Рибонуклеин қышқылы (РНҚ) АТФ

Рибонуклеин қышқылы (РНҚ) АТФ
РНҚ молекуласының құрылымы. ДНҚ мен РНҚ бірдей; мономерлі тізбек - нуклеотидтерден тұрады, сонымен қатар олардың арасында төмендегідей айырмашылықтар бар:
1. Олардың молекуласындағы қанттардың құрамы әр түрлі. РНҚ рибозадан құралған, сондықтан рибонуклеин қышқылы деп аталады, ал ДНҚ-ның құрамы көмірсудың дезоксирибозасынан тұратындықтан, дезоксирибонуклеин қышқылы деп аталады.
2. ДНҚ, мен РНҚ-ның құрамындағы аденин (А), гуанин (Г) және цитозин (Ц) бірдей, ДНҚ-да - тимин (Т), ал РНҚ-да соған ұқсас урацил (У) орналасады.
3. ДНҚ екі тізбекті, ал РНҚ бір тізбекті. Бірақ РНҚ-ның сәйкес нуклеотидтері қосылған жерлері қос тізбекті болады.
РНҚ молекуласының мөлшері, құрылымы және қызметіне қарай әр түрлі. Олар мыналар:
1. Тасымалдаушы РНҚ (т-РНҚ) . Жасуша ядросындағы т-РНҚ-ның мөлшері 10%-тей болып, молекулалық салмағы 20 000-50 000-ға дейін жетеді. т - РНҚ-ның негізгі қызметі ақуыз молекуласының синтезі кезінде аминқышқылдарын рибосомаларға тасиды. Әрбір аминқышқылының өзіне тән ерекше т-РНҚ-сы болады, яғни аминқышқылының әрқайсысына бір т-РНҚ сәйкес келеді. Сондықтан да т-РНҚ-ның жиырмадан астам түрі бар. Олар бірінші реттік құрылымымен ерекшеленеді.
т- РНҚ-ның екінші реттік құрылымы «жоңышқа жапырағына ұқсас келеді. т-РНҚ молекуласының бірнеше нуклеотидтері комплементтік негіздеріне сәйкес бір-бірімен өзара байланысады да, оның пішіні жонышқа жапырағына ұқсас болады. т- РНҚ-ның «Е» бөлігінде ДНҚ-ның аппаратына сәйкес үшөрім (триплет) болады да, ал оған қарама-қарсы тұрған «Д» бөлігіне үшөрімге сәйкес келетін аминқышқылын жабыстырып алады.
2. Рибосомалық РНҚ. Жасушадағы РНҚ-ның 85%-ін р-РНҚ құрайды. Рибонуклейн қышқылының бұл түрі рибосома органоидында кездеседі. р - РНҚ-ның молекулалық салмағы 700 000- 3000 000-ға дейін ауытқып отырады. Ол рибосомада ақуыз синтезіне қатысады.
3. а-РНҚ (ақпараттық немесе қалыптық РНҚ) . а-РНҚ жасушадағы рибонуклеин қышқылының 5%-ін құрайды. Молекулалық салмары 100-ден 10 000-ға дейін ауытқып отырады. Бұл -жоғары молекулалы рибонуклеин қышқылы. Қысқа мерзім ішінде өмір сүреді. Мысалы, бактерия жасушаларында 5 минут, жануарлар жасушасында 12-16 сағ, ал кейбір жасушаларда бірнеше күнге дейін тіршілік етеді. а - РНҚ, ДНҚ молекуласының белгілі бір бөлігінде РНҚ - полимераза ферментінің әсерінен синтезделеді. Сондықтан а-РНҚ, ДНҚ молекуласының белгілі бір бөлігінің көшірмесі болып табылады. а - РНҚ, ДНК, молекуласында көшірілген тұқым қуалау ақпаратын р - РНҚ-ға береді де, осыдан кейін өзі ыдырап кетеді.
Бөлімннің қысқаша мазмұны. Тірі ағзалар да, әлі табиғат сияқты, физика мен химияның заңдарына бағынады. Олар да бір-бірімен химиялық жолмен байланысқан атомдардан тұрады. Ағзалар судан, әр түрлі бейорганикалық заттар мен органикалық қосылыстардан тұрады. Табиғатта кездесетін 92 химиялық элементтің тірі ағзаларда 24-ті ғана болады.
Су - тірішлік үшін қажетті құрамдас бөліктің бірі. Су молекуласының ерекше құрылымы оған бірнеше өмірлік маңызы бар қасиеттер береді. Су полярлы және ионды заттарды ерітеді, поларсыз заттардан беттік бөлісу құралады; өзінің қылтамырлық қасиеттеріне байланысты ұсақ тамырларды толтырады, ағзаның бойына жылудың тең белінуін қамтамасыз етеді; булану арқылы денені салқындатады.
Органикалық молекулалар көніртекті қаңқадан тұрады. Тірі ағзаларда органнкалық қосылыстардың төрт түрі кездеседі.
Негізгі органикалық
Көмірсулар
Липидтер
Ақуыз
Нуклейн
Қышқылдары
Моносохоридтер
Глицерол май қышқылдары
Аминқышқылдары
Нуклеотидтер
Полисахаридтер
Триацетилглицеролдар (нағыз полимер емес)
Полипептидтер ДНҚ, РНҚ
Кейбір кемірсулар мен липидтерде қажетті жағдайда ыдырау барысыңда пайдаланатын энергия сақталады. Өсімдік көмірсуларының ішінде тірек қызметін атқаратын полисахарид целлюлоханың маңызы зор.
Липидтер полярсыз қосылыс болғандықтан, суда ерімейді, ол қосылыс биологиялық жарғақшаны құрайды. Липидтерге кейбір маңызды гормондар жатады.
Ақуыз бен нуклеин қышқылдары ағзаның өсуі, дамуы және зат алмасудағы негізгі қызметті атқарады. Ферменттер - ақуыз катализаторы. Ақуыздың ішінде құрылым ақуыздар, гормондар мен токсиндердің маңызы зор.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz