Сөйлеудің бұзылысы мен патологиясы


ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
Теориялық және қолданбалы психология кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Сөйлеудің бұзылысы мен патологиясы
Орындаған:
5В0503-мамандығының 1курс студентіМедеуова Д. М.
Ғылыми жетекшісі:
Психология ғылымының кандидаты, доцентМамбеталина А. С.
Ақтөбе-2011
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. СӨЙЛЕУДІҢ ПАТОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Сөйлеудің бұзылу сипаты
1. 2. Сөйлеудің патологиялық көрінісі
1. 3. Сөйлеудің бұзылуындағы факторлар
1. 4. Сөйлеудің бұзылыстарын реттеу
1. 5. Сөйлеу бұзылыстарына қажетті арнайы білім беру
1. 6. Сөйлеудегі афазияны жою жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Сөйлеу мен тіл ұғымдары бірдей ұғымдар емес. Сөйлеу дегеніміз адамдардың тіл арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау әрекеті. Бұл қарым-қатынасты әр адам өзінше, бірақ та сол ұлттың қолданылып жүрген тіл құралдары арқылы іске асырады. Ал тіл болса осы құралдардың (дыбыс, сөз, сөйлем осылардың арасындағы байланыс) жүйесі, яғни дыбыс қоры және сөздік қоры сондай-ақ грамматикалық формалар болып табылады. Тіл қоғамдық өндірістің дамуы барысында, адамдардың өзара сөйлесу процесінде ғана пайда болады, сөйтіп адам дайын тілді меңгереді.
Адамдардың бір ұжымда бірігіп еңбек ету процесінде «бір-біріне бірдеңе айту қажеттілігі пайда болған». Адамдар замандастарына сөйлесу арқылы сол кезеңде болып жатқан оқиғаларды баяндап қана қоймай, сондай-ақ бүкіл адамзаттың барлық жинақтаған білім қорын ұрпақтан- ұрпаққа жеткізіп отырады. Бала сөйлеуді үйрене отырып, өзі дүниеге келген қоғамның өмірінен тыныс алады. Егер де бала кездейсоқ бір жағдаймен сөзді үйрене алмай қалған кезде, оның ойы мен өрістері өте төменгі дәрежеде қалған болар еді.
Бөбектер алғаш дүниеге келген жылдары адам қоғамынан бөлек сырт қалып, адамдардың сөйлеген сөздерін мүлдем естімеген жағдайлардың (сирек кездессе де) бар болғаны бар. Мысалы, туған кезден бастап маймылдар асырап, солардың арасында өскен бірнеше баланың әр кезеңдерде Үндістанда табылғаны рас. Ойы мен өрісі жағынан бұл балалар өздерін асырап өсірген маймылдардың дәрежесінде болған. Кейіннен мұндай балалар адамдармен бірге тұрғанда да олардың ақылы мен ойы өте баяу дамуына сөйлеудің қаншама мәні бар екенін дәлелдеудің өзі көрсетеді.
Ойлау мен сөйлеу бір-бірімен тығыз байланысты. Адам ойлағанда, әдетте ойын іштей сөз және сөз тізбегі арқылы құрып, іштей сөйлеу деп аталатын түрде береді. Іштей, ең болмаса бір-екі сөзді құрап алмай, бір нәрсені шынында да ойлап көріңізші, ойлай алмайсыз.
Алайда адамдар өз ойын сөзбен жеткізіп бере алмайтын жағдайларда да болады. Бұдан ой сөзден бөлек болып қала береді деген ой тумайды. Бұл жерде адам іштей ойлаған сөзін сыртқа шығарып, сол ойын басқа адамдарға түсінікті етіп кеңінен айтып жеткізуінің қиын екендіктері туралы ғана түсінік болып отыр.
Сөз сөйлеу тек адам баласына ғана тән. Жануарлар өз өмірлері үшін маңызды оқиғаларды, қауіп төнгенде, азық табылғанда бір-біріне дыбыс сигналы арқылы қабылдайды, сондай-ақ эмоциялардың (үрейлену, ашу шақыру, ыза болу сияқты) білдіреді. Бірақ та бұл дыбыстаулар бірінші сигнал системасына жатады.
Адамның қоғамдық болмысы жан-жақты әрi көп деңгейлi аралық қатынастардан құралатынын жоғарыда әңгiме еткенбiз. Ал осы қатынастар арасында өзiнiң ерекше мәнi мен құрылымы жағынан танылатын құбылыс бұл тiлдестiк қатынастар. Тiлдесу барысында адамдар өзара әрекеттiк байланысқа келiп, тұрмыс еңбек тәсiлдерi мен нәтижелерiн, әрекетке орай туындаған болжамдар мен идеяларын, ниеттерiн, қызығушылықтары мен сезiмдерiн және т. б. өзара бөлiседi, алмасады. Тiлдестiк қатынас бiршама дербес құбылыс ретiнде қабылдануымен, субъектi белсендiлiгiнiң ерекше бiр формасы ретiнде көрiнедi. Тiлдесу қызметiнiң нәтижесi өзгертiлген, болмаса қайта жасалған дүниелiк не идеалдық өнiм емес, ол адам мен адамның, адам мен қауым арасында орныққан байланыс қатынасы. Бұл ретте әңгiме тек бiрдiң екiншiге бағытталған жай әрекетi, не оның ықпалы жөнiнде емес, өзара бiр-бiрiне болған әсерi туралы. Тiлдесу үшiн мiндеттi түрде әрқайсысы өз алдына субъектiк мағынаға ие ең кемiнде екi адам болуы қажет.
Сонымен, сөйлеу - тiл көмегiмен түзiлген адам аралық қатынас құралы. Сөйлеудiң келесi түрлерi болады: сыртқы және iшкi сөйлеу. Сыртқы сөйлеу өз кезегiнде ауызша, жазбаша болып, ал ауызша монологтық және диалогтық болып бөлiнедi.
Сөйлеудiң барлық түрлерi өзара ықпалды қатынас түзедi. Сөйлеу түрлерiнiң бәрiндегi бiрдей сипат олардың сөздiк дыбысталуында. Бiрақ олардың әрбiрiнiң өзiндiк ерекшелiктерi бар. Тiл қатысынсыз және заттасқан тiлдiк процесс болмай, ешқандай ой, ойлау болуы мүмкiн емес. Ауызша да, әсiресе жазба сөздiң дайындығы сөйлеудiң iштей, адамның өзiнен-өзi, күбiрлеп айтып шығуынан басталады, мұны ғылымда iшкi сөйлеу деп атайды.
Сөйлеу мүшелерінің құрылысы (артикуляциялық аппараты) : еріндері қалың, жоғары ерні қысқа, құрт жеген, астыңғы үстіңгі жақтардың құрылысы - прогнатия, ашық тістеу, бүйірлі ашық тістеу, терең жабық, қатты таңдайы биік, тілі тынымсыз, тілінің ұшы анық; сөйлеу мүшелерінің қимыл-қозғалысы (артикуляциялық моторикасы) : ернінің, тілінің қозғалыстары дәл және толық көлемде емес; жоғарыға қозғалыстары шектеулі; сөйлеу мүшелерінің құрылыстарын бір қалыптан келесі қалыпқа ауыстырғанда, берілген қалыпта ұстап тұруда қиындық көреді; тілдің қалпын аузында нашар сезінеді; тілдің мөлшерден тыс қозғалысы және сөлдің бөлінуі орын алады.
Даусы ақырын сөйлеу тілі түсініксіз.
Дыбыстарды айтуы бұзылған: қатаңдар - жұмсақ; ысқырықтылар үнділер (соноры) : рй, рь, й, л, ль, й ауыстырылады.
Сөздің буындық құрамы бұзылған. Күрделі сөздерде дауыссыз дыбыстардың бірігіп айтылуынан қате жіберіледі. Дауыстардың құрамы тұрақсыз. Күрделі сөздер қысқартылып айтылады. Дыбыстардың айтылуы құрастырып сөйлеу кезінде бұзылады.
Фонетикалық есту түсінігі қалыптаспаған. Қарама - қарсы (к-г, п-б, т-д) ажыратпайды, дыбысты дыбыстардың қатарынан бөлмейді, дыбысты сөзден бөлмейді.
Импрессивтік сөйлеу қалыптасу дәрежесінде, жұлып айту белгісімен.
Экспрессивтік сөйлеу:
Сөздік қоры шектелген. Топтастыру жүргізбейді, заттарды сөздердің мағыналық тақырыптары бойынша таңдап айтады, көтеген тұмыстық заттарды атамайды, заттардың бөлшектерін білмейді, қиындық кезде бір сөзді басқа сөзбен, сөз тіркестерімен ауыстырады немесе «жоқ», «емес» сөздерін қосады («тамақ істет» -кастрюля, қызанақ - «алма емес»)
Жай сөздік қоры белсенді сөздіктен кеңірек, бірақ заттардың бөлшектерін, жалпылау сөздерді, сирек қолданатын сөздерді түсінбеушілік кездеседі (ін, құстың үйшігі) .
Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымы қалыптаспаған. Зат есімнің жеке және көпше түрін ажыратады, ауыр агромматизм, септіктерді шатастырады, зат есімді сын және сан есіммен қатынастыра алмайды, жалғауларды шатастырады.
Сюжеттік суреттер сериясы бойынша немесе сюжеттік сурет бойынша өз бетімен әңгіме құрай алмайды. Логопедтің көмекші сұрақтарына жай сөзбен фонетикалық грамматикалық жағыннан бұзылған қысқа фразамен жауап береді. Себеп-салдары логопедтің көмегімен анықталуда.
Берілген суреттер бойынша әңгімесі ретпен, бірақ жүйемен, толық емес, үстүртін. Өз бетімен әңгіменің мазмұнын айтпайды. Логопедтің сұрағына бір сөзбен немесе қысқа сөзбен жауап береді. Зат есімді, етістікті, үстеулерді ажыратуы мүмкін.
Қарым-қатынаста құрылымы жай немесе дұрыс емес фразаларды қолданады, күнделікті сөздік қоры бар (әсіресе) ауызекі тілде заттардың атын, іс-қимылын белгілі себептері арқылы ажыратады. Ауызекі тілінде есімдіктер, шырайлар қарапайым мағынасымен қолдануы мүмкін.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Дамуында ауытқушылығы бар балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Дамуында ауытқушылығы бар балалардың сөйлеу тілін қалыптастыра отырып тәрбиелеу
- Дамуында ауытқушылығы бар балаларды қоршаған ортамен араластыру
- Дамуында ауытқушылығы бар балалардың өз мүмкіндіктеріне сай білім беру
- Дамуында ауытқушылығы бар балалардың кемшілігіне сай көмек көрсету және зейнетақы тағайындау
Зерттеу болжамы: Дамуында ауытқушылығы бар балалардың сөйлеу тіліндегі әртүрлі кемістіктерді болдырмау үшін немесе түзету үшін мамандардың әртүрлі коррекциялық жұмыстар жүргізуі тиіс.
Зерттеу жұмысының пәні: Дамуында ауытқушылығы бар балалардың сөйлеу тіліндегі кемістіктерді түзете отырып зерттейтін ғылым- логопедия.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспеден, бір тараудан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. СӨЙЛЕУДІҢ ПАТОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. СӨЙЛЕУДІҢ БҰЗЫЛУ СИПАТЫ
Қазiргi кезде жалпы психология мәселелерiнiң көптеген шешiмi осы тiлдестiк қатынастарды зерттеуге байланысты болып отыр. Себебi психологиялық бейненiң бiр формадан екiншiсiне өтуi (мысалы: түйсiктiң сезiмге, сезiмнiң ойға, ойдың сөзге т. с. с. ), адам психикасындағы ашық сана аймағы мен бейсана байланысы, адам көңiл шарпуларының ерекшелiктерi, жеке адам заңдылықтары т. б. осы тiлдестiк қатынастың негiзiнде жасалады.
Тiлдесу деген не? Тiлдесу бiркелкi iс әрекет қажеттiгiнен туындаған адамдар арасындағы байланыстардың даму көзi. Тiл қатынасы негiзiнен әңгiмелесушiлердiң өзара ақпарат алмасуынан қалыптасады. Бұл ақпарат алмасу тiл қатынасының коммуникативтiк сипатын құрайды. Тiлдесудiң екiншi тарапы сөйлеушiлердiң өзара ықпалы, яғни сөйлесу барысындағы сөз алмасу ғана емес, сонымен қатар бiр-бiрiнiң әрекетiн, қылығын танып, оны өзгерiске келтiруi, жауап беруi. Үшiншi, ақырғы, тарапы тiл қатынасы сөйлесу арқылы адамдардың бiрiн-бiрi қабылдап, өздерiнiң психологиялық бейнесiн түзуi.
Сонымен, бiртұтас тiлдесу процесiнде үш бағытты байқаймыз: коммуникативтi (ақпарат алмасу), интерактивтi (өзара ықпалды әрекетке келу) және перцептивтi (адамның бiрiн-бiрi қабылдап, түсiнiсуi) . Осы үш бағыт, бiр-бiрiне байланысты тiлдесудiң қырлары бiрлiктi қызмет орындауымен сол қызметке араласқан адамдардың өзара қатынасын ұйымдастырудың әдiстерiн құрайды.
Тiлдесу мен iс-әрекет өзара тығыз байланысты екенi сөзсiз. Бiрақ, әңгiмеге арқау болып отырған тiлдесу қызметi iс-әрекеттiң бiр бөлiгi ме, не бұл екеуi өз алдына дербестiгi бар, теңдей құбылыс па? - деген сұрақ туындайды. Бiрлiктi iс-әрекет барысында адам қажетсiнуден мiндеттi түрде басқа адамдармен қауым түзедi, сөйлеседi, пiкiр алысады, яғни байланысқа келiп, өзара түсiнiсумен ақпарат алысып, берiседi. Бұл жағдайда тiлдесу қызметi iс-әрекеттiң бiр бөлiгi сипатында қарастырылады, бiрақ адам мұнымен шектелiп қалмайды. Тiлдесе отырып адам басқаларға өзiнiң ерекшелiктерiн, даралық қасиеттерiн танытады (қазақтың "аузын ашса, көмекейi көрiнедi" деген қанатты сөзi осыдан) . Өндiрiлген зат (құрылған үй, отырғызылған ағаш, жазылған кiтап, орындалған ән) бұл, бiр жағынан, iс-әрекет нысаны, ал екiншi жағынан адамның өзiн-өзi қоғамдық тұлға ретiнде көрсетуiнiң қажеттi құралы, себебi өнiм басқалардың мүддесiне бағышталған. Осы зат арқылы адамдар арасындағы қатынас тiке емес, жанама сипат алады да, өндiрушi мен пайдаланушыға теңдей ортақ тiл байланысын туындатады.
Сонымен, iс-әрекет тiлдiк қатынастың бiр бөлiгi, ал сезiм iс-әрекеттiң құрам бөлiгi, ал екеуi қосылып барша жағдайларда тұтас бiрлiктi құрайды.
Тiлдесу әрекетiнiң сипаты, аймағы мен әдiстерi оған қатынасқан адамдардың әлеуметтiк қызметтерiмен, қоғамдық қатынаста тұртқан орнымен, қандай да қауымға мүшелiгiмен анықталады да өндiрiс, өнiм алмасу және оны пайдалануға байланысты жағдайларға, сондай-ақ қоғамда орныққан заңдар, ережелер, талаптарға сай әлеуметтiк мекемелер тарапынан реттелiп барады.
Сөйлеудің қозғау орталықтары (тілді, көмекейді және басқа да сөйлеу мүшелерінің қозғалыстарын басқаратын) мидың маңдай бөлігіндегі маңдай қатпарларының төменгі жағында орналасқан. Сөйлеуді қабыл алатын орталық есту орталығы мидың сол жақ самай жағында орналасқан.
Сыртқа естіртіп сөйлеуді сыртқы сөйлеу деп те атауға болады. Бірақ та ойлаған кезде сөйлеуді де пайдаланамыз деп жоғарыда айтқанбыз. Мұндай сөйлеуді ішкі сөйлеу деп атайды. Сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша түрде болады.
Ауызша сөйлеу монолог немесе диалог түрінде болуы мүмкін.
Монологтық сөйлеу өзінің аты көрсетіп тұрғандай бір адамның сөйлеуі болады. Басқа адамдарға, тыңдаушыларға қаратылып айтылады, сонымен қатар тыңдаушылар жоқ жерде де, адам өзінен-өзі дыбыстап сөйлеп кетуі де мүмкін. Монологтық сөйлеу тыңдаушыларға арналған кезде олардың көкейлеріне қонуы тиіс. Сондықтан да басқаларға сөйлеп тұрған адам оның сөзіне жұрт назарын қалай аударып отырғандығын ескеруі қажет.
Мұғалімнің сабақты түсіндіруі де монолог түрінде болуы мүмкін. Бастауыш кластарда сөйлеудің монологтық түрлерін шамадан тыс қолдана берудің қажеті жоқ екендіктерін айта кеткен жөн. Жас оқушылар сабақты лекция түрінде түсіндіргеннен гөрі оны өзара әңгіме ретінде түсіндіргенде, анағұрлым жақсы тыңдап түсініп те меңгеріп алады.
Екі адамның не болмаса одан да көп адамдардың өзара әңгімелесуін диалогтық сөйлесу деп атайды. Әдетте сөйлеушілердің сөзі алма-кезек келіп отырғандықтан монологтық сөйлеу тәрізді ұзақ болмайды. Диалогтық сөйлеу кей кездерде пікірталасы, диспут түрінде болып, соның барысында кейбір мәселенің анықталуы мүмкін.
Жазбаша сөйлеу түріне айрықша талап қойылады. Оқушы дүниенің мазмұнымен, әдетте, оның авторынсыз танысады, сондықтан да ол өте анық, түсінікті, дәл болуы қажет. Сондай-ақ сөйлеудің жазбаша түріндегі сөйлеген сөзді жандандыра түсуге қажетті сөз ырғағы, мимика, қол қимылдарымен пайдалана алмайсың. Сондықтан да сөйлеудің жазбаша түрінде көптеген қиыншылықтар кездеседі. Егер сөйлеу кезінде тыңдаушы түсінбегендігін баяндаушы адамнан әр уақытта сұрап, айқындап алуға мүмкіндігі болмағандықтан, ауызша сөйлеу қысқа баяндалса, сөйлеудің жазбаша түрін мейлінше толықтырып кеңінен түсінікті ету қажет. Ауызша және жазбаша сөйлеу адамдарға әртүрлі талап қояды. Кейбір адамдар шешен сөйлеп, жазуға шорқақ болса, ал енді біреулер өз ойын жақсы жазады, бірақ сөйлеген сөзінде кемшіліктер кездесіп отырады. Бұл әсіресе халық алдында, аудиторияда сөйлеген кездерде кездеседі.
Сөйлеудің көрсетілген түрлері актив сөйлеу ұғымдарына жатады. Сонымен қатар адамдардың сөйлемей (жазбай), тек тыңдап қана отыруға тура келетін пассив сөйлеу түрі де бар. Пассив сөйлеуге басқа адамның сөйлеген сөзін тыңдап, түсіну де кіреді. Ол үшін тіл құралын сондай-ақ осы құралдар арқылы білдіретін ойларды анықтап алу қажет.
Дислалия-(гр «бұзылу» және logos «сөйлеу») деген сөздерінен құралған. Қазіргі уақытта дислалия дегеніміз-есту қабілеті дұрыс, сөйлеу тілі ақпараттық инервациясы қалпында сақталған, сөйлеу тілінің айтылуының бұзылуы. Этнологиялық себептері бойынша дислалия- механикалық (органикалық) және функционалдық болып екіге бөлінеді.
Механикалық дислалия, оның себептері.
Механикалық (органикалық) дислалия дегеніміз-сөйлеу тілі аппаратының сыртқы органикалық, оның сүйегі мен бұлшық еттерінің құрылысы, ақаулықтарының салдырынан сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылмауы.
Тіл астындағы сіңірдің қысқалығы механикалық дислалияның біршама жиі кездесетін себебіне жатады. Бұл ақаулықта тілдің қалыпты деңгейден нашар қимылдауы себебінен тіл асты желбезегі өте қысқа, оның жоғары көтерілуіне мүмкіндік бермейді. Одан басқа тілдің ауызға зорға сиып тұратын өте үлкендігінен, жөнді бұрыла алмауынан да дыбыс шығарудағы сөйлеу тіл мүшелерінің әрекеті бұзылады.
Жақ сүйектері құрылысының ақаулықтары үстіңгі және астыңғы тістер ауытқуына себеп болады. Үстіңгі тістер астыңғы тістермен қабысқанда дәлме-дәл қиюласып, түйіскенде тістену дұрыс болып шығады.
Кемиек (прогнатия) үстіңгі жақ сүйегі алға қатты шығып тұрады. Осының салдарынан үстіңгі тістер, астыңғы тістермен тістенбейді.
Опырауыз (прогиния) астыңғы жақ сүйегі сойдиып, алға шығып кетеді де, үстіңгі тістер астыңғы тістердің жағына түсіп тұрады.
Тістенудің қабыспауы-үстіңгі және астыңғы жақ сүйектеріндегі тістер қабысқанда тістенбей, аралары ашық қалады. Кейбір жағдайларда тістенбей қалу тек тістердің арасында болады.
Ауыз тістердің қабыспауы. Сол жақтық, оң жақтық және екі жақтық болуы мүмкін. Тістердің орналасу құрылысы дұрыс болмай, қатарларының бұзылуынан сақаулануы мүмкін. Мысалы, тістердің арасындағы алшақтығынан және ретсіздігінен сөйлегенде тілдің ұшы сыртқа шығып кетіп бұзылады. Стаматологтар арнайы шина қою арқылы тістерді және жақ сүйектерін реттейді. Сүйегі әлі қатаймаған 5-6 жастағы кезінде қойылған шинаның әсері өте күшті болады.
Сөйлеу тілінің дыбыстары айтылуына дұрыс қалыптаспаған таңдай құрылысы да зияның тигізеді. Тар, өте жоғары немесе керісінше аласа, тегіс таңдай сөйлеу тіліндегі дыбыстардың көпшілігінің дұрыс айтылуына кедергі келтіреді.
Еріннің қалыңдығы, астыңғы еріннің салынып тұруы, немесе қысқы, әрі қимылдайтын үстіңгі ерін тісті дыбыстардың айтылуына кедергі келтіреді.
Функционалды дислалия және оның себептері.
Функционалды дислалия дегеніміз - дыбыс шығару апаратында ешқандай кемістік болмасы да, сөйлеу тілінің дыбыстарының дұрыс айтылмауы, басқа сөзбен айтқанда органикалық негіз жоқ.
Функцияналды дислалияның көп тарауының бір себебі баланың сөйлеу тілін үйде дұрыс тәрбиелеуден. Кейде ересектер баланың былдырлаған сөзін қызық көріп, ұзақ уақытқа дейін оған өзі де бейімделіп, шылдыңдасып сөйлесетін болады. Қорытынды да көп уақытқа дейін баланың сөйлеу тілінің дыбыстардың дұрыс айтуының дамуы кешеуілдеп қалады.
Баланың сақаулығы еліктеуден де болуы мүмкін. Қағида бойынша балаға сөйлеу тіліндегі дыбыстарды әлі дұрыс қалыптаспаған жас баламен әрдайым қалыптасып, сөйлесіп жүрудің де зияны тиеді.
Бала үйдегі ересек адамдардың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың бұрмалануынан жиі еліктейді. Балаға әсіресе сөзі түсініксіз, тілі мүкіс немесе өте жылдам сөйлейтін быдық, кейде жергілікті тілдің ерекшеліктерімен сөйлейтін адамдардың арасында көп болып, сөздердің тыңдаудың да көп зияны тиеді.
Балаға үйдегі адамдардың екі тілде сөйлеуі де кедергі болады. Бала әр тілдің сөйлеу кезінде бір тілдің айтылу ерекшеліктерінен, екінші тілдің айтылу ерекшеліктеріне жиі аусып отырады. Балалардың дыбыс айтылу кемшіліктері өнегесіз тәрбиенің де себебінен де жиі пайда болады. Баланың сөйлеу тілінің айтылуына жанында жүретін ересек адамдар мүлде көңіл аудармайды. Өз сөзімен түсінікті етіп анық айтудың үлгісін көрсетеді.
Басқаша айтқанда баланың сөйлеуге дағдылануының дұрыс жетілуіне ересектердің жүйелі ықпал жасауы тиіс.
Баланың сөйлеу тіліндегі ақаулық есту қабілетінің жетілмеуінен де болуы мүмкін. Айтылуы бір-біріне ұқсас дыбыстарды ажыратуда баланың қиналатындығы байқалады. Мысалы, ұяң және қатаң, жіңішке және жуан, ысқырық және ызың дыбыстарды айтқанда қорытындысында дыбыстардың дұрыс айтылмауындағы мұндай қиыншылықтар ұзақ уақытқа кешігеді.
Сонымен бірге, дыбыстардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктер әсіресе, сөздердегі алмастырулары мен шатастырулары уақытында фонематикалық есту қабілетінің қалыптасуына зиянын тигізуі мүмкін. Ал, егер, олай болса қалған жағдайда оның салдары жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауына, жазуы мен оқуының бұзылуына себебін тигізетіні сөзсіз.
Сақаулық сонымен қатар, дыбыс шығарудағы сөйлеу мүшелері: тілдің, еріннің, төменгі жақ сүйектерінің нашар қимылдауынан болуы мүмкін. Соның салдарынан бала тілінің қалыптағы жағдайда дұрыс ұстап тұра алмайды немесе қажетті кезде тез арады орын алмастыра алмайды. Дислалия сонымен бірге есту қабілетінің нашарлығынан да болуы мүмкін. Керең балалардың 10 %-ына дейінгілердің сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуы бұзылған. Мұндай жағдай ызың мен ысқырық, ұяң және қатаң дегеніміз дыбыстарды бөлшектеп мүшелегенде байқалады.
Дислалияның ауыр және ұзаққа созылуына баланың ақыл-ойының жеткіліксіз дамуы да себеп болуы мүмкін.
Іштен туа біткен ақыл-ойы кеміс балалардың 55 %-дан көпшілігі сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айта алмайтындығы белгілі.
Дислалияның түрлері.
Сөйлеу тілінің мүшелерінің күрделі қимылдары және тілдің қатысуын онша көп керек етпейтін м, н, т, п, дыбыстары сирек бұзылатыны, ал басқа дауыссыз дыбыстардың кез-келгені жиі бұзылып, айтылатындығы байқалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz