Ересек шақтың жалпы психологиялық ерекшеліктері



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I Тарау.Ересек шақтың жалпы психологиялық ерекшеліктері туралы ғалымдардың теориялық көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Ересек шақтың психологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Ересек шақтың қалыптасу құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3. Ересек шақтағы психологиялық құрылымның қалыптасуы ... ... ... ... ..13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті

Теориялық және қолданбалы психология кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Ересек шақтың жалпы психологиялық ерекшеліктері

Орындаған:
5B050300 психология мамандығының студенті__________ Кубашева С.

Ғылыми жетекшісі:
психология магистрі___________________________ ___Қуанжанова Қ.Т.

Ақтөбе-2012ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I Тарау.Ересек шақтың жалпы психологиялық ерекшеліктері туралы ғалымдардың
теориялық
көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Ересек шақтың психологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .5
1.2. Ересек шақтың қалыптасу
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3. Ересек шақтағы психологиялық құрылымның қалыптасуы ... ... ... ... ..13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 20
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Ересек (25-61) адамның психика процестерінің
шапшаңдығы жастық шаққа қарағанда бірсыдырғы баяулау болғанымен, ол психика
пластикасы жағынан жоғары тұрады. Бұл жаста адам өзін-өзі ұстай алады,
мінезде салқынқандылық пен қулық та пайда бола бастайды. Өмірлік тәжірибе
жинап, оны пайдалана біледі. Ересек шақтың да 3 кезеңі бар: бастапқы —
машықтану, орта — кемелдену және кейінгі — мосқалдану. Бірінші кезеңде
мінез-құлық барынша лабильді болса , ал үшіншісінде ол статистика жағына
ауытқиды. Ересектіктің бастапқы кезеңінде (25-37) психофизиологиялық
процестердің жоғары динамизмі пластикалы түрде жүреді. Бұл үшінші мүшел.
Басқаша айтқанда, мұндай психика суперпластикалы. Соның салдарынан бұл
кезеңде адамның белгілі бір мамандыққа өте тез машықтанып кетуіне
мүмкіндігі үлкен. Шығармашылық тұрғыда бұл пысық кезең барынша жемісті
болып келеді. Талай ғұламалардың интеллектуалдық мүмкіндіктерінің шыңына
дәл осы кезеңде шыққандарын біз тарихтан жақсы білеміз. Ақындар — артына
өлмейтін сөз, сазгерлер — музыка, суретшілер — қылқалам туындыларын, ал
ғалымдар ұлағатты ой қалдырды. Еуразия халықтарында 37 жас тағдыр
алаңдататын ерекше меже болып танылады.
Адамның өмірде қалыптасатын күрделі психикалық іс-әрекеті (ойлау,
сөйлеу) мен неғұрлым қарапайым табиғи функцияларын (мысалы, қозу мен
тежелеу процестерінің арақатынасымен ерекшеліктері) ажырата білу керек.
Психикалық іс-әрекет өзіне басқа да көптеген компоненттерімен қоса осынау
қарапайым функцияларды да қамтиды. Мәселен, адамның музыкалық қабілеттері
мен жоғары дыбыс айырғыштығының, математикалық ойлауы мен кеңістік анализі
және синтезі функциялары арасындағы байланыс белгілі. Әдетте нышандар деп
аталатын қарапайым, табиғи қасиеттер адамның сыртқы жағдайлар әсерімен
қалыптасатын күрделірек іс-әрекеттердің құрамына кіреді.
Белгілі бір жағдайларда қарапайым функциялар жөнді жетілмеген немесе
бұзылған кезде өздерінен жоғары орналасқан неғұрлым күрделі психикалық іс-
әрекетті да айқындай бастайды. Мысалы, ми қабығының желке-самай бөлігіне
зақым келгенде қарапайым кеңістіксинтезі бұзылады да мұның өзі есептей
білуге (акалькулия) зиянын тигізеді. Қалыпты даму жағдайында белгілі бір
нышандар осы қарапайым функцияларға жатпайтын, сондықтан оларға тікелей
тәуелді емес психикалық іс-әрекет дамуы шарттарының бірі ғана болып
табылады. Тіпті қарапайым функциялардың өзі де арнайы ұйымдастырылған
әсердің ықпалымен дамитындығы дәлелденіп отыр. Мәселен, психологтар жоғары
естігіштікті қалыптастыру жолдарын тапты. Күрделі психикалық іс-әрекет пен
қарапайым функциялар арасында жылжымалы, жанама қарама-қатынастар
болатындығын мидың шектелген белімдеріне зақым келген науқастармен
жүргізілген орнын толтыру-қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде
(А.Р.Лурия мен оның қызметкерлерінің зерттеулері (күрделі психикалық іс-
әрекет (сөйлеу-ойлау процестері) құрылымын қайта кұрудың өте бай
тәжірибесін дәлелдейді.
Ми қызметінің тұқым қуалау берілетін ерекшеліктерінің бірі - жоғары
нерв қызметінің типі деп жорамалданады. Ол нерв процестерінің күшін
қимылын, және тепе-теңдігін сипаттайды. Алайда, дамудың психологиялық және
физиологиялық ерекшеліктерінің бұл қатынасы да бір мағыналы болмай, өзі
баланың жеке басының құрылымы мен оның даму процесінің күрделі жүйесіне
еніп және көбінесе солармен анықталып отырады. Мысалы, нерв процестерінің
жоғары қозғалғыштығы бір жағдайларды тез ойлаудың, іс-әрекет тәсілін қайта
құру мүмкіндігінің ішінара негізі болса, екінші жағдайларда алавдаушылық
пен ырықсыздыққа да итермелейді.
Сөйтіп, физиологиялық, қарапайым, тұқым қуалай берілетін функциялар
психикалық даму процесінің кейбір жақтарына әсер етуі мүмкін. Бірақ та
олардың маңызы шешуші болып саналмайды. Даму процесінің негізгі мазмұны мен
механизмдері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Солардың
арасында жетекші болып балаларды оқыту мен тәрбиелеу жағдайлары есептеледі.
Зерттеудің мақсаты: психология ғылымындағы ересек адам психологиясының
ерекшеліктерін аша отырып оны ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Зерттеудің міндеттері:
- берілген тақырыпқа жүйелік түрде теориялық талдау жүргізу;
- ересек адам психологиясының негіздерін айқындау;
- ересек адамдардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту;
Зерттеудің методологиялық маңызы: Өзінің өмір жолында адам түрлі
дағдарыстар мен мәселелерге кездеседі. Осы мәселелер мен дағдарыстардың
себептері мен табиғаты әртүрлі.Олардың кейбіреуі өмірлік айналымдағы тұлға
дамуының байланысты және де олар әрбір адамның өмірінде болатын күнделікті
, табиғи жағдайлар, сонымен қатар олар өмірдің бір кезеңін екіншісінен
айырып тұрады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Өмірдің әртүрлі кезеңдерінде
адамдар дағдарыс жағдайлары мен ситуацияларды түрліше қабылдайды. Ол тұлға
дамуында үлкен маңызға ие, себебі біреулері дағдарыстың шешімін тауып, әрі
қарай дамыса, енді бірі оған бейімделе алмай өзін бұзады. Бұл адамның
дағдарыс жағдайын қабылдап, шешу мүмкіндігіне байланысты.
Зерттеудің болжамы: Өзін сыйлаудың төмендеуі статистикалық тұрғыдан
қарағанда жасөспірімдегі девиантты мінез-құлықтың кез-келген түрімен
байланысты. Олар: әділетсіздік, бұзақылар тобына тәуелділік, заңбұзушылық,
наша қолдану, маскүнемдік, агрессивтілік, суицидті мінез-құлық және түрлі
психикалық бұзылыстар.
Зерттеудің объектісі: ересек адам психологиясы
Курстық жұмыстың әдістемелік негізі болып Абрамова Г. С., Аверин В.,
Адлер Г., Ананьев Б. Г., Анисимов Л.Н. еңбектері мен қөзқарастары табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, ІІ тарау мен
тараушалардан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I Тарау.Ересек шақтың жалпы психологиялық ерекшеліктері туралы ғалымдардың
теориялық көзқарастары

1.1. Ересек шақтың психологиялық ерекшеліктері
Ересектіктің орта кезеңі (37-49) өмірдің де жерортасы осы төртінші
мүшел. Бұл кезде мінез-құлық барынша пластикалы.Ол — әр адам өмірінің
алтын дәуірі, өйткені осы кезеңде өмірлік тәжірибе, білімділік пен
кәсіптік машықтану деңгейі ең жоғары сатыға көтеріледі. Осы жаста адамның
өзіндік әлеуметтік бағыт-бағдары, тұрмыс-жағдайы болады.
Ересектің кейінгі кезеңінде (49-61) мінез-құлық пластикалы болғанымен,
психодинамика процесінің қарқыны едәуір бәсеңдеп қалған бесінші мүшел.
Бұндай психика — субпластикалы. Бұл кезде мінездің астарына сақтық қосыла
бастайды. Ол енді бұрыңғыдай кеуде соғуды бәсендетеді де, сыпайылыққа
көшеді. Сырт көзге мұндай адам инабаттылығымен ерекшеленіп тұрады. Халықта
бұл кезеңді екінші жастық деп те атайды. Өйткені, бұл кезеңде адам алғаш
рет өткен өміріне ойлы да сын көзбен қарай бастайды. Жүріс-тұрысымен, мінез-
құлқымен, тіпті киген киімімен кейде жастарға еліктеп те көреді. Ертеде
аталарымыз осы кезеңде қайта үйлену жағын да ойластырған...Әрине, олар іштей
қарттыққа дайындалуды да ойлайды. Кәртең кезеңде (61-73) психика барынша
статикалы. Бұндай сабырлы-салмақты алтыншы мүшелде жігіт ағалары басқаларға
ақыл айтуды көбейтеді, кейде тым ақылгөйлікке де салынып кетеді. Тіпті бұл
кемеңгерлерден өз балалары да алшақтай бастайды. Сондықтан, олар
немерелеріне ыстық ықылас білдіреді. Екінші жағынан, бұл жастағылар көпті
көріп, үлкен өмірлік тәжірибе жинайды. Дегенмен де, олар кей кезде
маңайындағылардың мазасын алып, ығыр қылады. Абайды толғандырған, көңілдің
күдік пен қапаға бейім мезгілінің терезені қаққандығы: Қартайдық, қайғы
ойладық, ұйқы сергек. Ашуың — ашыған у, ойың кермек деп. Өмірге қызу
араласуға үйреніп қалған бұл зейнеткер топ тордағы арыстан секілді бірден
тыныштыққа үйренісіп кете алмай, көпшілігі отбасымен қоғамға әлі де болса
пайда бергілері келіп шарқ ұрады. Кәрілік кезеңде (73-85) психика
инерттілігімен ерекшеленеді. Жалпы, бұл уақытта мінез аса сабырлы бола
бастайды. Адам аз сөйлеп, көп ойланады. Интровертті тұйықмінезділік өзінен
өзі келеді. Жас кездегі психика динамикасы келмеске кетеді.
Психофизиологиялық процестер бұрын тау өзеніндей екпінді болса, енді олар
дала дариясындай сабасына түседі. Ақылгөйлік біртіндеп көсемдікке ауысады.
Осы жетінші мүшел — асқар таудай ақсақалдар жасы. Ахуал сызат бергенде
ақиық Ақан серіні қамықтырған өміркүз: Әудемжер жүре алмаймын аяғымнан,
ұстаймын екі қолдап таяғымнан. Сайраған орта жүздің бұлбұлы едім, кәрілік
келіп қалды қай жағымнан дегендей. Сақтықта қорлық жоқтының ұраны жеті
рет өлшеп, бір кес! Көпті көргендер: Саади 85 жасқа келген, Г.Потанин
(85).
Қарт адамдардың (85-тен жоғары) сегізінші мүшелде мінез-құлқы
сенситивті-сезімтал типке жатады. Салыстырып қарасақ, бұл тип эмоциялы
типтің теріс айналық бейнесі. Адуын мінез, қызбалық пен нерв жүйесінің
қайраттылығы сөне келе кібіртіктелінеді, ал сезімтал мінез өкпешіл-ынжық
күйге түседі. Балалық шақтағы ауыспалы эмоция кәріліктің қажырсыз
сентитивтілігіне ауысады. Халық Кәрілік — екінші балалық деп тегін
айтпаған. Балалық 13 жас шамасында тәмамдалады. Ол кезде физиологиялық
жетілу басталады. Оның басты өлшемі — жыныс жүйесінің жетілуі. Қазақта: Он
үште — отау иесі деген аталы сөз бар. Бұл — көп ғасырлық халық тәжірибесі,
өмірдің өз қажеттілігі. Талдан таяқ жас бала таянбайды, бала бүркіт
түлкіден аянбайды дегендей. Адам баласы 25-ке келген соң жастық шақпен
қоштасуға мәжбүр. Біздің халық Дүние — жалған, жиырма бес қайта айналып
келмес саған! деп, өмірдің осынау бір асыл кезеңін талай ән-жырға текке
арқау етпеген. Себебі, ол жәй ғана ширек ғасыр емес, бұл бұдан бір мүшел
бұрын басталған физиологиялық жетіліп пісуідің шыңы. Бірақ, адамзат ұшін
бұл кезеңнің мағынасы басқада жатыр. Осы жастан бастап әлеуметтік жетілу
бастау алады. Есейіп, ержеткен адам бұдан былай өз тағдырын өз қолына
алатын дәрежеге жетеді, өйткені оның миы мен нерв жүйесі соған қажетті,
пайдалы ақпаратты жиынтықтап үлгереді. Ересек адамның бұдан ары есеюіне 36
жыл, басқаша айтқанда — үш мүшел кетеді. Бұл жылдарды Өміртану кеңістігі
деп атаған жөн шығар. Әлбетте, осы жылдар аралығында біз жар құшамыз,
отбасылы боламыз, түтінімізді түтетеміз, бала сүйеміз, қоғамға пайда
береміз, халыққа қызмет етеміз. Қашсаң да құтыла алмайтын кәріліктің де 3
кезеңі бар: кәртәңдік, кәрілік және қарттық. Яғни, нақылға мырза Қадыр:
Жылама азамат, жігіттік қашар деп, жыла сен қарттыққа дайындық нашар деп!
бекер айтпаған. Біз зейнеткерлікке шыққан адамның бәріне егде, кәрі, қарт
деп ауызекі айта береміз. Бұл үстүрт көзқарас. Көптеген халық кәрілікті
бөледі. Мысалы, орыс халқы: пожилой, старый, престарелый дейді. Бұл — бір
ескеретін жағдай. Ақылына қайраты сай батыр бабамызды данышпан халқымыз
жасы ұлғайған шағында шал немесе кәрі деген жоқ. Қанжығалы қарт
Бөгенбай атаған. Осы бір ұғымда үлкен мағына жатыр. Қарт дегеніміз жәй
әншейін қатардағы кәрілік емес, ол -кәріліктің жоғары сатысы.
Рухани дүниесі бай қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең
адамдарды толық мінзеді адам дейді. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты
болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты (Әл-Фараби). Мінез сапаларының бірі-
оның бірқалыптылығы. Мұндай адам құйындай ұйтқып тұрмайды, оның
қастерлейтіні ылғи да сөз бен істің бірлігі. Кімнің мінезі толық болса,
соның мінезі бірқалыпты да болып келеді. Бұл екеуі мінездің егіз қозыдай,
бірінен екіншісі ешқашан ажырамайтын қасиеттері. Мінездің тұрақтылығы
адамның саяси моральдық ұғымынан, түсініктерінен туындайды. Бұл қасиеттер
адамның өмір сүруінің мән-мағынасын, әрекетінің мазмұнын белгілейтін
мінездің сапасы.
Бірқалыпты тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді,
оның өзінің белгілі көзқарасы, принципі, өзіндік мінез-құлқы болады, ол
қауіп-қатерден бой тасаламайды, керек жерінде батылдық көрсете біледі.
Инициатива мен белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық
осындай мінезді адамға тән қасиеттер. Ал мінездің күшіне мақсатқа жету
жолында алда тұрған кедергілерді жеңе білуде көрінетін адам ұстамдылығының
мөлшері жатады. Соңғы сапа болмаса да, мінез өз мәнінде болмайды. Бойда
қайрат, ойда сөз, болмаған соң айтпа сөз деп Абай тегіннен тегін айтпаған.
Жақсы мінезге тән сапалардың біріне оның байсалдылығы жатады. Мінез адамның
дүниеге көзқарасы мен сеніміне байланысып жатса ғана онда жоғарыда аталған
сапалар қоры молаяды. Тек осындай мінезі бар адам ғана алдына айқын мақсат
қоя алады. Соңғысы берік сенімнен туады. Мұнсыз тиянақты әрекет ету қиын.
Қабілетсіз адам болмайтыны сияқты мінезсіз де адам болмайды. Жаман болсын,
жақсы болсын, әйетуір адамда бір мінез бітісі болады. Бірақ жоғарыда
айтқандай түрлі сапалары қиысып келетін үлкен мінезді адамдар жиі кездесе
бермейді. Біреуде оң жағы, біреуде бұл жағы жетпей жатады. Адам сондай-ақ
түрлі жағдайда түрліше қылық көрсету де мүмкін. Осыған қарап оның мінезі
тұрақсыз екен деп бағалай салуға болмайды. Өйткені, ол әншейінде батыл,
жігерлі болмағанымен, бірде осындай қасиететрімен көзге түсуі мүмкін. Мінез
үшін тұрақты қасиеттердің мәні өте зор. Мәселен, барлық жерде де адам
тәртіп сақтай алатын болса, тек сонда ғана тәртіптілікті сол кісінің мінез
бітісі деп санауға болады.
Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен әлеуметтік ортамен
(мектеп, балалар мекемелері, оқу өндіріс коллективі, қоғамдық ұйымдар)
тығыз байланысты. Осы айтылғандар мінездің дамуы үшін шешуші роль атқарады.
Мәселен, ешбір бала туысынан еңбек сүйгіш не жалқау, тәртіпті не ұстамсыз
болып тумайды. Оның мінезі, ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан
алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып отырады. Адамның
сыртқы ортамен жасайтын қарым-қатынасы белсенді қарым-қатынас. Сөз жүзінде
ғана емес, мінез-құлықты іс жүзінде жүзеге асыруға болады дейді Әл Фараби.
Сондықтан да оны қоршаған ортасы ғана өзгертпей, өзі де шама-шарқынша сол
ортасына тиісті өзгерістер енгізеді. Адамның нақтылы іс-әрекеті де мінез
бітістерінің қалыптасуында шешуші роль атқарады.
Әрбір адам басқа адамдардан өзіінң даралық өзгешелігімен
ерекшеленеді. Бұл орайда, адамдар мінез ерекшеліктеріне орай ажыратылады.
Мінез деген психологиялық қасиеттің төркіні гректің характер деген
сөзінен шыққан. Мәнісі із қалдыру. Психологияда-бұл дербестік мағынасы бар
адамға байланысты ұғым.
Адам мінезінің даралық ерекшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет
сипаттап жазған-ертедегі грек философы Теофраст болды. Бірақ, ол мінезді
адамның әлеуметтік-адамгершілік ерекшеліктерін білдірген. Лабрюйер де
Теофраст мінездері деген еңбегінде мінезді осы мағынада қолданған.
Алғашқы кезде мінез адамның әлеуметтік-адамгершілік ерекшеліктерін
білдірген. Бұл-әрине, темпераментке кері анықтама. Өйткені, темперамент-
адамда туа пайда болатын фенотипті организм қасиеті. Осы көзқарасқа орай,
мінез адамның туа пайда болатын фенотипті ерекшелігі.
ХІХ ғасырда француз ғалымы А. Бен мінезді тек психологиялық
ерекшелік, дара адамның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің
қасиеті деп санады. Т.Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі деп таныса, ал
орыс медигі әрі педагог П.Ф.Лесгафт ерік қасиеті деді.
И.Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда
болатын қасиет деп анықтады. Сондай-ақ ол адамның даралық қасиеттеріндегі
туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп
көрсетеді. Т.Рибо мінезді адамда туа пайда болатын икемделу десе, ал
Малапер, Фулье тағы басқалар мінездің туа пайда болумен қатар жүре пайда
болатын ерекшеліктері де бар дейді. Полан мінездің барлық сипаттары адамның
тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөніндегі
осындай екі түрлі көзқарас қазірге дейін өзара талас-тартыс туғызып келеді.

И.П.Павлов адамның мінез бітістерін жоғары нерв қызметінің тума
типтері мен өмір сүру барысында қалыптасатын уақытша нерв байланыстарының
өзіндік құйындысы деп түсіндірді. Бұл жөнінде ол былай деп жазды:
адамның мінез-құлқының бейнесі нерв жүйесінің туа біткен қасиеттеріне ғана
байланысты болып қоймайды, сонымен бірге организмнің жеке өмір сүру
барысында болатын ықпалдарға да байланысты, демек, кең мағынасында
айтқанда, үнемі тәрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да байланысты болады.

1.2. Ересек шақтың қалыптасу құрылымы
Ересектік өмірдің машықтану кезеңін де 3 топқа бөлуге болады. Бүйтіп
ұсақтаудың өзіндік сыры бар. Бұл — асылдың асылы, жарық дүниедегі ең
жемісті заман. Өкінішке орай, талай тарландар алтын уақытын, көмірге
айналдырып жүр. Біреу бұл кезде сыра сімірсе, екіншісі Құдайдың күні
тарыдан да көп деп құр сенделеді. Ал, үшіншісі нәпсінің жетегінде сауық
құрады. Шын машықтанған азамат қара басына да, халқына да қыруар пайда
әкелер еді. Өйткені, философтар таяқтың екі басы, сосын ортасы бар деп
сонау көне дәуірде айтып кеткен. Машықтанудың үш субкезеңді бөлшегі:
аңғырт, албырт, алғырт шақ. Былайша айтқанда, 25-29 жаста — аңғырт
машықтану, 29-33 жаста — албырт машықтану, 33-37 жаста — алғырт машықтану.
Сөз төркінін түсінгенге бұл жерде машықтану эволюциясын байқауға болады.
Баршамызға белгілі: 18 — кәмелет жасы, 25 – күш атасын танымайтын кез. 18
жыл тағы бір айналғанда кемелденудің қақ ортасы — 43 болады екен. Қалауын
тапса, қар жанады дегендей, осы бір жансыз сандарда қаншама ашылмаған сыр
жатыр! Егер назар аударсақ, осы материалда сиқырлы сандар (магиялы цифрлар)
тым жиі кездеседі. Олар: 3, 7, 9, 13, 17, 21, 25, 33, 37 т.б. сандар. Ал, 3
пен 7 барлық классификацияларда кездесетін әмбебап сандар. Басқалары да
көзге таныс, құлаққа жағымды цифрлар, халық арасында, діни ұғымдарда,
фольклорда, көркем әдебиет пен ғылым салаларында кеңінен тараған. Тек 43
саны жасырын түрде тұр. Ол — кемелденудің ең жоғары сатысының белгісі,
әлеуметтік есеюдің шырқау биігі. Бұл сан қанша жасырынса да табу қиын
емес. 37+6 немесе 49- 6 = 43. Ересектік кезең 60-тан сәл ғана аса, 61 жаста
толастайды. Зейнеткер жасымен шамалас. Бұл уақытта кәріліктің пердесі
ашылып, оның бірінші сатысы — қартаю басталады. 75-ке сәл жетіңкіремей, 73
жаста нағыз кәрілік келіп жетеді. Жалпы, нөлмен бітетін дөңгелек даталардан
аталмыш кезеңдердің ара қашықтықтары онша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі жас ерекшелік психологиясының мәселелері
Жас ерекшелік психологиясы жайында
Жеткіншекті іс-әрекет арқылы тәрбиелеудің ерекшеліктері
Жеткіншектердің құрбы - құрдастарымен қарым - қатынас мәселелерінің психологиялық аспектілері
ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ
БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕРІ ТУРАЛЫ
Баланың мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы психологиялық кезеңдері
Балалардың жас ерекшеліктерінің сипаттамасы
Психология ғылымындағы жеткіншек шақ туралы ғалымдардың теориялары.
Ерте балалық шақ сипаттамасы
Пәндер