Қорқыт ата - атақты ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Қорқыт
Қорқыт ата - атақты ақын , асқан күйші ,аңыз кейіпкері.
Тарихи деректер мен халық щежіресі бойынша , Қ-тың анасы
қыпшақ тайпасынан , әл әкесі Қарақожа оғыздардың Қамы
(Қайыспас)деген атасынан шыққан.Сондықтан Қ. оғыз бен қып-
шақтар арасында бірдей кемеңгер ел ағасы болып өткен.Ватикан
архивінде Қ. туралы “Расул пайғамбар заманына жақын кезде 7-8
ғасырларда Баят (Сырдария) бойында Қорқыт ата атты бір ер бо-
лыпты.Оғыз ішінде барлық уәлаятты ол өзіне қаратып , неше түр-
лі ғажайып сөздер сөйлеуші еді. Қорқыт атаоғыз қауымның мүш-
кіл хәлін сөйлер еді. Әрине іс болса, бәрі оның алдына келіп кеңес
сұрап, ол не бұйырса соны қабыл етер еді”деген дерек бар.Жазба
ескерткіштердегі деректер бойынша Қ. жыл жасаған қарт даныш-
пан. Қ. өз өмірінде үш хан тұсында уәзірлік қызмет атқарған.Тар-
ихта Қ. ықпалында болған Инал, Көл-Еркен, Қаңлықожа деген хан
аттары аталды. Ал бұл хандардың Жетісу (Алмалық, Ыстықкөл),
Талас,Сайрам,Қазығұрт,Қаратау,Сыр бойы,Орт.Қазақстан (Ұлытау
Кішітау,Есіл,Нұра,Сарысу),Торғай өлкесі, Ертіс бойы мен Алтайда
әкімш. құрғандығы тарихтан белгілі. Қ. осы тұста әлеуметтік жора
(заң) негізін жасап, оны: ата-баба жасаған мекенді ұйық деп білу,
оны сыртқа жау шабуылынан қорғау, жер-суды белгілі тәртіппен
пайдалану, дау-жанжалды ақылмен шешу, кінәлі болған адамды жазалалу
сияқты салаларға бөлді. Сондай-ақ халық әскерді сапқа
тұрғызғанда ортасын алқа-қотан етіп, екі қанатын оң қол, сол қол-
ға бөлу, халық жиналыстарда тәртіппен отыру, ас-той үстінде мү-
ше беріп, шүлен таратқандағы тәртіптердің бәрін де Қ. жасаған
аталық заңға (жораларға) жатқызады. Ел аузында Қ. айтты
деген мәтелдер жиі кездеседі. Мыс., Ескі мамық бөз болмас,
Кәрі дұшпан дос болмас. Өлген кісі тірілмес. Шөлді жердің
жердің отын киік білер, Сулы жердің қадірін құлан білер, Ұзақ
жолдың сырын түйе білер, Шытырманды тау қойнауын түлкі
білер т.б Ел аузындағы аңыздарға қарағанда, Қ. асқан күйші ға- на
емес, қазақ музыкасының, ән-күй өнерінің атасы. Оның шын мәніндегі
күйші-композитор болғандығын ел ішінде ел сақталған
Қорқыт күйі, Қорқыт сарыны атты муз. шығармалары
дәлелдейді.Қойлыбай бақсы, Нысан абыз, Мекеш бақсы,Найман
бала жырларында Қ. аты олардың ұстаз-пірі ретінде жиі аталады
мыс., Жыраудың үлкен пірі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорқыт ата туралы
Қорқыт ата жыры және қазақ әдебиеті
Қорқыт ата туралы ақиқат пен аңыз
Қорқыт ата кітабы шығармасының зерттелуі
Қорқыт жыл жасаған қарт данышпан
Қорқыт туралы аңыз-әфсаналар, тарихи шежірелер
Қорқыт Ата туралы ақпарат
Қорқыт туралы ақиқат және аңыз
Ерте орта ғасырлардағы алдыңғы қатарлы оқымысты, тарихшы, түркі ұлыстары
Қорқыт ата күйлері және ерекшелігі
Пәндер