Мал өнімдері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Мал өнімдері

Мал шаруашылығы мен мал өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары
облысымыздың аграрлық секторындағы негізгі салалардың бірі. Өйткені, облыс
халқының әл-әуқатын көтеру және аймақтың өзін-өзі сүт және ет тағамдарымен
қамтамасыз етуі осы саланың дамуына тікелей байланысты.
Біздің “Меркі-ет” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгін облыс
бойынша ет өнімдерін өндірістік өңдеудің толық циклын жүзеге асырушы жалғыз
кәсіпорын ретінде ерекше қатардан орын алып отыр. Өйткені, еліміз “Жаңа
әлемдегі жаңа Қазақстан” асуын алуға бет алған шақта, ауыл шаруашылығын
қайта өңдеу кәсіпорындарынсыз елестету мүмкін емес. Өскелең өркениет өресі
– ауыл шаруашылығын бір ғана шикізат өндіру дәрежесінде қалдырып қоймай,
оны сол шикізатты қайта және терең өңдеу арқылы үлкен өндірістік-
экономикалық және индустриялық-инновациялық кешенге айналдыруды, оларда
өндірілген өнімдерді халықаралық рынок талаптарына сай шығаруды қажет
етеді.
Сонау 1986 жылы қабырғасы қаланып, мал сою және етті қайта өңдеу ісіне
маманданып, іргесі көтерілген бұл кәсіпорын содан бергі 21 жыл ішінде
еліміздің басынан өткен әр алуан кезеңдермен бірге, бірде құлдырап, бірде
өркендей отырып, түптің-түбінде бүгінгідей үлкен өндірістік кешенге
айналғанын мақтан етеміз. Кәсіпорынның бүгінгі өндірістік қуаты тәулігіне
10 тонна ет өндіруге мүмкіндік береді.
Кәсіпорында сонымен бірге Германияда шығарылған 1 тәулікте 3 мың құты
бұқтырылған ет шығаруға лайықталған өндірістік желі орнатылған. Сондай-ақ,
1 тәулікте 2 тонна шұжық өнімдерін шығаратын соңғы үлгідегі германдық
өндірістік желі орнатылған цех жұмыс істейді. Осы жаңа қондырғылардың бәрі
кәсіпорынға үстіміздегі жылдың мамыр айында әкелініп, орнатылды. Оларды
сатып алу үшін Үкімет тарапынан зор қолдау көрсетіліп, “ҚазАгроҚаржы”
акционерлік қоғамы арқылы 7 жыл мерзімге 4 пайыздық жылдық өсіммен 119 млн.
теңге несие алған болатынбыз. Осы орайда, кәсіпорынның өндірістік биіктерге
самғауы үшін мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға шексіз ризамыз.
Қазіргі кезде облыста бірнеше шаруашылықтар мен кәсіпорындар базасында
мал еті мен құс етін экспорттайтын толық инфрақұрылымы бар, құс өсіріп, мал
бордақылайтын және ет өнімдерін қайта өңдейтін ірі кешендердің құрылысы
бойынша жасалған әлденеше жобалар іске асырылу үстінде. Біз бәсекелес басқа
да ірі өндірістердің болғанына пейілміз. Өйткені, өндірістің бір орнында
тұрып қалмай, одан әрі ғарыштап дамуы өзіңе лайықты бәсекелестер болғанда
ғана жүзеге аспақ.
Бір көңіл аударатын мәселе, еліміздің “Ветеринария туралы” заңының
талаптарына сәйкес сарып, туберкулез, лейкоз аурулары шыққан малдар тиісті
ветеринарлық-санитарлық талаптарға жауап беретін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тасымалданатын мал өнімдері мен жануар тектес шикізаттарды тасымалдауға дайындау кезіндегі ветеринарлық – санитарлық бақылау
Жануарларды тасымалдау шарттары
Малдәрігерлік қадағалау нысандарындағы малдәрігерлік санитарлық зерттеулер
Жылқы жануарын тасымалдау сәті
Сиыр және жас малдың етін бөлу
Eт, eт өнімдeрінің құрамы қасиeті жәнe тағамдық құндылығы
Мал шикізат өнімдері
Дайындайтын сиыр сүтіне үйлестірілген гост стандартының ерекшеліктері
Бәсекелестікке қабілетті экономиканың маңызды бір бөлігі – ауыл шаруашлығы саласының бәсекелестікке қабілеттілігі
Республикасының Солтүстік Қазақстан облысында сүтті мал тұқымын өсіру фермаларын ашу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz