Туберкулез- өте жұқпалы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Өкпе туберкулезі

Өкпе туберкулезі — бұл созыпмапы (ұзаққа созылатын), жұқпалы (тез
тарайтын) ауру, мұнымен кез келген адам ауыруы мүмкін. Туберкулез көбінесе
15-тен 35 жасқа дейінгі жастарда болады, әсіресе ол СПИД-пен ауырса немесе
тоя тамақ ішпесе, не туберкулезбен ауыратын адаммен бірге тұрса.
Туберкулезді емдеп жазуға болады. Соған қарамастан одан жылына мыңдаған
адам өліп жатады. Алдын алу үшін де, емдеп жазу үшін де ауруды алғашқы
сатысынан бастап емдеу керек. Сондықтан туберкулездің белгілерін біліп,
одан сақтана білу қажет.

Туберкулездің анағұрлым кең тараған белгілері

• Ұдайы жетел болады, ертеңгісін үйқыдан түрған кезде жетел қатты
қинайды;
• Түстен кейін аздап ыстық кетеріледі және түнде терлеп қалады;
• Кеуде немесе белдің жогары болігі ауыруы мүмкін;
• Ауру адам біртіндеп салмағын жоғалтады және әлсіздігі күшейе түседі.

Аурудың келесі сатысы

• Жөтеліп, қан түкіреді (әдетте аздап, бірақ қанның көп кететіні де
болады);
• Тері бозарып, босап қалады. Терісі қара немесе сарғыш адамдардың
терісі, әсіресе беті ақшыл тартады;
• Дауысы қырылдап шығады (өте қатерлі)
Жас балаларда: жөтел кейіннен басталады. Бірақ мына белгілерге назар
аударыңыз.
• Ұдайы салмағын жоғалту
• Жиі ыстығы көтерілу
• Тері түсінің бозаруы;
• Мойында (лимфа бездері) немесе іште бітеу жара (ісік) пайда болады.
Туберкулез әдетте өкпені зақымдайды, бірақ ол дененің кез келген
жерінде болуы мүмкін. Жас балаларда ол менингитке ұласуы мүмкін. Тері
туберкулезі де болады.
Егер туберкулезбен ауырып қалған шығармын деп сезіктенсеңіз, жедел
дәрігерге көрініңіз. Туберкулездің алғашқы белгісі білінісімен теріге,
қақырыққа немесе түкірікке анализ жасатып, рентгенге түсу үшін емханаға
барыңыз. Көптеген елдерде туберкулезге қарсы дәрілер тегін беріледі. Бұл
жөнінде жақын маңдағы сауықтыру мекемесінен сұрап біліп алыңыз. Олар сізге
мына 2,3,4 дәрі түрлерін ұсынуы мүмкін:
• Изониазид таблеткалары
• Этанбутол таблеткалары
• Рифампин
• Тиацетазон таблеткалары
• Пиразинамид
• Стрептомицин (шанышатын)
Бұл дәрілерді дәрігердің берген нұсқауын қатаң сақтай отырып қабылдау
өте маңызды. Кемінде бұлардың екеуін бір мезгілде қабылдау қажет. (Бұл
дәрілерді қабылдау кезіндегі сақтық шараларын қабылдаңыз). Дәрілерді қашан
дәрігер сіздің толық сауыққаныңызға көз жеткізгенше іше беріңіз. Өзіңізді
жақсы сезіне бастағаннан дәріні қабылдауды тоқтата салмаңыз. Туберкулезден
толық жазылу үшін 6 айдан бір жылға дейін және одан да көп уақыт керек.
Мүмкіндігінше құрамында қуат беретін витаминдер мен протеин мол тағам
түрлерін көбірек ішіңіз.
Аурудан айығуда демалыстың да үлкен маңызы бар. Мүмкіндігінше жұмыс
істемеңіз және қашан өзіңіз оңалып, тәуір болғанша ештеңеге көңіл бөлмеңіз,
жаныңызды жабырқатпаңыз.
Оңала бастағаннан кейін қатты шаршамауға және тым іштей ширықпауға
тырысыңыз. Әрқашанда уақытыңыздың көбін демалыс пен ұйқыға бөліңіз. Дененің
басқа жеріне түскен туберкулез де өкпе туберкулезін емдегендей жолмен
емделеді. Бүл жерде әңгіме мойын безінде, қарын қуысында, теріде және
буындарда, мысалы, тізеде болатын туберкулез жөнінде болып отыр. Туберкулез
сәбидің омыртқасына түссе, бала сал болып қалмас үшін оған операция жасауға
тура келуі мүмкін.

Туберкулез өте жұқпалы! Туберкулезбен ауыратын адамдармен бірге
тұратын, әсіресе балалар, бүл ауруды тез жүқтырады
Егер сіздің үйіңізде біреу туберкулезбен ауырса:
• Отбасы мүшелерінің бәрі туберкулинге анализ тапсыратын болсын.
• Балаларды туберкулезге қарсы прививкамен вакцина жасатқызыңыз.
• Отбасы мүшелерінің бәрі, әсіресе балалар жақсы тамақтануға тиіс.
• Туберкулезбен ауыратын адам ауырып жүрген кезінде балалардан бөлек,
мүмкіндігінше жеке бөлмеде ұйықтап, жеке бөлмеде тамақтануға тиіс.
• Одан аузын жауып жөтелуін және еденге түкірмеуін өтініңіз.
• Отбасы мүшеперінің бәрінің салмағындағы өзгерістерді және
туберкулездің басқа да белгілерін қадағалап отырыңыз. Жүғу қаупі
жойылғанша ай сайын барлық отбасы мүшелерін, әсіресе балаларды өлшеп
тұрған жөн. Туберкулез отбасы мүшелерінде өте жай және кенеттен
басталады. Аурудың белгісі сәл білінісімен жедел тексертіп, бірден
емдеуді бастаңыз.

Туберкулез аса қауіпті дерт

Туберкулезді біз жиі суық тигенге, гриппке, бронхит және пневмонияға
санаймыз!!!
Туберкулез – жұқпалы ауру. Туберкулез бактериялары ауа арқылы жұғады.
Олар туберкулезбен ауырған адамның өкпесінде өсіп, көбейеді. Сонымен қатар
қабыну пайда болып, әрі қарай ұлпаның бұзылуы, каврена деп аталатын бұзылу
участкелері қалыптасады, онда миллиондаған бактериялар болады. Олардан
туберкулез бактериялары жөтелген, түшкірген, сөйлеген кезде қоршаған ауаға
бөлінеді.
Ғалымдар дені сау адамдардың арасынан тәуекел деп аталатын      топқа
жататын туберкулез ауыруының қаупіне шалдықпайтындарды бөледі және олар
жалпы халық санының 10-15 пайызын құрайды.
Адамның туберкулезбен ауырғандығын көрсететін симптомдары: басылмайтын ауыр
жөтел, жөтелген кезде сілекеймен қанның бөлінуі, түнгі уақытта терлеудің
күшеюі, кенеттен арықтау, шаршау, дененің ысуы. 
Алдын-алуға, әлеуметтік – алдын алу және дене шынықтыру мен спорт,
халықтың еңбегі және тұрмысы, өмір салтын сауықтыру бойынша  санитарлық-
гигиеналық шаралар жатады.
• Туберкулезді емдеу – ұзақ процесс, шыдамды болыңыздар
• егер сізде дәрінің жанама әсері болса ол туралы дәрігерге немесе
медбикеге міндетті түрде айтыңыз
• өз отбасыңыздың мүшелерімен, достарыңызбен және жұмыстағы
• серіктеріңізбен ақылдасып, туберкулезге талдау тапсырыңыз
•  емделу кезінде сіз өзіңіздің дәрігеріңізге немесе медбикеңізге басқа
да дәрі-дәрмектер қолданып жүргеніңіз туралы айтуыңызды ұмытпаңыз,
мысалы: бала біттірмейтін шаралар
• ішімдік пен темекіден бас тартыңыз
• жиі демалыңыз
• сапалы және нәрлі өнімдерді қолданыңыз 
• егер де сіз жаңа мекен-жайға көшіп кеткен болсаңыз емдеу курсыңыз
үзілмеу үшін өзіңіздің мекен-жайыңызды дәрігерге немесе медбикеге
міндетті түрде айтыңыз
• туберкулез бактериялары жөтелген, түшкірген және сөйлескен кезде ауа
арқылы таралатындығы туралы есіңізде болсын
•  туберкулезді анықтау үшін арнайы талдаулар қажет
• дәрінің көмегімен емделу – туберкулезден сауығудың бір ғана мүмкіндігі

• міндетті түрде сізге дәрігер жазып берген емделудің толық курсына
өтіңіз сонда ғана туберкулезден сауығасыз
• егер де сізде қандай да бір сұрақтар туындаса, дәрігерге барыңыз.

Қандай да бір дертке қарсы ағзамызда иммунитет қалыптастыру үшін біздің
өміріміз жүйелі бағытқа бағынуы керек. Адам дұрыс дем алуы керек, дұрыс
тамақтануы керек, тыныш ұйықтауы керек. Біз шапқылап жүгіреміз де жүреміз.
Кеш жатып, ерте тұрамыз. Дертке дауа – таза ауаны мейрамхана, дәмхана,
түнгі клубтарға айырбастап жүргендерді де көріп жүрміз. Біз "Жүректі ояту"
дегенді атымен білмейміз. "Жүректі ояту" үшін таңғы асты ішпес бұрын 200
грамм жылы су ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
Құстың туберкулез ауруының диагностикасы мен сақтандыру шаралары
Құстың туберкулез ауруы
Малдардағы туберкулез ауруы
Туберкулез ауруының негізгі себептері
Туберкулездің қоздырғышы
Туберкулездің жалпы сипаттамасы
Туберкулездің микробактериялары
Туберкулез(тарихы, этиологиясы, патогенезі, түрлері, диагностикасы, емі, алдын алу)
Туберкулез ауруы
Пәндер