Уәлиханов Шоқан (шын аты-Мұхаммедханафия) Шыңғыс ұлы
Уәлиханов Шоқан (шын аты-Мұхаммедханафия) Шыңғыс ұлы (ноябр., 1835-
апрель, 1865)- қазақ ғылыми, ориенталист, тарихшы, этногроф, географ,
фольклорист, ағартушы-демократ.Ол Құсмұрын бекінісінде (қазіргі Қостанай
обл.) туды.Шоқан 12 жасына дейін жеке меншік мектепте оқып, мұсылманша хат
таныды. Ол осында жүріп өлең, жыр, аңыз әңгімелерді оқуды, түсінуді
үйренді.Құсмұрындағы шағының өзінде Қозы Көрпеш –Баян сұлу жырын жазып
алған. Шығыс тілдерінен араб, парсы тілін, кейінірек Орта Азияның түркі
тілдерін меңгерді. 1847 жылдың күзінде Шоқанды әкесі Омбыдағы кадет
корпусына оқуға берді.Бұл Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны болып
саналатын.Кадет корпусының оқушылары әскери пәннен басқа
географиядан,тарихтан( Россия тарихы мен жалпы тарих), орыс және бат.
әдебиетінен , философия енгізінен, зоология және ботаникадан, физикадан,
құрылыс пен архитектура негізінен білім алды. Оқу мерзімі 8 жыл болатын.
Мұндағы тәрбиелеушілер рота және эскадронға бөлінді.Ротаға ірі чиновниктер
мен жоғары шенді офицерлердің, ал эскадрондарға қазақ балалары алды.
Осында Шоқан Оңт. Сібір, Байкал, Алтайды, Орал,, Еділ, Каспий, алабын
зерттенген П.С.Палластың Саяхаты, Орал, Еділ, Каспий халықтарының тарихы
мен ътногр. Жазған П.И.Рычковтың күнделігі сияқты сирек кездесетін көне
қолжазбалармен танысып, оларды қызыға оқыды. Сол кездегі озық ойлы, алдыңғы
қатарлы адамдармен қарым-қатынас жасады.Эскандрондағы оқу барысында
кейіннен Азияны зерттеуші, белгілі географ ғалым болған Г.Н.Потанинмен
достасты. Шығысты зерттеуші С.Сотниковпен, сурет мұғалімі А.Померанцевпен,
білімді офицер К.К.Гутковскиймен,орыс әдебиетінің оқытушысы, ориенталист
Н.Ф.Костылецкиймен, мәдениет таихынан сабақ берген айдаудағы ғалым
Гонсевскиймен, әдебиетші В.П.Лободосвскиймен (Н.Г.Чернышевскийдің досы,
идеялас әріптесі) ғалым И.Н.Березинмен араласып тұрды. Березиннің
(Қадырғали Қосынұлы Жалаиридің шығармасы Жами ат-тауарих) аудармасына
талдау жасады. Бұл оның алғашқы ғылыми жұмысы болды. Полицияның қатаң
бақылауында болған атақты жазушы Ф.М.Достоевскиймен, оның досы, патша
өкіметіне қарсы күресуші С.Ф.Дуровпен танысты. 1853 ж.кадет корпусын
бітірген Шоқан Сібір қазақ-орыс әскерлеріне қызметке жіберіледі. Онда оның
ерекше қабілетін байқаған Бат. Сібір генерал-губернаторы Г.Х.Гасфорттың
Омбыдан Іле Алатауына дейінгі сапарында қасында болды. ...Қырғыздардың
тілі мен әдет-ғұрыптарын жете білетінін корнет сұлтан Уәлиханов,әскери
қызмет ете бастағанына 2 жыл өтпей жатып мені даламен алып жүргенде үлкен
пайдасы тиді... мен Уәлихановты жоғары дәрежелі наградаға ұсынуды қажет деп
санаймын, оның үстіне ол қырғыздар арасында да ерекше сыйлы екен,-деп
жазды генерал-губернатор Г.Х.Гасфорт. 1855ж. К.К.Гутковскийдің
экспедициясымен Капалда болып, қазақтың ауыз әдебиетінің үлгілерін жинады.
1856 жылдың көктемінде Семенов Тян-Шанскиймен танысты. Бұл кездесуде
Семенов Тян-Шанский болашақ Шығыс зерттеушісіне бағыт беріп, оның ғылыми
жұмыстарына ықпал жасады. Осы жылы У. 2 экспедицияға ( бірі Алакөлден Орт.
Тянь-Шаньмен Ыстықкөлге;екіншісі дипломатиялық тапсырмамен Құлжаға)
қатысты.1857 ж. Іле Алатауы қырғыздарына тағы да сапарға шығып, көшпелі
халық арасында болғанда олардың өмірі мен әдет-ғұрпын, тарихын, этногр. Мен
ауыз әдебиетін терең зерттеді. Осы жолы ол қырғыз халқының эпосы Манасты
жазып алды. Көрші халықтардың тарихын зерттеу Уәлихановқа өз халқының көне
және орта ғасырлық тарихындағы көмескі жәйлерді анықтауға көмектесті. Ол
Қазақтың оңт. аймақтарымен тығыз байланысты болған Қоқан хандығының
экономикалық-саяси және әлеуметтік құрылысын жан-жақты зерттеп, ол жайлы
Қоқан хандығы туралы жазба деген белгілі еңбегінқалдырды. Алғашқы
экспедиция кезінде Жетісу, Ыстықкөл аймағының фаунасын, осы өңінлерден
табылған көне қалалардың қалдығын, эпиграфикалар мен балбал тастарды
зерттеді. Ыстыкөлдің картасын жасауға қатысты. Осында жинаған материалдарын
терең талдап, қорыту арқылы Ыстықкөл сапарының күнделігі, Қытай
империясының батыс провинциясы мен Құлжа қаласы, Қырғыздар туралы
жазбалар дейтін тарихи-этногр. шығармалар жазды. Бұл еңбектерінде де
Қырғызстан мен Қазақстанның оңтүстігінде орта ғасырда отырықшылық кең
тарағаны, әсіресе, Іле жазығында, Алмалық, Алмату (Верный бекінісінің орны)
қалалары Генуя саудагерлері мен қыпшақ елшілеріне ұлы хандыққа апаратын
үлкен жолдың бойында бекет міндетін атқарып, бүкіл сауда әлеміне белгілі
болғандығы туралы баяндады. Ыстықкөлге жасаған экспедициясында Уәлиханов
ғылыми мәліметтермен қатар тарихи, этногр. Мәні бар көне дүние үлгілерінен
үлкен коллекция жинады. Уәлихановтың ғылыми қызметі Орыс география
қоғамының назарын аударып, 1857ж. 27 февральда ол қоғамға мүшелікке алынды.
Уәлихановтың 1858 ж. Қашқарияға сапары оның ғылыми қызметіндегі жаңа кезең
болды. 13 ғасырдың соңғы ширегінде Марко Поло, 1603 ж. саяхатшы Геос қана
болған жат өлкеге сапар шегіп, ол жайлы Алты шаһардың немесе Қытацдың Нан-
Лу провинциясының (Кіші Бұқараның ) шығыстағы алты қаласының жайы деп
аталатын тамашаеңбек жазды. Алты шаһар деп солтүстігінен Тянь-шань,
оңтүстігінен Кунь-Лунь таулары қоршап тұрған Қашғарияның Ақсу, Учтұрфан,
Жаркент, Хотан қалалары аталатын. Осы бейтаныс елдің экономик., саяси
құрылысы, халықтарының тарихы мен этнографиясы, географиясы жөнінде құнды
мәліметтер берілді. Бұл Уәлихановтың ғылыми мұраларының ішіндегі ең ірісі,
Шығ. Түркістан тарихы жөнінде жазылғантұңғыш ғылыми еңбек еді. Ол Россия
мен одан тыс елдердегі ғылым әлемінің назарын бірден өзіне аударды. Еңбекті
Россия мен шетелдік шығ. Зерттеушілері жоғары бағалады. Ол 1865 ж.Лондонда
Орыстар Орталық Азияда деген атпен ағылшын тіліне аударылып басылды. Оны
Орта Азия мен Шығ. Түркістанды зерттеуші географ, тарихшылар мен әскери,
саяси мемлекет қайраткерлері өздерінің жұмыстарында кең пайдаланды. Оның
бірқатар еңбектері кейін неміс, француз тілдеріне де аударылды. Сапардың
ауыр жағдайы, жол бойындағы ауыртпалықтар жас ғалымның денсаулығына әсер
етпей қалмайды. Елге қайтқан соң Уәлиханов ауырып қалды. 1860 ж. ол Әскери
министрліктің шақыруыбойынша Петербургке келді. Мұнда ол Орта Азия мен
Қазақстан халықтарының өмірін зерттеуші үлкен ғалым, саяхатшы ретінде
қабылданып, орденмен наградталды, поручик шеніне жоғарылатылды. Петербургте
Уәлихановтың белгілі жазушылар, сыншылар мен ақындар арасындағы таныстық
шеңбері кеңейе түсті. Оның петербургтік достарының арасында ақындар
А.Н.Майков, Я.П.Полонский, Земля иволя қоғамының мүшелері,
Н.Г.Чернышевский мен Н.А.Добролюбовтың идеялас әріптестері, ағайынды В.С.
және Н.С.ККурочкиндер болды. Петербургте Шоқанға ғылыми ортаның өкілдері:
Записки Русского географического общества журналының редакторы, проф.
А.Н.Бекетов, шығысты зерттеуші, дипломат және публицист Е.П.Ковалевский,
Ф.Р.Остен-Сакен, Петербург ун-тінің проф., Қүлжада консул болған
И.И.Захаров, белгілі ориенталист ғалымдар В.В.Григорьев, В.Н.Васильев,
В.В.Вельяминовтың тұңғыш ғалымы және ағартушысының сана –сезімін байытып,
рев. Ахуал кезеңіндегі Россияның қоғамдық өміріндегі оқиғалардытүсінуге
көмектесті. Современник, Русское слово, Эпоха, Отечественные
записки, Время т.б. да әдеби-көркем және қоғамдық-саяси журналдарды оқу
Уәлихановқадемокр. Көзқарасын айқындай түсуіне септігін тигізді. Уәлиханов
осында жүріп бірнеше мекемелерде-бас штабтың әскери есеп комитетінде, Азия
департаменті мен География қоғамында қатар жұмыс істеді. Орта Азия мен
Шығ. Түркістанның картасын, Балқашкөлі мен Алатау жотасы аралығының
картасын, Іле сырты өлкесі батыс бөлігінің рекогносцировкасын, Құлжа
қаласының жобасын, Ыстықкөл экспедициясының қортындысына қосымша
картаны, Қытай империясы батыс өлкесінің картасын жасауға, К.Риттердің
еңбектерін басппға әзіплеуге ат салысты, энциклопедиялық басылымдарға
қатысуға (мұнда алғаш рет оның Абылай деп аталатын белгілі мақаласы
жарияланды), шығ.қолжазбаларын зерттеуге, Орыс география қоғамында Шығыс
тарихы бойынша лекциялар оқуға уақыт бөлді. Белгілі қоғам қайраткері Н.М.
Ядринцев: Петербургте мен Шоқан Уәлихановпен даңқы дүрілдеп тұрған офицер
кезінде кездестім..., мен оны көне шығыс қолжазба, қатарларымен жұмыс
үстінде көріп жүрдім,- деп есіне алды. Петербургтің дымқыл ауа-райы
Уәлихановтың денсаулығына кері әсер етті, оның өкпе ауруына ушықтырды. 1861
жылдың көктемінде науқасы меңдей түсті. Нева жағаулауларын тастап, туған
жерге оралып, қымызбен емделу қажет болды.Омбыға көшіп келген соң Шоқан
үкіметтің дала халқын басқару жөніндегі іс-шараларынаараласып, бірқатар
практикалық ұсыныстар енгізді. Ол өзінің негізгі ойларын енгізді. Ол
өзінің негізгі ойларын үкімет атына жазылған Даладағы мұсылмандық
туралы, Көшпелі қырғыздар туралы, Сот реформасы туралы жазба деп
аталатын бірқатар еңбектерінде білдірді. 1864 Қоқан хандығының езгісіндегі
Оңт.Қазақстанның территориясын Россияға қосуды мақсат еткен М.Г.Черняевтің
экспедициясынам қатысты.Оның 1864 жылдың оқиғаларынан бұрын жазылып,
аяқталмай қалған Қоқан хандығы туралы жазба деген еңбегінде осы жайлы
айтылатын. Экспедиция Уәлихановтың қатысуымен қазақ далсына қоқандықтар
салған бірнеше бекініс орындарын Әулиеатаны алды. Шоқан бас командованиеде
штабс- ротмистер шнінде тілмаш болып қызмет атқарып, орыс өкіметі мен
жергілікті халық арасында достық қарым-қатынастың орнауына, қазақтар мен
қырғыздар арасындағы жайылымға байланысты тартыс- таластың әділ шешілуіне
ықпал етті. Бұл қызметте ұзақ уақыт істеген жоқ, М.Г.Черняевтің қан құйлы
қаталдығына байланысты 1864 жылдың жазында отрядты тастап, Верныйға, кейін
аға сұлтан Тезек төренің ауылына барды. Ол 1865 жылдың апрелінде Алтынемел
жотасының етегінде Көшентоған деген жердегі Тезек ауылында қайтыс болады.
Өзінің қысқа ғана өмірінде артына қалдырған ғылыми еңбектері Уәлихановты
Россияның көрнекті ағартушы- демократтарымен бір қатарға қояды. Оның
еңбектері қазақ пен орыс халықтарының достығын нығайтуда маңызды роль
атқарды. Уәлиханов қазақ, қырғыз халықтарының қалыптасу процесін зерттеуге
үлкен еңбек сіңірді. Шоқанның сол кездегі қырғыз бен қазақ халықтарының
арасындағы айырмашылықты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz