Мемлекеттердің қалыптасуы мен саяси әлеуметтік жағдайлары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3
1-тарау
1.1. Мемлекеттердің қалыптасуы мен саяси элеуметтік жағдайлары 5

2-тарау
1. Ерте орта ғасырлық Қазақстан тарихы (6-9 ғ.) 9
2. Қазақ мемлекетінің дамыған орта ғасырлық кезеңі 12
3. Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы 19
4. Қазақ хандықтары 24
5. Қазақ еліндегі мэдениеттің сипаттамасы 35

3-тарау
Қазақстан тәуелсіз мемлекет 43
Мәдени мұра бағдарламасындағы жұмыстар туралы мэліметтер 47
Қорытынды: 53

Пайдаланылған әдебиеттер: 54

Кіріспе

Мен бұл жұмысты бастап қолға алуымы бірнеше себептер бар. Егеменді ел
болып, тэуелсіздіктің көк байрағын желбіреткенімзге де біршама жылдың жүзі
болды. Осы жылдар ішінде ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолдары, тарихы
зерттеліп жатыр. Дегенмен тарих қойнауында бұғып жатқан қүлия сырлар аз
емес. Елеусіздеу қалып жатқан дүниелер де жетерлік. Сондықтан қазіргі аға
буын зерттеуші тарихшы ғалам үстаздарға кішкентайда болса үлес көмегімді
тигізсем деп ойлаймын. Менің басты мақсаттарымның бірі осы деп есептеймін.
Осы бағытта жүмыстар жүргізе отырып мектеп шэкірттеріне тың деректер үсына
алсам деген ниетім бар. Сонымен қатар оқушыларға отанымыздың тарихы жайлы
бар білгенімше бойына сіңіре білсем деген ойдамын. Әрине біз тарих
қүпияларын зерттеу үшін көне ежелгі дэуірлердегі тарихты оқып білуіміз
керек. Бүл орта білім беру ошақтары мен мектеп қабырғасында бесінші сныптан
бастау алады.
Демек Қазақстанның ежелгі дэуірлердегі тарихы мен таныспыз. Онда жерімізде
алғашқы адамдардың қалай пайда болғандығы туралы білеміз. Олар алғашқы
кезде тас құралдарды пайдаланса, одан біртіндеп дамудың нэтижесінде қола,
темір сияқты металдардан құрал - сайман, қару-жарақ жасап үйренді. Грек,
парсы, қытай сияқты елдердің жазба деректерінің хабары бойынша темір дэуірі
кезеңінде жерімізде сақ, ғүн, үйсін, қаңлы, сармат тайпаларының өмір
сүргендігі белгілі. Бұл тайпалар біздің жерімізде өмір сүруді одан эрі
қарай жалгастырды. Олардың ұрпақтары да, бастарынан талай тарихи оқиғаларды
өткізді. Сол тарихи оқиғалар мен олардың элеуметтік экономикалық мэдени
даму жолдары жайлы осы жұмыста нақты көрсетіледі. Сонымен қатар
хронологиялық мерзімі жағынан біздің заманымыздың УІ-ХУІІ - ғасырлар
аралығын қамтиды.Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы негізінен бір-біріне
жалғасқан үш кезеңнен тұрады. Бұл кезеңдерді орта ғасырлар дэуірі деп те
атауға болады. Біріншісі -Қазақстьанның ерте орта ғасырлық кезеңі.УІ-ІХ
ғ. Екіншісі - Қазақстанның орта ғасырлық дамыған кезеңі Х-ХІУғ..
Үшіншісі -біртұтас Қазақ мемлекетінің құрылу кезеңі. XV-XVII ғ..
Бірінші кезеңде жерімізде түрік, батыс түрік, түргеш, қарлұқ, оғыз, қимақ
қағанаттары өмір сүрген. Бүл қағанаттардың эрбіреуінің сол кездегі қоғамға
қосқан өз үлестері бар. Ол аталған қағандықтардың басынан өткізен ішкі-
сыртқы саяси жағдайынан элеуметтік экономикалық және мэдени ахуалынан
көрініс тауып отырады. Түрік қағанаты кезінде Византия, Иран сияқты
елдермен байланыс жасаса, түргеш қағандығы Қытай елімен қарым-қатынаста
болды. Бұл жағдай орта ғасырларда қазақ жеріндегі феодалдық мемлекеттірдің
халықаралық қатынасқа шыққанын көрсетеді. Ол қарым-қатынаста бір-бірне
көмек, ынтымақтастық, сауда мэселелері оң шешімін тауып отырды. Мэселен осы
кезде қазақ жерін басып өтетін ұлы жібек жолы тарихи маңызының зор
болғандығын біз көне жазбалардан білеміз. Бүл жолдың бас кезеңінде түркі
тілі өркендеп, түрік жазуы ел арасында қанат жая
бастаған болатын. Түрік жазба мэдениетінің көш басында болған Иолоғ-тегін,
Тоныкөк сынды ғүламалар өздерінің тасқа қашап жазған дастандарын қалдырды.
Сыр бойындағы атақты Баласағүн, Тараз, Испиджаб, Отырар, Түркістан, Сауран,
Сығанақ т.б. қалалар туралы мэліметтер алуға болады. Батыс пен шығысты
байланыстырған халықаралық үлы жібек жолының жерімізден өткенін қазіргі
уақытта біз мақтаныш пен айтамыз. Алғашқы орта ғасырда қалалық отырықшылық
тіршіліктің дами түсуі көшпелі түркі тілдес тайпалардың отырықшылыққа
үйрене бастауына жол ашты. Әсіресе Оңтүстік Қазақстан жэне Жетісу аймағында
түрақты мекен жайлар көбейе бастады. Бүл тіршілік қала мэдениетінің дамуын
анағүрлым тездете бастады. Мектептегі әрбір оқушы осындай тарихи деректерді
есте сақтап үмытпаулары қажет деп есептеймін. Әсіресе даталы күндерге
байланысты тарих саласына сәйкес суретті т.б. мултемедиялық көрнекі
қүралдары кез-келген білім ордаларында болуы шарт. Біз жетпіс жыл бойы
кеңестік кезеңнің тарихын оқып өз тарихымыздағы қүнды дүниелерді үмыт
қалдырыдық. Себебі сол кездердегісаясаттың бағыты сондай жағдайда болса
қайтеміз. Енді тэуелсіздік алып, өз алдымызға ел болған уақытта үмыт
қалдырған асыл дүнилерімізді зерттеп оқуымыз қажет деп есептейміз. 1993
-жылы Орбүлақ шайқасының 350 жылдығы мемлекет көлемінде аталып өтілді.
Шайүас болған жерге қазіргі Алматы облысы, Жаркент ауданындағы Орбүлақ
қырқасына Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімі мен ескерткіш белгі
орнатылды. Бүл жоғалтқан белгілерімізді іздеудің басы деп есептеймін.
Қазіргі мектеп жасындағы балалар осынд%й ауыр ^ағдайларды үғынып қана
қоймай, өздері сақыналық көріністерден\сөріп Оойларына сіңіре білсе қүба-
қүб болары анық. Сонда біздің келешек үрпақтарымыз ата-бабаларымыздың
басынан өткізген қиын да аушркезеңдерін көз алдарына елестетіп сезінері
хақ. Жүмыстың үшінші к&зеңінің оқиғалары соңғы тараулары үлттық
мэдеиетімізге әдет ғүрпьшыв бен салт- дэстүрімізге байланысты жазылған
деректерге толы. Бүдаьі сал\г-дэстүріміз бен басқа да қүнды дүниелеріміз
халқымыздың қалыптасуы кезеңінде ғана пайда болды деп түсінбегеніміз жөн.
Сол сияқты ауьз әдебиетінің де түп- тамыры тереңнен басталатындыңғына
нақты деректер келтіріледі. Айталық бақсы-балгерлікпен аңыз-эңгімелердің
ежелгі дүнилерден, ал\батырдық жырлардың темір дэуірі мен қола дэуірінен
жалғасң келе жатқандығын айтуға болады. Сонымен қатар осы жүмыс барысында
ел аузында жүрген эр-түрлі дерек аңыз эңгімелерді баспасөз
беттеріндежариялап отыру бүгінгі күннің басты тақырыбы деп есептеймін.
Сонымен латар ашылмай, зертелмей жатқан тарих қойнауындағы қүпия сырларды
ашу менің болашақтағьАмақсатым болып қала береді. Мүндай істер эрбір мерзім
сайын ашылып жатыр. Оған дэлел ретінде жақында ғана Атырау маңындағы үш
кереметті айтуға болады емес пе. Сол секілді элі де қүпия жатдан тарих
таңбалары жетерлігіне мен толық сенімдімін.
1.1 Мемлекеттердің қалыптасуы мен саяси элеуметтік жағдайлары.

XVI - ғасырда Қарақан мелекеті саяси элеуметтік - экономикалық даму
сатысына көтерілді. Дэл осы кезде Қазақстанның Оңтүстік және Оңтүстік шығыс
аймақтарында қалалық мэдениет дамып, суармалы жер шаруашылығы өркендеді.
Орта ғасырдағы Отырар, Сайрам, Сауран, Түркістан сияқты ірі қалалар мен
қыстақтар саны өсті. Олардың арасындағы қарым-қатынас та күн өткен сайын
дами берді. ¥лы Жібек жолының бойындағы қалар күн өткен сайын гүлденіп,
эрлене түсті. Бүл кезде Қытай, Иран, Византия сияқты елдермен саяси жэне
сауда қатынастары нығая бастады. Ал Қыпшақ хандығы орыс княздарымен
байланыс жасап, өз жерін Шығыс Еуропаға дейін кеңейтті. Дэл осы уақытты
мэдени оқу - ағарту салары да көлемді дами бастаған. Аты элемге эйгілі Әбу
Насыр Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмут Қашқари, Жүсіп Баласүғын
секілді жүлдыздар пайда болды. Бүлардың есімдері мэңгіге өшпес із қалдырған
түлғалар екені даусыз. Орта ғасыр оқымыстыларының ғылыми еңбектерінің
маңызы зор. Мэселен Әл-Фарабидің философиялық ой түжырымдары, музыка,
математика, логика т.б. ғылыми салалар бойынша айтқан ғылыми пікірлері
дүние жүзілік ғылымға қөосылған зор үлес екендігі даусыз. Сол сияқты Махмут
Қашқаридың тіл білімі туралы еңбегі бүкіл түрік элемінің тілдік негізің
зерттеуге арқау боларлық туынды болып саналады.
Үшінші кезеңде түркі тілдес ру - тайпалардың тіл жағынан жэне саяси
элеуметтік экономикалық жағынан дамып, үлттық арнаға түсуі түбегейлі жүзеге
асты. Ал бүл кезең 200 жылға уақытты қамтыды. Бүл кезде хандық билік
үрпаүтан-үрпаққа ауысып отырды. 1466 жылы Жэнібек пен Керей хандардың саяси
көрегенділігі арқасында қазақ хандығы қүрылды. Қазақ халқының да этникалық
жағынан қалыптасып, халық болып қүрылуы біржолата аяқталды. Сөйтіп,
біртүтас қазақ мемлекті тарих сахнасына көтерілді.
Ал, бүл XVI - XVII ғасырларда қазақ хандығы нығайып шекарасын
қалыптастырды. Бүл кезеңде өздерінің тарихи өшпес-өлмес іс-эрекеттерімен із
қалдырған атақты қазақ хандарының есімдері белгілі болды. Олардың қатарына
Қасым, Хақназар, Тэуекел, Есім, Жэңгір, Тэуке хандар билік жүргізді. Бүл
хандар елін жерін қоғауға орасан зор еңбек етті.
XVII ғасырдан бастап еліміз тағы бір шапқыншылыққа үшырады. ІІІығыстан
жоңғарлар жерімізге көз алартып, жаулап алуға әрекеттер жасай бастады. Бүл
соғыс бір ғасырдан астам уақытқа созылды. Ел аузында сақталған (Ақтабан
шүбырынды, алқакөл сүлама) атты сөздің өзі бүл шапқыншылыққа қандай ауыр
зардаптары болғандығын білдіреді. Осы сөздің мағынасын еліміздің барлық
азаматы білуге, халқымыздың басынан қандай ауыртпалықты өткізгенін біліп
қүрметтеуі керек деп білемін. XVII -ғасырдың бас кезінде қазақ елінің
жағдай өте ауыр болды. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық қазақтары,
Башқүрттар жан-жақты анталап елімізге баса
көктеп кіруге әзер түрды. Әсіресе жоңғарлар қазақтар үшін аса қауыпті жау
болғаны белгілі. Жоңғарлардың сол кездегі атты эскерінің өзі жүз мыңға
жетті. Олар сойыл, найза үстаған қарапайым ғана жасақ емес, әскер сапын
Еуропа тәртібімен қүрып, соғыс тэсілін Еуропаша жүргізе алатын, зеңбіргеі
мен білтелі мылтығы бар орасан қарулы күшке ие жау болатын. Жоңғар хандығы
сыртқы саясатта екі жүзді болып көрінді. Олар жүз жыл бойы Цин империясын
Орталық Азияға жолатпай, тэуелсіздігі үшін эділ қорганыс соғысын жүргізсе,
екінші жағынан өздерінің батыстағы түркі тектес көршілеріне қарсы
басқыншылық эркетін жасап отырды. Сондықтан да қазақ ,өзбек, қырғыз
халықтары жоңғарларға қарсы күресі әділ азаттық сипат алады. Үрыстың
ауыртпалығы ойрат федолдарының шабуылына төтеп беріп отырған қазақтарға
түсті. Жоңғар хандығы басшыларының үстанған басқыншылық саясаты қазақ-
жөңғар қатынастарын барынша шиеленістіре түсті. Жойқын шайқастарда қазақтар
жағы біресе жеңіліп, біресе жеңіп ерліктер көрсетіп отырды. Соларды бір
мысалы Жэңгір хан үйымдастырған эйгілі Орбүлақ шайқасы екендігін айтуға
болады. Бүл қазақ елінің ең бір тарихта қалған айтулы соғысы болатын. Осы
шайқас жыл сайын жоғарғы оқу орындарында, ғылыми конференцияларда аталып
өтіліп келеді. Білім ордаларындағы әрбір шэкірт осындай тарихи деректерді
есте сақтап жадында сақтауы қажет.
Үшінші кезең XV ғасырдың екінші жартысынан басталып, XVII ғасырға дейнгі
аралықты қамтыды. Бүл кезеңнің өзіндік ерекшелігі Қазақстан аумағының
түрғындары егер бүған дейін түрік тілдес ру тайпалар, түрік дэуірі деп
аталып келсе, енді олар қазақ хандығы, қазақ халқы деген атаумен жария
болды. Бүл жерде осындай аласапыран кезеңді басынан өткізіп, қазақ деген
үлтты сақтап қалған ата-бабаларымызға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Бүған
негіз ретінде мына жағдайларды ескере кеткен жөн деп санаймын.Жоңғар
шапқыншылығынан эбден қалжыраған еліміз 1710 жылы Қарақүүмдағы Қаракесек
руы жайлаған аймақта қазақ сүлтандары мен билері жэне ру басылары
қүрылтайға шақырылды. Онда негізінен Жоңғар хандығымен арадағы байланыс
мэселесін талқылау болатын. Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақүлы Жэнібек, тама
Есет бастаған батырлар жеке ру, тайпаның ғана емес, бүкіл үш жүздің намысын
жыртып, жоңғарға қарсы түруды дүрыс деп санады. Бірақ ел арасындағы
ауызбіршілік екіге бөлінді. Жоңғар мемлекетінің күшті эрі соғыс
тэжірибесінің мол екендігін ескере келе бағынған дүрыс дегендер де болды.
Шешуші кезеңде елім деп еңіреген қанжығалы Бөгенбай батыр ортаға шығып,
қылышын қорабынан суырып алып ақсақалдар алдына тастап Біз жаудан кек
алуымыз керек, жеңеміз немесе қолға қару үстап соғыста ақ өліммен өлеміз,
қарттарымыздың, эйелдерімізбен бала-шағаларымыздың зар-мүңы мен көз жасын
көріп, тірі жүре алмаймыз (Орт. Ғас.тар165 б.) Бүл батырдың сөзін атжалын
тартып мінген азаматтардың барлығы қолдап жоңғарға қарсы соғысуға үйғарды.
Сөйтіп шайқастың жаңа жоспары жасалып, Бөгенбай батыр бүкіл қазақ
жасақтарының қолбасшысы болып сайланды. Оның ақылшысы Тәуке хан болды.
IX ғасырдың аяғы Х-ғасырдың басында Сырдарияның орта шеті жэне
төменгі ағысында Оғыз мемлекеті пайда болды. Орталағы осы өзеннің
бойындағы Янгикент қаласы болды. Түркі тілдес Оғыз тайпалары өте ерте
ғасырларда орталық және Орта Азияда өмір сүрген. XII ғасырда батыс
Жетісуда мекендеген Оғыздар Түрік қаганатының құрамында болды. Оғыз
сөзінің пайда болуы әртүрлі пікірлерді білдіреді. Кейбір ғалымдар уыз
сөзінен пайда болды десе, екінші біреулері садақтың оғы деп болжайды.
X ғасырдың орта кезеңінде Жетісу аймағымен шығыс Түркістанның бір
бөлігінде Қарахан мемлекеті құрылды. Бүл мемлекеттің орталық қаласы
Баласағүл болып белгіленді. Мемлекеттің негізін Білге - Күл Қадырханның
немересі Сатүқ Боғра хан (915-955) қалады. Ол билеп отырған Тараз бен
Қарқардың қаны Оғылшақты жеңіп қалаларын тартып алды. Жетісудан
Испиджапқа жэне шығыстан Қашқарға дейінгі аумақты басып алып Қарахан
мемлекетінің шекарасын үлғайта түсті. Бүл мемлекеттің этникалық құрамына
Жікіл, Яғма, Қарлұқ, Оғыз, Қаңлы, Үйсің тағы басқа да Түркі тілдес тайпалар
кірді. Мемлекеттің құрылуына басты себепші болған Қарлұқ тайпасы болды.
Ал мемлекеттің басқару істеріне ат салысып отырған Яғма адамдары болды.
Хандардың Арсылан хан, Боғра хан атаулары Жікіл тайпасының Тотема
Арыстан, Яғма тайпасының тотемы бура болуна байланысты қойылған.
Жоғарғы өкімет билігі бас қағанның қолында облды. Билік мүрагерлік
жолымен ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған. Ханның мемлекеттік саяси-
әкімшілік іс жүргізетін орны Орда болып есептелінді. Онда эр түрлі
қызметшілермен қатар іс жүргізетін билік өкілдері тұрған. Мемлекет негізін
қалаушы Сатұқ-Боғра хан өлген соң оның баласы билікті Мұса өз қолына алды.
Мемлекет орталығы Қашқар қаласы болып белгіленді, ал Әл Арслан Тараз бен
Баласағұнның билеушісі болып саналды. Міне осы кезден бастап Сатұқ Боғра
ханның екі баласы - Хасан Боғра хан мен Әли Арсланның ұрпақтары арасында
билік алма кезек ауысып отырды. Дегенмен, Қарахан мемлекетінің ішкі
әлсіздігіне қарамастан өзге мемлекеттерге шабуылын тоқтатпады. Соның
әсерінен олар көп ұзамай Самани әулетінің астанасы Бұхараны жэне Самархан
қалаларын басып алды. Бірақ Жент қаласы аймағында тұратын тайпалардан
қорыққан ол қайтып Жетісу жерлеріне оралды. Ол Қошқарбасы деген жерде
мезгілсіз қайтыс болды.
Х-шы ғасырдың аяғында Қарахандардың Орта Азияға шабуылы қайтадан
басталды. Бүл кезде өзге тайпалардың қауымдастық болып мемлекеттік деңгейге
жете бастаған сэттері болатын. ¥лы Жібек Жолы бойындағы сауда-саттық басқа
да мемлекетке қажетті дүниелер өрістей бастады. Хасан Боғра ханның баласы
Жүсіп 992 жылы Хотонды басып алса, Әли Арсланның баласы Насыр Ибн Әли 996
жылы Мэуренахрға жорыққа аттанды. Бүл жорықтан қорыққан Самани әулиетінің
билеушісі өзінің көршілес жатқан өзге мемлекеттерден көмек сұрады.
Насыр Ибн Әли 999 жылы Бұхараны да басып алды. Сөйтіп Қарахан
мемлекете X ғасырдың басында эскери күштері жағынан жэне көлемі жағынан
мықты мемлекетке айналды. Қарахан мемлекетінің негізі үлесті жүйеде
қаланып, Шығыс жэне Батыс иеліктерден тұрды.
Шығыс қандық Жетісу аймағымен Шығыс Түркістанды биледі, орталығы
Баласағұн қаласына жақын Қара орда Қошқар қаласы орталығы болды.
Батыс хандық Мэуренахрды биледі. Орталығы алғаш Үзент кейін Самархан
қаласы болды. Сол кездегі дэстүр бойынша шығыс хандығы Қарахан мемлекетінің
негізі болып саналды. Сондықтан оның ханы ¥лы хан болып есептелінді.
Басқа кішігірім мемлекеттердегі хандықтар осы ханға тікелей тэуелді болды.
Бірақ іс жүзінде бір билікке бағынғысы келмеген өзге хандықтар бас көтеріп
ел арасында кішігірім соғыстар болып тұрды.
НЕГІЗГІБӨЛІМ

2.1 ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ КЕЗЕЩ т-ІХ Ғ.

Біздің жерімізде ерте орта ғасырларда ірге тіккен алғашқы феодалдық
мемлекеттердің бірі - Түрік қағанаты.Түрік этнонимі қытай жылнамаларында
542 жылдан бері белгілі.Ал түріктердің мемлекеттік дэрежеге көтерілуі 552
жылдан басталады.545 жылдан бастап, түрік, қытай елдері арасында бейбіт
қарым-қатынас орнайды. Алайда үзақ уақыт жужандардың тепкісін көрген
түріктер оларға қарсы бас көтереді. Түрік қолбасшысы Бумн жужан қағаны
Анағуй қағанға маған қызыңды бер деп елшілікке адам жібереді.Мүны естіген
Анағуй ашуланып, менің есігімде темір балқытушы болған қүлға қызымды
бермеймін деп кемсітеді. Түрік қолбасшысының да күткен жауабы осы болатын.С
онымен шайқасудың сэтін күтеді. Бумн қаған қытай елімен саяси байланысты
күшейте түседі. Оның белгісі ретінде ол қытай әмірінің қызына үйленеді. Бүл
жағдай түріктердің беделін басқа елдердің алдында көтере түседі. Ақыры 552
жылы Анағуй жужан қағандығы арасында үлкен соғыс болып, Анағуй қатты
жеңіліске үшырайды.Осы жеңістен кейін Бумн қаған Елхан деген атақ алады.
Алайда сол жылы Бумн кенеттен дүние салды.Оның орнына баласы Қара-еске
қаған болады. Жужан қағандығы түріктерге қанша жерден бас көтерсе де
ешқандай жеңіске жете алмайды.Ал 552 - 554 жылдары Қара-ескеннің інісі М
ұқан қаған жорығынан кейін жужандар мүлде соғысты тоқтатады. Осы кезден
бастап түріктер ¥лы даланың шығыста қожасына айналады.Солтүстігінде Саян
тауына дейінгі аралықта жатқан тайпаларды өзіне қаратса, ал шығысында Сары
өзенге дейінгі аралықтағы қай оғыз, татар т.б тайпаларды бағындырды.Бүл
кезде екі бқлікке бөлініп отырған қытай елінің билеушілері Боқан қағанға
қымбат бағалы сый-сияпат жасап, өз жақтарына тарту эрекеттерін жасайды.Бүл
570-580 жылдары түрік қағанатының шығыста да саяси ықпалының күшті
болғандығын көрсетеді.Түріктер өз билігін тек шығыста ғана емес, батыс
бағытта да жүргізе бастайды. Бүл кезде Бумн қағанының інісі Иштеми он түмен
қол бастаған оның қол астында батыс түрік тайпаларының он қолбасшысы
болған. Қаған осы күшпен Ху соғдылықтарды жаулап алуға аттанады.Сонымен
түріктер 555 жылдың өзінде Арал теңізіне дейін ешбір қарсылықсыз басып
алған.Олар аз уақыттың ішінде қытайдан Әмудари яға дейін, Ташкенттен
Сырдарияға дейін жаулап алды.ҮІ ғасырда түрік қағанаты Солтүстік Кавказ бен
Қаратеңіздің солтүстік жағалауына дейін жаулап алды.Яғни ҮІ ғасырдың екінші
жартыс ында түріктер қытай, иран, Византия секілді ірі мемлекеттермен
терезесі тең күшті мемлекет болып қалыптасты.Бүл мемлекетке өзге
мемлекеттер соғыс ашуға араласуға батылдары бармады.

ХАЛҚЫ

Түрік қағанатының негізгі құрамы түркі тілдес халықтар болды.Олардың
негізгі басым көпшілігі теле тайпалары.Теле- көптеген түркі тілдес
тайпалардың ортақ атаулары.Қытай шежіресі бойынша теле сөзі түрік сөзі
болып шығады. Түрік қағанатының қүрамында отыздан астам тайпа
болған.Олардың ішінде қырғыз, оғыз, үйсін, үйғыр, дулу т.б тайпалар болған.

ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Қағанат халқы негізінен көшпелі жэне жартылай көшпелі мал шаруашылығымен
айналысты. Қыстаулары Іле,Шу, Талас, Ертіс сияқты үлкен өзен бойларындағы
тоғайлы жерлерде малға шөбі шүйгін жерлерді қоныс еткен. Төрт түлік малды
көбейтіп пайдаланған.Мал өнімдері жүн, ет, тері, сүт жесе азық, кисе
киімі болған.
Күлтегін ескерткішінде қала туралы сөздер кездеседі. Бүл түріктердің
Жетісу жэне Орта Азия жерлеріндегі қалалық өмірмен танысып, кейбір
бөліктердің отырықшылыққа көше бастағанын көрсетеді. Түрік тайпаларының
өздері өзен бойларындағы қыстауларда жер өңдеумен айналыса бас таған.Оған
басты дәлел Жетісу және Оңтүстік Қазақстанда археологиялық зерттеулерге
сүйенсек Тараз қаласы маңайында түріктердің қыстақ- кенттерінің табылуы
дәлел.Бірақ түрік қағанаты саяси жағынан бір орт алыққа бағынған күшті ел
бола алмады.Ішкі саяси жағдайлар бүтін елді ыдырауға әкеліп
соқтырды.Соңында 603 жылы батыс жэне шығыс болып екіге бөлініп кетті.
Түрік қағанаты 603 жылы Батыс, Шығыс болып бөлінгеннен кейін олардың алып
жатқан жері анықтала бастады. Батыс қағандық Оңтүстік Шығысыңда Іле, Шу
өзендерінен бастап, Солтүстік батысында Еділ мен Кубань өзенінің ағысына
дейін, ал Солтүстік шығысында Есіл мен Ертіс өзендері бойын алып жатты.
Батыс Қағанаттың орталығы Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы
ордасы Мыңбүлақта орналасты.
Алғашқы кезде қағандықты Тардуш Дато қаған басқарды. Батыс түрік
қағанатының билігі күшейген кезі болатын. Ал шығыс қағанат бүл кезде
қытайлар соққысына үшырап, элсіреу кезеңін өткізді. Мүны білген Тардуш
шығысты өзіне қаратып, қосып алуды мақсат түтты. Бірақ ол ойы іске
аспады.Алайда кең байтақ жерді алып жатқан қағандықтың сыртқы жағдайына
қарағанда ішкі саясатын қалыптастыру қиынға соқты. Халықтың қүрамы алуан
түрлі болғандықтан, қағандықта 630 жылдардан бастап билік үшін талас-
тартыстар басталды. Сондай бір таласта 634 жылы Нушеби тайпасының
қолдауымен Ешбар, Елтеріс қаған билікті өз қолына алды. Ол он тайпа
жүйесін еңгізді. Бірақ ел ішіндегі тайпалар ыдырай бастады.
Әсіресе дулулар мен нушебилер арасында 640-657 жылдары болған тартыс
қағандықты элсіретіп жіберді.
Мұны көріп отырған қытай мемлекеті 659 жылы Жетісуға басып кірді. Ешбір
қаған қолға түсіп, қаза болды. Сөйтіп қағандық өз тәуелсіздігінен айырылып
қалды. Бұдан кейін қағандық басшылардың үйымдастыруымен Қытай
басқыншыларына бірнеше рет жорық ұйымдастырды. Бірақ нэтижелі жеңіске жете
алмады. Тек VII- VIII ғасырдың басында түргеш тайпасының қағаны Үшліктің
Тан империясына қарсы жүргізген жорықтары нэтижелі бола бастады. Ақыр
аяғында 704 жылы Ушлік қытайлармен күресте де зор жеңіске жғетеді. Бүл
жеңіс түрік қағандығы жойылып, орнына түргеш қағандығының қүрылуына жол
ашты.
Қағанаттың жері Орта Азияның Оңтүстік шығысында Шаш Ташкент қаласынан
шығыс Түркістандағы Бесбалы, Түрфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды.
Орталығы Суяб қаласы болды. Халқының қүрамы түрік тілдес тайпалардан түрды.
Негізгі қүрамы Түргештерден түрды. Олар Сары және Қара түргештер болып
екіге бөлінді. Олар Шу, Талас, Іле өзендері бойында өмір сүрген. Саяси
билік қаған қолында болды. Қағанат жиырма әкімшілік аймаққа бөлінді.
Аймақтар жеті мыңнан әскер жинады. Қағанат 704-756 жылдары өмір сүрді.
Қаған 706 жылы кенеттен қайтыс болды. Билік үшін қара және сары түргештер
арасында тартыс болды.
Сұлу қаған (715-738) билікке келгеннен кейін түргештер қайта күшейе
бастады. Екі тайпаның арасында қара түргештер жеңіп, Сұлу қаған орданы
Талас қаласына көшірді. Сүлудың билікке келген кезінде ішкі- сыртқы саяси
жағдайдың шиеленісіп түрған уақыты болатын. Батыста Арабтардың шапқыншылығы
күшейіп түрса, шығыста Қытай мемлекеті қауіп төндіріп түрды. Сүлу қаған
шығыстағы жағдайын әскери келісім шарт жасаумен қатар қүдандалық арқылы да
дүрыс жолға қоюға тырысқан. Осы жолда 717 жылы Тан империясына барып, қайту
сапары сэтті болды. Шығыс түрік қағаны Білгеннің қызына қүда түсіп,
баласына алып берді. Өзі Тибет патшасының қызына үйленді. Сөйтіп қаған
шығыстағы жағдайын дүрыстап алды.
Ендігі мэселе батыстағы жауы арабтар еді. Қаған арабтарға қарсы Орта
Азиядағы адамдарды айдап салып, өзі жэрдемдесті. Сұлу Самарқан, Бұқара
тұрғындарымен күш біріктіріп бұл қалалардан арабтарды қуып шықты. Қаған
Тоқарыстандағы арабтарды да бір жолата қуып шығу үшін 737 жылы ондағы
қарлұқтармен бірлесіп арабтарды тас- талқан етіп жеңді. Алайда жеңіске
қуанған тоқарлықтар әскерін ерте таратып жіберіп, арабтардың күтпеген
жерден жасаған шабуылына жеңіліп қалады. Еліне оралған Сұлу қаған Навакет
қаласында өз қолбасшысы Баға Тарханның опасыздығынан қайтыс болады. Арабтар
Сұлуға Сүзеген, Мүйізді қаған деп ат қойған.
Сүлудың орнына оның баласы Тұқарсан Құтшар қаған болған. Оның қағандық
мерзімі бір- екі жылға ғана созылған. Осы кезде қара және сары түргештердің
арасындағы тартыс өте күшейіп кеткен еді. Ол жиырма жылға созылды.
Қара түргештердің Тарқаны Жыпыр 749-753 жылдары қағандықты өз қолына алды.
Бірақ оның билік құрған кезінде де жағдайы жақсара қоймайды. Керіс, талас
ушыға түсіп, түркеш қағандығы біржолата элсірейді. Осы сэтті тиімді
пайдаланған Атлах шайқасына қатысқан Қарлұқ көсемдері пайдаланып, 756 жылы
түргеш қағандығын қүлатып, билігін өз қолдарына алады.

2.2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМЫҒАН ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ КЕЗЕЩ

Түргеш қағандығы кезінде қалалардың дамығандығы байқалады. Оның басты
себебі қағанат жерінің ¥лы Жібек жолының бойында орналасуы зор әсер етті.
Екіншіден сауда ісінің нағыз қайнаған орталығы Суяб, Баласағұн, Тараз,
Испиджаб сияқты қалалар да игі әсер етті. Археологиялық зерттеулер
барысында Тараз қаласынан Түргеш қағанның теңгесі, Түріктің көк ханының
теңгесі деген соғды жазуымен жазылған теңгелер табылған. Бүл теңгелер 704-
766 жылдары Тараз қаласында соғылған. Осы уақыттар арасында қалаларда майда
өнеркэсіп орындары ашылып, жұмыстар жасалған.
Жазба деректерде Қарлүқтардың Бүлақ руы Алтай тауының баурайында
мекендеген. Ал жетінші ғасырдың басындағы Қытайдың Татиу әулеттік
хроникасында қарлүқтардың түрік тілдес тайпалардың бір тармағы екендігі,
олардың қүрамында Бүлақ, Жікіл, Ташылық деген тайпалардың болғандығы
көрсетілген. Бүл деректер қарлүқ тайпасының түрік қағанатының құрамында
болғандығын көрсетеді. Қарлүқтардың түріктермен түбі бір екендігін араб-
парсы деректерінен де кездестіруге болады. Араб тарихшысы эл-Марвазидің
хабарына қарағанда қарлүқтардың қүрамына тоғыз тайпа; үш жікіл, үш бескіл,
бүлақ, көкеркін жэне тухси кірген. Сондай-ақ лазана мен фракия рулары да
кірген. Қарлұқ тайпаларының топтасқан жері Алтай тауынан Балқаш көліне
дейінгі аралық болды. Қарлүқтар Жетісуға қарай жылжуы осы өңірдегі ұйғыр
тайпасын басып алуынан басталды. Қарлұқтар түргеш қағанатының элсіреген
жағдайын пайдаланып, 756 жылы билікті ңолдарына толықтай алды. Бұл
қағанаттың да орталық қаласы Суяб қаласы болып белгіленді. Қарлұқтар 766-
775 жылдары Қашқарияны жаулап алып, шығыстағы шекарасын кеңейте түсті.
Дегенмен қарлұқтар IX ғасырда шығыстағы ұйғыр қағандығынан жеңіліс табады.
Арадағы соғыс көп жылдарға созылды.
Ақыр аяғында бұл соғыста қарлұқтар қырғыздармен бірлесіп 840 жылы ұйғыр
қағанатын тас-талқан етіп жеңеді. Осы жеңістен кейін Білге Күл Қадыр- хан -
Испиджаб қаласының билеушісі етіп, өзін қаған деп жариялайды.
Осы уақыттар ішінде арабтар ислам дінін идеялық қару ретінде
пайдаланып қарлүқтарға бірнеше рет шабуыл жасайды. Қашғардың түрік
билеушілері 940 жылы Баласағүн қаласын басып алып, Қарлүқ қағанатын
талқандайды. Міне осы кезде қарлүқтар арасында ислам дінін қабылдау
басталады.
Сонымен екі жүз жылға жуық билік қүрған Қарлүқ қағанаты өз
үстемдігінен айырылды.
IX- ғасырдың аяғы X- ғасырдың басында Сырдарияның орта
шені жэне төменгі ағысында Оғыз мемлекеті пайда болды.
Орталығы осы өзенің бойындағы Янгикент қаласы болды. Түрік
тілдес оғыз тайпалары өте ерте ғасырларда орталық жэне Орта
Азияда өмір сүрген. VII- ғасырда Батыс Жетісуды мекендеген
оғыздар Түрік қағанатының қүрамында болған. Оғыз сөзінің
пайда болуы эр түрлі болып пікірлер білдіреді. Кейбір ғалымдар
уыз сөзінен пайда болды десе, екінші біреулері садақтың оғы
деп болжайды.
X- ғасырдың орта кезеңінде Жетісу аймағы мен Шығыс
Түркістанның бір бөлігінде Қарахан мемлекеті қүрылды.
Орталығы Баласағүн қаласы болды.Мемлекеттің негізін Білге
Күл Қадыр-ханның немересі Сатүх Боғра (915-955) қалады.
Ол билеп отырған Тараз бен Қашғардың ханы Оғылшақты жеңіп, қалаларын
тартып алды. Жетісудан Испиджабқа жэне Шығыста Қашқарға дейінгі аумақты
басып алып, Қарахан мемлекетінің шекарасын үлғайта түсті. Бүл мемлекеттің
этникалық қүрамына жікіл, яғма, қарлүқ, оғыз, қаңлы, үйсін, тағы басқа да
түркі тілдес тайпалар кірді. Мемлекеттің күрылыуына басты себепті болған
қарлүқ тайпасы болды. Ал, басқару істерінде яғма тайпасы адамдары шығып
отырған. Хандардың Арслан хан, Боғра-хан атаулары жікіл тайпасының тотемі
арыстан, яғма тайпасының тотемі бура болуына байланысты қойылған. Жоғарғы
өкімет билігі қағанның қолында болған. Вилік мүрагерлік жолмен үрпақтан-
үрпаққа беріліп отырған. Ханның мемлекеттік саяси-экімшілік іс жүргізетін
орны-орда болған. Онда сарай қызметкерлері түрған. Мемлекет негізін қалаушы
Сатүқ- Боғра хан өлген соң, билікті оның баласы Мүса алады. Мемлекет
Орталығы Қашғар қаласы болып белгіленеді.Әли Арслан тараз бен Беласағүнның
билеушісі болып саналды.
Міне, осы кезден бастап Сатұқ Боғра ханның екі баласы -Хасан Боғра хан
мен Арсланның үрпақтары арасында билік алма кезек ауысып отырды. Дегенмен
Қарахан мемлекетінің ішкі әлсіздіктеріне қарамастан сыртқы мемлекеттерге
шабылуын тоқтатпады.
Соның эсерінен олар көп кешікпей Самани Әулетінің астанасы Бұхараны
жэне Самархан қалаларын басып алды. Бірақ Жент қаласы аймағында тұратын
тайпалардан қорыққан ол Жетісу жеріне оралды. Ол Қошқарбасы деген жерде
қайтыс болады. X ғасыр айағында Қарахандардың Орта Азияға шабулы қайта
басталды. Хасан Боғра ханның баласы Жүсіп 992 жылы Хотанды басып алса, Әли
Арсланның баласы НасырИбн Әли 996 жылы Мауранахрға жорыққа аттанды. Бұл
жорықтан қорыққан Самани эулетінің билеушісі өзінің вассалы газнюшерді
көмекке шақырды.
Насыр ибн Әли 999 жылы Бұхараны да басып алды. Сүйтіп Қарахан
мемлекеті Маураннахырды біржолата бағындырды. Қарахан мемлекетінің негізгі
үлесті жүйеде қаланып, Шығыс жэне Батыс - екі иеліктен тұрды. 1. Шығыс
хандық Жетісу айсағымен Шығыс Түркістанды биледі. Орталығы Баласағүн
қаласына жақын Қара Орда Қашқар қаласы орталығы болды.
2. Батыс хандық Мауранахрды биледі. Орталығы алғаш Үзкент, кейін Самархан
қаласы болды. Дэстүр бойынша Шығыс хандығы Қарахан мемлекетінің негізі
болып саналады. Сондықтан оның ханы үлы хан болып есептелді. Басқа
хандықтар оған бағынышты болуы тиіс болатын. Бірақ олай болмай шықты. Екі
хандықтың арасында бірлік онша болмай шықты. Ибраһим ибн Насыр XI ғасырдың
40 - жылдарында Әли тегінің балаларына қарсы гаыгып, жеңіп шығады. Ол 1040
жылы таиғаш Бурахан атағын қабылдап Мауранахрға толық йелік етеді. Осы
кезден бастап Қарахан мемлекеті екі иелікке бағынышты болады.
Қарахандықтардың мүндай элсіздігін Салжүқ сүлтаны Мэлік шах пайдалана
біледі. Ол 1089 жылыБатыс хандықтың орталығы Самарханды одан соң Бүхараны
басып алады. Бүл өңірді басқарып отырған Бурахан амалсыз беріледі.
ХП-ғасырдың 30 - жылдарында Шығыстан қарақытай Жетісуға басып кіреді.
Олар 1141 жылы Самархан қаласына жақын жердегі Қатуан даласында
Қарахан мен Салжұқ эскерлерін ойсырата жеңеді. Сүйтіп бұл жерге қытайлар
алым - салықты жинауды, басқа да істерін жүргізеді. Бүл жерде Хорезм
мемлекеті қарақытайларға соққы береді. Бұл жағдайды байқаған қарахан
билеушілері Хорезм хандығын қолдап, өз биліктерін қайтып алуға тырысады.
Талас бойында қарақытайлықтарды үлкен жеңіліске үшыратқан Хорезм ханы
Мүхаммед Самарханға оралады. Батыс иеліктің ханы 1212 жылы қаза болып
Мүхаммед Қарахан мемлекетін біржолата құлатты. Ал, Шығыстағы хандықты
Найманханы Күншілік басып алады. Сонымен үш ғасырға жуық өмір сүрген
Қарахан мемлекеті қүлайды.
Наймандар, Керейттер, Жалайырлар тайпалырының мемлекет болып кұрылуы
Орталық Азияның шығысында Қазақстанмен шектес монғолия жері аумағында
қалыптасқан. VIII- ғасырдағы монғолия жазба деректерге қарағанда найман
сегіз дегенді білдіреді. Сондықтан моңғолдар оларды наймандар деп атап
кеткен. Найман мемлекетінің аты шыға бастағанкех ХП-ғасырдың екінші
жартысы. Орталығы Орхан өзені бойындағы Балықты қаласы болған. Қала бірнеше
рет үйғырлардың, бірде қарақытайлардың, бірде қырғыздардың қолдарына
түсіп, сан рет қайтарылған. Алайда Найман мемлекеті ұзаққа бармайды. Білге
хан дүние салғаннан кейін оның екі баласы билікке таласып хандықты
элсіретеді. Осы мезгілді аңдыған моңғолханы Шыңғыс хан шабуыл жасайды.
Кейінгі деректерге қарағанда шыңғыс хан жорықтары Қазақ хандығы
құрылғанша салтанатты түрде өмір сүреді. Тарихта Шыңғыс хан Батыс европаға
дейінгі мемлекеттердің барлығын жаулап алғандығы белгілі.
Әрине екі ортада Алтын орда, Көк Орда хандықтарының өмір сүргендігі
Ч.Есенберлин секілді атақты жазушымыздың Алтын Орда атты тарихи
томдарынан белгілі. Онда 1212 жылдан 1515 жылға дейінгі қазақ жерінде
болған өзгерістер мен тарихи оқиғалар суреттелген.
Бұл тарихта Әмір Темірдің ұланғайыр соғыс эрекеттері, қатыгездік
соғыстары хандардың ауысу кезеңдері айтылады. Осындай ауыр кезеңдері бастан
өткізген ұлан байтақ қазақ жері бізге ата-бабадан мұра ретінде қалған асыл
қазынамыз.
Ал, сол замандардағы халықтардың тұрмыс тіршілігі өсіп-өркендеуі заман
агымына қарай дамып отырған. Қанша жерден соғыс болса да, көшпелі халық
ретінде саналса да олар сауда-саттық, шаруашылықпен үнемі айналысып
отырған. Оған негізгі ықпал етудің бір жолы Үлы Жібек жолы керуенінің
біздің жерімізді басып өтуі зор септігін тигізген.
Ежелгі Қытай деректеріне қарағанда біздің заманымызға дейін 1 ғасыр
ортасында алғаш рет Қытайдан Батыстағы елдерге қарай Жібек артқан керуендер
жолға шыққан. Ал, бұған жацап ретінде Қытайға немесе Шығыс елдеріне Жерорта
теңізі жағасындағы елдерден эртүрлі тауарлар алғызған. Халықаралық сауда
жолы арқылы Орта Азияның атақты асыл тұқым жылқылары, Шығыс елдерінен
тілдер, мүйізтұмсық, барыс пен арыстандар, аң аулауға жэне саятшылық құруға
қажетті құстар (қаршыға, бүркіт) сияқты сирек кездесетін жан-жануарлар
сатыла бастаған.
Сонымен қатар қолда өсірілетін жүзім түрлері, шабдалы, қауын жэне
Шығыстың, Орта Азияның жемістері сатылған. Жібекті Қытай мемлекеті сатуға
алып шыққанымен оның өндірілу эдісін ешкімге білдірмеген. Әйтсе де Қытайдан
жасырын түрде алып шыққандар болған. Оны адамдар куыс қурайдың ішіне,
эйелдердің шаштары арасына тығып алып шыққан деседі. Сөйтіп жібек өндіру
эуелі Византия, Соғды елдерінде жүзеге асырыла бастаған. Византия
мемлекнтінен Шығыс Азияға қарай түрлі форфорлық шыны ыдыстар келген. Оны
қазба жұмыстарының нэтижесінде бұрынғы қалалар орнынан тауып
жүрміз.Археологиялық зерттеулерде ерте орта ғасырға (УІ-ІХғ) қарағанда орта
ғасырдың дамыған кезінде (Х-ХІІғ) отырықшылық мэдениет өркендап, қалалар
саны көбейген.
Егер бұрын Оңтүстік Қазақстанда табылған қалалар саны 30 болса,
кейінгі деректер бойынша 37-ге жеткен.Оңтүстік Қазақстанда қалалардың
топтаса орналысқан жерлері Арыс өзенінің Сырдарияға қосылар тұсындағы
сағалары. Арыстың орта ағысындағы Осбаникет қаласы болған.
Сырдың орта ағысында- Сүткент, төменгі ағысында Сығанақ, Жанкент, Аснас,
Жент, Баршынкент қалалары өмір сүрген. Қаратаудың терістігінде Балаж бен
Берукет қалалары өмір сүрген.
Қалалар саны жағынан ғана емес, көлемі, экономикасы, халқы т.б.
жағынан өсіп отырған. Оны негізінен 3 топқа бөліп қарауға болады. Бірінші
топқа көлемі 30 гектардан асатын қала жүрты жатады. Ондай қалалар Испиджаб,
Отырар, Сауран т.б. Екінші топқа 10 гектардан 30 гектарға дейінгі қалалар
жатқызылған. Мүндай қалаларға Бурух, Хурлуг т.б. болған. Ал, үшінші топқа
көлемі 10 гектардан аспайтын қалалар- Алмалық, Лавар, Қапал, Актам, Арасан
т.б. жатқызылған. Дамыған ортағасырлық қалаларға Отырар, Тараз, Талғар,
Баба-Ата қалаларын атауға болады.
Қазба жүмыстары нэтижесінде қала құрылыстарының жобалары
анықталды.Онда көше оның екі жағын алып жатқан үйлер т.б. қүрылыстар
болған. Сонымен қатар қалаларда қыш-қүмыралар жасайтын махалласы, ұста
шеберханалары, қолөнер шеберханалары салынған. Сонымен қатар Х-ХІ
ғасырларда салынған қалаларда сол заманда мүсылман дінінің енуіне
байланысты мешіттердің салынуы. Шығыс моншаларының салынуы. Бүл сол
замандағы халықтардың отырықшылыққа шындап кіріскендігін аңғартады. Мүндай
моншалар Отырар, Тараз, Иасы қалаларында мэдениеттің даму дэрежесін
көрсетеді.
Зерттеу жүмыстары қалалардың бекіністері жайла да мэлімет береді.
Отырар қаласының дуалы табанының қалындығы 6,2 м болса, жоғарылаған сайын
үшкірлене берген.
Қала үйлері де эр түрлі жобада жасалған. Бөлмелері қатар - қатар
алдынғы жағы ашық алаңқай болағн. Үйлер төбесі итарқа есебінде жабылған.
Үйлерге қоса жалғастырыла қора - жайлар салынған. Әрбір бөлмеге ошақтар
жылу үшін салынып отырған. Мүндай үйлер Жетісу жерінде көп кездескен.
Қала түрғындарының көбейуі түтыну бүйымдарын көп өндіруді талап етеді.
Сондықтан да қалаларда түрлі бүйымдар өндіретін шеберлер, Шеберханалар
көбейе бастаған.
Орта ғасырларда қыш құмыра, шыны, металл бұйымдарын жасайтын ұсташылық,
сергерлік, сондай - ақ тас өндеу кэсібімен айналысатын шеберлер
қалыптасады. Олардың өндірген бұйымдарын қалалық өмірдің өркендеу деңгейін
аңғаруға болады.
Құмырашы - көзешілер қыш ыдыстарды саз балшықтан эр -түрлі формада
жасаған. Оны жасау жолдары бірнеше бөліктен тұрған. Егер бір жерде саз
илейтін болса, екінші жерде ыдысты қалыпқа келтірумен айналысқан. Ал,
үшінші жерде оны ошаққа күйдіру жүмыстары жүргізілген.
Қыш құмыра жасайтын шеберханалар Отырарда, Қүйрықтөбеде, Талғар, Тараз
т.б. қалаларда болған. Қыш қүмырашылардың қолы жеткен жетістіктерінің бірі-
шыны эйнек бүйымдар кэсібінің дамуы. Шыны ыдыстарды үрлеу эдістермен
жасаған. Ал, кейбір түрлерін қалыпқа қүю тэсілдерімен жасаған. Шыны
жасаушылар терезе эйнектерін де жасаған.
Қазба жүмыстары кезінде күнделікті түрмысқа қажетті темірден жасалған
бүйымдардыда кездестіруге болады. Әсіресе пышақ, біз, қайшы немесе
егіншілікке қажетті қүрал - саймандар. Әсіресе Талғар қаласындағы темір
үста дүкендерін қазғанда соқа - түрендері, балта, баға сияқты басқа да
жабдықтардың қалыпқа қүйылып жасалғандығы белгілі болды. Көріктің
сынықтармен темір қыздыратын ошақтардың болғандығын дэлелдейді. Зергерлік
кэсіп. Кәсіптің бүл түрін үсталықтағы шеберліктің жетістігідеп айтуға
болады. Егер үсталық күнделікті түрмысқа қажетті бүйымдар жасаудан туса,
енді олардың өркендеуі, біртіндеп шеберліктің артуы сэн - салтанатты, эсем
зергерліктің бүйымдарын дүниеге экелді. Зергерлік бүйымдар өте ерте
заманнан - ақ белгілі.
Алайда ондай бүйымдар орта ғасыр қалаларында көптеп кездеседі. Талғар
сияқты қалалар мағындағы зираттардаы қазған кезде күміс білезік, алтын
сырға, сақина түрлі алқалар табылған. Сонымен қатар көмбелерді қазған
кездерде де зергерлік бұйымдар көптеп кездескен. Бүл орта ғасырдағы
зергерлік үсташылықтың жақсы дамығандығын көрсетеді. Орта ғасырдағы қол
өнерде дамыған кэсіптердің бірі - сүйек үқсату.
Қазба жүыстар кезінде табылған сүйектен жасалған бұйымдардың ішінде көбірек
кездесетіндері - мүйізден жасалағн эшекейлер. Талғар маңында шахмат тастар
табылған.
Сонымен қала санының жэне оның түрғындарының өсуі күнделікті өмірге
қажетті түтыну бүйымдарын өндіруді талап ететіні жоғарыда атап өтілді.
Мүндай жағдайда саудаісін дамыту қажет болады. Сауда айырбас немесе ақша
(теңге) арқылы жүрді. Бүл кездегі сауда айналымының дамығандығын ақша
айналымының болғандығын байқауға болды. Қазба жүмыстар кезінде алтын,
күміс, қола теңгелердің болғандығын аян.
Алайда айырбас сауда басым болғандығы анық. Мэселен қалаға далалы
өлкелерден астық, жеміс, ет, жүн, тері әкелінсе, керсінше қаладан далаға
қолөнершілердің жасаған бұйымдары зергерлік эшекейлер керамика, шыны
бүйымдары тасылған.
ЖалпыХ-ХП ғасырларда сауда қалалық отырықшылық мэдениеттің
дамығандығын білдіретін басты көрсеткіш болды. Олтек қалалар арасындағы
сауда байланысы болып ғана қоймай, далалық аймақтар түрғындарының саудаға
араласуын, қаламен даланың байланысын күшейтті.
Егіншіліктің дамудақала санының дамуына байланысты болды. Отырар
қаласы аймағында егіндік жерлердің 60% - 70 %- ға жуығы осы X - XII -
ғасырда пайда болды.

2.3 БірҮұФас қазақ" мемлекетінің қүрылуы.

XV ғасырдың орта кезінде қазақ жерінің батысында Ноғай Ордасы, Жетісу
аймағында Монғол хандығы, сыр бойы, Орталық қазақстанда Әбілқайыр хандығы
өмір сүрген. Олар жер жэне билік үшін бір - бімен соғысып жатты. Оған
қосымша Әмір Темірдің ұрпақтарыда қазақ жеріне жортуылдап, жағдай мүлдем
нашарлады. 1428 жылы Бірақ ханның белгісіз жағдайда қайтыс болуы Ақ Орданың
жағдайын мүлдем элсіретіп жіберді. Сыр бойынан Батыс сібірге дейін бес
ұлыс, дербес хандықтар пайда болды.

Олардың өзаражер, билік үшін таласы тайпалар арасында араздықты туғызып,
елде бай-берекетсіздік өршіп кетті.
Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық эсіресе Әбілқайырдың түсында өзінің
шарықтау шегіне жетті. Тарихи деректерге қарағанда Әбілқайыр хан Ақ Орда
билігін өз қолына алу үшін 20 жылға жуық уақыт күрес жүргізген. Ал Ақ
Орданың мүрагерлері ¥рыс хан мен Барақ хан үрпақтары Жэнібек пен Керей
сүлтандар Әбілхайыр хан билігін мойындамады. Сұлтандардың басты мақсатттары
өздерінің жеке үлттық мемлекет құру болатын. Міне, Қазақ хандығының құрылу
қарсаңындағы елдегі саяси жағдайлар, осындай аумалы- төкпелі болып тұрды.
Біртұтас ұлттық мемлекеттің қүрылуының басты бір белгісі оның халқының
этникалық құрамы бірыңғай болуы тиіс болатын. Қазақ жеріндегі ру-
тайпалардың тілі, діні, әдет-ғұрпы, салт-саналары жағынан ұқсас келуі
қажет.
Қазақстандағы өмір сүрген ру - тайпалардың барлық жағынан ұқсас
екендігіне ешбір күман келтіруге болмайды.Бірақ жоғарыда айтылған саяси
сэйкессіздіктер сол ру-тайпалардың басын қосып біріктіріп бір ұлттық
мемлекет кұруға ешбір мүмкіндік бермеді. Тоқсан екі баулы өзбек
шежіресіндегі түрік тілдес туыстар шашырап, жеке-жеке хандықтардың қол
астында жүрулері олардың біртұтас ел болуына кедергі келтіріп тұрды.
Хандықтар арасындағы талас-тартысқа ру- тайпалар қарсы болып, елде
наразылық туа бастайды. Олар өзара бірігіп ел болуды көздеген жағдайлар жиі
көрініс табады. Оны Әбілқайыр хандығындағы саяси бытыраңқылыққа қарсы
болған ру-тайпалардың Жэнібек пен Керей сұлтандарға бірігіп Жетісу аймағына
ауып кеткен жағдайда анық аңғаруға болады. Мұндай жағдай моғол хандығынан
да орын алды. Оны ноғай ордасынан да көруге болады. Олардың кіші жүз
қазақтарына барып қосылуы, біртұтас ел болуы үшін ру-тайпалардың этникалық
жағынан ешбір күштеусіз-ақ бірігіп жатқандығы тарихи қажеттіліктен
туындаған болатын.
Қазақстандағы ру-тайпалардың негізгі этникалық кұрамы (қыпшақ, арғын,
найман, керей, кердері, алшын, қоңырат, үйсін, дулат, жалайыр, албан,суан
т.б) баты үш аймаққа шоғырланды. Олар шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісу аймағы,
Оңтүстүк Қазақстанның Түркістан аумағында орналасты.
Көрсетілген ру-тайпаларды ХҮ ғасырда өмір сүрген Фазлаллах Ибн Рузбихан
қазақтар, олар дүние жүзіндегі ең күшті, саны көп халық дп атаған.
Аталған аймақтағы негізгі үш этникалық топ қазақ халқын
қүрды.
Біртүтас қазақ үлттық мемлекеті құрылуының негізі экономикалық жағынан
дамуы болды. Археология зерттеулеріне қарағанда Қазақстанда өмір сүрген ру-
тайпалар сонау қола дэуірі кезінен бақташылық мал өсіру жэне теселі жер
өңдеу ітерімен шүғылданған. Ал Қазақстанның Оңтүстік және Жетісу аймағында
орта ғасырларда қалалық отырықшылық шаруашылық қанат жайған. Атақты Сауран,
Отырар, Түркістан, Сығанақ, Сайрам, Тараз сияқты т.б қалалары төңірегі
қыстық-кенттерге қоныстанған, ру-тайпалар жартылай мал өсірумен жэне егін
шаруашылығымен айналысқан. Көрсетілген қалалардың өзара шаруашылыық
байланыстары түрғындардың арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды
нығайтып отырған. Түркістан аймағындағы қалалар Орта Азияның атақты
қалалары саналатын Самарқан, Бүқара, Хорезм сияқты қалалармен баланысы
олардың экономикалық дамуына зор ықпал етті. Сонымен қатар қазақ жерінің
Шығыс пен Батысты байланыстыратын ¥лы Жібек жолының бойында болуы зор ықпал
етті. Сауда жолында орналасқан қыстақтар мен кенттер қала дэрежесіне дейін
өсіп, өркендеп қала дэрежесіне көтерілген.
ХҮ ғасырда қалыптасқан саяси-тарихи жағдайлар қазаақ халқының үлттық
мемлекет болып құрылуына елеулі ықпал етті. Қазақстан жерінде шаруашылықтың
дамуы көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен жэне егі шаруашылығымен
айналысатын аймақтарда айқын білінген. Шаруашылықтардың барлық салаларында
өзара байланыстар нығая түсті. Тілі, материалдық жэне рухани мэдениеті
жағынан өзара қатынастар нығая түсті. Қазақ тйпаларында өз жерінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет нысанының түсінігі
Мемлекеттің пайда болуы. Мемлекет типологиясы
Мемлекет - саяси ұйым
Мемлекеттің пайда болуы мен мәні туралы ақпарат
Мемлекет нысаны жайлы
Мемлекет типологиясы және формалары
Мемлекет типологиясының түсінігі, оны жіктеудің әдіс-тәсілдері
Мемлекеттің пайда болу себептері туралы
Мемлекеттің пайда болуының негіздері
Халықаралық пактілер
Пәндер