Сөйлесу қарым - қатынастың негізгі түрі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
А
дам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой
алмасады. Бұл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалық ережесіне сәйкес сөз
тіркестерін пайдаланылады.
Адам баласының сана – сезімнің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының
маңызы зор. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық
өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты
жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс
тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын басты белгісі. Ол
бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан қуаты. Сөйлеу
адам сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық
жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық -әлеуметтік, тарихи факторлардан
іздестіруіміз қажет. Сана мен тіл адамзат қоғамның тарихи дамуының, олардың
іс-әрекетпен айналасуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің
нәтижесі.
Тіл сөйлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып
жетілдіруде аса маңызды рөль атқарады. Сөз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс.
әйтпесе ол көздеген мақсатына жете алмайды. Тіл арқылы жеке адамның
тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшесінің игілігіне айналады. Ал жеке
адамның жеке санасы да сыртқы ортаның ықпалымен, оқу-тәрбие процесінің
әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады. Бұл екеуінің дамуы бір-бірімен
шарттас. Адамдардың арасында қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқаруы,
оның негізгі қызметі. Тіл, сондай-ақ, адам сана-сезімінің, оның
психологиялық көрсеткіші де. Тіл адамды қимыл-әрекетке де итермелейді. Бұл
оның атқаратын екінші қызметі.
Тілдің бұл екі қызметі өзара тығыз байланыста болады. Олар үнемі
қатарласа, бірі екіншісін демеп, кейде қарама-қарсы бағытта жүріп отырады.
Мәселен, мұғалім келді деген сөйлемде мұғалімнің келгені жөнінде айтылса,
мұғалім келді ме? деген сөйлем екінші бір адамды осыған жауап қайтаруға
мәжбүр етеді.
Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп аталады.
Сөйлеу-пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір
тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формалардың арасындағы өзара түсінуді
реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет білімін, практикалық тәжірибесін
байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық
тәжірибесін меңгеруге де мүмкіндігін алады.
Ойдың т ілі - сөз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз
байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке
сөздерді қабылдаудың өзі оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір
мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонацияны қабылдау
сөйлеу аппаратында, адамның мәнерлі қозғалысында түрліше реакция тудырады.
Мәселен, бұйрық интонациясына келісу немесе келіспеушілік білдіреді.
Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сөйлеу
өзінің қызметін дұрыстап атқара алмайды. Мұның біріншісі – сөйлеудің
мазмұндылығы, екіншісі – оның мәнерлілігі делінеді. Сөйлейтін сөзде мазмұн
болмаса, ол өзіндік сөздік мәнін жояды. Сөздің мазмұндылығы деп екінші
біреуге жеткізілетін ойдың айқындығы. Ойы саяз кісі бос сөзді болады, оның
сөзі де айқын, таза болмайды.
Сөздің мәнерлігі – адамның сөйлеу кезендегі эмоциялық қалпын білдіре
алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. Халық жақсы сөйлейтін
адамдарды сөзі мірдің оғындай екен дейді. Мәнерлі сөйлей білудің
мұғалімдік мамандық үшін маңызы зор.
Сөйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аппараттардың (тіл, ерін, таңдай,
ауыз қуысының бұлшық еттері т.б.) дұрыс қызмет істеуін қажет етеді.
Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік, синтездік қызметінің
нәтижесі. Бұл біріншіден, сөйлеу органдарындағы қозғалыстарды, жазылған
әріптердің түрлерін, тілдегі ддыбыстарды нәзік талдаудан; екіншіден сөздік
сигналдың бөлшектенгенэлементтерін байланыстардан көрінеді. Сөзді қабылдау
оның мәнісіне түсінуде мидың есту, көру, сипау, сипай-сезу, қозғалыс
зоналарының бірлескен қызметін реттестіріп отыратын сол жақ ми сыңарының
төбе, самай, желке бөліктерінің қызметі де ерекше. Сөйлеу қабілеті мидың
анатомиялық функциясына байланысты болып келетіндігін мына мысалдан көруге
болады. Егер оның сол жақ бөлігі зақымдаса, адам сөйлей алмайтын жағдайға
душар болады. Мұндай құбылысты ғылымда афазия деп атайды. Мұның үш түрі
бар. Бірінде сөйлеу органдары толық сақталғанмен, қиналып сөйлейуі, тілі
күрмеледі, дыбыс, үн шығару қиынға соғады. Афазияның екінші түрінде адам
өзі сөйлей алғанмен, басқа біреудің айтқанына түсінбейді. Мидың бір жеріне
қан құйылуы, оның тамырларының тығындалуы, жарақаттанып қабынуы, ісу т.б.
афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар.
Мұның емін логопед-дәрігерлер жасап отырады.
Сөздік сигналдары дұрыс анализдей алу адам психикасы дамуының түрлі
кезеңдерінде түрліше көрінеді. Мәселен, жас баланың алғашқы кезде
дыбыстарға қайтаратын жауап реакциясы жалпылама түрде, яғни генерализация
сипатында болады. Балаға сағат деген сөзді айтқанда немесе сағатқа қарап
сөйлегенде, сол сағатқа ұқсас дыбыстардың жиынтығына назар аударады да,
дыбыстың қалай шығып жатқанын дұрыс айыра алмайды. Бұл жағдай баланың ми
қабығының анализдік, синтиздік жұмысы әлі женді жетілмегендігін, яғни онда
сөзді дұрыс қабылдау, түйіну әлі мардымыз екендігін көрсетеді. Сөзді
жалпылай алу – адам ойлауы мен сөйлеуінің ең басты ерекшелігі. Басса мұндай
қабілетке тілі шығып, жүре бастағаннан кейін біртіндеп ие болып отырады.
сөйлеу, тіл, қарым-қатынас ұғымдарының мән-мағынасы жақын
болғанмен, ғылыми тұрғыдан бұлар бір-бірінен ажыратылады. Қарым-қатынас
адам іс әрекетінің ауқымды саласы, ол өмір сүрудің тыныс-тіршіліктің
негізгі арқауы. Сөз бен сөйлеуге қарағанда оның аясы кең, ауқымды. Адам тек
сөйлесу арқылы ғана қарым-қатынас жасамайды. Ол айналасындағылармен түрлі
ым-ишара, белгі, таңба (Морзе әліппесі, стенографиялық жазу, эсперанто
т.б.) арқылы да бір-біріне ақпарат (мағлұмат) бере алады. Тіпті, қас қағу,
иық пен иекті қозғалту, басты шайқау т.б. осы секілді толып жатқан
атрибуттар да қарым қатынастық қызмет атқарады. Сөйлесу қарым-қатынастың
негізгі түрі. Мұның неше түрлі нұсқалары болады. Мәселен, қызмет бабы
жоғары адаммен сөйлесу рәсімі бір түрлі болса, отбасында, құрбы-
құрдастарымен пікірлескенде кісі басқа формада сөйлейтін болады. Осы
айтылғанға орай сөз арқылы пікірлесу тікелей, жанама, әзіл-қалжың,
эмоцияны, интеллект түрінде көрініп отырады. Қарым - қатынас, сөйлеу
ұғымындарының мән-мәнісін негізінен психология ғылымы қарастырады.

Тіл ұғымының да ауқымы кең, ол, көбінесе, қоғамдық ғылымдарда
(тарих, социология, этика, педагогика т.б.) жиі қолданылады. Тіл жеке
адамның емшісі ғана емес, ол бүкіл адамзатқа ортақ қоғамдық құбылыс. Тіл
арқылы әр қоғамның ғасырлар бойына жинақтаған рухани мұрасы ұрпақтан
ұрпаққа жеткізіліп отыралады. Ал сөз сөйлесу жеке адамның өзіндік
ерекшелігі. Ол жас балада, ересек, не қарт адамдарда, әртүрлі мамандық
иелерінде сөз сақтаулары түрліше көрінеді. Психология тіпті есі кіресім-
шығасылы адамдардың да сайлау ерекшеліктері зерттеумен айналысады. Басқа
ғылымдар сөйлеудің осы жақтарын қарастырып жатпайды, олар тіл ұғымын
адамзат қоғамына ортақ құбылыс ретінде әр қырынан сөз етеді.

Сөйлеу түрлері

Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып
отырады. Пікір алысудың нақтылы мақсаты мен жекежағдайларына қарай сөйлеу
түрлі ерекшеліктермен көрінеді. Осы айтылғандар тұрғысынан сөйлеу бірнеше
түрлерге бөлінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып екі топқа
жіктеледі.
Сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша сөйлеу болып, ал ауызша сөйлеудің
өзі диалог және монолог.
Ауызша сөйлеу – сөйлеудің негізгі түрі болғандықтан оның қалған
түрлері де, соның төңірегіне құрылады.
Ауызша сөйлеу негізгі бір түрі – диалогтық сөйлеу.
Диалогтық сөйлеу – екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Диалог сөздің
кейбір психологияның ерекшеліктері төмендегідей:
1) диалог сөз бөгелмей еркіге айтылады, ол ойды кең жайып жатуды
тілейді;
2) үнемі кезектесіп айтылатын ықшам келеді, тек әңгімелеуші
адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады;
3) диалогтық логикалық жағы (жоспарлығы, дәлелдігі) кемдеу
болады;
4) диалог сөз шараларымен, бет пен көздегі мәнерлі қозғалысымен
(қолдың, ауыз, көз, қозғалысы) толықтырады;
Монологтық сөйлеу – бір адамның сөзі, яғни баяндамашының, лектордың
сөздері. Монолог сөзге кейбір психологиялық ерекшеліктері
төмендегідей:
1) монолог сөз үнемі белгілі жоспарға сәйкес құрылады, бұл алдын ала
даярлықты тілейді;
2) монолог сөздерге логикалық жағынан қатаң талаптар қойылады
(мәселен, баяндамашы мен лектор сөзінің мағыналылығы мен
түсініктілігіне ерекше көңіл бөледі);
3) монолог сөз мәнерлі, адамға әсер ететін моменттерді (сөзді сазына
келтіріп айту) көбірек қажет етеді
Диалог және монолог сөздер көбінесе беттің мимикасының өзгеруімен,
ымдау сипатындағы түрлі қозғалыстармен қосарланып отырады. Орынды
ымдар біздің сезімімізді мәнерлі етумен қатар, оның өзімізге де,
жұртқа да түсінікті болуына жағдай туғызады. Бірақ, осындай ым-
ишаралардың дербес күйінде аса үлкен маңызы жоқ. Адам мұны көмекші
құрал ретінде ғана пайдаланылады.
Ауызша сөйлеуде (оның диалог және монолог түрлерінде де) актив және
пассив сөздер болады. Актив сөздеркүнбе-күнгі жиі қолданылатын сөздер.
Пассив сөздер тілімізде сирек пайдаланылатын, мағынасына түсінгенмен
күн сайын айтылмайтын сөздер. Мұндай сөздерге көбінесе ғылыми-
техникалық атаулар және ескірген сөздер жатады. Актив сөздің мол болуы
адамның сөйлеу әрекетіне , айналысқан кәсібіне байланысты. Егер ересек
адамдардың актив сөздері орта есеппен 6000-7000 болып келсе, жазушылар
мен ақындардың, ғалымдардың актив сөздері 10000-13000 сөзге жетіп
отырады. Мәселен, Шекспирдің сөздік қоры 12000 дай болған.
Сөйлеудің ерекше бір түрі – жазбаша сөйлеу. Жазбаша сөйлеу арнаулы
әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі. Мұны игеру адамға
оңайлықпен түспейді. Жазбаша сөйлеу адам баласы хат танырлықтай
дәрежеде жеткенде, ауызша сөйлеудің біршама дамыған кезінде ғана пайда
бола бастайды.
Жазбаша сөйлеудің кейбір ерекшеліктері:
1) жазатын адамның қасында сөйлесетін адам болмағандықтан,
мұнда ешбір ым-ишара қолданылмайды.
2) Жазбаша сөйлеудің логикалық жағына аса қатаң талап
қойылады. Мәселен, белгілі тақырыпқа шығарма жазған
кезде адам осындай талаптарды орындауға тырысады, көп
ойланып, толғанады. Өйтпейінше, бұдан нәтиже шығару
қиын.
3) Жазуда грамматиканың ережелері де қатты ескеріледі.
4) Жазу кезінде адам қатты зейін қойып, әр сөзін ойлап
құрастырады, мағыналы сөз іздейді. Бұл үлкен ой жұмысын
қажет етеді. Мәселен, адам өзінің туысқандарына,
таныстарына хат арқылы ойын білдіргенде осы жағдай
байқалады. Жазбаша сөйлеудің түрлері мен стильдері әр
алуан. Олардың бастылары ғылыми, публицистика, көркем
әдебиет, іс-қағаздық т.б.сөздер.
Сөйлеудің жеке бір түрі – ішкі сөйлеу. Ішкі сөйлеу деп тілдік
материалдар негізінде дауыстамай-ақ сөйлей алушылықты айтады. әр
ұлттың өкілі қандай бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен өз
тілінде ойлайды. Осындай кезде адам ішкі сөйлеуді пайдаланылады.
Ішкі сөйлеу адамдармен тікелей қарым-қатынас жасауға арналмаған.
Оны адам өзінің ойлау әрекетінің ішкі мақсаты үшін
пайдаланылады. Ішкі сөйлеуді сөйлеу аппаратының жасырын жұмысы
деуге болады. Өйткені мұнда оның жұмысы жөнді еленбейді. Тек
тиісті аспаптармен зерттегенде ғана сөйлеудің осы түрінің де
кинестезиялық тітіркендіргіштерге орай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыстілді оқушылардың сөйлесу әрекетін дамыта оқытудың ғылыми-теориялық негіздері
МЕЙІРБИКЕЛІК ІСТЕГІ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС
Іскерлік әңгіме құру ережелері
Тілдік қатынас: «коммуникация» термині
Коммуникативті мағынаны бейвербалды тәсіл арқылы анықтаудың жолдары
Тілдік қатынас мәселесіне байланысты қолданылатын терминдер жүйесі
Көпшілік ортада тілдік қарым-қатынас. Адамдардың қатынас мәдениеті
Қарым-қатынас психологиясы бойынша сөздік құру
Тілдік қатынас
Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері
Пәндер