МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒАЛЖЫН ҚОРЫҒЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттік Қорғалжын қорығы

Қасиетті қазақ жерін жаяу аралап шыққан кез келген
адамның төрткүл дүниені түгел шарлағандай әсер алатыны
ақиқат. Ата-бабамыз ұрпағына ұлағат еткен осы аяулы
атамекенімізде Жер-анаға тән қандай да жағрапиялық
ерекшелік, қандай да ауа райы климатының құбылысы жоқ
десеңізші!
Жер ұйығы – Жетісудың, ақбас шың Алатаудың, асқақ Алтайдың, шежірелі
Маңғыстаудың, қазыналы Қаратаудың, қарағайлы Қарқаралының, кербез сұлу
Көкшетаудың, бағаналы Баянауылдың баламасыз тамаша табиғаты тәжірибелі
жаһанкездердің өзін де таңдай қаға тамсандырып келеді, таңдандыра бермек.
Соның бірі – Солтүстік жартышарда сақталған самалды Сарыарқаның
салиқалы жазығындағы қоғалы көл, қоқиқаздардың құт мекені – Қорғалжын
қорығы. Бүгінде Ақмола облысының Қорғалжын, Егіндікөл, Қарағанды облысының
Нұра аудандарының аумағында орналасқан бұл мемлекеттік қорықтың көлемі
258963 гектарды құрап отыр. Оның 197919 гектарын су айдыны алып жатыр.
Тарихты дүбірлеткен көнедегі ер түріктер тұлпарлары тұяғының ізі
қалған шежірелі Қорғалжын өңірінде талай буын көшпенділер қас батырларының
есімін әйгілейтін ескерткіштер сақталған. Атақты Тоқтамыс хан ат суарған
Тоқтамыс көлі, Абылайхан шатыр тіккен Абылай көлі, Кенесары қона жатқан
Сұлтанкелді көлі соған дәлел болса керек. Өткен ғасырдың бірінші жартысында
бұл өңірде ірілі-ұсақты 130-дан астам көлдердің айдыны кемерінен асып жатар
еді. Адам қолымен жасалған қиянаттың кесірінен оның біразы суалып,
біразының күйі кетіп, көлшікке айналды.
Қазір Қорғалжын қорығының аумағында 60-қа жуық тұщы және тұзды көлдер
бар. Тұщы көлдер қатарына Сұлтанкелді, Есей, Қоқай, Асаубалық жатса, тұзды
көлдер қатарына атақты Теңіз көлі кіреді. Қорғалжын қорығының атын әлемге
жайған құс падишасы – қоқиқаздарды сонау Африкадан бұл өңірге магниттей
тартып жатқан құдірет те осы – Теңіз көлі. Оның құрамындағы тұздың мөлшері
теңіз суының тұздылығынан 5-6 есе асып түседі.
Теңіз – көне көл. Мұнда мекен ететін құстар да
көнеден келе жатыр. Бұл – алқызыл қоқиқаздардың
солтүстіктегі жалғыз мекені. Олар мұнда Теңіз-Қорғалжын
ойпатын Тетис көлі басып жатқан палегон дәуірінен бері өмір
сүріп келеді. Жыл құстары үшін Теңіз көлі – таптырмайтын
құт мекен.
Теңіз көлі бір мезгілде 15 миллион құсты жем қорымен толық қамтамасыз
ете алады. Бұл жерде құс падишалары – бұйра бірқазандар мен алқызыл
қоқиқаздар ұя салады.
Табиғат құдіретінде шек бар ма?! Жыл сайын ұя басып, ұрпақ жалғастыру
үшін сонау Африкадан Теңіз көліне дейін мыңдаған шақырым қашықтықты артта
қалдырып, қанаттары талып, 50-60 мыңға тарта қоқиқаз Қорғалжын қорығына
ұшып келеді. Ал әлемдегі барлық бұйра бірқазанның 20 пайыздан астамы осы
жерге келіп, ұя салады. Ғалымдардың есебі бойынша, Қызыл кітапқа кірген
ақбас үйректің, қарабас өгізшағалалардың және далалық қырандардың 10-15
пайыздан астамы осы қорықта ғана жұмыртқа басады екен.
Қорғалжын қорығында сүтқоректі жануарлардың 41 түрі,
оның 8-і халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген, құстардың –
321 түрі, оның 39-ы Қазақстанның Қызыл кітабына, 22-сі
халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген, балықтардың – 14
түрі, жәндіктердің 700-ден астам түрлері мекендейді.
Сондай-ақ мұнда өсетін өсімдіктердің 418 түрі тіркелген.
Міне осындай тұмса табиғат тұнығы, құс жолының құт мекені – Қорғалжын
көлдерінің айдынын қасірет құрсаулады. Тың және тыңайған жерлерді игеру
желігімен жан-жақтан жиналған келімсектер өңірде алаңсыз өрген киіктерді
қынадай қырып, Теңіздің аққу-қаздарын топ-топтап атып, көлдегі балығын
жарылғыш карбидпен жусатты. Жергілікті халық ата-баба қорымын, туған
табиғатын қорғау мақсатында “төрімізге шығып, киізімізді тілген”
келімсектермен талай-талай қақтығыстарға да барды. Бірақ күш тең емес еді.
Келім-сектердің артында “қолтығына су бүріккен” үлкен империя тұрды.
Күн тәртібінде Теңіз, Қорғалжын көлдерін сақтап қалу мәселесі күннен-
күнге өткір қойыла бастады. Сөйтіп, 1957 жылдың наурыз айында бұл өңір
аңшылық заказнигі болып жарияланды. Ол да жетіскен шаруа емес еді. Енді бұл
көлдердің фаунасы мен флорасы заңды түрде рұқсат қағаздары бар “аңшылар”
мен “балықшылардың” майдан алаңына айналды.
Қазақстан ғалымдары мен зиялылары дабыл қағуын тоқтатпады. Осының
нәтижесінде 1958 жылы мамыр айында Көн өзенінің оң жағасында бар болғаны 15
мың гектар жерді қамтыған Қорғалжын мемлекеттік қорығы құрылды. Алайда, бұл
қорғалатын аймаққа ғажайып көлдердің үштен бірі де енген жоқ. Ол, ол ма,
“ұлы жүгеріші” атанған Никита Хрущевтің аярлығымен болашақта Ресейге қосу
үшін құрылған Тың өлкесі (“Целинный край”) 1961 жылы Қорғалжын қорығын
ыдыратып, оған бөлінген жердің жартысынан астамын жыртып тастады. 1962 жылы
механикаландырылған орман шаруашылығына айналған Қорғалжын қорық-
шаруашылығы бір-біріне мүлде кереғар функцияларға ие болды. Ол бір мезгілде
әрі табиғат байлығын қорғап, әрі аңшылық-балықшылықпен айналысуға тиіс еді.
Тек 1968 жылдың сәуірінде республика Ғылым академиясының ұсынысымен
Қазақ ССР Министерлер Кеңесі жалпы көлемі 177200 гектар, оның ішінде 147600
гектар су айдыны бар толыққанды Қорғалжын мемлекеттік қорығын құру туралы
№124 қаулысын шығарды. 1974 жылы қазан айында халықаралық Рамсар
конвенциясы бойынша Қорғалжын қорығы “А” категориясына жататын әлемдік
маңызы бар сирек кездесетін сулы-батпақты аймақ ретінде тіркелді.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдар ішінде Елбасының тікелей
назар аударуының нәтижесінде Қорғалжын мемлекеттік қорығының халықаралық
дәрежедегі жаңа шежіресі басталды. 1998 жылы Көкшетауда Қоршаған ортаны
және табиғи байлықтарын қорғау министрлігі мен Германияның табиғат қорғау
одағы (NABU) “Адам және биосфера” атты конференция өткізді. Онда Қорғалжын
қорығында экологиялық туризм бастамасын жүзеге асыру мәселесі қойылды. NABU
тарапынан бұл мақсатқа қаржылай грант бөлінді. 2000 жылы АҚШ-тың Калифорния
штатында өткізілген форумда қорық дүниежүзілік “Тірі көлдер” жүйесіне 19-шы
болып енгізілді. 2002 жылы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік табиғи мұралар қатарына
қосуға өтініш беріліп, 2007 жылы Теңіз-Қорғалжын көлдері ІВА (халықаралық
маңызы бар негізгі орнитологиялық аймақ) дәрежесіне ие болды.
258963 гектар жерді алып жатқан Қорғалжын қорығы – Қазақстандағы ірі
табиғи аймақ. Оның территориясы Швейцариядан да үлкен. Бүгінде осы табиғат
тамашасы, құс әлемінің құтты қонысы – Қорғалжын қорығының басына үйірілген
қасірет бұлты да қалың.
Оның ең бастысы, Теңіз-Қорғалжын айдын көлдерінің сусындайтын жалғыз
нәрі – Нұра өзенінің тартылуы. Әлімсақтан келе жатқан есеп бойынша,
Қорғалжын қорығы аумағындағы көлдердің қалыпты жағдайы сақталуы үшін жыл
сайын Нұра өзенінен бұл көлдерге 1 миллиард текше метр су келуі керек. Ал
қазір Нұра өзенінің өн бойын жағалай қонған су пайдаланушылар бұл меженің
10 пайызын ғана босатып отыр.
Кезінде қорық көлдеріндегі қажетті су мөлшерін реттеп отыру мақсатымен
Абылай және Табиақ су бөгеттері салынған болатын. Осыдан бірер жыл бұрын
сол бөгеттердің бірін тасқын су шайып кетті. Сол су бөгетін қалпына
келтіруге облыстық биліктің мойыны жар бермей жүр. Оны қалпына келтіруге
аса көп күш пен қаржы да (40-50 миллион теңге шамасында) қажет емес.
Бұлтартпас бір шындық, Нұра өзенінен құйылатын су осылай азая беретін
болса, әлемде сирек кездесетін бұл көлдерді ешқандай да қолдан жасалған су
бөгеттері құтқарып қала алмайды. Мамандардың айтуы бойынша, қорық көлдеріне
жыл сайын 700 миллион текше метр су құйылуы қажет. Бұлай болмаған жағдайда,
Теңіз-Қорғалжын көлдері суала бастайды. Теңіз көлінің аумағында тұз басқан
үлкен сортаң жер пайда болады. Одан ұшқан тұз аймақты үлкен экологиялық
апатқа ұрындыруы мүмкін. Оның үстіне Қорғалжын қорығының тәуелсіз
мемлекетіміздің мақтанышы, экономикамыздың даму локомотиві болып саналатын
ғажайып елорда – Астана қаласынан бар болғаны 164 шақырым ғана қашықтықта
орналасқанын да естен шығармауымыз керек.
Туған табиғатымыздың тұнық күйінде сақталуына орасан кесапат келтіріп
отырған тағы бір кесел – еліміздің экология-экономикалық дамуының қоршаған
ортаға барынша зиянды техногендік бағыттағы құрылым сипаты. Басқаша айтсақ,
экономикалық дамудың техногендік түрі – табиғат ресурстарын тез және орны
толмайтындай ойсырата пайдалану, жер қойнауындағы қазба байлықтарын
қарақшылықпен игеру, топырақ, орман, су қорларын рәсуа ету, қоршаған ортаны
газ, түтін және басқа да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдени мұра бағдарламасы және оның маңызы
Жануарлар ресурстарын қорғау шаралары жайлы мәлімет
Қазақстан Республикасының қорықтары және олардың туризмдегі рөлі (Қорғалжын қорығы мысалында)
Қазақстандағы қорықтар
Жануарлар ресурстарын қорғау шаралары жайлы ақпарат
Рекреациялық география - жаратылыстану ғылымының бір саласы (5 сағат)
Ақсу - Жабағылы қорығына жарты ғасыр толды
Мемлекеттік қорықтар
Жануарлар ресурстарын қорғау шаралары
Түркістан облысы және Жамбыл облысы
Пәндер