауға қойылған шошқаларды сұйық жеммен азықтандырады.
Шошқа етін өндірістік негізде өндірудің ең бастысы, оларды үздіксіз жоғары деңгейлі құрама жеммен қамтамасыз ету болып табылады. Құрама жемді рецептісімен жасай алмаған жағдайда шошқалардың сапалық көрсеткіштері төмендеп кетеді, әсіресе өсіп-өну цехінде, торайларды өсіріп, оларды бордақылаған кезде. Осының салдарынан малдардың жылжу технологиялық ритмі бұзылады, бұл соңында шаруашылықта шошқа етін өндіруге кері әсерін тигізеді.
Шошқа етін өндіруде екінші шешуші фактор - табынды мықты дені сау малдармен жаңалап отыру. Шошқаларды өндірістік фермалармен кешендерде жоғары қарқынды пайдалану, мегежіндердің қысыр қалуына және торайлардың өмір сүргіштік қасиетін төмендетеді.
Торайларды енесінен 26 күндік жасында айыру, мегежіндерді қарқынды пайдалануын 0, 3-0, 4% көтереді, бірақ торайлардың өсімі жоғары деңгейде азықтандырғанның өзінде 2 айлығында 10 - 12 кг салмақтан аспайды, ал 60 күнде енесінен айырған торайлар 18-20 кг салмақ тартуы керек.
Шошқа шаруашылығында әртүрлі механизацияларды пайдаланып, жұмыстарды автоматты түрде игеру, малдарға әртүрлі стресс жағдайларын тудырып отырады. Бұндай жағдайлар температураның әртүрлі өзгеруінен, вакцинация жасалғанда, тасымалдау кезінде, малдарды үлкен тығыздықта ұстауда агрегаттардың қатты дыбыстарынан болып тұрады.
Шошқа майының пайдасы мен зияндылығының маңыздылығы ерекше. . Майдың пайдалылығы шошқа майының тері қабатында сақталатын биологиялық белсенді заттармен анықталады. Құрамында каротин, A, D, E витаминдері, сондай - ақ жүрек, ми және бүйрек қалыпты жұмыс істеуі үшін маңызды арахидон қышқылы бар. Бұл маңызды полиқанықпаған май қышқылы болып табылады. Майдың пайдасы мен қауіптері туралы пікірталас «алтын ортаны» таңдағанда, осы өнімнің қарсыластары мен жақтаушыларының қарама - қайшылықтарын ескеру қажет.
3. НАРЫҚ ПЕН БӘСЕКЕЛЕСТЕРДІ ТАЛДАУ.
Біздің еліміздің шошқа шаруашылығы қазіргі уақытта экономикалық дамыған елдердің тиімділік деңгейіне дейін және тиісінше әлемдік нарықтағы шошқа етінің бәсекеге қабілеттілігі бойынша әлі де алыс. Егер дамыған Еуропа елдерінде бордақылаудағы шошқаның орташа тәуліктік салмағы 700 - 800 грамм шамасында болса, Қазақстанда ауыл шаруашылығы құрылымдарында барлығы 350 - 400 грамм.
Қазақстанда шошқа етін өндіру, тұтыну, экспорттау және импорттау теңгерімін талдау 2021 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде ауыл шаруашылығы құрылымдарында шошқа етін өндіру 48% - ға өсіп, 24, 4 мың тоннаны құрады.
Ішкі нарықта импортталатын өнімді тұтыну көлемі жалпы тұтынудың шамамен 6% - ын құрайды. Өз өндірісінің шошқа етін тұтынудың үлес салмағы жалпы тұтынудың 94% - дан астамын құрайды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта шошқа фермасы қуаттары толық көлемде, яғни 75 - 80% - ға пайдаланылмайды.
Қазақстан Республикасында шошқа етін өндіру мүмкіндігі зор. Осыған байланысты біздің міндетіміз - шошқа шаруашылығы саласын түбегейлі жаңғырту, оны қарқынды индустрияға көшіру және арзан бәсекеге қабілетті өнім бере алатынына қол жеткізу, тиісінше көрші елдердің шошқа шаруашылығымен тиімділігі бойынша салыстыруға болатын ғылымды қажетсінетін өндіріс болуға тиіс.
Шошқа етін рентабельді өндіру оны өндіру үшін жоғары өнімді, тұрақты генетикалық әлеуеті бар және өнеркәсіптік технологияға жақсы бейімделген мал тұқымдарын кең пайдалану кезінде ғана мүмкін болады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ірі ақ шошқа тұқымы, сондай - ақ ландрас өсірілуде, бірақ бұл тұқымдар тұтыну нарығына сәйкес келмейді.
Шағын мамандандырылмаған шаруашылықтарда өнеркәсіптік өндіріс пен өсіру үшін мамандандырылған желілерді, шошқалардың типтері мен тұқымдарын шағылыстырудан, жоғары шығатын етке селекциялаудан алынған гибридті төл перспективалы болып табылады. Негізгі аналық тұқым ретінде - ландрас, дюрок немесе басқа да ет тұқымдары қолданылады.
Бүкіл әлем гибридтерде жұмыс істейді, гибридсіз ет шошқа етін алу мүмкін емес. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шошқа тұқымын асылдандыру жұмыстарын ет сапасын жақсарту, өсім бірлігіне азықтың шығынын төмендету және мықты Конституцияны сақтау бағытында жүргізеді.
Ірі ақ тұқымды шошқалар тауарлық қоспалы және гибридті жануарларды алу үшін аналық пішін ретінде әрекет етеді.
Ландрас тұқымдарын жақсы ет қасиеттері бар қоспалы жануарларды алу мақсатында, сондай - ақ жаңа тұқымдарды будандастыру және шығару кезінде тұқымаралық будандастыру үшін пайдаланады.
Азық - түлікмәселелерін шешуде шошқа шаруашылығы саласының дамуы аса маңызды. Әлемнің көптеген елдерінде шошқа - ет пен майдың маңызды көзі.
Шошқа еті өндірісінің өсуімен бір мезгілде оны тұтыну артты, ол өткізу нарықтарына әсер етті. Көптеген елдер шошқа етін тұтынумен салыстырғанда экспорттауды айтарлықтай арттырды.
Қазіргі уақытта, жаңа, салқындатылған және мұздатылған түрдегі әлемдік шошқа етінің 80% - ға жуығы және өңделген (сан еті, шұжық, ысталған) етінің 96% - ы Еуропа елдеріне келеді.
Республикада орташа тәуліктік төмен салмақ, өнім бірлігіне азықтың жоғары шығыны, шошқаларды өсіру мен бордақылаудың ұзақ кезеңі шошқа етін өндіру тиімділігінің күрт төмендеуіне, дамыған елдердің өнімімен салыстырғанда оның бәсекеге қабілетсіздігіне әкеледі. Сарапшылардың болжамы бойынша шаруашылықтың барлық санаттарындағы шошқа етін өндіру Қазақстанда 2020 жылы 193, 5 мың тоннаны құрайды.
Бұл ретте 153, 5 мың тонна ауылшаруашылығы құрылымдарында 2022 жылы өндірілетін болады, бұл 2020 жылға қарай 60, 0 мың тонна шошқа етін экспорттауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта республикалық бюджет қаражаты есебінен шошқа етін өндіруге және шошқаның асыл тұқымды төлін сатып алуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шығындарын субсидиялау жүзеге асырылуда.
2 кесте:Бірегей сауда ұсынысы(БСҰ) кестесі
Шаруашылық
Шаруашылықтың негізгі өнімі-шошқа өсіру яғни шошқа өсіре отырып, етін сату. Сонымен қатар терісін сатумен де айналысады.
Бәріміз білетіндей шошқа тез көбейіп, тез өнім беретін жануар.
Шошқа етін арзан бағада әрі сапалы сату.
Ай сайын көп өнім шығарып, экспорттау.
Беделді компаниялармен келісімшртқа отыру.
Қазіргі таңда барлық шаруашылық алға қарай жүруі үшін оған міндетті түрде сапалы өнім қажет болады.
Өзінің бәскелестерінен озуы үшін әлдеқайда жақсы баға қою керек.
Шаруашылық өз бизнесін тоқтаптпай жетістікке жеткенін қаласа жақсы келісімшартқ отыру керек.
4. Маркетигтік жоспар
Құрылатын кәсіпорын маркетингінің жалпы стратегиясын сатып алушылардың шошқа шаруашылығы өнімдеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында олардың тұратын жеріне тікелей жақын жерде нарыққа енгізу ретінде тұжырымдауға болады. Маркетингтік стратегия осы кезеңде шошқа кешенінің мүмкіндіктерін нарықтағы жағдаймен ұзақ мерзімді келісуден тұрады.
Маркетинг стратегиясы негізінде бес жатыр:
- мақсатты нарықтарды таңдау;
- нарықты сегменттеу, яғни жиынтық кіріс шеңберінде бәсекелі мақсатты нарықтарды бөлу;
- құрал-жабдықтарды және озық әдістерді таңдау;
- нарыққа шығу уақытын анықтау.
Маркетингті кіс-шараларды іске асыру құралдары:
- кәсіпорынның ұйымдық құрылымын жетілдіру;
- өнімді әзірлеу және нарыққа енгізу;
- сұранысты қалыптастыру және өткізуді ынталандыру мақсатында рыноктарды зерделеу;
- қызметкерлерді арттыру және оқыту;
- көрмелер мен жәрмеңкелерге белсенді қатысу;
- сервис құру және өндіріс тиімділігін арттыру;
- жарнамалық іс-шаралар;
Маркетинг жөніндегі мамандар тартқан ұн және одан жасалған бұйымдар нарығының ұзақ мерзімді үрдістерін болжау мақсатында осы нарықтарды зерттеу әдістерімен жүргізілді:
• сауда нүктелерінде келушілер ағынының уақытша ауытқуын бақылау;
• сұхбат және сауалнамалық сауалнамалар арқылы топтық зерттеу.
Нарық конъюнктурасының маркетингтік зерттеулерін талдау барысында оның теңгерімділік дәрежесі анықталды, ең алдымен сұраныс пен ұсыныстар, тұтынушылардың сапасы, тауар түрі мен ұсынылатын тауардың бағасы бойынша әдеттері мен тілектері. Бұл өнімге сұраныстың ерекшелігі оның икемділігі болып табылады, яғни өнімнің бағасы артқан кезде шығару және сату көлемі іс жүзінде төмендемейді, себебі ет және ілеспе өнім бірінші қажеттілік өнімдері болып табылады.
3 кесте:Ситуациялық талдау (SWOT)
- өнімнің жоғары сапасы;
- тауардың негізгі массасы өндіріске тікелей жақын сатылады;
- кәсіпорынның ұтқырлығы,
- тұтынушылар сұранысының өзгеруіне жылдам әрекет ету мүмкіндігі;
-мал басының тез өскіштігі;
-жануардың азық таңдамайтындығы;
-шетелге өнім экспорттауға қол жетуізу;
-бренд қалыптастырып, оны танымал ету.
-бәсекелестіктің артуы;
-тұтынушылар санының артуы;
-сұраныс төмендеуі;
-салықтардың өсуі.
5. Өндірістік бөлім
Шошқа малы азық талғамайтын мал түрі. Соның өзінде де щошқа малының азығына жеткілікті түрде жем, шырынды азықтар болуы керек.
4 кесте: Өнімді өткізу жоспары
1 мегежін туғанда 8-12 торайдан береді.
(8+12) /2= 10
Орташа есеппен 1 мегжініміз 10 торайдан береді деп аламыз.
10*10=100
Яғни, бізідің 10 мегежініміз 100 торай береді. Жаңа туған торайлардың салмағы 1, 2-1, 4кг. болады. Біз оларды 1 ай енесінің қасына қойып содан соң 6 ай бордақылаймыз. Сол уақытта әр торайдың салмағы 150 кг-ды құрайды.
1кг шошқа етін 1600 теңгемен сатамыз.
5 кесте:Өнімді өткізудің қаржылай көрсеткіші
6 кесте: Қажетті жабдықтар тізімі
6. Ұйымдық - басқаружоспары
Жобаны табысты іске асырудың маңызды факторларының бірі-белгіленген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін кәсіби мамандардың топтасқан командасын қалыптастыру болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның кадрлық құрамын қалыптастыру үшін жұмыс тәжірибесі бар тәжірибелі мамандар тартылатын болады. Штаттық кестеге сәйкес шошқа кешені қызметкерлерінің саны 4 адамды құрайды, оның ішінде: басшы - 1, қызмет көрсетуші жұмыскерлер - 3.
7 кесте:Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы
7. Қаржылық жоспар
7. 1. Өнім бірлігінің өзіндік құнын және шығындар жоспарын есептеу
Шошқа кешені өнімі бірлігінің өзіндік құнының калькуляциясын есептеу экономикалық элементтер және шығындар баптары бойынша топтастырылған негізгі шығыстар бойынша жүргізілді:
- материалдықшығындар ;
- еңбекақы төлеушығындары;
- әлеуметтік аударымдар;
- үстемешығыстар (әкімшілік - шаруашылықшығыстар, сатубойыншашығыстар, банк кредиттері және т. б. . )
7 . 2. толық жазылуы
. жұмыс айларбойынша. .
Салық:
Салық ЖК ретінде оңайтылған декларация бойынша 6 айда 3% төленеді.
24 000 000/12=2 000 000
2 000 000* 0. 03=60 000
60 000*2=120 000( 1 жылда төленетін салық )
Рентабельділікті анықтау:
R = пайда/шығын*100%
7. 3. Пайда мен
Осы бөлімдежиынтықтүрде банк қоса алғанда, , шығындардың құрамы мен құрылымыкелтірілген. және . нарықтағы , күрт ауытқуларбайқалмайды.
8 кесте: әр жылғабөлінген.
10 кесте: Жобаның өндірістік бағдарламасы
8. Тәуекелді төмендететін тәуекелдер мен факторлар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz