Қой гемонхозын балау


Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолданған «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясына» орай Қазақстан өз даму жолында жаңа нарыкқа ену босағасында тұр. Онда ол отандық өнімдердің бәсекелестікке қабілетті болуын басымдылықтың бірі ретінде көрсеткен. Олардың сапасы халықаралық талаптарға сай болуға тиіс. Дүниежүзілік ашық саудада саланың тиімділігін қамтамасыз етуді атап көрсетті. Соның ішінде мал шаруашылығына айтарлықтай атап кеткен. Мал шаруашылығы саласында малдардың аурулары және оларды емдеу бізге, яғни ветеринар мамандарға жүктелген.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері экономикасын жоғары деңгейлерге жеткізу мақсатында, мал шаруашылығының алатын орны өте зор. Бүкіл әлемдік сауда ұйымына мүше болуды көздеуге, бұл жоғары сапалы тауарлар мен өнімдер шығарлуын қажет екендігі маңызды. Төрт-түлік малдың өсіп-өнуіне және өнімділігін арттыруға мал өнімдерінің сапалы болуына залалын тигізетін инвазия қатарына стронгилятоздар да жатады. Қазақстанда кеңінен таралған гельминтоз. Жалпы мал шаруашылығын өркендетудің маңызы инфекциялық және гельминтологиялық аурулармен күресу болып табылады.
Соның бірі - қойлардың гемонхоз ауруы болып табылады. Гемонхоз - малды қансыратып, арықтататын, көптеген жағдайда оны өлтіретін. Нaemonchus соntortus құрты тудыратын ішқұрт ауруы. Мал оған әсіресе қыстыгүні немесе жазғытұрым шалдығады. Қой гемонхозының өзекті мәселеге айналуы, бұл ауру шаруашылыққа үлкен экономикалық зиян келтіруінде. Қазақстанның қой шаруашылығына паразиттік аурулары зор экономикалық зиян келтіреді. Паразит ауруларына шалдыққан қойдың өнімділігі азаяды, қоңы төмендейді, өлім - жетімге ұшырайды. Паразит ауруларына шалдыққан саулықтан осал төл алынады. Сондықтан бұл ауруларға қарсы күрес ұйымдастыру шаруашылықтағы мамандардың ғана емес, шопан қауымының төл ісіне айналуы керек.
Курстық жұмыс мақсаты - қой гемонхозы ауруымен жалпы таныстырып, аурудың шығу тегін, таралуын, алдын-алу және сақтандыру шараларын қарастыру. Қой гемонхозын емдеу кезінде қолданылатын антигельменттік препараттармен таныстырып, қолданылуын насихаттау.
Курстық жұмыс міндеттері:
• Қой гемонхозының таралу деңгейін айқындау;
• Қой гемонхозын балау;
• Қойларды гемонхоздан сауықтыру және сақтандыру ветеринарлық-санитарлық шараларын жүргізу;
• Қой гемонхозында пайдаланылатын антигельминттік препараттар жайында түсінік беру.
ІІ. Әдебиетке шолу
Абуладзе К. И мәліметі бойынша мүйізді ірі қара малының гельминтоздық зерттеу әдісін бағалау. Күйістілер стронгилятоздарына және де басқа гельминтерді анықтау барысында. Ірі қара малының ассоцирленген инвазиясын анықтау үшін комплексті копроскопиялық (Республикадағы 14 шаруашылықтарға, 6 аудандарға, 1164 басқа) зерттеу жүргізді. 722 сиырға короскопиялық зерттеу жүргізген кезде 341 жануар (47, 3%) зарарланған болып шықты. Олардың гельминттердің бірнеше түрімен 109 (31, 6%) жануар залалданғаны анықталды [1] .
Акбаев М. Ш. Водянов А. А. еңбектерінде стронгилятоздар төмендегідей жіктеледі [2] .
Стронгилятоздың жіктелуі:
Топ үсті - надтип - Scolecida
Топтамасы - тип - Nemathelminthes
Тек тармағы - класс - Nematoda
Тобы - отряд - Rhabditida
Тобасты - подотряд - Strongylata
Тұқымдасы - семейство - Ancilostomatidae
Туысы - род - Strongylus
Түрі - вид - Uncinariastenocephala Ancilostomacaninum
Антипин Д. Н, Ершов В. С. зерттеуінше гемонх құрты пішіні жыланға ұқсаған личинка қолайлы жардайға душар болса бір апта ішінде екі рет түлеп бірінші, екінші және үшінші сатылардан өтеді. Сөйтіп ауру тудыру қабілеті бар инвазиялық личинкаға айналады. Мұндай личинканың сыртында табиғаттың қолайсыз жағдайларынан (құрғақшылық, ыстық-суық) қорғайтын екі қабат қабығы болады. Инвазиялық личинка үш айға дейін, тіпті бір жылға дейін өлмейді. Ылғалды жерге түссе, олар 50°С ыстықты да көтере береді [3] .
Демидов Н. В. еңбектеріне қарар болсақ, гемонх құрттары организмінің сөліменен, қаныменен қоректеніп, организмнен қоректік заттарды өз денелеріне сіңіріп алады. Қан сорғыш құрттар деп те атайды. [4] .
Диков Г. И. Абуладзе К. И., Акбаев М. Ш., Москвин С. Н., Павлова Н. В., Потемкин В. И., Степанов А. В. деректері бойынша гемонх құрттарының жұмыртқалары алдынғы шеті жіпше тәріздес болып келеді. Ұзындығы 7 - 27мм., ені 0, 5мм., Ауыз қуысы үлкен емес, дорсальді жағында бір тісі бар. Нематодирустардың жұмыртқалары басқаларға қарағанда үлкен (0, 229-0, 272 x 0, 085- 0, 153 мм), балауса құмалақтарды зерттегенде сегізклеткалы эмбриондар табылған [5] .
Ершов, В. С. зерттеуінде айтылғандай жылқылардың ас қорыту жүйесінде - Strongylus, Delafondia, Alfortia, Trichonema; күйістілердің ас қорыту жүйесінде - Haemonchus, Nemathodirus, Chabertia, Trichostrongylus, Ostertagia, Cooperia, Mecistocirrus, Oesophagostomum, Bunostomum; ет қөректілердің ас қорыту жүйесінде - Ancylostoma, Uncinaria; қаздарда - Amidostomum; күйістілердің тыныс алу жүйесінде - Dictyocaulus, Protostrongylus, Muelleria, Cystocaulus; шошқалардың тыныс алу жүйесінде - Metastrongylus; құстардың тыныс алу жүйесінде - Syngamus; ет қөректілердың тыныс алу жүйесінде - Crenosoma тоғышарлық етеді [6] .
Қадырова Н. Т. деректері бойынша жұмыртқалардың биологиясына тоқтай кетсек: Асқазан-ішек жолдарындағы стронгилятоздары олардың дамуы бір біріне қатты ұқсайды. Қарын-ішекте өсіп-өнетін стронгилятоздар геогельминттер, яғни олар тікелей аралық иесінсіз дамып көбейеді. Нематодамен ұрықтанған ұрғашылары көптеп жұмыртқалар салады, олар нәжіспен бірге сыртқы ортаға шығарылады, қоршаған ортада қолайлы жағдай (жеткілікті ауа, мол ылғал, қажетті температура 20-250С) 1-ші даму сатысында сыртқы ортаға шықанда 12-17 сағаттан кейін жұмыртқа болады, 2- ші даму сатысында 30-40 сағаттан кейін личинкаға айналып, түлейді. аралығында жұмыртқа ішінде балаң құрттар пайда болады. 3-ші даму сатысында қолайлы жағдай кезінде 4- 6 тәуліктен кейін қайтадан түлейді де, тағыда личинкаға айналады [7] .
Кармалиев Р. С, Рахметов А. И. Деректеріне сүйенсек ас қорыту жүйесінің стронгилятозы кезіндегі мебендазол, пиперазин, фенотиазин сияқты антигельминттік препараттардың тиімділігін атап өткен [8] .
Подкопаев В. Н. Степанов А. В. және басқаларының деректеріне сүйенсек қой гемонхозын анықтаудың бірден-бір тиімді әдісі ол балаңқұрттарын өсіру әдісі. Малдың нәжісін жайпақ шыны ыдысқа салып үстіне су бүркеді де, термостатқа қояды (22-26° С жылылықта) . Бір апта бойы күн сайын ертеңгілікте оған су бүркіп, дымқылдап отырады. Осы уақыттың ішінде жұмыртқа личинкаға айналады, личинка екі рет түлеп, екі қабат қабықпен қапталады. Гемонх личинкасын басқа құрт личинкаларынан ажырату үшін оны инвазиялық сатыға жеткізеді. Инвазиялық личинка 16 ішек клеткасынан тұрады, оның пішіні ромба секілді. Жіп-жіңішке болып, соңғы екі клетка қатарласа орналасқан. Гемонхозды личииканың осы белгілеріне қарап анықтайды [10] .
Ругушенин Н. Н. Сенченко Б. С. деректеріне қарасақ, нематодозға әсер ететін дәрілер: мебендазол (Mebendasole), альбендазол (Albendasole), пирантел (Pirantel), левамизол (Levamisolum), пиперазин адепенаты (Piperazini adipinas), нафтамон (Naphtammonum) . Бұл дәрілер әсер етуі жануар жасына, салмағына тікелей байланысты [11] .
Сабаншиев С. М. Сүлейменов Т. Жантөре М. мәліметтері бойынша Казақстанның оңтүстік- шығыс жағында инвазияның эктенсивтілігі қозыларда 66, 6%, 2 жастағы төлдерде 73, 3%, ал ересек қойларда 44, 5% стронгилятарды құрайды. Жәнеде ересек қойларға қарағанда төлдерде, яғни қозыларда ауруға жиі шалдығатыны тіпті аурудан өліп кету мүмкіндігінің жоғары екендігі айтылады. Бұл тек бір ғана зерттеу қорытындысы емес [12] .
Карибеков Е. Е. гемонх құрттары өсіп-өнген кезде өздерінің зат алмасу процесінде бөлінетін заттарды, яғни, метаболиттерді, иесінің ішкі ағзаларына, ұлпаларға бөліп тұрады. Сол метаболиттер улы заттар болып саналады, ең бірінші организмнің орталық жүйке жүйесіне әсерін тигізеді. Сол себептен талма, салдану белгілері байқалады. Метаболиттер иесінің организмінің зат алмасу процесін бұзады, ас қорыту, тыныс алу, қан айналымының жүйелерінің жұмысы бұзылады. Бұл бүкіл организм улануына алып келеді [13] .
Кожабаев М., Сулейменов М. Ж., Бердикулов М. А. Каратаев Ш., Джусупбекова Н. М., Туганбаев А. деректеріне қарағанда гемонхоз Қазақстанның орталық облыстарында, әсіресе, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында жиі кездеседі. Солтүстік облыстарда құрт личинкалары қыстыгүні аязға шыдай алмай, көбінесе қырылып қалады. Олар суда балықша жүзеді, бұлтты, жауынды күндері өрмелеп шөптің басына шырын кетеді. Сәскеге дейін, сондай-ақ қараңғы түсісімен, тіпті түні бойы личинкалар шөптің сабағын бойлай әрлі-берлі кезіп жүреді. Әсіресе олар шөп басында құжынап кетеді, ал ашық ыстық күндері ыстыққа шыдай алмай шөптің түбін, топырақ арасын паналайды [15] .
Акбаев, М. Ш. гемонх ұлтабардың кілегейлі қабығына жабысып оны, аузындағы жалғыз тісімен жарақаттайды да, сорғалап аққан қанмен қоректенеді. Бара-бара ұлтабардың іші қанға толып кетеді. Көп кешікпей қан ұлтабардан ащы ішекке ауысып нәжіске араласып сыртқа шығады. Кей жылдары ауру малдың көбі қансырап өле бастайды. Өлген малдың ұлтабарын жарып жібергенде, оның кілегейлі қабығына сүлікше қадалған гемонх құрттарын көруге болады. Құрт он мыңдап саналады. Жай көзбен қарағанда олар ұлтабарда киіз секілді ұйысып жатады. Кейде ұлтабардың ішкі беті шұрқ-шұрқ болып тесіледі. [16] .
Акбаев М. Ш., Василевич Ф. И., Балагула Т. В., Коновалов Н. К. еңбегінде айтылғандай гемонхозбен ауырған қойда малдың қаны азаяды (анемия) . Эритроцит саны күрт азайып, РОЭ, тұну реакциясы жеделдейді. Лимфоциттер мен эоззинофиль, лейкоциттер саны бірнеше есе көбейеді. Сайып келгенде ішек-қарында ас қорыту, сіңіру процестері бұзылады. Гемонх құрты уытын шығарып, мал денесін уландырады [17] .
Кадыров Н. Т. еңбегінде айтылғандай стронгилятодоздар бұл Strongylata тек тармағына жататын жұмыр құрт қоздыратын аурулар. Бұл аурулар екі топқа бөлінеді. І. Ас қорыту жүйесінің стронгилятодоздары.
ІІ. Тыныс алу жүйесінің стронгилятодоздары [19] .
Сабаншиев М. С., Сулейменов Т. Т., Карамендин Ө., Шабдарбаева Г. С., Жантөре деректеріне сүйенсек, қой гемонхозы қой шаруашылығына экономикалық зиян келтіреді. Паразит ауруларына шалдыққан қойдың өнімділігі азаяды, қоңы төмендейді, өлім - жетімге ұшырайды. Паразит ауруларына шалдыққан саулықтан осал төл алынатындығы баяндалған [20] .
Сулейменов М. Ж., Серикбаева Б. К., Кереев Я. М., Абдыбекова А. М., Каспакбаев А. С., Шалменов М. Ш., Казакбаев К. М. деректеріне сүйенсек шаруашылығында жиі кездесетін инвазиялық аурулар қатарына асқазан - ішек жолдар стронгилятоздары жатады. Асқазан-ішек жолдарындағы стронгилятоздары көбіне күйіс қайратын малда кездеседі, барлық елде кеңінен таралған, соның ішінде Қазақстанда. [21] .
2. 1. Жалпы гельминтология жөнінде түсінік
Гельминтология (грек сөзі: helmints - құрт, logos - ғылым) - бұл тоғышарлық күнелтетін құрттарды, олардың құрылысы мен өсіп-өнуін, келтіретін зиянын, тудыратын ауруларын және оларға күресу шараларын зерттейтін паразитология пәнінің бір саласы. Гельминттердің саны өте көп, 2000 астам түрлері тіркелген және олар әр түрлі экологиялық ошақтарда кездеседі, әр түрлі ауылшаруашылық және кәсіби жануарларда кездеседі. Бұл пәнді 3 бөлімге бөлуге болады:
1. Ветеринариялық гельминтология.
2. Медициналық гельминтология.
3. Аграрлық гельминтология.
Гельминттердің жіктелу орнына қарай бірнеше топтары бар:
1. Жалпақ құрттар - Plathelminthes
2. Жұмыр құрттар - Nemathelminthes
3. Акантоцефальдар - Acanthochephales
4. Аннелидтер - Annelides
Табиғатта кездесетін құрттар жануарларда, адамда және өсімдіктерде тоғышарлық күнелтеді. Адамда кездесетін құрттар антропозооноз ауруларды қоздырады және сол ауруларды қоздыратын құрттар екі топқа бөлінеді:
1. Адам - бұл құрттарға облигаттық, ақтық ие болып саналатындар. Олардың ішінде Taenia solium, Taeniarhynchus saginatus деген құрттар.
2. Жануарлар осы топтағы құрттарға облигаттық ие болып саналады.
Ал адам факультативтік ие болып табылады. Олардың ішінде Dicrocoelium lanceatum, Diphyllobothrium latum, кейбір тениидтердің балаң, яғни көпіршік сатылары - Coenurus cerebralis, Cysticercus cellulosae және кейбір нематодтар.
Гельминтологияның қысқаша тарихына келер болсақ, гельминтология биологияның ең көне пәні, тоғышарлық күнелтетін құрттар туралы көне әдебиеттерде мәліметтер келтірілген. Мысалы, Эберс, Гиппократ, Аристотель өздерінің еңбектерінде гельминттер туралы жазған. Бірақ, ғылыми түрде гельминтология XVIII -ші ғасырдың екінші жартысынан дами бастады. Петербургтағы академик П. С. Паллас құрттардың өзінен-өзі пайда болатын теорияға қарсы мәліметтерді келтірді. Негізгі гельминтологияның атасы Карл Рудольфи болып саналады. Ол ең бірінші гельминттердің жіктелуін келтірді. Сол кездегі белгілі 9816 түр гельминттерді 30 туысқа бөліп, олардың жіктелуін реттеген. Содан кейін Кюхенмейстер, Лейкарт, Ван-Бенеден, тағы басқалар көптеген таспа құрттардың биологиясын анықтаған.
Ресейде гельминтологияның көне отаны Дерпт (Юрьев) қаласы болып саналады. Сол жерде Э. И. Эйхенвальд 1821 жылы алғашқы рет гельминтология курсын студенттердің алдында оқыған. Академиктер Э. К. Бранд, Н. А. Холодковский адамдарда кездесетін гельминттердің атласын жасап, ұсынды. Совет Одағы кезінде гельминтологиялық ғылым жоғары деңгейде дами бастады. Академик К. И. Скрябин өзінің шәкірттерімен бұрынғы одақтың гельминтофаунасын зерттей бастады. Олар 340 ғылыми экспедицияларға барып, 200-ден астам құрттардың түрлерін анықтады. 1920 жылы Москва қаласында Бүкілодақтық гельминтология институты ашылды. Ол 1939 жылдан бері қарай академик К. И. Скрябиннің атыменен аталады.
К. И. Скрябин гельминтологиялық ғылымды көптеген теориялық зерттеулерменен толықтырды, ол 700 астам ғылыми еңбектерді шығарды.
Қазақстанда 2 үлкен гельминттерді зерттейтін мектептер болды. Ол Р. С. Шульц және Е. Г. Галузо құрған мектептер.
Гельминтоздардың оргаизмге тигізер әсері. Гельминттер иесінің организміне көптеген зиян келтіреді. Патогендік зияны мынандай түрлерден тұрады:
1. Механикалық зияны - құрттар әр түрлі мүшелер мен ұлпаларда мекендегенде, сол ағзаларда бекітілгенде және иесінің денесінде орын ауыстырып жүрген кезде механикалық әсерін келтіреді. Бауырда, өкпеде, талақта, бүйректе, мида, бұлшық етте және т. б. мүшелер мен ұлпаларда мекендегенде құрттар сол жерде атрофияны туғызады.
Құрттар ішекте, т. б. паренхиматоздық мүшелерде өздерінің ілмектері мен сорғыштарымен бекітілген кезде механикалық зақым, қабыну процесстерін тудырады.
Кейбір құрттар даму айналымында организмде жүзіп орын ауыстырып тұрады, мысалы, фасциолалардың, дикроцелиялардың, эуритремалардың балаң құрттары ішектен бауырға, талаққа, ценуроз қоздырушысының балаң құрты қойдың ішегінен миға, деляфондиялардың балаңдары күре тамырына, аскаридтердің балаңдары бауыр, өкпе, жүрекке орын ауыстырады. Сол кезде жүзіп жүрген жолдарында механикалық әсерін тигізеді, қабыну процестерін тудырады, дененің ішкі қуыстарын бекітеді және сапрофиттік микрофлораға жол ашады.
2. Сполиартриялық немесе трофикалық әсері - құрттар организмінің сөліменен, қаныменен қоректеніп, организмнен қоректік заттарды өз денелеріне сіңіріп алады. Әсіресе, цестода тобына жататын, ұзындығы 5-10 м жететін құрттар: адамда Taenia solium, Taeniarhynchus saginatus; күйістілерде мониезиялар, иттерде тенииялар және т. б.
3. Токсикалық әсері - құрттар өсіп-өнген кезде өздерінің зат алмасу процесінде бөлінетін заттарды, яғни, метаболиттерді, иесінің ішкі ағзаларына, ұлпаларға бөліп тұрады. Сол метаболиттер улы заттар болып саналады, ең бірінші организмнің орталық жүйке жүйесіне әсерін тигізеді. Сол себептен талма, салдану белгілері байқалады. Метаболиттер иесінің организмінің зат алмасу процесін бұзады, ас қорыту, тыныс алу, қан айналымының жүйелерінің жұмысы бұзылады.
4. Аллергиялық әсері - құрттардың құрамында ақ заттар көп болғандықтан, олар организмге енгенде бөтен себепкер ретінде аллергиялық жауапты тудырады. Онысы екі түрде өтеді:
- тез аралық типті, яғни анафилактиялық шок, безгек, теріде аллергиялық қышыма - есекжем, домбығу пайда болады. Бұл кезде организмнің ұлпаларына гистамин және гистамин тәріздес заттар бөлінеді.
- кешеулі типті, яғни паразитарлық түйіндердің, фагоцитоздың, эозинофилияның, аллергиялық қабынуының, пролиферативтік процестердің пайда болуы.
5. Патогендік микрофлораның иенуімен және белсенділігінің жоғарылауы - құрттар организмге енген кезде микрофлора мен әр түрлі байланыстарға түседі:
- құрттар сыртқы ортадан өзінің денесінде патогендік микробтарды жануардың денесіне кіргізеді.
- иесінің организмінде орналасқан сапрофиттік микрофлораның зардаптық қасиеттерін жоғарылатады.
- иесінің организмінде орын ауыстыру кезеңінде өз денесінде сырттан әкелінген және ішектегі орналасқан микрофлораны мүшелер мен ұлпаларға таратады, яғни К. И. Скрябиннің айтуы бойынша «микрофлораға жол (есік) ашады».
- гельминттер иесінің организмінің ауруға қарсы тұру қабілетін, яғни төзімділігін төменедетеді.
- құрттар басқа аурулардың, әсіресе инфекциялық аурулардың өршуіне және нәжісіне зардаптық қасиетін тигізеді.
Гельминтоздың иммунитеті әлі толық зерттелмеген. Иммунитеттің негізгі механизмі және жалпы заңдылықтары инфекциялық аурулардың иммунитетіне ұқсас. Негізгі ерекшеліктері иммунитеттің белсенділіктерінің төмен болғаны және ауру жұқтырғанға бейімділігінің жоқтығы. Гельминтоздарда иммунитет толық емес болып саналады. Э. А. Давтян, Р. С. Шульцтің мәліметтері бойынша гельминтоз ауруларының иммунитеті үш түрлі болады:
1. Абсолюттік иммунитет - бұл түрде аурудың ешқандай клиникалық белгілері байқалмайды, жануарлар гельминттерге толық бейім болады. Гельминттердің инвазиялық сатылары ішектердің шекарасынан өтпей, транзиттік жолымен сыртқы ортаға, ауруды тудырмай түседі.
2. Тосқауылдық иммунитет - бұл түрде жануарлар гельминттерді жұқтырады, бірақ олардың балаң сатылары организмнің әр түрлі қорғаныс тосқауылдарында (ішектің қабырғалары, тері, бауыр, лимфа түйіндері, өкпенің ұлпасы және т. б. ) тоқтап, сыртынан қапшығыменен оралып залалсыздандырады. Осы кезде жануарларда кейбір клиникалық белгілері байқалады, мысалы асқорыту жүйесінің бұзылуы, нәжісіне қан араласуы, пневмонияның белгілері және т. б.
3. Шектеулі иммунитет - бұл түрде гельминттер барлық тосқауылдардан өтеді, бірақ организмнің белсенділігі жоғары болғандықтан гельминттердің өсіп-өнуі тежеледі және олардың саны, өлшемі, көлемі, дамудың мерзімі, сақтануы төмендейді.
2. 2. Нематоздар туралы жалпы мәлімет
Нематодоздар - бұл жұмыр құрттар қоздыратын, әртурлі мүшелердің зақымдануымен сипатталатын бір топ гельминтоз аурулар.
Жіктелуі:
Топтамасы: Nemathelminthes (алғашқы қуыстылар)
Тап: Nematoda (жұмыр құрттар)
Жалпы морфологиясы Nematos - жіп, eidos - түрі, кескіні (грек сөздері), яғни жіп тәріздес деген ұғымды көрсетеді. Дене бітімі ұзынша, созылыңқы, жіп немесе ұршық тәрізді. Нематодалардың тұрқы 1мм-ден - 1 метрге дейін жетеді. Құрттардың өңі ақ, ақшыл сары, ақсұр болып келеді. Денесі сыртынан көбінесе жылтыр қабықшамен (кутикуламен) қапталған. Оның астында осы қабықшаны жаңғыртып тұратын субкутикулярлы бір қабатты торшалар орналасады. Одан кейін бұлшық етті қабат болады. Осылардың бәрі жиылып тоғышардың «тері - ет» қапшығын құрайды. Гельминттің екі ұштары тұйықталып біткен, түтік сияқты, ішкі жағында дене қуысы бар. Онда неше түрлі жүйелер мен мүшелер жайғасады. Кутикуладан әр түрлі сызықтарды, майда денешіктерді көруге болады. Олар бекіту мүшелерінің қызметін атқарады.
Ас қорыту жүйесі: Ауыз тесігінен басталады. Оның айналасында бірнеше ерін болуы ықтимал (3-6 дана), мысалы аскаридаларда. Кейбіреулерінде аумағы әр қилы ауыз қуысы болады. Мұның түбінде тістер (1 - 4 данадан) немесе хитинды пластиналар орналасуы мүмкін. Өңеш - екі түрлі болады. Тік түтікше немесе ортасында дөңгелек буылтық - бульбус орналасады. Ішек - тік түтікше, анал тесігімен аяқталады. Онысы құрт денесінің құйрық ұшында орналасады. Еркек паразиттің артқы тесігі оның клоакасынан ашылады. Нематодтар иесінің қанымен, сөлімен, торша ұлпаларымен, ішегіндегі астық нәрімен қоректенеді.
Несеп шығару жүйесі - құрттардың соңғы жағынан басталатын екі түтіктен құралған. Енді олар бірігіп, тоғышардың түрлеріне қарай, дененің әр тұсынан ашылады. Жүйке жүйесі - өңешті қоршап тұратын түйіннен басталады да, талшықтары дененің жан - жағына таралады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz