Сана мәселесінің теориялық және әдіснамалық негіздері



Жоспар

Кіріспе
І тарау Сана мәселесінің теориялық және әдіснамалық негіздері
1.1. Сананың психологиялық ерекшеліктері
12. Сана мәселесін зерттеуге арналған ғалымдардың теориялық еңбектері
1.3. Психиканың жоғары формасының дамуы адамның санасы
ІІ тарау Сана мәселесінің қазіргі таңдағы зерттелу ерекшеліктері
2.1. Тұлға санасының ерекшеліктері
2.2. Сана мәселесін зерттеудің негізгі ерекшеліктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
І тарау Сана мәселесінің теориялық және әдіснамалық негіздері
1.1. Сананың психологиялық ерекшеліктері
12. Сана мәселесін зерттеуге арналған ғалымдардың теориялық еңбектері
1.3. Психиканың жоғары формасының дамуы адамның санасы
ІІ тарау Сана мәселесінің қазіргі таңдағы зерттелу ерекшеліктері
2.1. Тұлға санасының ерекшеліктері
2.2. Сана мәселесін зерттеудің негізгі ерекшеліктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана,
ақыл, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер
зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет,
философия, ғылым – осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде
сананың балмасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан да сананы
болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны бастапқы деп санаған. Енді біреулер
бұл пікірді мойындамаған.
Дін иелері сананы материалдан тыс, дербес және мәңгі өмір сүретін, ешөашан
өлмейтін құбылыс деп қарастырады. Ертеде сананы жанға, ал жаңды ұшып
жүретін шыбынға балаған. Халқымыздың "шыбын – жан” деген сөзі осындай
ұғымнан туындаған.
Идеалистік философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс,
дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның
қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп түсінеді. Бірақ сананың пайда
болуын материалистік тұрғыдан түсіну де оңайға түскен жоқ. Кейбір
материалистер сана барлық материяда бар деп түсінген. Мәселен, орта ғасырда
өмір сүрген. Д.Скоттың түсінігінше, тіпті тас та ойлай аладымыс. Мұндай
бүкіл табиғатты жанды деп қараған ұғымды философияда гилозоизм деп атайды.
Сол органикалық және органикалық емес дүние арасындағы дәнекер – нуклеин
қышқылдары бір жағынан органикалық емес, екінші жағынан органикалық дүниеге
жатады. Олай болса, тіршілік қайдан пайда болды деген сұрзу өзінен-өзі
шешіледі.
Енді сол клетканың пайда болуымен жоғары дамыған организм – адам, оның
санасы аралығында табиғатта жүз миллиондаған, бәлкім миллиардтаған жылдар
жатқан болар. Ендігі мәселе – сана деген не, ол қалай пайда болды, мәні
неде деген сияқты сұраулар.
Ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, ғалымдар сана барлық материяның жемісі
емес, тек ерекше ұйымдасқан материя – адам миының функциясы екенін
дәлелдеді. Адам миы – аса күрделі әрі өте нәзік миллиардтаған жүйке
клеткалардан (нейрондардан) тұратын аппарат. Ол нейрондардың (клеткалардың)
жалпы саны 14 – 15 миллиардтай.
Адамның миының құрылымы да аса күрделі. Кейбір анализ, синтез, сондай-
ақ, сыртқы тіршіліктердің әсерлеріне байланысты түрлі іс-қимылдар жұлын,
сопақша, орта және аралық ми арқылы жасалады. Ал күрделі ойлау тәсілдері
бас миының үлкен жарты шары арқылы іске асады. Мидың қабыршағы астындағы
аппарат шартсыз (инстинкті) қимылдарды басқарады. Жануарларда инстинкті
қимылдар әрдайым ешбір шартты байланыссыз, бағынышсыз, емін-еркін сияқты
көрінетін болса, адамдарда ол әрекеттер қашанда санаға тікелей бағынышты,
оны сана билейді.
Адам миы түрлі түйсіктер арқылы келетін мәліметтерді орталық жүйке
жүйесі арқылы қабылдап, оны қорытады, белгілі ой тұжырымдарын жасайды. Сана
қалай пайда болды деген сұраққа жауап беру: ол түйсік мүшелері арқылы
объективті ақиқатты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады, ал
бұл үшін көп нәрседен хабардар болу қажет дейміз. Халықта: "Көп жасағаннан
сұрама, көпті көргеннен сұра” деген нақыл сөз, шамасы, осы жағдайды
аңғаратын болса керек.

І тарау Сана мәселесінің теориялық және әдіснамалық негіздері
1.1. Сананың психологиялық ерекшеліктері
Адам миы түрлі түйсіктер арқылы келетін мәліметтерді орталық жүйке
жүйесі арқылы қабылдап, оны қорытады, белгілі ой тұжырымдарын жасайды. Сана
қалай пайда болды деген сұраққа жауап беру: ол түйсік мүшелері арқылы
объективті ақиқатты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады, ал
бұл үшін көп нәрседен хабардар болу қажет дейміз. Халықта: "Көп жасағаннан
сұрама, көпті көргеннен сұра” деген нақыл сөз, шамасы, осы жағдайды
аңғаратын болса керек.
Идеалистер сананың екінші, материяның бейнесі екенін мойындағысы келмейді.
Оны неге сүйіп айтады? Олардың ойынша,адам санасында объективті дүниеде
кездеспейтін, қате, жалған ойлар, мәселен, түрлі жын-сайтан, диюу, су
перісі, т.с.с. ұғымдар болады. Сонда объективті дүниеде кездеспейтін ол жын-
шайтандардың бейнесі қайдан пайда болады, ол ненің бейнесі деп күдік
айтады.
Сонымен қатар сана мисыз өмір сүре алмайды, ал біздің
түйсіктерімізгеәсер ететін – сыртқы дүние. Сол әсерлер орталық жүйке
жүйелері арқылы адам миына жетеді. Ми оларды қорытады, шешімжасайды. Әрейне
адам ми арқылы ойлайды, бірақ оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуінде.
Ми – ең алдымен объективті ақиқатты дәл, былайша айтқанда, сыртқы дүниені
дұрыс бейнелейтін орган. Бірақ сана мен объективті ақиқат ешқашан да
мейлінше дәлме-дәл болмайды. Сана – оның идеалдық бейнесі. Мұны Гегель де
мойындаған. Бұл – дәлдік пен айырмашылық диалектикасы. Сананың мәнінде
білім жатыр. Ал оны туғызатын танымдық ізденіс. Әр нірсені білуге, ұғынуға
талпыныс, ізденіс сайып келгенде сананы құрастырады. Сана – материядан
мүлде өзгеше.
Бейнелеу – жалпы материяның қасиеті. Бейнелеудің негізінде бір
құбылыстын екінші құбылысқа, бір дененің екінші бір денеге жасайтын ықпалы
жатыр. Мәселен, жүріп бара жатқан адамнан із қалады, із бейнелеуге жатады.
Күннен, желден, ыстық пен суықтан, жаңбыр мен қардан жартас бұзылып,
үгетіліп қиыршық құмға айналады. Теңіз жағасындығы тастар қашанда жылтыр,
теп-тегіс болып келеді. Оны ысып, жылтырататын су толқыны. Сана да – дәл
осындай әсердің нәтижесі. Дүние танымда адамдардың
іздерісмүмкіндіктерінорасан зор дамытқанғылымкиберннетика. Ол күрделі
информацияны қабылдап, оны сұрыптап, талдап белгілі жүйеге түсірпі, нақтылы
шешімге келтіретін және ол процестерді баққаратын ғылым.
Сана белгілі бір дәрежеге – сана – сезімге айналады. Сана – сезім өзін -
өзі сезініп, ұғыну арқылы жететін сананың еі жоғарғы сатысы.
Сана – сезім дегеніміз – адамның өзін - өзі ойлай алатын, сезе
білетін, әрекентенетін субъект ретінде тұсіне бастауы. Адамның сана сезімі
қанша таптық, топтық, қоғамдық сана – сезімдерге тығыз байланысты.
Тағы адам өзін табиғаттан бөліп қарай алмайды. Саналы адам бөлініп
алады. Сана өзінің шығу жағынан екігші. Бірақ сана енжар емес, белсенді
перменді рөлі бар құбылыс. Оның белсенбілігі – бейнелеуді таңдай алады,
келешекті болжай біледі. Сана дұниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар
оны өзгертеді, қолдан жасайды. Құрылыстар мен машиналарды табиғат дайын
күінде бізге сыйламайды, адам жасайды. Сол арқылы сана затқа айналады,
заттандырылыды.
Дін обективті ақиқатты адам ойында түбегейлі өзгертіп, қиалишылдық
түрде бейнелейді. Діни қағидаларға қарағанда, дүниеге кез келген құбылыстың
тікелей тірегі, қозғаушысы – ол өмірден тыс тұрған және оны жаратушы күш
(құдірет).
Ерік табиғатына болған мұндай көзқарас қазіргі күнде де жоқ емес. Ш.Н
Чхарташвили мақсат пен саналы тану интеллектуалды әрекеттер категориясынан
туындаған деумен, еріктің өзіндік сипаты барлығына шек қояды, сондықтан
ғылымға жаңа бір ерік терминін ендірудің қажеті жоқ екенін дәлелдеуге
тырысады. Жеке адам қасиеті сипатында ерік ортағасырлықтарға да таныс
таныс болған. Мұны сол уақытта қоғамда орын алған экзорис – жын-шайтан қуу
үрдісінен көруге болады. Бұл үрдісте адам ылғи да енжар астама күйінде
танылып, сыртқы әсерлер жинайтын, ұя ретінде бағаланған. Ол заманда ерік
дербес жасайтын, нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер түріне енген
құбылыс деп есептелген. Бұл тылсым күштер қандай да мақсаттар белгілеуші
ақылға ие деп түсінілген. Ол күштерді танудан адамның шын қылық-
әрекетінің мәнін түсінуге болады. Ерік табиғатын бұлай түсіндірудің себебі
сол заманда қалыптасқан қоғамның адам әрекет-қылығының негізі оның өзінде
екенін мойындамаудан. Әр адам бабалардан жеткен нәсілдіктің ізі ғана деп
қабылдаған. Мұндай сипаттан қауымның кейбір мүшелерінің ғана ажыратылуға
құқы болған, мысалы, бабалар аруағы және ол дүниемен тілдесетін бақсы-
балгер, от пен металды бағындарған темірші, өзін қоғамға қарсы қойған
қарақшы –қанішер т.б.     Мүмкін, ерік түсінігінің жаңа Қайта тіктелу
заманында жеке адам проблемасымен бірге ғылым аренасына келуі осы адамның
қалыпты жағдайдан ауытқуларын мойындаудан болар. Осыдан адам шығармашылыққа
қабілетті, тіпті қателер жіберуге де бейім дегендей тұжырымдар жоққа
шығарылмады. Қалыптан шығып, тек ортасымен бөлінуімен адам жеке адамдық
кемелденуге жетіседі. Мұндай тұлға үшін ең мәнді нәрсе  - ерік бостандығы.
Ерік бостандығын бір жақты асыра дәріптеу нәтижесінде экзистенцализм немесе
тіршілік философиясы пайда болды.   
                                                                              
      

12. Сана мәселесін зерттеуге арналған ғалымдардың теориялық еңбектері
Ғылыми психология, сондай-ақ сананың бақылауынан тысқары тұратын
психологиялық құбылыстар болатындығын жоққа шығармайды. Орысша
сознательное және безсознательное деген сөзбен бейнелетін осы ұғым
философия, психология, психопатология, психиатрия, өнер тану, тарих тағы
басқа ғылымдарда жиі қолданылады. Мұны психологияға алғаш рет енгізген
австрия психологы З. Фрейд болды.
Санадан тыс құбылыстар жөнінде тәжірибеге негізделген материалистік
пікір айтқан ғалымдардың бірі И. М. Сеченов. Осындай кезде мидағы қозу,
тежелу процестерінің жұмысы баяу болып келетіндіктерін И. Павлов та
дәлелдеген. Әйтсе де, осы құбылыстардың мән-мәнісі ғылымда әлі де жете
зерттелген жоқ. Ал творчестволық іске әрдайым сананың қатысуы, оның айқын
жұмыстарының қажет екендіктері даусыз.
Сана дегеніміз деп жазды К. Маркс – ең таяу ортаны тану және өзін
түсіне бастаған индивидтен тыс басқа адамдармен және заттармен арадағы
шектеулі байланысты тану болып табылады. Сана жеке адамға тән дара қасиет.
Адамда жеке санамен қатар өмір сүрген ортасына байланысты қалыптасқан
қоғамдық сана да болады. Бұл екеуі бірімен-бірі тығыз байланысты. Жеке адам
санасының мазмұнына қоғамдық сана ықпал жасап отырады. Идеялық мазмұны
жағынан жеке адамның санасы қоғамдық санасының көріністері болып табылады.
Адам санасының осы екі түрін де қоғамдық болмыс белгілейді. Экономикалық
қатынастарының өзгеруіне ілесе, адамның санасы да өзгереді. Сананың дамуы
сыртқы ортадан тәуелді болып отырады дейтін түсінікті ғылымда детерминистік
принцип деп те атайды. Детерминизм тек сана құбылыстарының пайда болу, даму
жолдарын ғана түсіндірмейді, сонымен қатар табиғаттағы заттардың барлығының
шығу тегі обьективтік себептіліктің заңдылықтарына бағынады деп үйретеді.
Себептілік дүниенің заттары мен құбылыстарының өзара байланыстарының шексіз
тізбегін, жан-жақты өзара әрекетті сипаттайды.
Алғашқы адам бұрын шикі өсімдік жесе, бара-бара ет жей бастауы, оны
пісіріп жеуі, жеуге жарайтын басқа да заттарды асқа қосуы, тәннің, әсіресе
мидың физикалық, химиялық процестерінің өзгеруіне, олардың формасының
айрықша болуына әсер еткен. Адам тәнінің құрылысы, оның әрекеттері бара-
бара хайуанаттардікінен өзгеше бола бастаған. Бұлардың барлығы адамда тіл
мен ақылдың, сонымен бірге сананың пайда болуына себепші болған. Бірақ та
саналы әрекеттердің ақыл мен тілдің пайда болуы үшін жалғыз ғана
биологиялық негіздердің болуы жеткіліксіз еді. Егер де биологиялық негіздер
болғанмен, адам еңбек етпесе, қоғамдасып жүрмесе, оларда саналы әрекет те
болмас еді. Сондықтан сана еңбектің жемісі. Жоғарыда айтылған биологиялық
өзгерістердің өзі де еңбек арқылы өзгеріп, дамып отырған. Еңбек үстінде
адамдар бірімен-бірі қарым-қатынасқа түсіп, сөйлескісі келген, оларда
сөйлесу мұқтаждығы туған. Бұл мұқтаждық адамдарда тіл мен сана арқылы пайда
болды. Сөйлеу адамның ақыл ой процестерінде сапалық өзгерістер туғызды;
заттар мен құбылыстардың мазмұнын, сәулелендіріп адамда алдымен нақтылы
көрнекілікті ұғым, кейіннен абстрактілі ұғымдар пайда болып, теориялық ой
дами бастады.
Адам баласы қоғамдық жағдайларда өсіп-өніп әлеумет тәрбиесінде
болатындықтан, оның психикалық әрекеттері, өзгеше жағдайларда дамып,
хайунаттар психикасынан да өзгеше болып келеді. Сондықтан хайуанат жанын
адам баласына көшіру, яғни басқаша айтқанда антропоморфизм жолына түсу
ғылыми қате пікір болып табылады.
Сана пайда болумен бірге бала өзін-өзі танып, өз қоршаудағы орнын
біле бастайды. Сыртқы дүниемен қарым-қатынастарының өзгеруі, онда жаңа
мұқтаждықтар, мүдделер, әрекеттердің жаңа формаларын тудырып, дами түсуіне
себепші болады. Психикалық дамуда сандық көріністер бара-бара сапалық
қасиеттерге көшіп отырады. Мысалы, тілдің шығуы, сананың пайда болуы жаңа
сапалық даму болып табылады. Тәрбие мен оқудың әсерімен бала психикасы
біртіндеп ересек адамдардың психикасына айналады. Бірақ та оған дейін
балалардың психикалық әрекеттері бірнеше кезеңдерден өтеді. Олар негізінде
бала жасының түрлі кезеңдеріне байланысты. Психикалық әрекеттердің дамуы
бірыңғай процесс болғанмен, оның төменгі сатылары жоғарғы сатыларға негіз
болып, олардың пайда болуына дайындық жасап отырады.
Өзінің "жан" мен "тану" деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне
қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының зерттеуі
болып тек одан көп уақыт өткеннен кейін, христиандық заманда танылды.
Психология медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің ми
функцияларының мәніндегі "Жан Доктринасы" мен анатомиялық трактаты "Хайуан
Жандар Жайлы Екі Пікірлесу" ("De Anima Brutorum") атты еңбектерінде
көрінеді.
19шы ғасырға дейін психология пәлсапаның бір тармағы ретінде қарастырылды.

Ерте жаңа заман

1879 жылы "психологияның атасы" болып танылған Вильхельм Вундт (1832-1920)
Германияның Лейпциг Университетінде психологиялық зерттеу зертханасын ашты.
Вильям Джеймс, америка пәлсапасышысы өзінің "Психология Принциптері" (1890)
атты жемісті кітабын жариялап, келесі жылдарда психологтардың назарын
жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын қалады.

Бұл өріске өздерінің үлестерін қосқан, тәжірибелік түрде еске салу, есте
сақтау, еске түсіру функцияларын Берлин Университетінде зерттеген Херманн
Эбингауспен бірге қазір классикалық шарттастық болып танылған тәлім тану
процесін зерттеген орыс физиологы Иван Павловты атап айту керек.
Осы тұста, 1890 жылдары Аустрия дәрігері, невролог, тәжірибелік
психологияда бейресми білімі бар Зигмунд Фройд психотерапияның жаңа әдісі —
психоанализді дамытты. Фройдтың ақыл-ой жөніндегі түсініктері
интрепретативттік және интроспективттік әдістемелерге кең шамада
негізделген, ақыл-ой дерттілігін шешу мен психопатология үстінде
жинақталған. Фройдтың теориялары кең тараған, оның себебтерінің үлкен бірі
— теориялардың сексуалдылық және жаншу психологиялық дамудың негізгі
аспектілері ретінде қарастыру сияқты мәселесін қозғау. Бұл сол кездің
аттеріс мәселері болып саналған, ал Фройд болса олардың оқымысты қоғам
ішінде кеңінен қарастырылуына жол ашқан. Фройд теориялары жалпы психология
теорияларына ықпалы зор.
В.И.Ленин: Адамның мақсаттарын объективтік дүние туғызады және оны
өзінің шарты етеді, оны нақты, бар нәрсе ретінде табады. Бірақ адамға
өзінің мақсаты дүниеден тыс алынған дүниеге байланысты емес тәрізді болып
көрінеді еркіндік - деп жазды.
Интелектуалдық немесе ассоциациялық теория. Бұл теорияны жақтаушылардың
және дамытушылардың бірі Германияда өткен ғасырда өмір сүріп, негізін
салған Э.Мейман. Бұлардың айтуынша, еріктік әрекеттердің барлығы ақыл-ой,
интелектпен байланысып, солардың нәтижесінен пайда болады, яғни ерік
адамның мұқтаждығы мен қажеттілігі секілді рухани күшінен туындайды. Адам
өз мұқтаждықтарын жүзеге асыру үшін мақсат, міндеттер қояды, сол мақсатқа
жету үшін алда тұрған бөгеттердің барлығын бұзуға әрекет етеді. Бұл үшін
адам ең алдымен алға тұтқан мақсатын елестетуі керек, содан оны ортаға
салып көпшілікпен талқылауы қажет. Сөйтіп адам қандай міндеттер, қандай
әрекеттер жасайтынын ақылға салып, оға алдына ала дайындық жасап, содан соң
еріктік әрекетті атқаруға кірісіп, оны жүзеге асыруы тиіс. Э.Мейманның
айтуынша, адамның ерік-жігері үнемі екіге бөлініп отырады. Бірі – ақыл-
оймен байланысты елестеудің пайда болуы, екіншісі – ақыл-ойды
қатыстырмайтын жай әрекеттер. Бұл пікір бойынша ерік өздігінен пайда
болады, ол өзінен-өзі еріксіз жүзеге асып отырады. Адам ерікті әрекет ету
үшін өзінің бұрынғы көрген-білгенін елестетуі керек, сол елестеудің
нәтижесінде адамның ерікті әрекеттері пайда болады. Мұндай көзқарас адамның
ерік- жігерін белсенді түрде өзінің әрекеті ретінде қарастырмайды,
өздігінен ассоциация заңдары бойынша пайда болатын әрекеттер деп түсінеді.
Ерік туралы эмоциялық теорияны ұсынушы неміс психологы В.Вундт. Оның
көзқарасы бойынша, ерік эмоциялық сезімдердің тек бір түрі ғана болып
табылады. Ерік ең күшті сезімдердің, аффектердің ерекше варианты. Жағымды
сезімдер ерікке негіз болып, оларды тудырып отырады. Әрине ерікті эмоцияның
бір түрі деп айтуға болмайды. Өйткені ерік пайда болу үшін, оған адамның
түрлі жағымды сезімдері түрткі болмайды, керісінше адамның мұқтаждықтары
себеп болады. Америка психологі Джемс ерік адамда пайда болған ойдың
еріксіз қимылға айналуы дейді. Оның пікірінше, адамның қимыл-әрекеттері ой
арқылы өздігінен қимылға айналып кетеді. Мысалы, адам көзін жұмып тұрып екі
қолын екі жағына созып, бір қолын алдына, екінші қолын артына қарай
қимылдатса, адамның қолы өздігінен біраз қимылдай бастайды. Немесе адам
жіпке бір тасты байлап, қолын созып жіпке тізген тасты жай айналдырам деп
ойласа, жібі қимылдап өздігінен айналғандай болады. Міне, осындайды Джемс
ерік әрекеті деп ойлайды.       
П.К.Анохин әрекет акцепторы деген ұғымды ұсынды. Оның мәнісі – нерв
процестерінің сыртқы оқиғалар барысынан оза жүретіндей тәрізді
көрінетіндігінде. Бұрынғы тәжірибе негізінде адам нерв жүйесіне болақшақта
берілетін әсерді алдын ала біледі. Сигнал негізінде мида көп рет қайталау
арқылы қалыптасқан нервтік байланыстардың бүкіл комплекісі,
ассоциациялардың барлық жүйесі қалпына келтіріледі.
П.К.Анохин ұсынған ережелер мінез-құлықтың еріктік реттелуінің механизмі
жөніндегі біздің түсініктерімізді тереңдетіп, кеңйте түседі. Творчествалық
мүмкіндігі бар болғандықтан, нақты әрекеттің алдын алу механизмі адамда
жануарларға қарағанда әлде қайда жақсы жетілген. Адамдағы ассоциациялар
жүйесі аз ғана және шалғай тітіркендіргіш негізінде-ақ қалпына келтіріледі.

1.3. Психиканың жоғары формасының дамуы адамның санасы
Жеке адамның тұлғалық сипаттарында ерекше байқалатын екі түрлі
ерекшелік бар. Оның бірі-әрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық
сипаттар. Бұл адамдардың типтік мақсаттарымен байланысты теориялық мәселе.
Екіншісі-сол типтерден туындайтын және жеке басқа бағынышты азаматтық
ерекшеліктер.
Жеке адамның қажеттіліктерінің бәріне жуығы еңбек арқылы
қанағаттандырылады. Еңбек адам тіршілігіндегі бірінші қажеттілік. Сондықтан
қоғамдағы тәлім-тәрбиенің өзекті мәселесі-адамды еңбек ету қажеттілігіне
баулу.
Балалар мен ересек адамдардың әр алуан іс қимылы нәтижесінде олардың
автоматталған әрекеті дағдылары, іс әрекет түрлерін орындауға бейімділігі
мен ептілігі, тіршілікке қажетті әдеттері қалыптасып, адамның автономиялық,
физиологиялық және психикалық жағынан дамып жетілуіне әсер етеді. Оның
рухани өмірінің мазмұнын байытады.
Дағды-адамның белгілі іс әрекетті сан рет қайталап отыруы нәтижесінде
қалыптасып, автоматты түрде орындалатын ісі. Мәселен, балада оқу дағдысының
қалыптасуы, қызметкредің міндетті ісін орындауы. Дағдының қалыптасуында
мақсат қою негізгі рол атқарады. Дағдының қалыптасуы қимыл қозғалыстар мен
әрекет жасауға орай бірнеше сатылардан тұрады.
Әдет- адамның іс әрекетіндегі мінез құлыққа байланысты тұрақты
қасиеті. Психологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниеге көзқарас түрлері
Жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру
Жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Жеке тұлға тәрбиесі
Психологиядағы iс-әрекет бағытының жалпы сипаттамасы
Дене шынықтыру мәдениетінің теориясы мен әдістері
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
В.М. Манаховтың оқыту технологиясы
Психологиядағы іс-әрекет категориясы жалпы және нақты-психологиялық мазмұн
Қазіргі заман өнеріндегі адам болмысы мәселесі
Пәндер