Жүрек препараттары
Жоспары
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
ІІI. Негізгі бөлім
3.1. Жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
3.2. Кардиотоникалық дәрілік заттар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
3.3. Жүрек пен қан тамырлар жүйесі ауруларының бөлінуі ... ... ... ... ... ... ... .12
3.4. Жүрек етінің қабыну аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
3.5. Жүректің ішкі қабының аурулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
ΙV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
Кіріспе
Ветеринария ғылымының малдың жұқпалы емес ішкі аурулар бөлімі жұқпалы емес емес ішкі аурулардың пайда болу себептерін, өту ерекшеліктерін зерттеп анықтау әдістерін ем әрекеттерінің және сақтандыру шараларын дамытып, жедел жетілдіретін пән.
Жалпы малда кездесетін әртүрлі жұқпалы аурулармен шаруашылықтар көлемінде жоспарлы түрде күрес жүргізу маңызды болып келеді. Мұның негізі мал шығынын азайтуға, мүмкіншілігінше оны болдырмауға күш салады. Егер ауру табыла қалған жағдайда ауру малды емдеп, аурудың таралу себептері анықталады. Ауру мал емдеуге келмей өлген жағдайда өлексені патолого-анатомиялық жарып-сойып, аурудың түрін, себептерін анықтауда бұл пәннің алатын орны ерекше болып табылады.
Арнайы бағыттандырылған ауылшаруашылық кәсіпорындарының мал шаруашылығы өнімдерін (сүт, ет, жүн және жұмыртқа) өнеркәсіптік технологиясы бойынша өндіретін кешендерді нәтижелі пайдалану тек қана аурулардан сақтандыру бағытындағы теориялық, методологиялық және ұймдастырушылық салаларының жеткен жетістіктерін түгелдей дерлік есепке ала отырып, сонымен қатар ауру малды дара және топтық емдеуді ары қарай дамытып, жетілдіру арқылы іс жүзіне асыруға болады. Соған байланысты малды түрлі жағдайларда аурулардан сақтап қалу үшін жоспардың негізгісі ретінде диспансеризация жүргізу ұсынылады.
Кей аурулардың, әсіресе зат алмасуының бұзылуынан сақтау, топтан сақтық ем жүргізу әдістерін қолданғанда ғана жақсы нәтиже береді. Сапасыз және ылғи азықтың бір түрімен ғана азықтырғандырғанынан пайда болатын ауруларды айықтыруда азықпен емдеудің диетотерапия мағынасы зор.
Бұл курстық жұмыс мына бөлімдерден тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды.
Кіріспе бөлімінде осы пән оқытатын дәріс барысы туралы жалпы түсінік қамтылған.
Негізгі бөлімінде жүрек қан тамырлары жүйесі ауруларының бөлінуі, жүрек қабының аурулары, жүрек еті аурулары, жүрек етінің зат алмасуының бұзылуы, жүрек ішкі қабының аурулары және осы аурулардың шығу себептерін, емі, сақтандыру шаралары туралы жалпы түсінік қамтылған.
Қорытынды бөлімінде өз ойымды тұжырымдап, малды емдеу жолын қарастыру туралы айтылған. Сонымен қатар қорытындыда осы ауруды емдеу және сақтандыру шаралары туралы өзімнің ой-тұжырымдарым жазылған.
Курстық жұмыстың міндеті - кардиотоникалық дәрілік заттардың организмге әсерін анықтау, дұрыс қолдану әдістерін белгілеу.
Курстық жұмыстың мақсаты - кардиотоникалық дәрілік заттардың организмге әсерін көрсету.
II. Әдебиетке шолу
М. Қожабаев жүрек қызметіндегі кемшіліктер дамыған сайын артериядағы қысым азайып, венадағы қысым көбейеді, сөйтіп қан айналысы бәсеңдейді, лобелин немесе цитотонмен сынағанда қан ағымының жылдамдығы ірі малда 35-45 секундке дейін азаятындығын зерттеген. Жүрек пен қан тамырлар жүйесі - мал организміндегі ең басты жүйенің бірі. Оның негізгі қызметі - ағзалар мен ұлпаларды оттегімен, сумен және түрлі нәрлі заттармен қамтамасыз еткізіп, зат алмасуынан қалған керексіз заттарды денеден шығару, [1].
