Қазақстанның таулары мен шөлдері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақстанның таулары
2. Қазақстанның шөлдері
ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер:

Максаковский В.П. Дүние жүзінің экономикалық және
әлеуметтік географиясы Алматы: Рауан, 1998.
Карпеков Қ., Бейсенова Ә. Қазақстанның физика-
лық географиясы Алматы: Атамұра, 2000.
ЕсназароваҰ. Қазақстанның физикалық және эконо-
микалық географиясын оқыту Алматы: Рауан, 1994.
Энциклопедия Я познаю мир. Страны и континен-
ты М: Астрель, 2001.

Қазақстан жерінде бұл жазық Орал тауларынан Алтайға дейін (ені 200-250
км) жіңішке алапты алып жатыр. Ол оңтүстіктен солтүстікке қарай еңіс, яғни
ылдилай береді. Оңтүстігінде Сарыарқамен шектеседі.
Жазықтың оңтүстіктегі биіктігі 200 м, солтүстігінде 100 м. Батыс Сібір
жазығының, қазақстандық бөлігі палеозойдың қатпарлы-жақпарлы тұғырының
үстінде жатқан палеогеннің теңіз және неогеннің континенттік шөгінділерінен
тұрады. Кайнозой дәуірінде теңіз тартылып, қазіргі жер бедері қалыптасқан.
Жер беті біркелкі тегіс. Өзендері сирек, сондықтан тілімделмеген. Ондаған
тұйық қазаншұңқырлар ғана ұшырасады. Олардың көбін тұзды көлдер алып жатыр.
Кей жерлерде биіктігі 10-15 м-ге дейін көтерілетін жалдар кездеседі. Ішкі
ерек-шеліктеріне сәйкес Батыс Сібір жазығының қазақстандық бөлігі 4 ауданға
бөлінеді:
1. Есілдің жазық орманды даласы,
2. Тобыл-Обағанның жазық даласы
Қазақстанға Орал тауының оңтүстік бөлігі Мұғалжар тауы ғана кіреді. Тау
Жаманқаланық (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла
орналасқан, ұзындығы 200 км, ені 30 км, орташа биіктігі 450-500 м. Ең биік
нүктелері - Үлкен Боқтыбай (567 м), Айрық (633 м). Тау Оралдың жалғасы
болып табылады. Ол экзогенді процестер әсерінен мүжіліп, аласарған
таулардын, қатарына жатады.
Мұғалжардың пайда болу жолы да, жер бедерінің құрылымы да Орал тауына
ұқсас. Одан айырмашылығы шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері
жарқабақты келеді. Тау батыс, шығыс болып екі жотаға бөлінеді. Оларды
Берсүгір ойысы бөліп жатыр.
Мұғалжар - герцин қатпарлануында пайда болған палеозойлық таулы өлке.
Олар, негізінен, магмалық, метаморфозданған және ішінара палеозой мен
мезозойдың әр кезеңінде нығыздалған шөгінді жыныстардан тұрады. Мұндағы
тау қатпарларының тегістелуі Сарыар-қаға ұқсас. Оның жер бедерінің
қалыптасуына да жыныстардың жас шағының құрамы мен эрозиялық, денудациялық
процестер әсер еткен.
Батыс Мұғалжар таудың бас жотасы болып саналады. Ол - солтүстіктен
оңтүстікке қарай биіктей беретін тау тізбегі. Айрық пен Үлкен Боқтыбай
тұсында едәуір биік көрінеді. Одан оңтүстікке қарай біраз аласарады да,
Жамантау тұсында Атжақсы өзенінің жоғарғы ағысында тік жар болып бітеді.
Таудың бұл бөлігі порфирит, кварцит, девонның кристалды тақтатасы, әктас,
карбон мен перьмнің құмтастары сияқты жыныстардан түзілген. Батыс
Мұғалжардың биік шындары осы жыныстардың ең қатты шөгінділерінен
құралған.
Шығыс Мұғалжар батыс бөлігіне қарағанда тұтас көрінбейді, жеке-жеке аласа
таулардан тұрады. Және оңтүстікке ұзаған сайын аласарып, дөңге айналады.
Бұл Сарыарқаға ұқсас толқынды қырат болып көрінеді. Ол кембрийге дейінгі
кристалды тақтатастан, порфириттен, диабаздан т.б. жанартаулы жыныстардан,
силурдың метаморфозданған тақтатасынан түзілген.
Алтай - Ертіс өзенінен басталып, Охот теңізіне дейінгі аралықта бүкіл
оңтүстік Сібір мен Қиыр Шығысты алып жатқан Алтай-Саян таулары деп аталатын
аса үлкен тау жүйесінін, бір бөлігі. Қазақстанға оның оңтүстік-батыс шеті
ғана кіреді. Оның оңтүстігі - Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, батысы -
Қалба жотасы.
Жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай қазақстандық Алтай үш ауданға
бөлінеді: Оңтүстік Алтай, Кенді Алтай және Қалба жотасы.
Оңтүстік Алтай солтүстігінде Бұқтырма өзені мен оңтүстігінде Зайсан,
Қара Ертіс аралығында жатыр. Ертіс аңғары оны батыс жағынан Қалба
жотасынан бөліп тұрады. Шығысында ол Үкөк тау қыратымен шектеседі. Осы
жерден батысқа және оңтүстік-батысқа қарай екі тау жотасы тарайды. Оларды
Күршім мен Қарақоба өзендері бөліп жатады. Тарбағатай (2739 м), Сарымсақты
(3373 м), Нарын (2400 м) жоталары солтүстік тау бөлігіне кірсе, Онтүстік
Алтайжотасы (3483 м), Сарытау(3300м), Күршім (2644 м) жоталары оңтүстік
бөлікті құрайды. Асу жотасы мен Сарытаудың аралығында 1449 м биіктікке
Марқакөл қазан-шұңқыры орналасқан. Бұл ауданның биік бөлігі шығыс
жазығында батысқа қарай біртіндеп аласарып, тау қыратына айналады. Тау
шыңдары аралығында көлемі шағын, онша терең емес көлтабандар, батпақты
көлдер мен шағын тақырлар кездеседі. Олардың өзі 2300-2500 м биіктікте
жатады.
Ауданның батыс шекарасы Холзун тау тізбегімен өтеді. Оның жер бедері
адырлы келеді. Жоғарғы жағы толқынды кең қыраттардан тұрады. Одан
жоғарыда жалаңаш шыңдар орналасқан. Таудың оңтүстік беткейлері тік және
күшті тілімделген. Тау етектері біршама жазықтау.
КендіАлтай Оңтүстік Алтайдың солтүстік-шығыс бетінде Үлбі (2300 м),
Иванов (2775 м), Үбе (2100 м) тау жоталарынан құралады. Олар Қатынтау
жотасы мен Үкөк тау қыратынан тарайды. Олардың жер бедері әр түрлі. Оның
жеке бөліктері әбден тілімделген, биік таулы рельефті болып келеді. Көп
жерлерін қылқан жапырақты орман жапқан, таулардың беткейлері көлбеу,
төбелері доғал. Кей жерлерінде тегістелген үстірттер ұшырайды.
Қалба жотасы Ертіс өзенінің сол жағында жатыр. Оның ең биік нүктесі -
Сарышоқы (1558 м). Қалба жотасы батыс жағында Шар аңғары арқылы Сарыарқамен
шектеседі. Тау төбелері жұмырлау, беткейлері әбден тілімделген, кей жерлері
жазық келеді.
Қазақстандық Алтай таулары тегістелумен кезектесіп отыратын бірнеше
көтерілудің нәтижесінде пайда болған. Мезозой дәуірінің аяғында мүжіліп,
үгітіліп, жазыққа айналған өлке неогеннен антропоген кезінде қайта
көтерілген. Кей бөліктерінде опырылып, үлкен блоктардың төмен түсуінен
өркешті тау тұрған. Тау шатқалдарының дамуына өзен эрозиясы, әсіресе
төрттік дәуірде кең тара-ған мүздықтар эрозиясы, әсер еткен. Ежелгі
мұздықтар әсері циркті және қарлы жер бедерінің түрлерімен бірге тау
басында, тегістелген жазықтарда кездеседі. Геологиялық құрылысы жағынан
олар метаморфтанған палеозойлық саз балшықты кремнийлі тақтатастан,
әктастан, гранитті, гранитоидты интрузиядан, жанартаулық жыныстардан
құралған.
Жоңғар Алатауы - Жоңғар тау жүйесінің солтүстік және солтүстік-батыс
жалғасы. Ол солтүстік-шығысында Алакөл қазаншұңқыры және оңтүстік-батысында
Іле өзені аңғары аралында созыла орналасқан. Ұзындығы 450 км, ені 100-200
км. Жоңғар Алатауын батыста Кексу, шығыста Боротала өзендері бөліп жатады.
Осы екі бөлік Солтүстік және Оңтүстік Жонғар Алатауы болып, екі үлкен тау
жотасын құрайды. Жоңғар тау жүйесінің негізгі бөлігі Қытай жерінде, онда
тауды Орқашар және Жайыр деген биік жоталар (2500 м) құрайды. Қазақстан
шекарасына таянған жерде Орқашар Барлық тауымен (3300 м) жалғасады. Жайыр
Майлы атты аласа жотаға айналады. Осы жоталардың арасында кезінде
тектоникалық қозғалыстардан пайда болған үлкен аңғар бар. Ол кей жерлерде
батпақты, қамысты, кей жерлерде құрғақ дала боп кетеді. Аңғар бойында
үйінді тастар көп. Жергілікті халық оны қорым дейді. Осы аңғар арқылы
Ебінұр көлінің қазаншұңқыры (Қытайда) Алакөл қазаншұңқырымен шектеседі. Осы
алқап Жоңғар қақпасы деп аталады. Ерте замандардан бастап осы қақпа арқылы
Шығыс Еуропа мен Азияны, Қазақстанды жалғастырған керуен жолы өткен.
Онымен Жібек жолы өткен, Шыңғысхан жаулаушылары, Жоңғар шапқыншылары
жүрген.
Жоңғар Алатауының қазақстандық бөлігі осы қақпаның батысынан басталады
да, батысқа қарай Боротала өзеніне дейін Қытай-Қазақстан шекарасы бойымен
созылады. Осы жерде Жоңғар Алатауы асимметриялық құрылымдағы алып жотаға
айналады.
Көксу өзенінің екі жағын алып жатқан Жоңғар Алатауының солтүстік,
оңтүстік жоталарының да өзара ерекшеліктері бар. Солтүстік жотаның ең биік
нүктесі Бесбақан (4464 м), оңтүстік жотаның биік нүктесі Тышқан-тау (4370
м).
Солтүстік жота сатылап, солтүстік-шығысқа қарай аласарып, кең жазыққа
айналады. Оның алғашқы сатысы - Тастау, Ақан жайлау, Қотыртас, Мыңшұқыр
жоталары (2800-3000 м). Бұлардың араларында тауаралық қысқа аңғарлар мен
қазаншұңқырлар орналасқан. Оның ең ірісі - Ойжайлау қазаншұңқыры. Екінші
саты - Ойжайлаудан солтүстікке қараған Күнгей, Ешкіөлмес, Суықтау,
Қарашоқы,Желдіқарағай таужүйелері (2000 м). Үшінші саты -Шыбынды,
Қарасарық, Қырықкөл (1500-1600 м) тау алды алқаптары, олардың солтүстік-
шығысында Текелі мен Сайқан таулары (1100 м), Баянжүрек, Қойтас, Малайсары
жоталары.
Оңтүстік жотаның жер бедері де сатылы келеді, бірақ солтүстік жотаға
қарағанда күшті тілімделген. Оның батысы мен оңтүстік-батысында Итшоқы,
Қотырқайың, Алтынемел, Суаттау тау алды жоталары орналасқан. Бұлар Іле
өзені аңғарына жақындап келеді.
Солтүстік беткейдің жер бедері жазық, көлбеу келеді, тау қыраттарының
төбесі тегіс. Тау қыраттарын бөліп жататын алқаптар тік беткейлі
тілімделген, оңтүстік беткейлер құламалы. Солтүстікке қарағанда тау
төбелері жазықемес, көтеріңкі.
Жоңғар Алатауының құрылымы кембрийге дейінгі жыныстар мен палеозой
жыныстарынан тұрады. Оның жоталары кембрийге дейінгі граниттер мен
кристалды тақтатастардан түзілген. Каледон қатпарлануында алғаш көтерілген
Жоңғар Алатауының солтүстік және солтүстік-батыс бөліктерінде силур мен
девон құмтастары мен сазды тақтатастардан тұратын негізгі жыныстармен бірге
төменгі және орта палеозой шөгінділері де мол. Таудың оңтүстік және
оңтүстік-батыс беліктерінде жоғарғы палеозойдың жыныстары көп. Олар карбон
мен пермьнің құмтастары мен тақтатастарынан, әктас пен конгломераттардан
түзілген. Тауаралық аңғарлар мен қазаншұңқырларда, тау етектерінде палеоген
мен неоген шегінділері кездеседі.
Жоңғар Алатауы каледон мен герциндегі тау түзілуі кезінде қатпарлы тауға
айналған, ал мезозой мен төменгі кайнозойда сыртқы күштің әсерінен мүжіліп,
аласарып тегістеліп, кейінгі Алып қатпарлығының күшті болуына байланысты
қатпарлы-жақпарлы биік таулы өлкеге айналған. Ертедегі және осы күнгі мұз
басулар да ықпал жасаған. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Шу-Сарысу ойысының табиғатының жалпы ерекшеліктері»
Ырғыз - Торғай резерваты
Түркі халықтарының тарихы
Тау жоталары
Қазақстанның табиғи зона ерекшеліктері
Сахара шөлінің жоғарыдан көрінісі
ОРЫС-ҚАЗАҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ БАСТАЛУЫ. ҚАЗАҚ ЖЕРІ ТУРАЛЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҢ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕРДІҢ ЖИНАҢТАЛУЫ
Қазақстанның табиғат зонасы
Тас дәуірі
Табиғи жағдайлар және ежелгі гоминидтердің тіршілік еткен ортасы
Пәндер