Қыз Жібек туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қыз Жібек

Базарбай тоғыз ұлынан айырылып, қан жұтып, қасірет шегіп жүрген
кезінде, Алла нәсіп етшіп Төлегені дүниеге келеді. Оның жарық дүниеге
келгендегі келбетін жыршы былай суреттейді.
Төлеген әкесінің ен дәулеті арқасында бұла боп өсті. Айналасына да,
еліне де сыйлы, қадірлі азамат болды. Үйленер шағына да жетті. Қалыңдық
іздеп, "ат жетер жерді арылтып тамам қылды", бірақ ол "ел-жұрттан қыз
жаратпай", өзіне сүйікті жар болар сұлуды іздеумен күн кешті.
Төлегенді Ақ Жайық сұлуларына ынтық етеді. Жолы ауыр, жүз күндік болса
да, "Төлегеннің ... қыз іздеуге көңілі кетті... Төлеген іздемекке талап
етті". Белін бекем байлады. "Құс қанатты жорға" жаратты, Тұрманының
барлығын алтындатып, күміспенен төрт аяғын тағалатты". Барлық жол жабдығын
әзірлеп, Төлеген "сексен жігіт қосшы алып, он бес жігіт басшы алып, Ақ
Жайыққа жөнеген".
Анасының қарсы болғанына қарамай аттанады.
Төлеген Ақ Жайыққа жиырма бес жорға ала кетеді. Саудагер шал аңыз етіп
айтқан сұлуларды көрмек болып, елге: "Жас қызы болса әкеліп көрсеткен
адамға қызын алсам да, алмасам да, бір жорға беремін", — деп хабар етеді.
Мұны естіген үміткерлер, дәмеленген жұрт "қыздарын алып көрсетті". Төлеген
"ешбірін жаратпайды". Бірақ уәдесінен қайтпады. Әрбіреуіне бір-бір жорға
мінгізді. Көңілінен шығар сұлу қызды көрмеген ол: "Бұл қыздарды сұлу деп
шал бекер айтқан екен", — деп өкінеді.
Сол кезде сұлу қыз іздеген Төлегеннің келгенін естіп, ханның ақылшысы
әрі ақын Қаршыға қыз таңдап жүрген жігітті көрмекке, Төлегенді іздеп жолға
шығады. Қаршыға: "Мен Төлегенді көрейін, Төлеген маған жақса, Қыз Жібек те
жақтырар", — деп ойлайды.
Сонымен, Қаршыға өзіндей әрі сұлу, әрі ақылды жігітті армандаған,
еліндегі бірде-бір жігітке мойын бұрмай жүрген Сырлыбай ханның қызы Жібекті
жолықтырмақ болып. Төлегенді ертіп Сырлыбай ханның еліне жол тартады.
Қаршыға келбеті де, ақылы да бір-біріне сай екі жастың армандарына
жетуіне, қосылып бақыт құшағында болуына өзінің бар ақыл-амалын, шешендігін
жұмсап, үлкен адамгерішлік көрсетеді.
Ақыры, олар жайлауға көшіп бара жатқан Сырлыбар ханның ұзақ көштеріне
килігеді. Әр көштің басындағы сұлулығы көз жауын алар, үлде мен булдеге
оранған "перінің қызы секілді, бұрала басып кетіп бара жатқан" қыздардың
әрқайсысын "осы екен деп Қыз Жібек, жетіп келді қасына, артынан келіп
Қаршыға, Жібек емес деген соң, онан бір өтіп жөнелген". Солай бұлар он бір
көштен өтіп, әлқисса Қыз Жібек күймесіне де жетелі.
Төлеген есігі жабулы пәуеске ішіндегі Жібекке ен дәулеттің ішінде еркін
өскендігіне, өз елінде хан затымен тең екендігіне басып.
Бұл тұста ен байлық ішінде бұла боп, ерке өскен хан қызы Жібектің бір
мінезі қылаң етіп көрініп қалады. Төлеген қыздың бұл мінезіне қана болып,
ат басын кері бұра бергенде, Қаршыға келіп қалады.
"Бұл Жібек маған үш шақырсам, ақымақ адамдарға ұқсап жауап бермейді,
бұл қалай?" — деп Қаршығадан сұрайды. Жібектің мұндай мінез көрсеткенін
Қаршыға: "...Мұның бектігі бар, ешкім бұрын бұлай дауыстап сейлескен
емес", — деп түсіндіріп, Төлегеннің ашуын басып, сабасына түсіреді.
Жібек басында "жалғыз атты жолаушы", "қаңғырып өскен бір қу бас" деп,
Төлегенді менсінбеген мінез танытады. Тек "басынды кетер Жібекжан,
қайтпасын еңбегім еш болып" деген Қаршыға сөзінен кейін ғана "Қаршыға
адамсып келген екен, бұған көрінбесем, ұят болар және абден бетімді ашып
отырсам тағы жарамас",—деп бетін бір ашып, бір жарқ етіп көрініп амандасты
да, қайтадан жауып, пәуескенің қақпағын түймелеп жатып қалды.
Ақын Жібекті сұлу көркін суреттеу кәдесіне синтаксистік параллелизмді,
әр алуан салыстыру, теңеулерді шебер жарата білген.
Періште келбетті, раушан жүзді сұлуға жар таңдаған Төлеген елти түседі.
Енді Төлегеннің бар ынтызары Жібекке ауады. Қайткенде де оған қосылуды
армандайды.
Қыз Жібек Төлегеннің тілегіне кекірейе қарап, пандық мінезімен
қайтпайды.
Бар ынтасы сол қызға ауған Төлеген Жібектің әкесінің алдына барып,
Жібекке қосылмақ көңілін білдіреді. Адам тани білген хан Төлегеннің
тұлғасына, келбетіне көңілі толып, келісім береді. Қаршыға да бұл жерде
шешендігімен де, абырой-беделімен де кіріседі
Ол: "Айналайын, Жібегім, шыныдақ аппақ, сүйегін, осы емес пе еді
Құдайдан, қарағым, сенің тілегің", — деп, Жібектің иін жібітіп, Төлегенмен
кездесуге көндіреді.
Қаршыға іңкәрландырған сол жігітті көрмекке өзі де тағат таппайды.
Жібектің Төлегенге танысуға беттеген.
Жібектің сол сәттегі қимыл-келбетін жыр өрнегіне әдемі түсірген.
Қаршығадан Төлегеннің жігіттігіне, періштеден кем емес тұлғасына, кескін-
келбетше, адамгершілік-кісілігіне қаныққан Жібек, періштедей тұлғалы,
келбеті "падишадан кем емес" жанды көргенде, өз бақытын тапқандай, бектігін
де, еркелігін де ұмытып, Төлегенге бар жанымен құлай кетеді.
Әлқисса, Төлеген мен Жібек үш ай қалыңдық ойнап, бақыт шуағына
бөленеді. Енді еліне қайтар шағы келіп, жүруге қамданғанда, Жібек түс
көрді.
Төлеген алған бетінен қайтпай, алыс сапарға, еліне аттанады. Жаны
жанымен үйлескен Жібегімен, "олай-бұлай боп кетсем, Жібекті еш жаманға қор
қылмас Сансызбай атты інім бар... көктем шыға, қазбен бірге келем" деп
қоштасып, еліне бет алады.
Төлеген уәдеге, айтқан сөзіне берік. Ол "көктем шыға, қазбен бірге
келем" деген сертінен айнымай, атасының "ендігі жылы осы уақытқа шейін ол
жаққа бармағын, жыл өткізіп бар, тілегім осы" дегеніне қарамастан, жанына
бір жан атқосшы алмай, Ақ Жайыққа — Жібегіне жалғыз өзі жол тартады. Мұның
өзінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қыз Жібек
Қазақтың тұңғыш операсы
Қыз Жібек жыры және оның поэтикасы
Қазақ ғашықтық жырларының орындалу ерекшеліктері
Лиро- эпостық және батырлар жырындағы салт- дәстүрлерді оқыту
«Қыз Жібек» жырындағы сын есімдердің танымдық сипаты
Қыз Жібектің аулы
Кино рольдері
Қазақ тілінде тарихи хикая
Лиро - эпостық жырлар
Пәндер