В. А. Акатовтың мәліметі бойынша жіті миокардит екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңінде жүрек еттерінде әлі айтарлықтай өзгерістер байқалынбайды, тек қабынудан пайда болған жат және басқа да түрлі уытты заттар миокард рецепторларын (сезімтал нервтерін) қоздырып, жүрек қызметін күшейтіп, жеделдетеді, [2].
И. Д. Медведев Будапештің Ветеринариялық мектебінің клиникасында профессор жүрек қан тамырлар жүйесін зерттеген. Жүрек қабыну аурулары. Жүрек қабының қабынуы (Pericarditis - перикардит). Қабыну жарақаттан (P. Traumatica) не басқа себептерден болуы мүмкін. Өтуі бойынша: жіті (P. acuta) және созылмалы (P. chrohica) түрде пайда болуы және өту уақытына байланысты басалқы немесе қосалқы; таралуы бойынша шектелінген (P. Circumscripta) және кіріккен (P. Diffusa); жалқықтың түрлеріне байланысты - ұйымалы, белок талшықты, қанды, іріңді, шіріген болып бөлінеді. Жүрек қабының қабынуларының құрғақ (P. sicca), жалқықты немесе сарысулы (P. Exudativa) түрлерін айырады, [3].
В. Е. Белоусов Бразилияда жүректің қабынуын және оның алдын алу шараларын зерттеді. Мал арасында өздігінен болатын перикардит негізінен сирек кездеседі, ал ішінара суықтан пайда болған перикардит те ұшырасады. Жиі кездесетіні, түрлі індет немесе жұқпалы емес аурулардың асқынғандығынан болатын қосалқы перикардит. Ірі қарада, кейде ұсақ малдарда тақия қарын мен көк еттің жарақаттануы салдарынан (травмтический ретекулит, ретикулоперитонит) жарақаттанған перикардит пайда болады, [4].
Ф. Гутираның мәліметіне сүйенсек, бұл дәрілер ағзада еш белгісі білінбей-ақ ұзақ сақтала алады. Адонизид - әртүрлі балласты заттар мен сапониндерден тазартылған жалынгүл жапырағының сулы сығындысы. Өзіне тән иісі, ащы дәмі бар, сарғыш түсті сұйық зат. Консервациялау үшін спирт қосылады (20%). Жарықтан таса жерде Б тізімі бойынша сақталады. Ішке беріледі және бұлшық етке егіледі, [5].
Г. В. Домрачевтің деректерінде, жүрек және қан тамырларының жіті қабыну процесі туралы жазған. Жүрек етінің қабынуы - көбінесе басқа індетті паразиттік және жұқпайтын ішкі аурулардың асқыну салдарынан пайда болатын қосалқы дерт. Миокардит саңырауқұлақ микробтары тудыратын аурулардың организмді уландыруынан пайда болуы мүмкін (микоз, микотоксимоз). Жұқпайтын аурулардың ішінен тікелей миокардитті асқындыратын аурулар мыналар: жүрек қабының қабынуы, жүректің ішкі қабының қабынуы, плевраның қабынуы, өкпенің қабынуы, азықтармен уланулар, [6].
В.И. Зайцева еңбектеріне көз жүгіртсек, жүрек қан тамырлары ауруларымен мүйізді ірі қара мен мамық жүнді аңдар сирек аурады екен. Кейбір аса бағалы малдарды (асыл тұқымды, спорт бағытындағы жылқыларды, қызметке қолданатын иттерді т.б.) емдеуге ногокаинамид, кокорбаксилаза, курантил (дипиридамол) немесе интенкардин (карбокромен), феникаберан, обзидан (пропранололгидрохлорид) өте жақсы нәтижелер береді, [7].
Н.Р. Семушкин мәлімдеуінше, жүрек аурулары АҚШ немесе Оңтүстік Америка елдеріне қарағанда Еуропада кең таралған. Солтүстік Ирландияда, Еуропада торайларда жоғарғы өліммен аяқталады, [8].
Д. К. Червяковтың мәліметінше жүрек ақауларынан болатын ісіктің басқа текті ісіктерден айырмашылығы, ол тығызырақ қамыр тәріздес (саусақпен басқанда із қалады), ісікті басса - ауырады, бірақ малдың қызуы көтерілмейді, [9].
А. Жанұзақов өз зерттеулерінде жүрек етінің ауруларын принципке негіздеп бөлген - жүрек етінің қабынуы (миокард) және зат алмасуларының бұзылуы (миокардоз). Аурудың дамуы жүрек еттеріндегі қан айналымының бұзылуының нәтижесінде, оның қоректенуінің өзгеруіне негізделінеді. Жүрек еттерінде, алдымен биохимиялық және биоэнергетикалық процестері өзгеріп, сонан соң оның құрылымы бұзыла бастайды. Мұндай өзгерістер жүрек етінің жиырылу күшін әлсіретеді, [10].
Д. М. Конопаткина зерттеулерінде перикардиттің қай түрі болса да әсіресе, жарақаттан болған түрінде, қанға қабынулық заттардың өтуінен және жиналған жалқықтың ыдырап, шіруінен организм уланады, қызуы көтеріледі, қан мен зәрдің құрамдары өзгереді, біраз ағзалар мен жүйелердің қызметтері бұзылатындығын дәлелдеді, [11].
Г. С. Кузнецовтың кітабында кордиогит - оймақгүл жапырақтарынан жасалатын құрғақ экстракт. Сары түсті бопылдақ ұнтақ, суда толық ерімейді. Спиртте жақсы ериді. Таблетка түрінде шығарылады. Жүректің созылмалы ауруларын емдеу үшін төменгі мөлшерлерде қолданылады. Жоғары дозаларда уытты әсер етеді. Кордагитке дигитоксин, гитоксин, дигинорм, кордигид, дигален-нео және басқалар ұқсас әсер ететіні жазылған, [12].
Н. А. Налетовтың кітабында строфантин - Шығыс Африкада өсетін көпжылдық строфант өсімдігінің дәнінен жасалады. Дәннің 1 грамында 2000 ЕӘБ бар, ал 1,0г таза строфантинде 50000 ЕӘБ бар. Строфантин жүректің еттеріне және кезеген жүйкенің жүректе аяқталатын тармақтарына әсер етеді. Алғашқыда строфантин жүректің жиырылуын жылдамдатады, ырғағын төмендетіп, қан қысымын арттырады, [13].
Н. Т. Несіпбаев строфантиннің әсері оймақгүлдің әсеріне ұқсас, бірақ одан гөрі жылдам әрі тез басталады. Оймақгүлге қарағанда строфантин препараттары жүректің жиырылуын көп арттырады, бірақ оның өткізгіштігіне және кезеген жүйкеге әлсіз әсер етеді, әсері қысқа болады және кумуляцияланбайды. Строфантин препараттары жылдам әрі тез әсер алу үшін қолданылады. Жүректің жұмысы нашарлап, малдың өміріне қауіп төнгенде, жүректің бірден әлсіреуінде, талықсуда, жұқпалы ауруларда, қан айналудың бұзылуында қолдану жақсы нәтиже береді. Строфант препараттарын қолданғаннан кейін бір-екі күннен соң емді ұзақ әрі нәтижелі әсер ететін оймақгүл препараттарымен жалғастырады, [14].
Ш. М. Қаратаев інжугүл жапырағын зерттеген. Көпжылдық шөптесін өсімдік інжугүлдің құрғатылған жапырақтары. Жүрек-қан тамырлары жүйесіне оймақгүл препараттары сияқты әсер етеді, бірақ оларға қарағанда әсері әлсіздеу келеді. Жүректің бірқалыпты, ырғақты жиырылуына әсер етеді. Жүректің невроздарында және әлсіреуінде қолданылады. Негізгі әсер ететін гликозидтері - конвалятоксин мен конвалязид. Жарықтан тыс құрғақ жерде Б тізімі бойынша сақталады, [15].
IІІ. Негізгі бөлім
3.1. Жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары
Жүрек пен қан тамырлар жүйесі - мал организміндегі ең басты жүйенің бірі. Оның негізгі қызметі - ағзалар мен ұлпаларды оттегімен, сумен және түрлі нәрлі заттармен қамтамасыз еткізіп, зат алмасуынан қалған керексіз заттарды денеден шығару.
Малда жүрек пен қантамырлар аурулары көбінесе індетті немесе түрлі жұқпалы емес аурулардың асқынуынан болады. Кейде, негізгі ауруды жойғаннан кейін малдың шығынға ұшырауына жүрек пен қан тамырларының қайтадан орнына келмейтіндей болып өзгеруі себепкер болады. Бұл аурулар арнайы бағыттандырылған шаруашылықтар мен өнеркәсіптік кешендерде жиі кездесіп тұрады. Осы бағыттағы өндіріс барысында кездесіп тұратын себептер (малдың тығыз орналасуы, үздіксіз жұмыс істеп тұрған тетіктердің шуылдары, т.т.) малды ылғи үрейлендіріп, жүйкелерін қажытып, жүрек пен қан тамырлар жүйесінің қызметтерін бұзуларына әсер етуі.
Жүрек пен қан тамырлары қызметінің бәсеңдеуі көбінесе жүрек етінің жиырылу қабілетінің әлсіреуінен болады. Тыныс алу және басқа да жүйелер мен ағзалардың аурулары әр түрлі дәрежеде жүрек пен қан тамырлары қызметтерінің бәсеңдеуіне себепші болады.
Жүрек пен қан тамырлары қызметінің бәсеңдеуі мынадай негізгі белгілермен көзге түседі: жүрек соғуының ырғағы бұзылады, ентігеді, көгереді және ісінеді. Ырғақтың бұзылуына қатынасты белгілер мыналар: жүректің тез соғуы, шоқырақ ырғағы, эмбокардия (жүрек соғысының, дыбысының күші мен құбылысының біркелкіленуі), қосымша жиырылуы, біркелкі емес аритмия (ырғақсыздық), териовентрикулярлық (жүрек құлақтары мен қарыншаларының арасындағы) бөгелістер, жүрек құлақшалары, мен қарыншаларындағы Гис тармақтары мен жүректің Пуркинье талшықтарындағы бөгеттемелер.
Өкпелерде қан іркілдегендіктен әдеттегіден көбірек жиналған көмір қышқылы мен басқа да зат алмасуының қалдықтары сопақша мидағы тыныс алу процесін реттейтін орталығын қаттырақ қоздырып ентіктіреді. Қатты ауырғанда Куссмаульдің үлкен биотов және Кейн-Стокс тыныстары пайда болады.
Дененің көгілдір тартылуымен қатар не біраз кешеуілдетіп барып организмде шектелінген немесе жалпы ісік пайда болады. Дененің ісінуі жүрек пен қан тамырлары қызметінің нашарлауының қатерлі белгілері болып есептеледі. Жүрек қызметінің нашарлауынан болатын ісіктің негізгі себептері қанның көк тамырлар мен капиллярдағы (майда тамырлар) іркілісінен қысымы көтеріліп, тамырлардың қабырғаларын көріп, түтікшелерін қаттырақ ашып, қан сұйығының сыртқа шығуынан болады. Жүрек ақаауларынан болатын ісік, сарысудың ет пен терінің арасында жиналуынан, әдетте дененің төменгі (астыңғы) бөлігінде орналасады. Сарысу сірі қабық қуыстарында да жиналуы мүмкін. Жүрек ақауларынан болатын ісіктің басқа текті ісіктерден айырмашылығы, ол тығызырақ қамыр тәріздес (саусақпен басқанда із қалады), ісікті басса - ауырады, бірақ малдың қызуы көтерілмейді.
3.2. Кардиотоникалық дәрілік заттар
Жүрек препараттары. Кордиогит. Оймақгүл жапырақтарынан жасалатын құрғақ экстракт. Сары түсті бопылдақ ұнтақ, суда толық ерімейді. Спиртте жақсы ериді. Таблетка түрінде шығарылады. Жүректің созылмалы ауруларын емдеу үшін төменгі мөлшерлерде қолданылады. Жоғары дозаларда уытты әсер етеді. Кордагитке дигитоксин, гитоксин, дигинорм, кордигид, дигален-нео және басқалар ұқсас әсер етеді.
Жалынгүл жапырағы - жалынгүлдің жоғарғы бөліктерінен (бұтағы, гүлі, жапырағы) жасалынады. Негізгі әсер ететіндері - цимарин және адонитоксин гликозидтері. Екі гликозидте бір-біріне ұқсас әсер етеді және әсері жөнінен гитоксинге жақын. Жүректің систолалық жиырылуы мен диастолалық босаңсуын күшейтеді. Сонымен бірге қан тамырларын тарылтып қан қысымын арттырады да қан айналуды жақсартады. Оймақгүлден айырмашылығы жалынгүл организмде тез ыдырайды, сол себепті оның кумулятивті әсері болмайды.
Адонизид - әртүрлі балласты заттар мен сапониндерден тазартылған жалынгүл жапырағының сулы сығындысы. Өзіне тән иісі, ащы дәмі бар, сарғыш түсті сұйық зат. Консервациялау үшін спирт қосылады (20%). Жарықтан таса жерде Б тізімі бойынша сақталады. Ішке беріледі және бұлшық етке егіледі.
Інжугүл жапырағы - көпжылдық шөптесін өсімдік інжугүлдің құрғатылған жапырақтары. Жүрек-қан тамырлары жүйесіне оймақгүл препараттары сияқты әсер етеді, бірақ оларға қарағанда әсері әлсіздеу келеді. Жүректің бірқалыпты, ырғақты жиырылуына әсер етеді. Жүректің невроздарында және әлсіреуінде қолданылады. Негізгі әсер ететін гликозидтері - конвалятоксин мен конвалязид. Жарықтан тыс құрғақ жерде Б тізімі бойынша сақталады.
Інжугүлдің қүрғақ экстрактісі - суда еритін борпылдақ ұнтақ. Б тізімі бойынша құрғақ жерде сақталады.
Інжугүлдің тұнбашасы - інжугүлдің гүлдері мен жапырақтарын 70 % спиртпен тұндыру арқылы алынатын қызғылт түсті, ащы дәмі бар сұйық зат. Б тізімі брйынша сақталады.
Коргликон - інжугүлдің жапырағынан дайындалған гликозидті препарат. Эфирде ерімейтін, суда нашар еритін, спирт пен ацетонда жақсы еритін ақшыл - сарғыш түсті ұнтақ. Ерітінді түрінде ампулаларда 1 мл-ден шығарылады. Ерітіндінің 1 мл-де 11- 16 ЕӘБ бар. Жарықтан таса жерде Б тізімі бойынша сақталады.
Препараттың әсері кордигид пен адонизидке ұқсас, бірақ оларға қарағанда жылдам әсер етеді, ал нәтижелілігі жөнінен строфантинге жақын. Әр түрлі миокардиттерде, қан айналу нашарлағанда қолданылады. Препаратты дұрыс екпегенде жүрек тоқтап қалуы мүмкін. Сол себепті оны әлсіз концентрацияларда 1:10-20 егеді. Еріткіш ретінде глюкозаның 40 % ерітіндісі немесе хлорлы натрийдің изотоникалық ерітінділері қолданылады.
Конволлятоксин - мамыр інжугүлінің кристалды глюкозиді. Суда нашар, спиртте жақсы ериді. Препараттың 1 г 75000 ЕӘБ бар. Организмде тез ыдырап, бүлінеді. Әсері строфантинге ұқсас. Тез нәтиже алу үшін веа тамырына егіп қолданады. Иттерге мөлшері 0,0001-0,0002 г препаратты әлсіз концентрацияда (0,01 %) баяулатып егеді.
Строфантин - Шығыс Африкада өсетін көпжылдық строфант өсімдігінің дәнінен жасалады. Дәннің 1 грамында 2000 ЕӘБ бар, ал 1,0г таза строфантинде 50000 ЕӘБ бар. Строфантин жүректің еттеріне және кезеген жүйкенің жүректе аяқталатын тармақтарына әсер етеді. Алғашқыда строфантин жүректің жиырылуын жылдамдатады, ырғағын төмендетіп, қан қысымын арттырады.
Строфантиннің әсері оймақгүлдің әсеріне ұқсас, бірақ одан гөрі жылдам әрі тез басталады. Оймақгүлге қарағанда строфантин препараттары жүректің жиырылуын көп арттырады, бірақ оның өткізгіштігіне және кезеген жүйкеге әлсіз әсер етеді, әсері қысқа болады және кумуляцияланбайды. Строфантин препараттары жылдам әрі тез әсер алу үшін қолданылады. Жүректің жұмысы нашарлап, малдың өміріне қауіп төнгенде, жүректің бірден әлсіреуінде, талықсуда, жұқпалы ауруларда, қан айналудың бұзылуында қолдану жақсы нәтиже береді. Строфант препараттарын қолданғаннан кейін бір-екі күннен соң емді ұзақ әрі нәтижелі әсер ететін оймақгүл препараттарымен жалғастырады.
Строфантин препараттарынан мыналар қолданылады:
Строфантин К - суда және спиртте оңай еритін кристалды ұнтақ. А тізімі бойынша сақталады.
Строфант тұнбашасы - строфантиннің 70 % - ды спирттегі10 % тұнбашасы. Препараттың 1 мл-де 180-220 ЕӘБ бар, А тізімі бойынша сақталады. Жүрек жұмысы тоқтап қалмауы үшін, строфант препараттарын күретамырға абайлап баяулатып егеді. Еріткіш ретінде глюкоза немесе хлорлы натрийдің изотоникалық ерітіндісі қолданылады. Строфанттың тұнбашасы 20 %-ды спиртте немесе 10%-ды глюкозада ерітіледі. Қазіргі уақытта ветеринария саласында кардиволен, медилазид, целанид, лантозид және т.б. қолданылады.
Дәрі-дәрмектерден қолданылатыны - глюкоза, кофеин, аскорбин қышқылы, камфора майы, кордамин, коразол (бұларды қолдану миокардитті емдеуде келтірілген).
Артериядағы қысым күрт төмендегенде, адреналинді қолданады. Оқтын-оқтын наперстянка, інжугүл (ландыш), жалынгүл (горицвет), строфант, желтушник (эримизин, эризимозид) препараттарын қолданады. Тері астына гитален енгізеді (ірі қаралар мен жылқыларға - 1-5 мл, иттерге - 0,2-0,5 мл). Оны аузына құю арқылы да береді - ірі қара мен жылқыларға - 5-15 мл, иттер мен түлкілерге - 0,5-1 мл. Аузы арқылы лантозид береді (ірі малдарға - 2-5 мл, ұсақтарына 0,1-0,5 мл). Бұл препараттардың басқа да аты бар (целанид, изоланид). Ландыш тұнбасын (настойка) аузына құю арқылы береді - ірі қара мен жылқыларға - 10-25 мл, қой мен ешкілерге - 5-10 мл, шошқаларға 2-5 мл, иттер мен түлкілерге 0,5-1 мл. Қан айналымының кемістіктері білінген жағдайда қан тамырына, ландыш препараттарынан, иньекцияға арнайы дайындалған шыны ыдыстағы (ампула) 0,06% коргликон ерітіндісінен құяды, мөлшері: ірі қаралар мен жылқыларға - 3-10 мл, иттерге 0,1-1 мл, оны 10-20% глюкоза ерітіндісімен араластарып (1:20 қатынасында) баяу енгізеді.
Жалынгүл препараты - адонозид: аузы арқылы ірі қара мен жылқыларға 20-40 мл, ұсақ малға 1-10 мл, шошқаларға 0,5-8 мл, иттерге 0,5-4 мл; тері астына (ет арасына) ірі қара малдарға - 1-5 мл, жылқыларға - 1-10 мл, ұсақ малдарға - 1-3 мл, шошқаларға - 0,2-2 мл, иттерге 0,05-1 мл. Горицветтің басқа препараты - кардиозидті аузы арқылы сол адонизидтің мөлшерінде береді.
Строфант тұнбасын қан тамырына 10% глюкоза ерітіндісіне араластырып (1:20 қатынасында) баяу құяды, мөлшері: ірі қаралар мен жылқыларға 0,3-2 мл, иттерге 0,01-0,1 мл. Оны аузы арқылы да беруге болады. Ірі қаралар мен жылқыларға 10-30 мл, ұсақ малдарға 3-8 мл, шошқаларға - 2-5 мл, иттерге 0,2-1 мл. Строфантинді қан тамырына - 10-40% глюкоза немесе натрий хлоридтің 0,85% (изотоникалық) ерітінділерімен араластырып (1:10-20 қатынастарында) құяды, мөлшері: ірі қара мен жылқыларға 0,005-0,015 мл, немесе 10-15 мл 0,05% ерітіндісін, иттерге 0,0002-0,0005 г немесе 0,4-1 мл 0,05 ерітіндісін. Строфантиннің орнына қан тамырына арнайы иньекцияға дайындалған, ампуладағы желтушниктің препараты эрзиминнің 0,033% ерітіндісін 10-20% глюкоза немесе тұрақталынған (0,85%) натрий хлоридінің ерітіндісіне (1:10-20 қатынасында) баяу құяды, мөлшері: ірі қара мен жылқыларға 10-20 мл, иттерге 0,3-1 мл. Жүрек етінің құрылымы бұзылғандай белгілер білінсе, строфантин мен эрзиминді қолданбайды.
Миокардозда, зат алмасу процестерін жақсартатын (аноболические средства), жүрек етіндегі биохимиялық, биоэнергетикалық алмасуларды қалпына келтіретін дәрі-дәрмектерді қолдану нәтижелі көмек көрсетеді. Ол дәрі-дәрмектерге тиамин, рибофлавин, мирилоксин басқа да В тобының витаминдері, кокарбоксилаза мен кальций тұздары жатады.
Басқа да ағзалардың қызметтері бұзылғанда, аурулардың белгілерін жоюға бағытталған (симптоматическое) тиісті ем қолданады.
Сақтандыру шаралары. Сақтандыру үшін организмді уландыруға жол бермеу, малдарды құнарлы азықтармен азықтандыру және жүйелі серуендер ұйымдастыру қажет. Миокардозды алдын ала сақтандыруда ауруларды дер кезінде анықтап, зат алмасуының бұзылуын ескерту үшін ауыл шаруашылық малдарды диспансерлеудің маңызы зор.
Зат алмасуының бұзылуын және жүрек пен қан тамыры жүйесінің жүйке гуморальдық реттеулерінің бұзылуын ескертулерде, өнеркәсіпті кешендерде малдарға физиологияға сәйкес келетіндей күту жағдайларын жасап, жақсы азықтандырып, мезгілімен серуендетуге көңіл бөліп, үрейленулеріне (жұмыс істеп тұрған техника тетіктерінің шуылынан, машинамен сауатын аппараттарының жұмыстарының бұзылуынан т.б.) сақтықпен қарау жақсы нәтиже береді.
Малдың жүрек пен қан тамырлары жүйесінің ауруларын жіктеуде бірнеше ұсыныстар бар. Солардың ішіндегі көңілге қонары Г.В.Домрачевтің ұсынғаны. Бөлінуі жеке кестеде келтіріген. Бұл ұсыныс бойынша жүйенің аурулары 4 топқа бөлінеді: 1. Жүрек қабының (сыртқы); 2. жүрек етінің; 3. жүректің ішкі қабының; 4. қан тамырларының аурулары. Жүрек қабы ауруларының өзін екіге бөледі: жүрек қабының қабынуы (перикардиты) және шеменденуі (гидроперикард).
Жүрек етінің аурулары да осы принципке негізделіп бөлінеді - жүрек етінің қабынуы (миокард) және зат алмасуларының бұзылуы (миокардоз). Бұл топтан ерекшелеу бөлінетін аурулар - жүрек бұлшық етінің фиброзданып өзгеруі (миокардиофиброз) және склерозы (микардиосклероз). Бұл, кобінесе, миокардит пен миокардоздың салдарынан пайда болатын басалкы түрінде де дамитын дерттер. Жүректің ішкі қабының аурулары, әдетте қабынудан (эндокардит) басталып, содан соң азғындай (дегенерация) бастайды. Оған бірте-бітре жүректің қақпақшалары (клапан) қосыла бастаса, онда жүрек ақауларына әкеліп соғады.
Малдарда қан тамырлары ауруларының тобынан жиі кездесетіндері - артерия қабырғаларының әктеніп қалыңдануы-беріштенуі (артериосклероз) және тамыр түтігінің қан ұюынан бекітілуі (тромбоз). Кешеңдерде мал арасында жүйке қажуының (невроз) асқынуынан қан қысымы көтеріліп (гипертония) тұрады.
Жүрек қабыну аурулары. Жүрек қабының қабынуы (Pericarditis - перикардит). Қабыну жарақаттан (P. Traumatica) не басқа себептерден болуы мүмкін. Өтуі бойынша: жіті (P. acuta) және созылмалы (P. chrohica) түрде пайда болуы және өту уақытына байланысты басалқы немесе қосалқы; таралуы бойынша шектелінген (P. Circumscripta) және кіріккен (P. Diffusa); жалқықтың түрлеріне байланысты - ұйымалы, белок талшықты, қанды, іріңді, шіріген болып бөлінеді. Жүрек қабының қабынуларының құрғақ (P. sicca), жалқықты немесе сарысулы (P. Exudativa) түрлерін айырады.
Себептері. Мал арасында өздігінен болатын перикардит негізінен сирек кездеседі, ал ішінара суықтан пайда болған перикардит те ұшырасады. Жиі кездесетіні, түрлі індет немесе жұқпалы емес аурулардың асқынғандығынан болатын қосалқы перикардит. Ірі қарада, кейде ұсақ малдарда тақия ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz