Жасөспірімдердің интимді-тұлғааралық қармы-қатынастардың психологиялық ерекшеліктері


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1. ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Жасөспірімдердің психологиялық дамуындағы өзгешеліктері
1.2 Жасөспірімдердің психологиялық дамуындағы өзгешеліктері
1.3 Жасөспірімдердің әлеуметтік психологиялық бейімделуі

2 ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ИНТИМДІ.ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРМЫ.ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Жасөспірімдердің тұлғааралық қарым.қатынасының қалыптасу ерекшеліктері
2.2 Жасөспірімдердің психологиялық дамуындағы интимді.тұлғааралық қарым.қатынасының рөлі
2.3 Жасөспірімдердің интимді қарым.қатынасында кездесетін проблемалар

3 ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ИНТИМДІ.ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ.ҚАТЫНАСЫНЫҢ РӨЛІН АНЫҚТАУДАҒЫ ІС.ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Психология
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Көлемі: 72 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 900 теңге




Кіріспе

Зерттеудің көкейкестігі. Қазақстанның қазіргі даму кезеңі қоғам
өмірінің барлық саласындағы терең өзгерістермен сипатталады. Осыған орай
қазіргі заман адамға: өз іс-әрекетіне жауапты болу, әлеуметтік өзгерістер
жағдайына тез бейімделе отырып, байыпты шешім қабылдай білу және т.с.с.
жаңа талаптар қоюымен ерекшеленеді.
Қазақстан Републикасының дамып келе жатқан елдердің қатарына қосылу
мақсатында, қазіргі жасөспірімдердің саналы азамат болып, тұлға ретінде
дамуына барлық жағдайларды жасайды. Өркениетті қоғам үшін қымбат қазына –
жеке тұлға, оның даму, қалыптасуы мен өмірі десек, бүгінгі жас ұрпақтың осы
қымбат қазынаны бағалай білуі аса маңызды.
Сол себептен жасөспірімдердің тұлғааралық қатынастарды қалыптастырудың
маңыздылығы да осыдан басталады. Жасөспірім - сөзінің мағынасы ішкі
дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді. Жасөспірім шаққа аяқ
басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана – сезімнің
дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, осының арқасында бала мен ортаның
арасындағы қатынас бұзылады. Жасөспірімнің жеке басындағы басты және діни
тән жаңа құрылымын оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің
пайда болуы орын алады. Ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек
болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады.
Осы жастағы өзгешелік психолог А.Г. Ковалев биологиялық әсері туралы
сұрақты ашып тастамай, соның ішінде психикалық сферадағы жыныстық жетілу
жасөспірімнің эмоциялық қалпына беттесуін біз тұтас деп айтсақ, онда оның
психикалық кескінін биологиялық фактормен анықтаймыз.
В.Г. Асеева бойынша мектеп жасындағы жетілу немесе басқа сөзбен
айтқанда ерте жетілу - адамның туғаннан бастап физиологиялық, психологиялық
және азаматтық ересектік жетілу кезеңі.
Мектеп оқушыларының өміріндегі ересектену (14 –15 жастан бастап 17–18
жас аралығында) өте құнды кезең. Осы жаста жасөспірімдердің мектептен оқу
процесі аяқталады. Физиологиялық жетілуі баяулап, жыныстық оқдасы ерте
жетіледі. Осының арқасында физиологиялық қызметі реттеледі және қан
айналымы жақсарады т.с.с. Жасөспірімдердің даму кезеңінде қан тамырларының
қан айналу жүйесі күшейіп, сол кезде жүрек ауруы, бас айналуы, қан
қысымының көтерілуі жойылады.
Жасөспірім – барлық қатынас жағынан ересек адам деп қарастырады М.Ю.
Красовицкий. Бірақ оларды толығымен жетілген адам деп айта алмаймыз, сондай
ақ нақты осы жасөспірім шақта тұлғаның әлеуметтік бейімделуі белсенді
жүреді. Мектеп пен ата – аналардың жасөспірімдерді, жұмысқа, оқу – танымдық
және қоғамдық – саяси іс - әрекеттерге, жанұя жағдайына, азаматтық борышты
өтеуге тәрбиелеуде үлкен маңызды мәні жатыр.
Рувинский Л.И., Хохлова С.И. еңбектерінде жасөспірім шақ - бұл қоғамдық
жүйедегі көз – қарасқа байланысты дүниетанымның бірінші элементі байқала
бастайды, бірақ та әлемге деген көз – қарасын толығымен пайымдай алмайды.
Тек жасөспірімдерде философиялық ойлау әрекетінің қанағаттануы мүмкін
болса, пайда болады. Бұған арқау болатын түрткі - оқудағы білім, тәртіп пен
информация, әдеби оқулықтар және сыртқы ортадан алатын көріністер мен
үлкендермен қарым – қатынас.
Ш. Бюллер жасөспірімдік кезеңді фаза бойынша бөліп қарастырады.
Негативті фаза пубертодты кезеңде басталады. Негативті кезеңге
жасөспірімдердің дамуын қоюға болады. Ал, позитивті фазада өмірге деген
қызығушылықтың пайда болуы, адамға деген ыстық сезім, табиғатты түйсіну
т.с.с болады. Бұл фазаны жасөспірімдерге қатысты деуге болады.
М.И. Шардаков бойынша жасөспірімдік кезең адамның тұрмыстық
құндылықтары ретіндегі заттық дүниеге психологиялық тұрғыда тәуелді болып
қалады. Жасөспірім осы өмірге ой жүгірте бастайды. Соның арқасында ол
жасөспірімдік ортаға кіреді. Әр затпен дүниеге таңдау жасау арқылы
жасөспірім тұтынушыға айналады. Өз иелігіне заттарды жинай отырып әр –
түрлі құндылықтарды жинайды. Олар ақыл – ой, адамгершілік әлеуметтік
жағынан есейеді.
Жасөспірімдердің әлеуметтік есейуін дамыту болашақ өмірге даярлау үшін
қоғамдық тұрғыдан қажет. Мұның өзі күрделі процесс, уақытты талап етеді
және жасөспірім ересектерге арналған нормалар мен талаптар жүйесінде өмір
сүре бастаса мүмкін болады. Ал бұл дербестік қажетті әр міндетті түрде
міндеттер мен құқықтарды ұлғайтумен байланысты. Тек осындай жағдайда ғана
жасөспірімдер ересектерге іс - әрекет етуге, ойлауға алуан түрлі міндетті
орындауға, адаммен қарым-қатынас жасауға үйрене алады.
Зерттеудің мақсаты - жасөспірімдер арасында тұлғағалық қарым –
қатынастың психологиялық аспектілерін теориялық тұрғыда негіздеп, іс-
тәжірибеде анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1.Жасөспірімдердің тұлғааралық қарым-қатынасының қалыптасу
ерекшеліктерін анықтау;
2.Жасөспірімдердің психологиялық дамуындағы интимді-тұлғааралық қарым-
қатынасының рөлін айқындау
3.Жасөспірімдердің интимді қарым-қатынасында кездесетін проблемалар
анықтап, анықталған проблемалардың алдын – алу жұмыстарын жүргізу.
Зерттеу пәні - жасөспірімдердің тұлғалық интимді дамуы.
Ғылыми болжамы - егер, жасөспірімдер арасында интимді тұлғааралық
қарым – қатынас көрсеткіштері, психологиялық аспектілері, шарттары, жолдары
анықталып, интимді қарым – қатынаста кездесетін проблемалардың алдын-алу
шаралары жүйеленсе, онда жасөспірімдердің мінез – құлықтарын басқара
алулары және де тұлғааралық қарым – қатынастарын жүзеге асыру жоғары
деңгейде көрініс берер еді.
Зерттеудің нысаны: жасөспірімдердің қарым – қатынасындағы интимді-
тұлғааралық даму процесі.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері.
Зерттеудің негізі ғылыми теориялар мен тәжірибенің өзара байланысын
анықтайтын әдіске негізделген. Құрылымына және оларды қолдану өрістеріне
деген талаптарды анықтайтын философиялық ілімдер жүйесі болып табылады.
Салыстырмалы-тарихи, салыстырмалы-құқықтық талдау әдістері. Социологиялық
әдістер пайдаланылып, болжамдар жасау әдістері. Криминологиялық және
этникалық-педагогикалық идеялар интерпретациясы қолданылған.
Зерттеу көздері - жасөспірімдер арасында тұлғаралық қарым - қатынастың
психологиялық аспектілері, философтардың, психологтардың, педагогтардың
еңбектері, нормативтік құжаттар (Қазақстан Республикасының білім туралы
заңы, Қазақстан -2030 стратегиялық дамуының тұжырымдамасы, Білім
мемлекеттік бағдарламасы) сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының құжаттары.
Зерттеу жұмысының әдістері:
1. Қарым-қатынас деңгейін бағалау тесті (В.Ф.Ряховской).
2. Эмоция тестісі
3. С.Спилбергер бойынша өзін-өзі бағалаудың тұлғалық шкаласы.
4. Достық қарым-қатынас деңгейін анықтау тесті
5. В.В.Мегедьдің Мінездің биоакценттері бойынша махаббаттың түрлерін
немесе қатынастарын анықтау тесті.
Зерттеудің базасы.
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының №32-ші жалпы білім беретін
мектебі.
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, зерттеу бөлімінен
және қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

1 ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Жасөспірімдердің психологиялық дамуындағы өзгешеліктері

XVII – XVIII ғасырларға дейін жасөспірім шақтың дамуы өзінше бір, жеке
даму кезеңі болып шықпаған. Бұл жасөспірім шақтың даму процессінің аяқталуы
жыныстық дамуы мен байланысты болады, осыдан кейін көптеген жасөспірімдер
өз өмірлерін жанұя құрумен жалғастырған, бұндай жағдайлар қыз балаларда
кездескен. XVIII ғасырда көптеген ұл балалардың жасөспірім шағы әскери
өмірге ауысуымен аяқталған.
Енді шетел психологтарының зерттеулеріне келсек - Арнольд Гейзель,
Е.Эриксон, М.Мид, С. Холл, Р. Бенедикт, К. Маркс пен Ф.Энгельс.
С.Холлдың (неміс психологы) негізгі ғылыми жұмысы бұл жасөспірімнің
өсіп дамуы. Ол жасөспірімнің психологиясын, физиологиясын, антропологиясын,
әлеуметтік дамуы, жыныстық дамуын, қылмыстық жағдайларын қарастырған. Бұл
еңбек алғаш рет 1904 жылы жарыққа шыққан. С.Холлды жасөспірім психологиясын
әкесі деп есептеген. Ол осы еңбегін Буря и нацист деген ат қойып
кеткен. Себебі бұл еңбегі XVIII ғасырдағы неміс әдебиеттеріне теңеген.
С.Холл өзінің социо генездік моделін құраған жәнеде жасөспірім кезең ол
адам өміріндегі тарихи эпоха деген. Себебі осы кезеңде міндетті түрде қарым-
қатынаста конфликті жағдайлар, жыныстық толысу, физиологиялық жағына
өзгерістер болады.
Р.Бенедикт - биховиаристік ориентацияны зерттеп нәтижесін шығарған. Ол
жасөспірім психологиясы әр түрлі әлеуметтік ортаның стимуляциясына
байланысты өзгеріп, дамып отырады деген. Ол Европа қаласындағы Боас
мектебінің антропологтар мәләметін пайдалана отырып, ғылыми зерттеуін
жүргізген. Жасөспірімнің психологиясын мәдени ортада зерттеп Американ
жасөспірімдерңмен салыстырған. Осымен қатар ол Үнді, Канада Америка,
Африка, Мексика және Жаңа Гвини елдеріндегі жасөспірімдерін зерттеген.
Ал енді Р.Бенедикттің әріптесі М.Мид (1901 - 1978) ол Амеркан этногрофы
болған. М.Мид жасөспірім психологиясын әлеуметтік тұрғыдан көп зерттеген.
Ол жасөспірімдік даму кезеңін 1928 жылы Самоа және Адмиралтейства
аралығанда және 1930 жылы Жаңа Гвинияда зерттеген осы жерлерде
жасөспірімнің ересек өміріне ауысуы қандайда бір кризис ретінде көрінбеген.
Оларды өмірлік ритмі салттары бойынша жасөспірім ересектердің өміріне
жеңіл және біртіндеп ауысады. Самоа аралының жасөспірім қыз баласы жыныстық
жест туралы ештеңе білмеген, ал кезеңде оынмен жасты Американ қыз бала бұл
жайлы бәрін түсініп отырған. Аралды жерлерде, мұхиттарда ешбір өзін - өзі
анықтау үшін жағдай (проблема) болмаған (мамандық, әлеуметтік, моральдік).
Осы М.Мид зерттеуін қортындылай келгенде аралды жерлерде жасөспірім шақтағы
психо – физиологиялық дамуда қандайда бір қиыншылық қысымдар болмаған. Ал
Америка елдеріндегі жасөспірімдер үшін бұл шақ өте күрделі ауытқушылық
мінез – құлық ерекшелігіне әкеліп соғатын жағдайлар болған.
Е.Эриксон өзінің ғылыми жұмысын 8 түрлі стратегияға бөлген. Жасөспірім
шақтағы мінез – құлық соның 5 стратегиясы болып келеді. Осы стратегияды ол
былай деген: Егерде болашақ жасөспірім басқару - бағыну қатынасын меңгере
алмаса онда ол өзінің болашағында ата – ана болуы үшін және қандай да бір
өмірлік іс - әрекетпен айналысуы мүмкін емес. Е.Эриксон индивидуалды даму
мен қоғамдық дамуының тәуелділігін ескере отырып ол мынанда бағыт берген –
индивдтің өзіндік бағытта дамуы ол қоғамның тәрбиесімен және өмірлік
тәртібімен байланысыты. Егер ұл баламен әкесінің арасында қарама – қайшы
қатынастар болса онда бұл жасөспірім шақта күрделене түседі деген
тұжырыммен өз стратегиясынның 5 бөлімін қорытындылаған.
Осымен қатар Ф.Энгельс пен К.Маркс Неміс идеологиясында адам өмірінің
жолын тек ауыспалы фаза және өзіндік сана – сезім фазасы ретінде
қарастырмау керек деген. Адамның өзіне - өзі деген қатынасы шынындада
материалды, сол себебті оның санасын және өзіндік сана – сезімінің іс -
әрекетіне деген қатынасын бөліп шығаруы керек, және де өмірлік іс –
тәжірибесінеде керсінше емес.
Арнольд Гейзель жасөспірімнің даму жолын 50- жылдары қарастырған. Ол
жасөспірімнің мінез – құлық ерекшелігінің дамуын жас ерекшелігіне
байланысты 10 мен 16 жас аралығын алған. Сбебі осындағы ең алғашқы 5 жыл
жасөспірім үшін ауыр болып келеді деген.

Кесте 1. Арнольд Гезель бойынша 10-16 жас аралығындағы жасөспірімдердің
мінез-құлқы ерекшелігінің дамуы.

10 жас Салмақтты, сенгіш, ата – анасымен тең. Сырт бейнесіне көп назар
аудармайды күделікті өмірдегі жағдайларды жеңіл қабылдайды.
11 жас Импупильсивті көңіл - күйі тез арада ауысады, ата –анасына қарсы
шығады, құрбы – құрдастарымен конфликтіге тез арада түседі.
12 жас Жеңілтек мінезі көрінеді, әлемге деген қатынасы позитивті, сырт
бейнесіне көп көңіл бөле бастайды.
13 жас Ата – анасына қарама-қайшы мінез – құлұқ көрсете бастайды. Әр
қашанда бір нәрсені ұнатпай тұрады. Өзіне достарды таңдай
бастайды.
14 жас Экстроверсия, белсенді қарым – қатынасшыл, өзіне - өзі сенгіш,
басқа адамдарға деген қызығушылығы пайда болады. (Мысалы: ұл
баланың қызға). Өзін - өзі жақсы адаммен салыстырады, еліктейді.
15 жас Жеке басында өзгерістер пайда болады. өзін – тәрбиелейді, жаман
жағдай болса соған тез көңіл аударыды және сол үшін қайғырады.
16 жас Салмақты, қарым – қатынасшыл өзін - өзі іштей тәрбиелейді, өмірге
ризашыл болып жүреді.

Осымен қатар Арнольд Гейзель жасөспірімнің қарым – қатынаста жеке
тұлғалық дамуын 9 түрге бөлген.
1. Қоғамдық ортада дамуы.
2. Көңіл күйі және күн тәртібі.
3. Эмоциясы.
4. Өзіндік сана – сезімі.
5. Өзіндік қарам – қатынасы.
6. Қызығушылығы.
7. Икемділігі.
8. Этникалық дамуы
9. Өмірлік көз қарасының дамуы.
Осы көрсетілген белгілер арқылы жасөспірімнің болашағына болжам жасауға
болады, бірақ болжам жасау алдында жасөспірімнің неше жаста екендігін білу
қажет, және берілген статустар бойынша зерттеуді кең көлемде жүргізуі
керек. 1950 жылдары Арнольд Гейзельдің Институтында бұл зерттеулердің
теориясы жүзеге аспады, себебі олардың алдына қойған мақсаты нәтиже
бермеді.
Ресей психолог ғалымдарының тұжырымдары - олар Л.С. Выготский,
Э.Шпангель, Ж.Пиаже, Л. Колберг.
Л.С. Выготский өз кезінде жасөспірімнің жеке басының дамуы ең алдымен
оның организмдегі өзгерістермен тығыз байланысты болып келеді деген. Себебі
жасөспірім шақта қандаи қиыншылықтар болмасын ол ең алдымен оның
физиалогиалық ерекшелігіне келіп тіреледі. Осымен қатар жасөспірім өзінің
болашағын жоспарлап орындағысы келгенмен оының өмірге деген шынайы
көзқарасы пайда болды. Ол осымен қатар өзінің жеке басының маргенальді
жағдайы бар екендігін түсінеді. Бұл деніміз жасөспірімнің өзін - өзі
балалар ортасына жатқызбауы және осымен қатар өзінің әлі ересек емес
екендігін түсіну. Жасөспірімнің маргенальді мінез – құлқы мына
ерекшеліктерден көрінеді. Эмоциясынан шыдамсыздығы мен ренжігіштігінің
және ұялшақтылығы мен агрессивтілігі (конфликтілігі) қоршаған орта
адамдарымен тез арда конфликтіге түсуі, біреуге баға берумен сынаушы болуға
икемділігі. Бірақ осы айтылған Л.С. Выготский көбінесе өзінің зерттелу
жұмысында жасөспірімнің физиологиялық ерекшелігін көп назар аударған. 1920-
шы жылы психолог Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша жасөспірім кезеңіне
қатысты психологияда біршама жалпы теория қарастырылған. Бұл теориялар
қазіргі заманда мәнді болып келеді. Кең түрде жасөспірім кезеңін 3 негізгі
тұрғыда қарастыруға болады.
1) Биогенетикалық биологиялық процес негізінде және дамудың басқа да
процестері қарастырды.
2) Социогенетикалық тұрғы тұлғаның өмір барысында алдына қойған мақсаты
мен әлеуметтік процестеріне басты зейін аударуын бекітеді.
3) Психологенетикалық - өзіндік даму негізіндегі психика процестерінің
қызметтерін негіз етіп қою.
Жасөспірімдердің интеллектуалды аспектілерінің дамуын зерттеуші
Ж.Пиаже (1932 -1969) болған. Ж.Пиаже бойынша бұл кезеңде жасөспірім шақтағы
балада нақты бір обьектісі болмасада ол қандай да бір формальді операцияны
орындауға ынтасы дамиды. Сынау формаларының гипотетикті – дедуктивтісі
дамиды. Осы Ж. Пиаженің ғылыми зерттеуін жалғастарып аяқтаған Л.Колберг ол
жасөспірімнің дамуын негізгі 3 моральді сынауды бөліп шығарған.
1. Моральға дейін бұл кезді балалар этикалық принципке бағытталмайды.
Тек болатын жазаға келіседі. Бұл жасөспірім шаққа дейінгі кезең.
2. Конвенциональды моральді деңгейі. Бұл 10 – 13 жас аралығындағы
балалардың қоршаған ортада болатын жағдайлармен келісуі.
3. Автономды моральдің деңгейі дегеніміз өзіндік моральді принципті
шығару. Берілген деңгейлер тек 13 – 16 жас аралығында дамиды. Жасөспірім
шақ аяқталғанда бұл деңгей тек 10% жасөспірімдерде ғана болуы ықтимал.
Д.Б.Эльконин 11-17 жас аралығындағы жетілу кезеңін 2 фазаға бөледі,
бірінші 11-15 жас кіші мектеп оқушылары, яғни жеткіншектерге қатысты. Мұнда
жеткіншек әр жақты қарым-қатынасқа түсуге үйренеді. Ал 15-17 жас
жасөспірімдердің ең басты оқу-кәсіби іс-әрекетінің арқасында жасөспірімнің
танымдық-кәсіби қызы-ғушылықтары артады. Эмоция мен психосексуалды дамуы
жағдайына байланысты, жанұя құру деген бұл жаста қарастырылмайды.
К.Юнг бойынша осы жас дағдарыс кезеңі. Шынайы өмірдің талаптарына
жасөспірім бейімінің сай келмеуі орын алады.
Л.Ф.Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының
ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста
қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген
қызығушылықтың күшейуі, сыншылдықтың көрінуі – бұлардың барлығы ерте
жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы
түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында
болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының күштілігі
табылады. Яғни, өзін - өзі тануға, бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен
қабілеттіліктерін білуге талпынысы жатады. Мен кіммін?, Мен қандаймын?,
Менің қабілеттерім қандай?, Менің өмірлік идеалым қандай?, Мен кім
болғым келеді? - міне осы сияқты сұрақтар жасөспірім жастағыларға өте
қатты әсер етеді. [58]
Психолог В.А.Крутецкийдің бекітуі бойынша жасөспірімдердің жетілуі
жеткіншектерге қарағанда жоғары деңгейде. Жеткіншектердің айқын сезімін
сырттан қарағанда ересек адамдарға келеді. Оларға қарағанда
жасөспірімдердің ортаны бөлек олардың басқаға ұқсамауы және құр-
былыстарымен ересек адамдардың арасында ерекше болуы, әр түрлі бағытта өз -
өзін көрсетуі және өзінің өзіндігін бекітуі тән. Жасөспірім кезеңі жалпы
тұлға болып дамуындағы маңызды фаза. Жасөспірімнің жеке басы дамуының аса
маңызды факторы – оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі. Ол белгілі
бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақы-
рында өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен
міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау бағытталады.
Жасөспірім шақты зерттеуші неміс философы мен психологы Э. Шпрангер
болды. Ол 1924 жылы жасөспірім кезең психологиясы деген еңбекті басылымға
берді. Ол еңбегі бүгінге дейін қолданылып келеді. Э. Шпрангер жасөспірім
кезеңін толық қарастыра отырып, жас кезеңді қыз балаларды 13 –19 жас, ұл
балаларды 14 – 21 жас деп қарастырды. Ол тәуелділік - еркіндік мазмұны
болып табылатын кризиспен сипатталады. Э. Шпрангер жасөспірім кезеңнің
мәдени – психологиялық концепциясын жасады. Э. Шпрангер бойынша жасөс-
пірімдік кезең мәдениет деңгейіне өсу жасы. Ол психикалық даму жеке даралық
психиканың осы дәуірде обьективті және нормативті рухқа өсуі деп жазады.
Э.Шпрангер айтқан тұжырымдарын талқылай келе, жасөс-пірімдердің даму
деңгейінің үш типін бөліп көрсетеді:
1) Өткір ашулы кризистік уақытпен сипатталады. Ол қайта дүниеге келген
адамдай уайым – қайғыға түседі, түп тамырында оның жаңа өзіндік мені
пайда болады.
2) Өте баяу, ақырын, жайбасар тұлға. Жасөспірім ересектік өмірге өзінің
жеке тұлғасында ешқандай өзгеріс енгізбей аяң басумен сипатталады.
3) Жасөспірім белсенді және саналы түрде өзін тәрбиелейді, өзін - өзі
қалыптастырады.
Өзінің ерік – жігерінің күшімен ішкі кризистерімен мазасыздығын жеңеді,
бұл өзіндік бақылау мен өзіндік мінез-құлқы жоғары деңгейдегі адамға тән.
Бұл жастағы ең басты жаңа құрылым - Э. Шпрангер бойынша, өзіндік менінің
ашылуы рефлексияның пайда болуы; өзінің жеке даралығы саналы түрде түсінуі,
тұлғаның өзіндік анықталуы. Психологияның ең негізгі міндеті тұлғаның ішкі
әлемін тану деген қағиданы ескерсек, оның мәдениетпен және тарихпен тығыз
байланысты екенін айтып кеткен жөн болар. Әлеуметтік дамыған тұлғаны тек
қоғамда қабылданған нормаларды ұстанумен ғана емес, сонымен қоса белгілі
бір топтарға, ұжымдық және қоғамдық құндылықтарға бағытталғанымен ерек-
шеленеді. Құндылықтар обьект жайлы біліммен және оған деген қатынастан
тұрады. Психологиялық тұрғыда өзіндік анықталған тұлға - бұл өзінің нені
қажет ететіндігін (мақсаты, өмірлік жоспары, идеясы) саналы бағалаушылық
жеке бас және денелік қасиеттері, қолынан не келетінін субьект. Аталған
элементтердің тұлғаның өзімен байланыстыруы оның нақты қылықтары мен мінез
– құлқының реттеушісі болып, оның іс - әрекетінің дәрежесін, бағыттылығын,
интенсивтілігін, мазмұнын анықтайды. Өз мүмкіндіктерін ашу процесі, қоғам,
топ талаптарын саналы бағалау ұжым шеңберінде белсенді іс - әрекет етеді.
Осы себептен өзіндік анықталған тұлғаның көрсеткіші ретінде тек субьектіні
қабылдау әлеуметтік маңызды іс - әрекет жасауға даярлықтың, қатынасты
жаңғыртуға ғана емес, сонымен қоса шынайы іс - әрекеттің көрсеткіші болып
табылады. Э. Шпрангер, өзіндік – сана сезімді, құнды бағыт бағдарлықты
жасөспірімдердің дүниетанымын зерттеуге бастауы деп санады.
Э.Штерн жасөспірімдік кезеңді жеке тұлғаның қалыптасуының бір кезеңі
деп қарастырды. Психологияның қай бағыты болмасын, барлығының орталық
мәселесі, оның ойынша адам тұлғасының мәселесі болу керек. Өтпелі кезең тек
ғана ой мен сезімдерден талпыныс пен идеялдардан ғана емес, сонымен қатар
әрекеттің ерекше бейнесімен сипатталу қажет дейді. Жасөспірім кезеңнің
негізгі ерек-шелігі – дамудың бар жақтарын өзгерту. Осы кезеңде адамның өз
беттілігі өмірге деген дайындығымен анықталады. Мұнда жасөпірімнің
дүниетанымы, кәсіби іс - әрекетті таңдауы және тұлғаның азаматтылық
маңыздылығын нақтылау аяқталады. Факторлар әсерінен тұлғаның қоршаған
адамдармен қатынас жүйесі және өзіне деген қатынас өзгереді. Осы әлеуметтік
позицияның әсерінен оның қоғамдық пайдалы іс - әрекетке, оқуға деген
қатынасы өзгереді. Белгілі бір болашақ мамандыққа деген байланыс
қалыптасады. Берілген кезең жасөспірімнің үлкендермен мінез – құлықтың
барлық аймақтарында тәуелсіздігін көрсетеді. Жасөспірімнің өз көзқарасы
бар, жасөспірімдер үнемі өз жетістіктерін өсіріп, кемшіліктерін азайтып
отырады. Өз құрдастарының арасында болуға ұмтылыс, оларды белсенді түрде
үлкендер арасынан өзі соған ұқсағысы келетін адам іздейді. Бұл жерде
идентификация туындайды. Жасөспірім тұлғасының индиви-дуалды дамуы мен
қалыптасуы бірінше кезекте белсенді өзара әрекет, яғни қоршаған ортамен
әрекеттесу нәтижесінің арқасында болады. Жас есейе келе адам психологиялық
дамуында әлеуметтік фактордың әсері күшейе түседі. [3]
Биогенетикалық концепциясының неміс өкілдері “Конституционная
психология” Э.Кречмер әртүрлі биологиялық фактор негізінде, тұлға
типолониясының басты проблемасын жасады. Адамның физиологиясы мен дамуының
арасында ерекше байланыс бар деді. Кречмер барлық адамдардың екі түрі
болатындығын көрсетті. Бірінші бағытқа циклоидты: көңіл күйі ауыспалы, тез
қозғалғыш, мазасыз т.с.с., ал 2 түріне шизоидты тұйық қатынасқа түспейтін
эмоционалды тырыспа адамдар. Н. Кречмер мен Конорадта осыған байланысты
жеткіншектерді циклоидқа, ал жасөспірімдерді шизоидқа жатқызады. Жасөспірім
шизоидты тұлға ретінде күрделі алдында ұзақ мерзімді жүреді. В.Целлерді
“Конституция и развития” - деген еңбегінде бала дене бітімінің құрылысының
дамуындағы өзгерістер самотикалық өзін сезінуі психологияның және
самотинзалық өзара байланысуы айтылады. Биогенетика өкілдері психиканы және
физиологияны дамуын өзара тәуелділігі бағыты қатты қызықтырады. А. Гезел
концепциясында “өсу мен даму” синоним, мінез-құлық, жүріс-тұрысы қабілеті
интеграциясы мен дифференциациясы мағынасын білдіреді. Гезел қандай
болмасын индивидті мәдениетке оқыту мен үйрету, оның жетілуінде ешбір орын
ауыстыра алмайды деп санайды.
Жасөспірім баланың ересектікке өтуі. Гезел бойынша 11 мен 21 жас
аралығын ең маңызды жас мөлшері. 15 жас Гезелдің жазуынша рухани ішкі жан
дүниесінің өсуі, тәуелсіздік, өз-өзін ұстамдылығы, өз - өзін тәрбиелеу мен
өте сезімтал болады. 16 жаста қайтадан салмақтылық пайда бола бастайды,
ішкі жауапкершілігі ұлғайып, эмоция байсалды, қарым-қатынасқа тез түсуі,
болашаққа бағыт бағдар жасайды.
Биогенетикалық тұрғыға қарама-қайшы социогенетика. Ол жасөспірімнің
құрылымын өздерін қоршаған адамдар мен қарым-қатынас жасау арқылы
анықталады. Социогенетикалық тұрғыда неміс психологы Левин теориясын айта
кеткен жөн. Адамның мінез-құлық, жүріс-тұрыс қызметінің бір жағы тұлға
екінші жағынан оны қоршаған орта, бірақта да тұлға қасиеті мен қоршаған
орта өте тығыз байланысты. Левин бойынша өтпелі кезеңдегі ең маңызды
процесс тұлғаның өмірлік әлемінің кеңейуі, қарым-қатынас жасайтын ортасы,
өз үйренген топ және адамдарға қатысты. Жасөспірімнің мінез-құлқы ең
алдымен жағдайды моральдылық қара-стырумен. Баланың әлемінің ересекке
ауысуында. Жасөспірім толығымен алдың-ғысына да соңғысына да жатпайды. Бұл
ең негізгі қоғам жағдайы мен психикасынан көрінеді. Ашушаң, ұялшақ, ішкі
қарама-қайшылықтар. Бұл қысым мен қақтығыс көп болған сайын балалық пен
ересектік шекарасының әртүрлі айырма-шылықтарына байланысты ойыстай
бастайды. Левин концепциясының мәнділігі ол жасөспірімді әлемдік
психологиялық деп қарастырады. Тұлғаның психиканы дамуының әлеуметтік
жағдайда байланысты өзгеруі. Левин теориясына түзеу жасаған англиялық
психолог Д.Бомберам айтуынша жалпы “Био” және социогенетикалық тұрғыда
жасөс-пірімдерді ең басты психикалық факторлар әсерінен дамуын қарасырады.
Д.Бамберам осы екеуінің арасындағы психогенетиканы жазады; ең алдымен
психикалық даму процесін алдына қояды, бұдан үш ағымды бөліп көрсетуге
болады.
1) Эмоция мен мінез-құлық, жүріс-тұрыс жайлы ол психодинамикалық
концепция деп атады.
2) Интеллектуалдық және таным қабілеттеріне байланысты-“когнетивті”
яғни танымдық немесе “когнетивті-генетикалық” болып бөлінеді.
3) Тұлғаның біртұтастай дамуына “персонологиялық”- яғни персоналды деп
соңында бөлінеді.
Қазіргі заманда жасөспірім психодинамикалық теорияның басталуы өкілі
танымал американ психологы Э. Эриксон философия-методологиялық ұстамын
Фрейдтік психоанализ дамуының жалғасын жасаған. З. Фрейд ойынша дамудың ең
негізгі қозғалыс күші тұлғаның биологиялық жыныстың қызығушылығы (либидо)
дәлірек айтқанда психосексуалды қақтығыстың тууы. Біріқта Эриксон белгілі
мөлшерде биология мен поксексуалдықтан ауытқыды. Эриксон барлық өмір циклін
сегіз фазаға бөліп көрсетті. Оның әрқайсысы болашақта дамудың қолайлы,
қолайсыз жағын шешетін ерекшелік. Сонымен жасөспірім шақта адам өзінің өмір
сүруіндегі мәнділікті іздейді, өзінің біртұтастылығын игеруге талпынады,
басқалар арасында өз орнын табуға тырысады.

1.2 Жасөспірімдердің психологиялық дамуындағы өзгешеліктері

Жас шағы психологиясына жасөспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып,
ересектіктің басталуымен аяқталатын даму стадиясы деп анықталады. Алайда
бірінші шегі физиологиялық, екінші әлеуметтік шек болып тұрған осы
анықтаманың өзі құбылыстың күрделілігі мен өлшемділігін көрсетеді.
Жасөспірімдіктің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар нақ
өсудің биологиялық процестері басқаларының бәрінен басым болды деген оймен
жасөспірімдікті алдымен организм эвалюциясының белгілі бір кезеңі деп
қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эвалюцияның заңдылықтарына,
ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады.
Психоаналитикалық теориялар жасөспірімдікті психосексуалдық дамудың белгілі
бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жасөспірімдікті алдымен
индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі процесс тұрғысынан қарайды.
Бірақ бұл даму әр түрлі әлеуметтік және мәдени ортада әр келкі болып өтеді.
Жасөспірімдіктің социологиялық теориялары оны алдамен социолизацияның
белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтың ересектіктің дербес те жауапты іс-
әрекетіне көшу деп қарайды.
Ғылым жастық проблемасын әлеуметтік-психологиялық факторлар мен дамудың
ішкі заңдылықтарын есепке алып, комплексті зерттеу керек деп біледі. Бұл
әжептәуір қиын, өйткені психофизиологиялық дамудың қарқыны мен фазалары
әлеуметтік толысу мерзімімен әр кезде үйлесе бермейді. Акселерацияның,
дене күшінің жедел дамуы нәтижесінде қазіргі балалар тез және бйлары екі-үш
ұрпақ бұрынғыға қарағанда, орта есеппен екі жыл бұрын өседі. Жыныстық
толысу да екі жыл ерте басталып, ерте аяқталады. Физиологтар екінші
жыныстық белгілердің шығуына қарай бұл процесті үш фазаға препубертаттық,
пубераттық және постубераттық фазаларға бөледі, осының өзінде жасқа қатысты
психология әдетте жеткіншектік жасты (балаң жастық) алғашқы екі кезеңмен
байланыстырады.
Акселерацияға байланысты жеткіншектік кезеңнің шектері төмендейді де,
қазір ол енді 14-14,5 жаста-ақ аяқталады. Жасөспірімдік тиісінше ерте
басталады. Бірақ дамудың бұл кезеңінің нақты мазмұнын алдымен әлеуметтік
жағдайлар анықтайды. Жастардың қағамдағы орны, ол меңгеруге тиісті
білімдердің көлемі және басқа бірқатар факторлар осы жағдайларға тәуелді.
Балаң жасөспірімдік (14,5-17 жас) бұл күрделі кезеңнің басталуы ғана.
Ал, оның негізгі ерекшеліктері қандай?
Дене күшінің дамуы, Балаң жастық – адамның дене дамуының аяқталатын
кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың
бойының толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады (ауытқу плюс-минус
13 ай), жігіттерде 17 мен 18-дің арасы (ауытқу плюс-минус 10 ай). Салмағы
артады, осының өзінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады.
Бұлшық ет күші өте тез өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан
екі есе асып түседі.
Жыныстық даму жөнінен жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста
постпуберттық кезеңде болады. Көп тараған түсініктерге қарамастан, жыныстық
толысудың мерзімі нәсілдік және ұлттық ерекшеліктерге, климатқа байланысты
емес. Оның есесіне тамақтану сипатындағы айырмашылықтар мен басқа да
әлеуметтік-экономикалық факторлар ықпал етеді. Мұның үстіне орташа
статистикалық норманың жеке физиологиялық нормамен үйлеспейтінін ескеру өте
маңызды. Кейбір әбден қалыпты адамлар орташа статистикалық мерзімдерден көп
озық не қалыңқы дамиды. Қарқынның бұл вариациялардың патологиялық
жағдайлардан ажырату әрдайым онай бола бермейді.
Дамудың әлеуметтік жағдайы. Жасөспірімдік шақ бала мен ересектің
арасындағы аралық жағдайда болады. Баланың жағдайы олның ересектерге
тәуелділігімен сипатталады, бұлар оның өмірлік іс-әрекетінің басты мазмұны
мен бағытын белгілейді. Баланың атқаратын рөлі ересектердің рөлінен сапалық
тұрғыда өзгеше болады және екі жағы да мұны анық ұғынады. Өмірлік іс-
әрекеттің күрделене түсуімен бірге жастарда әлеуметтік рөлдер мен мүдделер
диапазонының сандық ұлғайюы ғана болып қоймайды, сапалық тұрғыдан да
өзгеріп, ересектік рөлдер бірден-бірге көбееді, осыдан келіп дербестік пен
жауапкершілік өлшемі шығады. 16 жасында паспорт алады. 18 жасында сайлау
правосы мен некелесуге мүмкіндік алады. Жасөспірім қылмысты істер үшін
жауап беретін болады. Көпшілігі бұл жаста еңбек қызметін бастайды, бәрі де
мамандық таңдау туралы және т.б. ойлайды. Алайда жас өпірімде ересектер
статусының элементтерімен қатар оның жағдайын баланың жағдайына
жақындататын тәуелділік белгілері әлі сақталады. Материалдық жағынан жоғары
класс оқушысы әлі ата-аналар қарауында. Мектепте оған, бір жағынан, екінің
бірінде сен ересексін, үлкенсін десе, екінші жағынан, одан үнемі тіл алуды
талап етеді. Бұл мектептен басқа жерлерде де байқалады, мұнда 16 жастағылар
емес, 20 жастағыларды да көбінесе ересек деп санамайды. Жағдайдың (бір
тұрғыдан ересек деп танитын, екінші тұрғыдан танымайтын) және өзіне
қойылатын талаптардың тиянақсыздығы жастардың психологиясында өзінше
ұғынылады.
Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міңдеттері – мамандық таңдау, еңбек
пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану, некелесуге өз семьясын құруға
әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір
уақытты талап етеді және олардың жүзеге асу мезрімдері жас адамның іс-
әрекетінің сипатына тәуелді. Барлығы мектеп оқушылары болатын
жеткіншектердей емес 15-17 жастағы жасөспірімдер мен бойжеткендер бұған
қоса кәсіптік-техникалық училмщелердің немесе арнаулы орта оқу орындарының
оқушылары болуы мүмкін. Кейбір жасөспірімдер оқуды үнемді еңбекпен
ұштастырады. Бұл айырмашылықтар психологияға әсер етеді, сондықтан
тәрбиешілер мұны ескеруге тиіс.
Ақыл-ой қызметінің ерекшеліктері. Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16
жасқа қарай әдете қалыптасып болады, сондықтан оның бала кездегідей шапшаң
өсуі байқалмайды. Алайда ол одан әрі жетіле береді. Күрделі интеллектілік
операцияларды меңгеру және ұғымдық аппараттың баюы жас жігіттер мен
қыздардың ақыл-ой қызметін неғұрлым орнықты әрі пәрменді етіп, оны бұл
тұрғыдан ересектің іс-әрекетіне жақындатады. Әсіресе арнайы қабілеттер
шапшаң дамиды. Мүдделердің бағытталуының барған сайын саралана түсуімен
қосылып, мұның өзі жастардың ақыл-ой қызметінің құрылымын кіші жастардағыға
қарағанда неғұрлым күрделі де дара сипат беріледі. Қазіргі бар деректерге
қарағанда, ақыл-ой қабілетінің саралануы қыздардан гөрі ер балаларда
ертерек басталып, неғұрлым айқын көрінеді. Қабілеттер мен мүдделердің
мамандануы нәтижесінде басқа да көптеген барлық айырмашылықтар неғұрлым
елеулі және практикалық тұрғыдан маңызды болады. Осыны, сондай-ақ жоғары
класс оқушысының мамандық таңдауға даярлану қажеттігін ескеріп, жоғары
класстарда оқытудың даярлығын күшейту қажет, оқушылардың дербестік
дәрежесін арттырып, оларға жалпы білім беретін мектеп шеңберінде біраз
мамандануға мүмкіндік жасау керек (факультативтік пәнде, үйірмелік жұмыс,
маманданған мектептер). Бірақ арнайы қабілеттердің қалыптасуының өзі
оқытудың сипаты мен бағытына орасан зор дәрежеде байланысты екені есте
ұстау қажет. [60]
Жасөспірімдік – жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын
кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз организмі мен сырт келбетіндегі
үлкен өзгерістер, жағдайдың біршама тиянақсыздығы (енді бала болғанымен,
әлі ересек те емес), өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі, жеке адамның өз мінез-
құлқын үйлестіруге тиісті адамдар тобының ұлғаюы – осының бәрі қосыла келіп
жас өспірімдік шақта бағалаушылық-бағдарлаушылық іс-әрекетін күрт
арттырады. Әңгіме өз қасиеттерін тану, жаңа білімдерді меңгеру туралы болса
да жас адам оларды бағалауға өте-мөте ден қояды да, өзінің мінез-құлқын
саналы түрде жасалған немесе меңгерілген критерилер мен нормалар негізінде
құруға тырысады.

1.3 Жасөспірімдердің әлеуметтік психологиялық бейімделуі

Отандық психологтардың ойларынша, бейімделу адам өмірінің келесі
ортасында болады, яғни іс-әрекетінде, қарым-қатынасында және өзін-өзі тану
барысында көрінеді. А.Н.Леонтьев бейімделудің іс-әрекет аумағын баланың іс-
әрекетінің ұлғаюымен анықталған. Бұнда баланың біртіндеп түрлі әрекетті
үйренуімен және бала өзі жасай алатын әрекет болуы керек, яғни мәдени мінез-
құлық үлгісін түсіну, жетекші әрекет түсінігін А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин
дамытып және мазмұнын тереңдетті.
Бейімделу әр түрлі факторлардың әсерінен болады – бұл индивидте басқа
адамдардың мақсатты бағытталған тәрбиелік әсері, қоғамдық институттар және
өмірлік жағдайлардың түрлі стихиялық әсері жатады.
Психологияда бұл түсінік ғылымға кейін енеді және ол өзіндік мазмұнға
ие болуға тырысты. Бірақ та бұл түсінік жалғыз ғана тәсіл болған жоқ,
өйткені бейімделу түсінігі үздіксіз жеке тұлғамен және оның ортамен қарым-
қатынасымен байланымты. Осыдан бейімделудің түрлі интерпретациялық үдерісін
көреміз. Біреулер үшін – бұл әлеуметтік мінез-құлықты үйрену (жалпы белгілі
бихевеористік әдістер), басқалар үшін – мәдени саланың талаптарына сай
тұлғаның моделін қалыптастыру (бұнда Мәдениет және тұлға,1930 жылғы
теория кеңестік адамның қалыптасуы, Б.Ф.Скинердің концепциясы
Мәдениеттің бағдарлануы), үшіншілері үшін – топтағы әлеуметтік қатысуға
дайындық.
Бейімделу – лат. ағза мүшелері мен жасушаларының орта жағдайына
үйренуі. Бейімделуді индивид пен ортаның тепе-теңдік байланыстар туралы
гештальд психология ақыл-ойдың даму теориясы сияқты психологиялық
концепцияларда сияқты орын алады. Адамның жағымсыз күшті әсерлері бейімделу
олардан қорғану реакциялануы бейімделу синдромы деп аталады. [5]
Жасөспірімдік шақта баланың организімінің жыныстық жетілуімен болады.
Осыған орай баланың басқа жыныстық өкіліне деген қызығушылықтары  пайда
болады. Енді тек өз жынысындағы балалармен араласпай басқа жыныс өкіл
балаларымен қарым-қатынас іздеп, солармен араласа бастайды. Бірақ олардың
психологиялық және физиологиялық дамуы қатар жүрмейді. Бірінші
физиологиялық жағына тоқтала кетсек: Осыған орай кейбір балалар
жасөспірімдік шаққа ерте түседі, ал кейбіреуі кеш түседі. Осы шақта ұл
балаларда пубертатный дағдарыс, 11 жаста немесе 13 жаста басталуын осыдан
көруге болады. Дағдарыстың басынан бастап бұл кезең балаларға да және
үлкендерге де өте қиын өтеді. Сол үшін осы жас өспірімдік шақты Созылған
дағдарыс дейді. Яғни пубертатты дағдарыс болған кезде, бала тез өкпелегіш,
өте тез қабылдағыш және қоршаған ортасына тез бейім болады.
Егер осындай ждайларға бейімделе алмаса олар дизадаптацияға ұшырайды.
Осы кезде баланың бойы, дене бітімі, қыз балалардың төсі, жамбас сүйектері
өсе бастайды. Қыз балаларға ұл балалар көз қырын сала бастайды.  Бойдың
ұзаруы, салмақтың артуы, кеуде клеткасы шеңберінің өсуі- жеткіншек шақтағы
дене толысуының өзіне тән жағдайлары, бұлар күрт өсу деген ерекше терминмен
белгіленеді. Осының нәтижесінде баланың пішінімен салыстырғанда
жеткіншектің пішіні өзгереді: дененің пропорциясы ересек адамға тән
пропорцияға жақындайды. Бас сүйегінің бет бөлігінің жедел жетілуі
нәтижесінде бет әлпеті де өзгереді. Сойлегенде дауысысы да өзгеріп
ерсектерге тән болады. Осыған қоса кетуге болатын жағдай, организмде болып
жатқан физикалық және физиологиялық жағынанда, үнемі бейімделіп отыру
керек.
Осы күйді американдық жас өспірім жақсы көрсетті: 14 жаста менің денем
бұрқынғандай болды. Эмоционалды тұрақсыздық жыныстық жетілу кезінде,
сексуалды қозу күшейді. Көбінесе ұл балалар қозуды мойындайды. Қыз
балаларда көбінде, индевидтің ерекшеліктер; олардың жартысы да сексуалды
сезімді сезінеді, бірақ көбі әлі тұрақталмаған, олар махаббат, қолдау, өзін
силау және үйреніш қажеттіліктерін қанғаттанумен байланысты. Ол организмнің
ішкі ортасында белсенді қызмет атқаратын ішкі секреция бездері жүйесіндегі
өзгерістерге байланысты күрт ауысулар болады, осының өзінде қалқан бездері
мен жыныс бездерінің гормондары, атап айтқанда католизаторлары болып
табылады. Жыныстық толысу мен дене күші дамуындағы өзгерістердің жаңа
психологиялық құрылымдардың пайда болуында бірталай маңызы бар. Біріншіден,
жеткіншектің өзі анық сезетін бұл өзгерістер оны обьективті тұрғыдан
ересекке айналдырады және оның өзінің ересектігін сезінуінің (өзінің
ересектерге ұқсастығын түсіну негізінде) басталуына негіз болады.
Екіншіден, жыныстық толысу басқа жынысқа ден қоюдың дамуына, жаңа жаңа
түйсіктенрің, сезімдердің, толғаныстардың шығуына себепші болады. Өзімен
өзі болу жеткіншектің жаңа түйсінулер мен толғаныстарына ден қоюы, бұлардың
оның өмірінде алатын орны жеткіншек өмірінің кең әлеуметтік жағдайлары мен
нақтылы дара жағдайларына, оның тәрбиеленуі мен қарым- қатынасының
ерекшеліктеріне қарай анықталады. Тағыда бір жайт ол организмнің дұрыс
құрылуымен байланысты оларда жаңа физикалық Мен образы қалыптаса
бастайды. Осы кезде олар өздерінің сыртқы келбкттеріне көп көңіл бөле
бастайды. Дұрыс болмаған келбетіне көп уаймдап, мазасызданады және артық
салмақ немесе арықтығы үшін өзін-өзі көп уайымдатады, бірақ кейбір балалар
бұл дағдарысқа тез бейімделуі мүмкін, көбінде бала өзін-өзі сенімсіздік
күйіне, тұйықтық тіпті неврозға да әкелуі мүмкін. Осындай кезде ата-
анасының, жақын туыстарының үлкен эмоционалды көмегі керек, өйткені олар
бейімделе алмаса дизадаптацияға ұшырауы мүмкін.
Физикалық мен және өзін тану, толығымен жыныстық жетілуге үлкен әсер
етеді. Мыс: қыздарда ерте физикалық жетілу кезінде олар өздеріне сенімді
және тыныш, байыпты болуға бейімделтеді, бірақта қыздар мен ұлдардың
жастары бірдей болғанымен, қыз балалар осындай өзгерістерге тез бейімделіп
алады. Егерде ұл балалар физикалық жағынан мықты бейімделген бала,
көбінесе   спорт жағынан: жүзуге, секіруге өтте тез бейім болады. Ұлдар өсе
келе бейімдеушіліктерін басқа салаларға өзгертуі мүмкін.
Зерттеушілер бойынша бала мен жанұя қатынастары жасөспірімдік кезеңмен
жеткіншек кезеңде өте қатты жүреді екен, өйткені балалардың басқа
әрекеттерге соның ішінде сексуалды әрекеттерге өте бейім болатынын біліп
олады өте қатал тәртіппен ұстайды және бұл жақсы көрсеткіштерге әкеледі,
себебі осы жастағы балалар көп нәрселерге еліктегіш болып келеді, яғни
темекі тарту, араққа бейім болу, нашақорлыққа тез бейімделуі мүмкін. Сол
үшін ата-ананың қамқоры, көңіл бөлуі үлкен рөл атқарады. Және көп балалар
жанұядан осы себептер үшін қашып кетеді. Басқа жағынан қарасақ жанұя
өздерінің жас баларының өз бетінше болуына және болашақта үйді тастап
кетуіне тұрақталынуы керек. Бұл оңай емес. Өйткені баласы мен ата-анасы өз
міндеттерін қайта қарап, бейімделу керек. Кіші балаларға қарағанда
жасөспірімдерге көп қолдау жасау керек, себебі, олар үлкен өмірге өз
бетінше қадам басып келе жатқандарына бейімделту керек.
Егер ата-анамен жасөспірімдердің арасындағы қарым-қатынас ересектер
қарым-қатынасының белгілі бір типі бойынша мазмұнды достық ынтымақ, бұған
тән өзара сыйластық, сенім, көмек нормаларына сәйкес құрылса, онда ата-ана
мен жасөспірімнің қатынасында оған тән қиыншылықтары болмауы мүмкін.
Жасөспірімге жанұя тарапынан түсінушілік қажет. Олардың өмірінің ортақтығы
түрлі мазмұнда құрылуы, ал ынтымақ іс-әрекеттің әр алуан түрлерінде
өрістеуі мүмкін, бірақ бұлардың екеуі де бірдей мөлшерде қажет. Ынтымақ
процесінде жасөспірім мен жанұяның әлеуметтік өзара іс-әрекетінің жаңа
бейімдеулері қалыптасады, олар моральдық-этикалық мазмұны жасөспірімнің
әлеуметтік ересектігін бейімделту міндетіне және ересектермен қарым-
қатынастың сипатына, оның қоятын жаңа бейімдеулеріне сай келеді. Нақ осы
ынтымақ ата-анасына жасөспірімді әр-түрлі істер мен кәсіптерде өзінің
көмекшісі және жолдасы жағдайында қоюға, ал өзіне оған үлгі-өнеге әрі дос
болуға мүмкіндік береді. Ата-анасының нақ осындай қарым-қатынастар
жасөспірімге субъективті тұрғыдан, ал оны тәрбиелеуге объективті тұрғыда
қажет. [53]
Балалық шақтан бастап құрбыларының саны көбейе бастайды. Жасөспірімдер
құрбыларынан физикалық, эмоцияналды, әлеуметтік балалық шақ өзгерістерінен
қолдау іздейді. Олар қолдауды өз құрбыларының ішінен іздейтіні түсінікті,
өйткені олар да сол жағдайды  басынан кешіргені мәлім. Жасөспірімдік жаста
әлеуметтік дағдының дамуында құрбыларының әсері үлкен рөл атқарады.
Әлеуметтік құзыреттілік – жаңа достарды табуға және ескі достарды
сақтап қалудағы негізгі құраушы икем. Осыған орай ол жаңа достарына
бейімделіп, солар мен ары қарай қарым-қатынаста болуға икемделеді.
Жасөспірімнің өзіне тән әлеуметтік белсенділігі, қасындағы құрбылары,
дүниесіндегі және олардың қарым-қатынасындағы бар нормаларға,
құндылықтарға, мінез-құлық тәсілдеріне бейімделу болып табылады.
Жолдастарымен қарым-қатынас жасөспірім үшін ерекше құндылыққа ие
болады, маңыздылығы соншалық ата-ана, туғандарымен қарым-қатынастардың
тартымдылығын едәуір азайтып, оқудың өзін екінші қатарға ығыстырады.
Жасөспірім үшін құрдастарымен қарым-қатынасы оның жеке басының қарым-
қатынастар сферасы болып сараланып, бұнда ол дербес іс-әрекет етеді. Олар
ересектердің де, жолдастарының да, қарым-қатынасмтарына сол негізгі бір
талап тұрғысынан қарайды – адамшылық, қадір-қасиет пен силаушылық.
Жасөспірім мүдделері қарама-қарсы әр қилы балалар тартымды болатыны жиі
кездеседі, аз ба, көп пе уақыт бойы жасөспірімдік қарым-қатынас жасайтын
ортасы өте кең, бірақ тұрақсыз болуы мүмкін: біршама тығыз болғанымен
уақытша қарым-қатынастар орнығады, жақын жолдас іздеу басталады.
Жасөспірім өзіне ұнаған құрдасының ден қойған нәрсесіне оңай елігеді,
өзі де оны өз ісіне ортақтастаруына ұмтылады. Жолдасымен қарым-қатынастың
кейде тартымды болатыны соншалық, жасөспірім онымен бірге өзін бұрын
қызықтырмаған, қазір де қызықсыз іске бейімделе бастайды. Сондықтан
жолдастары мен қарым-қатынас жасау – жасөспірімдердің жаңа мүдделердің
пайда болуының қайнар көзі болып табылады. Жасөспірімнің өзі туралы ойлана
бастауының ең маңызды стимулы – оның құрдастарының арасында сыйлы болғысы
келуі және өзіне жақын жолдастар, дос табуға ұмтылуы.
Жасөспірімдік жаста ер балалар мен қыз балалар арасындағы қарым-
қатынаста айтарлықтай өзгерістер болады. Бір-біріне ден қоюы, ұнатуға
тырысуы, ал осыған байланысты өзінің сырт пішініне зер салып ұнамды
көрінуге ұмтылу шығады. Дене және жыныстық жетілуде қыздар балалардан озып
кетеді. 10-11-ші класстарда қайсыбір қыздар балалардан биік әрі ірі болады.
Тапал болғаннан ер бала өзін кем сезініп, бірталай күйініш көреді. Бойы өз
класстарынан озып кеткен қыз бала да осылай күйінуі мүмкін.
Бір полды адам мен интимді қатынас пен бірге, қарама-қарсы пол
адамдарда достық қатынастар жүре бастайды. Бұл көбінесе топ ішінде және 14-
17 жастағы балада яғни ішінде кездесуге жақын қарым-қатынасқа түсуге бейім
болады. Үлкейген сайын араласып жүрген орталары да кеңейе түседі. Қыз бала
мен ер баланың жақын өзара қарым-қатынасы осыдан басталады. Балалық шақ
кезеңінде – фантазия, испытание, топ ішіндегі ашықтық бұл жасөспірімдерге
жыныстық рөлді және сексуалды әрекеті туралы жаңа ақпараттар жинақтау және
базистік бағдарларын құрастыру үшін жиналады. Бірақ олар жақындық яғни
сексуалды жақындықты сезінбейді. [22]

Кесте 2. Брюс Роско бойынша жасөспірімдік кездегі әлеуметтенуде кездесетін
жеті функция.

1 Әлеуметтену Қарама-қарсы жыныс өкілдерінің бір-бірін танып,
өзара қарым-қатынас орнату.
2 Көңіл көтеру Қарама-қарсы жыныс өкілімен көңіл көтеру
3 Статус Топ ішіндегі ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері
Жасөспірімдердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері
Отбасында тұлғааралық қарым - қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері
Қазақ отбасыларының психологиялық ерекшеліктері
Тұлғааралық қатынаc
Жасөспірімдердің тұлғалық дамуының теориялық негізі
Шаруашылық серіктестіктегі қатынастардың ерекшеліктері
Тұлғааралық коммуникация
Жасөспірімдердің қоршаған ортамен қарым – қатынасының психологиялық, педагогикалық негіздері
Балалар ұжымының психологиялық ерекшеліктері
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь