Адам - психология ғылымының зерттеуінің негізгі нысаны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Психологияның дамуы

Адам - психология ғылымының зерттеуінің негізгі нысаны.

Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан
сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен
бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-
құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және
практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан:
терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және
теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік
структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-
әрекеттің негізі ретінде зерттеу.

Анықтамасы

Этимологиялық деңгейде психология жан мен рухты (көне грекше: ψυχή —
жан, рух) зерттеу (көне грекше: -λογία — ғылым, тану) деп танылады. Өзінің
грекше мағынасында бұл зерттеу вегетативттік (психофизиология), сезімдік
(мотивация, байым, моторика), интеллективттік (когнитивттік психология)
функцияларымен шектеледі. Алайда психология — ақыл-ой функцияларын
зерттеумен бірге, субьективтілікттің казуисттік әдістемесі, субьект
жекешілдігінің, тұлға ішіндегі ақиқатты зерттеу. Ақыл-ой — тек комбинация
мен арақатынас мекені емес, ол абстракция мен материалдық қатынас арқылы
адам затын ойлау әрекетіне икемді нәрсе ретінде анықтайды. Осы тұста адам
мен жануар арасындағы айырмашылық көрінеді.
Психологияның зерттеу объекті — осы күннің өткен ғасырлардан бері келе
жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы. Бұл күрделі дауға шешім табатындай
пікірлер қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша бірнешеу, атап айтсақ,
психологияның зерттеу объекті — мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау
үдірістері; эмоциялар мен пейіл; тұлға; адамдар арасындағы қарым-
қатынастар, т.б.
Психологияның әртүрлі тараулары қолданған әдіс (клинакалық немесе
тәжірибелік), немесе адамның әрекеті (жұмыс, еске салу, есте сақтау, еске
түсіру, сезу, тәлім тану, т.б), немесе зерттеу бағыты (бала дамуы мен
психологиясы, Бет#психофизиология, жануар психологиясы) арқылы ажыратылады.
Психологияның кей тараулары басқа ғылымдармен бірге немесе өзара көрші
зерттеу өрістері ретінде немесе бір зерттеу өрісінің салалары ретінде
үйлеседі. Бұл тараулар эпистемологиялық проблемаларға жиі соқтығысады,
мысалы психологияның бір тарауы — психопатология үшін патологияны белгілеу
өте күрделі, тұлға патологиясын ақыл−ой паталогиясынан ажырату — одан әрі
күрделі.
Ақыр соңында психология мен пәлсапа арасында көп уақыт бойы
қарым—қатынас өте жақын болды, ажыратылмас десе де болар, себебі бұрын
психология пәлсапаның бір бөлімі болған, ал пәлсапафизиканың ескі
мағынасында (ағлақ, сана, іс әрекет, т.б. қалыптасқан пәлсапа тақырыптары
психологияда кездеседі) бір бөлімі екендігін де ұмытпау қажет. Осылай
психологияның кей салалары пәлсапалық тақырыптарды зерттеуге бағытталған
(персонализм, гуманизм, биологизм, т.б.).
Психологияны зерттеу өрісінде басқа да антропология, социология сияқты
қоғамдық ғылымдармен де соқтығыстыруға болады.
Ең аяғында психологияны теориялық немесе практикалық жағынан анықтау —
бүгінгі күннің шешілген мәселесі емес.

Ежелгі дамуы

"Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик
пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват
гуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің
есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы
мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған
қолданылуы болып есептеледі.
Бұл термин қауымның кең қолданулуына Неміс идеалист пәлсапасышысы
Кристиан Вольфтің (1732-1734) Psychologia empirica және Psychologia
rationalis (1732-1734) атты еңбегі жарық көргеннен бұрын енбеген.
Эмпирикалық және рационалды психологиялардың арасындағы бұл ажыратылуы
Дидьероның Энциклопедиясынан алынып, Францияда Мэң дө Биғаңның көмегімен
кең тараған.
Өзінің "жан" мен "тану" деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне
қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының зерттеуі
болып тек одан көп уақыт өткеннен кейін, христиандық заманда танылды.
Психология медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің ми
функцияларының мәніндегі "Жан Доктринасы" мен анатомиялық трактаты "Хайуан
Жандар Жайлы Екі Пікірлесу" ("De Anima Brutorum") атты еңбектерінде
көрінеді.
19шы ғасырға дейін психология пәлсапаның бір тармағы ретінде
қарастырылды.

Ерте жаңа заман

1879 жылы "психологияның атасы" болып танылған Вильхельм Вундт (1832-
1920) Германияның Лейпциг Университетінде психологиялық зерттеу зертханасын
ашты.
Вильям Джеймс, америка пәлсапасышысы өзінің "Психология Принциптері"
(1890) атты жемісті кітабын жариялап, келесі жылдарда психологтардың
назарын жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын қалады.

Бұл өріске өздерінің үлестерін қосқан, тәжірибелік түрде еске салу, есте
сақтау, еске түсіру функцияларын Берлин ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Практикалық психологияның негізгі әдістері
Басқару психологиясының қалыптасу және даму тарихы
Мектепке дейінгі психология пәні, мақсаты мен міндеттері жайлы
Психологиядағы іс-әрекет мәселесі
Әңгіме және анкета әдістерінің негізгі ережелері
Психология ғылымының салалары
Ұжымдық қарым - қатынастың психолингвистикалық аспектілері
Қазақстанда психологияның даму және қалыптасу заңдылығын зерттейтін ғылым
Психология ғылымының салалары туралы
Психика мен сана мәселелері
Пәндер