КРЫЛОВ Иван Андреевич (1769-1844) - орыс жазушысы, драматург, көрнекті мысалшы акын



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
КРЫЛОВ Иван Андреевич (1769-1844) - орыс жазушысы, драматург, көрнекті
мысалшы акын. Крылов есімі орыс жұртшылығына күлдіргі-сықақ жанрдағы
шығармалары мен мысалдары арқылы белгілі болды. Ол әсіресе мысал жанрында
орыс әдебиетін жаңа сатыға көтеріп, әлемге есімі танылды. Әдебиеттегі сын-
сықақшылық жолын сахналық туындылардан бас-таған Крылов Кофе ұнтақтағыш
күлдіргі операсын, Филомела трагедиясы мен Құтырған әйелмен, Жиһазды
дүкен, Қыздарға өнеге комедияларын, Каибповесін жазды. Өзі өмір сүрген
қоғамдық құрылыстағы кеселді құбылыстар мен керітартпа тіршілікті, зорлық-
зомбылықты, адамдар мінездеріндегі олқылықтар мен қарым-қатынастарындағы
кереғар қайшылықтарды, ұры-қары, жатып ішер жалқау, алаяқ, жемқор,
мақтаншақтарды сынға алып, әшкере етуді мақсат еткен сатиралық Рух
жаршысы, Көрермен журналдарын шығарып тұрды.
Ақындық жолында негізінен реалистік шындықты ту еткен Абай орыс
ақынының мысалдарынан өзі күнде көріп, зығырданын қайнатып жұрген қазақ
ауылындағы жат қылықтар мен өрескел надандықты жеріне жеткізе әшкерелеп,
әжуа, мазақ етудің қуатты құралын тапқандай. Табиғатында тілінің ілмешегі
бар, әзіл-сықаққа бейім Абай, енді сонау Эзоп, Федр, Лессинг, Лафонтеннен
бері қарай келе жатқан уытты да ұтымды, оқырман қауым тез ұғынып, жеңіл
қабылдайтын қарапайым сюжеттерді айызы қанған сезіммен аударуға кіріскен.
Өйткені хайуанаттар тіршілігі, солардың өзара айтыс-талас түріндегі қысқа
әңгімелері арқылы қазақ жұрты ішінде де бел алған біраз кемшілік-
кесапаттардың бетін ашуға, ел ара-сындағы атқамінер пысықайлардың,
қотанындағы аз малдың буына семірген, бос кеуде мақтаншақтардың, жақсы мен
жаманды ажы-рата алмайтын көп наданның, әкімдер алдында бас изеуден басқаны
білмей шыбындаған жарамсақтардың, Үйден үрген итке ұқсап бас пайдасы мен
шен-шекпен үшін туған халқын талауға әзір жылпостардың кеселді қылықтарын
әшкерелеуге мүмкіндік мол екенін көре білді. Бұрын қазақ арасына көп тарай
қоймаған бұл жаңа жанр тыңдаушыны оқыс сюжетімен қызықтыра түсетінін
түсінді. Олар ауызша айтуға да, жаттауға да жеңіл. Абай Крыловтан барлығы
13 мысал аударған. Рас, олардың барлығын бірдей бірыңғай таза аударма деу
де қиын. Ақын көп ретте Құнанбаев мысалының жалпы мазмұнын алады да, өзінше
еркін баяндайды. Абайда дәл, көшірме-аудармадан көрі сарындас-аударма
басым. Ақынның бұлайша еркін кетуіне орыс әдебиетіндегі мысал жанры мен
қазақтың мысал-өлеңінің жанрлық, техникалық ерекшелігі себеп болса керек.
Абай мен Крыловтың мысалдарын сан қайтара оқып, алыс-жақын қасиеттерін,
көркемдік, мазмұндық, стильдік айырмашылықтарын салыстыра зерттеген М. О.
Әуезов осы айырмашылықты ап-айқын етіп көрсетіп берген: Ал, анық әдебиет
жүйесінің көзімен қарағанда, орыо әдебиетінде мысал (басня) стих (өлең)
емес. Ол өзі бөлекше жанр. Оның жол өлшеулері өлеңге тән өзгешеліктей боп
шумаққа да бөлінбейді. Әр кезде сөйлеп айтатын ауызша әңгіме, халықтық
әңгіменің нақышты, ырғақты қара сөзіне бейім келеді. Қысқа қайырылған, өте
мазмұнды жауаптасу, қағысулар оқиғалы желігз құрылады.
Ал Абай мөн Алтынсарин немесе басқа қазақтың аудармашылары болсын,
бәрі де Крылов мысалының осы ерекшелігін дәл бермеген. Қазақша аударылуда
орыс әдебиетінің бұндайлық бөлекше жаңа жанры қазақшада бөлекше жанр
тудырмайды. Кейбір аудармалар қазақтың төрт жолды шумағы бар 11 буынды
өлеңімен аударылған. Абай мен Алтынсарин жеті-сегіз буынды жыр алуандас
өлеңмен айнымас өлшеуге бағындырып, кысқа жолмен аударады. Сол себепті
сырттай салыстырып қарасақта, мысалы, Крыловтың Ворона и лисица дейтін
шығармасы жиырма алты жолға бөлінсе, Абай мен Алтынсаринде елуден аса
жолдан құралады. Крыловтың мұраларының оның әңгімесі мен сатиралық-әжуалық
ең қымбатты ішкі мәнін алады да, Абай оның сыртқы түр өзгешелігін көп
кұнттамайды (М. О. Әуезов. Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. - А.,
1967, 201-202 б.). Осыған қарағанда Абай да, Алтынсарин де қазақ оқырманы
үшін мысалдың өлең түріндегі нұсқасы қажеттірек, ұғымдырақ деп есептеген
болулары керек. Олар қазақ жұртына қара сөзден гөрі дәстүрлі өлең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жанрлық даму (тарихы, кезеңдері)
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында
Ахмет Байтұрсынов өмірі мен шығармалары
Вильгельм Блейк, Джордж Гордан Байрон, Гете мен Мөшһүр-Жүсіп шығармаларындағы үндестік
Мысал жанрының қалыптасуы
МЫСАЛ ЖАНРЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫ
Бастауыш сыныптарда мысалдарды оқыту
Хронологиялық деректер тізбесі
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті және аударма саласының дамуы мен зерттелуі
Кирилов Әбілқайыр ханның кепілгер тұтқындары
Пәндер