Адам мотивациясының дамуының психикалық механизмдері


ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
Теориялық және қолданбалы психология кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Адам мотивациясының дамуының психикалық механизмдері
Орындаған:
5В0503-мамандығының 1курс студенті Бердалықызы Әсем
Ғылыми жетекшісі:
Психология ғылымының кандидаты, доцент Мамбеталина А. С
Ақтөбе-2011
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. АДАМНЫҢ МОТИВАЦИЯЛЫҚ СФЕРАСЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
1. 1. Мотив және мотивация ұғымдарына сипаттама
1. 2. Мотивация процесс ретінде
1. 3. Адам мотивациясының психикалық механизмдері
1. 4. Адамның дамуында мотивациялық сфераның алатын орны
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Адам мінез-құлқында мотив және мотивация терминдері ерекше орын алады. Өйткені, адам іс-әрекеті тікелей осы мотив және мотивацияға байланысты. Мотив пен мотивация адамның мақсатын, қажеттіліктерін, арман мен қызуғышылықтарын, адам бағыттылығы мен қанағаттанушылығын қамтиды.
Мотив - іс-әрекетттің мәні болатын, заттық немесе рухани зат болып табылады. Мотив психологиялық іс-әрекет теориясының негізгі, маңызды ұғымы.
Мотив- ол кеңестік психологтер А. Н. Леонтьев және С. Л. Рубинштейн шығарған, іс-әрекет теориясының ең маңыздысы
Ал «мотивация» термині «мотив» терминіне қарағанда тереңірек түсінікті сыйдырады. «Мотивация» сөзі психологияда 2 мағынада қолданылады: мінез-құлықты қалыптастыратын факторлар жүйесі ретінде(бұл жерге қажеттіліктер, мотивтер, мақсаттар, пиғылдар және тағы басқалары жатады) және қандай да бір деңгейде мінез-құлықтылық белсенділікті ұстап тұрып және стимуляциялайтын процесс ретінде сипатталады.
Мотивацияны адамның мінез-құлқының, оның бастамасын, бағыттылығын және белсенділігін түсіндіретін психикалық сипаттағы себептердің жинағы ретінде анықтауға болады.
Осындай маңызды ұғымдар айналасында көптеген сұрақтар пайда болады. Солардың бірі -іс-әрекет пен мінез-құлықтың мотивация мәселесі. Оған дәлел ретінде Б. Ф. Ломовтың сөзін алуға болады: «Іс-әрекеттің психологиялық зерттеуінде мотивация мен мақсаттылық маңызды орын алады ».
Сондықтан да мотив пен мотивацияға арналған көптеген монографиялар (В. Г. Асеев, В. К. Вилюнас, Д. Н. Узнадзе, А. Г. Маслоу, Х. Хекхаузен, К. Мадсен, Г. Холл, А. А. Файзуллаев, В. С. Мерлин, П. М. Якобсон, П. В. Симонов, В. И. Ковалев, А. Н. Леонтьев, М. Ш. Магомед-Эминов және т. б. ) бар.
Бұл монографиялардың көптігі оған байланысты көзқарастардың көптігімен де бірге жүреді. Осындай көзқарастардың көптігі бір жүйеліктің жоқтығына әкеліп соқтырды. Соның нәтижесінде, мотивация термині туралы, оның жүйелігі туралы бұрыс көзқарастар қалыптасады.
Сондықтан осы мәселе психологиядағы күрделі мәселелердің бірі. Мотивация жеке тұлғаның негізі, сондықтан мотивациялық сфераның ерекшеліктерін білу арқылы біз жеке тұлға туралы да біле аламыз.
Зерттеу жұмысының мақсаты : Адам мотивациясының дамуының психикалық механизмдерін анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері :
1. Мотивацияның жеке тұлғалық дамуындағы рөлін анықтау;
2. Мотив пен мотивация ұғымдарының мәнін ашу;
3. Тақырып бойынша ғалымдардың көзқарастарына салыстырмалы талдау жасау;
Зерттеудің болжамы :
Зерттеу жұмысының пәні :Адам мотивациясының даму механизмдерінің психологиялық мәселесі.
Зерттеу жұмысының объектісі: Жеткіншек жастағы балалар
Зерттеу әдістері: Мотивтің күші мен тұрақтылығын зерттейтін әдіс, Топтағы мінез-құлықтың мотивациясын зерттейтін әдіс, «Әр түрлі мотив компонентінің ұғынымдылғын анықтау » әдісі
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі : В. К. Вилюнас, Д. Н. Узнадзе, А. Г. Маслоу, А. А. Файзуллаев, В. С. Мерлин, П. М. Якобсонның еңбектері мен тақырыпқа байланысты көзқарастары.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспеден, бір тараудан, әдебиеттер тізімі, қосымшалардан тұрады.
1. АДАМНЫҢ МОТИВАЦИЯЛЫҚ СФЕРАСЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
1. 1. Мотив және мотивация ұғымдарына сипаттама
Адам мінез-құлқында 2 функциональды өзара байланысты жақтар бар:түрткі болу және реттеу. Түрткі болу функциясы мінез-құлықтың белсенділігі мен бағыттылығын қамтамасыз етеді, ал реттеу функциясы басынан аяғына дейін оның қалыптасуын қарастырады. Психологиялық процестердің барлығы дерлік:түйсік, қабылдау, қиял, зейін, ойлау, қабілеттік- тер, ес, темперамент, мінез, эмоция- мінез-құлықтың реттеуін қамтамасыз етеді. Ал түрткі болу немесе стимуляция мотив пен мотивацияға байланысты. Бұл өзіне адамның қажеттіліктерін, қызуғышылықтарын, мақсаттарын, пиғылын қоса отырып, адамды қандай да бір бағытқа итеріп, оның іс-әрекетін бағындырып, оны жүзеге асырады. Соның ішінде адам мінез-құлқының итермелеу функциясы туралы айтқанда, ең бірінші мотивация мен мотив құбылыстары қарастырылады.
«Мотивация» термині «мотив» терминіне қарағанда тереңірек түсінікті сыйдырады. «Мотивация» сөзі психологияда 2 мағынада қолданылады: мінез-құлықты қалыптастыратын факторлар жүйесі ретінде(бұл жерге қажеттіліктер, мотивтер, мақсаттар, пиғылдар және тағы басқалары жатады) және қандай да бір деңгейде мінез-құлықтылық белсенділікті ұстап тұрып және стимуляциялайтын процесс ретінде сипатталады.
Мотивацияны адамның мінез-құлқының, оның бастамасын, бағыттылығын және белсенділігін түсіндіретін психикалық сипаттағы себептердің жинағы ретінде анықтауға болады.
Мотивациялық түсіндіру мінез-құлықтың келесідей жақтарын көретуге болады:оның бастамасы, ұзақтылығы және тұрақтылығы, бағыттылығы және мақсатқа жеткеннен кейін тоқталуы, болашақ жағдайға дайындық, мінез-құлықтың мәнділігі. Сонымен қатар, танымдық процестер деңгейінде мотивациялық түсіндіруге олардың іріктелінуі, эмоцияналды спецификалық қанықтылығы жатады [1. 61-67 б. ] .
Мотивацияның пайда болуы туралы айтқанда мінез-құлықты сипаттау емес, түсіндіру керек. Бұл мына сұрақтарға жауап іздеу болып келеді:Неге?Не үшін?Қандай мақсатпен?Қандай мағынада? Мінез-құлықтың тұрақты өзгерісіңің себептерін табу және сипаттау әрекеттердің құрамында болатын мотивация туралы сұраққа жауап болып табылады.
Мотив (moveo - қозғалып жатырмын ) -ол заттық немесе рухани зат, оның жетуі іс-әрекеттің мәні болып таблады. Мотив адамға әр мағынада көрінеді, жағымды және жағымсыз түрде болуы мүмкін. Мотивті ұғыну үшін ішкі жұмыс қажет етіледі. " Мотивация " терминін алғашқы рет өз мақаласында Шопенгауэр қолданған еді. Қазір бұл термин әр түрлі ғалымдармен өзгеше түсіндіріледі. Мысалы, мотивация Вилюнас бойынша ол итермелеу мен іс-әрекетті қамтамасыз ететін процестердің тұтас жүйесі. Ал К. К. Платоновтың айтуынша, ол мотивтердің жиынтығынан тұратын психикалық құбылыс.
Мотив- ол кеңестік психологтер А. Н. Леонтьев және С. Л. Рубинштейн шығарған, іс-әрекет теориясының ең маңыздысы. Мотивті жиі қажеттілікпен және мақсатпен шатастырып жатады., бірақ қажеттілік - ол жайсыздықты жою туралы түсінілмеген тілек, ал мақсат -саналы түрде қойылған мақсаттың нәтижесі. Мысалы : шөлдеу - ол қажеттілік, шөлдеуді қандыру тілегі- ол мотив, ал адам ұмтылатын шөлмек су- ол маќсат.
Мотивация( lat. « movere ») -ол әрекетке итермелу; адам мінез-құлығын басқарушы, оның бағыттылығы, ұйымшылдығын, белсенділігін, тұрақтылығын анықтаушы физиологиялық және психологиялық жоспардың динамикалық процессі; адам қажеттіліктерін өз қанағаттандыру қабілеттілігі.
«Мотивация» сөзін алғаш рет А. Шопенгауэр өзінің «Четыре принципа достаточной причины» (1900-1910жж. ) деген мақаласында қолданған еді. Артынан бұл термин ғылымға тереңірек енген еді.
Мотивация өз астарында интеллектуальды негізді алап жатыр, ал эмоция тек процеске жанама әсер етіп жатыр .
Мотивация түрлері
Сыртқы мотивация(экстринсивті) - субъектіге сыртқы жағдайлардың әсері нәтижесіндегі, іс-әрекетке байланысты емес мотивация түрі.
Ішкі мотивация(интринсивті) - сыртқы жағдайлармен емес, іс-әрекеттің құрамымен байланысты мотивация түрі.
Жағымды және жағымсыз мотивация. Негізі жағымды стимулдардаға негізделген мотивация жағымды деп аталады. Негізі жағымсыз стимулдар болатын мотивация жағымсыз деп аталады.
Үлгі: конструкция « егер мен үстелді реттесем, мен кәмпитті аламын » немесе «егер мен еркелемесем, онда мен кәмпитті аламын » жағымды мотивация болып келеді. Контрукция «егер мен үстелді реттесем, онда мені жазаламайды» немесе «егер мен еркелемесем, онда мені жазаламайды» жағымсыз мотивация болып келеді.
Тұрақты және тұрақсыз мотивация. Тұрақты мотивация адам мұқтаждықтарына негізделген, өйткені ол қосымша нығайтуларды талап етпейді.
Мотивация түрлері:
Гомеостазды тұрақты ұстауға бағытталған индивидуальды мотивация түрлер:
- аштық
- шөлдеу
- аурудан қашу
- температураның ең жақсы жағдайларға ұмтылу
- және т. б.
Топтық
- әулетке деген қамқорлық
- топтық иерархиядан орын іздеу
- осы қоғам құрылымына сәйкес келу
- және т. б.
Танымдық түрлері
- зерттеу мінез-құлқы
- ойындық іс-әрекет
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz