Мұғалім мен тәрбиеші іс-әректінің ерекшелігі туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Мұғалім мен тәрбиеші іс-әректінің

ерекшелігі туралы

Адамзат тарихында әлемдік өркениенттің әрбір кезеңдерінде қаланған әртүрлі білім беру жүйесі белгілі болды. Олардың әрқайсысы қоғамға тән сипаттағы, қазіргі білім жүйесін атқаруға тиісті талаптарды, әлеуметтік саяси, экономикалық қатынастарды бейнелейді. Олардың ішіндегі басты белгілері болып табылатындары:

  • Спартандық тәрбие жүйесі.
  • Афиндық тәрбие жүйесі.
  • Діни тәрбие жүйесі.
  • Джентельменді қалыптастыру жүйесі:(батыс еуропалық жүйе)
  • Адамды ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу жүйесі (А. С. Макаренко)

XX ғасырдың екінші жартысында кеңес мектебіндегі тәрбие жүйесі ұжымдық шығармашылық жұмыстың қоғамдық пайдалы және өндірістік еңбек, әртүрлі ұйымдастырылған жұмыс формаларын ендіру (әртүрлі орталықтар, мектеп театрлары және т. б) . Ұлттық дәстүрлер, сонымен қатар оқу процесін қайта құрудың негізінде қолданды. Тарихи қалыптасқан тәрбие жүйесіне талдау жасау, кез- келген тәрбие жүйесінің негізгі құрамды бөліктеріне тәрбие мақсаттарының бөлімдері жататын тәрбие ұжымы тәрбие жүйесінің ядросы екендігін ұжымшылдық қарым-қатынаспен айнала қоршаған жүйеге аялы көзқарасты көрсетеді. Кейбір зерттеушілер осы ережелерді нақтылай келіп кез-келген тәрбие жүйесінің негізінде барлық ұжым болып қабылданған тәрбиенің мақсатын, ұжымдық- танымдық іс-әрекетті, тәрбиелеушілік қатынастарды, балалардың өзін-өзі басқаруын, ұлттық дәстүрлерге сүйенуді, әр жастағы ұжым- дарды құру мен ұжымдық шығармашылық жұмыстың әдістерін пайдалануды жаттығады. Мектеп мұғалімдері мектеп оқушыларының жас мөлшеріне қарай және жеке басына тән ерекшеліктер туралы түсінік қалыптастыру және осы ерекшеліктерді оқу-тәрбие процесінде ескеруі және міндеттері:

а) Мектеп оқушыларының жас мөлшерінің кезеңдеріне сипаттама

беру.

ә) Мектеп оқушысының жеке тұлғасының өзіндік ерекшеліктерін

ашу.

б) Педагогикалық процесте мектеп оқушысының жас мөлшерінің

психологиясын есепке алу.

XX ғасырдың 70-80 жылдарында оқыту процесін белсендіруге бағытталған, оның балаға арналғаны, оқушының оқытуды белсенді субьектісіне айналуына бағытталған әдістемелік зерттеулер көлемі көбейді. Оқыту процесіндегі радикалды өзгерістердің қоғамдық және педагогикалық санның қалыптасуына Ж. Пиаже(Швейцария), Б. Блюм, Д. Ж. Бруннер, Ж. Ганье, С. Эрикосынның (АҚШ) еңбектері куә. Ж. Пиажен- нің айтуынша, мектептер жаңаша ойлайтын қабілетті адамдар дайындау керек, тек өткен ұрпақтың істегенін ғана қайталамау керек, шығармашы- лық және ойлап тапқыш адамды әзірлеу керек. « Белсенділік деген- (интенсивтендіру, мығымдық) оқушының іс-әрекетімен пәнімен қосылғандығы дәрежесін анықтайды. Оқушылардың белсенділіктің дағ- ды біліктерін меңгеруі. Білім берудің қазіргі заманға сай әдістемелерін талдайтын болсақ, олардың бәрін, қазіргі қоғамның аса маңызды қажетті- ліктеріне жауап беретін, өсіп келе жатқан адамның дамуы мен тәрбиесі идеясы біріктіріп тұрғанын анықтау қиын емес. Олардың бәрі оқушыны танымдық іс-әрекеттің және өзіндік дамудың субьектісі ретінде қалыптастыра алады. Өзінің себеп-сылтауларымен, ынтасымен қажетті- ліктері мей-мақсат мүдделерімен, жан-жақты негізді білім дарылыққа деген талпынысы мен мүмкіндіктерімен қалыптасып келе жатқан жеке тұлға қазіргі дидактиканың орталығына айналады. Оқу мақсаты- адамның білім қазынасын көбейту ғана емес, тіптен адам өзінің аман-есен өмір сүруі үшін сол білімдерді пайдалана алуы да емес. Баланы өз заманына сай, айтарлықтай шығармашылық потенциалы бар жеке тұлғаны қалыптастыру үшін оқыту керек, ондай жеке тұлға үшін ғылым, эрудиция қоғамдық құндылықтарды жасау арқылы қоршаған болмысты түрлендіріп, өмір мен басқа ортаны жақсартудың құралы болып табылады. Осы аталып өткеннің бәрі ТМД-ның жаңашыл педагогтарының, шебер мұғалімдердің тәжірбиесінде көрініс тапқан. (Ш. А. Амонашвили, С. Н. Лысенкова, И. П. Волков ) олардың жауашыл ізденістері Кеңес үкіметі кезінде-ақ басталған. Қазіргі уақытта мұғалімнің таңдау мүмкіндігі таңдау мүмкіндігі бар кезде педагогтар шығармашылығы кең өріс алуда. Әрбір жаңашыл педагогтың тәжірбиесі бірегей болса да, олардың ортақ идеялары да бар, олар балаларға деген адамгершілігі қатынас, әрбір оқушыны жеке тұлға деп санау.

  • Оқушының ішкі жан дүниесін, оның мақсат мүддесін, ынтасын, қабілеттілігін, жанұя

өмірінің жағдайларын тани білу.

  • Оқушылармен қарым-қатынасты дұрыс құра білу, оларды оқу-тәрбиелеу процесінің

әріптесі қылу, баланың, тілегі мен ынта-ықыласын есепке ала отырып танымдық іс-

әрекетке араластыру.

  • Оқушыларға қиындық мақсаттар қолдана білу және оқушылардың сол мақсаттарға жете

алу сенуін нығайту.

  • Балалар ұжымына сүйену, сабақ ұжымдық еңбек, мұғалім мен балалардың ұжымдық

шығармашылығы.

  • Оқушыларға, мүмкін болған кезде, тапсырмаларды еркін таңдау құқығын бере алу.
  • Бағдарламалық материалды, ірі блоктарға біріктіружәне тірек сүйеніштері пайдалану (тірек шаралар, сызбалар, кестелер, т. б)
  • Оқушыларға ұжымдық және даралық өзін-өзі тани білу.
  • Оқушыларды ұжымдық қоғамдық шығармашылыққа үйрету.

Белгілі орыс педагогтары тәрбие әдістерін жасау үшін 40- жылдардың соңында 50-жылдардың басында көп күш салды.

Тәрбие әдістері проблемасын шешуде зор үлес қосқан педагогтар Н. К. Гончаров, Т. Е. Конников, И. Т. Огородников, Н. И. Болдырев, И. С. Маренько, Г. И. Щукина, В. А. Саластенин т. б.

Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т. Е. Конникова, Г. И. Щукина және В. С. Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылып келеді.

Герцен атындағы Санк-Петербург мемлекеттік педагоги- калық институт ғалымдары (Т. Е. Конникова, Г. И. Щукина)

Жасаған тәрбие әдістерін жіктеу 3 топқа бөлінеді.

Бірінші топ - тәрбиелнеушілердің іс-әрекеттеріндегі, қа-

рым-қатынасындағы, мінез-құлқындағы жағымды тәжірбиені қалыптастыру әдістері:талап, қоғамдық пікір, үй- рету, жаттықтыру, арнайы тәрбиелік ситуация.

Талап-мінез-құлық нормасының көрінісі, балаларды әлеу- меттік тәжірбиеге қатыстыру. Талаптың ынталандыру және тежелеу функциялары бар. Ынталандыру функция с ы-бұл жұмысты бастау және аяқтау. Тежелеу- басқа адамдардың жұмысына кесел келтіретін әрекетті тоқтату.

Қоғамдық пікір-бұл ұжымдық талаптың бейнеленуі, ал талап-нақты міндет, оны іс-әрекеті процесінде орындау қажет. Ұжым мүшелерінің байымдауы, баға беруі-бұл қоғамдық пікір, ұжымның еркі және күші. Ұжым тәрбие субьектісі, педагогтың тірегі.

Екінші топ. Жеке адамның қалыптастыру әдіс- тері (ұғым, байымдау-пікірін айту, баға беру, сендіру) . Бұл топтың әдістері:саяси, этикалық әңгіме, әңгімелесу, пікірталас, лекциялар, өнеге.

Бұл әдістердің балалар санасына ықпал жасауда маңызды өте зор. Осы тұрғыдан балаларды өмірдің, еңбектің қоғамдық нормасына қатыстыру қа-жет, ал бұл балалардан осы нормалар жөнінде білімді, байымдауды, баға беруді талап етеді. Бұл жағдай жеке адамның өмірлік позициясын, яғни көзқарасын сипаттайды.

Әңгіме- бұл балалардың санасын қалыптастыру әдістерінің бірі. Балалар әңгіме әдісінде саяси, этикалық, эстетикалық мәселелерді талдауға белсене қатысады, олардан тиісті қорытынды шы- ғару үшін ойланады, ақылға салып түсінеді. әңгіме әдісі кез-келген мәселеде ұқыпты дайындықты талап етеді. әңгіме әдісін іске асыру үшін мыналарды ескеру керек:

  1. Тақырыптың көкейтестілігі, яғниөмірге қажеттілігі балалардың мүддесіне жауап беруі тиіс.
  2. Әңгіменің мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес баяндалуы қажет.
  3. Әңгіменің тақырыбына сәйкес техникалық құралдарды тиімді пайдаланған жөн.
  4. Оқушылар үшін әңгіме тартымды, қызықты болуы керек: жаңалық, оқушыларды зеріктіретін артық сөздерден аулақ болу, бір нәрсені қайталай беру наразылық туғызады.

Пікір талас-бұл жоғары сынып оқушыларының байымда- уын (пікір айтуын ), баға беруін, сенімін қалыптастыру әдісі. Пікірталаста тақырып бойынша оқушы өзінің көзқарасын, ойын дәлелдейді. Сонымен бірге басқаның пікірін тыңдауға үйренеді, келісу немесе таласу пікірлер де пайда болады. Пікірталас оқушылардың қателіктер мен жавлған көзқарастармен күресуге үйретеді.

Үшінші топ- мадақтау және жазалау әдістері. өткізілетін тәрбиелік шаралардың сапасын және тиімділігін арттыру үшін, кейде, адамгершілік тәрбиесінің әдістері көмектесуді қажет етеді. Бұл жағдайда мадақтау және жазалау әдістері пайдаланылады. Мадақтау тәрбиеленуші іс-әрекетінде және мінез-құлқында белсенділікке ынталандырады.

Мектеп өмірінде В. А. Сластенин жасаған тәрбие әдістері- нің жіктеуі ойдағыдай қолданылуда. Бұл жіктеуде тәрбие әдістерінің 4 тобы қарастырылады.

Бірінші топ. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдіс- тері:әңгіме, лекция, пікірталас өнеге.

Екінші топ. Қоғамдық мінез-құлық тәжірбиесін қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері: педагогикалық талап, қоғамдық пікір, тапсырма, жаттықты- ру, тәрбиелеуші ситуация.

Үшінші топ. Іс-әрекет және мінез-құлық ынталандыру әдістері:жарыс, мадақтау, жазалау.

Төртінші топ. Бақылау, өзін-өзі бақылау және тәрбиеде өзін-өзі баға беру әдістері:педагогикалық бақылау, әңгіме, сұрау(анкета, ауызша т. б), қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерін нәтижелерін талдау, балалар ұйымдарының тапсырларын орындау.

Мадақтау- бұл баланың жағымды мінез-құлқын ынталандыру құралы. Егер бала өзінің жетістігін және ұжым алдындағы жауапкершілігін сезе білсе, онда мадақтаудың құндылығы арта түседі, орынсыз мадақтаған балада менмендік, тәкаппарлық, дандайсушылық туады.

Жазалау- бұл балаға қоғамдық талап қою, оның мінез- құлқына байқалатын теріс қылықтарды тежеу тәсілдері.

Сонымен, әрбір тәрбие әдістерінің мақсаты оқушыларды адамгершілік көзқарасқа сендіре білуге, жеке және қоғам- дық өмірдегі мінез-құлық нормаларын меңгеруге үйретеді.

Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірбиесіне, педагогикалық ситуацияларға тәуелді. Мысалы, үйрету әдісі кіші мектеп жасындағы балалар тәрбиесінде жиі қолданылады. Үйрету әдісі арқылы бала- ларды мектепке, үйелменде әр түрлі іс-әрекетіне дағдыландыруға болады.

Тәрбие жұмысында әр баланың жеке даму ерекшелігін еске алған жөн. Демек, тәрбие жұмысын жаппай жүргізіп қана қоймай, онда балалардың дербес ерекшеліктерін де еске алу керек. Мысалы, сангвиник бала қиыншылыққа кездесе бастаған ісін аяғына дейін орындамайды. Сондықтан оны үздіксіз, яғни тұрақты әрекет жасауға, тапсырманы толық орындауға үйрету қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа енгізілген немесе инновация - тұтас процесс
Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері
Баланы мектепке психологиялық даярлаудың әдістемесі
Сынып жетекшінің жалпы қызметі
Оқу үлгерімі төмен оқушылар туралы жалпы түсінік жайлы
Тәрбие процесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салу қабілетін дамыту
Тәрбие үрдісіндегі сынып жетекші мен оқушының өзара байланысы
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілеттерінің даму ерекшеліктері
Ұстаз бен оқушылар аткаратын қызметтерінің принципиалды айырмашылығы міне осында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz