Сақшының міндеттері
Сақшының міндеттері
Сақшы—қол сұғылмайтын адам болып табылады (4-сурет). Сақшыға қол
сұғылмайтындығы мыналардан көрінеді:
4 сурет. Постыдағы сақшы
• оның құқығы мен жеке басының қадір-қасиеттері заңмен айрықша
қорғалатындығы;
• оның белгілі бір тұлғаларға ғана — қарауыл бастығына, қарауыл
бастығының көмекшісіне және өзінің жұмысқа таратушысына бағынатындығы;
• бұл тұлғалардың сақшы қызметі бойынша айқындалған талаптарын сөзсіз
орындауға міндеттілігі;
• Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының баптарында
көрсетілген жағдайларда оған қару қолдану құқығы берілетіндігі.
Сақшы:
• өз постысын қырағы күзетуге және табанды қорғауға;
• қызметін сергек, еш нәрсеге алаңдамай атқаруға, қаруын қолынан
шығармауға және оны ешкімге, өзі бағынатындарға да бермеуге;
• көрсетілген бағдар бойынша жылжи отырып немесе бақылау мұнарасында
тұрып постыға кіре берісті, қоршауларды мұқият қарау және байланыс
құралдары арқылы қызметті өтеу барысы жайында табельмен белгіленген
уақыттарда баяндап тұруға;
• тіпті өз өміріне қауіп төнсе де, сақшы ауыстырылғанша не алынғанша,
постыны тастамауға міндетті. Постыны өз еркімен тастап кету — әскери қылмыс
болып саналады;
• ГжҚҚЖ-ның 115-бабында көрсетілген ереже бойынша постыда оқталған қару
болуы және әрдайым әрекетке дайын болуға;
• постыларға табельде көрсетілген және тыйым салынған шекара көрсеткіші
тұрған жерге жақын қашықтыққа қарауыл бастығы, қарауыл бастығының
көмекшісі, өзінің таратушысы мен оларға ілесіп жүретін тұлғалардан басқа
ешкімді жібермеуге;
• қарауылдың көлік құралдарының бағдары мен графигін, олардың тану
белгілері мен сигналдарын білуге;
• постыдағы өрт сөндіру құралларын қолдана білуге;
• объект қоршауынан (постыдағы) ақау тапқанда және өз постынан жақын
жерде не көрші постыда тәртіп бұзушылық байқалған кезде қарауыл бастығын
шақыруға;
• қарауыл иттерінің үргенін естіген кезде немесе техникалық күзет
құралдары іске косылғанда, бұл туралы қарауыл үй-жайына дереу хабар беруге
міндетті.
Сақшыға: ұйықтауға, отыруға, бір нәрсеге сүйеніп тұруға, оқуға, ән
айтуға, сөйлесуге, тамақ жеуге, су ішуге, темекі шегуге, табиғи
қажеттілігін өтеуге, қандай да бір затты әлдекімге беруге немесе одан алуға
қажеттілік болмаса патронды оқжатарға жіберуге тыйым салынады.
Сақшы тек қарауыл бастығының, оның көмекшісінің, өзінің жұмысқа
таратушысының және тексеруге келген тұлғалардың сұрағына жауап беруі керек.
Сақшы өзіне немесе өзі күзетіп тұрған объектіге анық шабуыл жасалған
жағдайда қаруды ешқандай ескертусіз қолдануға міндетті.
Қарауыл бастығы жұмысқа таратушылар мен қарауылдың міндеттерін нақты
білуін тексереді, қаруды қолдану тәртібіне ерекше назар аудара отырып,
қарауылдарға әр постыда қызмет атқару міндеттерін естеріне салады, ауысымды
қарауыл үй-жайларынан шығарады да, қаруыл оқтайтын алаңда сапқа тұрғызып,
"Ауысым, он жақтан бір-бірлеп оқта!" деп пәрмен береді. Осы пәрмен бойынша
оң қанаттағы әскери қызметші алға қарай бір адым басып, сүңгіні бекітеді
де, қаруды оқтайды, қарауыл бастығы қарудың оқталуын тексереді (ГжКҚЖ; 114,
115-баптар). Қаруды оқтап болған соң әскери қызметші: "Қару оқталды және
сақтандырғышқа қойылды!" деп баяндайды, сонан соң жеке алып "Белдікке!"
күйінде ұстап, бір адым кейін шегінеді.
Осындай тәртіпте басқа жұмысқа таратушылар мен қарауылдар қаруды
кезектесіп оқтайды. Қару постыға шығар алдында оқталады. Қаруды оқтау және
оғын алып тастау қарауыл бастығының немесе оның көмекшісінің пәрмені
бойынша, қарауыл үй-жайында арнайы жабдықталған және оқ ұстайтын жабдығы
бар жарық жерде, олардың тікелей бақылауымен, ал ауысымдар постыларға
машинамен бара жатқан кезде, қарауыл бастығының нұсқауында көрсетілген
орындарда, қажет болғанда, оқ ұстауға арналып жабдықталған орындарда
жүргізіледі. Оқты салу және алу кезінде мылтықтың ұңғысы жоғары (45—60
градусқа) және жан-жағындағы тұрғын үй-жайлар мен күзетілетін объектілерден
басқа жаққа бағытталуы тиіс. Егер қарауыл үй-жайының маңы мен айналасында
тұрғын үйлер мен қызметтік үй-жайлар орналасса, қаруды оқтау мен оғын алып
тастау оқ ұстауға арналып жабдықталған орындарда жүргізіледі. Қарудың оғын
алу, оны қарау дереу қарауыл үй-жайларына келген бойда немесе қарауыл
бастығына арналған нұсқауда көрсетілген орындарда жүргізіледі.
Қарауылды таратушы сақшылардың күзетке барар алдында қару-жарақтарын
дұрыс оқтауын және постылардан келген соң оқтарын алып тастауын қадағалайды
(ГжҚКЖ; 114, 115, 150,156-баптар);
Қарудың оғы қарудың тиісті түрлеріне арналған атыс ісі жөнінде
басшылықта көрсетілген ережелер бойынша алынып тасталынады, бұл кезде
патрон оқшантайға салынбайды.
Автомат жабдықталған оқжатармен оқталады. Оқтау алдында ол қарап-
тексеріледі (бұл кезде оның шүріппесі түсіріледі) және сақтандырғышқа
қойылады. Бекітпе жақтауы оқжатар қосылған соң жылжытылмайды.
Постыдан оралған сон қарудың оғы алынады. Қарудың оғын алдымен таратушы
алады, содан кейін таратушы: "Ауысым, оң жақтан бір-бірлеп оқты алып
таста!" — деп пәрмен береді.
Осы пәрмен бойынша, он қапталда тұрған қарауыл алға қарай бір адым
жасап, таратушының бақылауымен өз қаруының оғын алады, жабдықталған
оқжатарды (патроны бар оққалтаны) сөмкеге салады да, "Қарудың оғы алынды!"—
деп баяндайды, содан соң бекіту тетігін артқа тартып, қаруын тексеруге
ұсынады. Таратушы қаруды тексерген соң, қарауыл бекіту тетігін алға қарай
қозғап, қарудың шүріппесін түсіреді. Қаруды сақтандырғышқа қояды, сүңгіш
алып тастап, қаруды "Белдікке!" күйіне ұстап, артқа қарай бір адым шегінеді
де, өз орнына барып тұрады.
Осындай ретпен қалған қарауыл ауысымдары кезектесіп өз қаруларының оғын
алып тастайды. Одан кейін аға бастықтың пәрмені бойынша қарауылдар бұрынғы
қарауыл орналасқан жерге, ал таратушылары — қарауыл үй-жайларына барады.
Сақшыларды ауыстыру тақ немесе жұп сағаттарда, 2 сағ сайын жүргізіліп
отырады. Ауаның температурасы —200С жөне одан төмен, жел соғып тұрған және
қатты аяз болмаған кезде сыртқы постылардың, сондай-ақ пеш жағылмайтын үй-
жайлардағы ішкі постылардың сақшылары 1 сағ-тық кезекпен ауыстырылады.
Сақшыларды 1 сағ сайын ауыстыру туралы нұсқауды қарауыл (әскери бөлім)
бойынша кезекші береді.
Егер сақшылар 1 сағ-тан кейін ауыстырылса, онда қарауыл бастығы пост
ведомосында сақшылар қай уақыттан бастап 1 сағаттан кейін, ал басқа ауысым
келгенде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz