Мектепте оқуға психологиялық дайындық жолдары
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I тарау: Балалардың 1 сыныпқа бейімделу деңгейіне психологиялық дайындық барысына әсер ету мәселелеріне теориялық шолу ... ... ... ... ... .5
1.1 Мектепте білім беруге дайындық түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5 1.2 Мектепке түсуші балаларға психологиялық мінездеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.3 Балалардың мектепке бейімделу мәселесі ... ... ... ... ... ... ..18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Әдебиеттер тізімі: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
Теориялық және қолданбалы психология кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мектепте оқуға психологиялық дайындық жолдары
Орындаған: ПКО 201 топ
студенті
Асабаева Гүлнұр
Тексерген: психология
магистры,
аға оқытушы Таумышева Р.Е
Ақтөбе-2011ж.
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I тарау: Балалардың 1 сыныпқа бейімделу деңгейіне психологиялық дайындық
барысына әсер ету мәселелеріне теориялық шолу ... ... ... ... ... .5
1.1 Мектепте білім беруге дайындық
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...5 1.2 Мектепке
түсуші балаларға психологиялық
мінездеме ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .12
1.3 Балалардың мектепке бейімделу мәселесі ... ... ... ... ... ... ..1 8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..26
Әдебиеттер
тізімі: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..28
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Балаларды мектепке білім беруге дайындық
мәселесінің актуалдылығы өте жоғары, өйткені қазіргі таңдағы білім беру мен
оқытуды ұйымдастыру қазіргі өмір талаптарына сәйкес психологиялық-
педогогикалық әдістеменің жаңа түрлерін іздестіруге итермелейді. Осы
тұрғысында мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуға дайындық және олардың
бейімделуі үлкен маңызға ие.
Осы мәселені шешу мектепке дейінгі мекемелердің оқыту мен тәрбие
беруде мақсат пен принциппен айқындалады. Сонымен қатар, оның шешімінен
кейінгі балаларды мектепте оқытудың сәттілігі де байланысты. Мектепте
оқытуға психологиялық дайындықтың негізгі мақсаты болып, мектептік
дезадаптацияның алдын-алу табылады.
Осы мақсатты сәтті жүзеге асыру үшін қазіргі таңда мектепке дайын да
дайын емес те балалармен индивидуалды жұмыс жасайтын сыныптар ашылуда.
Біздің қоғамымыздың алдында мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке
дайындауға, тәрбие-білім беру жұмысын жақсарту мәселесі тұр. Осы тапсырманы
сәтті шешу үшін психологтан балалардың психологиялық даму деңгейін анықтау,
уақытында ауытқушылықтарды анықтап, сол бойынша коррекциялық жұмыс жүргізу
талап етеді. Балалардың психикасының даму деңгейін анықтау тәрбие және
оқыту жұмысын ұйымдастыру және де бала-бақша шартында тәрбие процесінің
эффективтілігінің негізі болып келеді.
Әр-түрлі уақыттарда психологтар мектепке дайындық мәселесімен айналысты,
түрлі әдістемелер, диагностикалық бағдарламалар жасалады.
Практикалық маңыздылығы . Балалардың мектепке психологиялық дайындық
мәселесінің диагностикасымен көбіне практикалық психологтар айналысады.
Психологиялық дайындықта қолданылатын диагностикалық әдістер балалардың
әрбір сферада дамуын көрсетеді:
Біздің ойымызша балаларды мектепке жинауды 1 жыл, жарты жыл бұрын жүргізу
керек. Бұл балада жүйелік мектептік білім беруге қаншалықты дайын екендігін
анықтап, қажет болса коррекциялық жұмыс кешенін жүргізуге көмектеседі.
Біздің тестілеу мен зерттеулердің нәтижелері мектеп жасына дейінгі баланың
бойындағы ауытқушылықтарды уақытылы анықтап, коррекциялық бағдарламаны
нақты құруға көмектеседі.
Курстық жұмыстың негізі мақсаты: балалардың мектептік білім беруге
психологиялық дайындық деңгейін анықтап, оның 1-ші сыныпта бейімделу
процесіне әсерін бақылайды.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1) Тақырып бойынша психологиялық әдебиеттерді талдау және зерттеу
2) Балалардың бейімделуі мен психологиялық дайындығын диагностикалау үшін
әдістемелер талдау
3) Балаларды білім беруге психологиялық дайындығын 1-ші сыныпта
бейімделу әсерін зерттеу
4) Психологиялық зерттеу нәтижелерінің анализі
Болжам: Мектепте білім алуға жоғары психологиялық дайындығы бар
балалар 1-ші сыныпқа тезірек бейімделеді.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық
дайындаудың 1-ші сыныпқа бейімделуіне әсері.
Зерттеу объектісі: Мектеп жасына дейінгі балалар.
Курстық жұмыстың әдістемелік негізі болып Л.И.Божович, А.В.Запорожец,
Л.С.Выготский, Е.Е.Кравцованың және т.б ғалымдардың еңбектері табылады.
Берілген жұмыста төмендегідей зерттеу әдістерді қодануға болады:
- Талдау-аналитикалық
- Бақылау
- Тестілеу
- Анкета әдісі
- Математикалық өңдеу әдісі.
Зерттеу құрылымы: Зерттеу жұмысы 1 тараудан, қорытындыдан пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады. Тақырыптың теориялық негізінің мазмұнын ашуға
бағытталған.
1-ші тарау.Балалардың 1 сыныпқа бейімделу деңгейіне психологиялық
дайындық барысына әсер ету мәселелеріне теориялық шолу.
1.1 Мектепте білім беруге дайындық түсінігі.
Мектепте білім алуға психологиялық дайындық түсінігі баланың мектеп
бағдарламасын толықтай түсінуге, психологиялық даму деңгейіне сәйкес
келеді. Баланың мектепте білім алуға психологиялық дайындығы –мектеп жасына
дейінгі балалықтың психологиялық дамуының қорытындысы болып табылады.
Қазіргі таңда өкінішке орай психологияда дайындық немесе мектептік
өсу түсініктеріне нақты бірқалыпты анықтама жоқ. [13;37-42]
А.Анастази мектептік есею түсінігін білімді, қажеттіліктерді,
үйренуді, мотивацияны және өзгеде, мектеп бағдарламасын ұғынуда мінез-
қылықтық мінездемемен сәйкестендіріледі. [11;89-90]
Қазіргі шарттар бойынша мектепке дайындық мектептік білім алуға және
оқу іс-әрекетіне дайындық ретінде қарастырылады. Бұл баланың психикалық
дамуын кезеңдерге бөлу мен жетекші іс-әрекет түрлерінің ауысуымен
негізделген.
Е.Е.Кравцованың көзқарасы бойынша мектептік білім алуға дайындық
мәселесі, жетекші іс-әрекет түрлерінің ауысу мәселесі болып нақтыланады,
яғни кейіптік-рөлдік ойыннан оқу әрекетіне ауысу [14;103-105] Осындай
шешім маңызды әрі актуалды болып келеді, алайда оқу әрекетіне дайындық
мектептегідей дайындық феноменін толықтай алмайды.
Бүгінгі күндері мектепте білім алуға дайындық бұл кешенді
психологиялық зерттеуді қажет ететін көп құрылымды,оқыту деген түсінік
барлығында қалыптасқан.
Психологиялық дайындықтың негізгі компоненттері болып интеллектуалды,
тұлғалық,еріктік дайындық табылады.
Интеллектуалды дайындық балаларда ой-өрісінің, нақты білімнің болуын
талап етеді. Балада жалпылай және бөлшектелген қабылдаудың, зерттеліп
жатырған материалды теориялық талдау элементтері, ойлаудың жалпылау формасы
мен логикалық операциялар негіздері, есте сақтау болу қажет. Мектепте білім
алуда интеллектуалды дайындық ойлау процесімен байланысты. Сыртқы
бағытталған әрекеттердің көмегімен заттар мен құбылыстардың байланысын
анықтайтын тапсырмаларды шешуде балалар кейіптерді қолданып, оларды
элементарлы ойлау әрекеттерінің көмегімен шешеді: яғни, ойлаудың көрнекі-
әрекет формасының орнына көрнекі-образдық ойлау формасы ауыса бастайды.
Сонымен қоса, балалар алғашқы практикалық заттық іс-әрекеттеріне
негізделген тәжірибеге сүйеніп, алғашқы жүйелеуге бейім келеді.
Бұл жастағы балаларға құбылыстармен, әрекеттермен, заттармен байланыс
пен қатынас орнатып, қолдануы үшін түрлі қиын тапсырмаларды орындату қажет.
Сурет салу, құрастыру, ойын барысында оқу мен еңбек тапсырмаларын
орындауда бала жаттанды әрекеттерді қолданып қана қоймай, жаңа нәтижелерге
қол жеткізіп, оларды түрлендіріп отырады.
Дамып отырған ойлау балаларға өткен іс-әрекеттердің нәтижесін
қарастырып, оларды жоспарлауға көмектеседі.
Танымдық процестердің, қызығушылықтың даму барысында балалардың
ойлауы қоршаған ортаны тануда кеңірек қолданылып, өздері қолданатын
практикалық іс-әрекеттердің шегінен де асып өтеді. Бала түсініксіз
құбылыстарға түсінік іздеп, танымдық тапсырманы маңызды етіп қояды, яғни ол
құбылыстарды бақылап, талдап, шешім шығарып, қызықтырған сұрақтарына
өзіндік эксперимент жүргізе бастайды. Сонымен қоса, ес дамуында да
айтарлықтай өзгерістер байқалады. Балада материалды еске сақтауға
бағытталған мақсат пайда болуы мүмкін. Ол еске сақтау эффектифтілігін
жақсарту үшін қайталау, материалды ассоциативті және маңыздық байланыс
секілді тәсілдерді қолдана бастайды. Осылайша 6-7 жаста ес құрылымы еске
сақтау мен еске түсірудің өндірістік формаларының дамуымен байланысты
өзгерістерге тап болады [4; 95-102]
Интеллектуалды сфераның ерекшелігін зерттеуді ойлаумен байланысты
есте сақтауды зерттеуден бастауға болады. Механикалық есте сақтаудың
деңгейін анықтау үшін мәнсіз сөздер жинағы беріледі. Осы қатарды таңдаған
бала, есінде қалған сөздерді айтады.
Л. А.Вегнер 6-7 жастағы балаға тән механикалық есте сақтаудың
келесідей көрсеткішін келтіреді:алғашқыда бала 10 оқылған сөзден тек 5-ін
ғана есінде сақтайды, 3-4 оқылған соң 9-10 сөз болады, ал 1 сғат уақыттан
кейін есінде қалған сөздің 2-ін ұмытады. Материалды қайта жаттау процесінде
жеңілістер байқалмайды, ерте немесе кеш оқығанда баланың есінде аз сөз
жатталады (мұны шаршау белгісі деп қарастыруға болады) [23;88-93]
А.Р.Лурия әдістемесі ақыл-ой дамуының жалпы деңгейін, өз әрекетін
жоспарлау мен жалпылау түсініктерінің деңгейін анықтауға көмектеседі.
Суреттердің көмегімен бала сөздерді есінде сақтауы тиіс, яғни әрбір сөз бен
сөз тіркесіне сәйкес сөз беріледі, кейін сол суреттердің көмегімен сөздерді
еске түсіреді. Еске сақтау үшін мысалға: грузовик, ақылды мысық, қалың
орман, күн, көңілді ойын, аяз, ерке бала, жақсы ауа-райы, әлді адам,
жазалау, қызықты ертегі секілді 10-12 сөз беріледі. Сөздерді естіп
оғансәйкесінше сурет салғаннан соң 1-1,5 сағаттан кейін бала суреттерін
қайта алып, қай сөзді қандай суретімен байланыстырғанын еске
түсіреді.[3;126-138]
Мектепте білім беруге интеллектуалды дайындықтың дамуын жалпылай
төмендегідей деп айтуға болады:
- Дифференцияланған қабылдау
- Аналитикалық ойлау (үлгіні қайта жаңғырту қабілеті,негізгі белгілер
мен құбылыстардың арасында байланыс орнату қабілеті)
- Шындыққа рационалды әдістеме (фантазия ролінің әлсіреуі)
- Логикалық есте сақтау
- Білімге қызығушылық, қосымша күш салу арқылы білім алу процесі
- Есту арқылы ауызша сөйлеуді меңгеру және символдарды қолдану мен
түсінуге қабілеттілік
- Қол қозғалысы мен көру әрекеті координациясының дамуы
Сонымен қатар, баланың мектепке психологиялық дайындығында маңызды
компонент болып тұлғалық дайындық табылады. Тұлғалық дайындық балада жаңа
әлеуметтік позиция, яғни хұқықтар мен міндеттерден тұратын оқушының
мансабын қабылдаудан тұрады. Бұл тұлғалық дайындық баланың мектепке, оқу
әрекетіне, мұғалімге, өзіне деген қатынастан көрінеді. Сонымен қатар,
дайындықтың бұл түріне мотивациялық сфераның дамуының белгілі бір деңгейі
де жатады. Мектептің сыртқы келбеті емес (яғни, портфель, дәптер, кітап
секілді) таным процестерінің дамуын меңзейтін жаңа білім алуға қызыққан
бала ғана мектепке дайын болып саналады. Баланың оқушыға мотивациялық
құрылымдалған иерархиялық жүйесінің арқасында мүмкін болатын өзінің мінез-
құлқын, танымдық әрекетін басқара білу қажет. Осылайша бала дамыған оқу
мотивациясын игеруі тиіс. Тұлғалық дайындық сонымен қоса, баланың
эмоционалдық сферасының даму деңгейін қажет етеді. Мектепте де білім беру
бастамасында балада жақсы эмоцияналдық тұрақтылық қалыптасуы тиіс, яғни
соның арқасында ғана оқу әрекетінің жүруі мен дамуы мүмкін.[8;45-61]
Бала жақсы оқуы үшін, жаңа мектептік өмірге, күрделі тапсырмаларға,
жауапты әрекеттерге талпынуы керек. Осы секілді тілектердің пайда болуына
ересектердің әсері болуы тиіс, яғни ол мектеп жасына дейінгі баланың ойынан
маңыздырақ болу қажет. Өзге балалардың да әсері маңызды,я ғни өзінен кіші
балалармен салыстырғанда жаңа жас деңгейіне көтеріліп және үлкендермен
теңдесу мүмкіндігі. Баланың жаңа әлеуметтік орынға құлшынысы оның ішкі
позициясының қалыптасуына көмегін тигізеді. Л.И.Божович ішкі позицияны
баланың тұлғалығын толықтай сипаттайтын орталық тұлғалық позициялау ретінде
қарастырады. Сол позиция баланың мінез-құлқын, әрекетін, оның шындыққа
қатынасын анықтайды.Оқушы кейпі оның адам ретінде қоғамдық орында болып,
қоғамдық маңызы бар, қоғаммен бағаланатын іспен айналысуы балаға ересек
өмірге адекватты жол болып көрінеді. [6; 49-68]
Баланың санасында мектеп туралы көрініс өмір салты болып
есептелгеннен бастап, оңың ішкі позициясы жаңа тұрғыдан қарастырылып,
оқушының ішкі позициясына ауыст және де бұл баланың дамуында жаңа жас
кезеңі-кіші мектеп жасына өткендігін аңғартады.
Оқушының ішкі позициясын мектеппен байланысты баланың қажеттіліктері
мен талпынысы ретінде анықтауға болады, яғни баланың мектепке қатысы,
өзіндік қажеттілік секілді көрінуі тиіс(мектепке барғым келеді)
Оқушының бойындағы ішкі позиция баланың ойыннан бас тартып, көбірек
көңілін оқу әрекетіне әсіресе оқуды қажет ететін тұстарына бөлуінен-ақ
байқауға болады. Баланың мектепке осындай жағымды бағытталғандығы оның оқу,
білім беру, шынайылығына кірісу, яғни мектептік талаптарды құптап, толықтай
оқу процесінеенуін көрсетеді.[24;112-118]
Мектепке түсуші балаға оқу процесіне қатынасынан өзге, мұғалімге,
құрдастарына, өзіне деген өатынасы да маңызды мектеп жасына дейінгі
кезеңнің соңында балада ересекпен қарым-қатынасында тұлғалық жағдайдан тыс
сөйлесу қалыптасу қажет. Ересек үлгі тұтар, өнеге алар жан болып табылады.
Сабақ барысындағы қарым-қатынас жеңілдейді, яғни бала сабақ үстінде өзге
тақырыптарға алаңдамай, тек берілген тапсырма бойынша сұрақ қойып, оған қол
көтеру арқылы жауап береді. Білім берудің пәндік-сыныптық жүйесі тек қана
оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланыс қана емес, сонымен қатар, өзге
балалармен де қарым-қатынасын қалыптастырады. Құрдастармен қарым-қатынастың
жаңа түрі алғашқы сыныптан-ақ қалыптасады.[25;213-215]
Мектепке тұлғаның дайындық сонымен қатар баланың өзіне деген қарым-
қатынасын да қосады. Өнімді оқу әрекеті баланың өзінің мүмкіндіктеріне,
жұмыс нәтижесіне, мінез-құлығына адекватты қарым-қатынасын қалыптастырады,
яғни өзіндік сананың белгілі бір даму деңгейі.
Баланың мектепке тұлғалық дайындығы әдетте топтағы мінез-қылығымен,
психологпен әңгіме барысында байқалады. Оқушының позициясын анықтайтын
арнайы өңделген әңгімелесу жоспары.(Н.Н.Гуткина әдістемесі) және ерекше
эксперименталды әдістер бар[9;111-118]
Мысалы: балада танымдық немесе ойын мотивінің басымдылығы ертегі
таңдау немесе ойыншықтармен ойнаудан көруге болады. Бала 1 минут барысында
ойыншықтарды қарастырып болғаннан соң, оған ертегі оқуды бастайды, алайда
ең қызық жерінен оқуды тоқтатады. Осы кезде психолог балада ертегіні аяғына
дейін тыңдайсын ба? әлде ойыншықтармен ойнайсын ба? Деген сұрақтар қояды.
Мектепке тұлғалық дайындық болса, балада қызығушылығы басым болып,
ертегіні соңына дейін оқуды сұрайды. Білім алуға мотивациялық дайын емес,
танымдық қажеттілігі әлсіз балалар ойынды таңдайды.[34;32-35]
Баланың мектепке тұлғалық дайындығын анықтауда ықтиярлы, ерікті
сфераның даму спецификасын біліп алған жөн. Баланың мінез-құлық ықтиярлығы
мұғалімнің үлгімен жұмыс жасауында нақты ережелер талаптарын орындаудан
көрінеді. Мектепке дейінгі жастағы балалар туындаған қиындықтарды шешіп,
мақсаты үшін әрекеттерін жүйелей алады. Бұл баланың саналы түрде өзіне есеп
бере алатындығын ішкі және сыртқы әрекеттерін басқаратындығын, мінез-құлық
танымдық процестермен билейтіндігін анықтайды.[26;36-54]
Бұл негізден шығарылатын қорытынды, мектепке дейінгі кезеңде ерік
қалыптасады. Әрине мектепке дейінгі жастағы балалардың ерігінің өзіндік
спецификасы бар: олар ситуациялық сезімдер мен тілектерден тұрады.
6 жаста ерік әрекетінің негізгі элементтері қалыптаса бастайды: бала мақсат
қоя біледі, шешім қабылдайды, жоспар құрады, оны орындайды, келеңсіздіктер
пайда болса,күш-жігерін салады, әрекет нәтижелерін бағалай алады. Алайда
ерік әрекеттерінің осы компоненттері әлі толықтай дамымаған. Осылайша,
мақсат толықтай саналы әрі тұрақты емес, мақсатты соңына дейін жеткізу
тапсырмасының қиындығына, оның орындалу ұзақтығына байланысты. 6 жасқа
таман бала өзінің әрекеттерін материалды ортаның әсерінен
эмансипацияланады, әрекет негізіне тек қана сезім түрткілері емес, ой мен
моральдық сезім де жатады; әрекеттердің өзі осыдан белгілі бір мағына алып,
амал болады.[19;74-79]
Балаларда еріктердің дамуын зерттеушілер мектепке дейігі кезеңде
мақсат ойын мотивациясында және командалық ойында қол жеткізіледі дейді.
6 жаста айтарлықтай баланың қозғалысының ықтиярлық деңгейі өзгереді. Егер 3
жаста бала заттармен әрекеттің нәтижесі мен тәсілін білсе, 6-7 жаста
қозғалыстың өзі саналы еріктің іс-әрекетінің объектісі болып табылады.
Я.З.Неверогиев атап көрсеткендей, өзіндік қозғалысқа анализ жасай білу мен
суреттердің дәлдігіне назар аудару баланың мектепке психологиялық
дайындығын, хат жазу, сурет салу, билеу, аспаптарда ойнау секілді
түрткілердің қиын формаларын меңгергендігін айқындайды
Л.С.Выготский ерікті әлеуметтік деп есептеп баланың ерік әрекетінің
дамуын қоршаған әлеммен қарым-қатынас нәтижесі деп қарастырды. Еріктің
әлеуметтік негізінде басты роль етіп, ересектермен әңгімелесуді
қойды.[5;367-386]
Л.С.Выготский генетикалық тұрғыда ерікті мінез-құлықтың өзіндік
процеспен игеру стадиясы деп қарастырады. Алдымен ересектер сөз арқылы
баланың мінез-құлқын реттейді, кейін бала ересектердің талабын талдай
отыра, сөз арқылы өзінің мінез-құлқын реттеп, еріктің дамуына маңызды қадам
жасайды. Мектеп жасындағы балаларда сөз тек әңгімелесу құралы емес, сонымен
қатар, жоспарлау құралы да болып табылады.
Л.С.Выготский мен С.Л.Рубинштейн бұл акттың пайда болуы мектепке
дейінгі кезеңдегі баланың произволды мінез-құлық дамуына дайындалады деп
есептеген.[20;79-86]
Қазіргі ғылыми зерттеуде ерік әрекеті түрлі аспектілерде талданады.
Кейбір психологтар бастапқы қадам деп шешім қабылдау мен мақсат қоюды
жатқызса, екіншілері оның орындау бөлімін жатқызады. А.В,Запорожец ерік
психологиясына маңызды болып, әлеуметтік, моральдық талаптардың белгілі ьір
моральды түрткі мен тұлғаның мінез-құлығын анықтайтын сапаға ауысуын
есептейді.[7;67-74]
Еріктің маңызды сұрақтарының бірі болып, адам өмірінің түрлі
кезеңдерде қабілетті келетін ерік әрекеттерінің мотивациялық негізделуі
табылады.
Сонымен қатар, мектеп жасына дейінгі баланың ерігін реттеуде
интеллектуалды және моральды негіз де сұрақ болып тұр.
Мектепке дейінгі жаста ерік сферасы өзгеріп, ол қиындықтарды жеңе білуден
көріне бастайды.
Бұл жаста еріктің дамуы мінез-құлық мотивінің өзгеруімен тығыз
байланысты. Еріктік бағытталудың пайда болуы, балаға маңызды болып
табылатын түрткі топтарын басты етіп қоюы қоршаған ортаға алаңдамай, осы
мотивтерге сүйене отырып, саналы түрде алға қойған мақсатына жетеді. Ол
бірте келе өзінің әрекеттерін түрткіге бағындыра бастайды, соның ішінде
қоғамдық түрткі балада мектепке дейінгі кезеңге тән мақсаты бағытталу
деңгейі пайда болады. Дегенмен, мектепке дейінгі кезеңде ерік әрекеттері
пайда болмағанымен, оларды қолдану сферасы мен баланың мінез-құлық орны
шектеулі.[15;129-134]
Ықтиярлы мінез-құлық ерекшелігі баланы тек қана индивидуалды және
топтық жұмыста ғана емес, сонымен ұатар арнайы әдістемелердің көмегімен
бақылауға болады.
Мұнда Керн-Йерсактың кең тараған, бағытталған тестіде жеткілікті,
яғни ер адамның дене тұрқын есте сақтау бойынша салу және тағы 2 тапсырманы
қосады. Бұл тапсрмалар үлгі бойынша (берәлген геометриялық фигура секілді,
нүктелеріне дейін сәйкес етіп салу) және ереже бойынша (бірдей нүктелер
арқылы сызық жүргізуге болмайды, яғни шеңберді шеңбермен, үшбұрышты
үшбұрышпен байланыстырмайды). Бала тапсырманы орындауда берілген фигураны
салып, ережеге бағытталып,елемеуі мүмкін. Осылайша, әдістеме баланың қиын
талаптар жүйесіне бағытталу деңгейін анықтайды. Осыдан шығатын шешім, үлгі
бойынша жұмыс жасау, мақсатты бағытталған әрекетке ықтиярлықтың дамуы
баланың мектепке дайындығын анықтайды.
Барлық айтылғандарды жалпылай отыра, келесідей шешімге келуге болады:
мектепке дайындық – интеллектуалды, тұлғалық, еріктік дайындықты қосатын,
кешенді құбылыс. Бала жақсы оқуы үшін, қойылған талаптарға сай болуы керек.
1.2 Мектепке түсуші балаға жалпы психологиялық мінездеме
Ерте мектепке дейінгі жас интенсивті психикалық дамудың этапы болып
табылады. Дәл осы жаста психофизиологиялық функциялардан бастап, жаңа қиын
тұлғалық қалыптасуға дейін, барлық сферада прогрессивті өзгерістер
байқалады[21;248-252]
Түйсік сферасында сезімдердің барлық түрлерінің табалдырығы
төмендейді. Қабылдаудың дифференцияциялануы жоғарылайды. Ерте мектепке
дейінгі жаста қабылдау дамуында маңызды рольді заттай кейіпті қолданудан
сенсорлы кезеңге өту болып табылады. 6 жаста қоғамдық объектке қабылдаудың
нақты таңдаулығы дамиды.
Аса зейін бөлу күйі ішкі ортада бағытталуға, оған эмоционалдық қарым-
қатынасқа байланысты және де осы дамуды қамтамасыз ететін ішкі әсер
ерекшеліктері жасқа байланысты өзгереді. Зейіннің тұрақтылығының дамуын
балаларға жүргізілген зерттеулерден байқауға болады, онда балалар
суреттерді қарап, оның мазмұнын түсіндіріп, әңгіме тыңдауы қажет. Балалар
саналы түрде зейінін басқарып, бағыттап және нақты бір көріністе ұстап тұра
алады. Осы мақсат үшін ерте мектепке дейінгі жастағы бала ересектерден
алған нақты әдісін қолданады. Осылайша, 6-7 жасқа таман осы зейіннің,
ырықты зейіннің мүмкіндіктері өте жоғары.
Бұл жерде зейінді уайымдауда универсалды құрал болып табылатын
сөйлеудің маңызы зор. Сөйлеу алдын-ала берілген тапсырмаға маңызды пәндерді
бөліп, орын алар әрекетті еске алып, зейінді ұйымдастырады. Мектепке
дейінгі кезеңде маңызды болып, ырықсыз зейін табылады. Тіптен, ерте мектеп
жасына дейінгі балаларға зейінін бір нәрсеге бөлу қиынға соғады. Ал оларға
қызықты ойын процесінде зейін тұрақты болуы мүмкін.
Осыған ұқсас жас заңдылықтары ес процесінің дамуында да байқалады.
Ерте мектепке дейінгі жаста ес ырықсыз. Бала өзінің қызыққан нәрсесін ғана
есінде сақтайды. Осылайша, жатталған материалдың көлемі заттарға немесе
құбылыстарға эмоционалдық қатынаспен анықталады. Кіші және орта мектепке
дейінгі жаспен 6-7 жасар балаларды салыстырғанда, соңғыларында да ырықсыз
есте сақтаудың ролі төмендеп, есте сақтау тұрақтылығы күшейді. ерте
мектепке дейінгі жаста бала алған әсері көп уақыттан кейін, қайта жаңғырта
алады[10;112-121]
Ерте мектепке дейінгі жастың маңызды табыстарының бірі болып, ырықты
еске сақтаудың дамуы табылады. Бұл есте сақтаудың кейбір формаларын 4-5
жасар балалардан байқауға болады, алайда ол 6-7 жаста ғана толықтай дамиды.
Көбіне, бұған ойын көмектеседі, яғни ойында есте сақтау мен уақытылы қайта
жаңғырту қабілеті табысқа жетудің бір шарты болады. Бұл жастың маңызды
ерекшелігі болып, 6-7 жастағы балада қандай да бір материалды есте сақтау
мақсаты тұруы мүмкін, яғни бала есте сақтау үшін қайталау, материалды
маңызы бойынша байланыстыру секілді түрлі әдістерді қолданады.[35;293-296]
Осылайша, 6-7 жасқа дейін ес құрылымы түрлі өзгерістерге тап болады.
Орын алып жатырған әрекетке тікелей байланысы жоқ ырықсыз ес, өнімсіз
болғаныменен, осы жаста ол басты болып келеді.
Ырықты және ырықсыз естің осындай қатынасы қиял процесінде де
байқалады. Оның қарқынды дамуында ойынның маңызы зор. Оның қажетті шарты
болып, орын алмастыру заттары мен орын алмастыру әрекеттерінің бар болуы
табылады. Ерте мектепке дейінгі жаста орын алмастыру символық болып, бірте-
бірте қиялдағы заттармен әрекетке ауысады. Қиялдың қалыптасуы баланың
сөйлеуінің дамуына тәуелді. осы жаста қиял баланың қоршаған ортамен
әрекет ету мүмкіндіктерін кеңейтіп, оны меңгеруге көмектесіп, ой мен бірге
шынайыны тану құралы болып келеді[30;39-44]
6-7 жастағы баланың кеңістікті қабылдауы жоғарғы деңгейге жетеді. Осы
жастағы балаларға кеңістіктік жағдайларға анализ жасау әрекеті тән.
Нәтижелер ең жақсы болмағаныменен, балалардың анализ жасау әрекеті тек
кеңістіктегі денелерді емес, олардың өзара орналасуына да көңіл аударуын
көрсетеді.
Қабылдаудың дамуы ой процесінің қалыптасуымен сипатталады, бұл жаста
оның қалыптасуы ырықты деңгейді қабылдауды талдау мүмкіндіктерімен
байланысты .Бұл мүмкіндіктер жаңа ой әрекетін меңгеруге байланысты 6 жасқа
таман жоғалады. Жаңа ой әрекеттерінің қалыптасуы бала даму және оқу процесі
барысында меңгеретін белгілі бір әрекеттерге байланысты. Мектепке дейінгі
жас кейіптік ойлау формаларының дамуына жақсы мүмкіндік туғызады.[33;96-
114]
4-6 жас аралығында дағды мен үйренудің дамуы жүреді. Ол баланың ішкі
ортаны танып, заттардың қасиетін талдауға және өзгеріс енгізу мақсатында
әсер етуге мүмкіндік береді. Ақыл-ой дамуының осы деңгейі яғни, көрнекі -
әрекеттік ойлау дайындық болып келеді.
Ол қоршаған орта туралы мәлімет жинап, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz