Таспа құрттардың барлығы биогельминттер


КІРІСПЕ
Паразитология ғылымы жалғыз паразиттерді жеке организм ретінде зерттеп қана қоймай, оларды қоздыратын ауруларды жан-жақты қарастырады. Паразиттердің жануарлар дүниесіне, яғни зоопаразиттерге жататынына байланысты, олар қоздыратын ауруларды инвазиялық індеттер қатарына жатқызады.
Паразитология- паразиттерді, сондай-ақ олар тудыратын адам, жануарлар және өсімдіктер ауруларын және оларға күрес шараларын жан-жақты зерттейтін кешенді ғылым. « Паразит» деген сөз көне грек тілі, ол біреудің басқа бір организмнің есебінен қоректенуін білдіреді (para - жанында, sitos- қоректену) . Паразитизм- қоректік қатынасқа және бір-бірімен алмасуға бейімделген, ата -тектері әр түрлі организмдердің тарихи жағдайда қалыптасқан бірлестігі. Мұндай қарым-қатынаста, олардың біреуі (паразит) басқа біреуін (иесін) мекендейтін және қоректенетін орта ретінде пайдаланады. Паразиттік жолмен тіршілік ететін организмдер, жануарлар топтамасының көптеген тармақтарында кездесетін, қазіргі кезде табиғатта өте кең тараған тіршілік иелері. Кейбір жануарлар топтары мүлдем паразит түрлерінен ғана құралған. Мысалы, сорғыш және таспа құрттардан тұратын жалпақ құрттар топтамасы, тікенбас құрттар, ал қарапайымдылардан споровиктер тобы түгелімен паразиттер.
Ветеринариялық гельминтология ішқұрттарды және олар тудыратын жануарлар ауруларын зерттейді. Гельминттер сорғыш, таспа, жұмыр және тікенбас құрттар болып жіктеледі. Олардың атына байланысты гельминттер тудыратын ауруларды трематодоздар, цестодоздар, нематодоздар және акантоцефалездар деп атайды. Кейбір гельминтоздар адамға да қауіпті саналады. Көптеген ішқұрттар өзінің ересек сатысында жануарлардың ішек-қарын жолдарында өмір сүреді. Олардың кейбіреулері, ішектің кілегей қабығын зақымдап, иесінің қанын сорады, мұндай қансорғыштарды гемотофагтар деп атайды. Қансорғыш гельминттер жануарлардың қанын көптеп сорады. Мысалы, бір анкилостома құрты тәулік ішінде 0, 1-0, 2 мл қан сорады, сондықтан ішегінде көптеген анкилостомасы бар иттің қаны азайып, нәтижесінде анемияға шалдығады.
Таспа құрттар бірнеше текке жіктеледі: тенияталар, аноплоцефалялар, гименолепидаталар. Тениидтердің ересектері адам мен етқоректілердің ішегінде тіршілік етеді, ал ларвоцисталары жануарлардың ағзаларына қоныстанып, цистицеркоз, ценуроз, зхинококкоз, альвеококкоз, финноз деп аталатын ауруларды қоздырады.
Курстық жұмысымның мақсаты мен міндеттері- иттер арқылы тарайтын ларвальды цестодоздарғақарсы шаралар және антигельминтиктерді қолдануды үйрену.
2. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
2. 1. Цестодалар мен цестодоздарға жалпы сипаттама
Абдыбекова А. М. айтуынша цестодтар (грек сөзі Cestos - таспа, eidos- бітімі) бітімі таспаға ұқсаған, жалпақ құрттар. Бұлар тудыратын ауруларды цестодоздар деп атайды. Таспалы, яғни жынысы жетілген имагиналдық түрі омыртқалылардың асқорыту жүйесін мекендейді, ал олардың ларвоцисталары (көпіршіктері) немесе балаңқұрттары омыртқалы немесе омыртқасыздардың әр түрлі мүшелері мен ұлпаларына орналасады. Малдәрігерлік, медициналық маңызы зор таспа құрттар екі текке бөлінеді: Cyclophillidea - шынжыр құрттар (цепеньдер) және Pseudohillidea - баулы құрттар. Цестодтар жалпақ құрттар типіне, Cestoda класына жатады. Олар екі класс тармағына бөлінеді: Cestodaria және Eucestoda. Cestodaria тармағы бунақтары жоқ, аздаған гельминттер. Олар жаңғыз Amphillinidae тұқымдасынан тұрады. Бұлар мекре тұқымдас балықтардың және тасбақалардың паразиттері [1] .
Акшулаков С. К. пікірінше цестодалар таспа сатысында көптеген сүтқоректілердің ас қорыту мүшелерін мекендейді. Шынжыр құрттардың денесі үш бөлімнен тұрады: бас ( сколекс), мойын ( шейка) және бунақ дене (стробила) . Таспа құрттардың ұзындығы, түрлеріне байланысты, бірнеше миллиметрден бірнеше метрге дейін жетеді.
Сколекс құрт денесінің алдына орналасқан, көлемі, пішіні, құрылымы әрқилы, 2-4 сорғышы бар. Құрт сколексінің алдында тұмсық тәрізді өсіндісі болады, оның 1-2-3 қатарлы ілмекшелері болуы мүмкін ( қарулы сколекс) . Сколекс өзінің сорғыштары және ілмекшелерімен ішектің кілегей қабығына мықтап бекінеді. Мойын сколекстің астыңғы жалғасы, дененің бунақтарға бөлінбеген жіңішке тұсы. Мойыннан немесе өсу шебінен жаңа жас бунақтар қалыптасып жатады, олар жетілген сайын, стробиланың артына қарай жылжи береді. Құрттың ұзаруын және жаңа бунақтардың қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Бунақ дене немесе стробила цестоданың мойнына жалғасқан және көптеген бунақтардан құралған. Жаңа пайда болған проглоттидаларда жыныс мүшелері болмайды, одан кейінгілерінде әуелі аталық, сонан соң аналық жыныс мүшелері дами бастайды. Аталық және аналық жыныс мүшелері толық қалыптасқан бунақтарды қызтекелік, яғни гермафродиттік бунақтар деп атайды. Жетілген жыныс мүшелері өзара шағылысқан соң, еркектік ағзалар біртіндеп өздігінен жойыла береді, ал аналық мүшелері керісінше дараланады, бірақ көп кешікпей олар да жойыла бастайды, бунақ ішінде тек қана жатыр қалады. Жатыры құрт жұмыртқаларына толы, ең соңғы бунақтарды жетілген бунақтар дейді. Жетілген бунақтар күнделікті стробиладан үзіліп нәжіспен, саңғырықпен бірге сыртқы ортаға таралады [2] .
Сабаншиев М. С., Сүлейменов Т. Т., Қарамендин Ө. С., Шабдарбаева Г. С., Жантөре М. Қ. айтуларынша жүйке жүйесі сколекске орналасқан бірнеше түйіншектерден басталады. Оның көлденең ұзын талшықтары бунақ денесінен өтіп, өзара көлденең тармақшалармен жалғасады. Таспа құрттардың асқорыту ағзалары болмадй, олар өз иесі ішегіндегі асты бүкіл денесімен сору арқылы қоректенеді. Тыныс алу, қан айналу жүйелері де болмайды. Несеп шығару жолдарының құрылымы сорғыш құрттарға ұқсас.
Жыныс мүшелері. Еркектік ағзалары бір немесе бірнеше, тіпті көптеген ұсақ еннен ( аталық бездерден) тұрады. Олардан ен түтіктері басталып, бара-бара бір-бірімен қосылып, соңында дара кең түтікке айналып, жыныс тесігімен аяқталады және сыртынан жыныстық сауытпен қоршалады. Аналық мүшелері тұқымдық аналық безден, тұқымдық түтіктен, тұқым қабылдағыш, уыздық, Мелис денешігі, оотип, қынап және жабық жатырдан тұрады. Аналық және аталық жыныс тесіктері әр бунақтың бүйірінен ашылады. Шынжыр құрттардың жұмыртқалары біркелкі, сондықтан бұлардың түрлерін ажырату өте қиын. Жетілген жұмыртқалардың бітімі сопақ, дөңгелек не шар тәрізді болады, сыртқы қабығы жұқа, нәзік, ішінде ұрығы (онкосферасы) айқын көрінеді. Онкосфера дегеніміз алты ілмешекті ұрық. Ол қалың қабықшамен қоршалған, ал сыртын тарамдалған тағы бір қабат эмбриофор қоршап тұрады. Онкосфера көбінесе түссіз немесе сары, сарғыш-қоңыр түсті келеді. Таспа құрттардың барлығы биогельминттер. Яғни олар ақтық және аралық иелерінің қатысуымен өсіп-өніп отырады. Аралық иелері денесіндегі балаңқұрттардың ларвалдық сатыларын ларвоцисталар деп атайды [3] .
Матевосян Е. М., Мовесесян С. О. айтуларынша цестодология - таспа құрттарды, яғни цестодтарды, олар қоздыратын ауруларды, сол ауруларды балау, емдеу, алдын-алу шараларын зерттейтін гельминтология ілімінің бір бөлігі.
Цестодтар, яғни таспа құрттар туғызатын ауруларды цестодоздар деп атайды. Таспа құрттар табиғатта кең тараған гельминттер боп саналады, олардың көбісі малмен қатар адамда кездеседі, әр түрлі әсерін тигізіп, ауруға шалдықтырады. Цестодтардың ересек сатысы да (имагосы), балаңқұрттары да (көпіршіктері) малдың, адамның денесінде мекендегенде ауруды қоздырады - имагинальды және ларвалды цестодоздарды туғызады. Цестодоздармен адам, барлық жануарлар ауырады [5] .
Жіктелуі:
Патшалығы: Animalia (жануарлар)
Топтамасы: Plathelminthes (жалпақ құрттар)
Тап: Cestoda ( таспа құрттар)
↓
Тегі: 1. Cyclophyllidea
( лентецтер, баулы таспа құрттар)
2. Pseudophillidea
(цепеньдер, шынжыр таспа құрттар)
- Цестодтардың жалпы морфологиясы (құрылысы)
Ыбраев Б. К. пікірінше цестодтардың 3 сатысы бар: имаго, жұмыртқа, балаң сатысы.
- Имаго- пісіп жетілген сатысы. Цестодтардың пішіні таспа тәрізді. Денесінің ұзындығы 3-5 мм-10 м дейін, кейде одан да ұзын болып келеді. Денесі үш бөлімнен құралады. Олар:
- Бас ( сколекс) - арнайы бекіту мүше;
- Мойын - өсу шебіні;
- Бунақ дене ( стробила) - ол бірнеше бунақтардан құралған. Бунақтардың саны әр түрлі. Цестодтарда 3-4- тен бірнеше мыңға дейін бунақтар болады [9] .
Ерболатов Қ. М . айтуынша бекіну мүшесі : Ол сколекс, құрт денесінің алдынан орын алған, көлемі, пішіні, құрылымы әр қилы келеді. Сколекстің үш түрі болады:
- Қарусыз сколекс - оның тек қана 4 сорғышы бар. Қарусыз сколекс адамның таспа құртында, монезияларда, тизанезияларда, авителлинидтерде байқалады.
- Қарулы сколекс - 4 сорғыштан басқа тұмсығы болады. Оның үстінде 1-3 қатар болып ілгешектер немесе қармақшалар жайғасады. Ілгешектердің саны мен кескіні әр ішқұртта әр түрлі болып келеді. Сколекс өзінің сорғыштары және ілгешектерімен ішектің кілегей қабығына нық жабысып тұруының арқасында ішектің жиырылуына төтеп беріп, сыртқа шығып кетпеуін қамтамасыз етеді. Қарулы сколекс шошқа тениидтерде, иттердің, кейбір құстардың таспа құрттарында байқалады.
- Ұзынша сколекс - ұзынша келген екі немесе төрт саңлаулар (ботриялар) бар. Ол лентецтерде, яғни Diphyllobotrium latum деген құрттарда кездеседі [10] .
Геллер И. Ю. айтуынша мойын - сколекстің жалғасы. Мойынның немесе өсу шебінен жаңа, жас бунақтар қалыптасып жатады. Олар дамыған сайын стробиланың артына қарай жылжи береді. Құрттың тұрқы және бунақ сандарының артуы өсе береді.
Бунақ дене немесе стробила - цестоданың мойынына жалғасады. Көптеген бунақтардан, буылтықтардан, проглотидалардан пайда болған. Сколекске тақауорналасқан проглотидаларда жыныс мүшелері болмайды, оларды жыныссыз проглотидалар деп атайды. Кейінгілерінде әуелі еркектік содан кейін ұрғашылық жыныс мүшелері дами бастайды, сол себептен оларды кезегімен еркек және ұрғашы проглотидалар деп атайды. Түгелімен еркек және ұрғашылық жыныс мүшелері жайғасқан буылтықтарды қызтекелік, я гермафродиттік бунақтар ( проглотидалар) деп атайды. Жетілген жыныс мүшелері өзара шағылысумен ұрықтанады, сосын еркектік ағзалар біртіндеп өздігінен жойыла береді. Ал, ұрғашылық ағзалар, керісінше дараланады, бірақ, көп кешікпей олар да жоғала бастайды. Соңғы буылтықтардың ішінде тек қана жұмыртқаларға толы жатыр қалады. Жатыры жұмыртқаларға толы ең соңғы буылтықтарды пісіп-жетілген бунақтар деп атайды. Жатыры жабық цепеньдердің пісіп-жетілген бунақтары стробиладан үзіліп, нәжіспен, саңғырықпен бірге сыртқа шығады. Бұл процесті дестробиляция құбылысы деп атайды. Жатыры ашық цестодалар ( яғни лентецтер) сыртқы ортаға жұмыртқаларын бөледі [16] .
Лукашенко Н. П. айтуынша жүйке жүйесі бірнеше түйін құрып сколексте орналасқан, бұлардың ұзын талшықтары бунақ денесінен өтеді, көлденең тармақшалармен қатынайды.
Ас қорыту жүйесі жоқ. Олар жануар ішегіндегі асты, сөлді бүкіл денесімен сіміріп алып қоректенеді.
Тыныс алу, қан айналу жүйелері болмайды.
Жыныс жүйесі - өте жақсы дамыған. Цестодтар- қосжыныстылар.
Еркек жыныс ағзалары:
- Ен ( бір дана, не бірнеше, тіпті көптеген ұсақ ендер болады. )
- Ен түтіктері - өте көп болады.
- Ен түтік-ол кең болады, аяқ жағы шағылысу мүше боп саналады, оны циррус деп атайды.
- Жыныс тесігі
- Сауыт, ол ен түтікті, қосымша бездерді каптайтын қалта.
Ұрғашы мүшелер:
- Тұқымдық немесе аналық без ( көбінесе біреу ғана болады) .
- Тұқымдық түтігі.
- Еркек тұқым қабылдағыш.
- Уыздық
- Мелис денешесі.
- Оотип
- Қынап, ұрғашы жыныс тесігімен.
- Жатыр ( екі түрлі болады - жабық, яғни жатырдың тесігі жоқ немесе ашық, яғни жатырдың өзіндік бөлек тесігі бар) .
Жабық жатыр цепеньдерде, ал ашық жатыр лентецтерде болады. Еркектік және ұрғашы жыныс тесіктері әр бунақтың бүйірінен ашылады. Кейбір цестодтарда, мысалы, монезияларда, екі жыныс жүйесі болады, яғни екі еркек және екі ұрғашы жыныс жүйесі бар. Имаго- ақтық иеде яғни, омыртқалылардың ішегінде мекендейді [17] .
Субботин В. М дерегінше цестодтар жұмыртқаларының сипаттамасы: пішіні сопақ, дөңгелек немесе шар тәрізді кейде үш, алты қырлы болады. Сыртқы қабығы жұқа, ішіндегі ұрық айқын көрінеді. Цестодтардың ұрығын онкосфера деп атайды. Бұндай жұмыртқалар цепеньдерде кездеседі. Ал, лентецтердің жұмыртқалары сорғыш құрттардың жұмыртқаларына ұқсайды. Пішіні сопақ, екі қабығы, бір шетінде қақпақшасы, екінші шетінде бүртігі бар. Ішінде көптеген домаланған шарлар. Цестодтардың жұмыртқалары нәжіспен сыртқы отраға түседі [18] .
1. Балаңқұрттар яғни цестодтардың ларвоцисталары немесе көпіршіктері.
Хван М. В., Попов Ю. А., Куничкин Г. И. айтуларынша бұл сатыны тағы ларвоцисталар деп атайды. Олар аралық иелерінде, әр түрлі ағзаларда (бауыр, ішек, өкпе, ми, қалың ет т. б) мекендейді. Ларвоцисталар ішкі құрылысының екрекшеліктеріне қарай бірнеше түр-тұрпатқа бөлінеді:
- Cysticercus - цистицерк. Бұл бір қуысты көпіршік, екі қабығы бар. Біріншісі сыртқы қабығы- дәнекер тоқыма қабығы болып саналады, екіншісі, ішкі- өсу немесе герминативтік қабық деп аталады. Оған бір ғана сколекс (қарулы немесе қарусыз) орналасқан. Іші сұйыққа толған.
- Coenurus -ценур. Бір қуысты көпіршік, екі қабығы бар. Біріншісі - дәнекер тоқыма қабығы, екіншісі - герминативтік қабығы. Ішінде сұйық және ондаған, жүздеген сколекстер бар және олар топ-тобымен оқшауланып тұрады.
- Echinococcus - эхинококк. Бұл бір қуысиы көпіршік, қос қабықты көпіршік, ішінде сұйығы бар. Ішкі өсу қабында бірнеше шығыс капсулалар мен мыңдаған протосколекстер яғни, ұрық сколекстер, болашақ ішқұрттың басы бар. Шығыс капсулаларда да майда протосколекстер бар. Кей жағдайда көпіршіктің ішінде екінші буын ( балалық), оның ішінде үшінші буын ұрпақтар ( немерелік) - майда көпіршіктер туындап отырады. Олар кей кезде эхинококтың қабықтарын тесіп, жарып, сыртына да шығып өсуін жалғастыра береді.
- Aiveococcus - альвеококк. Бұл көп қуысты көпіршік. Ең қауіптісі. Бқл көптеген майда камералардан құралған көпіршік, сұйығы аз, іші құрғақ, араның ұясына немесе өкпенің альвеоларына ұқсас, ішкі қабығы өте ұсақ протосколекстерге нүктелерге толы. Бұл көпіршік жан-жаққа шексіз өсіп, тармақтанады, бүкіл іш құрылысына жайылады, оның көлемі өзгеріп тұрады. Бұл көпіршікті кейде « инвазиялық ісік» деп атайды.
- Cysticercoid - цистицеркоид. Бұл өте майда ларвоциста. Алдыңғы жағында жалғыз ғана сколексі бар, ал, артқы шетінде „құйрықшасы”, яғни, церкомер орналасқан.
- Coracidi - корацидий. Домаланған, денесінде айнала көптеген кірпіктері бар, ол лентецтерде болатын саты, сыртқы ортада, көбінесе суда табылады.
- Procercoid - процеркоид. Денесі ұзындау, алдыңғы жағында біліне бастаған саңлауы ( ботриялары), ал, артында шар тәрізді қосалқысы болады. Аралық иелері болып шаян тәрізділер, әсіресе есе аяқтылар саналады, процеркоид солардың денесінде кездеседі.
- Plerocercoid - плероцеркоид. Ұзынша келген, тұрқы 1 мм-ге жетеді, ботрийлері ( саңлауы) айқындалған. Әр түрлі балықтардан табылады (балықтар қосымша иесі боп саналады) [20] .
2. 3 Цестодтардың жалпы биологиясы
Перадзе Т. В. айтуынша таспа құрттардың, цестодтардың барлығы биогельминттер: цепеньдере 2 ие, ал лентецтерде 3 иеден болады.
Ақтық иелер- тұяқтылар, ет қоректілер, адам. Құрт имаго сатысында олардың ішегінде мекендейді.
Аралық иелер - омыртқалы және омыртқасыздар.
Қосымша иелер - омыртқалылар.
Цестодтардың дамуы 1-1, 5 айдан 5-6 жылға дейін созылады. Ауырған малдың денесінде 3-4 айдан бірнеше жылға дейін тоғышарлық күнелтеді [22] .
Цестодтардың даму циклінің нобайы:
Имаго-ақтық иеде
↓
Жұмыртқа - сыртқы ортада
↓
Ларвоциста - аралық және қосымша иеде
↓
Имаго- ақтық иеде
Цестодтар тегінің сипаттамасы
Басы
(сколексі)
Корацдий
Процеркоид
Плероцеркоид
Иелердің саны:
- Ақтық ие:
- Аралық ие:
- Қосымша ие:
2-иесі бар:
Күйістілер, ет қоректілер, адам
Үй жануарлар, тақ тұяқтылар
Жоқ
3-иесі бар:
Ет қоректілер, адам.
Омытрқасыздар (шаян тәрізділер)
Омыртқалылар
( балықтар)
Кузьмин А. А. айтуынша цестодоздар ауруды қоздыратын сатысына қарай екі топқа бөлінеді:
- Имагинальды цестодоздар -таспа құрттардың ересек сатысы мекендегеннен туатын аурулар. Оларға жататындар: монезиоз, тизаниезиоз, авителлиноз, иттің және адамның тениидоздары (тениоз, мультицептоз, эхинококкоз, альвеоккоз, дипилидиоз, дифилоботриоз, жылқы анаплоцефалидоздары, ет қоректілер мезоцистоидоздары, құстардың дрепанидотениозы, гименолипидозы және т. б)
- Ларвалды цестодоздар -таспа құрттардың балаң құрттарынан, яғни көпірщіктердің мекендеуінен пайда болатын аурулар. Ол шошқа мен ірі қараның цистицеркозы, тенуиколды(жылауық), овисты және пизиформды цистицеркозы, ценуроз (айналма), ет ценурозы, ларвалды эхинококкоз (беріш), ларвалды альвеококкоз.
Ларвалды цестодоздар
Ларвалды цестодоздар екі топқа бөлінеді:
- Адам арқылы тарайтын ларвалды цестодоздар, яғни бұл құрттарда ақтық иесі және мал арасында аурудың таратушысы адам боп саналады.
- Иттер арқылы тарайтын ларвалды цестодоздар, яғни бұл құрттарда ақтық иесі және мал, адам арасында аурудың таратушысы иттер және т. б. ет қоректілер болып саналады [26] . (1-сурет) .
1-сурет. Ларвальды цестодоздар
- Негізгі бөлімИттер арқылы тарайтын ларвалды цестодоздар
Овисты цистицеркоз ( қой финнозы)
Бұл жасырынды түрде өтетін, бұлшық етінің зақымдануымен сипатталатын гельминтоз ауруы.
Зияны: зақымданған малдың еті тағамға айдалануға жарамсыз болып қалады.
Жіктелуі:
Тұқымдасы: Taeniidae
Туысы: Тaenia
Түрі: T. ovis
Ларвоцистасы- Cysticercus ovis ( финна)
Морфологиясы. Бұл құрттың 3 сатысы бар: имаго, жұмыртқа, балаң-көпіршік.
1. Ларвоцистасы Cysticercus ovis ( финна) - майда көпіршік, ауқымы тары немесе күріштің дәніндей болады. Түсі ақ немесе сарғыштау келеді. Екі қабығы бар, ішінде сұйық бар, бір қарулы сколекс орналасқан. Қойда тілде, жүректе, көк етінде, қаңқа еттерінде орналасады.
2. Имаго, ересек сатысы Taenia ovis - ұзындығы 1 м-дей, сколексі қарулы, пісіп-жетілген бунақтар ұзынша келген, ішінде ұзыннан орналасқан жатыр бар. Жатырдың тармақтарының саны 20-дан -25-ке дейін. Ол иттің ішегінде кездеседі.
3. жұмыртқа - майда, сопақтау, сыртқы қабатының көлденең сызықтары бар, ішінде ұрығы- онкосфера бар.
Биологиясы. Бұл құрт - биогельмеинт, дамуына міндетті түрде екі ие қажет.
Ақтық иесі - иттер және тағы басқа ет қоректілер.
Аралық иесі - қой, ешкі.
Дамуының нобайы:
Имаго- итте, ақтық иеде
↓
Пісіп -жетілген бунақтар- сыртқы ортаға түседі
↓
Жұмыртқалар, бунақтардан шығып, малдың ішегіне тседі
↓
Ларвоциста - қойда, аралық иеде 4-5 айда бұлшық
еттерінде өрбиді
↓
Имаго - иттің ішегінде қалыптасады ( 1, 5-3 айда) .
Індеттанулық деректер. Бұл ауру Қазақстанда, Орта Азияда, Украинада, Ресейде тіркелген. Бұл ет құрттың қарақұйрықтар арқылы таралуы анықталған. Жас малда ауру жиірек кездеседі де олар өлім- жітімге көп ұшырайды. Ауру жылдың барлық мерзімінде тіркеледі.
Сырт белгілері. Ауру қойдың тәбеті нашарлайды, қоңы төмендейді, ауыз, танау, көздің кілегей қабықтары түссіз болады.
Диагноз қою. Диагноз малдың тірі кезінде қойылмайды, тек сойған кезде бұлшық еттерден көпіршіктерді байқап, диагноз қоюға болады.
Өлекседегі өзгерістер. Бұлшық еттен, жүректен, тілден, көк еттен жай көзбен-ақ көрінетін цистицерктер (финналар) байқалады. Оларды жылауықтан, саркоцисталардан морфологиясына қарап ажырату керек.
Емі - жоқ.
Алдын-алу шаралары.
Барлық ұшаларды ветеринариялық-санитариялық сараптан өткізу. Егер зерттелген еттің 40 шаршы сантиметрінде 9-дан астам финналар табылса, етті 2 сағат бойы пісіреді немесе тоңазытқышқа 12-24 сағатқа қойып, зарарсыздандырады. Белгіленген уақыт өткен соң сол етті финналардың тірі не өлі екеніне зерттейді, ол үшін финналары бар етті жылы, жасанды қарын сөліне салады. Егер балаң құрттың ішінде сколекс қозғалып, айланып шықса, онда финналар тірі екенін дәлелдейміз.
Иттерді міндетті түрде жылына 2 немесе 4 рет дегельминтизацилаудан өткізеді.
- Тенуиколды цистицеркоз
Синонимдер: қыл мойынды цистицеркоз, жылауық, тонкошейный цистицеркоз, цистицеркоз серозных оболочек брюшины.
Бұл созылмалы немесе жасырында түрде өтетін, бурса қабықтарының, шарбы-шажырқайдың, іш майдың зақымдануымен, малдың арықтауымен сипатталатын гельминтоз ауруы.
Экономикалық зияны:
Мал арықтап, барлық өнімін төмендетеді. Төл өсуін тоқтатады. Көктем айларында мал арасында шығын байқалады.
Жіктелуі.
Тұқымдасы: Taeniidae
Туысы: Taenia
Түрі: T. hydatigena ( гидатигенді цепень, гидатегенді құрт)
Ларвоцистасы - Сysticercus tenuicollis ( тонкошейная финна, қылмойынды финна, жылауық) .
Морфологиясы:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz