ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ - КІШІГЕ ІЗЕТ
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – КІШІГЕ ІЗЕТ
Көктем келіп, ызғарлы қыстың дәурені өткен жаймашуақ наурыздың бір күні
болатын. Санжар апасы екеуі әкесінің інісінің үйіне мейрамдатып, әрі наурыз
көже ішіп келуге шыққан еді. Көктемгі күн бар жылуын төгіп тұр. Жол жиегіне
шаңдата тоқтаған көлікке апасы екеуі міне салды. Іші лық тола екен. Аялдама
кішкене ұзақтау болған соң орта шеніне барып тұрды, кәрі-жасы да, өзімен
қатар балалар да, біреуі орын босатып берейін демейді.
Кеңес үкіметі тұсында белсене жұмыс істеген апасының екі аяғы кеш батса
сыздайтын. Санжар осыны ойлап, жақсы көретін апасына жаны ашып, жан-
жағындағыларға ызасы келіп те тұр. Әйтеуір түсетін аялдамаға таяғанда жасы
қырықтар шамасындағы ер кісі орын ұсынды.
Өткен жолы Санжар дәл осы көріністі басынан өткізген-ді. Оқиға былай
болып еді: Бірде автобусқа қолына таяқ ұстаған қария мінеді. Санжар орын
берудің орнына көзін өтірік жұмып отыра берді. Төртінші сынып оқушысы бола
тұра әлгі қарияға орын берместен ақыры өз аялдамасынан түсіп қалады.
Міне, енді өз қателігінен іштей ұялып та тұр. Біржағынан тап сол әрекеті өз
басына келгенін қарасайшы. Немересін ерткен қарт әжей баласының үйіне
жетіп, шаршағанын басып, жайылған дастархан басында отырып, Санжар мен өзге
де немерелеріне сабақ болсын деп мына хадисті айтып түсіндірді:
Мұсылман баласының Мұхаммед (с.а.у.) есімді пайғамбары өмірден өткен. Сол
кісінің мына бір өсиет сөздері, хадисі десе де болады тіліме оралып отыр:
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетпеген мұсылмандардан емес, тағы былай
дегені бар еді: Жастарымызға мейірімді болмаған және үлкендерімізді
сыйламаған біздің үмметтен емес.
Санжар апасының осы әңгімесінен кейін, ешкімге білдірмесе де іштей
қысылып жүрді. Сәл болмағанда мен мұсылман қатарынан шығып қала жаздаппын
ғой - деп, өз-өзіне бұдан былай мұндай әдепсіздікке жол бермеуге уәде
берді. Кейін түнде жатар алдында өткен қателіктерін кешіруін және өзіне
әрбір істе жәрдем беруін Аллаһтан сұрап дұға етті де, Санжар ұйқыға кетті.
Әр жастағы адамдар тобына байланысты ереже мынандай: жасы үлкендерге
сөзсіз бағыну, ізет, құрмет көрсету. Мұның өзі үлкендердің жастардың
алдындағы жауапкершілігін, қамқорлығын қамтамасыз етеді. Үлкендер мен
кішілердің арасындағы қарым-қатынастың қыр-сыры тек жастар мен ересектердің
арасында ғана емес, оның әр тобының өз ішінде де қалыптасқан. Үлкен,
Кіші деген тәрбиелік жүйенің айқын белгіленген өзіндік құндылықтары бар.
Жеке тұлғаның бағалану дәрежесі ең алдымен оның жасына қарайды. Және өзара
қарым-қатынастың қағидасын солар қалыптастырады. Нақты бір жасы үлкен ағаны
сыйламау – жалпы Үлкенді сыйламау дейтін идеяның өзін жоққа
шығармайтындай қалыпта көрінуге тиіс. Яғни жалқылық арақатынас жалпылыққа
нұқсан келтірмеуі керек.
Әр жастағы (мүшелдегі) белгілі топ – әлеуметтік құрылымдағы өз орынымен,
өзінің өмір салтымен, қалыптасқан тәрбиелік қағидасымен, өмірге және рухани
құндылыққа ие болу құқымен, міндеттер және шектеулермен айқындалады.
Балалық шақ – адамның қоғамның әлі толыққанды мүшесі болып толыспаған
шағы. Ол ойын-сауық ортасында алаңсыз өседі, бірақ, отбасында әлеуметтік
ереже тәртібін үйренеді. Ата-ананы, ағайын-туғанды сыйлау, үлкенге құрмет,
кішіге ізет тәрбиесі адамға сол бала жасынан сіңіріледі. Көшпенділік, рулық
қауымдастықтың ерекшеліктеріне сай бала үлкендердің өмірінде не болып
жатқанын көріп, естіп, біліп өседі. Алайда оның ересектер өміріне
араласпауы тиіс. Әлі күнге дейін қазақтар қонақ шақырғанда балаларды
дастархан басына, үлкендердің сөздеріне араластырмайды.
Жастық шақ – құрбылармен емін-еркін ойнап күлетін дер шақ. Бірақ бұл
балалар сияқты мәнсіз, беталды ойын емес, әлеуметтік өз орнына талпынған
салт мәртебесі. Жастардың үлкендермен қарым-қатынасы қауымдастықтың өзі жол
берген тек қана еркін, зілсіз әзіл-қалжыңмен ғана шектелмек. Бұл
еркіндіктің өз қалыбы, шектелу мен шегі және нысабы бар. Қыз бен жігіт
арасындағы некелесу топтарының тәрбиелік қағидатына да ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz