МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ТУРАЛЫ
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Алғашқы қауымдық қоғам, оның дамуы және ыдырауы
Алғашқы қауымдық қоғам - адамдардың пайда болып, жер жүзінде өмір сүре
бастағанына екі миллиондай жыл болды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне
сәйкес адамдардың өздерінің, дене құрылысы да, миы да, тәжірибесі де,
пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесіңде шамамен осыдан 40
мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар (хомо сапиенс) қалыптасты. Адамдардың
дене құрылысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы,
тәжірибесі басында бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Бұл процесс
бірте-бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әкелді. Қоғамның дамуы екі
бағытта жүріп отырды: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және соған
сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп, прогрестің жаңаруы. Бірақ бұл
процесс басында өте бәсең дамыды.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік дамуы екі кезеңге
бөлінеді:
1. Жабайы адам дәуірі - 40-12 мың жылдықтар арасы. Адамдар табиғаттың
дайын заттарымен қоректенген, қарулары дайын: тас, сүйек, ағаш. Жабайы
аңшылық, балықшылық қалыптасып қоғамның негізгі сипаты табиғаттың, қоршаған
ортаның адамдардың күн көрісіне қолайлы жақтарын пайдалана отырып,
экономикалық, әлеуметтік жағдайды жақсарту. Қысқаша айтқанда — дайынды
игерушілік дәуірі. Бұл кезеңде қиыншылық, ашаршылық жиі болды.
2. Экономикаиы қолдан жасау дәуірі — 12-4 мың жылдықтар арасы. Бұл
кезеңде адамдардың тәжірибесі, пайдаланатын қаруы дамыды. Рухани сана-
сезім, білімі жоғарылады. Экономиканы қолдан жасауға мүмкіншілік
қалыптасты. Металлургия, керамика өмірге келді. Малшылық-егіншілік арқылы
сертификациялық қоғам, рулық, тайпалық бірлестіктер, әлеуметтік нормалар
өмірге келді.
Мемлекеттің пайда болу, даму себептері:
- Қоғамды басқаруды, жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының көлемі де,
шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жұмыс
жасай алмады. Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды;
- Қалың бұқараның, қаналушы таптың үстемдік тапқа, топқа қарсы іс-
әрекетін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды;
- Қоғамды, экономиканы дамыту үшін, әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін
басқарушы аппаратты нығайту керек болды;
- Қоғамның қорғанысын күшейту үшін, заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң
сақтау үшін мемлекет керек болды.
Мемлекеттің негізгі белгілері:
1. Басқару органдары мен мекемелерінің ерекше жүйесі болуы (әскер,
полиция, сот, т.б.). Қоғамдық өмірдің дамып, күрделене түсуіне байланысты
мемлекеттің механизмі де күрделене түседі.
2. Үстем таптың мүдделері мен мақсаттарына сәйкес қоғамдық қарым-
қатынас ережелерін белгілейтін құқықтың болуы.
Мемлекеттің билік жүргізетін белгілі территориясының болуы, халықты
руына қарай емес жеріне сәйкес бөлу. Аймақтық ұйым ретінде мемлекет сол
көлемде белгілі бір ұлттың, ұлттық мемлекеттің қалыптасуы процесіне әсер
етеді. Дамыған қоғамда мемлекеттік органдармен қатар әр түрлі партиялар,
одақтар, бірлестіктер т.б., бұлардың жиынтығы қоғамның жалпы саяси ұйымын
құрайды. Таптық қоғамдағы басқа саяси институттардан мемлекеттің ерекшелігі
қоғамдағы жоғарғы өкімет билігіне (суверендік құқыққа) иелігі, Мемлекеттік
өкімет билігінің күші сол елдегі бүкіл халықты және барлық қоғамдық
ұйымдарды қамтиды. Мемлекеттің қоғамдағы бірлестіктерден, ұйымдардан
айырмашылық белгілері:
- мемлекет қоғамдық көлемде бірден-бір билік жүргізетін ұйым; басқа
бірлестіктердің билігі барлық халықгы кдмти алмайды, мемлекет қана барлық
қоғамға күші бар нормативтік акты қабылдай алады;
- мемлекет қоғамдағы барлық құқықтық нормалардың дұрыс, уақытында іске
асуын, орындалуын қадағалап, заңдылықты, тәртіпті бақылап отырады:
- мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі тәуелсіздігі, басым үстемдігі.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикасы мен құрылымы — экономиканың
негізгі сипаты: қоғамдық, еңбек, қоғамдық меншік, қоғамдық бөліс, қоғамдық
өмір сүру, қоғамның құрылысы: туысқандық ру, тайпа, одақ, бірлестіктер.
Бұл құрылымдарды құруды, дамытуды қоғамның экономикасының,
тәжірибесінің, құралдарының даму деңгейіне сәйкес жасап отырған.
Қоғамды басқару және әлеуметтік нормалар - қоғамдық күрделі мәселелерді
жалпы халықтық жиналыста талқылап, шешімдер қабылдап отырған. Күнделікті
мәселелерді шешіп басқару үшін ру басшылары сайланып отырған. Тайпа, одақ,
бірлестіктерді, ру басшыларының кеңесі басқарған. Тайпа, одақ,
бірлестіктерді күнделікті басқару үшін Кеңестің мәжілісінде тайпа, одақ
бірлестіктердің басшылары сайланып отырған. Олар жұртпен бірдей еңбектеніп,
қоғамдық жұмыстарын атқарып жүрген.
Алғашқы қоғамның даму процесінде әлеуметтік мононормалар (бірігу-
бірлесу) қалыптасып, сол арқылы қарым-қатынастарды реттеп, басқарып
отырған. Мононорманың негіздері мен түрлері: әдет-ғұрып, салт-дәстүр,
мораль, діни нормалар. Алғашқы қоғамның дамуы барлық региондарда, барлық
континентгерде бірдей болды. Тек мемлекет пен құқықтың пайда болуы
кезеңінен бастап айырмашылықтар, ерекшеліктер молая бастады. Мысалы, шығыс
елдерінде (Араб, Үнді, Иран, Қытай) мемлекет пен құқықтың дамуы бір-біріне
ұқсас, Афин, Рим, Спартада мемлекет пен құқықтың дамуы басқа түрде болды.
Еуропаның, Азияның басқа елдерінде - үшінші түрде дамыды. Бұл елдер алғашқы
қоғамнан феодалдық формацияға - қоғамға көшті.
Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті
мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне
бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты
орындауға жұмсайды. Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқық қашан пайда
болды, қалай дамып келеді - деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеу
жасап келді. Енді мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына
қысқаша тоқталып өтейік.
Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып,
дамып келеді деп түсіндіреді. Бұл теория дұрыс — бұрыс деуге болмайды.
Мәселені дінмен бірге зертгеу керек. Себебі бұл теория адамдардың сенімі,
иманы ретінде қалыптасқан ұғым, көне заманнан дамып, нығайып келеді. Бұл
теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен т.б.
Патриархалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен
қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске
асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы
басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке,
мемлекеттің басшысы - монарх. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі
Аристотель, оны жақтаушылар орта, жаңа ғасырларда болды (Фильмер,
Михайловский т.б.).
Органикалық теория - бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б.з.
IV - III ғ.)- Бірақ теория толық түрде XIX ғасырда қалыптасты. Өкілдері:
Блюнчли, Г.Спенсер, Вормс, Прейс т.б.
XIX ғасырдағы ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, бұл теория — адам
қоғамыңда табиғаттың объективтік даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен
мемлекетті құрады. Мемлекеттің Үкіметі — адамның басы-миы сияқты қоғамды
басқарады. Қанаушы тап қоғамның экономикасын дамытады. Ол қоғамды қорғайды
деп түсіндіреді.
Табиғи құқықтық теория - XVII - XVIII ғғ. қалыптасқан теория. Өкілдері:
Г.Гроцкий, Т.Гоббс, Д.Локк, Ж.Ж.Руссо, Б.Спиноза, А.И.Радищев т.б.
Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады (бостандық,
теңдік, еңбек жасау т.б.). Оны ешкім жоя алмайды, оған зиян келтіре
алмайды. Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың арақатынасында
қайшылықтар басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, әділеттілікті,
теңдікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті құрды. Бұл шарттың
мазмұны көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.
Психологиялық теория — XIX ғ. бұл теорияны уағыздаған: Ч.Тард,
Л.И.Петражицкий. Қоғам мен мемлекетті бұл теория адамдардың психологиялық
біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі — бәрі келісіп ұжымдық
түрде басқаруы. Қоғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму
заңдылық процесінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді.
Күштеу теориясы — XIX ғ. қалыптасқан пікір. Өкілдері: Л.Гумплович,
К.Каутский, Е.Дюринг т.б. Мазмұны; күшті рулар, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz