Қазақстан мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І . тарау Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы
І.1 ШЫҰ .ның әлемде алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
І.2 Халықаралық қатынастар жүйесінде Қазақстанның орны мен ролі ... ... ... .9

ІІ . тарау Қазақстан Республикасы мен Шанхай Ынтымақтастық
Ұйымы арасындағы байланыс
ІІ.1 Саяси . экономикалық байланыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
ІІ.2 Мәдени . ынтымақтастық қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
ІІ.3 Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мен Қазақстанның істеген істері мен
жоспарлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ-ШОС) тұрақты үкіметаралық ұйым ретінде 2001 жылғы маусымның 15-інде Шанхай қаласында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің өзара келісімімен құрылған. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Еуразия кеңістігінің жер аумағының 3/5-ін құрайды, ал жалпы ауданы 30 миллион 189 мың шаршы шақырым. Халық саны - 1 миллиард 455 миллион адамды қамтиды, яғни мұның өзі жер шарын мекендеген тұрғындардың төрттен бірі осы ұйымның мүшелері болып отыр дегенді білдіреді. ШЫҰ құрамына Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің Қытай және Ресей тәрізді екі бірдей тұрақты мүшесінің кіруі, ұйымның халықаралық аренада үлкен саяси беделге ие болуына және аумақта осы державалар мен АҚШ мүдделерін теңгермешілік дәрежеде ұстауға мүмкіндік беруде. Сыртқы қатынаста ШЫҰ өзге мемлекеттерге қарсы бағытталмаған және ашық саясат принциптеріне жүгінеді. ШЫҰ ауқымында оған мүше мемлекеттердің бірлесіп жасалатын іс-қимылдары әскери-стратегиялық қауіпсіздікті дамыту, сенімділік шараларын нығайту; лаңкестіккке және экстремизмге, заңсыз көші-қонға, есірткі тасымалына, трансшекаралық өзге де қылмыстық істерге тосқауыл қою; экономикалық ынтамақтастық, өзара сауда жүйесінде Дүниежүзілік сауда ұйымының стандарттарына біртіндеп жақындау; табиғи және техногенді мазмұндағы төтенше жағдайларды бірлесе отырып сақтандыру және болдырмау, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бағыттары бойынша атқарылады.
Пайдаланылған әдебиеттер

1.Гаджиев К.С « Геополитика» М, 1997.
2.Токаев К «Казахстанская дипломатия впервые итоги, новые задачи» 2.Мысль 1995 ж
3. Родионова И.А., Холина В.Н
«Политическая картина мира» М,1995
4. Назарбаев Н.А «На пороге ХХІ века» Алматы, 1995 ж

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І – тарау Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы
І.1 ШЫҰ –ның әлемде алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
І.2 Халықаралық қатынастар жүйесінде Қазақстанның орны мен
ролі ... ... ... .9

ІІ – тарау Қазақстан Республикасы мен Шанхай Ынтымақтастық
Ұйымы арасындағы байланыс
ІІ.1 Саяси – экономикалық
байланыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..14
ІІ.2 Мәдени – ынтымақтастық қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
ІІ.3 Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мен Қазақстанның істеген істері мен

жоспарлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ-ШОС) тұрақты үкіметаралық ұйым ретінде
2001 жылғы маусымның 15-інде Шанхай қаласында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан,
Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің өзара келісімімен құрылған.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Еуразия кеңістігінің жер аумағының 35-ін құрайды,
ал жалпы ауданы 30 миллион 189 мың шаршы шақырым. Халық саны - 1 миллиард
455 миллион адамды қамтиды, яғни мұның өзі жер шарын мекендеген
тұрғындардың төрттен бірі осы ұйымның мүшелері болып отыр дегенді
білдіреді. ШЫҰ құрамына Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің Қытай
және Ресей тәрізді екі бірдей тұрақты мүшесінің кіруі, ұйымның халықаралық
аренада үлкен саяси беделге ие болуына және аумақта осы державалар мен АҚШ
мүдделерін теңгермешілік дәрежеде ұстауға мүмкіндік беруде. Сыртқы
қатынаста ШЫҰ өзге мемлекеттерге қарсы бағытталмаған және ашық саясат
принциптеріне жүгінеді. ШЫҰ ауқымында оған мүше мемлекеттердің бірлесіп
жасалатын іс-қимылдары әскери-стратегиялық қауіпсіздікті дамыту, сенімділік
шараларын нығайту; лаңкестіккке және экстремизмге, заңсыз көші-қонға,
есірткі тасымалына, трансшекаралық өзге де қылмыстық істерге тосқауыл қою;
экономикалық ынтамақтастық, өзара сауда жүйесінде Дүниежүзілік сауда
ұйымының стандарттарына біртіндеп жақындау; табиғи және техногенді
мазмұндағы төтенше жағдайларды бірлесе отырып сақтандыру және болдырмау,
мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бағыттары бойынша атқарылады.

І – тарау Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы
І.1 ШЫҰ –ның әлемде алатын орны
Бұл нақтырақ айтқанда, Шанхай ұйымына мүше елдердің жарғысында атап
көрсетілген негізгі бағыттар. Десек те, Шанхай ұйымының белсенділігі мен
геосаяси бағыты үстіміздегі жылдың 5 шілдесінде Астанада өткен саммиттен
кейін нақты көріне бастады. Астана саммитінде тұңғыш рет АҚШ-қа Орта
Азиядан әскери базаларын алып кету туралы шарт қойылды. Өзбек билігі
Ханабадтан әскери базасын әкету үшін Ақ үйге 6 ай уақыт берді. Ал мұның
бәрі не үшін? Бірінші себеп – АҚШ Әндіжан оқиғасына ресми Ташкентті айыпты
деп тапты. Ал Қытай мен Ресей Әндіжан оқиғасы Өзбекстанның ішкі ісі деп
таныды. Демек, Орталық Азияда әскери базалары бар АҚШ-қа Каримовтың, тіпті
алғашқыда жаңадан президент болған Бакиевтің базаларды алып кету туралы
пікір айтуының астарында не жатыр?

Бәзбір сарапшылар: Қырғыз бен өзбек басшыларының АҚШ-тай алып елге
қарсы келуі күлкілі дүние. Олар тек осы аймақта үлкен мүддесі бар Мәскеу
мен Пекиннің түрпектеуімен ғана жасалған ишара. Сондай-ақ, бұл өзбек пен
қырғыздың Қытай мен АҚШ-тың арасында тұрып, қай тараптан экономикалық,
қаржылық көмек болады екен деп саудаласқаны деген байлам жасаған-ды. Осы
байлам расында да шындыққа айналды. Пентагон қырғыз еліндегі әскери

база үшін төленетін 52 миллион доллар өтемақыны екі есеге артырмақ. Оның
үстіне үстеме пайызсыз 200 миллион (Қырғыз республикасының мемлекеттік

бюджетінен 60 пайыз есе жоғары) доллар несие бөлмекші. Алдағы уақытта АҚШ
жағынан бір рет берілетін бірнеше грант пен 35 миллион доллар тағы бар. Ал
мұндай мол қаржыдан қағылатындай Бакиев жоқ, әрине оған ақша керек. Ал
қаржыны АҚШ ұсынып отыр. Демек, Пентагон басшысының айтқанындай қырғыз
жеріндегі АҚШ әскерлеріне чемоданын жинастыруға әлі ерте. Мұны қырғыз
қорғаныс министрі Исмаил Исаков та қуаттады. Оның айтуынша, АҚШ әскери
базасы Ауғанстандағы жағдай әбден бірқалыпқа келгенше, қала береді. Ол
қаншаға созылады, бір құдай біледі.

АҚШ-тың ШОС-қа, оның ішінде әсіресе Қытайға алаңдайтын жөні бар.
Өйткені, Қытайдың әскери бюджеті 2005 жылы 230 миллиард юанға (28 миллиард
АҚШ доллар) жетті. Өткен жылға қарағанда 11,6 пайызға ( 2004 жылы әскери
салаға 26,6 миллиард доллар бөлінген) көп. Бір еске ала кететін жайт, соңғы
14 жыл бойы Қытайдың әскери бюджеті жыл сайын 10 пайызға көбейіп отырған.
Оның себебін кейбір сарапшылар Тайван мен екі арадағы жағдайдың ушыға
түсуі және сол Тайванның АҚШ-тан 18 миллиард долларға қорғаныс қаруларын,
оның ішінде алыстан ататын қанатты зымырандарды алуымен байланыстырады.
Қытай армиясы соңғы кезде 500 мыңға дейін қысқарғанның өзінде 2,5 миллион
сарбаздан тұратын әлемдегі ең саны көп армия. Қытайдың әскери шығынды
арттыра түсуі тек АҚШ-ты ғана емес, осы

аймақтағы өзге де елдердің алаңдауына жол ашқандай. Содан болар, Жапон
ұлттық қорғаныс басқармасы Солтүстік Корея мен Қытайдан болуы мүмкін

баллистикалық зымырандардың соққысынан қорғану үшін, ел территориясына
американдық алты Пэтриот-3 атты әуе қорғаныс кешенін орнатуға көшті.
Қытай Орта Азияға қауіп төндіретіндей қандай мүмкіндіктерге ие? Пентагон
неге алаңдаулы? Енді соны таратып, сараптап көрсек.

Көптеген сарапшылар Шанхай ынтымақтастық ұйымы - Қытайдың Орта Азияға
дендей енуіне мүмкіндік жасайтын құрал дегенді айтады. Демек, осы ұйым
арқылы Қытайдың аймаққа ықпал ету рөлі арта түсетінін байқауға болады. Бұл
жөнінде британ сарапшысы Филип Наубел: ШЫҰ - жаңа құрылым. Мұнда Қытайдың
рөлі басым. Кіндік Азияда Қытайдың саяси әрі экономикалық мүддесі бар.
Қытай үшін көрші елдердегі мол мұнай мен газ және өзге де ресурстар ауадай
қажет. Сондықтан Цзинтао елінің сыртқы саясатының ең бір негізгі тетігі,
осы Кіндік Азия елдеріне қандай да бір жолдармен әсер ету, – деген байлам
жасаған. Ал, Пентагон неге алаңдаулы? дегенге келсек, Кіндік Азия
аймағына АҚШ-тың да саяси және экономикалық қызығушылығы бар. Соңғы кезде
осы аймаққа Қытайдың ықпалының арта түсуі американдықтарды ойландырып
тастаса керек-ті... Мұның арты Пентагонның Қытай қаруланып жатыр, бұл
тенденция Орта Азия үшін өте қауіпті деп байбалам жасауына жол ашып отыр
ма деген де ой туады. Қалай десек те, әлемде қатты дамып келе жатқан
Қытайдың әскери бюджетін

артырып, қарулана бастауы Орта Азия үшін қауіп. Бұл бір. Екіншіден, Шанхай
ұйымының соңғы жылдары кеңірек қанат жайып келе жатқанынан АҚШ-тың

мазасыздануы бекер емес. Шанхай ұйымы қазір аймақтық қана емес, әлемдің
ауқымды қамтып барады. Соңғы саммитте Шанхай ұйымына Монғолия, Үндістан,
Пәкстан мүше болып енді. Алдағы уақытта бұл ұйымға, сондай-ақ, Иран
бақылаушы, сонан соң толыққанды мүше болмақ деген болжам бар. Олай болған
жағдайда, Шанхай ұйымының антиамерикалық бағыт ұстанатыны тіпті айқындала
түседі.

Алайда Шанхай ұйымы әскери блогқа айналуы мүмкін бе? деген сауалға
отандық сарапшылар сақтықпен жауап беретін секілді. Мысалы, Ұжымдық
қауіпсіздік шарты ұйымының (ОДКБ) Бас хатшысы Николай Бардюжаның пікірінше,
Шанхай ұйымы әскери-саяси Одаққа айналмаса-дағы, ол аймақтағы
қауіпсіздікті қамтамасыз етуде белсенді бір ұйым болып табылады. Ал ОДКБ
Шанхай ұйымымен бірлесе қызмет етуге дайын.

Шанхай ұйымының дәл қазір әскери саяси Одаққа айналуы мүмкін емес. Өйткені
біз Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ОДКБ) мүшеміз. Аймақта бұдан басқа
әскери Одақ құрылуы үшін одан шығуымыз керек немесе оған Қытай енуі тиіс.
Ал негізінен ОДКБ-да Ресейдің қамын ойлау басымырақ. Дегенмен, аймақтағы
саяси ахуалдарға байланысты бәрі лезде өзгеруі мүмкін. Егер НАТО-ның
Тайваньға, Белоруссияға экспансиясы жалғасып, ол ушыға

түсетін болса, онда Қытай мен Ресей бір саяси одақта бас түйістіруі әбден
мүмкін, - дейді саясаттанушы Берік Әбдіғалиев

Ал саясаттанушы Камал Бұрхановтың пікірі мүлдем басқа. Шанхай ұйымының
әскери Одаққа айналуы мүмкін емес нәрсе. Оның қажеті де шамалы болып тұр.
Негізінен ол өзінің бастапқы мақсаты - лаңкестік, діни сепаратизм, есірткі
тасымалымен күрес болғандықтан, ол осы бағыттағы ұйым болып қала береді, -
дейді ол.

Әйтсе де, тамыз айының соңында Қытай мен Ресейде ірі көлемде өткен әскери-
жаттығу ойыны АҚШ-ты тағы да алаңдатқаны белгілі. Бұл әскери жаттығу
ойынына екі жақтан 20 мыңға сарбаз, жүздеген танк, тіпті стратегиялық
бомбалаушы ұшақтардың қатысуы Пекин мен Мәскеудің осы аймаққа ықпалын
жүргізгісі келгендерге көрсеткен қыры деушілер де табылды. Қалай айтқанда
да тың жатқан Азия құрлығына алып империяның жаулық көзі түсе бастағанын
Қытай мен Ресей соңғы кезде ғана түсіне бастағандай. АҚШ-тың алдымен
Ауғанстанды, артынан Иракты, келесі кезек етіп Иранды мылтықтың қарауылына
алғысы келіп тұрғаны Шанхай ұйымындағы екі ел, Ресей мен Қытайды қатты
ойлантса керек. Астана саммитінде жасалған қатқыл мәлімдеме де осының
айғағы болуы кәдік,-дейді сарапшылар.

Әйтсе де Ресей саясаттанушылары мына бір болжамдарды айтуға әуес:
Қытайға Шанхай ынтымақтастық ұйымы аймақта әскери-саяси сипатта өзінің
ұзақ мерзімді геосаяси ойынын жүргізу үшін қажет. Тіпті америкалықтар

ШОС-тың Астана саммиті қарсаңында кездесуге бақылаушы ретінде өз өкілдерін
жібермекші болған деген де ақпарат тараған. Соған қарағанда,

әлемнің басым халқын құрап отырған ұйымнан Ақ үйдің сескенетіндей жөні бар.
Тіпті кейбір БАҚ-тарда таяу болашақта ШОС-қа АСЕАН елдерінің басым
көпшілігі кіруі мүмкін деген пікірлер де жарық көрді. Мұндай жағдайда Азия
ғана емес, жалпы Тынық мұхиты аймағында Шанхай ұйымының беделі артады.

Ал ең басты мәселе, Шанхай ұйымында Астананың ұстанған позициясы қандай
болуы мүмкін, Қазақстан неден ұтылады, неден ұтады? Бұл мәселеде
сарапшылардың пікірі мынаған саяды: Әрине, Шанхайдың негізгі қаңқасын
Қытай мен Ресей құрайды десек те, бұл ойында Астананың ұтылатын жөні жоқ.
Өйткені, аса ірі геосаяси ойыншылардың арасында Астанаға аралық арбитр болу
тарихи мүмкіндігі беріліп отырған сияқты. Көпжақты, күрделі ойында
Қазақстан саяси ұпай алу мүмкіндігін сақтап отырады.

Біріншіден, Қазақстанда тәуелді болатындай, Ресейдің немесе АҚШ-тың
әскери базалары жоқ. Қиын-қыстау кезеңде еш елге Астана әскери
аэродромдарын берген жоқ. Демек, басқалар бас ауыртып отырған база мәселесі
Қазақстанда көрінбейді.

Екіншіден, Қазақстанның геосаяси жағынан орналасуы АҚШ пен ШОС
арасында алтын көпір болуға мүмкіндік береді. Үлкен есеппен алғанда,

Орталық Азия, Ресей және Қытайға апаратын транзиттік экономикалық жол
тасымалы Қазақстан арқылы өтеді.

Үшіншіден, Орталық Азия елдері арасында лидерлікке ие болып отырған
Қазақстанның саяси және экономикалық жағдайы осы аралықтағы қандай да бір
аймақтық ойында ойыншы бола білу де тәуекелділігін береді. Алайда,
Қазақстан өздігінен ойын жүргізе алмас, алайда басқалар да Қазақстансыз
саяси ойын жүргізе алмайды.

ІІ – тарау Қазақстан Республикасы мен Шанхай Ынтымақтастық
Ұйымы арасындағы байланыс
ІІ.1 Саяси – экономикалық байланыстары

Қазақстан Республикасының Пре­зиденті Н.Ә.Назарбаевтың шақыруымен Қытай
Халық Республикасы Төрағасының орынбасары Цзэн Цинхун 2006 жылғы 9-11
қаңтарда Қазақстан Республикасына ресми сапар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан және аймақтық қауіпсіздік
Қазақстан және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы
Экономикалық ынтымақтастық
ХХІ ғасырдағы орталық азия қауіпсіздік мәселесін нығайту мен жетілдіру жолдары
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымдары
Шанхай ынтымақтастық ұйымы туралы
Қытайдың Шанхай Ынтымақтастық ұйымындағы ролі
Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы жаңа ролі
Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы орны мен рөлі
Шанхай ынтымақтастық Ұйымы
Пәндер