Негізгі капиталдың статистикасы: құрылымы, пайдалануы және жаңару көрсеткіштері

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. негізгі капиталдың статистикалық міндеттері

2. негізгі капиталды пайдалану статистикасы

III. Қорытынды

IV. Пайдалған әдебиеттер

Кіріспе

Негізгі капитал-ол өндіріс процесінде жиі немесе үздіксіз пайдаланылатын, пайдалану ұзақтығы бір жылдан жоғары және өз құнын дайын өнімге амортизация түрінде бөліп сіңіретін қаржылық емес экономикалық активтер . Негізгі капитал материалдық және материалдық емес бөліп бөлінеді.

Материалдық активтерге үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өндірілетін биологиялық активтер жатады . Ал материалдық емес активтерге бұрғылау және геологиялық барлау жұмыстары, электрондық есептеу машиналары және компьютерлік бағдарламалар мен қамтамасыз ету, әдеби және көркем өнер шығармалары және т. б. жатады .

Негізгі капиталдың әртүрлілігі өндірісте бірдей рөл атқармайды . Сондықтан негізгі капитал белсенді және белсенді емес деп бөлінеді. негізгі капиталдың пассив бөлігіне қалыпты ұйымдастыру және өндіріс процесін қамтамасыз ету шарттары қызметтерін іске асыратын негізгі капитал түрлері жатады : үйлер, ғимараттар .

Негізгі капиталдың статистикалық міндеттері

Негізгі капиталдың статистикалық міндеттеріне келетін болсақ, олар:

  1. ақпаратты жинау және негізгі капиталдың көлемін анықтау ;
  2. негізгі капиталдың құрылымы мен құрамын зерттеу ;
  3. негізгі капиталды бағалау, қайта бағалау,
  4. негізгі капиталды пайдалануының және қозғалысының күйінің бар болуының статистикалық талдауы.

Статистикада негізгі капиталды мына белгілер бойынша топтастырады:

  1. кәсіпорындардың меншігінің формасы ;
  2. экономика саласы,
  3. аймақ.

Негізгі кпитал туралы статистикалық ақпараттың алғашқы көзі-баланс. Негізгі капиталдың статистикалық баланстары микродеңгейдегі, макродеңгейдегі, толық бастапқы және қалдықтық құнынан құралады .

Толық құн бойынша негізгі капитал балансының осындай схемасы бар, бірақ құрамына мынадай көрсеткіштер кірмейді:

  1. есептелген амортизация сомалары, себебі, ол бастапқы құнын азайтады ;
  2. күрделі жөндеуге кеткен шығындар, себебі, жыл аяғында негізгі капиталдың қалдықтық құнын көтеру үшін жасалады .

Күрделі жөндеу көрсеткіштері мынаны сипаттайды :

  1. негізгі капитал құнының артуы,
  2. күрделі жұмсалған ақшаларды игеру .

Баланстың мәліметтері бойынша жыл басы мен жыл аяғында арналған негізгі капиталдың қатысуы арасындағы тәуекелділік келісідей :

НК=НК+Т-Ш.

Мұндағы, НК-жыл аяғындағы негізгі капиталдың толық құны ;

НК-жыл басындағы негізгі капиталдың толық құны ;

Т-барлық бап бойынша жыл бойындағы негізгі капиталдың келіп түскен құны ;

Ш-барлық себептер бойынша жыл бойыншағы негізгі капиталдың істен шыққан және тозған құны

Негізгі капиталдың ұдайы өндіріс статистикасы

Негізгі капиталдың ұдайы өндіріс жай және кеңейтілген түрлерге бөлінеді .

Ұдайы өндірісті кеңейтілген жай ұдайы

Жылдық + іске + күрделі = ұдайы + өндірістің

көлем қосу жөндеу өндірістің көлемі

көлемі

Негізгі капиталдың жай ұдайы өндірісі амортизациялық қордың әсер етуі есебінен жасалады . Жай ұдайы өндіріс көрсеткіштері :

1. жай ұдайы өндірістің көлемі(теңге) =ұдайы өндірістің жылдық көлемі-кеңейтілген ұдайы өндірістің көлемі ;

2. амортизациялық қор ;

3. жылдық амортизациялық аударымның сомасы ;

4. амортизация нормасы ;

5. тозу және жарамдылық коэффиценттері;

6. жай ұдайы өндірістің үлесі =жай ұдайы өндірістің көлемі *100/ұдайы өндірістің жылдық көлемі .

Амортизациялық аударымдар негізгі капиталдың ішінара қарпына келтіруін қамтамасыз ету керек, ол жөндеу жұмыстарын жаңғыртудың капиталдық кірісінде жүзеге асырылады . өнімді өткізуіне қарай амортизациялық аударымдар амортизациялық қорда қорланады . Амортизациялық қорда тағайындау -істен шыққан негізгі капиталдың толық қалпына келтіруыін қамтамасыз етуі.

Негізгі капиталды тұтынуға кіретіндер:

-берілген кезеңде тозу нәтижесінде тұтынылған негізгі капитал құнының бір бөлігі;

-жойылған негізгі капиталы амортизацияланып бітпеген минус құнды металлолом және басқа да материалдардың құндықтары;

-сақтандыруға мүмкін болатын негізгі капиталдың жоғарылауы нәтижесіндегі зиян мөлшері таза сақтандыру төлемдерінің сомасына тең болады .

Негізгі капиталдың кеңейтілген ұдайы өндірісті негізгі капиталдың ұдайы өндірісінің капитал салымы ретінде қамтамасыз ету . капитал салымы-жаңарту үшін, сонымен қатар кеңейтуге, негізгі капиталды техникалық жабдықтармен қайта қамтамасыз етуге арналған шығындар.

Кеңейтілген ұдайы өндірістің көрсеткіштері :

  1. негізгі капиталдың жаңару және істен шығару сомалары ;
  2. негізгі капиталдың жаңару және істен шығару коэффиценттері,
  3. кеңейтілген ұдайы өндірістің көлемі-негізгі капиталдың абсолютті өсімі ;
  4. күрделі қаржы жұмсалымның көлемі мен құрылымы;
  5. жаңа негізгі капиталдың іске қосылуы ;
  6. кеңейтілген ұдайы өндірістің үлесі =кеңейтілген ұдайы өндірістің көлемі*100/ұдайы өндірістің жылдық көлемі .

Негізгі капиталдың жаңару көрсеткіштері мынаны сипаттайды:

  1. негізгі капиталдың өсу көлемін.
  2. жаңа негізгі капиталдар құру үшін күрделі қаржы жұмсауға бағытталған қаражаттың азаюы.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Үмбетәлиев Алтынсары, Керімбек Ғалымжан. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік . Алматы «Бастау» 2002.
  2. Қ. Қ. Белгібаева. Әлеуметтік экономикалық статистика. Алматы «Қазақ университеті »2006.
  3. Адамов В. Е., Бакланов Г. И. Статистика промышленности. Москва 1970.
  4. Ызғарбек Әміреұлы . Стататистикалық жалпы теориясы. Алматы «Экономика »1998.

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz