Ықылас Дүкенұлы өмірі



Қазақстанда ысқылы қылқобыз аспаптарда орындау дәстүрі өнері ұлттық бастау алды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында аспаптық музыканың даму кезеңі . майталман қобызшы Ықылас Дүкенұлының шығармашылығымен тікелей байланысты.
Ықылас жеті атасынан қобызшылар әулиеті атанған Дүкен қобызшының отбасында 1843 жылы дүниеге келді. Оның туып өскен жері казіргі Жаңарқа мен Сарсу ауданына қарасты жерлер. Ықыластың аталары қара қобыздың қасиеті мен сиқырлы . мистикалық үніне қатты сенген.
Олар өз ұрпағының аман . саулығын, өсіп . өрбуін сол құдіретті күшпен байланыстырып, жамандық пен зұлымдылық аталудан сақтап қалушы да қара қобыз деп санаған. Ықыластың күйшілік феноменінің өмірге келгенін негізгі шарттарын дәйектегенімізде, оның түрлі бұлақтан нәр алатындығын анықталды. Ықыластың атақты күйші болуына әкесі Дүкен көп ықпал еткен. Оның тартқан қобызының үні баласының құлағына жас кезінен есте қалған. Демек, Ықыластың арғы тегінде күйші . қобызшы, домбырашы, өнерпаздар көп болған. Жезқазған облысының жерінде Қызылтаудың батыс шалғайына Дүкенұлы Ықыластың ата.қонысы орналасқан екен. Осы Қызылтау сілемінен шыққан күйшілер шоғырының ұлттық мәдениетімізге қосқан үлесі айрықша болып табылады. Бұл өңірдің қүйшілік дәстүрі өзінің бастау тегін тым көнеден бастаған. Бұл дәстүрдегі күйлер, тыңдаушыларға ерекше әсер береді. Күйші ретінде ғажайып дәстүрді Ықылас қобыз тілімен өте әсерлі дамытқан. Осы жерде тұлға ретінде ол рухани тарихымыздың төрінен көрінеді.
Ықылас екі жасынан . ақ ескі қобыздарды сүйретіп, ойыншық қылып ойнаған екен. Үш.төрт жасында от басында қариялар әңгімесінің үстінде атасы, не әкесі қобыз тартса көн шанаққа кішкене алақанын басып, тың тыңдап, зыңылдап шыққан үнге қап жүрген. Ол ел аузындағы «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш.Баян.сұлу», «Қамбар батыр», «Мұңылық . Зарлық» жырларына ұйып өскен деген деректер бар. «Сарысуда ұлан жаз бойы жатып алып жырлайтын жыршы Шөже жиі . жиі келген. Шөженің сай сүйікті сырқыратқан шерлі үніне боздаған қобыз үні қосылғанда, бес . алты жастағы Ықылас оны жылап отырып тыңдаған екен.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Классик - композитор Ықылас Дүкенұлы (1843-1916).
Күй мектебінің қалыптасып өркендеуі.
Қазақстанда ысқылы қылқобыз аспаптарда орындау дәстүрі өнері ұлттық бастау алды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында аспаптық музыканың даму кезеңі - майталман қобызшы Ықылас Дүкенұлының шығармашылығымен тікелей байланысты.
Ықылас жеті атасынан қобызшылар әулиеті атанған Дүкен қобызшының отбасында 1843 жылы дүниеге келді. Оның туып өскен жері казіргі Жаңарқа мен Сарсу ауданына қарасты жерлер. Ықыластың аталары қара қобыздың қасиеті мен сиқырлы - мистикалық үніне қатты сенген.
Олар өз ұрпағының аман - саулығын, өсіп - өрбуін сол құдіретті күшпен байланыстырып, жамандық пен зұлымдылық аталудан сақтап қалушы да қара қобыз деп санаған. Ықыластың күйшілік феноменінің өмірге келгенін негізгі шарттарын дәйектегенімізде, оның түрлі бұлақтан нәр алатындығын анықталды. Ықыластың атақты күйші болуына әкесі Дүкен көп ықпал еткен. Оның тартқан қобызының үні баласының құлағына жас кезінен есте қалған. Демек, Ықыластың арғы тегінде күйші - қобызшы, домбырашы, өнерпаздар көп болған. Жезқазған облысының жерінде Қызылтаудың батыс шалғайына Дүкенұлы Ықыластың ата-қонысы орналасқан екен. Осы Қызылтау сілемінен шыққан күйшілер шоғырының ұлттық мәдениетімізге қосқан үлесі айрықша болып табылады. Бұл өңірдің қүйшілік дәстүрі өзінің бастау тегін тым көнеден бастаған. Бұл дәстүрдегі күйлер, тыңдаушыларға ерекше әсер береді. Күйші ретінде ғажайып дәстүрді Ықылас қобыз тілімен өте әсерлі дамытқан. Осы жерде тұлға ретінде ол рухани тарихымыздың төрінен көрінеді.
Ықылас екі жасынан - ақ ескі қобыздарды сүйретіп, ойыншық қылып ойнаған екен. Үш-төрт жасында от басында қариялар әңгімесінің үстінде атасы, не әкесі қобыз тартса көн шанаққа кішкене алақанын басып, тың тыңдап, зыңылдап шыққан үнге қап жүрген. Ол ел аузындағы Қыз Жібек, Қозы Көрпеш-Баян-сұлу, Қамбар батыр, Мұңылық - Зарлық жырларына ұйып өскен деген деректер бар. Сарысуда ұлан жаз бойы жатып алып жырлайтын жыршы Шөже жиі - жиі келген. Шөженің сай сүйікті сырқыратқан шерлі үніне боздаған қобыз үні қосылғанда, бес - алты жастағы Ықылас оны жылап отырып тыңдаған екен.
Кейін есейе келе сол әсердің күші болды ма екен, бір күйін Қамбар деп, екінші күйін Мұңылық - Зарлық деп тартқан болатын. Қамбарда - эпикалық кесек ой бар, Мұңылық - Зарлық-тәтті мұңға тұнған лирика - деп жазады И. Жақанов.
Өсе келе дарынды күйші әкесінен көрген, естіген күйлерін қайталамақ болып аспапты қолына алып, үн шығара бастайды. Баласының қобызға деген сүйіспеншілігін байқаған әкесі, Ықыласты ата дәстүрінен келе жатқан өнерге үйретеді. Он бес жасында әкесінің онша бай емес репертуарын, қобыздың қырын-сырын толық меңгергіп, нақышына келтіріп тартуға ұмтылады. Оның ішінде Қорқыттың көне аңыз - күйлері мен ертегілері, қоршаған өңірдің әсем - сұлу табиғаты, көпшілігі басты орын алады.
Қобыз бір қарағанда қарапайым болып көрінгенімен, жылдам үйреніп меңгеруге көнбейтін аспап, одан үн шығарып, меңгеру орындаушыдан жоғары музыкалық қабілет пен қоса жауапкершілікті талап етеді. Ықылас ерекше дарынының арқасында көне аспаптың табиғи сырын орындаушылықта кездесетін құпияларын, бейнелеу мүмкіндіктерін толығыменен пайдаланып, қобызды аса шеберлікпен игерді. Асқан аспапшы бақсылық дәстүрді қумай, күйшілік өнердің жолына түсіп, қобызды халықтың қуанышы мен сүйінішін, қайғысы мен күйінішін жырлайтын аспапқа айналдырды.
Ықыластың бетәлпеті мен керемет күйшілік өнері, Илья Жақанов, Иген Хасенов, Берік Шакеновтердің құрастырған Қобыз атасы - Ықылас деген жинағында өте жақсы суреттелінген: - Ықылас өзі қапсағай ұзынша бойлы, қараторы, қыр мұрынды, шұңғыл қара көзді, орта ұзынша қара сақалды, сіңір денелді ашаң кісі екен. Өзінің ұзын саусақтарымен қобызының құлағын ысқышпен сыза келтіре отырып, күйін ақырын бастап, бірте - бірте күңіренте зарлап жөнеледі. Күңіренген күй көктен құйылып отырған сияқты болды. Жиналған жұрттың жүрек - бауыры елжіреп қозғалған сияқты болды. Ықыластың екі қолы қобызды есіп еңіретіп отыр екен де, еңіреген қобыз күймен бірге өзінің шұңғыл көзінен жас тарамданып ағып кеткен.
Оның осындай шеберлігі, шықшыты қобыздың құлағына қатты жабысқан бейнесі, әр уақытта халықтың есінде қалған. Көрнекті тұлғаның алғашқы шығармашылық күй шығару кезеңіне Ықылас, Қорқыт туындылары кіреді. Бұл күйлер жастық әсершілікті, табиғат құбылыстарын, адамның бар арманын күй тілінде көрсетеді.
Қорқыт күй Ықыластың өзінің көркемдік - әуенділігі мен, сарындылығымен таң қалдырды. Оны естігенде, Қорқыт абыздың қобызы әндетіп тұрғандай әсер қалдырады. Бұл күй - аса қиын, асқақ шығарма емес болғанымен, өмір үшін, жақсы тұрмыс үшін күреске шақырып тым әсерлі болып келеді.
Ықыластың терең қиял, тұңғиық сыр, ұлы арман желісіне құрылған туындының бірі-Қоңыр. Күй жұмсақ, байсалды және драмалық шиеленіссіз өрбіп, сезімін суреттеп, адамның ой- арманын барынша бейнелейді. Қоңыр күйі шырайлы лирикалық сезімге толы болып келеді.
Осы жерде, оның қобыздағы бақсы сарындарынан мүлде бөлек үн бояуға ден қойғаны байқалады. Отыз жасында Ықылас атақты қобызшы атанып, аспапты толық меңгеріп шығады. Бұрын әкесінен үйренген күйлерінің көлемін, техникалық негізін шенеулі екенін сезген ол, өз бетімен күй шығаруға кіріседі де, алдыңғы үйренген күйлерді бірнеше тарауға бөліп дамытады.
Аспаптың мүмкіншілігі осымен шектелмегенінің білген күйші, қобыздың өзіндік тілін байытып, өрісін өсіріп, әуездік туындыларды орындауға болатынын бірден білді. Сол себептен ол, орындаушылық тәжірибесін, өскен техникалық мүмкіндіктерін осыған түгел пайдаланады. Дыбыстың неше алуан өзгерістерінен жаңа бояу іздеп, шеберлік жолдарын іздестіреді.
Соның нәтижесінде, жаңаша шыққан күйлер тек сарындық түрде емес, кең ауқымды, көркемдік жағынан әсерлі, құрылымы күрделі музыкалық шығарма болып келеді. Кейінгі күйлері программалық мазмұнмен құрылып, белгілі бір оқиғаны қобыз үнімен, күй тілімен жеткізуге мән берді.
Ықыластың Кертолғау, Ерден, Жалғыз аяқ, Жарым патша, Жез киік сияқты күйлерінде өзі өмір сүрген заманындағы қоғамдық-әлеуметтік көріністері бейнеленсе, Қамбар - Назым, Айрауық, Қазан, Аққу, Шыңырау сияқты күйлер ел арасында кеңінен тараған аңыз-әңгімелер, қиял-ғажайып оқиғалар арқау болған. Бұл күйлердің ішінде батырдың далада жеке жортып бара жатқан тұлпарының дүбірі, жүрегіндегі елім деген арманы бейнеленеді, кейде қобыздың тәтті үнімен, кейде шырқаған ән тәрізді дыбыстарымен беріліп, суреттеп отырады. Осы күйлердің қай-қайсысынан да Ықыластың адамға деген, қоғамға деген, табиғатқа деген азаматтық тұлғасы, адамгершілік үні айқындалады. Ауылдық старшина Ерденге арыз айта бара отырып, Ерденнің қайтыс болған баласы Әйменденің азасына салған Ерден деп аталған күйін шығарады.
Ықылас бара - бара қобыздың табиғи сырын терең түсіне бастайды. Аспаптың шеберлік және әуендік мүмкіншіліктерін біліп алып, оның өзіндік тілін байытуға болатынын сезеді. Ол қобыз бейнелеу мүмкіншілігінің домбыраға қарағанда сан қилы және жан- жақты бай екенін іштей сезіп, кішкентай кезінен естіген аңыз - ертегілер кейіпкерлерін қобызбен сөйлетуге талпынды. Осы тұрғыда оның Қазан атты күйдің негізгі мазмұны талай рет еліне маза бермей, берекесін алған Қазан қаласына Нарықтың ұлы Шора батырдың сол қалаға аттанған жорығы эпикалық халық поэмасы негізінде шығарылған. Күйдің музыкасы сын сағат алдындағы жас батырдың толқыған көңілін суреттейді. Бірде квинтаға, бірде секстаға секіретін ширақы әуен сазы батырдың айбынды күшін, оның жеңіске ие болатын сенімін көрсетеді. Күйде ат шабысын бейнелейтін әуен естіледі. Күй соңында шаттық әні мен аттың жүрісін суреттейтін осы екі тақырыпты қайталап барып аяқталады. Қазан күйі басынан аяғына дейін жігерлі, көтеріңкі мажор үнінде орындалады.
Осы туындыны тыңдап отырғанда, Ықыластың қысқаша баяндаған поэма үзіндісін тыңдағандай боласын. Бұл күйдің формасы еркін импровизацияға жатады және қазақтың аспаптық музыкасының бәріне бірдей тән заңдылықпен шығарылған - деп ой пікірін білдіреді А. Жұбанов.
Арсыз, топастығына ызаланған Ықылас генерал-губернаторға да арнап Жарым патша деп аталатын күйін шығарады, бұл күй аса үлкен емес, онда сықақ, әжуа басым. Көлемі жағынан да қысқа, құрлысы бай емес, баяулау. Осы жерде оның күлкілі, сықақ - келекеге толы күйлері ауыл басшыларының қытығына тисе де, олардың күйшіге көнбеске амалдары болмайтын. Ал халық болса, оны қастерлеп отыратын, деген деректер аз емес.
Ықыластың келесі туындысы - Қамбар мен Назым күйі аттас халықтың ән эпостық жырының мазмұнына құрылған. Қамбар батыр, Назым деген хан қызын сүйеді, бірақ байлардан зәбір көрген ол, сүйген жарын тастап, туған еліне кетуге мәжбүр болады. Осы аңызды Ықылас өз сүйікті аспабы арқылы баяндайды. Бұл күй - терең лирикаға мейлінше толы. Күйде батырдың бейнесімен бірге Қамбар мен Назымның ыстық махаббаты көрініс тапқан. Ықылас бұл күйде батырдың ой -арманын, уайым - қайғысын суреттейді. Қамбар тақырыбы көңілді, шат, өмірді сүйетін күйге жатады.
Көлемі, мазмұны жағынан ірі күйлерінің бірі - Жез киік болып келеді. Ол мергендер ертегісінен алынған программалық күй. Аталмыш мергеннің оғы дарымайтын даланың сұлу еркесі, құралайын қорғаған ананың образы. Осы шығармада Ықылас осындай қасиеттерді асқан шеберлікпен суреттеген. Киіктің тастан - тасқа секірген жүрісі бейнелі түрде. Ол ойнақы, лирикаға толы және әсерлі. Бұл шығармада Ықыластың жазық, еркін далаға деген сүйіспеншілігін көрсетеді. Шығармада сазгер халықтың бостандығы өз ойын, сезімін бейнелейді. Музыка оптимистік шабытқа толы. Мұнда сазгер күйдің шырқау шыңы, сазгердің таланты мен баяндылығы таңқаларлық шеберлікпен талқыған.
Жез киік қылқобызшылар репертуарының алтын қорына енді. Күйдің формасы - еркін импровизацияға жатады, қазақтың аспаптық музыкасына тән заңдылықтары сақталған.
Соңғы кездеріндегі шығарған күйлерінің бірі - Аққу. Аталмыш күй желі жағынан өте қызықты, мазмұнды да, көлемі жағынан өте бай, қомақты, тіпті музыкалы дастан деуге болады - деп жазады А. Жұбанов.
Оның ұрпағы мен күйлерінің шығарған Аққу күйін бейнелі киелі қобызбен бір әулеттің - Алтынбегі, Дүкені, Ықыласы,Түсіпбегі, Ақынбайы тартыпты. Бес ұрпақ - бес қобызшы. Жалпы әлемдік музыка тарихындағы бұл - сирек құбылыс. Осылардың ішіндегі ең әулиесі - Ықылас.
Қазақтың қобыз музыкасын теориялық жағынан саралау саласында музыкатанушы Т. Жұмалиеваның жасаған тәжірибесінің белгілі дәрежеде мәні бар. Нәтижесінде ғалым осындай ой білдіреді:- Ықыластың күйлерінде романтикалық пафос, музыкалық бейнелердің байлығы пәлсапалық ой, жаңашыл тәсілдер, аспапты әуеннің жанрлық тұрғыда жаңаруы мен дамуы анық көрінеді. Өз замандасының жан дүниелік толқуын дәл көрсету, оның ішкі - сезімдік әлеміне кіре білуі - Ықылас күйлеріне тән қасиет.
Табиғаттың суреттері, эпикалық жырлар, көркемдік тәсілдер психологиялық мақсатта құрылып, ұлы күйші сазында субъективтік және объективтік көркемдеудің үйлесімді қосылуын тудырды. Оның туындылары терең ойлы болып келеді, ол ұлттық өмірін, ойларын толғаныстарын музыкамен көрсете білген ұлы тұлға.
Ықылас - аса көрнекті халық композиторы, көне қобыз күйлерін жаңа биікке көтерген дарынды автор. Оны біз ежелгі аспапты музыкасын жаңа мазмұнмен толықтырып, халыққа кең танытқан автор ретінде танимыз.
Классик - композитордың шығармаларының тамаша аңызға жататын туындыларының бірі Аққу күйі. Ол өмірге деген сүйіспеншілік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы музыка мәдениеті
Ықыластың әкесінен игерген алғашқы күйі Қорқыт күйі
Ықылас Дүкенұлы
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы музыка мәдениеті
Квинта бұрауындағы күйлеріндегі сипаттамасы
Шығайұлы Дәулеткерейдің күйлері
Қазақ халқының ақын-күйшілері
Дәстүрлі музыкалық өнер
Қазақ тарихының ұлы ойшылдары
Қазақ халқының музыкалық мұрасы
Пәндер